"Акмола облысы білім басқармасының Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №4 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Эмпатия және қабылдау»

Аутизм туралы хабардарлықты арттыру айлығы аясында педагог-психолог «Эмпатия және қабылдау» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың эмпатия дағдыларын дамыту, басқа адамдардың эмоционалдық жағдайын түсіне білу қабілетін қалыптастыру, сондай-ақ даму ерекшеліктері бар, оның ішінде аутизм спектрінің бұзылыстары бар адамдарға толерантты көзқарас қалыптастыру болды.
Тренингке 10-сынып оқушылары қатысты.
Іс-шараның басында білім алушылар «Ассоциация» жаттығуына қатысып, эмпатия туралы түсініктерін өзектендіріп, жұмысқа дайындалды. Мини-дәріс барысында «эмпатия» және «қабылдау» ұғымдары түсіндіріліп, «түсіну — келісу дегенді білдірмейді» деген маңызды ой атап өтілді.
Қатысушылардың ерекше қызығушылығын «Аутист адамның көзімен әлем» атты бейнероликті көру тудырды, ол аутизм спектрінің бұзылыстары бар адамдардың қоршаған ортаны қабылдау ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Тренингтің практикалық бөлігінде «Рөлдермен алмасу», «Басқаның сезімі» және «Белсенді тыңдау» жаттығулары жүргізілді. Аталған жаттығулар барысында білім алушылар өздерін басқа адамның орнына қоя білуге, эмоциялық жағдайларды талдауға және конструктивті қарым-қатынас орнатуға үйренді.
Тренинг соңында қатысушылар «Мен сені қабылдаймын» жаттығуын орындап, адамдар арасындағы айырмашылықтарға толерантты көзқарас қалыптастыруға бағытталған жұмыс жүргізілді.
Осындай іс-шараларды өткізу білім беру ортасында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға, сондай-ақ білім алушылар арасында өзара түсіністік пен қабылдау мәдениетін дамытуға ықпал етеді
   
  
 

Текст