ІІІ тоқсанда Ақкөл ауданының полиция бөлімі мен "Дені сау Қазақстан" қоғамдық қоры өкілдерінің қатысуымен "Отбасы мен мектептің құқық бұзушылықтың алдын алудағы өзара іс-қимылы" жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың күн тәртібі:
1. "Кәмелетке толмағандар арасында ББЗ қолдану мен таратудың алдын алу" Ақкөл ауданы ПБ бастығы полиция полковнигі Мейрам Берікбайұлы Жапбасов.
2. "Суицидтің алдын алу" баяндама. Зиганшин Вячеслав Рашитович. "Дені сау Қазақстан" қоғамдық қорының еріктісі.
3. "Отбасы және мектеп: тиімді өзара іс-қимыл жолдары" баяндама – мектеп директоры Гүлжан Маратқызы Сейітова.
Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алуда отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы тәрбие процесінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Шақырылған қонақтар ата-аналар қауымы үшін пайдалы ақпарат берді. Оқушыларды одан әрі тәрбиелеу үшін ұсыныстар мен кеңестер алынды.