"Акмола облысы білім басқармасының Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №4 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әдістемелік нұсқау хат

2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2018-2019 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына 3, 6, 8-сыныптар көшеді.

4, 9, 10-11-сыныптар 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламаларымен оқитын болады.

Нормативтік құқықтық база

Жаңа оқу жылында:

  1. мектепалды даярлық сыныптарында және 1-3-сыныптарда білім беру процесі:
  • ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен  бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік  жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі -МДТОМЖС);
  • ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары (бұдан әрі – Үлгілікбағдарлама);
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығына1-қосымша);
  • ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚРМЖМБС-2015);
  • ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 484 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 453 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
  • ҚР Білім және ғылым министрінің2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқубағдарламалары;
  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім беру жалпы білім беретін пәндерінің Үлгілік оқу бағдарламалары;
  • «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзегеасырылады.
  1. 4, 9, 10-11-сыныптарда білім беру процесі:
  • ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚРМЖМБС-2012);
  • ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 485 қаулысымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2012);
  • «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
  • «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқужоспарлары;
  • «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы3 сәуірдегі № 115бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;
  • «ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқубағдарламалары;
  • «ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқубағдарламалары;
  • «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.
  1. 5- 8-сыныптардабілім берупроцесі:
  • ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚРМЖМБС-2016);
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқубағдарламалары;
  • «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.

Барлық жалпыға міндетті білім беру стандарттары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) және оқу бағдарламалары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтына орналастырылған.

Мектеп үшінбарлық МЖМБС және оқу бағдарламаларының қағазға шығарылған бір нұсқасы болса жеткілікті. Мұғалім МЖМБС және оқу бағдарламаларының электронды нұсқаларымен жұмыс істеуіне болады.

Вариативті компоненттен 9-сыныпқа міндетті түрде «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқытуға аптасына 1 сағат бөлінеді. Аталған курсты ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен пәнінің мұғалімдері жүргізеді.

2018-2019 оқу жылында «Қоғам және дін» оқу курсы енгізілмейді.

Ұсынылған «Абайтану» таңдау курсы(9-11-сыныптар) вариативтік компоненттің сағаттары есебінен оқытылады. Оқу бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген.

1-4-сыныптарда «Жол қозғалыстарының ережесі» оқу курсының мазмұны сынып сағаттарының есебінен – әр сыныпта 6 сағаттан өткізіледі;5-8-сыныптарда бұл оқу курсы сабақтан тыс уақытта сынып сағаттары мен факультативтер есебінен – әр сыныпта 10 сағаттан өткізіледі.

1-8-сыныптарға арналған сабақтың үлгі ретінде алынған тақырыптары 2017-2018 оқу жылына арналған Әдістемелік-нұсқау хатта (ӘНХ) берілген.

Мектепалды сыныптарда оқу жылының ұзақтығы – 32 апта, 1-сыныптарда – 33 апта, 2-11 (12)-сыныптарда – 34 апта.

Мереке күндеріне сәйкес келген сабақтарға қатысты.

Пәндер бойынша оқыту мақсаттары сабақтарда не мереке күндеріне дейін не кейін оқытылады. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау немесе орта мерзімді жоспарды бейімдеу кезінде мұғалімге мереке күндеріне неғұрлым жеңіл мақсаттарды шығару және жазба жұмыстарын жоспарламау ұсынылады.

Оқу жылы барысындағыканикул күндері белгіленді:

  1. 1-11   (12)-сыныптарда: күзгі каникул–7 күн (2017 жылғы 30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2017 жылғы 29 желтоқсан– 2018 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 13 күн (2018 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);
  2. мектепалды сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2017 жылғы 30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2017 жылғы 25 желтоқсан – 2018 жылғы 5 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2018 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қосаалғанда);
  3. мектепалды және 1-сыныптарда: қосымша каникулдар: 7 күн (2018 жылғы 5-11 ақпанды қосаалғанда).

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына өзгерістер енгізілді.

1. Бұрын төмендегідей  көрсетілген.

Бастауыш сыныптар үшін, жаңартылған білім мазмұнының бағдарламалары бойынша білім алушылар:

Қалалық жалпы білім беретін ұйымдардасыныптардың толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім алушылар 10-нан кем болмағанжағдайда:

  1. оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақтілі;
  2. оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыстілі;
  3. ағылшынтілі;
  4. ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
  5. өзін-өзі тану сабақтарын өткізуде, инклюзивті білім беруді іске асыруда білім алушылардың жалпы санынанерекше білім қажеттіліктері бар әр баланы үшке азайту есебіненсыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзегеасырылады.

Жаңартылған білім мазмұнының бағдарламалары бойынша оқитын 5-8-сыныптар үшін:

Қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда 5-8-сыныптар толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім алушылар 10-нан кем болмағанжағдайда:

  1. оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі менәдебиеті;
  2. оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі менәдебиеті;
  3. ағылшын, шетел тілі;
  4. информатика;
  5. дене шынықтыру пәні сабақтары гендерлік қағидат бойынша (қалалық жерлерде – әр топта 8 ұл (не қыз) баладан кем емес, ауылдық жерлерде – 5 ұл (не қыз) баладан кем емес болған жағдайда);
  6. көркем еңбек (ұлдар және қыздар тобы сынып толымдылығына тәуелді емес)сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзегеасырылады.

2013 жылғы оқу бағдарламаларымен оқитын сыныптар үшін:

Қалалық жалпы білім беретін ұйымдардасыныптартолымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім алушылар саны 10-нан кем болмағанжағдайда:

  1. оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақтілі;
  2. оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақәдебиеті;
  3. оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүргізілетін сыныптардағы орыстілі;
  4. шетел тілі;
  5. информатика;
  6. бейіндікпәндер;
  7. технология (сыныптардың толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалартоптарына);
  8. дене шынықтыру сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзегеасырылады.

2018-2019 оқу жылынан бастап сыныптарды топтарға бөлу туралы шешімді әр мектептің әкімшілігі қабылдайды. МЖБС жаңа редакциясында: «Топтарға бөлуге рұқсат етіледі...»деп көрсетіледі. Яғни, осы оқу жылынан бастап сыныптарды топтарға бөлу, бөлмеу мәселесін мектеп өзі шешетін болады. Бұл мектептердің материалдық-техникалық базасына, атап айтқанда, спорттық залдардың, аудитория қорының, оқушылар контигентінің, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің санына және т.б. байланысты.

2. МЖБС жаңа редакциясында және соған сәйкес Үлгілік оқу жоспарларында «Ағылшын тілі» оқу пәнімен қатар «Шетел тілі» пәні көрсетіледі, яғни бұрынғы нұсқасы қайта алынады. Оқушылардыңне «Ағылшын тілін», не «Неміс тілін», не «Француз тілін» таңдауға құқығы бар.

  • Неміс және француз тілдерінің оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 281 бұйрығымен бекітілді.

 

Барлық сыныптық, сыныптан тыс жұмыстардың (факультативтік, жеке және үйірме сабақтары) түрлерін қоса алғанда, білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі 1-сыныпта – 24 с., 2-сыныпта – 25 с., 3-сыныпта –29 с., 4-сыныпта –29 с.,5-сыныпта –32 с., 6-сыныпта –33 с., 7-сыныпта – 34 с., 8-сыныпта – 36 с., 9-сыныпта – 38 с., 10-сыныпта – 39 с., 11-сыныпта – 39 с. аспауы тиіс.

 Үй тапсырмасы

Назар аударыңыз!

Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі Әдістемелік ұсынымдамалар ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілді.

Осы ұсынымдамаларға сәйкес үй тапсырмасын дайындау уақытын азайту үшін 5-11-сыныптарда қосарланған сабақтар өткізуге болады.

Үй тапсырмасын (бір оқу күніне) орындауға жұмсалатын уақыт шығынын ескере отырып, тапсырманың көлемі бойынша нормативтер өзгертілді.

Үй тапсырмасын орындауда 2-сыныпта 50 минуттан, 3-4-сыныптарда
70 минуттан, 5-6-сыныптарда 90 минуттан, 7-9-сыныптарда 110 минуттан,
10-11-сыныптарда 130 минуттан аспауы тиіс.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы
29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» ережесіне төмендегідей өзгерістер енгізілді:

Үй тапсырмасын:

  1. мерекелікжәнедемалыскүндері (жалпыдамуы, жобалықжұмыстаржәнематематикалықмектептердеесептердішешуүшінкөркем, қосымшаәдебиеттерденбасқа);
  2. бақылау жұмыстарын өткізгеннен кейін;
  3. бірінші сынып білім алушыларына (тек екінші жартыжылдықтан бастап көлемі 20 минуттан аспайтын уақытта оқылатын тапсырмалар берілуі мүмкін)бермеу ұсынылады.

Бейнелеу өнері, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану, еңбекке баулу, технология, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтырудан үй тапсырмасын басқа пәндермен кіріктіріп беру ұсынылады.

Білім алушылар сабақта оқыту мақсаттарына жетсе («біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «бағалайды» және «жинақтайды»), үй тапсырмасын орындаудың қажеттілігі болмайды.

Орта білім беру ұйымдарының басшыларына педагог қызметкерлердің үй тапсырмасын ұйымдастыру бойынша жұмыстарының кезеңділігі мен мерзімдерін басқаруды мектепішілік бақылау жоспарында жазып, мектеп директорының бұйрығымен жыл сайын бекітіп отыру ұсынылады.

Үй тапсырмасын беру кезінде бастауыш сынып мұғалімдеріне, пән мұғалімдеріне:

  1. білім алушыларды сабақ аясында, қоңырауға дейін үй тапсырмасы туралы хабардар ету;
  2. үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқау беру;
  3. білім алушылардың орындайтын көлемі аз тапсырмалары (орындалуы міндетті) мен көлемі көп тапсырмаларын (орындалуы ерікті түрде) байланыстыру;
  4. сабақта үй жұмысы бойынша қателермен жұмыс жүргізу ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім) қызметінiң Үлгілік ережелерінің 19-тармағына сәйкес білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкiлдерінiң мүдделерiн ескере отырып және жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында инклюзивті сыныптар (бір сыныпта ерекше білім беруді қажет ететін екі баладан артық оқытылмауы тиіс) (немесе) ауытқу түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.

Инклюзивтік сыныптарда оқитын ерекше білім беруді қажет ететін балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы мен ұсынымдары бойынша жалпы білім берудің оқу бағдарламасы немесе жеке бағдарлама бойынша білім алуы мүмкін.

Мемлекет, инклюзивті білім берудің мақсаттарын іске асыра отырып,даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуына, дамуының бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімделуі үшін білім берудің барлық деңгейіндеарнайы жағдайды қамтамасыз етеді.

Ата-аналар қоғамдастығында инклюзия тәртібінде білім алатын, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға деген адамгершілікті, толеранттылықты тәрбиелеу мақсатында мектептің әкімшіліктеріне жылына бір рет әрбір параллель сыныптарда инклюзивті білім берудің идеологиясын түсіндіруге арналған, соған сәйкес барлық адамдарға бірдей қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ететін, алайда, денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше жағдай жасау қажеттілігі туралы ата-аналар жиналысын өткізу ұсынылады. Мұндай жиналыстардың мақсаты – барлық ата-аналар инклюзивті білім беру принциптерін меңгеруге қол жеткізуі тиіс.

Жиналыс тақырыбы мен өткізу форматын мектептер өздері анықтайды.

Білім беру ұйымдары оқу процесін қашықтан білім беру технологиялары  (бұдан әрі – ҚБТ) бойынша өз бетінше іске асыра алады.

Оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығымен бекітілген Экстернат түрінде оқыту ережелерімен реттеледі.

ҚБТ ережелері барлық білім беру деңгейлерінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, оның ішінде мүгедек балалар, I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедек болып табылатын білім алушылар үшін қолданылады. ҚБТ бойынша оқуға ниет білдірген білім алушылар білім беру ұйымы басшысының атына растаушы құжаттарды ұсына отырып, оқуда ҚБТ пайдалану мүмкіндігі туралы уәждемелі негіздемелерімен еркін түрде өтініш жазады. Мүгедек балалар ҚБТ бойынша оқу процесіне қатысу мүмкіндігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес ұсынымдарын береді. Жалпы білім беру ұйымдарында ҚБТ бойынша оқыту бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу жоспарлары бойынша жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат түрінде оқытуға рұқсат береді.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат түрінде оқытуға рұқсат беру және негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттарының телнұсқаларын беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарымен реттеледі.

Бақылаудың негізгі түрлері ауызша, жазбаша нысанда және олардың байланысы арқылы жүзеге асырылады. Бақылаудың түрін таңдау оқу пәнінің мазмұны мен ерекшелігіне, оқуға бөлінетін сағат санына, оқу кезеңіне, жопарланған оқу нәтижесіне, білім алушылардың жас және жеке ерекшелігіне байланысты.

Бақылау жұмыстары білім беру ұйымының жетекшісі бекіткен кестеге сәйкес өткізілуі қажет. Бақылау жұмыстарын дүйсенбі, жұма және соңғы сабақтарда өткізу ұсынылмайды.

Жалпы білім беру мектептерінің әкімшілігінежаңартылған білім мазмұнын енгізуді ескере отырып, оқыту процесін және мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыруға арналған келесі нормативтер ұсынылады.

Жалпы білім беру мектептерінің әкімшілігі үшін оқыту процесін және мектепішілік бақылауды жаңартылған білім мазмұнын енгізуді ескере отырып тиімді ұйымдастыруды жүзеге асыру үшін келесі нормативтер ұсынылады.

1-кесте – Оқу процесі мен мектепішілік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру нормативтері

 

№ р/с

Бақылау нысаны

Норма

1

Сабақтарға және сыныптан тыс іс-шараларға қатысу және оларды талдау

Айына 2-3 сабақ (мектеп директорлары үшін)

Айына 8-10 сабақ (директордың орынбасарлары үшін);

2

Сынып журналдарын тексеру

Тоқсанына 1 рет

3

Білім алушылардың күнделіктерін тексеру

Тоқсанына 1 рет

4

Пәндер бойынша оқу бағдарламаларының орындалуын тексеру

Тоқсанына 1 рет, жылына 4 рет

5

Білім алушылардың жеке істерін тексеру

Жылына 2 рет (сынып жетекшілері үшін)

6

Пәндер бойынша тақырыптық және күнтізбелік жоспарларды тексеру

Жылына 2 рет

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу процесіне қатысушыларды кешенді қолдауды Академия сайты (www.nao.kz) қамтамасыз етеді. Мұғалімдерге көмек ретінде сайттың келесі бөлімдері ұсынылады:

  • «Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету» (әдістемелік-нұсқау хат, Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандарттары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім), бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары, нормативтік-құқықтық база);
  • «Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» (әдістемелік құралдар, ұсынымдар мен нұсқаулықтар, тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері);
  • «Семинарлар, конференциялар» (Академияда өткізілетін іс-шаралар туралы ақпараттар: ғылыми-практикалық конференциялар, тақырыптық семинарлар және т.б.);
  • «Журналдар» (Академияда шығарылатын «12 жылдық білім беру –                    12-летнее образование», «Білім – Образование», «Қазақстан кәсіпкері – Профессионал Казахстана» ғылыми-әдістемелік журналдар туралы ақпараттар);
  • «Сұрақ-жауап» (оқыту мен тәрбиенің өзекті мәселелерін талқылау, Академия мамандарына сұрақтар қоюға болады). 

Білім беру қызметін ұйымдастыру кезінде жалпы білім беру ұйымдары басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтындағы (http://www.adilet.gov.kz) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйе» (http://adilet.zan.kz) блогында орналастырылған.

Жаңартылған білім мазмұнына көшетін мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы НЗМ сайтында ұсынылған (smk.nis.edu.kz сілтемесі арқылы кіру) Жүйелі-әдістемелік кешенді (ЖӘК) әзірледі.

 Назар аударыңыз!

2018-2019 оқу жылында 9,10-сыныптарға арналған білім мазмұны жаңартылған оқу бағдарламаларының, оқулықтардың және ОӘК апробациясы жүзеге асырылады.

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіпилоттық мектептердің тізімін дайындауда.

Пилоттық мектептер бойынша оқулықтардың рұқсат қағазын, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен ОӘК апробациясының мониторингін өткізу  жөніндегі материалдарпилоттық мектептердің тізімдері бекітілгеннен кейін мектептерге жіберіледі.

Оқулықтарды баспалар тамызда, оқу жылының басына дейін жібереді.

 Назар аударыңыз!

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында және орта білім беру ұйымдарының бастауыш сыныптарында ата-аналар өткізетін балалардың туған күндерін қоса алғанда, мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде тек сол білім беру ұйымдарының қызметкерлері, балалардың ата-аналары шақырылады. Басқа жақтан адамдарды, соның ішінде  аниматорларды, түсірілім және т.б. жасайтын кәсіпқой операторларды шақыру ұсынылмайды.

 Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің назарына!

             Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық іс-шаралардың: футбол және басқа да спорттық ойындар бойынша жарыстардың қорытындысын, мектепішілік спартакиадалардың, республикалық және халықаралық сайыстарда жүлде алған мектеп оқушыларының жеңістерін кеңінен жариялау ұсынылады.Мектеп оқушыларының спорттық жетістіктері ілінетін стенд үнемі жаңартылып отыруы тиіс.

2018-2019 оқу жылындаөмір қауіпсіздігінің негіздеріне (бұдан әрі –ӨҚН)қатысты мәлімет

2018-2019 оқу жылындаорта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес (ҚР  Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы) «Өмір қауіпсіздігінің негіздерін»(бұдан әрі – ӨҚН)міндетті түрде оқыту қамтамасыз етілуі тиіс, бұл ретте білім алушылардың төтенше жағдайларда (өрт, жер сілкінісі және т.б)  практикалық дағдыларының қалыптасуына ерекше назар аударылуы тиіс.

Осыған байланысты «ӨҚН»  курсын оқыту:

– 1-4-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында;

– 5-9-сыныптарда – «Дене шынықтыру» пәні аясында;

–10-сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында жүзеге асырылады.

Бұл ретте «ӨҚН» курсы бойынша өткізілген тақырыптар, міндетті түрде, мектеп журналына жазылуы тиіс.

2018-2019 оқу жылында«ӨҚН» курсы бойынша жаңа білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды бастау жоспарлануда. Осы мақсатта барлық мүдделі министрліктер(ҚР ІІМ, ҚР ДМ, ХҚК және тб.) жұмыс тобымен «ӨҚН» жаңа бағдарламасын қайта қарау және бекіту жұмыстары жүргізілуде.

Жаңа оқу бағдарламасына сәйкес ӨҚН-нің әр тақырыбын «Дүниетану», «Дене шынықтыру» және «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәндерімен байланыстыру қарастырылады, бұл білім беру курсынның оқу міндеттілігін қамтамасыз етеді.

2019-2020 оқу жылында жалпы білім беру мектептерінде «ӨҚН» курсы 10-сыныпта «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» жаңа пәнінің аясында оқытылады.

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу бағдарламалары бекітілгеннен кейін 2018-2019 оқу жылының басталуына дейін барлық білім беру басқармаларына жіберіледі.

Жаңа оқу жылында республиканың барлық жалпы білім беру мектептеріне  «Бір-бірімізге жақын тұрып, зиянды әдеттерден аулақ жүрейік» профилактикалық бағдарламасын енгізу қарастырылып жатыр.

Аталған профилактикалық бағдарлама 2016-2017 жылы республиканың жалпы білім беру мектептерінде апробациядан өткізілді және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сараптама нәтижесі бойынша жалпы білім беру мектептерінің оқу-тәрбие процесінде қолдануға ұсынылады. 

Профилактикалық бағдарлама ата-аналармен жұмыс істеуге арналған және сынып жетекшісі өткізетін үш кездесуден тұрады.

Ата-аналарға арналған сабақтар, оқушылардың үлгерімі немесе басқа да мәселелер қарастырылатын, жоспарланған ата-аналар жиналыстарымен бір уақытта өткізілмеуі тиіс. –тоқсанда 1 рет.

Сынып жетекшілеріне көмек ретінде төмендегідей әдістемелік материалдар әзірленді:

– «Ата-аналармен жұмыс жүргізу бағдарламасы»;

– «Ата-аналарға арналған кітапша».

Сынып жетекшілеріне көмек ретінде «Бір-бірімізге жақын тұрып, зиянды әдеттерден аулақ жүрейік» профилактикалық бағдарламасы ҚР ББМ сайтына орналастырылады.

Оқу жүктемесін азайту туралы

Соңғы кездері жалпы білім беретін мектептерде педагогикалық және оқу жүктемесін қысқартужөніндеҚР Білім және ғылым министрлігіжұмыс жүргізуде.

Педагогикалық жүктемеге қатысты мәліметтер (мұғалімдердің жүктемесі).

1. Министрлік алқасының 2017 жылғы 24 ақпандағы кеңейтілген отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев педагог қызметкерлердіҚазақстан Республикасы заңдарында қарастырылған жағдайлардан басқа мұғалімнің жұмысына қатысы жоқ,өз кәсіби міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыстарға қатыстырмауды реттейтін ережелер жобасын әзірлеуді қамтамасыз ету тапсырмасын берді.

Осы тапсырмаға сәйкес білім туралы Заңға тиісті тармақ енгізілді: 51-бап, 4-т.

2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру және мұғалімнің кәсіби деңгейін көтерумақсатында 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрықпен «Орта білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерініңжекелеген санаттарының жүргізуі үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін анықтау туралы» бұйрық шығарылды.

Аталған бұйрыққа сәйкес мұғалімдер артық қағаз есептерінен босатылған. Бұл бұйрық бойынша кез келген бақылау органдары мұғалімнен келесі құжаттарды талап етуге құқылы:

  • сынып журналы;
  • тақырыптық-күнтізбелік жоспар (қысқамерзімді жоспар);
  • қритериалды бағалау бойынша құжаттар (қалыптастырушы және жиынтық бағалау);
  • білім алушылардың күнделігі.

Сонымен қатар сынып жетекшісінің қызметін атқарып жүрген мұғалімдер,директордың орынбасарлары артық құжаттардан босатылған.

Оқу жүктемесіне қатысты мәліметтер

1. Халықаралық практика зерделенді. Біздің оқушыларымыздың оқу жүктемесі шын мәнінде әлем бойынша ең жоғарғылардың бірі болып отырғанын талдау көрсетіп отыр. Егер ТМД елдерінің жалпы білім беретін мектептерінің ең көп апталық оқу жүктемесімен салыстыратын болсақ, 2-3 сағат айырмашылық байқалады, ал ЭЫДҰелдерінің ең көп апталық оқу жүктемесімен салыстыратын болсақ, айтарлықтай көп.

Мысалы, барлық орта білім беру деңгейі бойынша жалпы сағат саны аптасына Францияда – 84 сағат, АҚШ-тада –84 сағат, алҚазақстанда – 100 сағатты құрайды.

         2. Оқушылардың жүктемесін азайту барысында үй тапсырмасын ұйымдастыру мен орындау бойынша ҚР Білім және ғылым министрінің 2017жылғы24 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарының Әдістемелік нұсқаулықтарын әзірлеу ең бірінші қадамболып отыр. Осыған сәйкес орындауға жұмсалатын үй тапсырмасының көлемі мен уақытыекі есе азайып отыр.

         3. Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің тапсырмасын орындау аясында барлық сыныптарда жүктемесі азайтылған Үлгілікоқу жоспарларының (бұдан әрі –ҮОЖ)жобасы әзірленді.

         ҮОЖжобалары білім басқармасы басшыларының, әдістемелік орталықтар/кабинеттер жетекшілерінің, мектеп директорларының, директор орынбасарларының, практик-мұғалімдердің қатысуымен 9 республикалық кеңесте қаралды.

         Бұдан бұрын ҮОЖжобалары Білім және ғылым министрлігініңМектепке дейінгі және орта білім департаменті, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «Мектепке дейінгі балалық шақ» ММ  қызметкерлерінің қатысуымен республиканың барлық аймақтарында талқыланған.

Өңірлердеөткен семинар-кеңестің жұмысына 2500-ден астам адам қатысты.

Жалпы, жүктемесі азайтылған ҮОЖжобаларын педогогикалық қоғамдастық қолдады.

Бастауыш сыныпта жүктеменің азаюы: 1, 2-сыныптарда – аптасына 2 сағат, 3, 4-сыныптарда –3 сағатты құрайды.

Жүктемесін азайтуға болатын пәндерді анықтауда, ең алдымен, коммуникативтік оқытуға бағдарланған екінші тілді оқытудың жаңа әдістемесі ескерілді.  Бұл оқушылардың тілдік теорияны жаттауға емес, екінші тілде қарым-қатынас жасауды жүзеге асыру дағдыларына ие болады дегенді білдіреді.

Осыған байланысты, білім мазмұны жаңартылған оқу бағдарламаларын әзірлеуде коммуникативтік оқытуға бағдарлану грамматикалық материалдарды айтарлықтай азайтуға жол ашты.

Сондай-ақ 1-11-сыныптарда дене шынықтырудың 3 сағатының 1 сағатывариативке қосылды, бұл сағат міндетті түрде өткізілуі тиіс, бірақ тек спорт ойындарына, хореография немесе ритмикаға беру ұсынылады.

         Сөйтіп, бастауыш сыныптарда жүктемені азайту дамыту түріндегі жеке және топтық сабақтарды алып тастауға байланысты болды, өйткені бастауыш сыныптарда ең алдымен, бағдарламаныңнегізгі материалын меңгерту маңызды.  Орыс тілінде оқытылатын сыныптарда екінші тіл ретінде қазақ тілінің сағат саны: 2-сыныпта 3-тен 2-ге дейін, 4-сыныпта 4-тен 3-ке дейіназаяды.

         3, 4-сыныптарда жаратылыстану жүктемесі 2 сағаттан 1 сағатқа дейін қысқартылады.Мазмұны жаңартылған бағдарлама бойынша «Жаратылыстану» пәні бастауыш мектептің курсына енгізілген. Бұдан басқа, егер бұрын ол тек 5-сыныпта оқытылса, енді 1-ден 6-сыныпқа дейін оқытылады.

Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда да, оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптардада мемлекеттік тілді оқытуға бөлінген сағат санына байланысты жүктемені азайту жеңіл түрде қаралады.

Негізгі мектепте 5-7–сыныптарда жүктеме 3 сағатқа, 8-9-сыныптарда 4 сағатқа азайтылды. Инварианттық жүктеме барынша азайтылды, оқушыларға тереңдетіп оқу үшінпәндерді таңдауға мүмкіндік беріледі.

Қазіргі уақытта 5-9-сыныптарда бейіналды даярлықжүргізілмейді, қабілеті әртүрлі балаларға арналған бір Үлгілік оқу жоспары жасалады, яғни гуманитар-балалар физика, химия, биологияны нақты, техникалық ғылымдарға бағытталған балалармен бірдей көлемде оқиды. Сондықтан 5-9-сыныптарда ҮОЖ әзірлеу барысында инварианттық компонентте жаратылыстану циклі пәнін меңгеруге бөлінген сағаттар саны қысқартылып қалды. Алайда,7-9-сыныптардың бағдарламасына таңдау бойынша пәндер: инвариантты компоненттен таңдау бойынша бірінші пәнге - 2 сағат, инвариантті компоненттен таңдау бойынша екінші пәнге - 2 сағат, инвариантті компоненттен таңдау бойынша үшінші пәнге - 2 сағат енгізілді.

Сөйтіп, оқушының қосымша үш пәнді таңдап алуына мүмкіндік туады, бірақ ол пәндер инвариантты компоненттің тізімінен алынуы тиіс. Егер оқушы, мысалы, физика, химия, биология пәндерін таңдайтын болса, бұл 2 сағат инвариантты компоненттің 1 сағатына қосылады. Сөйтіп, білім алушы бұл пәндерді 3 сағат көлемінде, яғни қолданыстағы ҮОЖ-мен салыстырғанда көбірек көлемде оқиды.

Оқушының тереңдетіп оқуы үшін тілдік цикл пәндерін де таңдап алуға мүмкіндігі бар. Мысалы, егер оқушы мемлекеттік тілді, Мемлекеттік білім беру стандарты қамтамасыз ететін деңгейден де жоғары деңгейде білгісі келсе, Мемлекеттік стандартта әр пән бойынша инвариантты компоненттердің сағаттарына сәйкес минимум көрсетілетіндіктен, ол қазақ тілін екінші тіл ретінде таңдай алады.

Қазақстан тарихы бойынша сағаттарға қатысты мәселелер. Білім мазмұнын жаңарту аясында Қазақстан тарихынан бұрын 5-сыныпта берілетін әңгімелер, енді бастауыш мектептің «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасына ішінара енгізілген, 5-сыныптан бастап Қазақстан тарихы – ежелгі Қазақстан тарихын, 6-сыныпта – орта ғасыр тарихы, 7-сыныпта – жаңа заман, 8,9-сыныптарда - қазіргі заман тарихын жүйелі оқыта бастайды.

Қолданыстағы Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт бойынша қазіргі заман 9-сыныпта оқытылады және оған 2 сағат бөлінеді. Сөйтіп, жалпы Қазақстан тарихының сағаттары қысқартылған жоқ.

 Назар аударыңыз!

5-9-сыныптар үшінҮлгілік оқу жоспарларының9 нұсқасы құрастырылды, мұнда инвариантты компоненттен пәндерді қиыстыру (комбинация) нұсқалары ұсынылады.

Нұсқаларды жүйелеу ҰБТ аясында пәндерді таңдауға бағдарланған.

10, 11-сыныптарда ең жоғары жүктеме 39 сағаттан 35 сағатқа дейін қысқартылады.

Жаратылыстану-математика бағытындағы10-11-сыныптардаалгебра және анализ бастамалары 4-тен 3-ке дейін (жоғары математиканың элементтерін шығарып тастау керек), қазақ тілі мен әдебиеті 5-тен 3-ке дейін (негізгі мектеп курсында білім алушылар қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдыларына ие болуы тиіс), ағылшын тілінен 3-тен 2 сағатқа дейін (ағылшын тілінде оқытылатын пәндер  қосылады), Қазақстан тарихы 2-ден 1 сағатқа дейінқысқартылуы мүмкін. Қазақстан тарихы курсында «Өркениет: даму ерекшеліктері», «Этникалық және әлеуметтік-саяси процестер», «Мемлекет тарихы және қоғамдық-саяси ойдың дамуы», «Мәдениет, білім және ғылымның дамуы» бөлімдері оқытылады. Мұнда негізгі мектепте оқытылған материалдар жинақтап қорытылады, сондықтан 1 сағат жеткілікті.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда алгебра және анализ бастамалары 3-тен 2-ке дейін, информатика 2-ден 1 сағатқа дейін, әдебиет 3-тен2сағатқа дейін, қазақ тілі мен әдебиеті(5-тен 3 сағатқа дейін) қысқартылады.

         Сонымен қатар 10-11-сынып оқушыларына пәндерді таңдау ұсынылады: 2 пәнді үш сағат оқыту, бір пәнді 2 сағат оқыту.

Гимназия/лицейлердің де жүктемесі өзгертілді. Бастауыш сыныптарда гимназия компонентін 8,5 сағаттан 4 сағатқа дейін,5-11-сыныптарда 5 сағатқа қысқарту ұсынылады. Бірінші сыныптың жүктемесі 26 сағаттықұрайды (32,5 болған), екінші сыныпта – 27 (33,5), 3-4-сыныптарда – 30 сағаттан (37,5 болған)тұрады.

5-сыныптың жүктемесі 34 сағатты (40,5), 6-сыныпта – 35 сағатты (41,5), 7-сыныпта – 36 сағатты (42,5 сағат болған), 8-сыныпта – 37 сағатты (44,5), 9-сыныпта – 39 сағатты (46,5)құрайды.

10 мен 11-сыныптарда жүктеме 40 сағаттан (47,5 сағат) тұрады.

Гимназиялық компоненттің Үлгілік оқу жоспарының инварианттық бөліміне кіруі маңызды. Бірақ,гимназия оқушыларының да таңдауға мүмкіндігі болуы үшінгимназиялық компоненттен ҮОЖ вариативті бөліміне бір сағаттан енгізілді.

 Назар аударыңыз!

2018-2019 оқу жылында міндетті түрде жүктемесі қысқартылған Үлгілік оқу жоспарына тек жекелеген мектептер көшеді. Қазіргі уақытта мектептердің тізімінҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіанықтауда. Бұл, негізінде, жан басына қаржыландыруды сынап көретін жеке ұйымдармен мектептер.

Республиканың қалған барлық мектептерінің ҮОЖ таңдап алуға құқығы бар, мектептер сол бойынша: не қолданыстағы ҮОЖ жүктемесін қысқартусыз, неұсынылған нұсқалар бойынша оқытады.

Бұл ретте негізгі орта білім беру деңгейінде мектептердің бір нұсқаны таңдап алуға мүмкіндігі бар. Таңдауды педагогикалық ұжымның, білім алушылардың, ата-аналар комитетінің, Қамқоршылық кеңесінің пікірін ескере отырып жүзеге асырады.

         Әр пән бойыншаоқу бағдарламалары мазмұнының көлемі және қысқартылған жүктеменің оқу сағаттарын байланыстыру бойыншаӘдістемелік ұсынымдамалар тамыз кеңесіне дейін барлық білім беру басқармаларына жіберіледі.

 Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы орта білім беретін ұйымдарға барып оқи алмайтын азаматтар үшін үйде немесе стационарлық көмек көрсететін, сондай-ақ қалпына келтіру, емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.

Назар аударыңыз!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша Ы.Алтынсарин атындағыҰлттық білім академиясы үйде оқытылатын білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарын әзірледі.

Сонымен қатар, кешкі мектептер үшін (күндізгі оқу түрі – 7-11 сыныптар, кешкі оқу түрі – 9-11-сыныптар, кешкі оқу түрі бойынша жеке оқыту – 1-6-сыныптар) Үлгілік оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын және білім беру ұйымдарынан тыс уақытша оқып жүрген білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарларын әзірледі.Меңгерілген тәжірибені есепке ала отырып,білім беру ұйымдарынан тыс жеке оқыту үшін қосымша Үлгілік оқу жоспары әзірленді.

Назар аударыңыз!

Қазіргі уақытта аталған Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалар бекітуге дайындалып жатыр. 2018-2019 оқу жылында барлық білім беру басқармаларына жіберілетін болады.

Білім беру ұйымының жұмысын 2018-2019 оқу жылынадер кезінде жоспарлауды қамтамасыз ету мақсатында кешкі мектептер, үйде оқытылатын білім алушылар және білім беру ұйымдарынан тыс уақытша оқып жүрген білім алушылар үшін Үлгілік оқу жоспарлары ӘНХ-ғақосымша беріледі.

Республика мектептерінің бескүндік оқуға көшуі 

Ұсынылған жүктемеге сәйкес 1-ден 11-ге дейін барлық сыныптарбескүндік оқу аптасына еркін көше алады.

 2016 жылдың 25 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті алтыншы шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында: «Біз ЭЫДҰ-мен интеграцияланудамыз, бұл ретте біз дәйекті болуға тиіспіз. Барлық дамыған елдердің мектептерінде бес күндік оқыту аптасы қалыптасқан. Балаға қалпына келуге, педагогқа демалып, сабаққа дайындалуға мүмкіндік беріледі. Кейбір елдерде тіпті төрт күндік оқыту аптасы да бар. Мұндай форматқа көшу – бүгінде дамыған елдердің жалпыәлемдік үрдісі (тренді). Ғалымдар қазірдің өзінде оқыту аптасының ұзақтығын қысқарту оқытудың нәтижелілігін арттыратынын ғылыми тұрғыдан дәлелдеген. Бізге де осы тәжірибені енгізу керек. Білім және ғылым министрлігі бұл үдерісті тым болмаса бастауыш мектептерден бастауы керек»,- деп атап өтті.

Республика мектептерінде бескүндік оқытуға көшу жұмысы жаңартылған білім мазмұнына көшумен бір мезгілде басталды.2016-2017 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына бірінші сыныптар, 2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7- сыныптар көшкен болатын.

2017-2018 оқу жылында сабақ ұзақтығы 40 минут болғандықтан, бескүндік оқу аптасына 1-ден 11-ге дейінбарлық сыныптардыкөшіру ұсынылды. Бескүндік оқу аптасы туралы шешімді әр мектептің әкімшілігі қабылдап, Қамқоршылық кеңесімен және ата-аналар комитетімен келіседі.

Облыстық және қалалық білім басқармаларының мәліметтері бойынша 2017-2018 оқу жылында республиканың 7054 мектебінен 6708мектеп бескүндік оқытуға көшкен, бұл 95%-ды құрайды (1-кесте).

2-кестеРеспублика бойынша бескүндік оқытуға көшкен мектептер саны, өңірлер бойынша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыс, қала

Барлық мектептер саны

 

Оның ішінде

Оның ішінде бескүндік оқытуға көшкен мектептер саны

Бастауыш мектеп

Основная школа

Орта мектеп

Бастауыш мектеп

 

Негізгі  мектеп

 

Орта мектеп

1

Ақмола

565

68

154

343

59

150

343

2

Ақтөбе

410

34

82

294

33

81

236

3

Алматы

758

66

60

632

65

60

597

4

Атырау

193

12

7

174

12

7

171

5

Шығыс-Қазақстан

657

51

116

490

50

115

482

6

Жамбыл

450

61

34

355

61

34

322

7

Батыс- Қазақстан

381

70

70

241

70

70

235

8

Қарағанды

515

49

90

376

49

80

312

9

Қостанай

514

89

114

311

89

114

311

10

Қызылорда

293

8

26

259

8

26

242

11

Маңғыстау

134

8

4

122

8

4

122

12

Павлодар

371

27

68

276

27

68

276

13

Солтүстік- Қазақстан

497

67

108

322

67

108

313

14

Оңтүстік- Қазақстан

1029

100

77

852

97

75

786

15

Астана қаласы

84

2

0

82

2

0

69

16

Алматы қаласы

203

-

3

200

-

3

(1-7 сын)

112

(1-7 сын),

87

(1-4 сын)

Барлығы

7054

712

1013

5329

697

995

5016

Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалау жүйесіне көшу қарастырылған.

2018-2019 оқу жылында 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8-сыныптар жаңа бағалау жүйесі бойынша жұмыс жасайды. Бағалаудың жаңа жүйесі білім алушылардың өз әрекетін бақылау және бағалай білу, туындайтын қиындықтардың себептерін анықтау және жоя білу қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Оқыту процесі білім алушылардың функционалдық сауаттылығын және кең спектрлі дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.

Білім алушының жеке тұлғасы емес, жұмысы ғана бағаланады; білім алушының жұмысы басқа білім алушылардың жұмысымен емес, оларға алдын ала белгілі (өте жақсы орындалған жұмыс үлгісімен) эталонмен салыстырылады. Оқыған материалдары негізінде ғана бағалау керек, сондықтан да бағалау критерийлері – оқу мақсаттарының нақты көрінісі.

Мұғалімге критериалды бағалауды оқу процесін неғұрлым тиімді ұйымдастыру үшін, білім алушыларға уақытылы қолдау көрсету және олардың оқудағы жетістіктерін қамтамасыз ету үшін, мүдделі тараптарға оқудың нәтижелері туралы ақпарат беру үшін қолдану ұсынылады. Мұндай бағалау жүйесі ең алдымен балаларды оқуда табысқа жетуге ынталандыруға, білімдегі кемшіліктерді анықтауға және олардың жетістіктерін көрнекі түрде көрсетуге бағытталған.

Білім алушы мен мұғалім жеке және бірлесіп одан әрі даму үшін алдағы іс-әрекеттердің жоспарын әзірлей алады.

Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалауды және ішкі жиынтық бағалауды қамтиды.

Барлық жаңа дүние сияқты, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесі педагогтердің да, ата-аналардың да тарапынан біркелкі қабылданбады. Сұрақтар жыл бойы туындап отырды.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі:

- оқыту мен бағалаудың бірлігіне негізделеді;

- білім алушылардың үлгерімі мен жетістігін қамтамасыз етуге тұтастық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған;

- оқу бағдарламаларына сәйкес оқыту мақсаттарының орындалуын және білім алуы мен дағдыларының дамуы дәлелдемелерін жинауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

- әр сынып үшін пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұны негізінде бағалаудың әртүрлі әдістері мен түрлерін қамтиды.

Критериалды бағалау жүйесі оқытудың, оқу мен бағалаудың өзара байланыстарына негізделгенін есте ұстаған жөн. Критериалды бағалаудың нәтижелері білім беру процесін тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру үшін қолданылады.

Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларын дамыту дәрежесін бағалауға ықпал етеді.

Әр сабақ оқу мақсаттарын көрсету мен айтудан және оған жетудің критерийлерін таныстырудан басталуы керек. Білім алушы қойылған оқыу мақсаттарын түсінуге, оны ой елегінен өткізіп, оған қалай жету керектігін білуі қажет.

Критериалды бағалау технологиясы білім алушылардың жетістіктерін нақты анықталған, алдынала танылған критерийлермен салыстыруға негізделген, осы немесе басқа оқу материалын қалай игергенін, бұл немесе басқа практикалық дағды қалай қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір білім алушының дайындығының жалпы деңгейіндегі өзгерістерді де, бұрынғы жетістіктерімен салыстырғанда оның жетістіктерінің динамикасын да атап өту маңызды.

Әр сабақта мұғалімге бағалау элементтерін қолдану және білім алушыларға уақытылы қолдау көрсету, оларды оқытудың жетістіктерін қамтамасыз ету, мүдделі тараптарға оқытудың нәтижелері туралы ақпарат беру ұсынылады.Мұндай бағалау жүйесі балаларды оқуда табысқа жетуге ынталандыруға, білімдегі кемшіліктерді анықтауға және олардың жетістіктерін көрнекі түрде көрсетуге бағытталған.

Критериалды бағалау жүйесінің ең басты артықшылығы – білім алушыға түсер күйзелісті азайту болып табылады.

Критериалды бағалау білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастырады, оқытуда достық ортаны құруға, білім алушылардың оқуға деген ықыласын арттыруға, зерттеушілік және шығармашылық қызметке қатысуға мүмкіндік береді.

Критериалды бағалау жүйесінде білім алушылар іс-әрекеттің субъектісі ретінде әрекет етеді. Мұғалімге мақсатқа бағытталған белсенділікті, бастамашылықты, мақсатқа жетудегі дербестікті, таңдау жасай білуді,рефлексияға қабілеттілікті, жауапкершілікті ұстану маңызды.

Білім алушылар бағалар санын жинақтауға ғана ұмтылмауы керек. Алайда, білім алушылардың жетістіктерін бағалау мазмұнды, көпжоспарлы болуы керек. Бағалау процесіне білім алушыларда қатыстырылады.

Бағалаудың жаңа жүйесі мұғалімнің ата-аналармен тығыз байланысын және ата-аналармен түсіндіру жұмыстарынжүргізуді қолдайды.

Білім алушылардың ата-аналарына жаңа бағалау жүйесінің мақсаты мен негізгі принциптері түсіндіріледі, ата-аналарға арналған шеберлік-сыныбы мен тренингтер өткізіледі.

Мұғалім ата-аналармен дескрипторларды алдын ала талқылап, критерийлері бұрыннан белгілі тапсырмаларды таратып, ата-аналармен топта және жұпта жұмыс істей отырып, ата-аналар жиналысын сабақ формасында өткізе алады. Сабақта ата-аналарға балалары сияқты өздерін бағалауға, өзара бағалауға, нәтижелерін талқылауға мүмкіндік береді.

Бағалаудың жаңа жүйесі ыңғайлы және достық қарым-қатынас ортасын құруға ықпал ететіндігін түсіндіру маңызды болып табылады.

Мұғалім бағалауды жүргізу барысында тек мұғалімдерге ғана емес, сондай-ақ ата-аналар мен білім алушыларға да көмек ретінде әзірленген әдістемелік материалдар кешенін міндетті түрде қолдануы тиіс:

  • «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 9 ақпан № 47 бұйрығы);
  • 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат;
  • Жаңартылған білім беру мазмұны аясында орта мектептерге арналған критериалды бағалауды құжаттандыру және рәсімдеу бойынша нұсқаулық;
  • Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық;
  • Негізгі және орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық: Оқу-әдістемелік құрал;
  • Сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
  • Сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
  • Сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсынымдама.

Бұл әдістемелік құралдарды nao.kz, smk.edu.kz сайттарынан таба аласыздар.

Мұғалімнің бағалау қызметі – бағалау критерийлерін іріктеу, әзірлеу және қолдану, бақылау мен бағалау тәсілдері.

Білім алушының бағалау қызметін жүзеге асыру үшін мұғалім:

  • әртүрлі бағалау түрлерін жиі қолдану керектігін (өзін-өзі бағалау, өзара бағалау);
  • білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағалау критерийлерін дербес дайындауды және таңдап алуды;
  • бақылау әдістері мен түрлерін әзірлеу және іріктеп алуды білуі тиіс.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін мұғалім:

1) бағалау үшін оқыту мақсаттарының тізбесін анықтауы;

2) бағалау деңгейлерін анықтауы (Блум таксономиясына сәйкес);

3)бағалау критерийлерін әзірлеуі (оқыту мақсаттарына сәйкес);

4) білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін анықтауы;

5) үйде оқитын білім алушылар үшін үйде оқыту жүктемесін және оқытылған оқу материалын ескере отырып, сараланғанжәне/немесе жеке тапсырмаларды әзірлеуі;

6) сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолдануы, сондай-ақ ерекше білімге қажеттіліктері бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізуі;

7) жиынтық бағалаудың нәтижелері бойынша ата-аналар жиналыстары барысында кері байланыс немесе рубрикалар түрінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы ақпарат беруі қажет.

Критериалды бағалау мұғалімге бірқатар негізгі нұсқауларды жобалап түсіндіреді:

1.Білім алушының жеке тұлғасы емес, жұмысы ғана бағаланады;

2.Білім алушылардың жұмыстары басқа білім алушылардың жұмыстарымен емес, тек жақсы орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады.

3. Нақты тапсырмалардың әртүрлі формаларын қолдану және мінсіз орындаған тапсырмалардың нақты және айқын сипаттамаларының болуы;

4.Бағалау критерийлерінің білім алушыларға алдын ала белгілі болуы;

5.Өзін-өзі бағалау білім алушылардың рефлексиясын да көрсетеді. Рефлексия білім алушылардың тұлғасын дамытудың міндетті шарты болып табылады;

6.Өзін-өзі бағалауға көшуге тырыса отырып, білім алушыларды бағалау процесіне қосу;

7.Оқыған материалдары негізінде бағалау. Бағалау критерийлері оқыту мақсаттарына сәйкес болуы тиіс.

Оқыту мақсаттарының құрылымында білім алушылардың іс-әрекеттері көрсетілген: байқау, талдау жасау, салыстыру, маңызды белгілерді бөлу, тану, анықтау, үлгілеу, түсіндіру және т.б.

Нәтижелерді бағалау критерийлері білім алушылардың дайындық деңгейінің мұғалім ұсынған талаптарға сәйкестігін белгілеуге, оқыту процесіне түзету енгізуге, жұмыстың күрделілігі деңгейін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.

8. Оқу жетістіктерін тексеру немесе өздігінен тексеруге арналған критерийлерді білім алушылармен бірлесіп әзірлеуге болады.

9. Сабақ барысында білім алушылардың оқу жетістіктерін өздері бағалауын ұйымдастыруды ойластыру және оқу тапсырмаларын таңдау маңызды.

10. Мұғалімге сабақта білім алушылардың өздерінің бағалауларын салыстыру үшін мүмкіндік беру, өз қателіктерінің себебін табу үшін рефлексия ұйымдастыруұсынылады.

11. Балалардың түзету жұмыстарын ұйымдастыру.

Өзін-өзі бағалау:

- білім алушылардың бағалау критерийлерін түсіну;

- бағалау тәсілдерін меңгеру.

Өзін-өзі бағалаудың басты мәні білім алушылардың өзін-өзі бақылауынан, өзін-өзі реттеуінен,өздерінің оқу жетістіктерін тәуелсіз сараптауынан тұрады.

Өзін-өзі бағалау:

  • бағалау критерийлерін бірлесіп әзірлеу немесе білім алушылардың анық бағалау критерийлерін қабылдауы;
  • Оқу тапсырмасымен таныстыру;
  • Критерийлербойыншаболжамдыөзін-өзібағалау (орындайаламынба? барлығынорындайаламынба? тапсырманыңжартысынорындаймын?);
  • Рефлексивтік өзін-өзі бағалау;
  • Қателермен жұмыстан тұрады.

Өзін-өзі бағалау мұғалімнің бағалауының алдында өткізілуі тиіс.

Өзін-өзі бағалау түрлері мен қалыптастыру тәсілдері.

Болжамды өзін-өзі бағалау оқу тапсырмасын орындау алдында жүзеге асырылады. Білім алушы нені жақсы орындай алатынын, не қиындық тудыратынын, нені орындай алмайтынын анықтайды. Яғни, бұл жеке тапсырмаларды орындауда өзінің мүмкіндіктерін өзіне қарай болжау. Болжамды бағалау жиынтық жұмыстарға дайындау кезеңінде тиімді болады. Балалар мұғаліммен бірге оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін жасайды. Оларға сәйкес, мұғалім тиісті тапсырмаларды жасайды және таңдайды. Оқушылар критерийлермен БЖБ және ТЖБ басталғанға дейін танысуы керек. Бұл жағдайда, оқушылар үнемі сол критерийлерге сүйенеді және жиынтық жұмысқа дайындық барысында өздерінің мүмкіндіктерін бағалайды.

Білім алушы қандай критерий бойынша өзін-өзі бағалауды төмендеткенін немесе жоғарылатқанын анықтайды, айырмашылық себептерін табуға тырысады, сондай-ақ өзінің қателерінің себептерін табады.

Болжамды бағалауды тапсырмаларды орындау алдында, жаңа материалды меңгеру кезеңінде де қолдануға болады. Мазмұнды өзін-өзі бағалау жақсы сараланған, оқу қызметінің сапалы өзін-өзі талдауын, оның нәтижесін қамтамасыз етеді.

Басында мұғалім білім алушыларға оқу жетістіктерін бағалаудың критерийлерін ұсынады. Әрі қарай білім алушыларды осы үдеріске қатыстырады.

Критерий бойынша өзін-өзі бағалауды үйрену білім алушыларға оқу материалдарын саналы түрде меңгеруге мүмкіндік береді.

Өзін-өзі бағалау тек оқу жетістіктеріне ғана емес, сондай-ақ жалпы білім беру дағдыларына да әсер етуі мүмкін. Бастауыш мектептің негізгі міндеттерінің бірі – білім алу мүмкіндігі. Топта жұмыс істеу, ақпарат іздеу, сұрақтар қою, байқау, ынтымақтастық қабілетін қалыптастырусыз мүмкін емес. Оқыту кезеңінде және бастауыш мектептегі жалпы білім беру процесінде жалпы білім қабілеттерін қалыптастыру процесі бақыланатын болады.

Бірінші сыныпта білім алушыларға бағалау құралдарын қолдану, бағалау критерийлерін таңдау, олардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерімен байланыстыруды үйрету жеткілікті. Алдымен білім алушылар өзінің жұмысын өлшемдермен салыстыруға үйренеді. Өлшемдерге әріптер мен сандарды жазу үлгісі жатады. Бағалаудың сәйкес келмеуі рефлексияның мәні болып табылады. Диалог барысында білім алушы өз қателерінің себебін түсінуге, әрекет алгоритмі туралы айтуға, өлшемшартқа жету үшін не істей алатынын және істеу керектігін түсінеді.

Критерийлерге пәндік және жалпы білім дағдылары жатады.

Бастауыш мектепті бітіруші «Математика» пәнін оқу барысында төмендегідей пәнді жалпы білуіскерлігі қалыптасуы тиіс: математикалық моделдеудің, мәтіндік (сюжеттік) тапсырмаларды шешу әдістері. Математикалық модельдеу оқушылардың нақты пәндік дағдыларды біртіндеп меңгеруін білдіреді: сызба, формулалар (теңдеу), сандық өрнек, тапсырманы кесте, сызбанұсқа ретінде көрсету, бір моделден екіншіге өтуді жүзеге асыра білу қабілеті. Сонымен қатар, бастауыш мектеп бітірушісі мәтіндік тапсырманы 1-2 әрекетте ғана шешіп қоймай, мәндердің берілген мәндері мен олардың арасындағы байланыс үшін, тапсырманы тұжырымдай білу (кем дегенде 1 әрекетте) керек.

«Жаратылыстану» пәнін оқыту барысында төмендегідей дағдылар қалыптасуы қажет:

- нысандар арасына қарамастан байланыстар орнату, нысандардың өмір сүру және даму жағдайларын сипаттау;

- жіктеу, нысандарды салыстыру, уақытты анықтау және кеңістікті сипаттау;

- ғылым әдістерін қолдану, ең басты байқау әдістерін, өлшеуді жүргізе білу.

Тапсырмаларды іріктеу үшін мұғалімге келесі ұсыныстарды ұсынамыз:

  1. Диагностикалық құралдар тек бақылауды, диагностиканы ғана емес, сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеу функцияларын орындайтын тапсырмаларды қамтуы керек. яғни: Тапсырмалар оқушыға белгілі бір жаңа ақпаратты бере алады, мәселен,

- «Мәтінді пайдаланып, Арал теңізінің түбі біртіндеп тұз шөліне айналатынын түсіндіріңіз? (4 сөйлемнен көп болмауы тиіс)»;

  • Тапсырмалар оқушылардың жаңа сұлбаларды жасауын болжайды, мысалы, «Есепті шаманың бірнеше арақатынасына қалыптастырыңыз («көп» немесе «аз» байланыстарын қолдана отырып) және оны шешіңдер».
  1. Тапсырмалар әртүрлі факторлармен жүктелуі керек, олардың бірі пән бойынша оқытудың нақты нәтижесі болып табылады, ал екіншісі жалпы білім беру (әмбебап) дағдыларын игерудегі білім алушының жеке қасиеттерін көрсетеді. Мәселен, «Мәтіннің үшінші абзацындағы түбірінде дауысты дыбысы барүш сөзді жаз, оларға сәйкес келетін сөздерді таңдаңыз».

Мұғалім білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін еркін таңдай алады. Әліппені аяқтаған соң, балалар оқу бағдарламасында талап етілетін нәтижеге қол жеткізгені маңызды. Сыныптағы балалардың дайындық дәрежесі, олардың оқуға қабілеттілігіне байланысты мұғалім белгілі бір уақыт аралығында аралық нәтижелерге қол жеткізе алады. Бұл ретте жетістіктерді бағалау үшін осындай критерийлерді таңдау қажет, сондықтан қажетті (негізгі) нәтижені барлық сынып оқушылары көрсете алуы керек. Басқа  критерийлер барлық белгілі бір мерзімге қосымша ретінде қабылданады. Көпшілікбілім алушыларды қосымша критерийлермен бағалауға болады, бірақ барлық білім алушылардың 100% әрі қарай оқуда табысқа жету үшін негізгі критерийлерге сәйкес нәтижелерін жеткілікті көрсету қажет.

Бірінші сыныптағы бағалау қызметін ұйымдастыру әдістерін қарастырамыз.

Бастапқыда критерий үлгі болады. Мұғалім әріптер элементінің дұрыс жазылуын көрсетеді, балаларды сөзбен қайталап айтуды және олардың оқу нәтижесін үлгіге (өлшемшартпен) сәйкес бағалауды сұрайды.

Білім алушының өздігінен бағалауынан кейін бағалауды мұғалім жүргізеді.

Бағалаудың сәйкессіздігі рефлексияны тудырады: менің бағалауым неге мұғалімнің бағалауымен сәйкес келмеді? Мен әріптің қай элементін қате жаздым? Білім алушы өз қателігінің себебін табуға тырысады.

Әр жұмысты әртүрлі критерийлермен бағалауға болады, бірақ білім алушы  алдымен бір критерийдің призмасы арқылы нәтижесін көруді, содан кейін бірнешеуін көруді үйренуі маңызды. Тапсырманы орындауға дайындық барысында мұғалім оқушылардан: «Біз қандай дағдыларды, қандай ережені тексереміз?»,- депсұрайды.Солай критерийлер қалыптасады. Бастауыш сынып білім алушысы басқалар сияқты табысқа жету жағдайын сезінуі керек.

Бастауышта білім алушы, басқалардай, табысқа жету жағдайын сезінуі керек.

Білім алушылар оқу тапсырмаларын бірнеше критерийдің призмасы арқылы көруге, бірнеше критериймен өзін бағалауға үйренеді.

Тапсырманы орындай отырып білім алушы іс-әрекетінің өзін-өзі бақылау және қалыптасқан критерийлер бойынша өзін сауатты бағалауды жүзеге асырады.

Ұзақ уақыт бойы оқу нәтижелерін тексеру және бағалау үшін, мәселен, ортақ тақырыптар және тарауда, жалпылама өлшемдер жасалады.

Диктантқа дайындық кезінде оқушылар тұжырымдалған критерийлерді басшылыққа алады. Критерийлерге негізделген нәтижелерді бағалау қателердің себептерін анықтау, оларды ескерту, мұғалімнің объективті болуына, білім алушыға орындаған тапсырмалар деңгейін болжауға мүмкіндік береді.

Критериалды бағалаудың айырмашылығы: мұғалімдер мен білім алушылар жұмыстың нәтижелеріне оң баға береді, оқу үлгерімін көруге үйренеді. Ал қателер әрі қарай жетістіктерге, білім беру мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша, оқу жетістіктері критерийлердің жиынтығы бойынша бағаланады, олардың кейбірінен оқушының табысқа жету жағдайын сезінеді. Бұл оқу уәждемелерін дамыту үшін маңызды. Бастауыш сынып оқушысы табысқа жету жағдайын білуі тиіс. Оқу жетістіктерін критериалды бағалау білім алушының жетістіктерін сапалы бағалауға, қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың дәлме-дәл тапсырмаларын: диктанттар, шығармалар, мазмұндамалар, тестілер, бақылау және тексеру тапсырмаларынәзірлеуге мүмкіндік береді.

Критериалды бағалау құралдары

1. Мұғалімнің ауызша бағалауы: ол белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуді көтермелеумен байланысты болуы керек. Сөздік  бағалауда баланың бүгінгі жетістіктерін, оның кешегі болған жетістіктерімен салыстыру қажет. Келеңсіз бағалау оқушының ықылас-ыждаһатына,  жауапкершілігіне, табандылығына ғана қатысты болуы мүмкін. Мұғалімге сөздік бағалау қорын толықтыру қажет, классикалық «жарайсың!», «жақсы», «ақылды-сың»  деген пайымдаумен тоқтап қалмау керек.

Бұл ретте білім алушының оқу жетістігіне қарап, эмоционалдық қатынасты, оқушының табыстары бойынша қобалжуы-алаңдауын көрсетуі қажет.

«Бүгін сенде кешегіге қарағанда, өте жақсы шықты», «сенің бұл алгоритмді түсінгеніңе қуаныштымын», «Сеніңпікіріңқызықты» (болжам, жорамал), "Қандай керемет идея, оқулық авторы бұл туралы ойлаған да емес»,«Есептеу өте қиын болды, бірақ сен алғашқы екі іс-әрекеттерді орындап шықтың», «Сен тапсырмалардың жартысын дұрыс орындадың, келесі жолы барлығын өзің жасай аласың», «Сен өте тырыстың және сенде барлығы міндетті түрде орындалады, осылай жалғастыра бер».

Барлығының көзінше мадақтау маңызды: («Балалар, қараңыздаршы, бүгін Арман қалайжұмыс істеді! Онда бәрі де жақсы шықты!». Бұл ретте, басқалардың мұны әлдеқашан істей алатыны маңызды емес).

Мұғалім білім алушылардың іс-әрекеттерін мақұлдау кезінде, келесі қағидаларды басшылыққа алуы мүмкін:

- тіпті болмашы нәтижеге қол жеткізгеннен кейін, білім алушыны бірден мақтаңыз;

- білім алушынының жеке қасиеттерін емес, оның оқу жетістіктерін мақтаңыз;

- оның қол жеткізген нәтижесіне риза екеніңізді, сізге оның жетістігі жағымды екенін айтыңыз.

Баланы шын мәнінде не үшін мақтауға болатынын атап өту маңызды, содан кейін жаңа міндет қоюға болады.

Мұғалім білім алушының кемшіліктерін оң мақсаттарға қайта пайымдауды үйренуі керек.

Білім алушы коррекциялық міндетті өзі құрастырғаны жақсы.

Мұғалім сыныптағы барлық білім алушыға  өзара әрекеттестік-тің, конструктивті/сындарлы қарым-қатынастың және оң/жағымды бағалаудың үлгісін көрсетуі керек.

Жазбаша түсініктеме -кері байланыс, рубрика білім алушының белгілі бір кезеңдегі жетістіктерінің нәтижелеріне сипаттама болып табылады. Мұғалім онда білім алушының табыстарын сипаттайды, қажетті ұсыныстар береді. Мұғалім оған 2-3 сөйлем қоса алады. 

Мысалы, әліппелік /букварный/ кезең бойынша оқу жетістіктерін бағалау үшін тиісті бағдарламаларда баяндалған, білімдерге, біліктерге қойылатын талаптарды басшылыққа алуға болады. Бұл ретте кейбір критерийлер міндетті емес болуы мүмкін,  өйткені алда әлі тұтас бір тоқсан тұр және білім алушылар бірқатар біліктіліктерді табысты игеру үшін мүмкіндіктері бар.

3-кесте – Критерийлер тізбесі

Критерийлер

Тапсырма үлгісі/ мысалы

Баға

Жиынтық баға

Сөз құрайтын дыбыстарды атай білуі

 

 

 

 

 

Дыбыстар мен әріптерді айыра білуі

 

 

Дауыссыздыбыстардыбелгілейтінәріптерденкейінтұратындауысты дыбыстың рөлін анықтайбілу

 

 

 

Дауыссыз дыбыстың жұмсақтығын жазуда белгілей білу

 

 

 

Жатық/бірқалыпты, буынғабөліпоқуменоқибілуі

 

 

 

Балл.

Балмен бағалау бірден енгізілмейді.

Ол дәстүрлі баға белгілеріне байланып қалмаған.

Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарындағы жетістіктерін мониторингілеу үшін және орындалған үй жұмысының қорытындысын және педагогтің жазбаша түрдегі (көбінесе білім алушылар дәптерлерінде немесе жетекшілердің) немесе ауызша ұсыныстарын қоса алғанда, сабақта сараланған жұмысты одан әрі тізіп қоюды /сапқа тұрғызуды мониторингілеу үшін жүргізіледі. (№47 бұйрық)

Бағалау – бұл үздіксіз процесс. Оған мұғалім, білім алушылар, ата-аналар, әкімшілік /мектеп әкімшілігі/ қатысуы қажет.

Қалыптастырушы бағалау түрінің ажырамас бөлігі бақылау және құжаттама болып табылады. Бақылаудың формальды және формальды емес түрлері бар. Бейресми бақылау барлық уақытта сабақтарда арнайы фокуссыз-ақ жүреді. Формалды бақылау – мұғалім өзіне қадағаланатын сол немесе өзге де дағдылар қаншалықты дамығанын көру мақсатын қояды.

Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу үдерісінде білімді меңгеру және дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау қызметін атқарады, білім беру процесін түзетуге мүмкіндік береді, мұғалім кері байланысты жүзеге асыру үшін жүргізеді. Кері байланыстың формаларын, түрлерін мұғалім өзінің жинақталған тәжірибесін пайдалана отырып, өз қалауы бойынша таңдайды. Бұл ретте кері байланысты ұсынудың оң және дұрыс/сыпайы сипатына назар аударған жөн.

Қалыптастырушы бағалау жүргізу алдында білім алушыларды оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру маңызды. Білім алушыларға тапсырманы орындау кезінде не нәрсеге назар аудару қажеттігі түсінікті болу үшін бағалау критерийлерінің маңызын түсіндіру керек.

Оқыту процесінде тиімді сынып пікірталасын қалыптастыру және білім алушылардың қойылған мақсаттарды түсінуінің куәсі ретінде қызмет ететін басқа да оқу міндеттерін қою маңызды. Мұғалімнің үнемі кері байланыс беруібілім алушыларды алға жылжуға, жақсы/үздік нәтижелерге қол жеткізуге ынталандырады.

Ойлау дағдыларының деңгейін нақты бағалай білу критериалды бағалаудың маңызды аспектісі болып табылады. 2-кестеде оқу бағдарламасына енгізілген ойлау дағдыларының деңгейлері, сондай-ақ қалыптастырушы және жиынтық бағалау кезінде бағалану қажет даму немесе қалыптасқандығы дәрежесі ұсынылған.

4-кесте - Блум таксономиясы бойынша ойлау қызметінің деңгейлері

Дағдылар

Сипаттама

Білу

Нақты дәлелдерді, ақпараттарды және олардың сипаттамаларын білу және еске түсіру /қайта жаңғырту /қалпына келтіру.

Түсіну  

Дұрыс есінде жаңғырту арқылы түсінуін, болжамы немесе ақпаратты интерпретациялауды көрсету

 

Қолдану

Ақпаратты және бұрын алынған білімді жаңа немесе таныс емес жағдаятта немесе контексте қолдану және пайдалану

Талдау

 

 

 

 

Сыни ойлау    

Ақпараттық материалды құрамдас бөліктерге бөлу қабілетін көрсету, себептерді немесе мотивтерді, ой-тұжырымдарды анықтау жолымен әртүрлі қорытынды алу/жасау үшін ақпаратты зерттеу, және/немесе жалпы ереже-қағидаларды негіздеу үшін дәлелдеме табу.

Ақпараттың нақтылығы және маңыздылығы туралы пайымдауды түрлі көзқараста қарастыра отырып, қалыптастыру

Синтез

Жаңа контексте бұрын алынған білімнің әртүрлі бөліктерін қайта құру қабілетін көрсету

Бағалау

Белгілі бір критерийлер бойынша идеялар немесе фактілердің маңыздылығы туралы ой-пікір қалыптастыру

Білім алушылардың дайындық деңгейі әрбір білім беру ерекшелігін ескере отырып жобаланған, күтілетін оқыту нәтижелері арқылы анықталады.

Төменде ойлау дағдыларының барлық деңгейлерін дамыту бойынша күтілетін нәтижелерді анықтау үшін пайдаланылатын етістіктер кестесі берілген (4-кесте).

5-кесте – Блум бойынша ойлау дағдыларының деңгейі таксономиясы

Р/с

Ойлау дағдыларының деңгейі

Ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін етістіктер тізбесі

1

Білу

Санап шығу, есте сақтау, айту, көрсету, қайталау, аяқтау, жаңғырту, әңгімелеу, еске түсіру және т. б.

2

      

Түсіну

 

Талқылау, айқындау-анықтау, әңгімелеу, түсіндіру, сұрау, тұжырымдау, түрлендіру, көрсету және т. б.

3

Қолдану

Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету, табу, сахналау, іске қосу, зерттеу, эксперимент өткізу, иллюстрациялау - безендіру, түсіндіріп беру, әрекет жасау, аздап жаттықтыру, ара қатынасын белгілеу, жоспарлау, көрсету, нобайын жасау, шешу, пайдалану және т.б.

4

      

Анализ-талдау

 

Талдау, топтастыру, есептеу, категориялау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, талқылау, ажырата, айыра, зерттеуге, тәжірибе, түсіндіру, шығару, реттеу, күмәндану, анықтау, таңдау, бөлу, тексеру және т. б.

 

5

 

Синтез

Топтастыру, жинау, комбинациялау/ араластыру, құрау, құру, жасау, әзірлеу, тұжырымдау, қорыту, біріктіру, ойлап табу, өзгерту-модификациялау, ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, ұсыну, қайта топтау, көшіріп жазу, орнату, анықтап алу және т.б.

6

Бағалау

Дәлелдеу, таңдау, салыстыру, қорытынды жасау, , сендіру, дәйектеу, шешу, негіздеу, түсіндіру, өлшеу,, алдын ала болжау, реті бойынша бөлу, ұсыну-ұсыныс жасау, бөліп/атап көрсету, жинақтау, қолдау, тексеру, бағалау, кеңес беру, экспертиза жасау, рецензиялау, зерттеу, алып шығу.

Мұғалім білім алушылармен бірлесіп оқыту мақсаттарына жетудегі табыс критерийлерін талқылай алады және қажет болған жағдайда оларды толықтырады.

Қалыптастырушы бағалауда мұғалім топтардағы жұмысты белгілі бір дағдыларды бағалаудың тиімді әдісі ретінде пайдалана алады.

Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың талқылауын бақылайды және тыңдайды: кейбір білім алушылар бағалау критерийлеріне сәйкес оқу мақсаттарының жетістіктерін тез көрсете алады.

Бұдан әрі мұғалім оқыту мақсаттарына қол жеткізуге ұмтылатын білім алушыларды тағы бақылауы қажет және оларға қосымша сұрақтар қою керек.

Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың жұмысын бақылауы тиіс. Топқа бақылауды тапсырманы орындау кезінде қатыса жүріп, қатар алып жүруге болады.

Жауаптарды бағалаудан кейін мұғалім оқыту мақсаттарына жетуге ұмтылатын білім алушылар топтарына қайта оралады және оған қол жеткізу үшін оларға тағы бір мүмкіндік береді.

Сонымен, қалыптастырушы бағалау бес негізгі стратегиялардан тұрады:

• күтілетін нәтижелер мен бағалау критерийлерін түсіндіру;

• сыныпта түсінгендерін куәландыратын тиімді талқылаулар мен өзара іс-әрекеттер қалыптастыру;

• білім алушыларды нәтижелерге қол жеткізуге ынталандыратын кері байланыс ұсыну;

• білім алушыларды өзара оқыту көздері мен ресурстары ретінде тарту;

• білім алушының өз білімін «жасаушы» ретінде қалыптасуы.

Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім бағалауда жеке тәсілдемені ескеруі тиіс. Егер мұғалім кейбір білім алушыларға қандай да бір дағдысын дамыту үшін көп уақыт қажет екенін көрген болса, бұл оқу мақсатын басқаша бағалауға және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлеу кезінде түзетулер енгізуге шешім қабылдауы керек.

Мұғалімге сондай-ақ, тілдік пәндер бойынша сөйлеу әрекетінің 4 түрін бағалау қажеттігін есте сақтау маңызды: тыңдау (тыңдалым), айтылым, жазылым және оқылым.

Мұғалім қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын өзі дербес әзірлейді немесе ұсынылған жинақтарды пайдалана алады.

Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелерін тіркеу формасын мұғалім өзі (сандық, графикалық, балдық) дербес анықтайды. Қалыптастырушы бағалау нәтижелері мұғалімнің есептік құжаты болып табылмайды.

Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім білім алушылардың санын және кері байланыс жиілігін анықтайды.

Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелерін басып шығаруды және әрі қарай сақтау қажет етілмейді.

Қалыптастырушы бағалау нәтижелері бағаланатын, жұмыс жүргізілетін жазу кітапшаларына қойылады.

Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін тіркеуді педагогтің өзі анықтайды (сандық, графикалық, балл). Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелері мұғалімнің есеп беру құжаттары емес.

Білім алушылардың үлгерімінің ағымдағы мониторингі мұғалімдердің тоқсан аяқталғаннан кейін оқу материалының оқу мазмұнын анықтау мен түзету және бөлімдерді зерттеу (кесілген тақырыптар) үшін жиынтық бағалау түрінде жүзеге асырылады.

Білім алушыларға өз мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес белгілі бір дағдыларды дамытуға, сондай-ақ мұғалім білім алушылардың жұмысын объективті бағалауға мүмкіндік беру үшін әртүрлі және жеткілікті болуы керек.

Үйге берілген тапсырмалар жеткілікті болуы керек. Ол тапсырмалар білгенін бекіту және ойлау үшін қажет.

Мұғалім зерттелген құбылыстардың ішінде ұқсастықтар мен келіспеушіліктерді анықтайтын тапсырмаларды бере алады және оны кеше өткен немесе одан көп уақыт өткеннен кейін салыстыра алады.

Тапсырмалар белгілі бір критерийлердегі балмен өлшенген жұмыспен аяқталады.

Бөлім/ортақ тақырыптарға арналған жиынтық бағалаудың (әрі қарай- БЖБ) нәтижелері бойынша білім алушыларға тоқсандық оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдар қойылады.

Жиынтық бағалау нәтижелері туралы ақпарат білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне қағаз немесе электронды түрде беріледі.

Отбасы мен мектеп арасында сапалы білім мен тәрбие беру мақсатында баланың ата-аналары немесе заңды өкілдері қалыптастырушы бағалау туралы ағымдағы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

Мұғалімдердің төрттен біріне арналған жиынтық бағалау негізінде білім алушылардың оқу нәтижелерін бағалауда объективтілікті және ашықтықты қамтамасыз ету үшін модерация үрдісі жүргізіледі.

Модерация бағалауды стандарттау мақсатында бір пән бойынша оқитын мұғалімдердің жиынтық жұмыстарының нәтижелерін және сабақтар қатарын талқылауға арналған.

Пән мұғалімдері модерация процесін бірінші жартыжылдықтың соңында жүргізеді де, бір пән бойынша және бір сыныпта бағаларды стандарттау мақсатында жылдық жиынтықты жариялау алдында өткізеді. Жиынтық жұмыс пен модерацияны өткізу арасындағы уақыт 3 жұмыс күнінен аспауы керек.

Модерация оқыту үдерісінің тиімділігі мен сапасын едәуір жақсарта алады. Талдау негізінде білім алушылардың оқу материалдарын игерудегі қиындықтары туралы қорытынды жасалды және проблемаларды шешуге көмектесетін жолдар анықталды.

Модераторлық сессияда мұғалімдер жасаған сұлбаға сәйкес жинақталған жұмысты талқылайды, қажет болған жағдайда, ұпай жинау сұлбасына өзгерістер мен/немесе толықтырулар енгізеді. Модерация аяқталғаннан кейін хаттама толтырылады.

Модерацияның нәтижелері бойынша балдары өзгеруі мүмкін білім алушылардың жалпы жұмысы қайта қаралады. Модерация нәтижелеріне негізделген жиынтық жұмыс қорытындысы жоғары және төменде өзгеруі мүмкін.

Электронды журналдың нысаны – білім алушылардың жетістіктері тоқсандарда (учаскелер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауға арналған балдар), сондай-ақ балдарды балға (тек тоқсан және оқу жылына) беретін шкала бойынша автоматты есептеу.

Білім берудің барлық деңгейлеріндегі әрбір академиялық пән үшін электронды журналдың форматы жасалды, онда әрбір тоқсан сайын секцияға арналған жиынтық жұмыстардың саны көрсетіледі.

«Kүнделік» электронды мектеп журналдары жүйесі туралы

Қазіргі уақытта «Kүнделік» электронды мектеп журналдары жүйесін Қазақстанның 5400-ден астам мектебі қолданады. Жоба 14 облыс, сондай-ақ Астана, Алматы Шымкент қалалары аумағында жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі Министрлік) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жеке серіктестік туралы» Заңына сәйкес, «Күнделік» (Kundelik) ЖШС компаниясы атынан жеке серіктеспен «Қазақстан Республикасындағы «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттықжүйесін құру, енгізу және қызмет етуінқамтамасыз ету» республикалық жобасы бойынша мемлекеттік-жеке серіктестік туралы шарт жасасты.

Kundelik.kz – білім саласындағы электронды құжат айналымының мүмкіндіктерін білім беру жүйесінің барлық қатысушылары арасындағы әлеуметтік желілік өзара қарым-қатынастың құралыменбіріктіретін интернет-портал. Kundelik.kzавтоматтандырылған жүйесі LearningManagementSystems деп аталатын үздік халықаралық тәжірибелер мен стандарттарға негізделеді.

Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасыныңбарлық білім беру процесіне қатысушылардың электронды білім беру технологияларына тең дәрежеде қолжетімділігін қамтамасыз ету, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін білім сапасын жоғарылату, сондай-ақ, функцияларды, оқу-тәрбие процестері мен жалпы білім беру ұйымдарының бақарушылық қызметтері орта білім беру басқармалары органдарын автоматтандыру есебімен, Қазақстан Республикасының жалпы білім ұйымдары білім алушыларының білім алудағы жетістіктері есебінің жүйесін жүзеге асыру болып табылады.

Шарт бойынша жобаны мемлекеттік серіктес тарапынан қаржыландыру қарастырылмаған.

«Күнделік» журналын қолдануға байланысты көптеген сұрақтар туындауда, сондықтан Әдістемелік нұсқау хат аясында ең қажетті ақпараттар ұсынылды.

«Kүнделік» журналы тегін болып табылады. Kundelik.kz сайтын  қолданғаны үшін абоненттік төлем алынған емес және алынбайды. Ата-аналарға Kundelik.kz сайтында өзінің логині мен құпия сөзі арқылы «Балалар»  - «Күнделік» бөліміндегі өз баласының электронды күнделігіне кіріп, бағалары мен үй тапсырмаларын білуге үнемі тегін мүмкіндік беріледі. Сайтты пайдаланғаны үшін мектептен де ешқандай төлем алынбайды.

Болашақта ақылы қосымша міндетті емес қызметтер пайда болады деп болжануда. Бұл мысалы, білім беру қосымшалары және контент болуы мүмкін. «Оқушы рейтингі» осындай міндетті емес қызмет үлгісі болып табылады. Әр ата-ана оған өз қалауымен қосылуға құқылы, ол ата-анаға нақты пән бойынша өз баласының үлгерім деңгейін сыныптың басқа да білім алушыларының үлгерімімен салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл опцияның баланың бағасын электронды күнделік түрінде үнемі тегін кез келген уақытта қолжетімді түрде көрсетуге еш қатысы жоқ.

Тұтынушы мәліметтерін қорғауға қатысты. Kundelik.kz сайты және тұтынушылардың барлық мәліметтері «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» ММ бекітілген және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік ақпараттық жүйелер операторына тиесілі ақпараттық-есептеу ресурстарында, яғни Қазақстан Республикасының аумағында жабық қорғалған мерзім орталығында орналастырылады. Тұтынушылар мәліметтері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тікелей жүргізуінде болады. Kundelik.kz жүйесіне кіру жабық болғандықтан, ешбір деректер қолжетімді емес. Kүнделік.kz ішінде әлеуметтік желі бар. Бұл байланыстың заманауи құралы, соның арқасында тұтынушылар жүйе ішінде бір бірімен қарым-қатынас жасай алады. Бұл әлеуметтік желіде басқа әлеуметтік желілер сияқты анонимді тұлғалар өз бетімен тіркеле алмайды. Әр тұтынушыны мектеп тіркейді. Сондықтан, Күнделік желісіне балаларға қауіп төндіретін анонимді тұлғалар кіре алмайды, ондай тұтынушы бірден анықталып, бұғатталады және оған Қазақстан Республикасыныңзаңнамасы қолданылады.

Сонымен қатар, әр тұтынушы өз профилін өзінің деректері ешкімге көрінбейтіндей күйге келтіруді таңдай алады. Бұл Kundelik.kz-ті жасөспірімдердің қарым-қатынасы үшін біршама қауіпсіз білім беру ортасына айналдырады.

Тіркеу барысында ЖСН қолдануға байланысты бірқатар сұрақтар туындады. Тұтынушының ЖСН-і тіркеу үшін негізгі өріс болып табылмайды. Ата-аналарға тіркелу үшін тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін және жынысын хабарлауы қажет болады. Басқа деректер міндетті емес және тіркелу үшін талап етілмейді. Ата-аналардың тіркелуі өз қалауы бойынша іске асады, себебі, үлгерім туралы ақпаратпен қатар, ата-ана, мұғалімдер және мектеп әкімшілігінен жеке хабарлама да ала алады. Сөйтіп, ата-аналар мен педагогтер арасында тікелей онлайн қарым-қатынас орнайды. Сонымен қатар, болашақта ата-аналарға арналған, мысалы, Ата-аналар кеңесі және т.б. ақпараттық бөлімдер пайда болады.

Электронды журналмен қатар қағаз нұсқада есеп беруді қолдануға қатысты. Мектеп әкімшілігінің мұғалімдерден электронды және қағаз журналды қатар жүргізуін талап етуіне сәйкес қандай да бір нормативтік құжаттар жоқ. Мұғалімдердің қалауымен бір электронды журналды немесе электронды және қағаз журналдарды қатар жүргізуге рұқсат беріледі.

Kundelik.kz жүйесінде жыл басында бір-ақ рет таңдап алынатын журналдың екі түрі бар, олар – жаңартылған мазмұнға кірген 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8- сыныптарға арналған «Критериалды бағалау журналы» және сыныптың қандай бағалау жүйесімен оқытылатындығына байланысты 4, 9, 10, 11-сыныптарға арналған «Классикалық журнал».

Жиынтық бағалау журналында оқу бағдарламасы бөлімдері үшін жиынтық бағалаудың ең жоғарғы санын қою және ең жоғағы баллкөрсетілген баған қарастырылған.

Егер оқу бағдарламасының бөлімдері аз болса (мысалы, 2 бірлік), онда 2 артық жиынтық жұмыстарының ең жоғарғы балдарын көрсету қажет емес.

Жиынтық бағалау журналына:

  • бөлім бойынша әр жиынтық жұмысының(БЖБ) балы – жиналған балдардың сомасы мен оқу жетістіктерінің тиісті деңгейі;
  • оқу кезеңінің жиынтық жұмыстары (ТЖБ)бойынша балл–ерекшеліктерге сәйкес жиналған балдардың сомасы;
  • оқу кезеңі бойынша бағалау - оқу кезеңінің ішінде барлық жиынтық жұмыстарға белгілі бір пайыздық арақатынасының бал сомасы. Оқу кезеңінің ішінде білім алушы ең жоғарғы БЖБ% + ТЖБ% = 100% ала алады: БЖБ % 50% - ға теңестіріледі, сәйкесінше, ТЖБ% да 50% -ға теңестіріледі; 
  • жылдық бағалау – шкалаға сәйкес барлық оқу кезеңі бойынша ықтимал ең жоғарғы балға жиналған соманың пайыздық арақатынасы.

Пайыздарды шығару үшін балды енгізген кезде браузер парақшасын жаңарту керек: парақшада «Ctrl+F5» пернесінің комбинациясын басу керек.

Егер балды түзету немесе жою қажет болса, онда курсорды қажетті балға қойып, түзету немесе жою, содан кейін пернетақтадағы «Enter»-ді басу керек. Егер қателесіп басқа бөлім толтырылатын болса, онда алдымен балдарды жойып, содан кейін ғана ең жоғарғы балды жоюға тура келеді.

Жиынтық бағалауды қою үшіналдымен «Ең жоғарғы балды», содан кейін БЖБ-лар мен ТЖБ-ларды қою керек. 1-сыныптарда БЖБ-лар мен ТЖБ-ларды тек 3-4- тоқсандарда қою қажет. Егер 1, 2-тоқсандарда БЖБ-лар мен ТЖБ-лар не болмаса «Ең жоғарғы балдар» көрсетілген болса, онда жылдық бағалау қалыптаспайды.

«Ең жоғарғы балды» өзгерту үшін, ең алдымен, осы ең жоғарғы бал оқулықтарының барлық БЖБ-ларын жою қажет. Осыдан кейін ғанаең жоғарғы балды түзетуге болады.

Түсіндіру жұмыстары мақсатында мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылар тарапынан жиі қойылатын сұрақтар сараланды.

Қалай тіркелуге болады? Жүйеге қалай кіруге болады?

Оқушылар мен ата-аналарға тіркелуге арналған логин және құпия сөз алу үшін мектептегі мәліметтерді Жүйеге енгізуге жауапты тұлға, яғни әкімші болып табылатын қызметкерге хабарласу қажет. Егер әкімші туралы ақпарат болмаған жағдайда мәліметтерді алу үшін сынып жетекшісіне хабарласуға болады.

Не үшін профильді баптауда өз тегі, аты-жөнін өзгертуге болмайдыжәне қажет болған жағдайда оларды қалай өзгертуге болады?

Тұтынушылардың тегі, аты-жөнін, туған күнін және жынысынредакциялау құқығының болмауы жоғары тұрған инстанцияға ұсыну үшін «Kundelik.kz» ААЖ көмегімен білім алушылар, ата-аналар және қызметкерлер туралы деректерді автоматты түрде жинауға негізделген. Білім беру саласындағы электронды құжат айналымының мәні осында. Берілген ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін жеке мәліметтерді редакциялауға тек келесі мектеп қызметкерлерінің ғанақұқықтары бар:

  • әкімші;
  • сынып жетекшісі.

Бағаларды, үй тапсырмасын және сабақ кестесін қалай көругеболады?

Білім алушы оқу ақпараттарына өту үшін экранның жоғарғы жағындағы навигациялық жолақтан «Білім беру» - «Күнделік» бөлімін таңдауы қажет. Ата-аналарүшін солнавигациялық жолақта «Балалар»бөлімібар. Берілген сілтемені басқанда ол барлық мәліметтер жиналған бетке түседі. «Күнделік» сілтемесі бойынша:күнделік (ағымдағы аптаның әдеттегі қалпы бойынша сабақ, баға және үй тапсырмасы жөніндегі ақпараттар); сабақта оқытылған және үйге берілген тапсырма.

«Мұғалім жазбалары» бағаны жекелеген білім алушылардың мінез-құлықтары мен олардың жетістіктері немесе оқу барысында артта қалуы туралы ескертпелер жазу мақсатына қызмет етеді.

Білім алушылардың бөлімдер/ортақ тақырыптардың жиынтық бағалау қорытындылары бойынша балдары аталған жұмыс өткізілгеннен кейін екі күнтізбелік күн ішінде журнал бағанына қойылады.

Үй тапсырмасына «Үй тапсырмасы» бөлімінде қолжетімді, ал қоңырау және сабақ кестесін «Сабақ кестесі» бөлімінен табуға болады.

Жүйеге мұғалімдердің, білім алушылардың және олардың ата-аналарының деректерін қалай жаппай енгізуге болады?

Мектеп профилін толтыру кезінде қызметкерлер уақытын үнемдеу үшін жүйеде мұғалімдердің, білім алушылардың және олардың ата-аналарының деректерін импорттауға болады.

Бағалардың жиі сақталмай жоғалып кетуіне байланысты мұғалімге бағаны қайта қоюына тура келеді.

Журналдағы бағаның жоғалып кетуінің бірнеше себептері бар:

*журналда әкімші, пән мұғалімі, мұғалім-редактор немесе сынып жетекшісінің бағаны әдейі немесе кездейсоқ нүктелі жоюы себеп болды;

* әкімшінің әдейі немесе кездейсоқ кестені жоюы себеп болды;

* бағаларды қоюдаInternet Explorer браузері қолданылды(қолданылмайтын нұсқа).

* бағалау жүйесі күшпен өзгертілді.

Айына бір рет журналдың резервтік көшірмесін түсіру ұсынылады, сондай-ақ осыған ұқсасжағдайларды болдырмау мақсатындаүштен артық қызметкердің әкімшілік құқығын көрсетпеу ұсынылатындығын еске саламыз.

КТЖ өзгерісіндегі проблемалар. Өзгерістер енгізу үшін (сабақты, тақырыпты ауыстыру) басылымдардан барлық КТЖ-ны алып тастап, барлығын қайта қолмен толтыру керек болады, себебіжыл бойына қойылған тақырыптар өшіп қаладыжәнесақталмайды.

Сіз КТЖ-ны түзеткеннен кейін, оны жариялап, «Кесте бойынша бөлу» ұсынылады, сонда ғана тақырыптар сабақтар бойынша автоматты түрде бөлінеді. Әр сабақ өз орнына келеді. КТЖ-да көрсетілген сағаттар санының кестеде көрсетілген сағаттардың санымен сәйкес келуі маңызды. Сәйкес келмеген жағдайда сабақтардың тақырыптары «жылжып» қажетті күнмен сәйкес келмей қалуы мүмкін.

Кесте генераторы бойынша сұрақтар.

Кестені түзету және топтарды қосқан кезде, сабақта нақты қандай шағын топтар қатысатындығын тексеру қажет. Егер, қателесіп басқа топты таңдаса, онда қойылған бағалар жоғалып кетеді.

Кестені ауыстыру немесе жаппай жариялау қажет емес. Егер бір пән бойынша ғана туындайтын болса, деректерді өзгерту қажет. Алдымен, енгізілген қатені анықтау керек. Егер кабинет, сабақтың нөмірі немесе мұғалім дұрыс көрсетілмесе, онда бағалар жоғалмайды. Егер қателік кіші топтың өзінде,  болмаса пәнде болса, онда бағаларды көшіріп, экспорттап, содан кейін өзгерту керек. 

Жүйеде жұмыс істеу үшін қандай браузерді пайдалану қажет? Арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату қажет пе?

Жоқ, Жүйеге кіру және жұмыс істеу қарапайым браузермен іске асады. Тұтынушыларға қолдау көрсету порталындағы «Ұсынылатын браузерлер» мақаласында: жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне кепілдік беретін және қолдайтын браузерлер тізбесі бар.

Жеке меншік білім беру ұйымдары да «Күнделік» электронды журналына қосыла алады. Ол үшін https://kundelik.kz/ сайтында қосылуға өтінім бере алады («Қосылу БҰ» командасы).

Kundelik.kz пайдалануға қатысты кез келген қиындықтар туындаған жағдайда Тұтынушыларға қолдау көрсету орталығына хабарласуға болады:8 (727) 313-18-32 немесе team@kundelik.kz

Үш тілде оқыту туралы

  Жаратылыстану-математикалық циклдің бірқатар пәндерін ағылшын тілінде оқытуға көшу Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары» атты «100 қадам» бағдарламасында қарастырылған, оны іске асыру алдағы 10-15 жылдағы «бірінші нөмірлі» міндет болуға тиіс.Сонымен қатар, 79-қадамда айтылғандай, «білім беру жүйесінде - орта және жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқытуға кезең-кезеңмен көшу» түлектердің бәсекеге қабілеттілігін және білім беру саласының экспорттық әлеуетін арттыру болып табылады.

         Осы мақсатқа қол жеткізу Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» көрініс тапқан. Сонымен қатар, 2015 жылы 2015-2020 жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамытудың Жол картасы қабылданды.

         Дегенмен, кезең-кезеңмен көшу 2013 жылы ағылшын тілін бірінші сынып бағдарламасына енгізген кезде басталды. 2017-2018 оқу жылында бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқыған балалар бесінші сыныпқа келді.

         4 пән бойынша сөз қозғағанда, келесі фактіні ескерген жөн. Барлық оқушылар үшін міндетті 10-11-сыныптарға арналған Үлгілік оқу бағдарламалары дайындық бағытынан тыс (ЖГБ, ЖМБ), сондай-ақ стандартты және тереңдетілген  деңгейлерді таңдауға арналған пәндер.ЖМЦ міндетті пәндерінің қатарына информатика ғана кіреді, ал қалғандары таңдау компонент бөлімінде.   Сонымен, ағылшын тілінде 4 пән  оқытылмайды, ең кемінде бір пән – информатика, ең көбі  -  информатика және екеуі таңдау бойынша.

         Информатика - бұл пәннің негізін бүгінгі балалар жазудың қыр-сырынан  бұрын біледі, себебі компьютерді жастайынан меңгереді. Ал компьютердің тілі – ағылшын. Химия, физика, биология – бұл әлемнің табиғи ғылыми көрінісін бейнелейтін пәндер және басқа тілдік емес пәндермен салыстырғанда бұл пәндердің материалдары ағылшын тілімен кіріктіріледі, өйткені осылардың ерекшелігіне қарай, оларға сабақтан сабаққа дейін үнемі қайталанатын грамматикалық конструкциялардың шектелген саны қызмет етеді.Бұл пәндер,басқаларға қарағанда, графикалық тілмен сипатталады (сызбалар, диаграммалар, формулалар және т.б.), оқытылатын материалдың белгілі бір пайызы көзбен қабылданады, сондықтан бұл жүктемені азайтады.

         2018-2019 оқу жылында ағылшын тілінде пәндерді оқыту пилоты жалғасады.Егер мектеп дайын болса, 2019 жылы педагогикалық кеңес  пен ата-аналар комитеттерінің шешімі бойынша жоғары сыныптарда химия, биология, физика және информатика ағылшын тілінде оқытылады. 2019-2020 оқу жылында облыс орталықтарының барлық мектептерінің 10-11 сыныптарында 1-ден 4 пәнге дейін (физика, химия, биология, информатика) ағылшын тілінде пәндерді және тілдерді оқытудың арнайы әдісімен,1 пән - міндетті түрде ата-аналардың пікірлерін ескере отырыпжүргізіледі. 2020-2021 оқу жылында аудандық орталықтар, моноқалалар мен ірі ауылдардың барлық толыққанды мектептері  ата-аналардың келісімімен және мұғалімдердің, білім алушылардың, білім ресурстарының дайындығына сәйкес осы төрт пәннің біреуі немесе бірнешеуі ағылшын тілінде оқытылады.

         2017-2018 оқу жылында ағылшын тілінде ЖМЦ пәндерін оқытуға ауысуды қалайтын 800 мектептің 153-і Пилоттық жобаға іріктелді, онда B1 және B2 деңгейлерінде ағылшын тілін меңгерген пән мұғалімдері жұмыс жасайды.374 мектепке ағылшын тілінде оқыту элементтері енгізілді.

         2018-2019 оқу жылында пәндерді ағылшын тілінде оқыту пилоты  жалғасады.

         Жоғарыда айтылғандарға байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы  Ұлттық білім академиясы ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мектептердің дайындық мониторингісін өткізді.

         Мониторингтің мақсаты - мектептердің жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқытуға дайындығын анықтау.

         Онлайн-сауалнамаға Қазақстанның 16 өңірінен 2571 мектеп өкілі қатысты.Мониторинг тізіміне 4815 күндізгі жалпы білім беретін мектеп енгізілді, сондықтан қатысушы мектептердің үлесі 53,4% құрады. Тізімге бастапқы және негізгі мектептер, сондай-ақ, ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытатын 500 Пилоттық мектеп кірмеді. Бұл мектептер үшін бөлек мониторинг жүргізілді.Онлайн-сауалнамаға Қазақстанның барлық аймақтарынан 9392 физика, химия, биология және информатика мұғалімдері, сондай-ақ 90 000-нан астам ата-ана мен 130 000-нан астам оқушы қатысты.

         Іріктеу өте жоғары деңгейде өтті.

6-кесте–Мониторингке қатысқан мектептер туралы мәлімет.

Аймақтардың  атауы

Тізім бойынша мектептердің саны

Мониторингке қатысқан мектептердің саны

1

Ақмола

320

151

2

Ақтөбе

220

120

3

Алматы

599

434

4

Атырау

159

106

5

БҚО

474

237

6

Алматы қ.

172

130

7

Астана қ.

55

32

8

Жамбыл

299

134

9

ШҚО

214

90

10

Карағанды

327

74

11

Қостанай

295

134

12

Қызылорда

290

179

13

Манғыстау

96

89

14

Павлодар

234

189

15

СҚО

267

204

16

ОҚО

794

268

Барлығы

4815

2571 (53,4%)

7-кесте – Онлайн-сауалнаманың респонденттер саны туралы мәлімет

Білім алушылар

Педагогтар

Ата-аналар

Барлығы

128800

23207

91091

243098

Мониторинг көрсеткендей, респонденттердің арасында 10 жылдан астам тәжірибесі бар тәжірибелі ұстаздар басым, олардың жартысынан көбісі жоғары және бірінші біліктілік санаттарына ие. Бұдан байқалғаны - сұрақтарға білікті  жауаптардың берілгені.

Мұғалімдердің сапалық құрамы туралы мәліметтер  биология, физика және химия мұғалімдерінің орташа біліктілік деңгейіне ие екенін куәландырды.  Төменгі деңгейді информатика мұғалімдері көрсетті: педагогикалық тәжірибе көрсеткіштеріне қарамастан, респонденттердің үштен бір бөлігі біліктілік санатына ие емес, ауылдық мектептердің мұғалімдерінің үлесі басым.

Мониторинг деректері бойынша ЖМЦ пәндері мұғалімдерінің шамамен 13%-ы өздерінің пәнін ағылшын тілінде оқытуды бастаған. Егер респонденттердің санына пилоттық мектеп мұғалімдерінің (527 мектеп) кірмегенін ескеретін болсақ, онда біз Елбасының 79-қадамын іске асырудың жақсы бастамасы деп  айта аламыз.Сонымен қатар, ауыл мектептерінің мұғалімдері белсенді жұмыс істейтінін атап өту керек.

           Жалпы, барлық төрт пән ағылшын тілінде вариативті компонент (факультативтер, үйірмелер, секциялар және т.б.) және ЖМЦ пәндері бойынша сабақтан тыс іс-шаралар шеңберінде оқытылады. Бірақ, ЖМЦ пәндерінің   мұғалімдері өздерінің пәндерін оқужоспарының инвариантты құрамдас бөлігі шеңберінде жүргізетінінкөрсетті.Бұл ағылшын тілінің қажетті деңгейіне (B1-C1) ие және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде және БИЛ-да жұмыс істейтін мұғалімдер.

           Аталған жағдайда ағылшын тілінде төрт пән бойынша оқыту көбінесе 7-сыныптарда және ішінара енгізу режимінде жүргізіледі, бұл табысты бастау туралы қорытындыны растайды. Бұған сенімділік ЖМЦ пәндері мұғалімдерінің ағылшын тілінде біліктілік деңгейінің көрсеткіштері есебінен де артуда. Мұнда мынадай көрініс қалыптасқан: респонденттердің 19%-ы ағылшын тілін A1-A2 деңгейінде меңгерген және B1 деңгейінде 12%, мұғалімдердің жарты үлесі (жауап берушілердің үштен бірі) тиісті сертификаттарға ие, бірақ B2 деңгейінен бастап қажетті деңгей тек қана 6%.

           Сертификаттар туралы айтатын болсақ, онлайн сауалнама барысында көптеген мұғалімдер ағылшын тілі курсын аяқтамаған және ағылшын тілін  өздігінен оқып-үйреніпжәне оқып жатқан мұғалімдер де аз емес. Оң үрдіс ретінде химия, биология, физика және информатика мұғалімдерінің ағылшын тілін оқып-үйрену мен жетілдіру ниеттерін сенімді бағалай аламыз. Осындай мұғалімдердің үлесі басым көпшілік болды - респонденттердің 80% -ы.

           ЖМЦ  пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру туралы: ЖМЦ  пәндері  мұғалімдерінің тіл курстары (шамамен 30%) және жаңартылған білім мазмұны  бойынша (50%) оқыту курстары CLIL -технологиясы курстарына қарағанда (15% -дан сәл артық) жүйелілеу және жоспарлылау сипатта болды.Сондықтан ЖМЦ  пәндері мұғалімдерініңарнайы технология бойынша оқыту үдерісін қарқындату қажет - пән мен тілдің кіріктірілген оқытуы (CLIL).

           ЖМЦ пәндері мұғалімдерінің осы технологияны қолдану режимі туралы пікірлері: мұғалімдердің абсолютті көпшілігі (90% -дан астам) ең тиімді нұсқа ретінде ішінара енгізу режимін санайды, ол ағылшын тілінде пәндік терминологияны оқытуды, сабақтың жекелеген кезеңдерін өткізуді, элективті курстардың бөлек бөлімдерін, тақырыптық үйірмелерді, секцияларды және т.б.  сабақтан тыс іс-шараларды  өткізуді болжайды.Сонымен қатар, химия, биология және физика пәндері мұғалімдерінің айтуынша енгізу режимін 7-сыныптан, информатика мұғалімдерінің айтуынша 5-сыныптан бастау қажет. 

           Ата-аналар туралы сөз қозғасақ, онда олардың көбісі ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту идеясын қолдайды. Сонымен қатар, оқыту қазақ тіліндегі мектептердің ата-аналарының (61%) көзқарастары жағымды, азырақ - оқыту орыс тіліндегі мектептерде (42,9%). Ата-аналардың басым көпшілігі балаларының ағылшын тілін үйренгісі келетінін көрсетті. Сондай-ақ, ата-аналардың көпшілігі өз балаларының мектепте ағылшын тілін үйренуіне қанағаттанатындарын айтты.  Ата-аналардың үлкен үлесі олардың балалары 10-сыныпта ағылшын тілінде ЖМЦ  пәндерін оқуға дайын болады деп санайды.

           Білім алушылардың арасындағы сауалнама қорытындысы:

- ағылшын тілін үйрену мотивациясының жоғары деңгейі қалыптасқан;

- респонденттердің көбісінің ағылшын тілінде бір немесе бірнеше пәндерді оқуға деген ұмтылысы, сонымен қатар, оқыту қазақ тіліндегі мектеп балаларында бұл ынта оқыту орыс тіліндегі мектептердің құрбыларына қарағанда (37,3%) әлдеқайда жоғары (60,1%).

Жалпы, мұғалімдер, білім алушылар мен ата-аналар арасындағы онлайн-сауалнама ағылшын тіліндегі ЖМЦ пәндерінің оқыту мақсаттарын алға жылжытудың оң үрдістерін көрсетеді: ата-аналардың басым  көпшілігі қарсылық көрсетпейді, мұғалімдер мен білім алушылардың мотивациясы өте жоғары.

Жүргізілген мониторинг деректері білім беру саласындағы жасалған іс-қимылдарды оң бағалайды, сондай-ақ күнделікті мәселелердің негізделген шешімдерін қабылдау, ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту саласында табысты стратегияларын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта бекіту сатысындағы Пилоттық мектептер туралы Ереженің жобасы қосымша ретінде ұсынылған.

«Өлкетану» оқу курсы туралы

2018-2019 оқу жылынан бастап қоғамдық танымды жаңғыртуды жүзеге асыру аясында мектеп бағдарламасына жалпы білім беретін «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде оқытпайтын мектептер үшін«Қазақ тілі мен әдебиеті»), «География», «Музыка» жалпы білім беретін оқу пәндерін толықтыратын және туған өлкенің тарихын, табиғатын, мәдениетін зерттеуге ықпал ететін кіріктірілген «Өлкетану» оқу курсы енгізіледі.

Курс мақсаты туған өлкенің қалыптасуы мен дамуы кешенінде сипатталатын географиялық, тарихи, мәдени, табиғат және басқа да факторлар; туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін, патриотизмді, қоршаған табиғатқа ұқыппен қарауды тәрбиелеу туралы білімді қалыптастыру болып табылады.

Курс міндетіне:

– Қазақстан тарихы, география, қазақ әдебиеті және музыка бойынша сабақтарда алған білімдері мен дағдыларын кеңейту, тереңдету;

– ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін туған өлке аумағындағы тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру;

– туған өлкенің табиғат байлықтары, тарихи ескерткіштер мен мәдениет объектілері туралы білімді кеңейту;

– өңірдің мақтанышы болып табылатын өлкенің мәдени және әдеби мұралары мен адамдары, дәстүрлі қолөнер кәсіптері туралы білім көкжиегін кеңейту;

– туған өлкенің табиғаты, тарихы мен мәдениетінің бірегейлігіне деген құрмет сезімін; оны сақтауға деген жауапкершілікке тәрбиелеу кіреді.

«Өлкетану» курсы оқу жүктемесінің көлемі:

1) 5-сыныпта– оқу жылында 5сағатты;

2) 6-сыныпта– оқу жылында 7сағаттты;

3) 7-сыныпта– оқу жылында 8сағатты, барлығы – 20 сағатты құрайды.

«Өлкетану» кіріктірілген курсының материалы 5-7-сыныптарда оқу пәндерінің аясында оқытылады.

«Өлкетану» курсы оқу жүктемесінің көлемі сыныптар мен пәндер бойынша төмендегідей бөлінеді:

5-сыныпта – 4 сағат

6-сыныпта «Қазақстан тарихы» курсына 4 сағат, «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде оқытпайтын мектептер үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті»)пәні бойынша 2 сағат, «Музыка» пәнінің мазмұны арқылы 1 сағат.

7-сыныпта«Қазақстан тарихына» (тағы 4 сағат), «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде оқытпайтын мектептер үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті») (2 сағат), «География» пәні аясыда 2 сағат қосылады.

Бағдарлама Қазақстан тарихы, география, әдебиет және музыка пәндерінің бағдарламасы мазмұнын қайталамайды. Тақырыптар мүлде басқаша. Мысалға, «Туған өлкенің аңыз-ертегілері», «Топонимдер – өткен заманнын куәгерлері (өлке тарихы атауларында)», «Бір ел – бір тағдыр (менің өлкемнің халықтары)», өлкетану мұражайына баруды қажет ететін «Жәдігерлер сыр шертеді», «Туған өлке симфониясы», «Туған өлке тарихының тірі куәгерлері», «Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада».

Мектеп оқушылары іс-әрекетінің түрлері де дәстүрлі қалыптан өзгеше болады. Мысалға, өз өлкесінің маршруттар дайындау. Ұжыммен бірге «Менің туған өлкемнің 30 әні мен әуені» аудиокаталогын, «Менің туған өлкем» электронды энциклопедиясын жасайды.

Бірыңғай оқулық-хрестоматия болмайды. Әрбір өңір үшін өз оқулығы болады. Әр өңірде оқулық-хрестоматияға не кіретінін анықтайтын шығармашылық топ құрылған.Қазіргі уақытта 16 оқулық бар. Жұмысқа оқу процесіне жұмыс жасайтын барлық баспалар шақырылған.

1.МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫПТАРЫ МЕН ТОПТАРЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту және жетілдіру барлық үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы болғандықтан, еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында балалардың үнемі өзгерістерге бейім болуы мен жаңа білімді меңгеру қабілетін дамытуды басым бағыты ретінде айқындады.

Мемлекеттің әлеуметтік тапсырысын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндеттерді орындау мақсатында 2018-2019 оқу жылында мектепке дейінгі білім беру жүйесі келесі міндеттерді шешуді қарастырады:

  • балалардың физикалық және психоәлеуметтік саулығын нығайту;
  • балаларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу;
  • патриоттық, толеранттық, рухани және адамгершілік негіздерін қалыптастыру  («Рухани жаңғыру», «Туған жер» бағдарламасы);
  • балалардың ерте дамуы үшін әлеуметтік дағдылар мен өздігінен үйрену дағдыларын дамыту;
  • балалардың дарындылығы мен жеке қабілеттерін дамыту;
  • мақсатты түрде балаларды мектепке дайындау.
  • Аталған міндеттер білім беру қызметін одан әрі ұйымдастыру барысында:
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын;
  • балаларды мектепке сапалы даярлауға бағытталған инновациялық әдістер мен технологияларды;
  • мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалау бойынша индикаторлар жүйесін енгізу;
  • балалардың ерте дамуы үшін әлеуметтік дағдылар мен өздігінен үйрену дағдыларын дамыту бойынша Стандарт пен бағдарламаны әзірлеу арқылы   шешілетін болады.

2018-2019 оқу жылы мектепалды даярлық сыныптарында (топтарында) білім беру процесі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 ҚРҮҚ), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығына 1 қосымша) және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы) сәйкес  ұйымдастырылады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны жағдайларында педагогикалық процесті ұйымдастыру

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны:

  • ұқсас тақырыптар негізінде құрастырылған перспективалық жоспар;
  • апталық циклограмма;
  • балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін  бақылау үшін индикаторлар жүйесін енгізу арқылы іске асырылады.

Табысты жоспарлаудың шартары:

  • жоспарлау кезінде өз жұмысының деңгейін әділ бағалау;
  • жұмыстың белгілі кезеңінде жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттерін айқындау;
  • Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын білу;
  • жоспарланған кезеңнің соңында қол жеткізілуі тиіс жұмыс нәтижесінінің нақты көрсетілуі;
  • алға қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін  тиімді әдістер мен құралдарды таңдау.

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру қызметін тиімді ұйымдастыру үшін АКТ-ны қолдану арқылы көрнекілік, сөздік, практикалық  дәстүрлі әдістер мен тәсілдер кеңінен қолданылады.

Ұқсас тақырыптар негізінде оқу жылына перспективалық жоспар құрастырылады. Ұқсас тақырыптардың үлгілері 2017-2018 оқу жылындағы әдістемелік нұсқау хатта жарияланған. Перспективалық жоспарды құрастыруда Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негіз болып табылады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыру балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жан-жақты дамытуға, әлеуметтік дағдылары мен өзін-өзі үйрету дағдыларын дамытуға бағытталған («Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет») білім беру салалары мазмұнын кіріктіру қамтамасыз етеді.

Перспективалық жоспарды құрастыруда кіріктіру ұқсас тақырыптарға сәйкес білім беру салалары міндеттерін біріктіру әдісі арқылы жүзеге асырылады.

Педагог ұқсас тақырыптарды таңдау барысында аймақтық ерекшеліктерді, балалардың жастарын, мектепке дейінгі ұйымның тақырыптық бағытын немесе тәрбиешінің, педагог-маманның жұмыс тақырыбын ескере отырып, шығармашылық құзыреттілік танытуы тиіс.

Перспективалық жоспарға сәйкес әр аптаға Циклограмма құрылады, олар:

  • ұқсас тақырыптар;
  • («Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет») білім беру салалары мазмұнын  кіріктіру;
  • балаларды жан-жақты дамытуға, әлеуметтік дағдылары мен өздігінен үйрену дағдыларын дамытуға бағыттау; 
  • өзбетінше шешімдер қабылдау үшін жағдайлар жасау негізінде іске асырылады.
  • Циклограмманы құрастыруда білім беру міндеттерін  анықтау тәсілдері өзертілуі тиіс. Педагогтерге «балаларды үйрету» емес, «өзбетінше шешімдер қабылдау үшін жағдайлар жасау» арқылы балаларға ойлануға, зерттеуге, белгілерді санауға және оларда бағдарлай білуге мүмкіндік беру ұсынылады. 

Ағылшын тілі мамандары үшін ұқсас тақырыптардың саны өзгертілуі мүмкін, бірақ 9 тақырыптан кем болмауы тиіс. Бұл шетел тілін оқыту ерекшелігіне: жаңа лексикалық бірліктер мен шетел тілінің сөйлеу моделдерін енгізуге және бекітуге байланысты.

Циклограммада әрбір күн тәртібі сәтінің ұзақтығы «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидалары талаптарына сәйкес балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, анықталады.

Циклограмманы құрастыруда :

  • таңертеңгі гимнастикалардың серуендеріне;
  • дидактикалық, қимылды және т.б. ойындарына;
  • бақылауларға;
  • саусақ, артикуляциялық және гимнастиканың басқа түрлеріне картотекалар  қолдану ұсынылады.

Картотеканы педагогтер, мамандар құрастырады, ол циклограмманың қосымшасы болып табылады.

Білім беру поцесін қамтамасыз ету «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендерінің, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін» бекіту туралы ҚР БҒМ бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. 2018-2019 оқу жылына жасалған аталып отырған құжат мектепке дейінгі ұйымдарға арналған  900 аса оқу әдебиеттері атауларын қамтиды. Бұл  тізбеде көрсетілмеген оқу әдебиеті білім беру ұйымының білім беру процесінде қолданылмауы тиіс.

Циклограмманың құрастырылуын бақылауды әдіскер төмендегі белгіге сәйкес жүзеге асырады: Тексеру күні. Жазу: «Жоспар тексерілді, кеңес берілді, ұсынылды: 1…., 2….., 3…..және т.б.». 

Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында балалардың даму деңгейіне мониторинг жүргізудің  бірыңғай тәсілдері  енгізілді.

Мониторигмақсаты:

-балалардың жетістіктерін әділ бақылау;

- мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен дамытуда жеке тәсілді қамтамасыз ету;

- білім беру процесін педагогтердің түзету іс-шараларын жедел түрде жоспарлау негізінде жетілдіру;

- баланың Үлгілік бағдарлама мазмұнын игеру деңгейін анықтау.

Үлгілік бағдарламада жартыжылдықтар бойынша ұсынылған білім беру салаларының күтілетін нәтижелері мониторинг жүргізуге арналған индикаторлар болып табылады.

Диагностиканы ұйымдастыру және жүргізу механизмі  балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейлерін есептеу жұмыстары әдістемелік ұсынымдарда толық баяндалған және ол «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының сайтында орналастырылған.

Мониторинг жүргізудің алгоритмі:

-әр баланың біліктері мен дағдыларының даму диагностикасы;

- топтың тұтас алғандағы даму нәтижелері;

- балалардың мектепке дейінгі ұйым бойынша даму нәтижелері;

- балалардың аудан, қала, облыс, республика бойынша даму нәтижелері. Бақылау парағында алынған мәліметтер негізінде Баланың жеке даму картасы толтырылады. Баланың жеке даму картасы баланың мектепке дейінгі ұйымда және мектепалды даярлық сыныбында болған барлық кезеңінде жүргізіледі.

Диагностика нәтижелері бойынша педагог балалардың үлесін есептейді:

- I даму деңгейі (төмен деңгейге баламалы),%;

- ІІ даму деңгейі (орташа деңгейге баламалы);

- III даму деңгейі (жоғары деңгейге баламалы).

Баланың жеке даму картасының «Түзету іс-шаралары» бөлімін диагностиканың қорытындысы бойынша  балалармен жұмыс істейтін педагогтер мен мамандар толтырады.

Педагог «Қорытынды» бөлімінде диагностиканың әр кезеңінен кейін баламен жеке түзету жұмысын жүргізу үшін  педагогикалық процестің міндеттері мен мазмұнын айқындайды.

Балаларды дамыту мен тәрбиелеу жағдайларына қойылатын талаптар

Балаларды дамыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық жағдайларына қойылатын талаптар:

1) педагогикалық процесте балалардың жастары мен жеке ерекшеліктеріне сәйкес жұмыстың түрлері мен әдістерін қолдану;

2) білім беру қызметін әрбір баланың қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне бағытталған мектепке дейінгі ұйымның барлық педагогтері мен мамандарының және ата-аналардың балалармен өзара әрекеттесу  негізінде құру;

3) балалардың бір-біріне жағымды, қайырымды қарым- қатынасын ересек адамдардың  қолдауы;

 4) ересек адамдардың балаға деген сыйластық қарым-қатынасы, балалардың өзін-өзі жағымды бағалауын, өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сенімділігін қолдау;

5) балалардың әлеуметтік бейімделуіне және диагностика мен дамуын түзетуге қажетті жағдайлар жасау;

6) балаларды тәрбиелеуде, олардың денсаулығын қорғау мен нығайтуда ата-аналарды қолдау.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізуге қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының негізінде мектепалды сыныптарда нормативтік оқу жүктемесінің апталық көлемі 24 сағатты құрайды (20 сағаты мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың бес саласының мазмұнын іске асыруға бағытталған негізгі оқу жүктемесіне және  4 сағаты мектепке дейінгі ұйымның күн тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын басқа іс-әрекет түрлеріне (ойын, өздік жұмыс, шығармашылық, жеке жұмыс және т.б.) көзделген).

Мектепалды даярлық топтары мен сыныптарда ұзақтығы 25-30 минут болатын сабақтардың саны бестен артық болмауы керек. Сабақтардың арасындағы үзілістің ұзақтығы 10-12 минут болуы тиіс және сол үзілістерде бірқалыпты қарқында қимылды ойындар ұйымдастырылады.

2. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес білім берудің зайырлы, гуманистік және дамушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуы басымдығы, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту, оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары болып табылады.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесі алдында  ұлттық сана-сезім мен отаншылдықтың дамуының жоғары деңгейіндегі, инновациялық экономика жағдайында табысты еңбек ететін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу міндеті тұр.

Тәрбие беру үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін республикада мынадай заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер жүзеге асырылады:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының «Балалар құқықтары туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.

2018-2019 оқу жылында республикадағы жалпы білім беру мектептерінде балаларды тәрбиелеу жұмысы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен Патриоттық Актісіне сәйкес жүзеге асырылатындығымен ерекшеленеді.

«Мәңгілік Ел» - еліміздің болашағының біртұтас іргетасын және жалпыазаматтық біріктіруші мақсат жүйесінің негізін құратын жаңа идеологиялық тұжырымдама болып табылады. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру барысында мектеп мұғалімдері мен қосымша білім беру педагогтері жүргізген жұмыстар көшбасшылық қасиеттері дамыған, білімді, таңдау жағдайында өз бетінше шешім қабылдауға дайын, мәдениетаралық ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл жасауға қабілетті, өз халқының тағдыры үшін жауапкершілікті сезінетін тұлғаны қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мектеп басшылары мен тәрбие жұмысын ұйымдастырушыларға Қазақстанның білім беру мазмұнына «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын енгізуде әдістемелік қолдау жұмыстары жүргізілуде.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әзірлеген әдістемелік-нұсқау хатына» «Мәңгілік Ел» Патриоттық Актісі» тарауын енгізді.

«Мәңгілік Ел» идеясы мектеп мазмұнына академиялық пәндер, зерттеушілік және сабақтан тыс іс-әрекет, қосымша білім, элективті курстар арқылы енеді.

Бастауыш білім деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған барлық пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларының «Оқыту мақсаттарының жүйесі» атты 3- тарауы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын қамтиды. Орта білім берудің құндылықтары: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтары 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1-сыныптардың білім мазмұны жаңартылған оқу бағдарламаларына енгізілді, 2017 оқу жылы 2,5,7-сыныптардың, 2018-2019 оқу жылы 3,6,8-сыныптардың, ал 2019-2020 жылы 4,9,10-сыныптардың жалпы білім берудің оқу бағдарламаларына енгізіледі. Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты үлгі құжат ретінде барлық білім беру процесіне қатысушылардың іс-қимылын реттейтін болады.

Бастауыш білім деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Дүниетану» пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасы бойынша оқыту мақсаттарының ішінде Қазақстанның ресми сиволына жатпайтын – «Алтын адам», «Бәйтерек» монументтері, «Мәңгілік Ел» Салтанат қақпасының маңызын түсіндіру ұсынылады.

Мектептердің 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының тағы бір ерекшелігі Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың  ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерді терең меңгеру және білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру болып табылады. Елбасы: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», – деп атап көрсетті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бағдарламалық құжаттың «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» І бөлімінде тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтті.

1. Бәсекелік қабілет – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.

2. Прагматизм – нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау – ұлттық мәдениетті сақтау және ұлттың дамуына кедергі болатын, өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.

4. Білімнің салтанат құруы. Әрбір қазақстандық табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы керек..

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

Бүгінде революцияның болмысы өзгерді. Олар ұлттық, діни, мәдени немесе сепаратистік сипатқа ие болды. Бірақ түптеп келгенде көптеген жағдайда бәрі де қантөгіс  пен экономикалық құлдыраумен аяқталғанын білеміз. «Сондықтан, - деп жазады Н.А. Назарбаев - әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйе­сінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі».

6. Сананың ашықтығы – дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді, жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу, деген сөз.

Сананы жаңғыртудың жоғарыда аталған бағыттарын жүзеге асыруда Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА «Рухани Жаңғыру»бағдарламасының критерийлері негізінде тәрбиелік іс-шаралардың педагогикалық талдау жұмысын ұйымдастыру бойынша әзірленген әдістемелік ұсынымдамалары: «Тәрбиелік іс-шара»: алға қойылған мақсатқа жету деңгейінің  өлшеу критерийлері (бәсекелік  қабілет; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білімнің салтанат құруы; Қазақстанның революциялық емес эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы») сондай-ақ «Оқушының оқырман қызметі»әдістемелік ұсынымдамалары мүмкіндік береді.

Ел Президентінің мақаласында айтылған білім сапасын жақсарту – орта жалпы білім беретін мектептерде гуманитарлық пәндердің оқу процесін жаңғырту мәселесі.   

Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қала мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.

Президент «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынады. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Білім, экология және абаттандыру, өңір тарихын зерделеу, жергілікті деңгейдегі мәдени-тарихи ескерткіштер мен мәдениет объектілерді қалпына келтіру саласындағы маңызды өлкетанулық жұмыстарды ұйымдастыру қажет.

  •  
  1.  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы білім беретін ұйымдарда өлкетанулық жұмыстарды жетілдіру бойынша  әдістемелік ұсынымдамалар,2017 жыл;
  2. «Өлкетану»: мәдени–генетикалық кодтың негізі (мәдени мекемелердегі өлкетану сабақтары) (5-7 сыныптар), 2018 жыл;

Сондай-ақ 2018-2019 оқу жылы «Айналаға қара» («Ауыл өмірі», «Қала өмірі»): әлеуметтік –тарихи тәжірибе»атты әдістемелік ұсынымдамалар мен«Туған жер» бағдарламасы арқылы білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың қазақстандық патриотизмін қалыптастыру үшін әдістемелік ұсынымдамалар әзірленетін болады.

Елбасы «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты арнайы жобасы арқылы халықтың санасына басқа да – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз қажет деп санайды.

Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі.

Бағдарламалық құжат авторы Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды ұсынады. Мұның бәрі де ұлттық бірегейлікті қалыптастырады. Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі - неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы.

2017 жылы Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары мен кешендерінің  100 нысанының тізімі дайын болды. Жергілікті өңірлердің киелі орындардың  тізімі қалыптасуда. «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары мен кешендеріне»  Қазақстанның табиғи ландшафт объектілері, археологиялық және архитектуралық ескерткіштер, ерекше ардақ тұтатын діни нысандар және тарихи тұлғалардың және саяси оқиғалармен байланысты киелі орындары жатады. Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мен әлеуметтік-саяси өміріндегі маңызды орын алатын ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны ретіндегі нысандар, сондай-ақ ұлттық бірлік пен жаңғыру символы ретінде көрінетін мемлекеттің әлеуметтік-саяси өмірінде маңызды орын алатын нысандар мен кешендер кірді.

Көрсетілген аспектіде білім берудің жаңа парадигмасы негізінде мұражайларда «жанды» сабақтар ұйымдастыруға бағытталған «Ұлттық қазына»: мұражайлардағы  «жанды» сабақтар» атты әдістемелік ұсынымдамалар,  сонымен қатар «Қазақстанның киелі орындары - Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша тәрбие жұмысының құрылымдық жүйесін ұйымдастырудың модельдері» атты, Академия әзірлеген, әдістемелік ұсынымдамаларын қолдану ұсынылады.

Мемлекет басшысы ұсынып отырған тағы бір жоба «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтын немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек. Мыңжылдық тарихымызда біздің мәдениетіміз алғаш рет әлемнің барлық континентінде, жетекші  тілдерінде айтыла бастады. Мұғалімдердің назарына «Жас ұрпақты «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының рухани-құндылық бағдарлары негізінде тәрбиелеу бойынша әдістемелік ұсынымдамалар» ұсынылады.

Елбасы  Н.А. Назарбаевтың «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы үш міндетті орындауға бағытталған:

  1. Өздерінің ақылымен, еңбегімен және дарынымен қазіргі Қазақстанды жасап жатқандардың шынайы бейнесін көрсету.
  2. Танымал замандастарымызға ақпараттық қолдау көрсететін және елге әйгілейтін жаңа мультимедиалық алаң құру.
  3.  Тек  жалпыұлттық деңгейдегі ғана емес, өңірлік деңгейдегі «100 жаңа есім» жобаларын жасау. Біз ұлтымыздың алтын қорын құратын отандастарымызды білуіміз қажет.

2017 жылдың 1 желтоқсанында «Қазақстандағы 100 жаңа есім»  жобасының ақтық кезеңі аяқталды. Көпшіліктің онлайн дауыс беруі нәтижесінде жобаның 102 жеңімпазы анықталды. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА жобаны жүзеге асыру аясында «100 жаңа есім» жобасының қаһармандары - ұлттың «алтын» қоры» әдістемелік ұсынымдамаларын әзірлеу үстінде. 

Адами капиталдың сапасын жақсарту мақсатында, ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі керек, онда президент кәсіби білім беруге, жастар патриотизмін тәрбиелеуге және мұғалімдердің сана-сезімін жаңғыртуға аса ерекше мән береді. Аталған бағыттарды жүзеге асыруда  Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген «Ұстаз – өзгертуші тұлға. Педагогтердің санасын жаңғырту»  және  «Саналы азамат»: білім алушының білім алуы мен кәсіби дамуының жеке бағыты» атты әдістемелік ұсынымдамалары көмек болады.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласымен танысу барысында жалпы білім беретін оқу мекемелерінде оқытуда білім алушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеру, тұлғаның дамуына, оның рухани мәдениеті, танымдық қызығушылығы, әлеуметтік ақпаратты объективті қабылдауға мүмкіндік беретін сын тұрғысынан ойлау  және әлеуметтік рөлдердегі практикалық қызмет көзқарас жағынан дамытуға назар аудару қажет. Сынып сағатын және басқа да тәрбиелік іс-шаралар өткізу барысында  жаңа технологияларды және тәрбиелеудің белсенді формаларын қолдану нәтижелі болады. Ресурстар ретінде ұлттық әдебиет, кинематография, публицистика, поэзиядан алынған мәліметтерді, өмірлік ұстанымдары туралы өздерінің эсселерін пайдалану ұсынылады.

Заманауи жас қазақстандықты қалыптастыруда оның түрлі бағыттағы:  әлеуметтік-коммуникативтік, танымдық, сөйлеу мәдениеті, эстетикалық-көркемділік,  спорттық сауықтыру жағы маңызды рөл атқарады. Балаларды шығармашылық жұмыс түрлеріне тарту оқушылардың мектептегі оқу процесімен, сонымен қатар сабақтан тыс жұмыстармен тығыз байланысты. Мұнда: факультативтік сабақтар, үйірмелер, секциялар, мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шаралар сияқты қосымша білім беру  мүмкіндігін, содай-ақ аптаның  алтыншы күнін  ұтымды пайдалану қажет. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен Патриоттық Актісіне және қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру аясындағы экскурсия, туристік-өлкетанулық экспедициялар тәрбие процесінде баланың таным көкжиегі мен мәдениетін кеңейтеді, патриот азаматты қалыптастырады,   тұлғаны өзін-өзін танытуға ықпал ететін педагогикалық күш –қуат, әлеует болып табылады.

Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер қозғалысы адамгершілік бағыттарды, азаматтылықты, патриотизмді, ұлттық танымды, көшбасшылық қасиетті  қалыптастыруда, заманауи жастардың жеке бастамасын ұсынып, жүзеге асыру  мүмкіндіктерін қарастыруда едәуір ықпал етеді. 2011 жылы 11 ақпанда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Жас Ұлан» бірыңғай  қозғалысы мен «Жас қыран» балалар ұйымының жаңа жүйесін құру арқылы еліміздің жастарын біріктіру қажеттілігін атап өтті. 

Қоғамдық бірлестіктер мен білім беру мекемелерінің Қазақстандағы балалар қоғамдық қозғалысының бірыңғай тәрбие кеңістігіне бірігуі, тәрбие мәселелері мен тәрбие жұмысының тиімділігін бағалау мониторингінің жүйесін жасау және қолдау, балалар мен жасөспірімдер ұйымының жарғылық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру, тәрбие жұмысына әдістемелік инновацияны енгізу - «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының басым міндеттері болып табылады». «Жас Ұлан» жас ерекшеліктері принциптеріне сай екі деңгей бойынша құрылған. 1-4- сынып оқушылары (6-10 жас ) «Жас қыран» мүшелері, ал  5-10-сынып оқушылары (11-16 жас) «Жас Ұлан» мүшелері болып табылады.

1990 жылдардан бастап құрылған «Қазақстан Скауттары» атты Қазақстан Скауттар Қозғалысы ұйымы (ҚСҚҰ) 2017 жылы наурыз айында «Ұлы Дала Скауттары» (ҰДС) деп өзгертілсе, 2008 жылы ресми түрде Дүниежүзілік Скауттар Қозғалысы ұйымына қабылданды. Басты мақсаты – өз бетінше әрекет ететін, алдына мақсат қоятын, өмірлік қиындықтар мен дағдарыстық жағдайларға қарсы тұра алатын жастарды қалыптастыру.

2016 жылғы 22 ақпанда мектеп оқушыларына тиімді патриоттық тәрбие беру үшін жағдай жасауда мақсатты түрде ұйымдастырушылық іс-әрекет жүргізуге арналған, әр оқушының бойында Отанға деген адалдықты, қоғамға және Қазақстанға пайда келтіруге дайын болуды дамытуға оңтайлы жағдайды қамтамасыз ететін, патриоттық тәрбие берудің тиімді жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін  «Қазақстандық жас патриоттар Академиясы» атты жаңа балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылды.

2004 жылы пионерлер қозғалысының орнына Республикалық «Жұлдыз» Республикалық Одағы тіркелді. Бүгінде Одақ 500 мыңнан астам оқушыларды, 2 мыңнан астам әртүрлі балалар мен жастар қоғамдық құрылымдарын біріктіреді.

Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер қозғалысының құрылуы мен қалыптасу кезеңдері Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА жасалған «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер қозғалысы: тәжірибе, бастамалар, әлеуметтендіру» («Жас Ұлан», «Ұлы Дала скауттары», жас патриоттар академиясы және  т.б.)  әдістемелік  ұсынымдамаларында талданған. 

Қазіргі қазақстандық мектебіндегі тәрбиелеудің идеологиялық мазмұны жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында барлық санаттағы білім алушыларды толық қамтудың маңыздылығын ескереді. Мұндай жұмыстың тиімділігі үшін оның жүйелігі, сабақтастығы мен реттілігінің болуы шарт. Оны оқу процесіне қатысушылардың барлығы (оқушылар, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар) мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жүзеге асыруы керек.

Тәрбие әрбір педагогтің идеологиясын, стратегиясы мен тактикасын анықтай отырып, кәсіби қызметінің негізін құрайды. Мұғалімнің тәрбиеші ретіндегі кәсібилігі білім алушының жасына, жынысына, субмәдениетіне, коммуникациясының жеке ерекшеліктеріне және білімділігіне негізделген. Тәрбиелеу процесі оқу пәнінің мазмұнымен қатар сабақтан тыс қызметті  ұйымдастырудың  әрқилы түрлері арқылы да жүреді.

Мұғалімнің тәрбиелік рөлі білім саласындағы ағымдық үрдістерді ескере отырып, оқушыға қажетті білім деңгейін хабардар ету ғана емес, оларды меңгеруге, өз күшімен қол жеткізуге және практикада қолдануға ынталандыру қажеттілігімен күшейеді. Мұғалім белсенді, өздігінен және шығармашылық ойлауды дамытуға бағытталған білім беру және тәрбие үрдістерін үйлестіре білуі керек.

Сабақ барысында мұғалімнің тәрбиелік белсенділігі «Мәңгілік Ел» патриоттық идеясының құндылықтарын білім берудің жаңартылған мазмұнын жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына енгізуге байланысты айтарлықтай маңызға ие болады. Мұғалімдердің  жеке қасиеттері, кәсібилігі, оқушылармен  қарым-қатынас жасау қабілеті оқу-тәрбие процесінің жоғары тиімділігін қамтамасыз етудің міндетті шарты болып табылады.

Осыған байланысты пән мұғалімінің тәрбие беру қызметін жан-жақты дамуы мен шығармашылығын танытуы үшін жағдай жасау арқылы нығайту қажет. Бүгінгі күннің мұғалімі қоғамның идеологиялық, адамгершілік құндылықтарын тасымалдаушы болуы тиіс.

Тәрбие процесіндегі басты тұлға – педагогикалық кеңістікте баламен тығыз байланыста болатын сынып жетекшісі болып табылады. Сынып жетекшісінің міндеті кең, оны орындаудағы басты міндеті - әрбір баланың барынша дамуы үшін жағдай жасау. Бұл ұжымның және оның мүшелерінің күнделікті өмірін, ата-аналар мен басқа педагогтармен өзара әрекеттесуін, іс-шараларды ұйымдастыру және оларға жеке қатысуын бақылау мен талдау. Сынып жетекші жұмысының тиімділігі жеке қызметінің жүйелілігімен және өзінің әр мүшесін өз бетінше тәрбиелей алатын  қабілеті бар ұжымды құру шеберлігімен танылады. Жалпы орта білім беретін ұйымдарда сынып жетекшілерінің жұмысын ұйымдастыруға арналған ұсынымдамалар Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтына орналастырылған. 

Қазіргі жағдайда өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесі мектеп пен отбасының тығыз қарым-қатынасы жағдайында жүргізілуі тиіс. Отбасы - адамның бастапқы әлеуметтенуінің негізі. Мектептің ата-аналармен өзара әрекеттесуі баланы тәрбиелеуге, сенімге, сыйластыққа, шыдамдылыққа және бір-біріне қолдау көрсетуге өзара мүдделілік қағидаттарына негізделуі керек. Мұғалімдердің ата-аналармен бірге қызмет жасауы тәрбиелеу міндеттерін және баланың даму бағдарламасын айқындау, сондай-ақ осы міндеттерді бірлесіп жүзеге асыру болып табылады. Ата-аналардың интеллектуалдық және материалдық деңгейдегі айырмашылықтары, олардың отбасында және мектепте балаларды тәрбиелеудегі ұстанымы, отбасымен қарым-қатынас жасауда жекелеген әдіс-тәсілдері мұғалімдер мен сынып жетекшісінің қызметі үшін негіз болуға тиіс. Бұл үшін отбасылармен және ата-аналармен жұмыс істеудің топтық және жеке түрлері пайдаланылады: тәжірибе алмасу конференциясы, тренингтер, ең табысты ата-аналардың шеберлік сабақтары, пікірталастар, сұрақ-жауап кештері, мұғалімдермен, психологтармен, мектеп әкімшілігімен кездесу, ата-аналар жиналысы, сондай–ақ, ата-аналар мен балалардың қатысуымен іс-шаралар ұйымдастыру. Осының барлығы отбасылық тәрбие мәселелері бойынша ата-аналық жауапкершілік пен құзыреттілік деңгейін көтеруге ықпал етеді. Сынып жетекшілері мен пән-мұғалімдеріне, әлеуметтік-педагогикалық және ата-аналармен жұмыстар ұйымдастыратын психологиялық қызметтер мамандарына әдістемелік көмек ретінде Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылған әдістемелік ұсынымдамалар ұсынылады.

Педагогикалық процеске  қатысушылардың өзара әрекеті мектептегідей сынып, клуб, үйірме сияқты әрбір бастапқы бірлестіктерде жоспарлап ұйымдастырылуы тиіс.

Оқушылардың құқықтық тәрбиесі қоғамдағы әлеуметтену табыстылығының басты факторларының бірі болып табылады. Ол оқушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін, азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, дербестігін, бастамашылдығын, толеранттылығын қалыптастыруға бағытталған.

Нәтижесінде оқушы негізгі моральдық-құқықтық нормаларды меңгеруі тиіс: өзгелердің пікірін құрметтеу, күнделікті өмірде мінез-құлық ережелерін сақтау, мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүлікті, табиғатты қорғау, өзіңің және айналасындағы адамдардың денсаулығыңа құрметпен қарау.

Құқықтық білім берудің маңызды міндеті - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау. Оқыту мен тәуекел факторларының, түзету-ағарту жұмыстарының, жасөспірімдердің мектептен бос уақытында жұмысқа орналасуын қамтамасыз етудегі проблемаларды анықтау диагностикасын қамтуы тиіс.

Балалардың азаматтық-құқықтық нормаларын сақтауға жауапты ата-аналар, сонымен қатар,  олардың құқықтық мәдениетін жетілдіру үшін жұмыспен қамтуы тиіс. Әдетте тәрбиелік іс-шараларға қатысудан тартынатын «қиын» балалардың ата-аналары ерекше санатта тұрады. Мұнда жекелеген жұмыстармен қатар, отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, отбасылық мәртебені көтеруге бағытталған ата-аналармен бірлескен іс-шараларды ұйымдастырудың маңызы зор.

Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтары - бұл мектептегі маңызды мәселе, ол жеке адамға да, басқаларға да қауіп төндіреді. «Қиын» балалардың пайда болуының басты себебі отбасынан шығады: балаларға назар аудармау, қақтығыстар, ата-аналардың тәрбие туралы білімінің жетіспеушілігі, авторитарлық тәрбие т.б. Қазіргі кезеңде отбасымен жұмыс істеу қиынға айналып, жаңа тәсілдерді қажет етеді.

Жасөспірімдер арасындағы деструктивті құбылыстардың алдын-алу және дер кезінде түзету - ең алдымен, мектеп пен отбасы арасындағы тығыз қарым-қатынасты, сондай-ақ социологтардың, педагогтердің, психологтердің, дәрігерлердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өзара іс-қимылына барып тіреледі. Баланың әлеуметтік бейімділігін дамытуға әсер ететін факторларды үнемі қадағалау және талдау, тәуекел топтарына назар аудару, қажетті әлеуметтік тәжірибе алу, білім беру процесін жүйелі ұйымдастыру қажет, оның сабақтастығы мен үздіксіздігі үшін балалардың осындай іс-шараларға қатысуы маңызды.

Девиантты мінез-құлықты алдын алу бойынша бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру - «қиын балалардың» әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесу дағдыларын үйренуге арналған: коммуникативті дағдылар, өзін-өзі ұйымдастыру дағдылары, қақтығыстарды басқару, жалпыға бірдей заңды әдістер және тәсілдер арқылы проблемаларды шешу, «салауатты өмір салты» модельдеріне т.б. ие болуға  мүмкіндік туғызады.  Мұндай бағдарламалардың, әрбір жасөспірімнің жеке траекториясына дейінгі құрастырылған, дифференциалды көзқарасы болуы керек. Мұндай бағдарламалармен ата-аналарды қамту және оларды үйрету маңызды. Алдын алу әдістері: психологиялық тренингтер, тәрбиелік әңгімелесулер, лекциялар.

«Отбасы-мектеп» тәрбиелеу жүйесінің тағы бір маңызды міндеті - жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесін шешу. Бұл көрсеткішке әсер ететін факторлардың қатарында отбасындағы және мектептегі білімнің жеткіліксіздігі, Интернеттегі теріс ақпараттардың ауқымды ағыны, жастардың жаһандану мен қарқынды дамудың заманауи дәуірінде кездесетін көптеген міндеттері мен проблемалары бар. ҰБТ-ны тапсырған кезде сезінетін оқушының стрестік күйі ерекше орын алады.

Балалардың суицидке жақын екенін дер кезінде анықтау керек және олардың эмоционалды күйзелістерін жеңілдету және қайғылы нәтижені болдырмау үшін ата-аналар, бүкіл мектеп ұжымы, білікті психологтер жан-жақты қолдауды қамтамасыз етуі қажет. Отбасы мен мектеп арасындағы тығыз қарым-қатынас балалардың интернеттегі зорлық-зомбылық пен суицидті насихаттайтын белгілі бір сайттарға қол жеткізбеуін қадағалауға бағытталуы керек.

Суицидті алдын алу бойынша жұмысы жүйелі және үздіксіз жүргізуді қажет етеді. Ол тренингтер, пікірталастар, әңгімелер, түзету жұмыстары, ата-аналық кездесулер, суреттер көрмесі, шығарма жазу байқауы сияқты формаларды қамтуы тиіс. Ұжымның бірлігіне, оның моральдық ахуалын жақсартуға, құрдастар арасындағы достықты нығайтуға, өзара көмекті дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шара жасөспірімдердің суицид мәселесін «Тең теңін оқытады» тәсілімен шешуге көмектеседі.

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында девиантты мінез-құлық пен суицидке бейім, сонымен қатар зорлыққа ұшыраған балалармен жұмыс істеуге  арналған («Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық қолдау моделі (оралман -балалары; мигрант-балалары; өмірдің қиын жағдайын көрген балалар) әдістемелік ұсынымдамалар орналастырылған.

3. 2012 ЖЫЛҒЫ МЖМБС ЖӘНЕ 2013 ЖЫЛЫ ЕНГІЗІЛГЕНОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚИТЫН МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

         2018-2019 оқу жылында 1-3-сыныптардың білім алушылары жаңартылған білім мазмұны бойынша оқитын болады.

         4-сыныптардың білім алушылары 2012 жылғы МЖМБС бойынша оқуды жалғастырады.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі міндеті – оқу, шығармашылық, көркемдік, еңбек, спорттық іс-әрекеттерде дербестікті қалыптастыру, алдына мақсат қойған, еңбексүйгіш, салауатты өмір сүруге ұмтылатын, өз жұмысын жоспарлай алатын және өздігінен білім ала алатын, негізгі мектепте оқуға (білім алуға) дайын білім алушытәрбиелеу.

4-сынып оқушылары бастауыш сыныпты аяқтаған соң, 5-сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша оқитынболады, әсіресе функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет, өйткені білім алушыларды оқытуда білім беру процесіне: дәлелдер келтіру, жалпы сыныптық, топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, диалог әдісі, бір сабақ аясында әртүрлі тапсырмаларды қолдану, эссе жазуға үйрету сияқтыоқытудың белсенді түрлерін енгізуге ерекше назар аудару қажет. Жаңартылған білім мазмұнына көшуге дайындықжәне сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында мұғалімге критериалды бағалаудың элементтерін қолдануға болады.

Білім алушының сабақтағы іс-әрекеті мұғалімнің іс-әрекетінен басым болуын қамтамасыз ету өте маңызды. Бұл міндетті шешуде оқуға ынтасы жоғары және оқуда қиындықтары бар білім алушылар үшін сабаққа арналған тапсырмаларды дайындауда оқытудың қосымша ресурстарын қолдану, оқыту түрлерінің көптүрлілігі, бақылау және өзіндік бақылау жұмыстарының түрлері көмектеседі. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолдану әр оқушының жұмыс жасауына және сол арқылы оқытудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Білім алушылар негізгі оқу материалынсабақта меңгерулері тиіс екеніне назар аудару қажет.

Үй тапсырмасының негізгі қызметі – білім мен білікті бекіту. Оқу сабақтарында меңгерілген материал ғана үй тапсырмасына ұсынылады. Білім алушылардың шамадан тыс жүктемесінің алдын алу мақсатында мұғалімүй тапсырмасының мөлшерін, сабақта мазмұнды, оны орындау тәртібі мен тәсілдерінтүсіндірудіқадағалауы керек. Жоғары деңгей тапсырмалары білім алушыларға олардың қалауы бойынша өз бетінше орындауға ұсынылуы мүмкін.

Бастауыш білім берудің мазмұны жеті білім саласын қамтиды: «Тіл жәнеәдебиет», «Математика», «Жаратылыстану», «Адам жәнеқоғам», «Өнер», «Технология», «Денешынықтыру».

«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ

Қазақ тілі

«Қазақ тілі» пәні – бастауыш сынып оқушыларын алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгертетін және олардың ақыл-ойын дамытатын пән.

4-сыныптарда «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгерту, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

«Қазақ тілі» пәні 4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылып, жылдық жүктемесі 136 сағатты құрайды.

«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың жетістік деңгейін бағалау жазбаша жұмыс түрлері арқылы жүргізіледі:

  • диктант;
  • грамматикалықтапсырмалар;
  • бақылау көшіру;
  • бақылаумазмұндамасы;
  • бақылаушығармасы;
  • тесттапсырмалары.

Диктантты ұйымдастыру және өткізу.

Диктантқаарналғанмәтіндерорфографиялықтұрғыданбілім алушыларға таныс болуы керек, яғни өтілген сабақтардың материалдары негізіндеалынады.

Егер мәтін құрамында өтілмеген емле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен жазылуы қиын сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады;

  • мұғалім диктант мәтінін орфоэпиялық нормаларға сүйеніп, кідіріс жасап,оқиды;
  • білім алушылардың оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән-мағынасын түсініп, іштей қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соң жазуға кірісу ұсынылады;
  • жазу барысында 6-8 сөзден құралған сөйлемдерқайталанады;
  • мәтінді түгел жазып болған соң мұғалім диктант мәтінін әр сөйлемнен кейін кідіріс жасай отырып, қайта толықоқиды.

Білім алушылардың грамматикалық талдау дағдыларын тексеру мақсатында алынған бақылау жұмыстарында 2-3 грамматикалық талдау тапсырмалары болады.

Грамматикалық талдаудың тапсырмалары грамматика және дұрыс жазу диктанттарының (көшіру) мәтіндеріне қатысты болуы керек, өйткені оның мақсаты грамматикалық материалды білу дәрежесін анықтау, білім алушылардың жазбаша және сөйлеу дағдыларын меңгеруін тексеру болып табылады.

Төмендегі кестеде тоқсандар бойынша қазақ тілі пәнінен қорытынды бақылау диктанттарының саны ұсынылған.

8-кесте – Қорытынды бақылау жұмыстарының саны (грамматикалық тапсырмалары бар диктанттар)

Тоқсан

4-сынып

Тақырыптық

Бақылау

I

2

2

ІІ

2

1

III

2

1

IV

2

1

Тақырыптық диктант бөлім немесе блок бойынша тақырыптарды меңгерудің сапалық деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі, ал бақылау диктанты тоқсанның соңында жүргізіледі. Грамматикалық тапсырмалары бар бақылау диктанттарын орындау үшін 30-35 минут бөлінеді.

Төмендегі кестеде диктант мәтінінің ұсынылған көлемі берілген.

9-кесте – Диктант мәтіннің көлемі

Тоқсан

I

II

III

IV

Сөздер саны

65-68

68-70

70-75

75-80

Грамматикалық тапсырмаларды орындаудағы бағалаудың нормалары:

- «5» баға – қатесіз;

-«4» баға – тапсырманың кем дегенде 3/4 бөлігін дұрыс орындаған;

- «3» баға – кем дегенде 1/2 тапсырманы дұрыс орындаған;

          - «2» баға – 1/2 тапсырмадан аз орындаған.

Бағаның төмендеуіне әсер ететін қателер мен кемшіліктердің жіктелуі:

Қателер:

  • сөздегі әріптердің орнын ауыстыру, алмастыру, артық әріптерді қосып жазу, сөздердің жазылу ережесін бұзу сияқты өрескелқателер;
  • емле ережесі бойынша қате жазылғансөздер;
  • мәтінде өтілген тыныс белгілерінің болмауы (сөйлемнің соңында) және бас әріптің сөйлем басындажазылмауы;
  • орфографиялық ережелер бойынша жіберілген қателер; бір ережеге сәйкес келетін сөздердің әртүрлі сөзде кездесуі екі қате болыпсаналады;
  • бірдей әріптен жіберілген қате үш рет қайталанса, екі қатеге есептелінеді, екі рет жіберілсе, бір қатегеесептелінеді;
  • мазмұндама жазу кезінде шығарманың мәнін, мазмұнын өзгертетіндей, алшақтайтындай авторлық мәтіннен айтарлықтай ауытқулардыңболуы;
  • бөлімдердің арасында байланыстың болмауы, сөздік қоры жеткіліксіз, мазмұнының негізгі бөлімінің болмауы, автор мәтінінде көрсетілген маңызды оқиғалардыңқалдырылуы;
  • мазмұндамада сөздердің сәйкес мағынадақолданылмауы.

Диктантта мына қателер бір қате ретінде саналады: екі түзету; екі пунктуациялық қате; бір сөзден жіберілген қатенің қайталануы; екі өрескел емес қате.

Өрескел емес қателер: сөзде бір әріптің қайталануы; сөздің қате тасымалдануы; сөйлемде бір сөздің екі рет қайталанып жазылуы, аяқталмаған сөз.

Кемшіліктер: келесі сөйлем бас әріппен жазылған жағдайда сөйлем соңында тыныс белгісінің қойылмауы; азат жолдың болмауы; мазмұндама жазу кезінде авторлық мәтіндегі оқиға қисынының шамалы бұзылуы.

Диктант үшін ұсынылатын мәтіндер орфографиялық тұрғыдан таныс болмаған жағдайда, яғни жіберілген қателер өтілген сабақтардың материалдарында қарастырылмаған жағдайда жіберілген қателер диктантта қате деп саналмайды.

«5» бағасы білім алушы барлық тапсырмаларды қатесіз орындаған, түсініктерді, анықтамаларды, ережелерді саналы түрде меңгеруін анықтаған және жұмысты орындау барысында білімін өз бетінше қолдана алған жағдайда қойылады;

«4» бағасы білім алушы ережелер мен анықтамаларды саналы түрде меңгерсе; сөз, сөйлем талдау барысында білімдерін қолдана білсе, кемінде тапсырмалардың 3/4 бөлігін дұрыс орындаса (1-2 қате жіберілсе), қойылады;

«3» бағасы білім алушы оқылған тақырыптардың белгілі бір бөліктерін меңгерген, тапсырмалардың жартысынан артығын дұрыс орындаған жағдайда (3-5 қате жіберілсе) қойылады;

«2» бағасы білім алушының оқу материалын нашар оқитыны анықталса,  көптеген грамматикалық тапсырмаларды орындай алмаса (5-тен артық қате жіберілсе),қойылады.

 

Мазмұндаманы, шығарманы ұйымдастыру және өткізу.

Білім алушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізу білігін тексеру мақсатында мазмұндама, шығарма жазуға үйрететін жұмыс жүргізіледі. Осы жұмыстарға 1 сағаттан кем емес уақыт бөлу ұсынылады. Оқыту сипатындағы шығармашылық жұмысты жүргізудің кезеңділігі – шамамен 15 күнде бір рет алынады.

Шығармалардың тақырыбын таңдау кезінде олардың өмірмен байланысын, білім алушылардың тәжірибесі мен қызығушылықтарына жақындығын, мазмұнының қолжетімділігін, мәтінді құру және оны сөйлеу тілімен ресімдеуді ескеру қажет.

Бастауыш сыныптарда мазмұндама мен шығарма үйретушілік сипатта болатынын ескере отырып, үйретушілік сипаттағы шығарма мен мазмұндама үшін қанағаттанарлықсыз баға қойылмайды. Қанағаттанарлықсыз баға тек бірінші жартыжылдықта бақылау түріндегімазмұндама жазғызу кезінде және оқу жылының соңында қорытынды бақылау түріндегішығармаға қойылады.

Қорытынды бақылау түріндегі мазмұндама мен шығарманы тексеру кезінде 2 баға қойылады: мазмұны мен сауаттылығы үшін.

«5» деген баға авторлық мәтін (мазмұндама) жүйелі әрі дұрыс баяндалса; тақырып толығымен ашылған болса, сөздік қоры бай және сөздерді қолдануда, сөз тіркестері мен сөйлемдерді құруда кемшіліктер жоқ болса; сондай-ақ орфографиялық қате (1-2 түзету рұқсат етіледі) жіберілмесе, қойылады.

«4» деген баға жұмыста авторлық мәтін (мазмұндама) дұрыс, барынша толық берілген, мәтін мазмұны ашылған (шығарма), бірақ ойды баяндаудың бірізділігінен шамалы ауытқыған, аздаған (1-2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ 1-2 емле қатесі, 1-2 түзету болған жағдайда қойылады.

«3» деген баға мәтін мазмұнында ауытқушылықтар бар (мазмұндама), тақырыптан біршама алшақтаған (шығарма), ойдың баяндау бірізділігі  бұзылған жағдайда, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер болғанда, сөздік қоры аз, 3- 6 қате және 1-2 түзету болғандақойылады;

«2» деген баға қорытынды авторлық мәтіннен (мазмұндама), тақырыптан(шығарма) айтарлықтай алшақтаған:маңызды эпизодтар, басты бөлімдер, негізгі ойлар және т.б. жоқ, ой бірізділігі бұзылған, бөлімдер, жекелеген сөйлемдер арасында байланыс жоқ, сөздік қоры жұтаң, 6-дан артық қатесі, 3-5 түзету болған жағдайда қойылады.

Үйрету мақсатындағы мазмұндама мен шығарма сыныпта мұғалімнің басшылығымен орындалады. Білім алушыларға мазмұндама жазғызу оқулық мәтіні және таныс емес мәтіндер негізінде кезектестіріліп жүргізілуі тиіс.

Сөздік диктанттар ағымдағы тексеру жұмыстары мен бақылаулар (тоқсанына 1 рет) ретінде өткізіледі.

Сөздік диктанттардың мазмұны жазбалардан тұрады, олардың жазуы ережелермен реттелмейді.

Сөздік диктанттардың көлемі:12-15  сөз .

Сөздік диктанттарды бағалау:

«5» – қатесіз; «4» – 1 қате, 1 түзету жіберілсе; «3» – 2 қате, 1 түзету болса;«2» – 3-5 қате жіберілсе қойылады.

Мәтіндерді бағалау.

Білім алушыларды тапсырманы орындауға алдын ала дайындау қажет. Ол үшін алдыңғы сабақтардың бірінің соңында 10-15 минутты бөлу керек. Тестілеудің тапсырмаларына ұқсас 1-2 тапсырманы тақтаға жазып қойып, оларды білім алушылармен бірге орындауға ұсынылады.

10-кесте – Тест тапсырмаларын бағалау нормалары

Базалық деңгей

0 - 60%

60 - 77%

77 - 90%

90 - 100%

«2» бағасы

«3» бағасы

«4» бағасы

«5» бағасы

Ескерту: ағымдағы бақылауға арналған тестілер 10-15 сұрақтан тұрады және бақылау сұрақтары - бір дұрыс жауапты таңдауға болатын 20 сұрақтан тұрады.

Білім алушылардың қорытынды бақылау жұмыстарының негізгі түрлері: мәтінді көшіріп жазу, шығарма, мазмұндама, сөздік диктанттар.

11-кесте – Қорытынды бақылау жұмыстарының саны

Жұмыс түрлері

Iжартыжылдық

IIжартыжылдық

Мәтінді бақылау ретінде көшіру

1

1

Бақылау шығармасы

 

1

Бақылау мазмұндамасы

1

 

Бақылау сөздік диктанты

1

1

 

Қорытынды бақылау жұмыстары тоқсанның, жартыжылдықтың соңында жүргізіледі. Білім алушылардың шамадан тыс жүктемелерін болдырмау мақсатында қорытынды бақылау жұмыстарын өткізу уақытын мұғалімдермен келісе отырып, мектеп басшылары құрастырған кестеге сәйкес анықталады. Бір оқу күнінде сыныпта бір жазбаша қорытынды бақылау жұмысы алынады.

Бақылау жұмыстарын бөлу біркелкі болуы керек. Әр сыныпқа бақылау жұмыстарын жоспарлағанда, тоқсанның, жартыжылдықтың соңына дейін жазбаша бақылау жұмыстарының жиналыпқалуына жол берілмейді. Дүйсенбі күні,мерекеден кейінгі бірінші күні сынақ жұмыстарын жүргізу ұсынылмайды.

Қазақ тілінен бақылау жұмыстарына арнайы дәптерлер бөлу қажет және оқу жылы бойы сыныпта сақталады.

Соңына дейін өтілмеген бөлім тақырыптары бойынша өзіндік жұмыстар жүргізіледі. Оның ұзақтығы 10-15 минуттан аспауы тиіс.

Білім алушылардың ағымдағы және қорытынды жазба жұмыстарын бағалау кезінде төмендегі нормалар қолданылады: 

12-кесте – Бақылау көшіріп жазу көлемі

Тоқсандар

I

II

III

IV

63-65 сөз

65-68сөз

68-70сөз

70-75  сөз

Төменде мәтінді көшіріп жазуды бағалаудың ұсынылатын нормалары берілген.

Бақылау көшіріп жазу

«5» - мінсіз орындалған, түзетулер жасалмағанжұмыс үшін;

«4» - 1 қате немесе 1-2 түзету жасалған жұмыс үшін;

«3» - 2-3 қате жіберілген жұмыс үшін;

«2» - 3 немесе одан көп қателер жіберілген жұмыс үшін.

Әдебиеттік оқу

Оқу пәнінің ерекшелігі – бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрлері негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.

«Әдебиеттік оқу» пәнін оқытудың ерекшелігі – дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем- шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани- адамгершілік тәрбие беру.

«Әдебиеттік оқу» пәні  бойынша оқу жүктемесінің көлемі 4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан, оқу жылында 136 сағатты құрайды.

Қорытынды тексеруді ұйымдастыру және оқыту нәтижелерін бағалау үшін әртүрлі тапсырмалар қолданылады:

  • кешенді әртүрлі деңгейлі жұмыстар (ағымдағы тексеруүшін);
  • әдебиеттік диктанттар (әдеби білімін және сауаттылығын тексеру үшін);
  • өтілген шығарма, тақырып, бөлім бойынша тесттапсырмалары;
  • дауыстап және іштей оқу дағдыларын жаппай тексеруге арналған сұрақтары мен тапсырмалары бармәтіндер (функционалдық сауаттылықты қалыптастыру);
  • оқу әрекеттерінің қалыптасуын тексеруге арналған диагностикалық тапсырмалар және тесттапсырмалары;
  • дауыстап оқу дағдысын жеке тексеруге арналған мәтіндер мен тапсырмалар (әр жартыжылдықсоңында);
  • іштей оқу дағдысын тексеруге арналған мәтіндер мен тапсырмалар (4-сыныптыңсоңында);
  • оқырмандық біліктерінің және білімділігінің деңгейін тексеру бойынша кешенді әртүрлі деңгейлі қорытынды жұмыстар (әр жартыжылдықсоңында);

Қорытынды тестілерәр жартыжылдықтың соңында өткізіледі.

Бағаның төмендеуіне әсер ететін қателер мен кемшіліктердің жіктелуі.

  • қате оқу (әріптердің орнын ауыстыру, алмастыру, сөздерді, әріптерді тастап кету, сөздерді, буындарды, әріптерді қосып оқу);мәтінді толығымен мағыналық кідіріс жасамайоқу;дауыстап оқығанда, сөздің айтылу ырғағы мен анықтығынбұзу;белгіленген оқу уақытында оқылған мәтіннің жалпы мағынасын түсінбеу;мәтін мазмұнына сай сұрақтарға жауап бере алмау, оқылғаннан негізгі ойды бөліп көрсете алмау, оқылған мәтіннен негізгі мазмұнды түсінгенін білдіретін мәтіндегі сөздер және сөйлемдерді табаалмау;мазмұнын айтуда шығарма оқиғасының бірізділігінбұзу;жатқа айтуға дайындалған мәтінді шала білу; бірсарынды оқу; мәнерлеп оқиалмау.

Кемшіліктер:дауыстап оқуда мағыналық кідіріс, ырғақ пен сөздердің айтылу анықтығының шамалыбұзылуы;оқылған мәтінді белгіленгеннен көбірек уақыттатүсінуі;шығарманың негізгі ойын тұжырымдаудағыдәлсіздік;мәнерлеп оқуды мақсатты қолдана алмауы, кейіпкердің мінезін көрсетуде мәнерлеудіңжеткіліксіздігі.

4-сыныптағы бағалау нормалары:

Оқушыға «5» деген баға әдеби сөздерді оқудың барлық негізгі нормаларын сақтай отырып, жылдам, түсініп, саналы, дұрыс оқыған; дұрыс ойын дауыс ырғағы арқылы жеткізіп, мәтінді толық, қысқаша және таңдап айтып беретін; өздігінен қарапайым жоспарларды құратын, оқыған мәтіннің негізгі ойын анықтай алатын; белгілі тақырыпқа сай (табиғат, оқиға, кейіпкерлер туралы) әңгіме құрастыра алатын; өлеңді жатқа мәнерлеп айтатын жағдайдақойылады.

Оқушыға «4» деген баға мәтінді түсіне отырып, жылдам әрі мәнерлі оқыған, кідірістер мен логикалық екпінді дұрыс қолдана алған, оқығанда және кідірістер мен логикалық екпінді анықтағанда 1-2 қате жіберген, мәтінге сай жоспар құрастыра алған, мәтін мазмұнын толық айтқан; өздігінен мәтіннің негізгі ойын анықтай алған, өлең мәтінін мәнерлеп жатқа айтқан, бірақ шамалы дәлсіздіктер жіберілген жағдайда қойылады.

Оқушыға «3» деген баға саналы түрде және бірсарынды оқыған, жеткіліксіз мәнерлеп оқитын, оқуда 3-тен 5-ке дейін қате жіберген; мәтін мазмұнын толық және қысқаша жеткізетін, мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы жоспар құрастыра алатын, мәтінді жатқа айту барысында жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен түзететін жағдайда қойылады.

Оқушыға «2» деген баға жеке сөздерді толық оқыған, көп мөлшерде сөздерді және буындарды ауыстырып, тастап кету қателіктерін жіберген, мәтін мазмұнын жетік меңгермеген, сөздерді толық оқи алмаған, 6 және одан да көп қате жіберген (ІІ жартыжылдықта), мәтіннің мазмұнын тікелей, қысқаша және өз қалауынша айта алмайтын, мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы өздігімен жоспар құра алмайтын, жатқа айту барысында өлеңді толық жеткізе алмаған жағдайда қойылады.

Сабақ барысында оқу үшін баға оқушының ауызша жауабы мен өз бетімен оқуы негізінде қойылады.

Оқушылардың үйде оқуын бағалауда алдын ала дайындықсыз оқуға қарағанда жоғарырақ талаптар қойылады.

Мерекелік және демалыс күндерінде үй тапсырмасы ретінде жалпы даму үшін көркем, қосымша әдебиеттерді оқуға беруге болады.

Оқу дағдысын қорытынды тексеру жылына үш рет: кіріс бақылау, І және ІІ жартыжылдықтың соңында жүргізіледі.

13-кесте – Оқу техникасының нормасы (минутына оқылатын сөздер саны)

Тоқсан

Сөздер саны

І

75 және одан артық сөз

ІІ

80 және одан артық сөз

ІІІ

85 және одан артық сөз

ІҮ

90 және одан артық сөз

14-кесте – Жартыжылдықтар бойынша оқу техникасын бағалау нормасы

Бағасы

Сөздер саны

І жартыжылдық

ІІ жартыжылдық

«5»

75 сөз және одан артық

80 сөз және одан артық

«4»

65-74 сөз

75-79 сөз

«3»

60-64 сөз

65-74 сөз

«2»

60 сөзден кем

65 сөзден кем

Ескерту: шылау, одағай, еліктеусөздер, қоссөздержекесөзретіндесаналады.

4-сыныптың білім алушылары 12-14 өлеңді; прозалық шығармалардан2-3 аяқталған үзіндіні жатқа оқиды.

Орыс тілі (оқыту орыс тілінде емес сыныптар үшін)

Учебный предмет «Русский язык» в школах с нерусским языком обучения закладывает фундамент общего филологического образования учащихся как целостной системы, изучающей духовную культуру народа, выраженную в языке и литературном творчестве.

Роль русского языка в системе образования определяется как язык межнационального общения в многонациональном государстве.

Цели обучения русскому языку: формирование коммуникативных умений, формирование и развитие элементарной русской речи на ограниченном лексико-грамматическомматериале; взаимосвязанное обучение видам речевой деятельности (аудирование, говорение, чтение,письмо); практическое усвоение элементов уровней русского языка (фонетики, графики, орфоэпии, лексики, грамматики, словообразования, орфографии, пунктуации).

Объем учебной нагрузки в 4 классе составляет 2 часа в неделю, за учебный год - 68 часов.

В четвертом классе продолжается развитие всех видов речевой деятельности на материале лексико-грамматического, тематико-ситуативного минимумов. Содержание учебного предмета «Русский язык» представлено тремя блоками: речевая деятельность, языковой материал и тексты для чтения и развития речи. 

В рамках лексического минимума для активного усвоения в 4 классе предусматривается 450-500 русских слов. 

Учащиеся 4 класса должны уметь:

  1. составлять связное монологическое высказывание из 3-4-х предложений;
  2. писать ответы на 5-7 вопросов по содержанию прочитанного текста;
  3. писать под диктовку небольшие тексты из 30-40 слов со словами в изученных грамматических формах с предварительным разбором;
  4. писать изложение из 5-6 предложений;
  5. знать наизусть не менее трёх стихотворений в четверти;
  6. читать не менее 50-60 слов в минуту.

В 4-м классе проводятся контрольные (письменные) работы:  контрольный словарный диктант; контрольный диктант (без грамматического задания в общеобразовательных школах и с грамматическим заданием в лицеях и гимназиях), изложение во втором полугодии (таблица ХХХ).

Таблица 15 – Количество контрольных письменных работ

Виды работ

Четверти

І четверть

ІІ четверть

ІІІ четверть

ІV четверть

Словарный диктант

1

1

1

1

Диктант

1

1

1

1

Изложение

 

 

1

1

Шетел тілі

Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытудың мақсаты қарапайым деңгейде меңгеруге бағытталған және Шетел тілдерін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттіліктері (CEFR) бойынша А1 қарапайым деңгейіне (Breakthrough) сәйкес келеді.

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

4-сыныптың пәндік нәтижелері екі аспектіде көрсетілген:

4-сынып оқушылары:

  1. көлемі 450 сөзді құрайтын жаңа лексикалықбірлікті;
  2. оқылған грамматикалық материалды (жай сөйлемнің құрылымын, өздік есімдіктерді, сын есімніңшырайларын);
  3. оқытылатын тілдің елінде күнделікті қарым-қатынас жағдайларында қабылданғанмінез-құлықэтикетібойыншаклише-репликаларды(сөйлеужәне іс-қимыл этикеті) білуі тиіс.

4-сынып оқушылары:

  1. болымды, болымсыз, сұраулы сөйлемдерді дұрыс интонациялау (дауыс ырғағын келтіреайту);
  2. er, -est, -y жұрнақтары арқылы сын есімдер жасау, күрделі зат есімдер жасау: toy shop, shoe shop,etc;
  3. әр сұхбаттасушының тарапынан 4-5 репликадан тұратын этикеттік сипаттағы диалог, сұрастыру диалогін, әрекет етуге түрткі болатын  диалог, пікір алмасу диалогінжүргізу;
  4. өзі, туыстары, достары туралы (жұмыс түрі, кәсібі, қызығушылықтары мен әуестігі, мектептегі оқуы туралы және т.б.), үй және жабайы жануарлар туралы, жыл мезгілдері туралы ақпараттардыұсыну;
  5. монолог көлемі 5-6 сөйлемдіқұрайды;
  6. аудио, бейнематериалдардың негізгі мазмұнын түсіну, мәтіннің дыбысталу уақыты – 1 минутқа дейін;
  7. дұрыс дауыс ырғағымен және дұрыс екпінмен дауыстап мәнерлепоқу;
  8. оқудың негізгі түрлерін ажырата білу (танысу, зерделеу және, іздеу- қарау), мәтін көлемі 50-60 сөзден артықемес;
  9. жеке және электрондық хаттарды жазу, хаттың көлемі – 30-40 сөзге дейін; өзі туралы қысқаша ақпаратты баяндау, коммуникативтік міндеттерге сәйкес мәтіннен үзінді көшірмелер жасай білуітиіс.

Бақылау жұмыстарының ұсынылатын нормалары.

Алған білімдерінің динамикасын анықтау мен мониторингін жасау үшін әрбір тоқсанның аяғында 4 бақылау жұмысын жүргізу ұсынылады.

Бақылау жұмыстары тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, әр тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика және грамматика бойынша 15 тапсырма, тыңдалым – 5 тапсырма, оқылым – 5 тапсырма. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға – 14-20 балл, «3» деген баға – 4-13 балға қойылады.

Жазба жұмыстарының ұсынылатын нормалары.

Жұмыстың бұл түрі оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын және жазу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, жеке хат, электрондық хат, суреттегі адам туралы бірнеше сөйлем жазуды ұсынуға болады (оқушы бұл адамның аты-жөнін, мекенжайын ойдан шығарады), мәтінді ағылшын тілінде көшіріп жазу, оқу міндетіне сәйкес одан сөздерді теріп жазу немесе оған сөздер қойып жазу, үлгіге қарап отырып, қысқаша құттықтаулар: 4-сыныпта – 30-40 сөзге дейінжазу.

«МАТЕМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ

Математика

«Математика» оқу пәні бастауыш білім беру деңгейінде «Математика» білім саласының кіріктірілген оқу пәні болып табылады. Оны оқып-білу нөл  мен 1 000 000 көлеміндегі натурал сандардың арифметикасын, маңызды шамаларды, сондай-ақ негізгі орта білім беру деңгейінде одан әрі қарай оқытуды жалғастыру үшін алгебра мен геометрияның қарапайым алғашқы түсініктерінқамтиды.

Оқу пәні ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейіне жетуге бағытталған математиканың базалық негізін сапалы меңгеруді, көрнекі-бейнелік, логикалық және абстрактылы ойлауды қалыптастыруды, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны меңгеруге практикалық негіз жасауды қамтамасыз етеді.

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 4-сыныптарда аптасына– 5 сағаттан, оқу жылында 170 сағатты құрайды.

Бөлім немесе блоктар бойынша тақырыптарды меңгеру сапасының деңгейін анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізіледі, ал бақылау жұмыстары тоқсанның соңында өткізіледі. Тексеру (тақырыптық) жұмыстары тапсырмалары құрама сипатта болуы мүмкін немесе бір типті тапсырмалардан тұруы мүмкін (тек қана есептер, тек қана геометриялық тапсырмалар және т. б.), ал қорытынды бақылау құрама сипаттағы (арифметикалық есептер, сандық өрнектер, геометриялық сипаттағы тапсырмалар, және т.б.) бақылау жұмысы түрінде өткізіледі.

16-кесте – Тексеру және бақылау жұмыстарының нормалары

Тоқсан

Тексеру (тақырыптық)

Бақылау

І

2

2

ІІ

2

1

ІІІ

2

1

ІҮ

2

1

І тоқсанда 2 бақылау жұмысы өткізіледі: кіріс және тоқсандық. Кіріс бақылау жұмыстары қыркүйек айында жүргізіледі, ол базалық және жоғары деңгейдегітапсырмалардантұрады. Кіріс бақылау жұмысындағы қиын тапсырмалар «қосымша тапсырма» ретінде беріледі. Қатемен жұмыс жасау барысында міндетті түрде есепті шығарудың жолдарын талдау қажет. Кіріс жұмысы үшін журналға «2» бағасықойылмайды.

Білім алушылар қабылдауға математикалық диктант, ауызша есептеу, ақпаратты  есту, бір мезгілде тиімді оқытуға зейін, жедел жады, логикалық ойлау, дұрыс математикалық сөйлеуге қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс түрлері 10-15 минут жүргізіледі.

17-кесте – Ауызша есептеу бақылауы және математикалық диктанттың нормалары

Жұмыс түрлері

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Ауызша есептеу

1

1

1

1

Математикалық диктант

1

1

1

1

18-кесте – Жазбаша жұмыстарды бағалау нормалары

Жұмыс түрлері

Бағалау нормалары

Ауызша есептеубақылауы

«5» бағасы – қатесіз;

«4» бағасы –1-2 қате;

«3» бағасы – 3-4 қате.

Бақылау математикалық диктанты

«5» бағасы – қатесіз;

«4» бағасы – 1-2 қате және 1-2 кемшілік;

«3» бағасы – 3-4 қате және 1-2 кемшілік;

«2» бағасы –5 және одан көпқате.

Мысалдардан құралған жұмыс:

«5» – қатесіз;

«4» – 1өрескел қате және 1- 2 өрескел емес қате;

«3» – 2-3 өрескел және 1-2 өрескел емес қате немесе 3 және одан да көп өрескел емес қате;

«2» – 4 және одан да көп өрескел қатемен орындалған жағдайда қойылады.

Шартты есептерден құралған жұмыс

«5» – қатесіз;

«4» – 1-2 өрескел емес қате;

«3» – 1 өрескел және 3-4 өрескел емес қате;

«2» – 2 және одан да көп өрескел қате болған жағдайда қойылады.

Құрама есептер

«5» – қатесіз;

«4» – 1 өрескел және 1-2 өрескел емес  қате (есептің шешуінде өрескел қателер болмауы қажет);

«3» – 2-3 өрескел  және 3-4 өрескел емес қате, бірақ есептің шығару жолдары дұрыс болуы қажет;

«2» – 4 өрескел қатемен орындалған жағдайда қойылады.

Амалдардың орындалу ретін анықтауда жазба жұмысын бағалау

Мұндай жұмыстарды бағалаудаамалдар тәртібі қате таңдалса, арифметикалық амалдар дұрыс орындалмаса, қате болып саналады:

«5» – қатесіз;

«4» – 1-2 қате;

«3» – 3 қате;

«2» – 4 және одан көп қате болған жағдайда қойылады.

Теңдеуді шешу

Мұндай жұмыстарды бағалауда шешудің қате жолы, амалдардың дұрыс орындалмауы, тексеру дұрыс орындалмаса, қате болып саналады:

«5» – қатесіз;

«4» – 1-2 қате;

«3» – 3 қате;

«2» – 4және одан көп қате болған жағдайда қойылады.

Геометриялық материалдармен байланысты

Мұндай жұмыстарды бағалауда, егер білім алушы геометриялық фигураны қате құрса, өлшем бірліктерін ескермеген жағдайда, өлшем бірліктерін қате өрнектегенде, егер сызу құралдарын дұрыс пайдалана алмағанда қате болыпсаналады:

«5» – қатесіз;

«4» – 1-2 қате;

«3» – 3 қате;

«2» – 4 және одан көп қате болған жағдайда қойылады.

Ауызша жауаптарын бағалау

Білім алушылардың ауызша жауабын бағалау көрсеткіші: жауаптың дұрыстығы, негізділігі, өз бетінше орындағаны, толықтығы.

Қателер: қойылған сұраққа қате жауап; қойылған сұраққа жауап бере алмау немесе мұғалімнің көмегінсіз тапсырманы орындай алмау; тапсырманы дұрыс орындаған жағдайда оны толық жеткізіп, түсіндіре алмау.

Кемшіліктер: қойылған сұраққа толық әрі нақты жауап бермеу; дұрыс жауап берген жағдайда өздігінен толық дұрыс жеткізе алмау; тапсырманы баяу орындау; математикалық ұғымдарды қате айту.

Білім алушыға «5» деген баға меңгерген оқу білімін дұрыс және өздігінен қолдана алған; есептеулерін дұрыс әрі жылдам қолданған; өздігінен тапсырмаларды құрастырған (жоспар құрып, есептеп, есептің шығару жолдарын түсіндіріп және есептің сұрағына нақты жауап беру); тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындаған жағдайда қойылады.

Білім алушыға «4» деген баға «5» деген бағаның талаптарына сай болып, бірақ жауабында дәлдіктер болмаған; есептеуде тиімді тәсілдерді қолданбаған; осы кемшіліктерді білім алушы мұғалімнің сілтемелерімен өздігінен түзете алған жағдайда қойылады. 

Білім алушыға «3» деген баға өтілген сұрақтардың жартысынан көбін меңгерген, есепті шығару барысында қателер жіберген және сол қателерді мұғалімнің көмегімен түзеткен жағдайда қойылады.

Білім алушыға «2» деген баға оқу бағдарламасын меңгермеген және мұғалімнің көмегімен есепті шығара алмаған жағдайдақойылады.

Білім алушының күнделікті жұмысына мұғалімнің жүргізген бақылауы, ауызша сұрақтар, ағымдық және қорытынды бақылау жұмыстарының нәтижелері қорытынды баға қоюға негіз болады. Дегенмен ағымдық және қорытынды бақылау жұмыстарына көп мәнберіледі.

Бағаның төмендеуіне әсер ететін қателер мен кемшіліктердің жіктелуі

Қателер: тапсырманы орындау негізінде немесе оны орындау барысында қолданылатын негізгі ұғымдардың анықтамасын, ережелерін, алгоритмдерін білмеу және дұрыс қолдана алмау;амал, тәсілдерді дұрыс таңдамау; тапсырманың мақсаты - есептеу білігі мен дағдысын тексеру кезінде қатеесептеу;дұрыс жауап алуға әсер ететін математикалық есептеулер, амал, тәсілдерді қалдырыпкету;түсіндірме мәтіннің, тапсырма жауабының, шама атауының орындалған амал мен алынған нәтижеге сәйкессіздігі, орындалған өлшеулер мен геометриялық құрылымның берілген параметргесәйкессіздігі.

Кемшіліктер: мәліметтерді (таңбалар, сандар, белгілеу, шамалар) дұрыскөшірмеу; математикалық ұғымдардың, шамалардың қатежазылуы; тапсырма жауабының болмауы немесе жауабында жіберілген қателер; егер 2 кемшілігі болса, ол 1 қатегесаналады.

Өрескел қателер: мысалдар мен есептердегі есеп қателері, арифметикалық амалдарды орындау тәртібін білмеудегі қате;есепті қате шығару (амалдарды орындамау, амалдарды дұрыс таңдамау, артықамалдар);есепті немесе мысалды аяғына дейін шығармау; орындалмаған тапсырма.

Өрескел емес қателер: есептеудің тиімсіз тәсілдері; есепті шығаруда амалға сұрақтың дұрыс қойылмауы;қате тұжырымдалған есептіңжауабы; мәліметтерді  қате көшіру (сан,  белгі); түрлендірулерді аяғына дейін жеткізбеу.

Математика пәні бойынша жұмыста жіберілген грамматикалық қате үшін баға төмендетілмейді. Дұрыс рәсімделмеген жұмыс, каллиграфия ережесін сақтамағаны үшін 1 балл төмендетіледі, бірақ 3-тен төмен емес.

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ

Дүниетану

Оқу пәні қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен қарам-қатынас жүйесі негізінде жалпы адами құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған және қоршаған әлемді құрайтын үш бөліктің: адам – қоғам – табиғаттың өзара байланыстары мен өзара тәуелділігі туралы ұғымдарды, заттар мен құбылыстардың мағынасын өз бетінше қорытындылауға дағдыландыру.

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі 4-сыныптарда аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды. «Дүниетану» пәнін меңгеруде бастауыш сынып оқушылары биология, экология, география пәндерінің қарапайым ұғымдарымен танысады.«Дүниетану» пәнінің сабақтарында мұғалімге зілзалалардың, экологиялық апаттардың қауіп-қатері жағдайында қауіпсіз іс-әрекет ету мәселелерін талқылау ұсынылады.Пән бойынша білім мен дағдыларды бақылау мен бағалау үшін ауызша тексеру, бақылау, жазбаша жұмыстар (мысалы, тест, диктант), сондай-ақ өздігінен карталармен, құралдармен, үлгілермен, аспаптармен, зертханалық құрал-жабдықтармен практикалық жұмыстар қолданылады.Экскурсия жүргізу оқытудың бір түрі болып табылады. Экскурсияларда оқушылар көптеген теориялық білімдерін практикада тексереді және жергілікті жерде бағдарлану, бақылау, салыстыру, ағзалардың бір-бірімен,табиғат құбылыстарымен, қоршаған ортаның жағдайларыменөзара байланысына мысалдар табу дағдыларын үйренеді. Сабақтың тақырыбына және жергілікті жерген сәйкес (жаңа тақырыпты меңгергенге дейін немесе кейін)экскурсия жүргізу ұсынылады.Экскурсиялар жергілікті жерлерге байланысты ұсынылады:

1) мұражайлар;

2) ауыл-аймақтың маңайы;

3) пайдалы қазбаларды шығаратын не қайта өңдейтін орындар не кәсіпорындар;

4) саябақтар, хайуанаттар бақтары;

5) өнеркәсіптік, өндірістік немесе ауыл шаруашылығы кәсіпорындары.

Білім алушылардың жүйелі талдау, зерттеу дағдыларын қалыптастыру үшін«Бақылау күнделігінде» ұсынылаған тапсырмаларды жүйелі түрде орындау ұсынылады.

Кеңістік, географиялық заңдылықтар туралытүсініктерді дамыту үшін карталар (физикалық және әкімшілік картасы, контурлы карталар, тарихи карталар, жартышар карталары) және глобус қолданылады.

Олармен жұмыс жаңа тақырыпты түсіну, өткен материалды қайталау, үй тапсырмасын тексеру кезінде жүргізіледі.

Жұмыс кезінде мұғалім қадағалауымен білім алушылар таяқшаны дұрыс қолдана білуі керек. Өзен, көл, қала, мемлекет атауларын картадан дұрыс көрсете білуі қажет.

19-кесте – Пән бойынша бағалаунормалары

Бағалар

Бағалаудың сипаттамасы

5

Оқушы оқу материалын объектілер мен табиғат құбылыстарының арасындағы байланысты анықтап,табиғатқа жасаған бақылауларын қолдана отырып, жүйелі де логикалық түрде баяндаса (бағдарлама көлемінде), тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындап және қойылған сұрақтарға толық жауап берген жағдайда қойылады.

4

Оқушының жауабы, негізінде, «5» деген бағаның талаптарына сай болғанда, бірақ оқушы нақты материалды баяндауда, кейбір практикалық жұмыстарды қолдануда жекелеген дәлсіздіктер жібергенде, қойылады. Осы кемшіліктердің барлығын мұғалім көрсеткеннен кейін оқушының өзі түзетеді.

3

Оқушы оқу материалының негізгі мазмұнын меңгеріп, бірақ  нақты қателер жіберсе, табиғаттағы құбылыстарды өзінің бақылау нәтижелерін қолдана алмаса, бағдарламада қарастырылған табиғаттағы құбылыстар мен нысандар арасындағы байланысты орнатуда, практикалық жұмыстарды орындауда қиналса, бірақ мұғалімнің көмегімен аталған кемшіліктерін түзете алса қойылады.

2

Оқушы бағдарлама материалының көп бөлігін меңгермесе, мұғалімнің көмегімен де практикалық жұмыстарды орындай алмаса қойылады.

 

Бағаны төмендетуге әсер ететін қателер мен кемшіліктердің жіктелуі.

Қателер:

- ұғымды дұрыс анықтай алмауы, ұғымның маңызды сипаттамаларын маңызды емес сипаттамаларымен ауыстыру;

- маңызды болып табылатын жағдайларда объектіні (құбылыстарды) сипаттауда бірізділіктің бұзылуы;

- әңгіме-талқылауда сол және басқа зерделенген құбылыстардың өту жағдайындағы заңдылықтарын, себептерін дұрыс ашпау;

- құбылыстарды олардың маңызды белгілер бойынша топқа бөліп жіктеп салыстырудағы қателіктер;

- нақты материалды білмеу, айтылған ұсынысты дәлелдейтін мысалдарды өздігінен келтіре алмау;

- суретті, сызбаны орындай алмауы, кестені дұрыс толтыра алмауы, өзінің жауабын сурет, сызбамен, иллюстрациялық материалдармен дәлелдей алмау;

- қате нәтижеге әкелетін тәжірибе жасаудағы қателіктер;

- картаға және жоспарға бағдарлана білмеу, зерделенген нысандарды (табиғи-тарихи) дұрыс көрсетудегі қиындық.

Кемшіліктері:

- нысанның маңызды емес белгілерін сипаттауға басымдық беру;

- жұмыстың нәтижесіне кері әсерін тигізбейтін сурет, схема, кестелерді орындаудағы олқылықтар: білгілер мен жазулардың болмауы;

- қате нәтижеге әкелмейтін операциялардың тәжірибе жүргізу барысындағы жүйелерінің бұзылуы;

- құралды анықтап белгілеудегі қателік, оны қолдану жетекші сұрақтан кейін жүзеге асырылса;

- картадан нысанды табу барысындағы олқылықтар.

Пән бойынша жазбаша білімін тексеруде білім алушылардың жазбаша сөз мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігіне байланысты толық жазбаша жауапты талап етпейтін бақылау жұмыстары қолданылады. Жеке карточка-тапсырмалармен жұмыста: оқушылар кестені толтырады, сызбаларды, диаграммаларды салады немесе толықтырады, дұрыс күнін таңдайды және т.б.маңызды.

20-кесте – Тексеру және бақылау жұмыстарының саны

Тоқсан

Тексеру

жұмыстары

Бақылау

жұмыстары

І

1

1

ІІ

1

1

ІІІ

1

1

ІҮ

1

1

Тест қиындығы жағынан орташа деңгейлі тапсырмалардан тұрады. Қатені табу; дұрыс жауапты таңдау; айтылған ойды жалғастыру немесе түзету түріндегі тест тапсырмаларын қолдануғаболады.

Тест жұмыстарын орындау үшін оқушыларды алдын ала дайындау қажет. Ол үшін алдыңғы сабақтардың бірінің соңында 10-15 минут уақыт бөлу керек. Тақтада өтілетін тест тапсырмаларына ұқсас 1-2 тапсырманы тақтаға жазып немесе іліп, оны оқушылармен бірге орындау ұсынылады.

21-кесте – Тест тапсырмаларын бағалау нормалары

Базалық деңгей

0-60%

60-77%

77-90%

90-100%

Баға «2»

Баға «3»

Баға «4»

Баға «5»

 

«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ

Өзін-өзі тану

«Өзін-өзі тану» оқу пәнінің мақсаты оқушылардың өз ішкі әлемін танып білуіне мүмкіндік беру және өзімен, қоршаған ортамен үйлесімді қарым- қатынасын құру болып табылады.

«Өзін-өзі тану» пәнінің базалық білім беру мазмұны төрт негізгі бөлімді қамтиды:

  1. «Өзін-өзі танубақыты»;
  2. «Адами қарым-қатынасқаүйренейік»;
  3. «Адам боламдесеңіз»;
  4. «Әсемдік»әлемінде».

Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына – 1 сағаттан, оқу жылында барлығы 34 сағаттықұрайды.

Білім берудің барлық деңгейлерінде 33-34-сабақ қорытынды қайталау ретінде көрсетілген, ол курс аяқталғаннан кейін өтілген материалды жалпылау мен жүйелеуді білдіреді.

Қорытынды қайталау сағаттарын білім алушылардың жобалық іс-әрекет аясындағы шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін таныстыруға берілген мүмкіндік ретінде де қарастыруға болады.

Шығармашылық жұмыстар жеке, топтық және ұжымдық сипатқа ие.

Білім алушылардың білімін бағалау

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім алушылардың білімін бағалау«Өзін-өзі тану» үлгілік оу бағдарламасында ұсынылған білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізінде жүргізіледі.Бұл талаптар білім алушылардың танымдық қызметін дамыту мониторингінің, өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға және қоғамға қызмет ету дағдыларына ұмтылудың өлшемшарты болыптабылады.

Оқыту қорытындысы бойынша білім алушыларға «сынақ»/ «сынақ емес» қою кезінде білім алушының жобалық іс-әрекетке қатысуы ескеріледі. Орындалған жобалардың сапасын талдау кезінде білім алушылардың ұжымдық және топтық шығармашылықтағы белсенділігіне, сондай-ақ жеке шығармашылық іс-әрекетте мәселенің тереңдігін ұғынуына, жобаның мұраты мен мазмұнының жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлануына, сабақта қойылған мәселенің шешімін адамға және қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік негізінде іздеуіне назар аударылады.

«ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ

Музыка

Бастауыш мектептегі «Музыка» пәні білім алушылардың рухани және өнегелік-адамгершілік әлемін қалыптастыратын негізгі пәндердің бірі болып саналады.

«Музыка» оқу пәнін оқытудың мақсаты білім алушылардың музыкалық мәдениетінің негізін қалыптастыру, музыка құралдары арқылы алған білімдері мен дағдыларын білім беру қызметінде және әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдана білетін рухани-адамгершілікті шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлеміаптасына 1 сағаттан, оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды.

Музыка пәні бойынша зерделеу, бақылау және бағалау нысандары оқу музыкалық әрекеттің 4 түрі болып табылады:

1) музыканы тыңдау: музыкалық сабақтарда білім алушылар музыкалық туындыларды тыңдауға және музыкалық бейнеге, мазмұнға және музыкалық бейнелілік құралдарына ауызша сипаттама беруді үйренеді, музыкалық әдебиетті біледі, салыстырады, тұжырымдай алады. Білім алушыларда есту қабілетінің көлемі шектеулі. Оны музыкалық шығарманы тыңдау кезінде ескеру қажет. 4-сынып оқушыларының тыңдау арқылы назар аудару көлемі 3-тен 5 минутқа дейінгі аралықты қамтиды;

2)музыкалық сауаттылықты зерделеу: музыка сабақтарында 4-сыныптыңбілім алушылары дыбыс/дауыс және оның қасиеттері, дыбыс/дауыс биіктігі, дауыс/дыбыс ұзақтығы, дыбыс/дауыстың қаттылығы, музыкалық өрнектеудің/-бейнеліліктің құралы, композитор-орындаушы-тыңдаушы, халық композиторы, халықтық және кәсіби (композиторлық) музыка, орындаушылар, музыканың негізгі түрлері, халық билері, кәсіби музыканың жанрлары, оркестрлер, музыкалық аспаптар туралы оқып біледі.

3) ән айту: ән айту кезінде екпіндету тазалығына, вокалдық және хорда ән айту дағдыларын меңгеруіне, орындаудың мәнерлілігіне, әр білім алушының жетістіктеріне назар аудару керек. Мұғалім 10-11 жастағы білім алушылардың дауыс ерекшеліктерін ескеруі қажет.

4) музыкалық аспапта ойнау/сүйемелдеу: білім алушылар шулы/-даңғырлатып ойнайтын музыкалық аспаптарда, білім алушыларға арналған ұрмалы құралдарда (таяқшалар, ағаш қасықтар, дабыл-даңғаралар, сылдырмақты қоңыраулар, тұяқ тас, асатаяқ және т.б.)ойнауға үйренеді.

Музыка сабағында шығармашылық тапсырмалардың төмендегідей жұмыс түрлерін пайдалануға болады:

1) ырғақтық ойындар мен ырғақтық сүйемел;

2) музыкаға сәйкес қимылдар жасау;

3) музыканың мазмұнына сай сурет салу;

4) әндерді, ертегілерді, аңыз-күйлерді сахналау.

Бейнелеу өнері

«Бейнелеу өнері» оқу пәнін оқыту эстетикалық сезімдерге, бейнелеу өнеріне деген қызығушылыққа тәрбиелеуге; Қазақстан халқының және басқа да елдердің мәдениетіне құрмет, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеуге; өзінің кез келген қызметіне шығармашылықпен келе білуіне, оған ынтасы және қиял-елестету, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілеттілігін, көркемдік қызметтегі ынтымақтастық білігі мен дағдыларын дамытуға; халық шығармашылығына сүйіспеншілік пен қызығушылықты тәрбиелеуге, байқампаздығы мен көргенін есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған.

Бағдарламадағы оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік болмысын көрсететін блоктар бойынша ұсынылған: «Көркемдік қызмет түрлері», «Көркемдік сауаттылық негіздері», «Қоршаған әлемді тану», «Көркем- шығармашылық қызмет мазмұны».

Барлық блоктар жиынтығы бастауыш көркемдік білім мен тәрбиелеу міндеттерін шешуге бағытталған.

«Бейнелеу өнері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Бағалау нормалары:

«5» деген баға: білім алушы сабақтың қойылған мақсатын толығымен орындайды; оқып-зерделенген материалды дұрыс жеткізеді және алынған білімді іс жүзінде қолдана алады; сурет композициясын дұрыс шешеді, яғни кескіндеме/суреттің барлық компоненттерін өзара үйлесімді келістіреді; кескіндеме/суреттемеде неғұрлым сипатты белгілерді атап көрсете алады және  жеткізе алады.

«4» деген баға: білім алушылар бағдарлама материалын толығымен меңгерді, бірақ оны мазмұндауда қосымша сипаттағы дәлсіздіктерді жіберіп алады; бейненің/кескіндеменің барлық компоненттерін өзара үйлесімді қиылыстырады, бейнені байқай алады, бірақ суреттің нақты сипаттамасын көрсетпейді; бейненің/ кескіндеменің неғұрлым сипатты белгілерін онша нақты  жеткізе алмайды.

«3» деген баға: білім алушылар сабақтың қойылған мақсатын нашар орындайды; меңгерілген материалды мазмұндауда дәлсіздіктерге жол береді.

«2» деген баға: білім алушылар жауап беруде өрескел қателер жібереді; сабақтың қойылған мақсатын орындай алмайды.

«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ САЛАСЫ

Еңбекке баулу

Оқу пәні бастапқы технологиялық білім, еңбек білігі мен дағдыларын, еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру тәсілдерін меңгерту; сенсорика, қол саусақтарының ұсақ моторикасын, кеңістік қиялын, ақпарат түрлерінде бағдарлау қабілеттерін дамыту; қоршаған әлем өзгерісіндегі адам еңбегінің рөлі туралы білімді меңгерту; адам және адам еңбегіне құрметпен қарауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.

«Еңбекке баулу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлеміаптасына 2 сағаттан, жылына 68 сағаттықұрайды.

«Еңбекке баулу» оқу пәнінің мазмұны екі бөлімнен тұрады: «Техникалық еңбек» және «Көркем еңбек». «Техникалық еңбек» бөлім аясында білім алушылар қағаз және қатырма қағазбен, тоқыма материалдарымен, табиғи материалдарменжұмыс істейді, техникалық моделдеумен айналысады.Екінші бөлім білім алушылардың ұлттық киімдер мен бұйымдардыдайындауын, ермексаздан мүсіндеуді, әртүрлі материалдардан бұйымдарқұрастыруынқарастырады.

Сабақтың алдында мұғалім қажетті материалдарды және барлық құралдар мен құрылғылардыңжарамдылығынтексеруге тиіс.

Еңбек баулудың әрсабағындамұғалімбілім алушылардың жеке гигиена және еңбек қауіпсіздігі ережелерінсақтауын қадағалауы маңызды.

Бағалау нормалары:

Бағалар жалпы орындалған не жасалған бұйым, жеке технологиялық операциялар; жұмыс жоспарын құра білу, тәжірибе жасау, материалдардың қасиетін анықтау, материалдар мен құралдарды дұрыс атау, олардың міндетін анықтау, олармен қауіпсіз жұмыс ережесін атау білігі үшін қойылады.

Жалпы алғанда бұйымды орындау

«5» бағасы құралдармен қауіпсіз жұмыс ережесін сақтай отырып, қатесіз және мұқият жасалған бұйымға қойылады (қолданылатын материал бойынша құралды таңдау, сондай-ақ, сабақ бойы жұмыс орнында тәртіпті сақтау білігі ескеріледі).

«4» бағасы осы талаптар есебінен қойылады, бірақ бұйым құрылымын бұзбай түзетуге жол беріледі.

«3» бағасы бұйым мұқият орындалмаған, бірақ құрылымы бұзылмаған жағдайда қойылады.

Көрсеткен дербестігі мен шығармашылықпен орындалған жұмыс үшін бағаны бір балға көтеріп қоюға болады немесе қосымша бағаланады.

Құрылымы бұзылған, өз мақсатына сай емес бұйым бағаланбайды, ол түзетуге, қайта жасауға жатады.

Тексеру жұмысы кезінде дайын бұйым үшін баға барлық білім алушыларға қойылады.Тексеру жұмыстары әр тоқсан сайын және жыл соңында жүргізіледі. Олар белгілі бір сабақтар санынан кейін жеке операцияларды меңгеруін тексеру немесе жұмыс түрлері бойынша қорытынды сабақ болуы мүмкін).

Жеке технологиялық операцияларды бағалау нормалары

«5» бағасы әртүрлі өлшеп белгілеулердің, материалдарды пішудің нақтылығына, бүгудің дұрыстығына, тегіс сырылуына; үлгіге немесе суретке сәйкес конструктор бөлшектерінен бұйымды орындау дәлдігіне; материалдарды, құралдарды олардың мақсатына сәйкес бұйым құрылымына ұжымдық талдау жасағаннан соң жеке жұмыс жоспарын құру, бұйымға өздігімен талдау жасауын түсіндіре отырып көрсету білігіне қойылады.

«4» бағасы, егер білім алушы өлшеп белгілеу кезінде дәлсіздікті жіберсе (3 мм дейін), пішуде 1 мм дейін белгілеу жолынан ауытқыса, материалды үнемсіз қолданса; жұмыс орнындағы тәртіпті мұғалімнің ескертуінен кейін сақтаса; алдағы жұмыс жоспарын 1 қатемен өздігімен құрса қойылады.

«3» бағасы, егер білім алушы өлшеп белгілеу кезінде дәлсіздік жіберсе: 5 мм-ге дейін бұйымды жасаудың жұмыс жоспарын өздігімен құруда 2 логикалық қате жіберсе қойылады.

Білім алушылардың білімі мен біліктерін әділ бағалау үшін әр баланың бағдарлама материалын меңгеруін есепке алу қажет. Егер мұғалім сұрау мен бақылауды жоспарлаған жағдайда баға әділ болуы мүмкін. Сабақтың жоспарында бақылайтын 4 білім алушының аты-жөнін жазады, олардың сабақ бойы жұмыс орнында тәртіпті қалай сақтайтынын бақылайды, 4 білім алушының материал бойынша нақты бөлшектерін нақты өлшеп белгілей алу ептігін бақылайды, келесі 4 білім алушының желіммен мұқият жұмыс істеу ептілігін, сабақтағы құралдармен қауіпсіз жұмыс істеу тәртібін сақтай отырып сыруды орындауын немесе жұмыс істеуінбақылайды.

Егер білім алушы мұғалім берген тапсырманы орындай алмаса, мұғалім жұмысты қалай орындау керек екенін білім алушыға қайтадан көрсетуі тиіс. Бұл жағдайда баға бірнеше сабақтан соң қойылады.

Осылайша, бір сабақта мұғалім бірнеше баға қояды, бірақ олар білім алушының нақты білімі мен білігіне қойылады.

 «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ

Дене шынықтыру

Пәнді оқыту қимыл-қозғалыс негіздерін меңгеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру; өз денсаулықтарына ұқыппен қараудың қажеттілігін қалыптастыру; дене бітімінің және психикалық қасиеттерінің  толық дамуы; салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдануғабағытталған.

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 3 сағаттан, оқу жылына барлығы 102 сағатты, оның ішінде базалық бөлігі -86 сағатты, вариатив бөлігі – 16 сағатты құрайды.

Базалық (инварианттық) компонент дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын айқындайды.

Вариативті компонент мұғалімнің оқу процесінің саналуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын енгізуге бағыттайды. Себебі вариативті компонент мектептің материалдық базасы орналасқан жердің аумақтық ерекшеліктерін, оқытушының мүмкіндіктері мен білім алушылардың қызығушылықтарын ескеру қажеттілігіне негізделген. Бұл компоненттің оқу материалын жергілікті білім беру ұйымдары ұсынады, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері әзірлейді.

Дене шынықтыру мұғалімі бағдарлама талаптарына сүйенеді және әр білім алушының жеке мүмкіншіліктері мен жыныстық даму ерекшеліктерін ескере отырып, талаптардың (қорытынды тапсырмалар) жеке шкаласын өз бетінше құруына және соған сәйкес білім алушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады.

«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» бөлімдері бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады:

1) жекелеген қарсыз аудандарда шаңғы дайындығы сабақтарын кросстық дайындықпен алмастыру;

2) жүзу сабақтарын өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда, оларды гимнастика сабақтарымен алмастыру.

Дене шынықтыру сабақтарында білім алушылар дене жаттығуларын орындау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауы тиіс. 

«Денсаулық күндері» оқу жылы ішінде 3-4 рет өткізіледі.

«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында білім алушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі бар анықтаманы міндетті түрде көрсете отырып іске асырылады.

22-кесте –Қимыл-қозғалыс сапалары дағдыларын, іскерліктерінмеңгеру, оны дамыту бойынша оқу нормативтері:

п/п

Қорытынды жаттығулар

қыздар

ұлдар

«5»

«4»

«3»

«5»

«4»

«3»

1.

30 м жүгіру (с)

5,5

6,0

6,8

5,6

6,1

7,0

2.

2000 м жүгіру

уақыт есептелмейді

3.

Ұзындыққа секіру (см)

300

260

220

260

220

180

4.

Биіктікке секіру (см)

100

90

80

95

90

80

5.

150 грдоп лақтыру (м)

27

22

18

17

15

12

6.

Биік кермеде тартылу (рет)

5

3

2

-

-

-

7.

Жатып ілініп аласа кермеде тартылу (рет)

 

-

 

-

 

-

 

14

 

9

 

7

8.

Шаңғымен 1 шақырымға жүгіру (мин, с)

 

7,00

 

7,30

 

8,00

 

7,30

 

8,00

 

8,30

9.

Шаңғымен 2 шақырымға жүгіру (мин, с)

 

уақыт есептелмейді

10.

25 м жүзу

уақыт есептелмейді

11.

Қарсыз аудандарда2000 м жүгіру

уақыт есептелмейді

Білім беру саласының аймақтық және жергілікті жердегі органдары климаттық және экологиялық жағдайларды ескере отырып оқу нормативтерін көбейту жағына қарай өзгертуге құқылы.

3.1. НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (9-сынып)

«Тіл және әдебиет» білім саласы

«Тіл және әдебиет» білім саласына «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті», «Шет тілі» оқу пәндері және «Абайтану» курсы кіреді.

«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін).

«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» оқу пәндерін оқытуда оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер

9-сыныпта оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы             03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) «Қазақ тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.

         Негізгі орта білім беру деңгейінің оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтына орналастырылған (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/Оқу бағдарламалары/11-жылдық мектептің негізгі орта білім беру оқу бағдарламалары (Қазақ тілі. Қазақ әдебиеті).

         «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

9-сынып – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

Әрбір тоқсанда алынатын бақылау диктантының саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.

Жалпы білім беретін мектеп білім алушыларға терең білім берумен қатар, олардың ауызекі тілі мен жазбаша тілін дамыту, ойын жүйелі айтып орамды сөйлеп әрі дұрыс жаза білуді талап етеді. Сондықтан қазіргі оқу процесі арқылы білім алушылардың жазбаша тіл мәдениетін дамытып, жүйелі жазу дәрежесін көтеру мақсатын қояды.

Әрбір мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жазба жұмыстарына үйретіп, тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білуде ең негізгі мәселенің бірі – білім алушының жас ерекшелігі мен білім қорына байланысты жазба жұмысын үйретудің міндеті мен көлемін анықтау болып табылады. Мұғалім сол міндет пен көлемге байланысты жазбаша тіл дамыту жұмысының түрін, көлемін, оның әдіс-тәсілдерін белгілейді, анықтайды.

         Жазба жұмысына (диктант) қойылатын талаптар еш өзгеріссіз қалдырылды, қажет болған жағдайда, өткен оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хаттан қарауға болады.

23-кесте – Жазба жұмысының оқу тоқсандары бойынша бөлінуі

Жазба жұмыстардыңтүрлері

Оқу тоқсандары

Барлығы

І

ІІ

ІІІ

ІV

 

Диктант

1

1

1

1

4

Барлығы:

1

1

1

1

4

               
Диктант белгілі бір тақырып бойынша білім алушылардың дайындығын тексеру мақсатында жүргізілетіндіктен, сол тақырыптың негізгі орфограммалар мен тыныс белгілері енгізіліп, сонымен қатар, бұрынғы алған дағдыларының беріктігін көрсетуі тиіс.
24-кесте – Диктант нормасы

Сыныптар

Диктант

саны

Сөздер саны

Орфограмма саны

Тыныс

белгілері

9

4

150-170 сөз

24

15

Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:
  • «5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен 1 қатесі (0/1) бар;
  • «4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі бар (3/3) немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 (2/4) немесе емледен 1 немесе тыныс белгісінен      5 қатесі (1/5) бар, емледен бір типті (4/0) 4 қатесі бар;
  • «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі (6/5) бар немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате (5/6) бар немесе емледен 3, тыныс  белгісінен  8 қатесі (3/8)бар;
  • «2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі (9/5) бар немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі (8/9) бар диктанттарға қойылады.

         «Қазақ тілі» пәні бойынша дәптермен жұмыс жасау тәртібі, талаптары мен ережелері еш өзгеріссіз қалды, қажет болған жағдайда, өткен оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хаттан қарауға болады.

«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін қажетті дағдыларды дарыту болып табылады. Оқушылар кез келген ауызша немесе жазбаша мәтіндерді сенімді және сын тұрғысынан қолдана білуі, басқалармен әртүрлі тақырып төңірегінде саналы әрі анық әңгіме жүргізіп, әртүрлі мақсатқа арналған мазмұнды мәтін құра білуге дағдылануы керек. Бұл оқушыларды тіл мен әдебиетке қатысты мәселелермен қатар, заманауи тақырыптар мен мәселелерді талқылауға дайындап, олардың пікірталасқа араласуына түрткі болады.

9-сыныпта «Қазақ әдебиеті» пәнінен оқу жүктемесінің көлеміаптасына –3 сағаттан, оқу жылында – 102 сағатты құрайды.

Қазақ әдебиеті пәнінен өткізілетін жазба жұмыстарының нормалары:

25-кесте – Жазба          жұмысының, сыныптан тыс жұмыстардың саны (эссе, шығарма, сыныптан тыс оқу)

Сыныптар

Жазба, сыныптан тыс жұмыстардың түрлері

Оқу тоқсандары

Барлығы

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

9

Эссе

1

1

1

1

4

 

Шығарма

1

1

1

1

4

 

Сыныптан тыс оқу

1

1

1

1

4

 

Барлығы:

3

3

3

3

12

 

Ұлттық тестілеу орталығы (testcenter.kz) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эссе жазу туралы мұғалімдер мен оқушыларға көмекші құрал ретінде әдістемелік ұсынымдама әзірледі. Әдістемелік ұсынымдамада эссе термині, түрлері, құрылымы, ерекшелігі, талаптары және оның шығармадан айырмашылығы жөнінде түсінік берілген. Сонымен қатар, эссе тақырыптары, оны бағалау критерийлері және эссе жазу үлгісі ұсынылған.

Шығарманы бағалау.

Оқушы шығармасын тексеру, бағалау негізінен бес салаға бөлініп қарастырылады:

  1. мазмұндылығы менидеялылығы;
  2. ой-пікірдіңжүйелілігі;
  3. стилі;
  4. грамматикалықсауаттылығы;
  5. әдеби материалдардыпайдалануы.

Бұлардың қай-қайсысы да білім алушының білімін бағалауда маңызды. Білім алушылардың тақырыпты аша білу және стильге сәйкес тілдік  құралдарды пайдалана алу дағдысы; тілдік нормалар мен сауатты жазу ережелерінің сақталуы; ой-пікірдің жүйелілігі, шығарманың тақырыпқа сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен пікір ұтымдылығы; тақырыпты ашуға байланысты сөз қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауы, дәйексөзді ұтымды қолдана білуі; алынған әдеби материалдарының, дәлелдерінің нақтылығы, тақырыпты ашуда тиімді қолдануы бағалауда ескерілуұсынылады.

Шығарма екі бағамен бағаланады:

  1. бірінші баға – мазмұны мен тіл шеберлігіне (көркем тілмен жеткізілуі);
  2. екінші баға – сауаттылығына, яғни, орфографиялық, пунктуациялық және тілдік нормалардың сақталуына қойылады;
  3. баға дәптердің сол жақ шетіне қойылады;
  4. жазба жұмысының бағасы өткізілген күнгі журналдағы бағанға қойылады.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша дәптермен жұмыс жасау тәртібі, талаптары мен ережелері еш өзгеріссіз қалды, қажет болған жағдайда, өткен оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хаттан қарауға болады.

Сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:

- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;

- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар өткізу;

- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар ұйымдастыру;

- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.

Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2018-2019 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:

Елордамыз – Астана қаласына 20 жыл (1998 ж.);

Шал ақынның туғанына 270 жыл (1748-1819);

Бұқар жыраудың туғанына 350 жыл (1668-1781);

25 маусым – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл (1893 - 1937);

2 қыркүйек – ақын, жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың туғанына 100 жыл (1918-1987);

28 қазан – қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл Сұлтанмахмұт Шоқпытұлы Торайғыровтың туғанына 125 жыл (1893-1920);

29 қазан – қазақ ақыны, аудармашы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Мұзафар Әлімбаевтың туғанына – 95 жыл;

12 желтоқсан – қырғыз халық жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Шыңғыс Айтматовтың туғанына – 90 жыл;

5 мамыр – ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің туғанына – 125 жыл (1894-1938;

15 қараша – қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына – 125 жыл (1894-1938).

«Абайтану» курсы

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы арқылы оқыту жүзеге асырылады.

Курстың білім мазмұны ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға бағытталған.

Курсты қазақ тілі мен әдебиеті немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді. Мұғалімдерге көмек ретінде «Абайтану» курсы бағдарламасының мазмұнын жобалау мен өткізу бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп,  Академия сайтына (www.nao.kz)орналастырылды.

Жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған «Абайтану» курсын ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компоненті есебінен жүргізу ұсынылады.

Курс жүктемесінің көлемі:

9-сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

Курс бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау, сондай-ақ емтихан жүргізілмейді.

Орыс тілі (оқыту орыс тілінде емес сыныптар үшін)

Основная цель обучения русскому языку в 9 классе - формирование коммуникативной компетенции учащихся путем использования языкового и речевого материала в контексте общения, умения пользоваться русской речью при параллельном владении родным и русским языками; воспитание на основе тематического содержания речевого материала языковой личности, придерживающейся активной гражданской позиции, ориентирующейся на нравственно-духовные ценности казахстанского общества.

  • ри работе над теоретическим материалом по предмету «Русский язык» необходимо создавать условия не только для обучения учащихся на практике лингвистическому моделированию, но в большей степени для их положительной мотивации, поскольку механическое указание на языковой факт не может в полной мере способствовать усвоению в полной мере лингвистического явления.

Основными задачами предмета «Русский язык» являются:

- владение всеми видами речевой деятельности;

- применение всех приобретённых знаний, умений и навыков в повседневной жизни; способность использовать русский язык как средство получения знаний по другим учебным предметам; применение полученных знаний, умений и навыков анализа языковых явлений на межпредметном уровне;

- коммуникативно целесообразное взаимодействие с окружающими людьми в процессе речевого общения, совместное выполнение какого-нибудь задания, участие в спорах, обсуждение актуальных тем; овладение нормами речевого поведения в различных ситуациях формального и неформального межличностного и межкультурного общения.

Говоря о надпредметной функции курса  русского языка, следует отметить нацеленность курса на формирование важнейших общеучебных умений, основу которой составляют все виды речемыслительной деятельности: коммуникативные (владение всеми видами речевой деятельности и основами культуры устной и письменной речи, базовыми умениями и навыками использования языка в жизненно важных для обучающихся сферах и ситуациях общения), интеллектуальные (сравнение и сопоставление, соотнесение, синтез и обобщение, абстрагирование, оценивание и классификация); информационные (умение осуществлять библиографический поиск, извлекать информацию из различных источников, умение работать с текстом), организационные (умение формулировать цель деятельности, планировать её, осуществлять самоконтроль, самооценку, самокоррекцию).

Научно-методическое обеспечение образовательного процесса

При наличии в классах 24 и более учащихся класс делится на две группы. Соответственно предложенному в Государственном общеобязательном стандарте образования Республики Казахстан в школах с казахским, узбекским, уйгурским, таджикским языками обучения предмет «Русский язык»  изучается в 9 классе по 2 часа в неделю. Объем учебной нагрузки в каждом классе за учебный год по предмету «Русский язык» составляет 68 часов.

Соотношение часов на изучение материала и письменные работы. Объем письменных работ.

Формами письменной работы в 9 классе являются диктант, изложение, эссе, сочинение. В каждой четверти проводится в среднем 1 диктант (в первой четверти допускается 2 диктанта), 1 эссе или 1 сочинение. Сочинения и эссе могут быть классными и домашними.

Объем письменных работ для 9 класса: текст контрольного диктанта содержит 100-120 слов; словарный диктант состоит из 30-35 слов; текст для подробного изложения включает 140-160 слов; текст для сжатого изложения увеличивается до 170-220 слов; примерный объем сочинения – 1,0-1,5 страницы (350-500 слов).

В 9 классе диктант оценивается одной оценкой, диктант с грамматическим заданием – двумя через дробь,  изложение – двумя через дробь и выставляется в предмет «Русский язык», сочинение по русскому языку – двумя оценками через дробь, выставляется в предмет «Русский язык».

Ведение ученических тетрадей, соблюдение единого орфографического режима и нормы оценивания остаются без изменений.

Диктант оценивается одной оценкой

Оценка «5» выставляется за безошибочную работу, а также при наличии в ней 1 негрубой орфографической или 1 негрубой пунктуационной ошибки.

Оценка «4» выставляется при наличии в диктанте 2 орфографических и пунктуационных ошибок, или 1 орфографической и 3 пунктуационных ошибок, 4 пунктуационных ошибокпри отсутствии орфографических ошибок.

Оценка «4» может выставляться при 3 орфографических ошибках, если среди них есть однотипные.

Оценка «3» выставляется за диктант, в котором допущены 4 орфографических и 5пунктуационных ошибок, 7пунктуационных ошибок при отсутствииорфографическихошибок. Оценка «3» может быть выставлена также при 6 орфографических и6 пунктуационных ошибках, если среди тех и других однотипные и негрубые ошибки.

Оценка «2» выставляется за диктант, в котором допущенодо 7 орфографических и7 пунктуационных ошибок, или 6 орфографических и8 пунктуационных ошибок, 5 орфографических и9 пунктуационных ошибок,8 орфографических и6 пунктуационных ошибок.

При оценке контрольного словарного диктанта рекомендуется руководствоваться следующим:

Оценка «5» ставится за диктант, в котором нет ошибок.

Оценка «4» ставится за диктант, в котором ученик допустил 1-2 ошибки.

Оценка «3» ставится за диктант, в котором допущено 3-4 ошибки.

Оценка «2» ставится за диктант, в котором допущено до 7ошибок.

При оценке диктанта исправляются, но не учитываются орфографические и пунктуационные ошибки:

1) на правила, которые не включены в школьную программу;

2) на еще не изученные правила;

3) в словах с непроверяемыми написаниями, над которыми не проводилась специальная работа;

4) в передаче авторской пунктуации.

Исправляются, но не учитываются описки, неправильные написания, искажающие звуковой облик слова, например: «рапотает» (вместоработает), «дулпо» (вместо дупло), «мемля» (вместо земля).

При оценке диктантов важно также учитывать характер ошибок.

Среди ошибок следует выделять негрубые, т.е. не имеющие существенного значения для характеристики грамотности. При подсчете ошибок две негрубые считаются за одну.

К негрубым относятся ошибки:

1) в исключениях из правил;

2) в написании большой буквы в составных собственных наименованиях;

3) в случаях слитного и раздельного написания приставок в наречиях, образованных от существительных с предлогами, правописание которых не регулируется правилами;

4) в случаях раздельного и слитного написания не с прилагательными и причастиями, выступающими в роли сказуемого;

5) в написании ы и ипосле приставок;

6)в случаях трудного различия не и ни (и др.);

7) в собственных именах нерусского происхождения;

8) в случаях, когда вместо одного знака препинания поставлен другой;

9) в пропуске одного из сочетающихся знаков препинания или в нарушении их последовательности.

Необходимо учитывать также повторяемость и однотипность ошибок. Если ошибка повторяется в одном и том же слове или в корне однокоренных слов, то она считается за одну ошибку.

Однотипными считаются ошибки на одно правило, если условия выбора правильного написания заключены в грамматических (в армии, в здании; колют, борются) и фонетических (пирожок, сверчок) особенностях данного слова.

Не считаются однотипными ошибки на такое правило, в котором для выяснения правильного написания одного слова требуется подобрать другое (опорное) слово или его форму (вода — воды, рот — ротик, грустный — грустить, резкий — резок).

Первые три однотипные ошибки считаются за одну, каждая следующая подобная ошибка учитывается как самостоятельная.

Требования к оформлению и ведению тетрадей остаются без изменений.

По русскому языку проводятся текущие и итоговые письменные контрольные работы, самостоятельные работы, контроль знаний в форме теста.

Текущие контрольные работы имеют целью проверку усвоения изучаемого и проверяемого программного материала; их содержание и частотность определяются учителем с учетом степени сложности изучаемого материала, а также особенностей обучающихся каждого класса. Для проведения текущих контрольных работ учитель может отводить весь урок или только часть его.

Итоговые контрольные работы проводятся:

- после изучения наиболее значимых тем программы;

- в конце учебной четверти;

- в конце полугодия.

В один рабочий день следует давать в классе только одну письменную текущую или итоговую контрольную работу.

При планировании контрольных работ в каждом классе необходимо предусмотреть равномерное их распределение в течение всей четверти, не допуская скопления письменных контрольных работ к концу четверти, полугодия.

Не рекомендуется  проводить контрольные работы в первый и последний дни четверти.

Самостоятельные работы или тестирование могут быть рассчитаны как на целый урок, так и на часть урока, в зависимости от цели проведения контроля.

Порядок проверки письменных работ учащихся.

Тетради учащихся, в которых выполняются обучающие классные и домашние работы, проверяются  по русскому языку:

- в 9 классе – после каждого урока только у слабоуспевающих  учащихся, а у сильных - лишь наиболее значимые по своей важности, но с таким расчётом, чтобы раз в неделю тетради всех учащихся проверялись.

Изложения и сочинения по русскому языку и литературе, а также все виды контрольных работ по предметам проверяются у всех учащихся.

Проверка контрольных работ учителями осуществляется в следующие сроки:

- контрольные диктанты в 9 классе проверяются и возвращаются учащимся к следующему уроку;

- сочинения в 9 классе проверяются не более 10 дней.

В проверяемых работах учитель отмечает и исправляет допущенные ошибки, руководствуясь следующим:

- на полях учитель обозначает ошибку определенным условным знаком (I – орфографическая ошибка, V – пунктуационная).

При проверке изложений и сочинений в 9 классе (как контрольных, так и обучающих) исправляются не только орфографические ошибки, но и фактические, логические, речевые (речевые ошибки подчеркиваются волнистой линией) и грамматические;

- исправление ошибок производится учителем только красной пастой.

Исправляя письменные работы, учитель пользуется следующими знаками:

Ошибка

Её обозначение на полях тетрадей

Орфографическая ошибка

  1.  

Пунктуационная ошибка

  1.  

Стилистическая неточность

Волнистая линия

Неясен, непонятен смысл

  •  

Речевой недочет

  •  

Нарушение начала абзаца

  1.  

Фактическая ошибка

  •  

Грамматическая ошибка

  •  
  •  
  •  
 

Диктант как форма контроля может быть заменен тестом по предмету.

Итоговой работой в конце четверти должен быть контрольный диктант (с грамматическим заданием), либо контрольная работа.

«Русская литература»

Изучение учебного предмета «Русская литература» должно быть направлено на формирование духовно-нравственных качеств и патриотических чувств учащихся, формирование казахстанского патриотизма, развитие толерантности и умения общаться в условиях межэтнической и межкультурной коммуникации.

Подготовка учащихся по учебному предмету «Русская литература» предполагает формирование теоретико-литературных и историко-литературных знаний; читательских умений; системы эмоционально-ценностных отношений; опыта литературно-творческой деятельности.

Результаты учебной деятельности учащихся по русской литературе оцениваются по следующим параметрам:

- содержательность и глубина устного и письменного высказывания, отражающая качество восприятия и понимания поэтического текста; сформированность аналитических и речевых умений;  способность применять их на практике;  самостоятельность оценок событий и характеров в художественных произведениях, их аргументированность;

- выразительность чтения наизусть произведений разных жанров;

- техника чтения незнакомого текста.

Поурочный контроль результатов учебной деятельности учащихся осуществляется в устной и письменной формах или в их сочетании посредством проведения индивидуального, группового и фронтального опроса с использованием вопросов и заданий, содержащихся в учебниках, учебных, учебно-методических пособиях, а также других способов контроля.

Работая над текстом художественного произведения по вопросам учебника, учитель исправляет смысловые, а также речевые и грамматические ошибки в ответах учащихся. Аналитические вопросы учебника могут быть предложены учащимся для письменного ответа после обсуждения их в устной форме на предыдущих уроках. При оценке результатов учебной деятельности учащихся учитываются их возрастные особенности.

Тематический контроль результатов учебной деятельности учащихся осуществляется в устной и письменной формах или в их сочетании.

При оценке устных ответов и письменных работ учащихся (развёрнутый ответ на вопрос, пересказ, рассказ о герое и др.) учитываются:

- правильность и мотивированность отбора эпизодов, картин, деталей для решения поставленной учителем задачи;

- понимание взаимосвязи событий, поступков и характеров персонажей и важнейших средств их изображения (в соответствии с требованиями программы);

- композиционная стройность и логика построения ответа;

- речевая грамотность, культура произношения (соблюдение орфоэпических норм, правильное интонирование).

Поощряется самостоятельность мысли учащихся, аргументированность и убедительность доводов, оригинальность подхода к решению задачи, эмоциональность ответа, выразительность и образность языка.

Оценкой устных ответов и письменных работ по литературе необходимо поощрять глубокое, индивидуально-личностное восприятие литературы как искусства слова.

При обучении предмета «Русская литература» необходимо усилить работу по развитию речи учащихся при изучении и анализе художественного произведения, написании сочинений, эссе и изложений.

Объем учебной нагрузки по учебному предмету составляет:

9 класс – 34 часа, из них на: чтение и изучение – 26 часов, внеклассное чтение – 4 часа, развитие речи – 4 часа.

Все литературные произведения, на которые отводятся часы, предназначены для обязательного изучения.

Отметки за сочинение (выполняется в тетрадях по развитию речи) по русской литературе выставляются в предмет «Русская литература»  через дробь в одну графу: первая – за содержание, вторая – за грамотность. Ошибки выносятся графически на поля и подсчитываются.  При написании домашнего сочинения или других творческих работ отметка за работу выставляется в графу, соответствующую дате, когда давалось задание, или дате, когда проходила защита творческой работы.

Для написания сочинения по литературе можно использовать два урока литературы или один урок русского языка и один урок русской литературы.

Отметки за чтение наизусть выставляются на учебном занятии, следующем за учебным занятием, на котором было дано задание выучить наизусть, или на любом другом учебном занятии, тема которого включает изучение данного произведения.

Непременным условием методически правильно организованного процесса обучения чтению является контроль за уровнем сформированности у учащихся навыка чтения. При этом учителю следует обращать внимание на следующие стороны, характеризующие уровень сформированности навыка  чтения.

Правильность чтения. При выявлении уровня сформированности правильности чтения нужно исходить из того, что от этой стороны навыка находится в прямой зависимости прежде всего выразительность чтения, в определенной мере – осознанность. Прямое влияние правильность чтения оказывает на развитие орфографической зоркости учащихся, что, в свою очередь, сказывается на уровне грамотности ученического письма. Особого подхода требует оценка темпа чтения учащихся. При проверке следует предупредить школьников о ненужности торопиться при чтении.

Сознательность чтенияпроверяется путем ответов на вопросы, выделения главной мысли прочитанного, пересказа текста, озаглавливания и др.

Выразительность чтения.При проверке выразительности чтения обращается особое внимание на достаточную громкость и четкость произношения слов, соблюдение ударения, выделение при чтении важных по смыслу слов, т.е. логическое ударение, на осознанное использование пауз и интонаций, посредством которых ученик выявляет не только понимание смысла читаемого текста, но и свое отношение к содержанию. Читать выразительно – значит осмысленно выражать отношение к прочитанному. Эта часть проверки особенно важна, так как она связана с проверкой осознанности чтения, с проверкой того, как слово входит в сознание ребенка.

При проверке техники чтения необходимо обязательно выходить на связи двух процессов: формирование навыков чтения и усвоение содержания читаемых текстов.

Для проверки техники чтения учащихся определенного класса отбирается текст, соответствующий следующим нормам

Класс

Чтение вслух

Чтение про себя

9 класс

100-120 слов

180-200 слов

Из года в год отмечаются юбилеи известных писателей, поэтов, драматургов и других деятелей, оставивших свой след в мировой литературе. При планировании и организации внеклассной работы  рекомендуем обратить внимание на календарь юбилейных дат, которые будут отмечаться в 2018-2019  учебном году:

25 июня – 125 лет (1893-1931) со дня рождения поэта М.Б. Жумабаева;

11 июля  – 160 лет (1858-1931) со дня рождения казахского поэта, мыслителя, переводчика, композитора Ш. Кудайбердиева;

9 сентября –  85 лет (1933) со дня рождения писателя А. Тарази; 

29 сентября   – 75 лет  (1943-1993) со дня рождения   писателя  О.  Бокеева;

25 октября  – 95 лет (1923-1994) со дня рождения   писателя  Т. Ахтанова;

28 октября 125 лет (1893-1920) со дня рождения поэта,  просветителя  С. Торайгырова;

17 августа – 110 лет (1908-1981) со  дня рождения писателя  Б.  Полевого;

20 августа – 105 лет (1913-1994) со  дня рождения   писателя  А.Б.   Чаковского;

6 сентября – 90 лет  со  дня рождения   поэта   и писателя  Э.  Асадова;

8 сентября – 95 лет   со  дня рождения   поэта  Р. Гамзатова;

9 сентября- 190 лет (1828-1910) со  дня рождения   писателя Л. Н. Толстого;

3 октября – 145 лет (1873-1950) со  дня рождения  писателя  В.Я. Шишкина;

8 октября – 195 лет (1823-1886) со  дня рождения  писателя  И.С. Аксакова;

14 октября – 80 лет со  дня рождения  детского писателя  В. П. Крапивина;

9 ноября – 200 лет (1818 - 1883) со  дня рождения   писателя  И.С. Тургенева;

23 ноября – 110 лет (1908-1978) со дня рождения  писателя Н.Н. Носова;

30 ноября – 105 лет со дня рождения писателя В.Ю. Драгунского;

1 декабря – 95 лет (1923-1984) со дня рождения  писателя   Н. Ф. Тендрякова;

5 декабря – 210 лет (1803-1873) со дня рождения поэта Ф.И. Тютчева;

12 декабря – 90 (1928-2008)  лет со дня рождения писателя Ч. Айтматова;

15 декабря  –  95 лет   со дня рождения   детского  писателя Я. Л.  Акима;

26 декабря – 115 (1898-1980) лет со дня рождения поэта С.П. Щипачева.

Шетел тілі

Шетел тілі бойынша оқу бағдарламасының құрылымында «Ағылшын тілі», «Неміс тілі» және «Француз тілі» пәндерінің базалық мазмұны маңызды аспект болып табылады. Неміс тілін немесе француз тілін таңдауды ата-аналар мен білім алушылардың қажеттілігі мен сұраныстарын ескере отырып, жалпы білім беретін мектептер вариативті компонент сағаттарының есебінен жүзеге асырады.

«Шетел тілі» пәнінің оқыту нысаны тілдік жүйе (фонетика, лексика, грамматика), сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым), оқылатын пәннің мәдениаралық қызметі болып табылады.

Негізгі орта білім деңгейіне арналған шетел тілі курсы жалпы орта білім деңгейінде оқыту дайындығына бағытталған, яғни ол шетел тілін меңгерудің жалпы еуропалық деңгейлеріне сәйкестендірілген:

9-сынып – А2+ («Қалыптасу қарсаңындағы игерім»).

Негізгі орта білім беру деңгейінде шетел тілін оқытудың мақсаты – оқушылардың тілді меңгерудің жалпыеуропалық (А2+) қалыптасу алдындағы деңгейіне сәйкес білім алушылардың тіл тасымалдаушылармен мәдениаралық қарым-қатынас жасау қабілеттерін, коммуникативтік біліктерін дамыту, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру.

Бұл кезеңде келесі кезеңдердегідей танымдық процесс шоғырландырыла ұйымдастырылады: берілген кезеңде әуелгі кезеңнің тақырыптары мен сөйлеу аясы кеңейіп, оларға жаңа сөйлеу тақырыптары қосылады. Қатысымдық-сөйлеу әрекеті бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, репродуктивті әрекеттен репродуктивті өнімді әрекетке, кейіннен өнімді әрекетке қарай дамиды.

9-сыныптарда (А2+оқу деңгейі бойынша) қатысымдық-мәдениаралық құзыреттердің барлық компоненттерін дамыту жалғаса береді: грамматикалық және лексикалық минимум кеңейтіледі, тілдік және сөйлеу дағдылары нығайтылады, дискурсивті және әлеуметтік-мәдени біліктері дамиды. Бұл оқу деңгейінде өзіндік өмірлік тәжірибесі мен оқушылар білімін ескере отырып, үлгіге қарамай, вербальдық тірексіз байланысқан сөйлем құрау қабілеттерін қалыптастыру қажет.

Көптілді білім беруді енгізу жағдайында ағылшын тіліне ерекше назар аударылады.

9-сыныптарда лексикалық сөздік қоры кеңейеді, тілдік емес пәндер бойынша терминологиялық түсініктерінің көлемі ұлғаяды.

Шетел тілі сабақтарында білім алушылардың тұлғалық қасиетін қалыптастырудың маңызды аспектісі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру болып табылады:

  • білім алушылар бойында шетел тілінің қазіргі адам өмірінде және көп мәдениетті әлемдегі рөлі мен маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру, Шетел тілін қолдануда мәдениаралық қарым-қатынаста басқа халықтар мәдениетімен дүниені тану құралы ретінде жаңа тәжірибе жинақтау;
  • азаматтық бірегейлікті, өз халқы, туған өлкесі, өз елі үшін патриоттық және мақтаныш сезімін, өз этникалық және ұлтқа қатыстылығын сезіну, тілдерді және мәдениетті меңгеру арқылы жалпы қабылданған адамзаттық және базалық ұлттық құндылықтарды дамыту;
  • коммуникативтік құзыреттіліктері мен мәдениетін қалыптастыру, яғни өзінің сөйлесу мүмкіндігі мен қажеттілік деңгейінде ауызша (айтылым және тыңдалым) және жазбаша (оқылым және жазылым) әртүрлі үлгіде тілді тасымалдаушымен қарым-қатынасқа дайын болуы және коммуникативтік міндеттер мен әңгімелесу әдебіне сәйкес сөйлесу және сөйлесуден басқа құралдарды барынша кең көлемде пайдалану;
  • басқа елдердің мәдениетімен танысу арқылы өзге (бөгде) мәдениетке құрметпен қарау қарым-қатынасын қалыптастыру;
  • ауызша және жазбаша қарым-қатынаста шетел тілінде өзінің төл мәдениетін таныстыру қабілетін одан әрі дамыту.

Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында шетел тілі пәні мұғалімдеріне:

  • оқыту материалдарының түпнұсқасын пайдалану (аудио-, бейнежазбалар, фильмдер, әндер, ғылыми және ойын-сауық журналдарынан мақалалар);
  • шетел тілінде сипаттама беру, мінездеме беру, салыстыру, талдау, диалог жүргізу, пікірталас, қажетті дәлелдемелер келтіру, жинақтау және қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру үшін БАҚ материалдарымен жұмыс жасау;
  • оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында өз бетінше анықтамалармен және энциклопедиялық әдебиеттермен, электронды ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
  • білім алушылардың қауіпсіз мәдениетті тәртібін қалыптастыру үшін қауіп-қатер жағдайындағы және түрлі жағдаяттардағы мінез-құлықтары туралы мәтіндерді жұмыс үшін қолдану ұсынылады.

Шетел тілі бойынша апталық оқу жүктемесінің көлемі:

9-сыныпта аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

Білім алушы дәптерлерінің саны мен түрлері, білім алушы дәптерін жүргізуге қойылатын негізгі талаптар, дәптерлерді тексеруге қойылатын негізгі талаптар өзгеріссіз қалады. Нормативтер мен талаптар 2017-2018 оқу жылындағы Әдістемелік – нұсқау хатта көрсетілген.

Ұсынылатын бақылау жұмыстарының нормалары

Алған білімдерінің динамикасы мен мониторингін анықтау үшін оқу жылына 7 бақылау жұмысын жүргізу ұсынылады. Бақылау жұмыстарындағы тапсырмалар саны мен бағалау келесідей болады: лексика және грамматика бойынша 15 тапсырма, тыңдалым - 5 тапсырма, оқылым – 5 тапсырма. «5» деген баға – 21- 25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 балл.

№ 1 кіріспе тест. Бұл жұмыс түрі өткен оқу жылында алған білімдердің диагностикасы мен бақылауын қарастырады, тек лексикалық-грамматикалық аспектілерін қамтиды. Тест тапсырмаларының саны - 25, жауаптар нұсқаларының саны-5. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені оқу жылының бірінші күндерінен бастап оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын төмендетуі мүмкін.

№ 2 бақылау жұмысы 1-тоқсан қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 1-ші тоқсанда меңгерген барлық материалдарды қамтиды.

№ 3 бақылау жұмысы – 2-тоқсанның қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 2-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды.

№ 4 диагностикалық тест (бақылау жұмысы). Бұл алдыңғы екі оқу тоқсанында алған білімдердің бақылау мен динамикасын қарастырады, тек лексикалық-грамматикалық аспектісін қамтиды. Тест тапсырмаларының саны - 25, жауаптар нұсқаларының саны-5. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды.

№ 5 бақылау жұмысы –3-тоқсан қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 3-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды.

№ 6 бақылау жұмысы – 4-тоқсан қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 4-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды.

№ 7 бақылау жұмысы – жылдық қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы жыл бойына өтілген барлық тақырыптық материалдарды қамтиды.

Ұсынылатын жазба жұмыстарының нормалары

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жазба жұмыстарын, соның ішінде эссе жазу ұсынылады. Жұмыстың бұл түрі оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын және жазылым дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, 9-сынып білім алушысына бейнематериал көрсетіп осы бейнематериал бойынша өз пікірін білдіруді ұсынуға болады. Жұмыстың бұл түрін жұмыс дәптерлеріне ресімдеп, жылына 4 рет  ұйымдастыру ұсынылады.

Эссе жазуда келесі сөздердің нормаларын ұсынамыз (барлық артикль сөздерді, есімдіктер мен қосымшаларды ескере отырып):

- 9-сыныпта - 100-130 сөз.

Шетел тілі бойынша бітіруші сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау

Шетел тілібойынша оқушыларды  қорытынды  аттестаттаудың  негізгі ережелері:

  • шетел тілін бесінші пән ретінде таңдаған 9-сынып түлектері қорытынды аттестаттауды емтихан түрінде тапсырады;
  • емтихан шетел тілінде алған білімдері, біліктері мен дағдыларын қорытынды бақылау ретінде қарастырады.

Шетел тілі бойынша емтихан үш кезеңнен тұрады: лексикалық- грамматикалық тест, таңдау бойынша бір тақырыпқа айтылым және мәтінді мазмұндау.

Лексика-грамматикалық тест 25 сұрақтан тұрады, оның 11 меңгерілген лексиканы қамтиды, 11 сұрағы грамматика бойынша және 3 сұрақ оқып жатқан тілдің елі, тарихы туралы. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 0-13 балл. Оқушының пәнге деген ынтасын арттырып, оны қолдау үшін «2» деген баға қою ұсынылмайды. Лексика-грамматикалық тест тапсырмаларын орындауға 25-30 минут беріледі.

«Айтылым» кезеңі. Бұл кезеңнің тақырыптары оқу бағдарламасынан алынады. Тақырыптар саны «Шетел тілін» таңдаған оқушылар санына байланысты, яғни бір оқушы - бір тақырып. Емтихан тапсырушылар саны аз болса 10-нан кем емес тақырып таңдалады, ал одан артық болса 25 тақырыптан көп емес. Айтылым бес балдық жүйемен бағаланады.

«5» деген бағаны айтылымы 2-3 минуттан кем емес, сөйлемдері арасында логикалық байланыс бар, идиомалық тіркестерді, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді қолданатын, сөздерді дұрыс айтатын, емтихан алушының сұрақтарына еркін жауап бере алатын, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданатын емтихан тапсырушы алады.

«4» деген бағаны тақырыпты толық көлемде аша алмаса, айтылымында кідіріс бар, тіл құрылымын орынсыз пайдаланған, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді, идиомалық тіркестерді қолданатын, емтихан алушының қарапайым сұрақтарына еркін жауап беретін емтихан тапсырушы алады.

Егер тақырып толық ашылмаса, айтылымда логикалық байланыс болмаса, тіл құрылымы дұрыс қолданылмаса, сөздерді дұрыс айтқанымен, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап берсе, онда емтихан тапсырушыға

«3» деген баға қойылады.

«Мазмұндау» кезеңі. Мазмұндауға арналған мәтіндер, оқытылатын тіл бойынша оқу бағдарламасын толық қамтититын қосымша дереккөздерден алынады. Мәтін көлемі 500-700 сөзден аспау керек. Мазмұндауға арналған мәтін әдеби үзінді – (әңгіме), тарихи дерек, мақала, өмірбаян және т.б. Мазмұндауға дайындалу үшін 10 минут беріледі. Емтихан тапсырушы мәтінді кемінде 2 рет оқып шығып, мазмұндап беру керек. Бұл кезең «5», «4», «3» деген бағалармен бағаланады.

Жоғары балл мәтінді логикалық тәртіпте, мәтіндегі уақытқа, деректерге, сандарға ерекше мән беріп, жаңаша айтып берген емтихан тапсырушыға қойылады. Емтихан тапсырушы мәтінді тек дайын үлгі бойынша ғана айтып бермей, перифраз қолданады, кейбір сөздерге қосымша анықтама береді, сөздерді нақты айтып, емтихан алушының қосымша сұрақтарына еркін жауап береді.

Мәтінді толық мазмұндап, сөздерді анық айтып, бірақ дайын үлгідегі мәтіннен алшақтамай, яғни мәтіндегі лексиканы ғана қолданып, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап берген емтихан тапсырушығы «4» деген баға қойылады.

Ең төменгі балл мазмұндауға берілген мәтіннің көлемін сақтамаған, кейбір сөздерді қиындықпен айтатын, мәтіндегі маңызды кезеңдеріне тоқталмайтын, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап беретін оқушыларға қойылады.

Барлық үш кезеңнің қорытындысы бойынша ортақ балл шығарылады. Барлық үш кезеңнің бағалары хаттаманың қосымшасына қойылады. Қосымшасыз  хаттама  жарамсыз  болып  табылады.  Білім  алушылардың тест жұмыстары, қосымша жауаптар парақшалары хаттамамен бірге тігіледі.

Емтихан және қорытынды бағалары журналға қойылады.

Бұл ережелер қай Шетел тілін оқуына қарамастан міндетті болып саналады.

Жоспарға енгізу үшін ұсынылатын іс-шаралар:

  1. Ашық сабақтармен қатар оқу мекемесінде өткізілген ашық іс-шараларды (әдістемелік бірлестіктің барлық мұғалімдері қатысқан) қамтыған әдістемелік бірлестіктің тақырыптық онкүндігі.
  2. Пән бойынша олимпиаданың мектеп ішіндегі кезеңін ұйымдастыру және өткізу.
  3. Дарынды және пәнге деген мотивациясы төмен балалармен жұмыс.
  4. Жас мамандармен жұмыс, аға тәлімгерді тағайындау; Жас маманмен жүргізілетін тәлімгердің жұмыс жоспарын бекіту.
  5. Бірлестік мұғалімдерінің өзара тәжірибелерімен алмасуы (өзара сабақтарға қатысуы), «Lesson study» өткізу.
  6. Емтихандарға, байқауларға, олимпиадаларға, семинарларға дайындық.
  7. Кіріс құжаттарыменжұмыс.
  8. Мектепшілікбақылау.
  9. Әкімшілікбақылау.
  10. Біліктілік санатын жоғарылататын немесе растайтын мұғалімдермен жұмыс.
  11. Әр   тоқсан    және    жыл    қорытындысы   бойыншаоқушылардың үлгерімдері мен білім сапаларыныңмониторингі.
  12. Бірлестік мұғалімдерініңрейтингісі.
  13. Мұғалімдердің атқарған жұмыстары бойынша шығармашылық есебі (жылсоңында).
  14. Білім алушылардыңбілімдерін  қорытынды аттестаттау бойыншаесеп.

Атқарылған жұмыстар туралы есеп ай сайын берілуі және әдістемелікбірлестіктің отырысында көрініс табу қажет. Жыл соңында жан-жақты, толық есеп беріледі (фотолармен, сызба-кестелермен және диаграммалармен).

2018-2019 оқу жылында жаратылыстану-математикалық циклінің (математика, биология, химия, география) мұғалімдерімен бірге кіріктірілген тақырыптық онкүндіктер өткізу ұсынылады. Онкүндіктер үш кезеңде: бастауыш, одан кейін орта және жоғары сынып оқушыларымен өткізіледі. Аталған іс-шара пәннің аясында оқушылар мен мұғалімдерді жаңа жаңалықтарға ынталандырып қана қоймайды; мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы, қолданылатын әдістердің жетілдірілуі мен кіріктірілуіне ықпал ететін болады. Оқып жатқан тілде сол елдің мәдениеті мен тарихын терең зерделеу мақсатында маңызды күндері мен мерейтойларына назар аудару ұсынылады, ол өз кезегінде, білім беру ұйымы базасында өткізілетін тақырыптық іс-шараларда тікелей көрініс табуы тиіс.

«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ  САЛАСЫ

Негізгі орта білім деңгейінде «Математика және информатика» білім  саласы бойынша 9-сыныпта «Алгебра», «Геометрия» және «Информатика» пәндері оқытылады.

Аталған пәндерді негізгі орта білім деңгейінде оқыту практикалық жағдайларда қолдану және салалас пәндерді игеру үшін қажет математикалық білім мен біліктілік жүйесін меңгеруге; математикалық сауаттылықты, алгоритмдік, операциялық және сындарлы ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамытуға; жеке, топтық және өздігінен жұмыс істеу біліктерін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған.

Білім беру саласы пәндерін оқыту барысында әртүрлі адами іс-әрекеттер саласында кездесетін кең ауқымды өмірлік есептерді шешу үшін білім мен біліктерді пайдалану дағдыларын кеңейтуге, яғни функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша жұмыстарға көңіл аудару керек.

«Алгебра», «Геометрия» пәндерін оқыту барысында математикалық сауаттылықты қалыптастыру мақсатымен: оқушыларға анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу; математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру; игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу; дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау; математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру іскерліктерін үйрету ұсынылады.

«Информатика» пәнін оқыту барысында ақпараттық сауаттылық деңгейін көтеруге (ақпаратты, оның ішінде мәтін, сан, дыбыс, көрнекілік түрде берілген ақпараттарды іздеу, алу және көрсету әдіс-тәсілдерін меңгеру); ақпараттық есептерді шешуде АКТ-біліктілігінің негізіндерін (компьютерді және басқа да АКТ құралдарын қолдануды) білу және түсіну; алгоритмдік және логикалық ойлауды игеруге (алгоритмге сәйкес әрекет жасау және алгоритмді құрастыруға) айрықша көңіл аудару керек.

«Математика және информатика» білім саласының пәндерін оқыту процесінде білім сапасын жетілдіру мақсатында жеке тұлғаға бағытталған проблемалық оқыту, саралап оқыту тәсілдерін, сонымен қатар іс-әрекет түрлері мен тапсырмаларды ұқыпты іріктеу арқылы дамыта оқыту тәсілдерін қолдану ұсынылады.

Пәнге деген қызығушылықты арттыру жолдарының бірі оқушылардың жобалық іс-әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жобалау технологияларын қолдану пән бойынша оқу сапасын көтеріп қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсыну және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді.

2018-2019 оқу жылындағы 9-сыныпта «Алгебра», «Геометрия», «Информатика» пәндерінен өткізілетін бақылау жұмыстарының үлгілік нормасы келесі кестеде берілген.

26-кесте– Бақылау жұмыстарының үлгілік нормасы.

Сынып

Пән атауы

Аптадағы сағат саны

Оқу жылындағы

сағат саны

Бақылау жұмысының нормасы

9

Алгебра

3

102

8-9

9

Геометрия

2

68

6-7

9

Информатика

1

34

3-4

Бақылау жұмыстарына пәндердің ерекшеліктеріне сәйкес жартыжылдық және жылдық бақылау жұмыстары, сонымен қатар,практикалық жұмыстар кіреді.

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»Жолдауында (2018ж)білім беру жүйесіндегі өзгерістердің рөлін: «Білім берудің барлық деңгейлерінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту қажет» деп  ерекше атап өтті.

Қазіргі әлемде ғылыми - жаратылыстану білім беруерекше маңызға ие.Ол білім алушылардың бойында табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы ұғым қалыптастырады, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашады, білім алушылардың табиғат әлемін тануы ғана емес, сонымен бірге өзгермелі әлемде өз орнын табуларына жағдай жасауға бағытталған және олардың дүниетанымын, мәдениеттануын және тәжірибеге бағдарланған сипаттамаларын қалыптастырады, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту негізінде сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытады, тұлғалық сапасын және құндылықтар жүйесін тәрбиелейді.

9-сыныпта білім саласы құрамына ғылыми - жаратылыстану білім беру циклының: «География», «Биология» «Физика» және «Химия» пәндері кіреді. Оқу пәндерінің апталық және жылдық сағат саны төменде көрсетілген.

«География» пәнінің 9-сыныптағы оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

«Биология» пәнінің оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

«Физика» пәнінің оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

«Химия» пәнінің оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.

«Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудың ерекшелігі:

– білім алушылардың жаратылыстану ғылымдарының қоршаған ортаға, экономикаға, технологияға, әлеуметтік және этикалық ортаға әсерін түсінуі;

– білім алушылардың оқу, жобалау-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекетін, өздігінен даму уәждерін қалыптастыруға жағдай жасау;

– білім алушылардың алған білімін күнделікті іс-әрекетінде қолдану және салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру;

  • күнделікті іс-әрекетінде және шешім қабылдағанда жауапкершілік қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу, қоршаған ортаға өз ықпалының нәтижелерін болжауға үйрету, табиғатқа қамқорлық көзқарасын қалыптастыру, өмір сүруді Жер бетіндегі ең жоғарғы құндылық ретінде қарау, сонымен қатар адамның өзінің өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Мұғалімнің басты мақсаты білім алушылардың пәндік білімді тәжірибеде қолдану біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, яғни тәжірибеге бағытталған білім беру.

Мектеп оқушыларының ғылыми-жаратылыстану біліктілігі табысты қалыптасуы үшін, мұғалімге оны қалыптастырудың келесі дидактикалық шарттарын есепке алуы ұсынылады:

  • білім алушылардың білімдері мен біліктілігін кешенді қолдануы бойынша өздігінен іс-әрекет жасауға бағыттау;
  • пәнішілік байланыстың көмегімен, білімді кешенді қолдану және тасымалдау үшін білімді жүйелеу білігін қалыптастыру;
  • репродуктивті іс-әрекеттен, ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша білім және біліктілігін кешенді қолдануға негізделген іс-әрекетке ауысу;
  • кешенді мәселелерді шешу барысында түрлі білім салаларынан алынған білім және біліктілігін кеңінен қолдануға жағдай жасайтын және білім мен біліктілігін кешенді қолдану шеберлігін бекіту үшін, оқушыларды неғұрлым күрделі іс-әрекет түрлеріне араластыру.

Ғылыми-жаратылыстану бағыты пәндері бойынша сабақтарда жүргізілетін практикалық және зертханалық жұмыстарды талдау, жинақтау, бағалау, болжау, есептеу, түсіндіру, құбылыстар мен процестердің сапалық және сандық сипаттарын анықтау, жобалық тапсырмалар орындау, тәжірибелер және эксперименттер жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы қажет.

Практикалық және зерттеу жұмыстары, зертханалық жұмыстар эксперименттер жасау және эксперименттік есептер шығару, жобалар орындау, модельдер құрастыру барысында табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестердің, құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін түсіну тереңдетіледі.

Биология, физика және химия пәндерінің мұғалімдері кабинеттердің жабдықталуын және оқытудың электрондық құралдарын ескере отырып практикалық және зертханалық жұмыстардың, практикумдардың тақырыптарын өз беттерінше таңдай алады.

Зертханалық, практикалық, бақылау жұмыстары мен зертханалық практикумдардың саны төмендегі кестеде берілген.

27-кесте - Зертханалық, практикалық, бақылау жұмыстары мен зертханалық практикумдардың саны

Пәннің атауы

Зертханалық жұмыс

Практикалық жұмыс

Бақылау жұмысы

Зертханалық практикум

География

-

8 (бағалануы тиіс)

-

-

Биология

9

3

-

-

Физика

4

6

6

8

Химия

10

3

-

-

Зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау барысында (зертханалық жұмыстарға арналған дәптерде) сыныптың барлық білім алушыларының жұмыстары міндетті түрде бағаланады. Практикалық жұмыстар «жаратылыстану» білім саласын оқыту процесінің ажырамас бөлігі, оларды орындау білім алушының ғылыми жаратылыстанубіліктілігін қалыптасуына ықпал етеді.

Географиядан бағаланатын практикалық жұмыстар оқу бағдарламасында нөмірмен белгіленген. «География» оқу пәнінен бақылау жұмыстары қарастырылмаған.

Виртуалды зертханалық жұмыстарды (компьютерлік моделдеу бойынша) мүмкіндікке байланысты, стандартты құралдар қолданылатын басқа практикалық жұмыстармен алмастыру ұсынылады.

Пән бойынша академиялық лексиканы қалыптастыру үшін сабақта терминологияны қолдану жұмысын жүйелі жүргізіп отыру қажет. Оқушылардың терминдерді дұрыс пайдалануын қамтамасыз ететін ауызша және жазбаша тапсырмалар қолдану ұсынылады. Білім алушылардың білім жетістігін бағалау барысында академиялық лексиканың дұрыс қолданылуына көңіл аудару қажет.

География, биология, физика және химия сабақтарындағы пәнаралық байланыстар, қоршаған әлемдегі процестер мен құбылыстардың өзара байланысын көрсете отырып, бір пәнді оқу барысында басқа пән бойынша білімді меңгеру процесінде қолдану білігін, жүйелі ойлауды дамытуда ерекше рөл атқарады.

Пәнаралық байланыс – бұл түрлі оқу пәндерін сәйкестендіріп оқытуға мүмкіндік беретін әдіс:

– түрлі ғылымдарды кіріктіру процесі ретінде, заманауи ғылыми білімнің ерекшеліктерін көрсету;

– білім алушылардың санасында қоршаған әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз ету.

«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінде өзара пәнаралық байланыс: оттектің, атмосфералық ауаның, судың және сулы ерітінділердің тірі организмдер үшін биологияның рөлі және оларды ластанудан қорғау; жасушадағы судың биологиялық рөлі; фотосинтез процесінің маңызы; тірі организмдердегі микро- және макроэлементтердің маңызы; жүйелердегі бейорганикалық және органикалық заттардың маңызы; тұрмыста химиялық заттарды қолданудың экологиялық қауіпсіздігі; адамзат тіршілігіндегі судың рөлі, халық шаруашылығындағы және Қазақстан экожүйелеріндегі су ресурстарын қорғау; Қазақстандағы металлургиялық, химиялық және қайта өңдеу кешендері; Қазақстан территориясындағы пайдалы қазбалардың кен орындары; минералды ресурстарды тиімді пайдалану және табиғатты экологиялық қорғау; энергияның балама көздері; атом, молекула және заттардың құрылысы туралы атом-молекулалық ілім; зат массасының сақталу заңы, Авогадро заңы;ерітінділердің тығыздығы, газдардың салыстырмалы тығыздығы және көлемі; кристалл торларының типтері және құрылысы; атом ядросының құрылысы, изотоптар тақырыптарында жүзеге асырылады.

«Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудағы пәнаралық байланыстар келесі әдістемелік тәсілдер мен жолдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады:

– пәннің маңызды заңдылықтарын ашу үшін география, биология, физика, химия пәндерінен алған білімдеріне назар аудару;

– басқа оқу пәндерінен алынған білімді жүйелеу және қайта есіне түсіру үшін кешенді сипаттағы мәселелер қою;

– пәнаралық негіздегі арнайы тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептер шығару;

– кестелер мен

– пәнаралық тақырыптарды зерделеу және пәнаралық жобалар орындау;

– мектеп курстарынан алынған білімді қамтуды талап ететін ғаламдық, аймақтық, жергілікті және табиғат нысандарының проблемаларына кешенді сипаттама құрастыру;

– мектеп оқушыларын туған өлкенің табиғатын қорғау мен зерттеудің түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру.

Пәнаралық байланыстар зерттеудің (эксперименттік әдіс, жобалық және модельдеу әдісі және т.б.) жалпы әдістерінде қолданылуы мүмкін. Мұғалімге пәнаралық байланыстың: бұрынғы, жалғаспалы және келешекті түрлерін қолдану ұсынылады.

Бұрынғы пәнаралық байланыстар – басқа пәндерден бұрын алынған білімдеріне сүйенуді қарастырады.

Жалғаспалы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар, көптеген сұрақтар мен ұғымдар бір мезгілде бірнеше пәнде зерделенуі мүмкін екенін қарастырады (мысалы, дыбыс туралы түсінік физикада, ал есту органдары – биологияда оқылады және т.с.с).

Келешекте пәнаралық байланыстар материалды бір пәннен оқу, сол материалды басқа пәндерден оқудан бұрын жүзеге асырылады (мысалы, атомның құрылысы туралы ұғым физика пәнінде химияға қарағанда бұрын оқытылады). Бұл жағдайда химия мұғалімі физикадан алынған білімге сүйенеді.

Білім алушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру «Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып табылады. Оның негізгі компоненттерінің бірі ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы болып саналады. Оқу процесінде білім алушылардың:

  • жаратылыстану ғылымындағы процестер мен құбылыстарды суреттеу, түсіндіру және болжау біліктілігін;
  • дәлелдер мен шешімдерді түсіндіру біліктілігін;

-ғылыми әдістердің көмегімен зерттеу әдістерін түсінуге, шешілетін сұрақтар мен мәселелерді анықтауды дамытуға қажетті жағдайлар жасалуы тиіс.

География, биология, физика және химия сабақтарында ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға қажетті танымдық біліктілікті дамытуға ерекше көңіл аударылады.

Білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын бағалау үшін түрлі проблемалары бар жағдаяттар қолданылады. Олар адамдардың күнделікті өмірімен, денсаулықты сақтаумен, техника мен технологияны дамыту үшін қажетті ғылыми-жаратылыстану білімін қолданумен, қоршаған орта проблемаларымен байланысты болуы тиіс.

Сабақтарда және сабақтан тыс уақытта, оқу-зерттеушілік және өмірлік жағдаяттарда география, биология физика және химия пәндерінен алған білімдерін қолдану біліктілігін дамытатын есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды кеңінен қолдану ұсынылады. Оқу тапсырмаларын әзірлеу барысында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА басылымдарында ұсынылған, халықаралық салыстырмалы PISA және TIMSS зерттеулерінде қолданылатын тапсырмалар жүйесіне көңіл аудару қажет.

Білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша жұмысты күшейту қажеттілігіне байланысты Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА ресми сайтындағы әдістемелік құралдар ұсынылады (www.nao.kz).

12-жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 43 б.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайты, 2013 ж.. – 38 б.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайты, 2013. – 41 б.

PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту. Оқу-әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 40 б.

PISA-2015 халықаралық зерттеуге дайындықты әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Әдістемелік жинақ. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 118 б.

TIMSS және PISA халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағы. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2016. - 59 б.

Өлшеуіш ресурстары бар дәстүрлі және электрондық форматтағы білім және ақпарат көздерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) жан-жақты қолдану арқылы жүргізілген түрлі оқу жұмыстары тәжірибеге бағытталған ойлауды дамытуға ықпал етеді. Сабақтарда білім берудің заманауи технологияларын белсенді қолдану ұсынылады. География, биология, физика және химия сабақтарындағы компьютерлік технологиялар:

  •  оқу материалын зерделеу барысында мультимедиа-технологияларды пайдалануды;
  •  білім алушылар мен мұғалімдердің күнделікті оқу жұмысында компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдануды;
  •  пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды;
  •  оқу телекоммуникациялық жобаларды орындау барысында білім алушылардың өздігінен іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеуді;
  •  интернетті пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу және өңдеуді;
  •  есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды;
  •  виртуалды практикалық және зертханалық жұмыстар жүргізуді қарастырады.

Ақпараттық-коммункациялық технологияларды қолданумен өткізілетін сабақтарда оқу әрекетін жоспарлау барысында келесі аспектілерді ескеру ұсынылады:

  • жалпы сабақтар жүйесіндегі орнын анықтау;
  • білім алушылардың дайындық деңгейін есепке алумен, оқу бағдарламасының және сабақтың мақсаттарының талаптарына сәйкес, сабақ мазмұнының ұтымды жағын анықтау;
  • сабақта және сабақтың жеке кезеңдерінде білім алушылардың біліктілігін және дағдыларының қалыптасу, ғылыми білімді меңгеру деңгейлерін болжау;

– сабақтың әр кезеңінде білім алушыларды ынталандыратын және бақылайтын оқытудың неғұрлым тиімді әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау;

– білім алушылардың өздігінен білім алуға талпынуын, танымдық белсенділігін қамтамасыз ететін, сабақ барысында топтық және жеке жұмыс істеудің үйлесімді түрлі формаларын таңдау;

  • сабақта барлық дидактикалық принциптерді жүзеге асыру.

Сандық зертханалардың құралдары білім алушылар мен мұғалімдердің уақытын үнемдейді, «дала жағдайында» өлшеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді. Олар өлшеу жұмыстарының параметрлерін жеңіл өзгертіп, білім алушыларды шығармашылыққа тартады. Сонымен бірге бейнеталдау жасауға арналған бағдарлама бейне көріністерден деректер алуға, білім алушылардың өздері түсірген бейне көріністері, сонымен бірге оқу және танымал бейнефильмдердің үзінділері өмірдегі нақты жағдайларды зерттеуге, оларды мысалдар ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

«Жаратылыстану» білім саласы пәндері аясында сыныптан тыс, экскурсиялық-экспедициялық түрлі жұмыстар ұйымдастыру ұсынылады. Сабақтарда міндетті түрде өлкетану аспектісі қарастырылып, сондай-ақ әртүрлі жағдаяттардағы қауіпсіздікті сақтау мәселесі талқылануы тиіс. Сабақ барысында білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын, ұжымда жұмыс істеу дағдылары мен біліктілігін дамытуға жағдай жасалуы тәжірибеге бағытталған оқытуға тиімді әсер етеді.

«Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім алушылардың жеке зерттеушілік жобаларды орындауы маңызды болып табылады. Білім алушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту бойынша жұмысты үш бағытта жүргізуге болады:

– теориялық зерттеулер (ақпаратпен және модельдермен жұмыс істеуге бағытталған танымның теориялық әдістерімен байланысты топтық және жеке жұмыстар);

– эмпирикалық зерттеулер (практикалық және зертханалық жұмыстар);

– жеке зерттеушілік жобалар.

Жобалық-зертеушілік жұмыстардың үлгілік тақырыптарын ұсынамыз:

«Менің ауылымның/қаламның агроклиматтық ресурстары», «Өлкенің агроөнеркәсіптік кешені: қазіргі жағдайы, проблемалары және даму перспективалары», «Елімнің баламалы энергетикасы», «Ғылымдағы және табиғаттағы барометрлер», «Су және оның табиғаттағы рөлі», «Су – өмір бесігі», «Су – табиғаттың таңғажайып құпиясы», «Орман алқабының геоботаникалық сипаттамасы», «Тұщы судағы өмір», «Қызыл кітап – — қауіп-қатер дабылы», «Біздің мектеп елінің халқы», «Энергия алудың дәстүрлі емес көздері», «Мұнай – табиғат байлығы», «Бұлттар, аспан және халық жорамалдары», «Озон және озон қабатының қысқаруы», «Өлкемнің табиғат ескерткіштері», (Топырақ – жер қоймасы», «Тірі және өлі табиғаттағы фенологиялық құбылыстар», «Мен өмір сүретін өлке қалайша танымал», «Менің отбасымның этногеографиялық мозаикасы».

География, биология, физика, химия пәндері экологиялық білімнің негізгі көздері болып табылады. Бұл пәндердің сабақтарында, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда экологиялық тақырыптарды тиімді қолдана білуге білім алушыларды үйрету және дағдыландыру - мұғалімнің міндеті.

Мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие беруді ұйымдастыру кезінде дүниені, қоғамды және өзін жеке тұлға ретінде объективті тану қажеттілігі шеңберін кеңейту; сонымен қатар өмірлік шындықтарға, өзінің қоғамдағы орнын және өмірлік басымдықтарын анықтауда өзіндік көзқарасын қалыптастыру қажеттілігі ескеріледі. Негізгі орта білім деңгейінде жұмыс істейтін мұғалімдер білім алушылардың ойлау белсенділігін, оқу материалын логикалық реттеу және жүйелеу ынталарын, іс-әрекет тәсілін және проблемаларды шешу жолдарын табу біліктерін ескерулері қажет.

Білім алушылар жобаларға қатысу барысында жұмыстарының нәтижелерін баяндама, мақала, фото және бейне есеп түрінде рәсімдеу арқылы өздерінің білімдері мен бақылауларын жүйеге келтіруді үйренеді. Олар экология саласындағы өз іс-әрекеттерін арнайы сайттарға, түрлі сайыстарға орналастыра алады.

Сабақтан тыс уақытта келесі экологиялық зерттеулерді жүргізу ұсынылады:

– қаланың экологиясы: проблемалары және оларды шешу жолдары;

– орманды пайдаланудың заманауи проблемалары;

– биогеоценоздың және экожүйелердің сипаттамасы;

– гидросфера мен биосфераға антропогендік әсер;

– озон қабатының бұзылуы;

– жерасты суларының химиялық құрамының өзгеруі;

– табиғаттағы азот айналымы;

– тұрмыста химиялық заттарды қолдану;

– бейметал оксидтерінің қоршаған ортаға зиянды әсерін шешу жолдары;

– экологиялық мазмұндағы есептер;

– көмірсутектерді өндіру, өңдеу және қолданудағы экологиялық мәселелер.

Пәндердің оқу бағдарламалары табиғаттағы процестер және адам іс-әрекеті туралы білімді қамтиды. Сабақтарда экологиялық проблемаларды шешудің және жаңа технологиялар негізінде қоғамның өндірістік күшін дамыту мүмкіндіктерінің заманауи жолдары қарастырылуы тиіс.

Бүгінде елімізде жас ұрпақтың тілдерді үйренуіне ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, 2019-шы жылдан бастап 10-11-сыныптардағы ғылыми-жаратылыстанудың жекелеген пәндері ағылшын тілінде оқытыла бастайды. Бұл мектеп бітірген түлектердің жаһандық дәуірде бәсекеге қабілетті маман болуына септігін тигізеді. Сондықтан ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері ағылшын тіліндегі терминологияға ерекше назар аударауы қажет.

Білім алушылардың техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, барлық оқу құралдарын және техникалық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалануы маңызды болып табылады.

Ақпаратты жинақтау және талдау үшін БАҚ материалдарын, фильмдер, бейнетаспа материалдарын, веб-сайттар мен көркем әдебиет шығармаларын қолдану ұсынылады.

«Жаратылыстану» білім саласы пәндері сабақтарында білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгеру барысында АКТ қолдану дағдыларын дамыту мақсатында оқу бағдарламасына сәйкес келесі веб-ресурстар ұсынылады:

28-кесте – Мұғалімдерге ұсынылатын сайттар:

www.earthquakes.usgs.gov

www.rgo.ru

www.geo2000.nm.ru

www.geo.historic.ru

www.www.geografia.ru/

www.geographic.org

www.mygeog.ru

www.e–cis.info

www.geography.about.com

www.hobitus.com

www.imf.org

www.kisi.kz

www.meteosputnik.ru

www.mfa.gov.kz

www.oecd.org

www.stat.gov.kz

www.theodora.com

www.un.kz

www.un.org

www.undp.kz

www.unesco.kz

www.unesco.org

www.unmultimedia.org

www.volcanodiscovery.com

www.worldbank.org

www.kazatomprom.kz/

energo.gov.kz/

gharysh.kz/news/

www.eurekanet.ru

www.bookz.ru

www.eolss.net/

www.encyclopedia.ru/

school.eb.co.uk

Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2018-2019 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:

– қазақ ғалымы (табиғат зерттеуші, дәрігер) Халел Досмұхамедовтың (1883-1939) туғанына 135 жыл;

– британ ботанигі Р.Броунның (1773-1858) туғанына 245 жыл;

– неміс микробиологы Р. Кохтың (1843-1910) туғанына 175 жыл;

– ағылшын дәрігері, физиология мен эмбриологияның негізін қалаушы Уильям Гарвейдің (1578-1657) туғанына 440 жыл

– италияндық саяхатшы Марко Полоның (1254) туғанына 765 жыл;

– италияндық теңіз саяхатшысы Америго Веспуччидің (1454) туғанына 565 жыл;

– португалдық теңіз саяхатшысы Васко да Гаманың (1469) туғанына 550 жыл;

– Е.П. Хабаровтың Амур маңына (1649-1653) саяхат жасағанына 370 жыл;

– орыс ғалымы Д.И. Менделеевтің (1834-1907) туғанына 185 жыл;

– ағылшын табиғат зерттеушісі, саяхатшы Ч. Р. Дарвиннің (1809-1882) туғанына 210 жыл;

– орыс саяхатшысы Н.М. Пржевальскийдің (1839-1888) туғанына 180 жыл;

– норвеж саяхатшысы Тур Хейердалдың (1914-2002) туғанына 105 жыл;

– 7-сәуір – Геолог күні (сәуірдің бірінші жексенбісінде атап өтіледі);

– 15-сәуір – Экологиялық білім күні;

– Байкал күні (1999 жылы құрылған, 2009 жылдан бастап қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі);

– 15 қыркүйек – халықаралық экологиялық«Гринпис» ұйымының Туған күні (1971 жылдың 15 қыркүйегі – ядролық сынаққа қарсы экологтардың ұйымдасқан бірінші акциясының өткен күні);

– 16 қыркүйек – озон қабатын қорғаудың халықаралық күні;

– 24 қыркүйек – Бүкіләлемдік теңіз күні. Бүкіләлемдік теңіз күнін 1978 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 10 сессиясының шешімімен қабылдаған. Біріккен Ұлттар Ұйымының бүкіләлемдік және халықаралық күндері жүйесіне кіреді. 1980 жылға дейін 17 наурызда аталып келді, кейінірек қыркүйек айының соңғы аптасының бір күнінде аталып өтетін болды;

– 31 қазан – Халықаралық Қара теңіз күні;

­ Қараша – Суэц каналының (1869) ашылғанына 150 жыл;

– 26-қараша – поляр зерттеушісі И.Д. Папаниннің (1894-1986) туғанына 125 жыл;

– 29 қараша – табиғатты қорғаудың Бүкіләлемдік қауымдастығының құрылған күні. 1948 жылы бұл күні «Бүкіләлемдік Табиғатты Қорғау Одағы» негізін құраған, аталған ұйым табиғатты қорғаудың халықаралық коммерциялық емес ірі ұйымы, одақ 82 мемлекетті біріктіретін дүние жүзілік ерекше серіктестік болып саналады;

Желтоқсан – Антарктиданы бейбіт мақсатта қолдану (1959) туралы келісім жасалғанына 60 жыл;

– 1 желтоқсан – Дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС-пен күрес күні.

«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ

«Адам және қоғам» білім саласы«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Өзін-өзі тану» пәндерін қамтиды.

«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер

Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбында тарихты оқыту:

  • білім алушылардың тарихи фактілер мен құбылыстарды талдап-қорыту, тарихи оқиғалардың мақсаты мен мәнін анықтай білу, оның маңызын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру;
  • тарихи даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіне отырып, қоғам дамуындағы өзінің бағыт-бағдарын, көзқарастары мен ұстанымдарын айқындау қабілетін дамыту;
  •  қазіргі кезеңдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және халықаралық мәселелерді талдауға тарихи білімін қолдана алу қабілетін жетілдіру;
  • дүниежүзі халықтарының тарихын тығыз байланыста қарастыра отырып білім алушыларды халықтар арасындағы өзара түсінушілікке, бір-біріне құрметпен қарауға, толеранттылыққа, адам құқығы мен еркiндiгiн, демократиялық ұстанымдарын құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталуы тиіс.

2018/2019 оқу жылында 9-сыныпта «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам.Қоғам.Құқық» пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламалары қолданылады:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген, 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған Қазақстан тарихы пәнінің оқу бағдарламасы.
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 6-9-сыныптарына арналған Дүниежүзі тарихы пәнінің оқу бағдарламасы.
  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген, 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған «Адам.Қоғам.Құқық» пәнінің оқу бағдарламасы.

Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:

9-сыныпта «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу бағдарламасының білім мазмұны ХХ ғасырдың басынан бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтиды.

9-сыныптағы оқу жүктемесі:

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

«Дүниежүзі тарихы» бойынша  аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

«Адам. Қоғам. Құқық.» оқу пәні бойынша аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

 

«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер.

9-сыныпта тарихты оқытубілім алушылардың қазіргі заман тарихының маңызды процестеріне, құбылыстарға, оқиғаларға және ұғымдарға баса назар аударуға, тарихи оқиғаларды, талдау, салыстыру, көрнекті тарихи тұлғалар қызметін бағалау, алған білімі негізінде өз ойын дәлелдеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуды, 1914-1918 жылдардағы бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап қазіргі заманға дейінгі тарихи процестерді, тарихи фактілер мен құбылыстарды талдап-қорыту, тарихи оқиғалардың мақсаты мен мәнін анықтай білу, оның маңызын бағалай білумен ерекшеленеді.

Білім алушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы талдау жасау, баға беруге дағдыландыру ұсынылады.

Мысалы, Алаш» партиясының құрылуы. «Алаш-Орда» үкіметі. Қазақ халқының саяси көшбасшылары (Ә. Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Б.Қаратаев, М.Тынышпаев, М.Шоқаев). XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ғылыми еңбектері. «Алаш-Орда» үкіметі бойынша білім беруде білім алушыларды «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдауға; қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметіне талдау жасауға, ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беруге бағыттау ұсынылады. Білім алушыларды қазақ зиялыларының, соның ішінде 2018 жылы мерейтойлық күндері атап өтілетін А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедовтің шығармашылық мұрасын қосымша материалдар негізінде талдау және оған баға беруге бағыттау ұсынылады.

Бұл білім алушылардың білімін, іскерлігін, танымдық қабілеттерін дамытып, олардың ойының дамуына ықпал етеді, көзқарасын қалыптастырады.

Сонымен қатар, оқу процесінде қызметі қазақ мәдениеті ошақтарын дамытуға, оқу-ағарту ісіне, қазақ халқының әдеби тілін қалыптастыруға және ғылыми құндылықтарды сақтауға бағытталған қуғын-сүргінге ұшыраған екі ұрпақ алашордалықтар – Мұхамедхан Сейтқұлов пен Қайым Мұхамедханов туралы  жазылған «Хаттар сөйлейді» және «Әке мен бала – өз Отанының патриоттары» кітап материалдарын; С. Әлжанова мен Г. Төлемісованың «Алаш» партиясы идеологтері және көшбасшыларының бірі Отыншы Әлжанов туралы жазылған «Алаш Орда бүркіті»;  В. Могильницкийдің зиялы қауым өкілдері, саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы «Атаусыз қызғалдақтар. Карлагтың ұлы тұтқындары» атты көркем-деректі очерктерді пайдалану ұсынылады. Аталған әдебиетте қазақ интеллигенциясы өкілдерінің өз халқына қызмет жасаудағы жүріп өткен ауыр жолы сипатталады.

Білім алушылардың мазмұны жағынан мәндес пәндерді оқу кезінде алған білімдерін мақсатты және жүйелі түрде пайдалану дағдысын қалыптастыруда оқытудың кіріктірілген тәсілін қолдану тиімді. Ол үшін оқу процесін ұйымдастыру кезінде сабақтарды әртүрлі пәндерден алынатын мәліметтер бірін-бірі толықтырып, тереңдететіндей түрде жоспарлау ұсынылады. Мысалы, Отандық және дүниежүзі тарихының кейбір тақырыптарын кіріктіруге болады. Халықаралық қатынастар тарихы және Қазақстанның сыртқы саясаты, әлемдік соғыстар тарихы, тарихтың жеке мәселелері, мәдениет т.б. тақырыптарын кіріктіруге болады. Тарих пәндерін кіріктіре оқыту жүйесін қалыптастыру оқу процесінің коммуникативтік әлеуетін біршама арттырады.

Мысалы, «Дүниежүзі тарихы» бойынша «Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауы» және «Қазақстан тарихы» бойынша «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Қазақстандықтардың Мәскеу, Сталинградты қорғау шайқастарына, 1943-1944 жылдардағы шабуылдарға қатысуы» тақырыптарын оқытуда осы тәсілді қолдану ұсынылады.

Білім алушыларға берілетін тапсырмалар:

- тарихи оқиғаларға түсіндірме бере отырып, екінші дүниежүзілік соғыстың түйінді оқиғаларын анықтауына;

- Қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңісіне қосқан үлесін бағалауына бағытталуы тиіс.

Сонымен қатар, тарихи тұлғаға сипаттама бергенде мынадай арнайы жадынаманы қолдану ұсынылады:

- тарихи қайраткердің сыртқы бейнесін суреттеу;

- тұлғалық белгілерін сипаттау;

-  өмірінің ең жарқын мыңызды фактілерін атау;

- тұлғаның тарихқа қосқан үлесіне баға беру.

Бұл тарихи тұлғалардың іске асырған ерекше әрекеттерінің білім алушының есінде ұзақ сақталуына мүмкіндік береді.

9-сыныпта тарихты оқыту білім алушыларда тарихи сананы, ұлттық және адамзатқа ортақ құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан оқу процесін  ұйымдастыруда құндылыққа бағдарланған тәсілді қолдану ұсынылады. Бұл оқу іс-әрекетін ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәсілі, белгілі бір құндылықтар тарапынан оның нәтижелерін алу және қолдану. Құндылықтарға бағытталған оқу процесі білім алушының жеке тұлғалық құндылықтар жүйесін мақсатты түрде қалыптастырады.

Құндылықтар тұлғаны уәждеудің маңызды факторы ретінде мінез-құлық пен іс-әрекеттерді ынталандарады. Мысалы, «Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы және нығаюы» бөлімінде білім алушыларда «Қазақстан тарихы» пәнінің мазмұны арқылы ұлттық құндылықтарды қалыптастыруды келесі жағдайда іске асыру ұсынылады:

29-кестеҚұндылық: Қазақстан тәуелсіздігі және Астана

Сабақтың мақсаты

Білім алушылар білуі тиіс

«Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде жариялануының тарихи маңызын түсіндіру»

1990 жылғы «Қазақ КСР-ның Мемлекеттік егемендігі туралы Декларциясы» мен 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздік туралы Конституциялық заңын»салыстырып ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды, тұжырым жасайды.

«Астананы Қазақстанның өркендеуінің нышаны ретінде бағалау»

Түрлі деректерді қолданып, ҚР Елордасын көшіру себептерінің тізімін жасайды. Бірнеше себепті маңыздылығына қарай «пирамидаға» орналастырады. Таңдауларын түсіндіреді.

Оқу процесін ұйымдастыруда білім алушының бойында осы құндылықтарды қалыптастыру жүйелі жүзеге асуы тиіс. Себебі, қазіргі уақыттағы экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер білім алушыларға күрделі міндеттерді шешу үшін жағдаяттар мен ақпараттарды талдауға және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық түрде қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігін талап етеді.

9-сыныпта тарихты оқытуда келесі тәсілдерді қолдану ұсынылады:

Сабақтағы мұғалімнің білімалушыға деген демократиялық қатынасын, оның жеке тұлғасына құрметін, білімалушының оңтайлы моральды-этикалық қасиеттерінің, ықтималды мүмкіндіктерін есепке ала отырып таланттарын айтарлықтай ашу мен қалыптасуын білдіретін оқытудағы тұлғаға бағытталған тәсіл.

Оқу процесінде бұл тәсілді қолдану білімалушының жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін ескеру, тарихи дамудың күрделі сұрақтарын талқылау барысында өзінің ой-пікірін анықтау мен қорғай білу дағдыларын қалыптастыруды және тарихи оқиғаларға баға беру мен өзіндік қорытындыларды шығару, қарастырылып отырған тарихи оқиғалар, процестерге өзіндік көзқарас, пікір білдіруге бағыттап оқытуға мүмкіндік береді.

Тарихи деректер, басқа да ресурстарды өзіндік іздеу, интерпретациялау, талдау, тұжырымдау мен бағалауды және білім мен дағдыларды белсенді танымдық іс-әрекет процесінде қалыптастыруға мүмкіндік беретін іс-әрекетке бағытталған тәсілдер. Оқу процесінде бұл тәсілді тиімді қолдану білім алушылардың проблемалық сұрақтарды бірлесіп талқылау, рөлдік ойындар мен белсенді оқыту формаларында белсенділік танытып қатысуына мүмкіндік береді.

Тарихты оқыту барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану:

  • ақпаратты іздеу, сұрыптау және фактілер мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен айырмашылықтарды анықтау, салыстыруға байланысты өзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамыту;
  • білімалушылардың білімдерін кеңейту үшін мультимедиялық ресурстарды пайдалану;
  • белсенді оқытудың әдіс - тәсілдерін қолдау үшін интерактивті тақталарды пайдалану; 
  • білімалушыларды электронды оқулықтар арқылы оқыту;
  • компьютерлік презентациялардың түрлерін пайдалана отырып, таңдалған тақырыптар бойынша шығармашылық жобалар жасау;
  • білімалушылардың пікірталас өткізу және тарихи мәселелерді талқылауына игі ықпал ету үшін компьютерлік қарым-қатынас құралдарын (мысалы, онлайн-форумдар, конференциялар) пайдалануға мүмкіндік береді.

Тарих сабағында дұрыс құрастырылған сұрақтар маңызды орын алады. Мұғалімдерге «сатылап сұрақ қою» әдісін қолдану ұсынылады. Бұл әдісте дерекке немесе белгілі бір иллюстрацияға қойылатын сұрақтар жеңілден қиынға қарай күрделенеді.

Тарих сабағында себеп-салдарлық байланыстарды анықтау кең таралған. Берілген тарихи түсініктер бойынша тапсырмалар білім алушылар тарапынан тек қана себеп пен салдарды анықтаумен шектелмей, бұл себептерді берілген белгілері бойынша жіктеу (мазмұны, уақыты және рөлі бойынша), түрлі себептер арасында өзара байланысты анықтау және оларды қатысты (маңыздылық) деңгейі бойынша орналастыруға мүмкіндік беретіндей түрде құрастырылуы қажет.

Мұғалімнің сабаққа арнайы әзірлейтін тапсырмалары келесі өлшемшарттарға сәйкес болуы қажет:

  • түсінікті болуы;
  • саралаудың ескерілуі;
  • сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беруі;
  •  проблемалық оқытуға негізделуі;
  • бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы тиіс.

Картамен жұмысты тиімді деңгейде күшейту қажет. Ол үшін тарихи карталар мазмұнын талдау бойынша тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.

Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар берген дұрыс.

Пәнді оқыту кезінде барлық сынып білім алушыларының жұмыс жасауы және үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін жеке, жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылады. Оқыту процесін оңтайландыру мақсатында топтық жұмысты ұйымдастыру өте тиімді болып табылады. Топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде әрбір білімалушының қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін ескеру, олардың топтағы атқаратын негізгі міндеттерін анық түсіндіру қажет.

Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет. Материал мазмұны «Мәңгілік Ел» идеясына және «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасына сай болуы және Отанымыздың патриоттарын, құқықтық, демократиялық мемлекеттің, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін, адамгершілігі мол, толерантты азаматтарын тәрбиелеуге, қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын бекітуге бағытталуы қажет.

Білім алушылардың тарихи білімін тәжірибеде нақтылау мақсатында мүмкіндігінше мұражайларға, тарихи ескерткіш орнатылған жерлерге немесе тарихи-археологиялық орындарға экскурсия ұйымдастыру ұсынылады.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар: http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.

Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым - қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2018-2019 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

1.Ақын, ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 925 жыл (1093-1166);

2. Бұқар жыраудың туғанына 350 жыл (1668-1781 жж.);

3. Қазақ ханы, қолбасшы Әбілқайыр ханның туғанына 325 жыл (1693-1748);

4. Қолбасшы, би, шешен Сырым Датұлының туғанына 295 жыл (1723-1802);

5. Күйші, композитор Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл, (1818-1896 жж.);

6. Жәңгір сұлтанның Бөкей Ордасының ханы болып сайланғанына 195 жыл (1823 ж.);

7. Қазақтың ақыны, ойшыл, аудармашы, композитор Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 160 жыл (1858-1931жж.);

8. Қазақ халқының ғұлама ақыны, тарихшы, этнограф, шежіреші, аудармашы, ауыз әдебиетінің мұраларын жинақтаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің туғанына 160 жыл (1858-1931жж.);

9. Халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі Амангелді Үдербайұлы Имановтың туғанына 145 жыл (1873-1919жж.);

10. Ақын, педагог, түрколог, ғалым, ҚазАКСР халық ағарту комиссары Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл (1873-1938жж.);

11. Педагог, ғалым, журналист, қазақ дәрігері, қоғам қайраткері, профессор Халел Досмұхамедовтың туғанына 135 жыл (1883-1939 жж.);

12. Ақын, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл (1893-1938 жж.);

13. Ұлы Отан соғысының ардагері, әйгілі партизан, Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына 100 жыл (1918 – 2006 жж.);

14. Мәдениеттанушы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымының кандидаты Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің туғанына 75 жыл (1.01.1943);

15. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Теңгенің енгеніне 25 жыл (1993 ж.);

16. Елордамыз – Астана қаласына 20 жыл (1998 ж.).

Сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:

- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;

- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар өткізу;

- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар ұйымдастыру;

- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.

Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.

«Адам.Қоғам.Құқық» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер

Қоғамдық ғылымдар кешенін құрайтын кіріктірілген сипатқа тән «Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқыту оқушылардың назарын қазіргі қоғамдық, саяси, мәдени, әлеуметтік құбылыстарға, оларды реттеп отыратын заңдардың өзара байланысына аударуға негізделген.

Оқу процесінде білім алушылардың бүгінгі күнгі өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелерге қатысты пікірталасқа қатысу дағдыларын дамыту; сын тұрғысынан талдау және қоғамдық және құқықтық қатынастармен байланысты практикалық жағдаяттарды бағалау дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға көңіл бөлу ұсынылады.

Білім алушының талдау қабілетін, қызығушылығын, дербестігін, жауапкершілігін дамытуға бағытталған оқытудың ұйымдастырушылық-әдістемелік түрлері:

  •  мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білім алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;
  • білім алушылардың білім алуы «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау көрсету;
  • білім алушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;
  • білім алушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
  • білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар құрастыру;
  • білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

Пәндерді оқытуда білім алушылардың басқа пәндерден: «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы», «Физика», «Биология», «География» және т.б. алған білімдеріне сүйену қажет.

Оқыту білімді жүйелі меңгеру, оқыту міндеттерін шешу процесінде мұғалім мен білім алушының бірлескен әрекеті ретінде қызмет етеді. Бұл жерде мұғалімнің қызметі оқыту үрдісін ұйымдастыру және басқарудан көрінеді.

«Өзін-өзі тану»

Өзін-өзі тану пәнін оқыту бойынша бағдарлама 9-сыныпта аптасына 1 сағаттан оқу жылында 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.

Негізгі білім беру деңгейіндегі пәннің мазмұндық логикалық құрылымын сақтай отырып, олардың бұрын меңгерген жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімдерін жинақтап, қорытындылау мақсатында 9 - сыныптағыбілім мазмұны мына бағытта беріледі:

  • «Адам және өмір»;
  • «Адам болам десеңіз...»;
  • «Адам және мәдениеттілік»;

-«Адам әлем аясында».

Оқушылардыңбілімінбағалау.

Оқушылардыңбілімсапасынбағалаужалпыбілімберетінмектептің «Өзін-өзітану» пәнібойынша 1-11-сыныптарғаарналғаноқубағдарламаларындағы9-сыныпбағдарламасындабелгіленген «Оқушылардыңдайындықдеңгейінеқойылатынталаптар» негізіндежүргізіледі. Бұлталаптароқушылардыңөмірдежалпыадамзаттыққұндылықтарғасүйенугеталпынужәнеқоғамғақызмететудағдыларынжетілдірудегітанымдықәрекеттеріндамытудысаралауға (мониторингіне) қызмететеді. Адамгершілік-руханибілімберуерекшеліктерінесайсандықемес, сапалықбағалаумаңызды, сондықтанәржартыжылдыққорытындысында «сынақ» дегенбағақойылады.

Оқушы 9-сыныпбағдарламасындағы «Оқушылардыңдайындықдеңгейінеқойылатынталаптардың» жалпыкөлемініңкемдегенде 2/3 бөлігінесайөзжетістігінкөрсетеалса, онда «сынақ» дегенбағақойылады.

«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМСАЛАСЫ

«Технология»

«Технология» пәнін оқыту білім алушыларды материалдық құндылықтардың заманауи өндірісінің негізгі технологиялық процестерімен таныстыруға, кейінгі кәсіптік білім алуға және еңбек етуге қажетті дайындықтарын қамтамасыз етугенегізделген.

Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін ескере отырып белгіленген.

Пәнді оқытудың мақсаты техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білім жүйесінің нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамтамасыз ету, технологиялық ойлау қабілетін, орындаған жұмысына шығармашылық көзқараспен қарауын дамыту.

Оқыту міндеттері:

1) техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімін қалыптастыру;

2) құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалауды іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы білігі мен дағдыларын қалыптастыру;

3) технологиялық ойлау қабілеті мен еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;

4) оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;

5) еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті процесінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;

6) оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды оқыту барысындағы нәтижелері, оқушылардың үлгерімдерін бағалауын, негізгі мектепті аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді. Оқушылардың дайындық деңгейі үш түрлі аспектілер: пәндік, тұлғалық, жүйелі іс-әрекет нәтижелері ескеріле отырып бағаланады. Осыған байланысты 9-сынып оқушыларына (ер балалар) келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі(34-кесте).

30-кесте - 9-сыныпта ер балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары

Ауыл мектептерінде

Қала мектептерінде

1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.

2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі техника және технология.

3. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

4. Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

5. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

6. Электротехника және электроника негіздері.

7. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстары.

8. Шығармашылық жобалау саласы.

9. Қазіргі заман өндірісі мен техникалық және кәсіптік білім.

1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.

2. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

3. Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

5. Электротехника және электроника негіздері.

6. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстары.

7. Шығармашылық жобалау саласы.

8. Қазіргі заман өндірісі мен техникалық және кәсіптік білім.

Білім берудің негізгі түрлері оқушылардың оқу-тәжірибелік, жобалау-іс әрекеті болып табылады. Жаттығулар, оқу-тәжірибелік жұмыстар, жобалау әдістері – басым әдістер болып отыр. Бағдарламада қарастырылған барлық тәжірибелік жұмыс түрлері материалдарды өңдеудің әртүрлі технологияларын, электромонтажды, құрылыс-әрлеу және жөндеу санитарлық-техникалық жұмыстарын, тағам әзірлеу, жеңіл тігін өнеркәсібінің негіздерін, есептеу және жобалау операцияларын меңгеруге бағытталған.

Мұғалім бар мүмкіндіктеріне сәйкес бағдарламада ұсынылған технологиялық операциялар топтамасын қамтамасыз ететін еңбек нысандарын таңдай алады. Сонымен қатар оқушы жасының шамасына сәйкес еңбек нысанын таңдап, оның қоғамдық және жеке құндылығын да ескеруі қажет. Оқушылар орындайтын практикалық жұмыстардың түрлері түсінікті, ұтымды, экологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Мұғалім жергілікті компонент пен өзінің жеке эстетикалық қызығушылықтарына сәйкес өз тапсырмалары нұсқаларын қосуға құқығы бар.

«Қазіргі заман өндірісі, техникалық және кәсіптік білім беру» (9-сынып) жаңа бөлімінде техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түрлері, кәсіби іс әрекетке қойылатын жаңа талаптар, кәсіп туралы түсінік, аймақтық еңбек нарығындағы жұмыскердің мамандығы мен біліктілігі және білім беру қызметі, мамандық таңдауға тұлғалық қасиеттердің әсері туралы мәселелерді оқытуды қарастырады.

Сабақтар ағаш, металл өңдеу шеберханасында немесе құрамдастырылған шеберхана базасында өткізіледі. Технологиялық операцияларды орындау барысында оқушылардың еңбек қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне үлкен назар аударылуы керек. Оқушылардың электрқұрылғыларымен жұмысы барысында қауіпсіздік ережелерін, санитария мен жеке гигиенасының сақталуына ерекше назар аударылуы тиіс.

Сабақта қолдан жасалған электромеханикалық құралдар мен технологиялық машиналар қолдануға тыйым салынады. Кіріктірілген сипаттағы «Технология» пәні бойынша оқу процесінпәнаралық байланыстарды қолдану негізіндеқұруды көздейді. Есептеу операциялары және өлшем алуда алгебра және геометриямен, материалдардың қасиеттерінің сипаттамасында химиямен, машина мен механизмдердің жұмыс принциптерін және құрылымын оқытуда физикамен, сәндік қолданбалы өнер технологияларын оқытуда тарих және өнермен байланыстырылады.

Қала, ауыл және шағын жинақты мектептерде ұлдар мен қыздар тобына бөлу сыныптың толымдылығына қарамастан жүзеге асырылады (гендерлік қағида бойынша: ұлдар және қыздар тобы сынып толымдылығына тәуелді емес).

Осыған байланысты 9-сынып оқушыларына (қыз балалар) келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (24-кесте).

31-кесте ­ 9-сыныпта қыз балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары.

Ауыл мектептерінде

Қала мектептерінде

1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік техникасы ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар және еңбек қауіпсіздігі.

2. Тағам әзірлеу технологиясы.

3. Маталармен танысу. Мата өңдеу технологиясы. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайындау және көркем әшекейлеу (белдемше, шалбар).

4. Сәндік қолданбалы өнер элементтерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.

6. Тұрғын үйдің ішкі көрінісі.

7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас гигиенасы.

8. Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру. технологиясы.

9. Көкөніс-жеміс өсіру негіздері. Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар

10. Жоба.

11. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы.

1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік техникасы ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар және еңбек қауіпсіздігі.

2. Тағам әзірлеу технологиясы.

3. Маталармен танысу. Мата өңдеу технологиясы. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайындау және көркем әшекейлеу (белдемше, шалбар).

4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.

6. Тұрғын үйдің ішкі көрінісі.

7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас гигиенасы.

8. Жоба.

9. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы.

Кез келген халықтың мәдениетін алға тартушысы – халықтың қолөнері. Сондықтан оқушылардың білімін және еңбек дағдысын қалыптастыру мақсатында, сабақтарда халықтардың және ұлттардың мыңдаған жылдық қолөнерін қолдануға және үйретуге көңіл аудару қажет.

Сабақтың, сабақтан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.

«Технология» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2018-2019 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

– Қазақстан Республикасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Мәңгілік елдің Елордасы» (1998 жыл 10 маусым-2018 жыл 6 шілде);

– Қазақстан Республикасы Жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына 100 жыл толу(1918 жыл 8 сәуір).

«Технология» пәні бойынша сағаттар саны: 9-сынып – аптасына 1 сағат, жылына барлығы – 34 сағатты құрайды.

Сызу

«Сызу» пәні негізгі орта білім беру деңгейіндегі 9-сыныпта оқытылады. Курс ойдың аналитикалық және жасампаз компоненттерін қалыптастырып, білім алушыныңкеңістіктік ойлау қабілетін дамытатын негізгізі болып табылады.

Пәнді оқыту мақсаттары:

– логикалық және кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту;

– геометриялық білім негізінде тәжірибелік жұмыс дағдыларын дамыту;

– еңбектену іс-әрекеті дағдыларын: ұзақ күш салуға және интеллектуалдық жүктемеге қабілеттілікті, дербестікті және шыдамдылықты, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді дамыту;

– функционалдық графикалық сауаттылығын дамыту;

– шығармашылық әлеуетін және эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқыту міндеттері:

– бір, екі және үш проекция жазықтығына тік бұрыштап проекциялау негіздері туралы білімді, сызбаны (эскизді) және аксонометриялық проекциялар мен техникалық суреттерді құру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру;

– әртүрлі тетікбөлшектердің және модельдердің қарапайым сызбалары мен эскиздерін, аксонометриялық проекциялары мен техникалық суреттерін орындауды және оқуды үйрету;

– заттың пішінін және оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау арқылы, онымен қоса кеңістіктік бейнені проекциялық кескіндерінен және ауызша суреттеу арқылы ойша қайтадан жасау әдістерін пайдаланып, статикалық және динамикалық кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту;

– оқулық және анықтамалық материалмен өздігінше жұмыс істеуді, Интернет-ресурстардан білім алуға үйрету;

– кескіні бойынша затты ойша өзгерту жалпы интеллектуалдық қабілетін қалыптастыру арқылы білім алушылардың кеңістіктік ойын дамыту;

– графикалық білімдерін жаңа жағдайларда қолдана білу, графикалық компьютерлік бағдарламаларда қарапайым сызба құруды үйрету.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар сабақ тақырыптарыбойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

Бағдарлама міндетті графикалық жұмыстардың тізімін қамтиды, ол негізгі білік, дағдыларды анықтауға бағдар береді.

Заттың пішінін талдау дағдыларын қалыптастыруға, яғни проекция жазықтықтарына кескіндеуге, пайда болған кескіндерді талдауға, геометриялық денелерді, тетік бөлшектерді тануды қамтамасыз ететін жеке белгілерін анықтауға алғашқы сабақтан бастап ерекше назар аудару қажет.

Графикалық жұмыстың өнімсіз элементтерін болғызбауға тырысу керек (мысалы, есеп шартын және дайын сызбаларды көшіріп сызу). Тапсырмаларды орындау үшін пішімі А4 (торкөз) жұмыс дәптерін пайдаланған дұрыс.

Салуларды орындауда білім алушылардың белгілі бір іс-әрекет алгоритмін қалыптастыруын көздеу қажет. Бұл сызбаны тексеру кезінде де өзекті болып табылады.

Оқу уақытының көбі практикалық жұмыс орындауға бөлінуі тиіс. Міндетті графикалық жұмыстардан тыс сызу пәні сабақтарында түрлі графикалық есептерді қолданған дұрыс. Білім алушылардың танымдық қызметін жандандыру оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануымен және сабақтың әдістемелік қамтылуымен жүзеге асады

Сызуға оқыту барысында әр білім алушының өзіне тән ерекшеліктерін (дарындылығын, ойлау қабілетін, жеке мүддесін) есепке алып, оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейін біртіндеп көтеру керек. Түрлі оқу құралдарын кеңінен пайдалану ұсынылады (карточка-тапсырмалар, анықтамалықтар, плакаттар, кестелер, модельдер, тетік бөлшектер жиынтығы және ақпараттық технологиялық құралдар).

Қазіргі қоғамның ақпараттандырылу жағдайына сәйкеспәнді оқытудың маңызды бағыты ол білім алушылардың компьютерлік графикалық сауаттылығын қалыптастыру (мектептің мүмкіндігіне қарай, жергілікті жағдайға лайықты компьютерлік бағдарламаны оқытуға болады).

 «Сызу» пәні бойынша апталық оқу жүктемесі – 2 сағат, оқу жылында барлығы 68 сағатты құрайды.

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ

Дене шынықтыруоқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі, оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.

Пәнді оқыту тұлғаны қалыптастыру, адамның танымдық белсенділігінің дамуына бағытталған. Оқу бағдарламасының мазмұны оқушы, қоғам мен жанұя сұраныстарын ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктеріне сәйкес анықталған.

Оқыту мақсаты:

– өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін және қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру;

– дене бітімі және психикалық қасиеттерінің толық дамуы;

– салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.

Оқыту міндеттері:

– денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі дене шынықтыру қасиеттерін дамыту;

– дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық спорт түрлерінің іс-қимыл әдістері мен техникасы арқылы қимылдық тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру;

– дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;

– өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу;

– тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.

Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру» (әрекеттік компонент).

«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұнында адамның таным белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктері және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілсе, «Денені жетілдіру» бөлімінде оқушылардың дене дайындығын арттыруға бағытталған және жалпы дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары туралы мәліметтер берілген.

Дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары ретінде бағдарламаға айқындалған маңызы бар базалық спорт түрлерінен (жүзу, шаңғымен жарысу, спорттық ойындар, жеңіл  атлетика, акробатика элементтерімен гимнастика) дене шынықтыру жаттығулары мен қозғалыс әрекеттері берілген. Қазақстандағы дене шынықтыру туралы тарихи ерекшеліктерді ашатын «Ұлттық ойындар» тақырыбы енгізілді.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін дамытуға және денсаулығы мен дене шынықтыруды жетілдіруге бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады.

Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:

– мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс дағдысына байланысты ұсынылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің материалдарымен толықтыруға (оқушыларға қойылатын негізгі талаптарды жүзеге асыру барысында) құқылы;

–«Гимнастика» тарауын («Жалпы дамытатын жаттығулар» және «Ырғақты гимнастика» бөлімдерін) меңгертуде қатаң тәртіпті сақтау міндетті емес;

– мұғалім апталық кестедегі сабақ санына сәйкес балалардың даярлығы мен сабақтың нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады;

– оқушылардың тактикалық ойлауын дамытуға, дене қасиеттерін тәрбиелеуге әсерін ескере отырып, ең оңтайлы қозғалыс ойындарының мазмұны болуы қажет;

– оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау-сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;

– дене шынықтыру сабақтарының тиімділігі екі параметр бойынша бағаланады:

а) жекелеген бақылау оқу нормативтерін орындау нәтижелері;

ә) Президенттік тест бойынша нормативтерді орындау нәтижелері (мұғалімнің таңдауы бойынша).

«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.

Оқу жылы ішінде 4 реттен кем емес жалпы мектептік «Денсаулық күні» өткізіледі және каникул кезінде ұйымдастырылады.

«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.

«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әдістемелік құралдар әзірлеп,орталықтың сайтына (www.nnpcfk.kz) және академия сайтына орналастырылған (nao.kz).

Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2018-2019 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

– Қазақстан Республикасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Мәңгілік елдің Елордасы» (1998 жыл 10 маусым -2018 жыл 6 шілде);

– Қазақстан Республикасы Жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына 100 жыл(1918 жыл 8 сәуір).

 «Дене шынықтыру» пәні бойынша 9-сыныпта оқу жүктемесінің көлемі

 – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды.

3.2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

І«Тіл және әдебиет» білім саласы 

«Тіл және әдебиет» білім саласына «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті», «Ана тілі», «Ұйғыр/Өзбек/Тәжік әдебиеті», «Шет тілі» оқу пәндері және «Абайтану» курсы кіреді.

Қазақ тілі (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін

 «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі және Қазақстандағы мемлекеттік тіл мәртебесіндегі өзара қарым-қатынас құралы.

Қазақ тілі қазақстандық қоғам мен қазақ тілін ана тілі ретінде қолданатын әрбір жеке тұлға өмірінде бірегей қызмет атқарады. Қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік және қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту тілдің қоғамдағы маңызды қызметі мен рөлін саналы түрде түсінуге, тілдің табиғатын ғылыми танымдық тұрғыдан түсініп меңгеруге, тілдік бірліктердің функционалдық қасиеттерін саналы түрде қолдануға дағдыландырады.

10-11-сыныптарда оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген):

жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы;

жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы қолданылады. Жалпы орта білім беру деңгейінің оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтына орналастырылған (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары/11-жылдық мектептің негізгі орта білім беру оқу бағдарламалары (Қазақ тілі. Қазақ әдебиеті).

Пән бойынша оқу жүктемесі:

қоғамдық-гуманитарлықбағыт:

10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

  • жаратылыстану-математикалықбағыт:

10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

Әрбір тоқсанда алынатын жазба жұмысының (диктант) саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.

Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарының негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты жазуға, оқушының ауызша және жазбаша ойын, грамматикасын және стилистикасы жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету. Мұғалім білім алушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп отыруы тиіс. Әр мұғалім жазба жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол білім алушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білгенін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасау болып табылады.

         Жазба жұмысына (диктант) қойылатын талаптар еш өзгеріссіз қалдырылды, қажет болған жағдайда, өткен оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хаттан қарауға болады.

32-кесте – 10-11- сыныптарда ұсынылатын жазба жұмысының (диктант) саны

Сыныптар

Жазба жұмыстарының түрі

Оқу тоқсандары

Барлығы

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Қоғамдық-гуманитарлық бағыты

10

диктант

2

2

2

2

8

11

диктант

2

2

2

2

8

Жаратылыстану-математикалық бағыты

10

диктант

1

1

1

1

4

11

диктант

1

1

1

1

4

Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:

- «5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен 1 қатесі (0/1);

- «4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі (3/3) бар немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 (2/4), емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі (1/5) бар, емледен бір типті 4 қатесі(4/0);

  • «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі (6/5) бар немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате (5/6) бар немесе емледен 3, тынысбелгісінен 8 қатесі (3/8);
  • «2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі (9/5) бар немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі(8/9)бар жұмысқа қойылады.

«Қазақ тілі» пәні бойынша дәптермен жұмыс жасау тәртібі, талаптары мен ережелері еш өзгеріссіз қалды, қажет болған жағдайда, өткен оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хаттан қарауға болады

  қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)

10-11-сыныптардағы оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген):

  • жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы;
  • жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы қолданылады.

Пән бойынша оқу жүктемесі:

  • қоғамдық-гуманитарлық бағытбойынша:

10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағатты;

11-сыныпта аптасына 3 сағаттан, барлығы – 102 сағатты құрайды.

  • жаратылыстану-математика бағытыбойынша:

10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағатты;

11-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағатты құрайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы                16 қарашадағы № 660 бұйрығына сәйкес 2016-2017 оқу жылынан бастап мектеп бітірушілер үшін жоғары оқу орындарына түсу емтиханы болып табылатын Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) жаңа форматы енгізілді. Қорытынды аттестаттау – жалпы орта білім беру ұйымдарында өткізілетін               11 (12) - сынып білім алушыларына арналған мемлекеттік бітіру емтиханы.

11 (12) - сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауда ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан тапсырады.

Ұлттық тестілеу орталығы (testcenter.kz) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эссе жазу туралы мұғалімдер мен оқушыларға көмекші құрал ретінде әдістемелік ұсынымдама әзірледі. Әдістемелік ұсынымдамада эссе термині, түрлері, құрылымы, ерекшелігі, талаптары және оның шығармадан айырмашылығы жөнінде түсінік берілген. Сонымен қатар, эссе тақырыптары, оны бағалау критерийлері және эссе жазу үлгісі ұсынылды.

Эссе мазмұнында, ең алдымен, ойды анық және сауатты бере білуі, ақпараттың құрылымы, негізгі ұғымды қолдануы, себеп-салдарлық байланыстарды бөліп алуы, өз көзқарасын дәлелдей білуі бағаланады.

Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша мемлекеттік емтихан эссе түрінде берілді. Әртүрлі мәселелерге қатысты, белгілі бір құрылымға сәйкес топтастырылған он тақырыптан тұрады. Оның бесеуі әдеби тақырыптар, қалған бесеуі еркін тақырыптар.

Ұсынылған тақырыптардың тек біреуін ғана таңдау, содан кейін осы тақырыпта 250-300 сөз көлемінде эссе жазу қажет.Эссенің композицясын мұқият ойластыру қажет.

Эссені сөйлеу нормаларын сақтай отырып, анық және түсінікті етіп жазу қажет.

Емтиханға қатысушыларға орфографиялық және түсіндірме сөздіктерді, афоризмдер жинақтары мен көркем шығармалар мәтіндерін  қолдануға рұқсат етіледі.

33-кесте – 10-11-сыныптарға ұсынылатын жазба жұмыстары (эссе) мен сыныптан тыс оқудың сан

 

Сыныптар

 

 

Жазба, сыныптан тыс оқу жұмыстарының түрлері

Оқу тоқсандары

Барлығы

 

 

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

10

Эссе

2

2

2

2

8

 

Сыныптан тыс оқу

1

1

1

1

4

 

Барлығы:

3

3

3

3

12

11

Эссе

3

3

3

3

12

 

Сыныптан тыс оқу

1

1

1

1

4

 

Барлығы:

4

4

4

4

16

Жаратылыстану-математикалық бағыт

10

Эссе

2

2

2

2

8

 

Сыныптан тыс оқу

1

1

 

 

2

 

Барлығы:

3

3

2

2

10

11

Эссе

2

2

2

2

8

 

Сыныптан тыс оқу

1

1

 

 

2

 

Барлығы:

3

3

2

2

10

 

 

34-кесте – Эссе көлемі

 

Сынып

Көлемі

10

250-300 сөз

11

250-300 сөз

35-кесте – Эссе мен шығарманың айырмашылығы

 

Эссе

Шығарма

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai - тәжірбие, лат.т. exagium – құрау )

– философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.

Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі баяндауы талапетіледі.

Эссе– еркін композициялық құрылымға негізделген немесе көркем-публицистикалық жанрдың бір түрі

Шығарма – белгілі бір берілген тақырыпқа арналған, міндетті құрылымнан тұратын, тек пәндік білімге бағытталған шығармашылық жұмыс.

Эссе қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес.

Шығармадажоспардыжазу міндетті.

Эссежекекөзқарас,сараптама, дәлелдемелергенегізделеді.

Шығарма формасы оның түріне байланысты, көбінесе көркем мәтінді талдауға негізделеді.

Эссенің мақсаты – эссе жазушының өзіндік көзқарасын, сыни ойын жетілдіру, ұстанымын дәлелді бекіту үшін жан-жақты білім алып, ақпараттық қарулану, тақырыпты ашуда метатанымдық білігін тиімді қолдану, шығармашылық қабілетін шыңдау, ой жүйелілігін реттеу, жазу түрлеріне қарай жазу тәсілдерін таңдай біліп, эссе түріне қарай жазу стилін сақтау, ой жүйесінің бірізділігін сақтауда            сөз оралымдарын тиімді қолдану, шығармашыл жазбаларда сөздік қорының байлығын дамыту, талдау жұмыстарында қажетті термин сөздерді тиімді қолдану.

сөздік қорының байлығын дамыту, талдау жұмыстарында қажетті термин сөздерді тиімді қолдану.

 

Шығарманың мақсаты – жазылым тілін дамыту, логикалық ойлауды дамыту, шығармашылық, қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге ұластыру, әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен құдіретті орнын өз дүниесінде көркемдеп бере алу.

 

36-кесте – Эссе мазмұнын бағалау өлшемшарттары

 

Өлшемшарттар

Дескрипторлар

Балдары

Тақырыпты ашу тереңдігіжәне пікірлердің сенімділігі

2 балл

ұсынылған тақырыпты ұғынуы

1

эссе тақырыпқа сай келмейді

0

Проблеманы көрсетуі

1

эссе проблемасы ашылмаған

0

Дәйектемелер

3 балл

эссе тақырыбына сәйкес келетін көркем шығармадан алынған дәйектердің болуы

1

көркем шығармадан алынған дәйектердің болмауы

0

Автордыңұстанымыннақтылайтынбасқадереккөздерденалынғандәйектердің болуы

1

автордың ұстанымын нақтылайтын басқа дереккөздерден алынған дәйектердің болмауы

0

автордың жеке көзқарасының болуы

1

автордың жеке көзқарасының болмауы

0

Композициялықтұтастығыжәнелогикалықжүйелілігі

3 балл

Композияциялықтұтастықтыңболуы, пікірлердіңбөліктерілогикалықбайланысты, ойбіртіндепдамиды

1

тезистік бөлімнің болмауы

0

ішкі логиканың болуы, жекеден жалпыға, жалпыдан жекеге өту дағдысының болуы

1

логикалық байланыстың болмауы мағынасын түсінуге кедергі келтіреді

0

сонылық, ерекшелік (қызықты байланыстар, ойламаған бұрылыстар)

1

шығармашылық көрініс жоқ

0

Сөйлеу мәдениеті

2 балл

көркем – бейнелеу құралдарды және стилистік сөздерді, бай лексикасын қолдану

1

сөйлеудегі бірыңғай грамматикалық құрылым

0

эмоционалдылық, тіл шешендігі

1

сөйлеу тілінің жұтаңдығы

0

 

Барлық балдардың жиынтығы

10

 

 

Әдеби тақырып және еркін тақырып бойынша эссенің сауаттылығы келесі кестеде көрсетілген өлшемшарттармен бағаланады.

 

37-кесте – Сауаттылықты бағалау өлшемшарттары

 

Өлшемшарттар

Дескрипторлар

Балдары

 

Орфография 3 балл

Орфографиялық қате жоқ, немесе 1 жеңіл қате

3

 

1-2 қате жіберілді

2

 

3-5 қате жіберілді

1

 

5-тен көп қате жіберілді

0

 

Пунктуация 3 балл

пунктуациялық қате жоқ, немесе 1 қате жіберілді

3

 

 

 

2-3 қате жіберілді

2

 

4-5 қате жіберілді

1

 

5-тен көп қате жіберілді

0

 

Грамматикалық норманысақтау 2 балл

грамматикалық қате жоқ немесе, 1 қате жіберілді

2

 

2-3 қате жіберілді

1

 

4-тен көп қате жіберілді

0

 

Стилистикалық норманы сақтау 2 балл

стилистикалық қателері жоқ, немесе 1 қате жіберілді

2

 

2-3 қате жіберілді

1

 

3-тен көп қате жіберілді

0

 

 

Барлық балдардың жиынтығы

10

             
 

 

38-кесте – Бес балдық жүйе бойынша эссені бағалау

 

Бағалудың бес балдық жүйесі бойынша баға

«2»

«3»

«4»

«5»

Мазмұны

0–3

4–6

7–8

9–10

Сауаттылығы

0-3

4-6

7-8

9–10

Назар аударыңыз!

Осылайша,эссегеекібаға қойылады:мазмұнынажәнесауаттылығына. Бірінші баға «Қазақ әдебиеті» пәніне,екіншісі–«Қазақ тілі» пәні бойынша журналға қойылады. Қорытынды баға жылдық және емтихан бағасы негізінде қойылады.

Егер мектеп бітіруші таңдау пәні ретінде «Қазақ әдебиеті» пәнін таңдаса, әдебиет пәні бойынша алған бағасына емтихан тапсыру барысындағы тестілеу бағасы қосылады. Қорытынды баға жоғарыдағы принцип бойынша қойылады.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2018-2019 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:

Елордамыз – Астана қаласына 20 жыл (1998 ж.);

Қазақ халқының ғұлама ақыны, тарихшы, этнограф, аудармашы, ауыз әдебиетінің мұраларын жинақтаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің туғанына 160 жыл (1858 - 1931);

Ақын, сазгер Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 175 жыл (1843-1913);

Ақын Мұрат Мөңкеұлының туғанына 175 жыл (1843-1906);

Суырып салма ақын Шортанбай Қанайұлының туғанына 200 жыл (1818-1881);

Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл (1893 - 1937);

28 қыркүйек –жазушы, драматург, журналист Оралхан Бөкейхановтың туғанына 75 жыл (1943-1993);

25 қазан – Қазақстанның халық жазушысы, драматург Тахауи Ахтановтың туғанына – 95 жыл (1923—1994);

28 қазан – қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл Сұлтанмахмұт Шоқпытұлы Торайғыровтың туғанына 125 жыл (1893-1920);

12 желтоқсан – қырғыз халық жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Шыңғыс Айтматовтың туғанына – 90 жыл (1928 - 2008);

4 ақпан – ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым Әбділда Тәжібаевтың туғанына – 110 жыл (1909 - 1998).

5 мамыр – ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің туғанына – 125 жыл (1894-1938);

22 қазан – Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбдіжәміл Нұрпейісов – 95 жаста (1924);

15 қараша – қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына – 125 жыл (1894-1938).

«Абайтану» курсы

«Абайтану» курсыҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.

Курстың білім мазмұны ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға бағытталған.

Курсты қазақ тілі мен әдебиеті немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді. Мұғалімдерге көмек ретінде «Абайтану» курсы бағдарламасының мазмұнын жобалау мен өткізу бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп, Академия сайтына (www.nao.kz)орналастырылды.

Жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныбына арналған «Абайтану» курсын ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компоненті есебінен жүргізуұсынылады.

Курс жүктемесінің көлемі:

10- сыныпта – аптасына 1 сағат, оқужылында – 34сағатты;

11- сыныпта – аптасына 1 сағат, оқужылында – 34 сағаттықұрайды.

Курс бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау, сондай-ақ емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілмейді.

Орыс тілі (оқыту орыс тілінде емес сыныптар үшін)

Русский язык необходим гражданину Республики Казахстан как основное средство общения с другими людьми. Литература, созданная на русском языке, является носительницей важных для самосознания народа и отдельной личности смыслов. Язык и литература фиксируют исторический опыт поколений и передают его потомкам.

Цель учебного предмета «Русский язык» – формирование умений и навыков свободного владения русским языком во всех видах речевой деятельности (слушание, говорение, чтение, письмо), в избранных сферах применения языка; формирование средствами русского языка интеллектуальной, духовно-нравственной, коммуникативной, гражданской культуры учащихся.

Важнейшими задачами учебного предмета «Русский язык» в  10-11  классах являются: воспитание и развитие средствами русского языка и литературы интеллектуальной, духовно-нравственной личности, способной жить и трудиться в условиях информационного и поликультурного общества; совершенствование речемыслительной деятельности, коммуникативных умений и навыков, обеспечивающих свободное владение русским литературным языком в разных сферах и ситуациях его использования; приобщение учащихся к духовно-нравственным ценностям русской литературы, развитие у них художественного мышления; воспитание у учащихся средствами русской литературы интереса к чтению, формирование эстетического вкуса, этических представлений и высокой читательской культуры.

Соответственно предложенному в государственном общеобязательном стандарте образования Республики Казахстан в школах с нерусским языком обучения предмет «Русский язык» изучается в 10-11 классах общественно-гуманитарного направления – по 2 часа в неделю (объем учебной нагрузки за учебный год по предмету «Русский язык»: 10 класс (ОГН) – 68 часов; 11 класс (ОГН) – 68 часов); естественно-математического направления – по 1 часу в неделю (объем учебной нагрузки за учебный год по предмету «Русский язык» составляет: в 10 классе ЕМН – в неделю 1 час, всего – 34 часа; в 11 классе ЕМН – в неделю 1 час, всего – 34 часа).

При наличии в классах 24 и более учащихся, класс делится на две группы, в течение года при выбытии учащихся – группы не объединяются.

Формами письменной работы в 10-11 классах являются диктант, изложение, сочинение, в том числе эссе. В каждой четверти проводится в среднем 1 диктант (в первой четверти допускается 2 диктанта), 1 изложение, 1 сочинение, 1 эссе. Сочинения и эссе могут быть классными и домашними.

Объем контрольного диктанта по русскому языку для 10-11 классов школ с казахским языком обучения:

10 класс – 100-110 слов, 11 класс – 110-120 слов.

Объем словарного диктанта: 10-11 классы – 35-40 слов.

Примерный объем текста для подробного изложения:

10 класс – 160-170 слов, 11 класс – 170-180 слов.

Диктанты оцениваются одной оценкой, которая считается оценкой по русскому языку. Диктанты с грамматическим заданием оцениваются двумя оценками и заносятся через дробь в журнал по предмету «Русский язык».

Для сжатого изложения, а также итоговых и контрольных изложений объем текста может быть увеличен на 30 - 60 слов.  Изложения   оцениваются двумя оценками и заносятся через дробь в журнал по предмету «Русский язык».

Диктант оценивается одной оценкой

Оценка «5» выставляется за безошибочную работу, а также при наличии в ней 1 негрубой орфографической или 1 негрубой пунктуационной ошибки.

Оценка «4» выставляется при наличии в диктанте 2 орфографических и пунктуационных ошибок, или 1 орфографической и 3 пунктуационных ошибок, 4 пунктуационных ошибокпри отсутствии орфографических ошибок.

Оценка «4» может выставляться при 3 орфографических ошибках, если среди них есть однотипные.

Оценка «3» выставляется за диктант, в котором допущены 4 орфографических и 5пунктуационных ошибок, 7пунктуационных ошибок при отсутствииорфографическихошибок. В 5 классе допускается выставление «3» за диктант при 5 орфографических и4 пунктуационных ошибках. Оценка «3» может быть выставлена также при 6 орфографических и6 пунктуационных ошибках, если среди тех и других однотипные и негрубые ошибки.

Оценка «2» выставляется за диктант, в котором допущено до 7 орфографических и 7 пунктуационных ошибок, или 6 орфографических и 8 пунктуационных ошибок, 5 орфографических и 9 пунктуационных ошибок, 8 орфографических и6 пунктуационных ошибок.

При оценке контрольного словарного диктанта рекомендуется руководствоваться следующим:

Оценка «5» ставится за диктант, в котором нет ошибок.

Оценка «4» ставится за диктант, в котором ученик допустил 1-2 ошибки.

Оценка «3» ставится за диктант, в котором допущено 3-4 ошибки.

Оценка «2» ставится за диктант, в котором допущено до 7ошибок.

При оценке диктантаисправляются, но не учитываются орфографические и пунктуационные ошибки:

1) на правила, которые не включены в школьную программу;

2) на еще не изученные правила;

3) в словах с непроверяемыми написаниями, над которыми не проводилась специальная работа;

4) в передаче авторской пунктуации.

Исправляются, но не учитываются описки, неправильные написания, искажающие звуковой облик слова, например: «рапотает» (вместо работает), «дулпо» (вместо дупло), «мемля» (вместо земля).

При оценке диктантов важно также учитывать характер ошибок.

Среди ошибок следует выделять негрубые, т.е. не имеющие существенного значения для характеристики грамотности. При подсчете ошибок две негрубые считаются за одну.

К негрубым относятся ошибки:

1) в исключениях из правил;

2) в написании большой буквы в составных собственных наименованиях;

3) в случаях слитного и раздельного написания приставок в наречиях, образованных от существительных с предлогами, правописание которых не регулируется правилами;

4) в случаях раздельного и слитного написания не с прилагательными и причастиями, выступающими в роли сказуемого;

5) в написании ы и и после приставок;

6)в случаях трудного различия не и ни (Куда он только не обращался! Куда он ни обращался, никто не мог дать ему ответ. Никто иной не...; не кто иной, как; ничто иное не...; не что иное, как и др.);

7)в собственных именах нерусского происхождения;

8) в случаях, когда вместо одного знака препинания поставлен другой;

9) в пропуске одного из сочетающихся знаков препинания или в нарушении их последовательности.

Необходимо учитывать также повторяемость иоднотипность ошибок. Если ошибка повторяется в одном и том же слове или в корне однокоренных слов, то она считается за одну ошибку.

Однотипными считаются ошибки на одно правило, если условия выбора правильного написания заключены в грамматических (в армии, в здании; колют, борются) и фонетических (пирожок, сверчок) особенностях данного слова.

Не считаются однотипными ошибки на такое правило, в котором для выяснения правильного написания одного слова требуется подобрать другое (опорное) слово или его форму (вода — воды, рот — ротик, грустный — грустить, резкий — резок).

Первые три однотипные ошибки считаются за одну, каждая следующая подобная ошибка учитывается как самостоятельная.

Требования к оформлению и ведению тетрадей остаются без изменений.

По русскому языку и литературе проводятся текущие и итоговые письменные контрольные работы, самостоятельные работы, контроль знаний в форме теста.

Текущие контрольные работы имеют целью проверку усвоения изучаемого и проверяемого программного материала; их содержание и частотность определяются учителем с учетом степени сложности изучаемого материала, а также особенностей обучающихся каждого класса. Для проведения текущих контрольных работ учитель может отводить весь урок или только часть его.

Итоговые контрольные работы проводятся:

- после изучения наиболее значимых тем программы;

- в конце учебной четверти;

- в конце полугодия.

В один рабочий день рекомендуется давать в классе только одну письменную текущую или итоговую контрольную работу.

При планировании контрольных работ в каждом классе необходимо предусмотреть равномерное их распределение в течение всей четверти, не допуская скопления письменных контрольных работ к концу четверти, полугодия.

Не рекомендуется проводить контрольные работы в первый день четверти, в первый день после праздника, в понедельник.

Самостоятельные работы или тестирование могут быть рассчитаны как на целый урок, так и на часть урока, в зависимости от цели проведения контроля.

Орыс әдебиеті (оқыту орыс тілінде емес сыныптар үшін)

Приоритетными направлениями в преподавании учебного предмета «Русская литература» являются:

- воспитание учащихся, формирование их духовно-нравственного мира, мировоззрения; воспитание патриотического чувства, толерантности;

- развитие и совершенствование всех видов речевой деятельности учащихся на русском  языке на основе изучения произведений русской литературы;

- тесная связь изучения русской литературы с русским языком и казахским языком, казахской  литературой.

Включение в традиционную форму урока блоков, интегрирующих материал русской и родной казахской  литературы на основе общности тематики, проблематики, нравственных идеалов, ассоциативных связей;

- использование, наряду с формой традиционного урока, современных активных форм урока, опирающихся на принцип диалогизации, которые способствуют совершенствованию культуры межличностного общения, развивают неподготовленную связную речь учащихся на  русском языке;

- воспитание на основе изучения казахской  и русской  литератур  толерантности, уважительного отношения к литературе, традициям, обычаям, культуре, истории народов, проживающих в Республике Казахстан;

- изучение теоретико-литературных понятий в соотношении со знаниями, которые учащиеся приобретают в курсе казахской литературы. Особый упор необходимо сделать на изучение тех понятий, которые не имеют соответствия в казахской литературе учащихся. При использовании теоретико-литературных понятий в практике школьного анализа художественных текстов следует избегать излишнего наукообразия, учитывая национальный фактор, рассматривая понятие как необходимый инструмент постижения художественной сути произведения;

- перспективным направлением изучения русской литературы в школах с нерусским  языком  обучения является культуроведческий аспект, что является одной из новых  стратегий образования вообще и литературного образования, в частности;

- реализация на уроках литературы внутрипредметных и межпредметных связей. Межпредметные связи осуществляются в первую очередь с предметами «Русский язык» и «Казахская литература», «Казахский язык». Изучение литературы тесно связано с изучением истории Казахстана;

- реализация деятельностного, практикоориентированного и личностно-ориентированного подходов путём использования разнообразных видов деятельности, в том числе направленных на возможность самореализации личности учащегося (сочинения на литературные темы и по жизненным впечатлениям, собственные интерпретации литературных произведений, творческие работы различных жанров на русском языке, перевод фрагментов текста с русского языка на родной казахский и с родного казахского  на русский и др.);

- формирование общих учебных умений и навыков и обобщенных способов деятельности, таких, как: сопоставление, классификация, умение анализировать, высказывать свое мнение, доказывать, аргументировать;

- формирование информационной культуры учащихся (умение грамотно использовать  для решения познавательных и коммуникативных задач различные источники информации, в том числе мультимедийные ресурсы, ресурсы интернета и другие базы данных).

В связи с этим при обучении русской литературе необходимо усилить работу по формированию данного компонента функциональной грамотности как необходимого навыка использования знаний и умений для решения широкого диапазона жизненных задач в различных сферах человеческой деятельности, также в межличностном общении и социальных отношениях.

Изучение  литературы, освоение воплощенных в литературе образцовых форм русской речи играет ведущую роль в процессах воспитания личности, развития ее нравственных качеств и творческих способностей, в приобщении к отечественной и мировой культуре, в продолжение национальных традиций и исторической преемственности поколений.

Количество часов в неделю по литературе составляет:

общественно-гуманитарное направление:

- в 10 классе 2 часа в неделю, общее количество – 68 часов; из них на: чтение и изучение – 58 часов, внеклассное чтение – 4 часа, развитие речи – 6 часов;

- в 11 классе 1 час в неделю, общее количество – 34 часа; из них на: чтение и изучение – 28 часов, внеклассное чтение – 4 часа, развитие речи – 2 часа;

естественно-математическое направление:

- в 10, 11 классах 1 час в неделю, общее количество – 34 часа; из них на: чтение и изучение – 30 часов, внеклассное чтение – 2 часа, развитие речи – 2 часа.

Ведение тетрадей в 10-11 классах остается без изменений.

Все литературные произведения, на которые отводятся часы, предназначены для обязательного изучения.

По русской литературе  проводятся текущие и итоговые письменные контрольные работы, самостоятельные работы, контроль знаний в форме теста.

Текущие контрольные работы имеют целью проверку усвоения изучаемого и проверяемого программного материала; их содержание и частотность определяются учителем с учетом степени сложности изучаемого материала, а также особенностей обучающихся каждого класса. Для проведения текущих контрольных работ учитель может отводить весь урок или только часть его.

Отметки за сочинение (выполняется в тетрадях по развитию речи) по русской литературе выставляются по литературе через дробь в одну графу: первая – за содержание, вторая – за грамотность. Ошибки выносятся графически на поля и подсчитываются. При написании домашнего сочинения или других творческих работ отметка за работу выставляется в графу, соответствующую дате, когда давалось задание, или дате, когда проходила защита творческой работы.

Изложение и сочинение оценивается двумя оценками: первая – за содержание работы и речь, вторая – за грамотность (в журнале ее рекомендуется ставить на странице «Русский язык» и учитывать при выставлении итоговой оценки по русскому языку)

При выставлении оценки за содержание и речевое оформление согласно установленным нормам необходимо учитывать все требования, предъявляемые к раскрытию темы, а также к соблюдению речевых норм (богатство, выразительность, точность).

При выставлении второй оценки учитывается количество орфографических, пунктуационных и грамматических ошибок. Грамматические ошибки, таким образом, не учитываются при оценке языкового оформления сочинений и изложений.

Таблица 39 – Основные критерии оценки за изложение и сочинение

Оценка

Содержание и речь

Грамотность

«5»

1.Содержание работы полностью соответствует теме.

2.Фактические ошибки отсутствуют.

3.Содержание излагается последовательно.

4.Работа отличается богатством словаря, разнообразием используемых синтаксических конструкций, точностью словоупотребления.

5.Достигнуты стилевое единство и выразительность текста.

В целом в работе допускается 1 недочет в содержании 1-2 речевых недочета.

Допускаются: 

1 орфографическая, или 1 пунктуационная, или 1 грамматическая ошибки

«4»

1.Содержание работы в основном соответствует теме (имеются незначительные отклонения от темы).

2.Содержание в основном достоверно, но имеются единичные фактические неточности.

3.Имеются незначительные нарушения последовательности в изложении мыслей.

4.Лексический и грамматический строй речи достаточно разнообразен.

5.Стиль работы отличается единством и достаточной выразительностью.

В целом в работе допускается не более 2 недочетов в содержании и не более 3-4 речевых недочетов.

Допускаются: 2 орфографические и 2 пунктуационные ошибки, или 1 орфографическая и 3 пунктуационные ошибки, или 4 пунктуационные ошибки при отсутствии орфографических ошибок, а также 2 грамматические ошибки

«3»

1.В работе допущены существенные отклонения. 

2.Работа достоверна в главном, но в ней имеются отдельные фактические неточности.

3.Допущены отдельные нарушения последовательности изложения.

4.Беден словарь и однообразны употребляемые синтаксические конструкции, встречается неправильное словоупотребление.

5.Стиль работы не отличается единством, речь недостаточно выразительна.

В целом в работе допускается не более 4 недочетов в содержании и 5 речевых недочетов.

Допускаются: 

4 орфографические и

4 пунктуационные ошибки, или 3 орф. и 5 пунк., или 7 пунк. при отсутствии орфографических (в 5 кл.-5 орф. и 4 пунк., а также 4 грамматических ошибки

«2»

Работа не соответствует теме. Допущено много фактических неточностей. Нарушена последовательность мыслей во всех частях работы, отсутствует связь между ними, работа не соответствует плану. Крайне беден словарь, работа написана короткими однотипными предложениями со слабо выраженной связью между ними, часты случат неправильного словоупотребления. Нарушено стилевое единство текста. В целом в работе допущено 6 недочетов и до 7 речевых недочетов

Допускаются: 

7 орф. и 7 пунк. ошибок, или6 орф. и 8 пунк., или5 орф. и 9 пунк., или9 пунк., или 8 орф. и 5пунк., а также 7 грамматических ошибок

Оценка обучающих работ

Обучающие работы (различные упражнения и диктанты неконтрольного характера) оцениваются более строго, чем контрольные работы.

При оценке обучающих работ учитываются:

1) степень самостоятельности учащегося;

2) этап обучения;

3) объем работы;

4) четкость, аккуратность, каллиграфическая правильность письма.

Если возможные ошибки были предупреждены в ходе работы, оценки «5» и «4» ставятся только в том случае, когда ученик не допустил ошибок или допустил, но исправил ошибку. При этом выбор одной из оценок при одинаковом уровне грамотности и содержания определяется степенью аккуратности записи, подчеркиваний и других особенностей оформления, а также наличием или отсутствием описок. В работе, превышающей по количеству слов объем диктантов для данного класса, для оценки «4» допустимо и 2 исправления ошибок.

Первая и вторая работа, как классная, так и домашняя, при закреплении определенного умения или навыка проверяется, но по усмотрению учителя может не оцениваться.

Порядок проверки письменных работ учащихся

Тетради учащихся, в которых выполняются обучающие классные и домашние работы, проверяются по литературе:

- в 10-11 классах – не реже одного раза в месяц.

Сочинения в 10-11 классах проверяются не более 10 дней.

При планировании и организации внеклассной работы по учебным предметам рекомендуется обратить внимание на календарь юбилейных дат, которые будут отмечаться в 2018/2019  учебном году:

25 июня – 125 лет (1893-1931) со дня рождения поэта М.Б. Жумабаева;

11 июля  – 160 лет 1858-1931) со дня рождения казахского поэта, мыслителя, переводчика, композитора Ш. Кудайбердиева;

9 сентября –  85 лет (1933) со дня рождения писателя А. Тарази; 

29 сентября   – 75 лет  (1943-1993) со дня рождения   писателя  О.  Бокеева;

25 октября  – 95 лет (1923- 1994) со дня рождения   писателя  Т. Ахтанова;

28 октября 125 лет (1893-1920) со дня рождения поэта,  просветителя  С. Торайгырова;

17 августа – 110 лет (1908-1981) со  дня рождения писателя  Б.  Полевого;

20 августа – 105 лет (1913-1994) со  дня рождения   писателя  А.Б.   Чаковского;

6 сентября – 90 лет  со  дня рождения   поэта   и писателя  Э.  Асадова;

8 сентября – 95 лет   со  дня рождения   поэта  Р. Гамзатова;

9 сентября - 190 лет (1828-1910) со  дня рождения   писателя Л.Н. Толстого;

27 сентября – 215 лет со  дня рождения  французского писателя П. Мериме;

3 октября – 145 лет (1873-1950) со  дня рождения  писателя  В.Я. Шишкина;

8 октября – 195 лет (1823-1886) со  дня рождения  писателя  И.С. Аксакова;

14 октября – 80 лет со  дня рождения  детского писателя  В.П. Крапивина;

9 ноября – 200 лет (1818- 1883) со  дня рождения   писателя  И.С. Тургенева;

23 ноября – 110 лет(1908-1978) со дня рождения  писателя Н.Н. Носова;

30 ноября – 105 лет со дня рождения писателя В.Ю. Драгунского;

1 декабря – 95 лет (1923-1984) со дня рождения  писателя   Н.Ф. Тендрякова;

5 декабря – 210 лет (1803-1873) со дня рождения поэта Ф.И. Тютчева;

12 декабря – 90 (1928-2008)  лет со дня рождения писателя Ч. Айтматова;

15 декабря  –  95 лет   со дня рождения   детского  писателя Я. Л.  Акима;

26 декабря – 115 (1898-1980) лет со дня рождения поэта С.П. Щипачева.

Шетел тілі

Жалпы орта білім беру деңгейіндегі «Шетел тілі» оқу пәні шетел тілінигеру деңгейінің жалпыеуропалық жүйесіне сәйкес келеді:

10-сынып – В1 («Қалыптасқан игерім 1»);

11-сынып – В1+ (В2) («Қалыптасқан игерім 1.2»).

Шетел тілін оқыту тәрбиелеу құралы ретінде, танымдық және басқа ұлттар мәдениетімен және оны тасымалдаушылармен өзара әрекет ету құралы ретінде болашақта бәсекеге қабілетті маман даярлау үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, болашақта шетел тілін меңгеру дағдысының артуын ілгерілетуге бағытталған. Функционалды сауаттылықты дамыту нәтижесінің бірі - шетел тіліндегі жазбаша, ауызша өнімді коммуникацияға қабілеттілік болып табылады.

Орта мектептің жоғары сынып білім алушыларына шетел тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері осылайша туындаған.

10-11-сыныптарда шетел тілін оқытудың басты мақсаты - мәдени сұхбат жасаудабілім алушылардың шетел тілін қарым-қатынас құралы ретінде қолдану қабілетін дамытуда, әсіресе, мектептің білім беру саласындағы мәдениетаралық қарым-қатынасқа дайындауда, жастар туризмі, білім саласында өзіндік білімін көтеруде, Қазақстан Республикасында тұратын басқа ұлт өкілдерінің мәдениетімен, тұрмыс-тіршіліктерінің ерекшелігімен танысуда, Қазақстанның әлемдік мәдениетке қосқан үлесімен танысуда қарым-қатынас құралы ретінде шетел тілін пайдалану мүмкіндігін дамытудан тұрады.

Шетел тілін меңгеру заманауи коммуникативтік әдістер көмегімен оқушылардың интерактивті дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау және басқалармен қарым-қатынас жасау негізінде жақсы өткізуші болуын дамыту. шетел тілін білетін жақсы коммуникативті дағдылары бар оқушылар Қазақстан елінің дамуына өз үлестерін қосады.

Қазіргі әлемдегі жаппай жаһандық коммуникация бойынша шетел тілінде қарым-қатынас жасай білу біліктілігінің шешуші маңызы бар. Білім алушылар шетел тілінде оқи білулері, жаза алулары және шетел тілінде өзінің қатарластарымен және мұғалімдерімен түсінісіп, жоғары деңгейде қарым- қатынас жасай алулары керек. Шетел тілі коммуникация, ғылым, бизнес, бос уақыт, саяхат және спорт саласында жиі қолданылады. Білім алушының шет  тілі бойынша меңгерген жақсы білімі өзінің білімдік, экономикалық, әлеуметтік және мәдени тұрғыда дамуына зор мүмкіндік береді.

Орта мектепте шетел тілінде білім беруді аяқтау кезеңінің негізгі айырмашылығы – шетел тілі бейіндік оқытуды жүзеге асырудың құралы болып табылуында. Нақты бейіндік бағыт, яғни оқу мазмұнын қайта құрылымдау есебінен, жалпы білім беру тақырыптарын қысқартумен, болашақ білім алушыларды мамандыққа бағытталған оқу материалының кіріспесімен, коммуникативтік құзыреттілікті, сөздік қорды байыту жолымен, мәтіндік материал негізінде бейіндік бағытты жетілдіру арқылы қол жеткізіледі.

Сондай-ақ, жоғары сыныптарда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру ұсынылады. Бұл орайда, қазіргі әлемде және Қазақстанда шетел тілін білудің қажеттілігі мен маңыздылығы болашақта лауазымдық өсуге, кәсіби дамуға зор мүмкіндіктер ашатынын түсінуді қалыптастыру қажет.

Шетел тілі сабақтарындағы тыңдау материалдарын пайдалану - жас ерекшеліктері мен жоғары сынып оқушыларының тұлғалық мүддесіне жауап беруі, елдегі оқытылатын тілдің олардың кәсіптік бағдарлық және қайта даярлаумен танысуды қамтамасыз етуге,таңдаған кәсіптің ерекшелігімен және шетел тілінің болашақ мамандықты меңгерудегі рөлімен танысуға, ғылыми-техникалық және мәдени өрлеуге қосылуға, таңдап алған салада кәсіби бағыттағы жалпы ой- өрісін кеңейтуді қамтамасыз етуі қажет.

Бейіндік бағыттағы оқу материалдарымен жұмыс істеу кейбір продуктивті, рецептивті тілдік минимумдарды ұлғайтуға, сондай-ақ білімін, сөйлеу қызметінің барлық түрінде шеберлігі мен дағдысын арттыруға, әрі қарай колледждер мен жоғары оқу орындарында бейіндік бағыттағы базаны жалғастырып оқуға мүмкіндік береді.

Тұлғалық және бейіндік бағыттағы оқыту мазмұны мен шығармашылық- креативті оқыту деңгейін көтеруге мүмкіндігі бар қолданылған оқыту технологиялары жалпыеуропалық стандартқа сәйкес шет тілдерін В1+ (В2) деңгейінде білуді қамтамасыз етуі тиіс. Білім алушылар тілдік және сөйлеу тақырыптарын игеруі тиіс, әңгімелесу барысында тілдік материалды пайдалану, оқу және нақты тақырыптар шеңберінде коммуникативтік міндеттерге сәйкес ауызша және жазбаша түрдегі монологтік және диалогтік сөйлеулерді түсіну және ой қорытуы тиіс.

Шетел тілі бойынша сағат саны:

қоғамдық-гуманитарлықбағытта:

10-11-сыныптарда – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында 136сағатты;

жаратылыстану-математикалықбағытта:

10-11-сыныптарда аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

Оқушы дәптерлерінің саны мен түрлеріне, оқушы дәптерін жүргізуге қойылатын негізгі талаптарға және дәптерлерді тексеруге қойылатын негізгі талаптарға берілетін ұсыныстар өзгеріссіз қалады. Бұл талаптар 2017-2018 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хатта көрсетілген.

Ұсынылатын бақылау жұмыстарының нормалары.

Алған білімдерінің динамикасы мен мониторингін анықтау үшін оқу жылында 7 бақылау жұмысын жүргізу ұсынылады. Жаңа форматтағы ҰБТ стандартына сәйкес тестілеу тапсырмаларын 40 сұраққа дейін көбейту ұсынылады. Жұмыс түрін ҰБТ жүйесі бойынша бағалау ұсынылады: «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға -25-32 балл, «3» деген баға – 9-24 балл.

№1 кіріспе тест. Бұл жұмыс түрі өткен оқу жылында алған білімдердің диагностикасы мен бақылауын қарастырады, тек лексика-грамматикалық аспектілерін қамтиды. Тест тапсырмаларының саны - 40, жауаптар нұсқаларының саны -5. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені оқу жылының бірінші күндерінен бастап оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын төмендетуі мүмкін.

Шетел тілі бойынша № 2 бақылау жұмысы – 1-тоқсан қорытындысы бойынша. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 1-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, грамматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша-10 тапсырма, оқылым бойынша –  10 тапсырма.

Шетел тілі бойынша № 3 бақылау жұмысы – 2-тоқсан қорытындысы бойынша. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 2-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, грамматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша-10 тапсырма, оқылым бойынша –  10 тапсырма.

№ 4 диагностикалық тест. Бұл алдыңғы екі оқу тоқсанда алған  білімдердің бақылау мен динамикасын қарастырады, тек лексика- грамматикалық аспектісін қамтиды. Тест тапсырмаларының саны – 40, жауаптар нұсқаларының саны – 5. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын  төмендетуі мүмкін.

Шетел тілі бойынша № 5 бақылау жұмысы – 3-тоқсан қорытындысы бойыша. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 3-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, грамматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша-10 тапсырма, оқылым бойынша –  10 тапсырма.

Шетел тілі бойынша № 6 бақылау жұмысы – 4-тоқсан қорытындысы бойынша. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 4-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, грамматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша-10 тапсырма, оқылым бойынша –  10 тапсырма.

Шетел тілі бойынша №7 бақылау жұмысы – оқу жылы бойынша барлық оқылған тақырыптарды қамтиды. Лексика, грамматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша-10 тапсырма, оқылым бойынша – 10 тапсырма.

Ұсынылатын жазба жұмыстарының нормалары.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жазба жұмыстарын, соның ішінде эссе жазу ұсынылады. Жұмыстың бұл түрі оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын және жазылым дағдыларын  дамытуына мүмкіндік береді. Эссе жазуда(барлық артикль сөздерді, есімдіктер мен қосымшаларды ескере отырып)келесі сөздердің нормаларын ұсынамыз:

10-11-сыныптарда 140-150 сөз.

Оқытылатын пәнге деген уәж бен қызығушылықты арттыру үшін пән бойынша үйірме жұмысының бір түрін ұйымдастыруға болады, мысалы мәнерлеп оқу клубы. Бұл клубтың мақсаты - шетел әдебиетіне деген қызығушылықты арттыру. Көптілділікті дамытатын «Полиглот» клубын құру ұсынылады. Клуб мүшелерінің жиыны  ең аз дегенде жылына 4 рет болады, соңғысы есеп беру.

«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ

Жалпы орта білім деңгейінде «Математика және информатика» білім саласы бойынша «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика» пәндері екі бағыт бойынша (жаратылыстану-математика бағыты және қоғамдық гуманитарлық бағыт) оқытылады.

Жаратылыстану-математика бағыты бойынша математикадан білім  мазмұны оқушылардың бойында қоршаған әлем туралы біртұтас түсініктің қалыптасуына, оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін жалпы ғылыми біліктерді меңгеруіне бағытталған. Кейбір нақты математикалық жағдаяттардың математикалық моделін интерпретациялауда және құрастыруда қалыптасатын біліктілік жаратылыстану-математикалық бағытта шынайы процестер мен құбылыстарды, теориялық мәселелерді зерттеуде және қолданбалы есептер шығаруда қолданылады.

Математиканы оқытуда қалыптасқан теориялық сұрақтар мен есептерді шешудің зерттеу аппараты жаратылыстану-математика пәндерін оқыту үшін үлкен рөл атқарады. Жаратылыстану-математика бағытындағы сыныптарда математика пәнін оқыту математикадан білімі мен біліктілігінің белгілі деңгейін талап ететін мамандық бойынша оқу орнында оқушының оқуын жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда математика курсын оқытудың ерекшелігіадамды жалпы мәдени дамуға бағыттау, математика заңдарымен таныстыру және қазіргі заманауи өмірде еркін бағдар алуына қажетті адамның іс-әрекеттеріне байланысты математикалық білім мен біліктілікті қалыптастыру болып табылады. Бұл курс үшін көптеген дәлелдеулері бар теориялық деректер берілмейді, теоремалардың қатаң түрде дәлелдеулері өте аз мөлшерде, негізінен, нақтылы пайымдаулардың үлгілері ретінде беріледі, түсіндірулер көрнекіліктермен негізделеді, жаттығулардың күрделілігі қарапайым деңгейімен шектеледі. Курстың кейбір дәстүрлі бөлімдері жалпыланған түрде (дәлелдеулерсіз, түсініктер деңгейінде) оқытылады.

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Информатика» пәнін оқытудыңмақсаты қазіргі кездегі визуалды программалау технологиялары мен ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру, сонымен қатар осы құралдармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Мұнда есептерді шығару базасында оқыту жүйелік және алгоритмдік ойлауды дамытуға бағытталған, бұл іс-әрекеттің үздіксіз жалғасы практикумдық жұмыс жасау болып саналады.

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Информатика» пәнінен оқыту мақсаты қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру, оқушыларды ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, оқушыларды жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үнемі пайдалануға дағдыландыру, танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту болып табылады. Мұнда информатиканы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тереңдетіп оқытуға бағытталған.

«Математика және информатика» білім саласының пәндері бойынша білім сапасын жетілдіру мақсатында келесі педагогикалық тәсілдерді қолдану ұсынылады: саралап оқыту, іс-әрекеттік оқыту, жеке тұлғаға бағытталған оқыту, жүйелі оқыту.

Оқушылардың «Математика және информатика» білім саласының пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жобалық әдістерге баса назар аудару ұсынылады. Әр сыныптар бойынша жобалық іс-әрекетті оқытуға жеке сағаттар бөлінген. Жобалау технологияларын қолдану информатика пәні бойынша ғана оқу сапасын көтеріп қоймайды, пәнаралық байланыс жасайды. Жобалық іс-әрекеттерге тақырыптарды мұғалім өз қалауы бойынша өткен тараулардан алуына болады. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, эксперименттер жүргізу, жасаған жұмыстарын талдау және бағалау, сондай-ақ, өз жобаларын қорғай алу біліктерін дамытады.

2018-2019 оқу жылындағы 10-11-сыныптарда «Математика және информатика» білім саласының пәндерінен өткізілетін бақылау жұмыстарының нормасы келесі кестеде берілген.

40-кесте –Өткізілетін бақылау жұмыстарының нормасы.

Сынып

Пән

Аптадағы сағат саны

Оқу жылындағы сағат саны

Бақылау жұмыстарының нормасы

10 ЖМБ

Алгебра және анализ бастамалары

3

102

7-8

Геометрия

2

68

5-6

Информатика

1

34

3-4

10 ҚГБ

Алгебра және анализ бастамалары

3

102

5-6

Геометрия

1

34

3-4

Информатика

1

34

2-3

11 ЖМБ

Алгебра және анализ бастамалары

3

102

6-7

Геометрия

2

68

4-5

Информатика

1

34

4-5

11 ҚГБ

Алгебра және анализ бастамалары

3

102

5-6

Геометрия

1

34

3-4

Информатика

1

34

2-3

Бақылау жұмыстарына пәндерге сәйкес жартыжылдық және жылдық бақылау жұмыстары, практикалық жұмыстар кіреді.

Сыныпты екі топқа бөлу қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар 24-ке немесе одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар 20-ға немесе одан артық, шағын жинақты мектептерде кемінде 10-ға толған жағдайдажүзеге асырылады.

Математика бойынша қорытынды аттестаттау

Қорытынды аттестаттау аясында алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан, қоғамдық-гуманитарлық бағыт үшін 5 тапсырмадан, жаратылыстану-математикалық бағыт және математиканы тереңдетіп оқытатын мектептер (сыныптар) үшін 6 тапсырмадан тұрады.

Тапсырмалар теориялық материалды, ұғымдар мен тәсілдерді меңгеру дәрежесін, есептерді шешу біліктерін, функционалдық сауаттылық деңгейін айқындауға бағытталған.

Кез келген жазбаша емтиханды өткізу барысында басты назар оқыту бағытына, емтихан тапсырмаларының мазмұнына, жазбаша жұмысты рәсімдеуге және бағалауға аударылуы керек.

Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан тапсырмаларының мазмұны туралы

І. Жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныптарында оқыту бағыттар бойынша жүргізіледі, сонымен қатар жекелеген мектептерде (сыныптарда) математика пәні тереңдетіліп оқытылады. Сондықтан емтихан тапсырмалары оқыту бағыттарына (қоғамдық-гуманитарлық бағыт, жаратылыстану-математика бағыты, математиканы тереңдетіп оқыту) сәйкес құрастырылуы тиіс.

ІІ. Емтихан тапсырмаларының мазмұны оқыту бағытына сәйкес «Алгебра және анализ бастамалары» пәні оқу бағдарламасының барлық тарауларын қамтуы тиіс.

41-кесте – «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша оқу бағдарламасының тараулары

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

Жаратылыстану-математика бағыты

Математиканы тереңдетіп оқыту

10-сынып

Функция, оның қасиеттері және графигі

Функция, оның қасиеттері және графигі

Функция, оның қасиеттері және графигі

Тригонометриялық функциялар

Тригонометриялық функциялар

Тригонометриялық функциялар

Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер

Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер

Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер

Туынды 

Туынды 

Туынды 

Туындыны қолдану

Туындыны қолдану

Туындыны қолдану

11-сынып

Алғашқы функция және  интеграл

Алғашқы функция және  интеграл

Алғашқы функция және  интеграл

Дәреже және түбір. Дәрежелік функция

Дәреже және түбір. Дәрежелік функция

Дәреже және түбір. Дәрежелік функция

Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар

Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар

Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар

Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер

Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер

Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер

 

Теңдеулер және теңсіздіктер, теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелері 

Теңдеулер және теңсіздіктер, теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелері

ІІІ. Көрсетілген тарауларды ескере отырып, емтихан жұмыстарының тапсырмаларын  «Есептеулер», «Өрнектерді тепе-тең түрлендіру», «Теңдеулер мен олардың жүйелері», «Теңсіздіктер мен олардың жүйелері», «Функция және оның графигі», «Мәтіндік есептер» бөлімдері бойынша құрастыру ұсынылады. Мәтіндік есептер жазық фигураның ауданы және дене көлемін табу, ең үлкен немесе ең кіші мәнді табу есептерін және т.б. құрайды. Барлық тапсырмалар А, В, С, деңгейлеріне бөлінеді:

- А деңгейінің тапсырмаларын орындау үшін оқушыларда күрделі емес есептеулер мен түрлендірулерді, теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің стандарт тәсілдерін меңгеру бойынша базалық білімдері мен дағдылары болуы тиіс;

- В деңгейі – күрделілігі орташа деңгейдегі тапсырмалар;

  • С деңгейі тапсырмаларын орындау үшін оқушыларда оқу бағдарламасымен бекітілген көлемде терең теориялық білімі болуы тиіс.

Оқыту бағытын ескере отырып, бақылау жұмысындағы емтихан тапсырмаларын төмендегідей бөлу ұсынылады:

 1) қоғамдық-гуманитарлық бағыты сыныптары үшін үш тапсырма - А деңгейі, бір тапсырма – В деңгейі, бір тапсырма – С деңгейі, барлығы 5 тапсырма (3А + 1В + 1С);

2) жаратылыстану-математика бағыты сыныптары үшін үш тапсырма - А деңгейі, екі тапсырма - В деңгейі, бір тапсырма - С деңгейі, барлығы 6 тапсырма (3А + 2В + 1С); 

3) физика-математикалық мектеп сыныптары (математиканы тереңдетіп оқытатын) үшін 1 тапсырма – А деңгейі, 3 тапсырма – В деңгейі, екі тапсырма – С деңгейінен,  барлығы 6 тапсырма (1А + 3В + 2С).

Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан жұмысын бағалау

Математика пәнінен бағаны қою кезінде маңызды және маңызды емес қателерді атауға болады (47-кесте)

42- кесте – Қате түрлері

Маңызды

Маңызды емес

Оқушылардың формулаларды, ережелерді, негізгі қасиеттерді, теоремаларды білмейтінін және қолдана алмайтынын көрсететін қателер

Тұжырымдамаларды анықтамаларды, теоремаларды, теориялық материалды беруде дәлдіктің болмауы

Оқулықта қарастырылған есептерді шығару тәсілдерін білмеуі

Графиктерді салуда дәлдіктің болмауы

Функция графиктерін салу мен оқуды білмеуі

Тиімсіз шешімді қолдануы

Есептеу қателері, егер ол жаңылыс жазу болмаса

Шешуде негіздеменің, түсініктеменің жеткіліксіз болуы немесе болмауы

Логикалық қателе

Жазулардың, сызбалар мен графиктердің ұқыпсыз орындалуы 

Түбірдің жоғалуы немесе жауабында бөгде түбірдің болуы

Жауапты қысқартылатын бөлшек түрінде жазу, бөлімінде иррационалдықтың болуы

Емтихан жұмысын бағалау кезінде елеулі және елеусіз қателердің сипаттамасына көңіл бөлінуі керек. Елеулі және елеусіз қателерді ажырата білу өте маңызды. Көрнекті емес жағдайларды міндетті түрде негіздеу қажет. Мысалы, теңдеудің екі жағын квадраттауды түсіндіру, квадрат теңдеудің жалпы формулаларын, тригонометрия формулаларын және т.б. жазу қажет емес. Бірақ бөгде түбірдің болуын, түбірлердің болмауын, жазық фигураның ауданын және дененің көлемін табуды суретте қосымша сызықтарды жүргізуді және т.б. міндетті түрде негіздеп көрсету қажет.

Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан жұмысын бағалауға төмендегідей ұсыныстар жасалады.

43-кесте – Жазба емтихан жұмысын бағалау

«5»

«4»

«3»

«2»

Жұмыс толығымен орындалған:

5 (ҚГБ), 6 (ЖМБ, тереңдетіп оқыту) тапсырма

Жұмыста 4 (ҚГБ), 4 немесе 6 (ЖМБ, тереңдетіп оқыту) тапсырма дұрыс орындалған (деңгейіне байланысты емес)

Жұмыста 3 тапсырма дұрыс орындалған (деңгейіне байланысты емес)

Тапсырмалардың жартысынан көбі орындалмаған

Жұмыста математикалық қателер жоқ

Бір қате немесе түрлендірулер мен есептеулерде, суреттер мен графиктерде екі-үш кемшіліктер жіберілген

Екі-үш қате немесе түрлендірулер мен есептеулерде, суреттер мен графиктерде үш-төрт кемшіліктер жіберілген, бірақ оқушы міндетті білім мен білікті меңгерген.

Білім алушының тақырып бойынша міндетті білім мен біліктігін меңгермегенін көрсететін үштен артық қате жіберілген

Материал мазмұнының логикалығы және толықтығы

Материалды баяндауда жекелеген дәлсіздіктер жіберілген

Материалды баяндау логикасы бұзылған, материал толығымен ашылмаған

Материалды баяндау логикасы бұзылған

Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан жұмысын рәсімдеу

Емтихан жұмысын рәсімдеуде емтихан тапсырмаларын орындау барысында келесі  талаптар сақталуы тиіс:

- есептің шығарылуының дұрыстығы;

- есептің шығарылуының негізделуі;

- есептің шығарылуының толықтығы;

- есептің шығарылуының тиімділігі;

- емле ережесінің сақталуы.

Суреттер, кестелер, графиктер және т.б. қаламмен салынады.

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ

Жаратылыстану – табиғат заңдылықтары мен құбылыстары туралы ғылым. Жаратылыстану біртұтас жүйе ретінде қарастыруға болатын табиғи құбылыстар мен объектілердің әртүрлі қасиеттері туралы сұрақтарды кең ауқымда қамтиды. Табиғатты зерттеу қоршаған әлемді тануға деген адамның өзіндік талпынысы болды және практикалық іс-әрекетінің негізіне айналды. Негізгі түсініктер, құбылыстардың өзгеру заңдылықтары туралы өзіндік ұғым, табиғат заңдарын қолдану тәсілдері оны зерттеу кезінде туындады.Қазіргі уақытта жаратылыстану ғылымы белсенді әрекеттердің өрісі болып табылады және оларға негізделген заманауи технологиялар адам өмірінің жаңа бейнесін қалыптастырады. «Жаратылыстану» білім саласы заманауи жаратылыстанудың негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық принциптерін, олардың басты бағыттары және әлемнің жалпы бейнесіндегі жалпы мәдени жағдайын зерделейді.

Жалпы орта білім деңгейіндегі «Жаратылыстану» білім саласы оқу пәндерінің мазмұны дүниетанымдық сипатымен ерекшеленеді, сонымен қатар оқушылардың бойында табиғат, табиғи құбылыстар, процестер, заңдылықтар туралы түсініктерін, Жер адам өмір сүретін планета ретінде, әлемнің ғылыми бейнесінің астрономиялық құрамы туралы кешенді, жүйелі және әлеуметтік-бағытталған көзқарастарын дамытады.

Оқытудың мақсаты - органикалық дүниенің құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктері туралы және оқушыларда тірі организмдердің жасушаға дейінгі құрылысы, тіршіліктің құрылым деңгейлері және биологиялық әртүрлілігі Жер табиғатындағы тұрақты дамудың бейнесі екендігі туралы негізгі түсінік қалыптастыру.

Оқытудың міндеттері - оқушыларда органикалық дүниені оқып білуге танымдық қызығушылықты дамыту және оқушыларда география, химия, физика, математика және басқа да «Жаратылыстану» білім саласындағы пәндерді оқып меңгеруге негіз болатын түсініктер мен тіректік білімдерді қалыптастыруға қажетті жағдай туғызу.

«Жаратылыстану» білім саласы құрамына география, биология, физика, химия пәндері кіреді, оларға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі төмендегідей:

«География»

қоғамдық-гуманитарлық бағытында:

10-11-сыныптарда – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

жаратылыстану-математикалық бағытында:

10-11-сыныптарда – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

«Биология»

қоғамдық-гуманитарлық бағытында:

10-11-сыныптарда – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

жаратылыстану-математикалық бағытында:

10-11-сыныптарда – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

«Физика»

қоғамдық-гуманитарлық бағытында:

10-11-сыныптарда – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

жаратылыстану-математикалық бағытында:

10-11-сыныптарда – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.

«Химия»

қоғамдық-гуманитарлық бағытында:

10-11-сыныптарда – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

жаратылыстану-математикалық бағытында:

10-11-сыныптарда – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламаларында оқушылардың тәжірибелер және эксперименттер жасау дағдыларын дамыту мақсатында практикалық және зертханалық жұмыстар қарастырылған (49,50- кестелер).

44-кесте – 10-11-сыныптарда «Жаратылыстану» білім саласы пәндері бойынша жүргізілетін тәжірибеге бағытталған жұмыс түрлері және көлемі.

Пәндер

10 - сынып

11 - сынып

Зертханалық жұмыстар

Практикалық жұмыстар

Зертханалық жұмыстар

Практикалық жұмыстар

ЖМБ

Биология

6

1

2

-

Химия

8

4

6

4

Георграфия

 

 

 

 

ҚГБ

Биология

3

1

2

-

Химия

7

4

8

2

Георграфия

 

 

 

 

45-кесте – 10-11-сыныптарда физиканы оқыту барысында жүргізілетін тәжірибеге бағытталған жұмыс түрлері және көлемі.

Бағыты

ҚГБ

ЖМБ

сыныптар

10

11

10

11

зертханалық жұмыстар

3

6

13

6

практикалық жұмыстар

3

 

17

20

бақылау жұмыстары

2

2

5

4

физикалық практикумдар

 

 

4

10

Оқыту процесініңбасты мақсатыбілім алушылардың оқу пәндері бойынша алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану және тәжірибеге бағытталған біліктілігі мен дағдыларын дамыту болып табылады.

Сабақта жүргізілетін практикалық және зертханалық жұмыстар талдауға, жинақтауға, бағалауға, болжауға, есептеуге, түсіндіруге, құбылыстар мен процестердің сапалық және сандық сипаттарын анықтауға, жобалық тапсырмалар орындауға, тәжірибелер және эксперименттер жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Мұғалімдерге оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін:

  • жаратылыстану ғылымдарының қоршаған ортаға, адам қызметінің экономикаға, технологияға, әлеуметтік және этикалық ортаға әсерін түсіну; оқу, жобалау-зерттеушілік, эксперименттік, сабақтан және сыныптан тыс іс-әрекеттер барысындағы қауіпсіздікті сақтап жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
  • оқу, жобалау-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекетке, өздігінен білім алуға талпынулары үшін қажетті жағдайлар жасау;
  • тірі жүйелерге, маңызды классикалық және заманауи жетістіктерге қатысты ғылыми танымдық әдісін меңгерту;
  • адамның қызметі және табиғи себептердің ықпалының нәтижесінде олардың өзгерістері мен жүйелердің құрылымы, жұмыс істеуі, дамуы туралы білімді меңгерту;
  • пәнді бейінді оқыту негізінде білім алушылардың болашақ мамандығын өз бетімен таңдауға дайындау;
  • өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту ұсынылады..

Практикалық және зерттеушілік жұмыстар, зертханалық тәжірибелер орындау, эксперименттер және эксперименттік есептер шығару, жобалар орындау, модельдер құрастыру барысында табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестердің, құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін түсіну тереңдетіледі. Білім алушылар себеп-салдарлық байланыстарды көре білулері, қоршаған ортадағы өзгерістерді анықтай алулары, нақты жағдаяттардың салдарынан болатын қауіпті өзгерістердің алдын-алу тәсілдерін ұсына алулары тиіс.

Физика, химия, география және биология пәндерініңмұғалімдері кабинеттердің жабдықталуын және оқытудың электрондық құралдарын ескере отырып практикалық және зертханалық жұмыстардың, практикумдардың тақырыптарын өз беттерінше таңдай алады. Зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау барысында (зертханалық жұмыстарға арналған дәптерде) сыныптың барлық оқушыларының жұмыстары міндетті түрде бағаланады.

Географиядан бағаланатын практикалық жұмыстар оқу бағдарламасында көрсетілген және нөмірленген.

Сабақтарда міндетті түрде өлкетану аспектісі, зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және қауіпсіздікті сақтау сұрақтары қарастырылуы тиіс.

Осы білім саласы пәндерін зерделеу кезінде оқушылар қоғамның, экономиканың және табиғаттың өзара байланысы туралы, Жерде тіршіліктің болуы үшін біздің планетамыздың атмосферасы және басқа да қабықтарының мәні, оны ластайтын негізгі ошақтар, ластанудың қоршаған ортаға және тіршілік процестеріне әсері, зиянды факторлардың әсерінен тірі табиғатты қорғау шаралары, табиғи ортаны өзгертудің (сонымен қатар, оқушылардың өздері қатысатын жағдайларды қоса алғанда) апаттың салдары туралы нақты түсінік алулары тиіс. Оқушылар Жердің, материктің, елдің, өзінің туған өлкесінің табиғат кешеніндегі өзара байланысты жақсы түсінулері тиіс.

Оқушылардың жеке жобалық-зерттеу жұмыстарының үлгілік тақырыптары:

– Судың сапасын жақсарту жолдары;

– Жыралардың дамуын зерттеу;

– Өлкенің өнеркәсіптерінде таза технологияларды дамыту жобалары;

– Биогаз энергетикасы;

– Жергілікті жердің гидрографиясын зерттеу;

– Судың кермектігін анықтау;

– Сағызды зерттеу;

– Чипсыны зерттеу;

– Шайдың сапасын зерттеу;

– Сүттің сапасын зерттеу;

– Темекіні зерттеу;

– Сабынның сапасын зерттеу;

– Адамның еңбекке қабілеттілігіне музыканың әсерін зерттеу;

– Бөлме ауасының шаңмен ластануын зерттеу;

– Ағаштар мен бұталардың қабығын зерттеу;

– Адам денсаулығының атмосфераның жағдайына тәуелділігін зерделеу;

– Мектептегі жұмыс үстелдерінің жарықтануын зерттеу;

– Өз пәтеріндегі энергияны үнемдеу мүмкіндіктерін зерттеу.

Бұл жоғары сынып оқушыларының география, физика, химия, биологияны зерттеудің озық тәжірибесінқалыптастыруға мүмкіндік береді, математикалық және ақпараттық сүйемелдеулер маңызды құралдар болып табылады.

Бұл мектептегі жаратылыстану ғылымын тереңдетуге және түрлендіруге, жоғары сынып білім алушыларын одан әрі кәсіби оқытуға дайындауға және инновациялық өзгерістер кезеңін дамытуға мүмкіндік береді.

Сабақтарда газеттердің, журналдардың, фильмдердің, бейне-таспа материалдары, веб-сайттар мен әдебиеттердің материалдарын қолдану ұсынылады.

Пән бойынша академиялық лексика қалыптастыру үшін сабақта терминологияны қолдану жұмыстарын жүйелі жүргізіп отыру қажет. Оқушылардың терминдерді дұрыс пайдалануын қамтамасыз ететін ауызша және жазбаша тапсырмалар қолдану ұсынылады. Білім алушылардың білім жетістігін бағалау барысында академиялық лексиканың дұрыс қолданылуына көңіл аудару қажет.

Сапалық және сандық есептерді шешуге тең дәрежеде көңіл бөлу керек, өйткені құбылыстардың, процестердің терең мәнін түсіну және оларды шешу дағдыларын қалыптастыруға қол жеткізу қажет.

Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып барлық оқу құралдары және техникалық жабдықтарды білім алушылардың дұрыс пайдалануы маңызды болып табылады. Біздің мемлекетімізде «жасыл» экономикаға ауысу саласындағы саясат жүзеге асуда, осы үдерістің бөлігі ретінде қазірден бастап білім алушылардың «таза» болашақты құруға қадамдар жасауын қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан мектеп мұғалімі, білім алушыларға қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлесін қосуға шақыруы қажет. Ол үшінтөменгі ұсыныстарды ұсынамыз:

  1. Жабдықты ажыратыңыз! Мысалы, егер сіз бөлмеде болмасаңыз бөлмедегі жарықты сөндіріңіз, сондай-ақ егер оларды сол сәтте пайдаланбасаңыз құралдарды розеткада қосылған күйінде қалдырмаңыз.
  2. Синтетикалық аспаптардан/құралдардан бас тартыңыз!  Біздің барлығымыз әр түрлі химикаттарды пайдаланумен жаңа тазалау құралдарын пайдалана отырып, ыдыс-аяқты жууға дағдыланғанбыз. Дәл осындай құралдар бірінші кезекте қоршаған ортаға, сондай-ақ адамның өзіне де зиян келтіреді.
  3.  Энергияны үнемдеңіз. Тіпті қазірден бастап үйге күн жылытқыштарын сатып алуға және орнатуға, сондай-ақ энергия үнемдегіш шамдарды пайдалануға болады.
  4. Қоқысты сұрыптауды бастаңыз! «Жасыл» экономикаға ауысудың маңызды бағыттарының бірі қалдықтарды кәдеге жарату, сондай-ақ оларды қайталама өнім ретінде пайдалану болып табылады.
  5. Электрондық тасымалдағыштарды пайдаланыңыз! Қағазды пайдалану кесілген ағаштардың үлкен санын талап етеді.
  6. Экологиялық таза өнімдерді сатып алыңыз! Бұл біздің әрқайсымыздың денсаулық жағдайымызды айтарлықтай арттырады, сондай-ақ экологиялық таза ауыл шаруашылығын құруға көмектеседі.
  7. Жаяу көбірек жүріңіз. Пайдаланылған газдар табиғатты ластаудың маңызды көздерінің бірі болып табылады. Пайдаланылған газдың шығуының сәл де болса азаюын біздің әрқайсымыз жасай аламыз.
  8. Браконьерлікке жол жоқ! Адамдардың заңсыз әрекеттерінен өсімдіктер мен адамдардың сирек түрлері қазіргі кезде мүлде жоғалып кетті. Табиғаттың бірегейлігін сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз.
  9. Табиғатты қорғайық! Өзіңнен кейін қоқысты қалдырмау, ағаштардың бұтақтарын сындырмау немесе гүлдердің байламдарын үзбеу сияқты ережелерді қарапайым сақтау табиғат жағдайында маңызды көрініс табады.

«Жаратылыстану» білім саласы пәндері сабақтарындағы сын тұрғысынан ойлау келесі дағдыларды дамытуды қарастырады: мәнмәтінді есепке ала отырып тыңдау, бақылау, талдау және жинақтау арқылы дәлелдеуге үйрену. Сондықтан оқушылардың бақылау, талдау, пайымдау және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруларына жағдай жасау қажет. Ол үшін білім алушыларды:

– пайымдау мен дәлелдеуді жіктеуге және жинақтауға;

– олар туралы негізгі дереккөздерді бағалауға және сәйкес сұрақтар қоюға;

– тұжырымдамалар және қорытындылармен қоса алғанда негізгі дереккөздерді салыстыруға және талқылауға;

– жеке тәжірибесінің молаюына қарай өзінің көзқарастары мен болжамдарын қайта қарауға қатыстыруға болады.

География, физика, химия, биология сабақтарындағы пәнаралық байланыстар қоршаған әлемдегі процестер мен құбылыстардың өзара байланысын көрсете отырып, бір пәнді оқу барысында басқа пән бойынша білімді меңгеру процесінде қолдану білігін, жүйелі ойлауды дамытуда ерекше рөл атқарады.

Дидактика тұрғысынан пәнаралық байланысты жүзеге асыру оқытудың ғылыми деңгейін артырады, оқу материалының мазмұнына, мұғалім қолданатын оқытудың әдістеріне, сонымен қатар оқушылардың өз беттерінше жүзеге асыратын оқу тәсілдеріне әсер етеді.

Сонымен қатар, пәнаралық байланысты белсенді пайдалану, жаратылыстану бағыты пәндерін оқыту процесінде оңтайландыруға және білім алушыларға түсетін оқу жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің сабақтарында пәнаралық байланысты қолдану ғылыми-жаратылыстанудың негізін құрайтын – «Өмір», «Адам», «Табиғат кешені», «Экономика және экология», «Зат», «Дене», «Энергия», «Күш», «Қозғалыс» және «Даму» ұғымдарының қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

Жоғары сыныптардағы география, биология, химия, физика сабақтарында пәнаралық проблемалық жағдаяттар жасап отыру қажет, мысалы: кездейсоқтық, дәлелдеу, жоққа шығару, болжау жағдаяттары.

Мысалы, «География» оқу пәнінің «Табиғатты пайдалану және геоэкология», «Геоэкономика», «Геосаясат», «Елтану» және «Адамзаттың ғаламдық проблемалары» бөлімдерін өткенде зілзалалар жағдайында және қауіп-қатер ахуалында қауіпсіздікті сақтау, күтпеген жағдайды болжау және осы жағдайларда өзін ұстау ережелерін талқылауға болады, білім алушылардың қауіпсіздікті сақтау мәдениетін қалыптастыруға баса назар аударылады.

Пәнаралық байланыстар зерттеудің (эксперименттік әдіс, жобалық және модельдеу әдісі және т.б.) жалпы әдістерінде қолданылуы мүмкін. Мұғалімге пәнаралық байланыстың: бұрынғы, жалғаспалы және келешекті түрлерін қолдану ұсынылады.

Бұрынғы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар курстың материалын оқу барысында, басқа пәндерден бұрын алынған білімдерге сүйенуді қарастырады (мысалы, жаратылыстану, география, биология курстарынан алынған білім).

Жалғаспалы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар, көптеген сұрақтар мен ұғымдар бір мезгілде бірнеше пәнде зерделенуі мүмкін екенін қарастырады (мысалы, дыбыс туралы түсінік физикада, ал есту органдары – биологияда оқылады және т.с.с).

Перспективалық пәнаралық байланыстар материалды бір пәннен оқу, сол материалды басқа пәндерден оқудан бұрын жүзеге асырылады (мысалы, атомның құрылысы туралы ұғым физика пәнінде химияға қарағанда бұрын оқытылады). Бұл жағдайда химия мұғалімі физикадан алынған білімге сүйенеді.

«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінде «Геосаяси жағдай», «Геоэкономикалық жағдай», «Тұрақты даму», «Даму стратегиялары», «Индустриалды-инновациялық реформа», «Жасыл экономика», «Жасыл энергетика», «Ел шаруашылығы», «Ғылымды қажет ететін технологиялар», «Таза технологиялар» терминдерінің ғылыми-теориялық және практикалық мәнін зерделеу, аймақтық және жергілікті аспектіде олардың қолданбалы ерекшелігін түсіну, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру контексінде жаһандық геоэкономикалық кеңістікте тұрақты дамып келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасы туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру және дамыту маңызды болып табылады. Сабақтардың тәрбиелік мақсаты «Мәңгілік Ел» идеясын қамтып отыру тиіс.

           Білім алушылар оқу бағдарламасын меңгеру барысында АКТ қолдану дағдыларын дамытады. «География» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес келесі веб-ресурстар ұсынылады:

www.earthquakes.usgs.gov

www.rgo.ru

www.geo2000.nm.ru

www.geo.historic.ru

www.www.geografia.ru/

www.geographic.org

www.mygeog.ru

www.e–cis.info

www.geography.about.com

www.hobitus.com

www.imf.org

www.kisi.kz

www.meteosputnik.ru

www.mfa.gov.kz

www.oecd.org

www.stat.gov.kz

www.theodora.com

www.un.kz

www.un.org

www.undp.kz

www.unesco.kz

www.unesco.org

www.unmultimedia.org

www.volcanodiscovery.com

www.worldbank.org

 

 

Білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын бағалау үшін түрлі проблемалары бар жағдаяттар қолданылады. Олар адамдардың күнделікті өмірімен, денсаулықты сақтаумен, техника мен технологияны дамыту үшін қажетті ғылыми-жаратылыстану білімін қолданумен, қоршаған орта проблемаларымен байланысты болуы тиіс. Сабақтың сапасын арттыру үшін мұғалім:

– оқу материалын зерделеу барысында мультимедиа-технологияларды пайдалану;

– білім алушылар мен мұғалімдердің күнделікті оқу жұмысында компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдану;

– пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыру;

  • есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалану;

– виртуалды практикумдар және зертханалық жұмыстар жүргізу қажет.

45-кестеде ғылыми-жаратылыстану циклі пәндерінің сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсынылатын қызметтердің  түрлерінің мазмұны келтірілген.

46-кесте – Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсынылатын қызметтердің түрлері

 

Ұсынылатын қызметтердің түрлері (жобалаудың параметрлері)

Білім беру бейіндері бойынша

ЖМБ

ҚГБ

1

Оқылатын тақырыптар бойынша шағын зерттеулер.

Сабақ барысында негізгі бөлімдер және тақырыптар бойынша жүйелі презентация жасау.

Жекелеген сабақтарда жекелеген тақырыптар бойынша презентация.

2

Карталар, кестелер, сызба-нұсқалар, көрнекі құралдармен жұмыс.

Талдау, өз бетінше шешімдер әзірлеу, жаңа сызбалар, жаңа білім.

Талдау, қорытындылау.

3

Түрлі күрделілік деңгейіндегі практикалық, зертханалық жұмыстар.

Жоспарлы, жаттықтырушы, дамытушылық, іс-әрекеттік.

Жоспарланған, іс-әрекеттік.

4

Статистикалық материалдармен жұмыс .

Әрдайым, негізгі бөлімдер және тақырыптар бойынша, міндетті түрде көрнекі-графикалық бейнелеу.

Әрдайым, негізгі тақырыптар бойынша.

5

Мерзімді баспасөз материалдарын, қосымша материалдарды зерделеу.

Әрдайым, жаңа білім сабақтарындағы презентация, олардың функционалдық маңызы.

Оқушы үшін жаңа білім сабақтарындағы презентация, олардың функционалдық маңызы.

6

Үй тапсырмасының тәжірибелік бағыттылығы.

Жүйелі, үнемі, іс-әрекеттік.

Жүйелі, жүйелі іс-әрекет, өзін-өзі тәрбиелеу міндеттері.

Сонымен қатар оқушылар арасында жаратылыстану ғылымдары мен жаратылыстану сауаттылығына деген қызығушылықты қалыптастыру үшін STEM-ді оқыту элементтерін ұсынамыз.

Сабақтарда және сабақтан тыс уақытта, оқу-зерттеушілік және өмірлік жағдаяттарда география, физика, химия және биология пәндерінен алған білімдерін қолдану біліктілігін дамытатын есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды кеңінен қолдануға назар аударылады. Оқу тапсырмаларын әзірлеу барысында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА басылымдарында ұсынылған, халықаралық салыстырмалы PISA және TIMSS зерттеулерінде қолданылатын тапсырмалар жүйесіне көңіл аудару қажет.

Олар білім алушыларда ойлау әрекетінің, зерттеу белсенділігінің және дербестіктің ерекше стилін қалыптастырады. Мысалы, қоршаған ортаға зиян тигізбейтін үй үлгісінде табиғи жарықты басқару жүйесі істен шығуы мүмкін, бұл мәселені шешу үшін мәселенің себебін табуға, оны шешудің қадамдар дәйектілігін жасауға, математика, физикадан білімдерін қолдануы және оны шешу үшін табиғи материалдардың сипаттамаларын білуі керек.

STEM бағдарламаларын іске асыруда ақпараттық технологияларды пайдалану перспективасын асыра бағалауға болмайды. Бүгінгі таңда медицинада, құрылыста, химияда, физикада, биотехнологияда және басқа да ғылыми аймақтарда ақпараттық технологияларды белсенді қолданатын оқу орындарының түлектеріне сұраныс артып келеді. STEM сабақтарында есептеулерді жобалау үшін компьютерлік бағдарламаларды қолдану оқушылардың жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады ал, көптеген жобаларда материалдық модельді құрастырмас бұрын электрондық прототип жасалады. Әрбір білім алушыға қол жетімді тиісті бағдарламалық жасақтаманы қолданып, түпкілікті өнімнің техникалық сипаттамаларын және тиімділігін электрондық прототипі арқылы тексеруге болады.Мысалы, тығыздық, температура, қысым және кинетика заңдылықтары сияқты су эквиваленті туралы деректерді пайдалана отырып, шынайы жағдайлар үшін терең теңіздегі зерттеу станциясының сипаттамаларын тексеруге болады.

Мектептерде STEM оқытуды қолданудың қаншалықты мүмкіндіктері бар? Интернетте практикалық тәжірибеге негізделген әдістемелік ұсыныстар табуға болады.

Интеграцияланған бағдарламаларды жүзеге асыру үшін, мысалы, элективті инжиниринг және робототехника, биотехнология немесе нанотехнология, сондай-ақ әртүрлі бағыттағы топтар мен секциялар қосымша білім беруді қолдана алады. Орта білім беру стандарттары аясында STEM оқытуды жүзеге асыру үшін ғылыми- жаратылыстану пәндерін кіріктірудің жолдары ұсынылады.

Біріншіден, бірнеше пәнді (химия, биология және физика) кіріктіруге мүмкіндік туады. Мысалы, тіршілік үшін судың рөлі және физикалық қасиеті, молекуладағы  химиялық байланыстары, құрамы туралы білімдерін талап ететін тапсырмалар енгізілген, биология, химия және физика пәндерінің мұғалімдері жоспарлаған, биологиялық, химиялық, физикалық көзқарастағы су қасиеттерін зерттеу тақырыбындағы сабақтар.  Тағы бір мысал, адам қаңқасын зерттеуде графикалық редакторларды пайдалану биология мен информатиканың кірігуі болып табылады немесе фотосинтез процесі және жарықтың қасиетін оқуда физика мен биологияның кіріктірілуі. 

Екіншіден, оқушылардың бірнеше пән бойынша білімі мен бірнеше пән мұғалімдерінің кеңестерін пайдалана отырып, оқу жобаларын құру арқылы STEM бағдарламаларын іске асыру мүмкін болады, мысалы, математика, физика және информатика бойынша білімдерін қажет ететін бейнероликтерді жазу үшін тіркелген ауданы бар ұшқышсыз әуе көлігінің үлгісін жасау.

Үшіншіден, әдетте екі-үш аптаға созылатын жазғы мектеп сабақтарының әлеуетін ескеру керек. Мұғалімдер топтағы оқушыларға белгілі бір уақыт пен бірнеше пәндер бойынша дағдыларды қажет ететін ғылыми тәжірибені практикада қолдануға тапсырма бере алады. Мысалы, бұршақ өсімдігін немесе белгілі бір биіктіктегі басқа да қарапайым өсімдіктерді өсіруге арналған тапсырма. Сонымен қатар, ересектер кәсіби қызметпен айналысатын, ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту және сыни ойлау дағдыларын дамытатын, топырақтың құрамын есептеп анықтайтын және суару режимін жоспарлайтын, өсімдік бағанында қашықтықты есептеген кезде, командалық жұмыс тәжірибесін алуда интеграцияланған оқытуды ұйымдастыру маңызды. Креативті ойлау және белсенділік қарқыны бағытын таңдау мүмкіндігі болғанда әр білім алушының жеке қабілеттері ескеріледі.

Мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА келесі әдістемелік нұсқаулар әзірлеген:

         1. STEM білімді енгізу – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017. – 160 б.

2. PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту. Оқу-әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 40 б.

3. PISA-2015 халықаралық зерттеуге дайындықты әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Әдістемелік жинақ. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 118 б.

4. TIMSS және PISA халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағы. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2016. - 59 б.

5. 12-жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 43 б.

6. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 38 б.

7. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 41 б.

8. Ғылыми жаратылыстану циклы пәндері бойынша жобалық тапсырмалар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 80 б.

9. Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 45 б.

Осы нұсқаулықтар Академия сайтында (www.nao.kz) орналасқан.

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ

«Адам және қоғам» білім саласы«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Өзін-өзі тану» пәндерін қамтиды.

«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер.

Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныбында тарихты оқыту –өткен тарихи оқиғаларды түсіну және оларды талдау негізінде қазіргі замандағы орнын анықтау, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және оқиғалар мен құбылыстарға жеке көзқарасын білдіре отырып, олардың маңызы мен мәнін түсінуді қамтамасыз ететін жеке тұлғаның тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған.

«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқыту – адам, қоғам және құқық туралы, қоғам дамуының негізгі үдерістері, әлеуметтік факторлардың адам өміріне әсері туралы ғылыми білімді меңгеруге негізделген.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда:

10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты;

11-сыныпта аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты қамтиды.

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойыншаоқу жүктемесі:

қоғамдық-гуманитарлық бағытта:

10 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылына 68 сағатты;

11 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылына 68 сағатты.

жаратылыстану -математикалық бағытта:

10 сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты;

11 сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

«Адам.Қоғам.Құқық.» пәні бойыншаоқу жүктемесіқоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда:

10-сыныпта ­аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты;

11-сыныпта­ аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

2018/2019 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам.Құқық» пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламалары қолданылады:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығыменбекітілген, 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған Қазақстан тарихы пәнінің оқу бағдарламасы.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығыменбекітілгенЖалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11- сыныптарына арналған Дүниежүзі тарихы пәнінің оқу бағдарламасы.

3.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығыменбекітілген, 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Адам.Қоғам.Құқық» пәнінің оқу бағдарламасы

«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер

Тарихты 10-11 сыныптарда оқыту келесі біліктерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс:

  • әртүрлі деректердің ақпараттарымен (соның ішінде интернетте ұсынылған) жұмыс істей білу;
  • анық тарихи фактілерден түсіндірулер мен көзқарастарды айыра білу;
  • өзінің зерттеу және оқу әрекеттері нәтижесін бағалау және таныстыра білу, кемшіліктердің себептерін анықтау;
  • тарихи оқиғалар мен қатысушыларға өз қарым-қатынасын түсіндіре білу;
  • қазіргі әлеуметтік-тарихи процестер мен дамудың ықтимал нұсқаларын болжауды талдай білу үшін игерген тәжірибесін, әрекетін және меңгерген білімдерін қолдана білу;
  • қауіпсіз мәдениет қалыптастыру арқылы түрлі жағдайларда қауіп-қатерлерді талдай білуі және қауіпсіздікті қамтамасыз ете білуі керек.

Жалпы білім беру деңгейінде «Адам. Қоғам.Құқық» пәнін оқыту:

  •  10-сыныпта адам мен қоғам арасындағы қатынастардың құқықтық реттелуі, отбасылық құндылықтар, адам құқықтары, оның қорғалуы, мәдени құндылықтарды оқытуда білім алушыларды жауапкершілікке, мінез-құлық ережелерін қалыптастыруға, адами құндылықтарды, тұлға аралық қасиеттерді сақтауға;
  •  11-сыныпта білім алушыларды адам өмірінің мәні, құқықтық мемлекет дамуының ерекшеліктерін анықтауға, қазіргі өркениеттік әлемде құқықтық сананы қалыптастыру, түрлі жағдайларда қауіп-қатерді азайту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеуге бағытталған.

Пәндерді оқытудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер:

10-11-сыныптарда тарих пәндерін оқытуда білім алушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сай талдау, бағалау, зерттеу және жоспарлау дағдыларын қалыптастыратын әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар көбірек қолданылуы керек. Мысалы, талдамалық эссе мен есеп жазу, салыстырмалы талдау жасау және тағы басқалар.

Пәнді оқытуды жетілдіруде оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, білім алушылардың дербес танымдық қызметін ұйымдастыру, практикалық және шығармашылық тапсырмалар, конференция, дебат, дискуссия, рөлдік ойындар, кейс әдісі, іскерлік ойындар, пікірталастар мен семинарларды және т.б. қолдану ұсынылады.

Отандық және дүниежүзі тарихының кейбір тақырыптарын кіріктіріп оқыту ұсынылады. Халықаралық қатынастар тарихы және Қазақстанның сыртқы саясаты, әлемдік соғыстар тарихы, тарихтың жеке мәселелері, мәдениет т.б. тақырыптарын кіріктіруге болады. Тарих пәндерін кіріктіре оқыту жүйесін қалыптастыру оқу процесінің коммуникативтік әлеуетін біршама арттырады.

10-11-сыныптарда тарихи және қоғамдық білім берудің негізгі мәселелерінің бірі білім алушылардың білімді өз бетінше игеруі болып табылады. Соған сәйкес мұғалімнің басты міндеті білім мазмұнына сәйкес сабақтың маңызды ерекшеліктерін анықтап, сабақтың үлгісін құру және сабақты жетілдірудің жолдарын тауып, оның сапасын арттыру. Ол үшін білім алушылардың әрқайсысы тарихи оқиғаларға ғылыми тұрғыдан баға беріп, олардың сабақтастық байланысын түсінуіне мүмкіндік беретін тәсілдерді қолдану ұсынылады.

«Адам.Қоғам.Құқық» пәні бойынша алған білімді тәжірибеде қолдану тез өзгермелі әлемде табысқа қол жеткізетін, өз елінің игілігі үшін жауапты Қазақстан Республикасының зияткер, әлеуметтік-рухани азаматын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Пәнді оқытуда оқылған материалдарды ашу мен нақтылауға, оны білім алушылардың жеке әлеуметтік тәжірибесі, жеке бақылауы, олардың адамдардың қоғамдағы тәлімі мен әлеуметтік өмірі туралы қалыптасқан түсініктерімен байланыстыруға көмектесетін әдістерді қолдану ұсынылады.

Оқу процесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды дәстүрлі әдістермен сәйкестендіре отырып белсенді қолдану ұсынылады. Жобалық тақырыптар және шығармашылық тапсырмаларды (хабарлама, презентация, жобалар, коллаждар және т.б.) білім алушыларға алдын ала беру қажет.

Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет. Материал мазмұны «Мәңгілік Ел» идеясына және «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасына сай болуы қажет. Тарих және қоғамдық пәндер бойынша рухани жаңғыру идеясы негіздерінің құндылықтарын оқыту мен тәрбиелеуде жүзеге асыру ұсынылады.

Рухани жаңғыру бағдарламасы материалдарын оқу тәрбие процесіне қолдануға арналған әдістемелік ұсынымдар академия сайтында орналастырылған: (https://www.nao.kz /Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету/ Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына арналған интерактивті сабақты өткізу бойынша әдістемелік ұсыным./

Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау бойынша ұсынымдамалар.

Бітіру смтиханын өткізу формалары:

Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан билеттер бойынша жүргізіледі. Құрастырылатын билеттердің саны – 30; әр билетте 3 сұрақ болады, оның екі сұрағы– ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы курсының негізгі бөлімдері мен тақырыптарының теориялық материалдары бойынша, үшінші сұрақ – практикалық түрде беріледі (тарихи карталар, кескіндер, портреттер, хронологиялық кескіндерді пайдалану т.б.).

Ауызша емтиханда білім алушы дайындалу үшін кем дегенде 20 минут уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша жауап бермесе, комиссия оған екінші билет алуға мүмкіндік береді (бұл жағдайда жауап бір баллға кемиді).

Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау мазмұнына қойылатын талаптар, бағалау өлшемдері:

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік бітіру емтихандарына емтихан материалдары ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығымен әзірленеді.

Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан билеттерінің құрылымы мен мазмұны:

1-2- сұрақтар ежелгі және орта ғасырдағы, жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы курсы материалдарын;

3-сұрақ практикалық сипаттағы тапсырмаларды (тарихи карталар, термин сөздермен жұмыстар, тұлғаларға тарихи сипаттама және т.б.) қамтиды.

Әрқайсысы ең жоғары 10 балмен бағаланатын 1 және 2 сұрақтарды бағалауға қойылатын талаптар:

  • базалық деңгейдегі жауапқа 1-6 балл;
  • жоғары деңгейдегі жауапқа 7-10 балл.

Базалық деңгей:

- Қазақстан тарихындағы негізгі фактілерді, құбылыстар мен процестерді білуі, тарихи оқиғаларды уақыт шеңберімен баяндай алуы.

Жоғары деңгей:

- қосымша тарихи, хронологиялық, картографиялық деректер негізінде қоғамдық-саяси жағдайды сипаттау, тарихи оқиғаларды талдау, жүйелеу, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау;

- жинақтау, бағалау негізінде ой қорытынды жасау.

Тарихи карталармен, терминологиямен жұмыс және тарихи тұлғаларды сиптаттау барысында билеттің 3-сұрағын максималды 10 балмен бағалауға келесі талаптар қойылады:

  • тарихи картадан оқиғалар мен нысандарды көрсету;
  • тарихи фактілерді, құбылыстар мен процестерді тірек-сызбаларға түсіру, хронологиялық тізбек құру;
  • тұлғаға тарихи сипаттама беру және оның тарихта алатын орнын бағалау;
  • иллюстративті материалдар арқылы оқиға желісін баяндау.

47-кесте – Бағалау критерийлері

Критерийлер

Балдары

1

Жалпы білім деңгейі

1 балл

2

Нақты проблеманы білу және тарихи дереккөздерді пайдалану

5 балл

3

Логикалық және талдамалық ойлауы және баяндау стилі

2 балл

4

Тарихиматериалдыашудағдылары

1 балл

5

Сындарлы тұжырымдар мен қорытындылар жасау мүмкіндігі

1 балл

Ескерту: Билеттің әрбір 3 сұрағына жауап 10 (он) балмен бағаланады. Жалпы алғанда, 3 сұрақтың ең жоғары жиынтық балы 30 балды құрайды.

Сұрақтарға жауап беру барысында жинақтаған балды бес баллдық бағалау жүйесіне ауыстыру шкаласы төменде көрсетілген.

48- кесте – Есептеу шкаласы

Бағалаудың бес балдық жүйесі бойынша баға

«2»

«3»

«4»

«5»

Жалпы балл

0-4

 

5–16

17–24

25–30

Емтихан жұмысының ұзақтығы сыныптағы оқушы санына (параллелдердегі) байланысты.

Емтиханда заманауи техникалық құралдар мен құрылғыларды қолдануға тыйым салынады. Барлық қосымша қажетті материалдарды (карталар, сызбалар, кестелер және т.б.) мұғалім дайындайды.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:

http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.

Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық  өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым-қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады:

«Тарих» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2018-2019 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

1.Ақын, ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 925 жыл (1093-1166);

2.Бұқар жыраудың туғанына 350 жыл (1668-1781);

3. Қазақ ханы, қолбасшы Әбілқайыр ханның туғанына 325 жыл (1693-1748);

4. Қолбасшы, би, шешен Сырым Датұлының туғанына 295 жыл (1723-1802);

5. Күйші, композитор Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл, (1818-1896 жж.);

6. Жәңгір сұлтанның Бөкей Ордасының ханы болып сайланғанына 195 жыл (1823);

7. Қазақтың ақыны, ойшыл, аудармашы, композитор Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 160 жыл (1858-1931жж.);

8. Қазақ халқының ғұлама ақыны, тарихшы, этнограф, шежіреші, аудармашы, ауыз әдебиетінің мұраларын жинақтаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің туғанына 160 жыл (1858-1931жж);

9. Халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі Амангелді Үдербайұлы Имановтың туғанына 145 жыл (1873-1919 жж.);

10. Ақын, педагог, түрколог, ғалым, ҚазАКСР халық ағарту комиссары Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл (1873-1938 жж.);

11. Педагог, ғалым, журналист, қазақ дәрігері, қоғам қайраткері, профессор Халел Досмұхамедовтың туғанына 135 жыл (1883-1939 жж.);

12. Ақын, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл (1893-1938 жж.);

13. Ұлы Отан соғысының ардагері, әйгілі партизан, Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына 100 жыл (1918-2006 жж.);

14. Мәдениеттанушы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымының кандидаты Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің туғанына 75 жыл (1.01.1943 ж.);

15. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Теңгенің енгеніне 25 жыл (1993 ж.);

16. Елордамыз – Астана қаласына 20 жыл (1998 ж.).

Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:

- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;

- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;

- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;

- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.

Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар, теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.

«Өзін-өзі тану»

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай мектептің жалпы орта деңгейінде 10-11-сыныптардың базалық мазмұнында негізгі төрт тарауды қамтиды:

  • «Таным тағылымдары»;
  • «Адам болам десеңіз...»;
  • «Жарасымды өмір салтанаты»;
  • «Кең дүние келбеті».

Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағаттан, бір жылға барлығы 34 сағатты қамтиды.

Оқушылардың білімін бағалау

Оқушылардың білім сапасын бағалау жалпыбілімберетін мектептің «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 1-11-сыныптарына арналған оқу бағдарламаларындағы 10-11-сыныптардың бағдарламасында белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады.

Оқушы 10-сынып немесе 11-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.

«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ  САЛАСЫ

Технология

«Технология» пәні оқушылардың өзіндік еңбек өміріне дайындалуларына, олардың жасампаз және қайта құрылу саласына байланысты, кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауға мүмкіндік береді.

10-11-сыныптарда пәнді оқытудың мақсаты – техника мен технология саласында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қамтамасыз ету, әр түрлі қызмет түрлеріне (білім беру, зияткерлік, кәсіби) бейімделу үшін технологиялық білім, білік және дағдыларды меңгерту арқылы жоғары сынып оқушысының тұлғасын қалыптастыру, технологиялық ойлауды, орындалған жұмысқа шығармашылық көзқарасын дамыту.

Мақсатқа сәйкес келесі оқыту міндеттері анықталған:

– техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;

– құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы біліктер мен дағдыларын қалыптастыру;

– технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;

– оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;

– еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;

– оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.

«Технология» пәнін оқыту барысына азаматтардың әлеуметтік тәжірибесініңбарлық төрт компоненті кіреді: танымдық қызмет тәжірибесі (түрлі облыстағы ақиқат туралы білімі), танымал қызмет тәсілдерінорындау тәжірибесі, шығармашылық қызмет тәжірибесі мен нысандарға эмоционалды-құндылықтар қатынасы және адам қызметіне арналған тәжірибе құралдары. Бұл барлық компоненттер оқу курсының мазмұнында бар.

Осыған байланысты 10-11-сыныптың ұл балаларына келесі бөлімдер бойынша тақырыптар ұсынылады.

«Заманауи өндірісі және жоғарғы білім» жаңа бөлімі тұлғалық қабілеттер және мамандық таңдау, кәсіптік әрекетке қазіргі заман талабы, жоғарғы оқу орындарының түрлері және жоғарғы білімді алу жолдарын оқыту мәселелерін қамтиды.

49-кесте – 10-11-сыныптың ер балаларына арналған бөлімдердің тақырыптары

Ауыл мектептерінде

Қала мектептерінде

1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.

2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі техника және технология.

3. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

4. Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

5. Сәндік қолданбалы өнерінің элементтерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

6. Электротехника және электроника негіздері.

7. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстары.

8. Шығармашылық жобалау қызметі.

9. Заманауи өндіріс, техникалық және кәсіптік білім.

1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.

2. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

3. Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементтерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

5. Электротехника және электроника негіздері.

6. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстары.

7. Шығармашылық жобалау саласы.

8. Заманауи өндірістер және техникалық және кәсіптік білім.

Технологиялық дайындықты ұйымдастырудың әдістері мен түрлерін оқушылардың оқу-еңбек, қызмет көрсету іс-әрекеттеріне араласуға дайындығының деңгейіне байланысты анықтайды.

Сабақтарды өткізу барысында «Технология» пәнін оқытудың дидактикалық талаптарын сапалы іске асыруға ықпал ететін заманауи оқыту технологиялары, ұйымдастыру әдістері, оқу процестерін қадағалау және оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары қолданылады.

Басым әдістерге – жаттығу, практикалық-оқу жұмыстары, жобалау әдістері жатады. Оқу жылының соңында орындаған жобаларына қорғау ұйымдастыру ұсынылады. Жобаларды оқушылар жеке немесе топ болып орындай алады.

10-11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдарлау апталықтарын өткізу барысында кәсіби шешім қабылдауға дайындығын қалыптастыратын, сонымен қатар жұмысқа орналасу немесе білім алу траекториясының негізгі және қосымша (ықтималды) нұсқаларын таңдаудың қажеттілігі туралы, кәсіптік ұтқырлық және бәсекелестікке дайын болуы қажет екендігі туралы ой салатын тренинг сабақтар өткізу тиімді болып табылады.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

«Технология» пәнінің мазмұнында мәдениет сабақтастығы принципіне сәйкес адамгершілік пен ұлттық мәдени құндылықты қалыптастыратын, соның ішінде адам өмірі мен қоғамн негізі әрекетінің құндылығы болып саналатын еңбек құндылығы басты орын алады.

10-11-сынып қыз балаларға келесі бөлімдер бойынша тақырыптар ұсынылады (66-кесте).

50-кесте – 10-11-сыныптағы қыз балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары

Ауыл мектептерінде

Қала мектептерінде

1. Тағам әзірлеу технологиясы.

2. Құрастыру, моделдеу және иық киім өнімдерін жасау. Қазақтың ұлттық киімін тігіп дайындау.

1. Тағам әзірлеу технологиясы.

2. Құрастыру, моделдеу және иық киім өнімдерін жасау. Қазақтың ұлттық киімін тігіп дайындау.

Қолөнер кәсібі әрбір халықтың мәдениетінің материалдық тасымалдаушысы болып табылады. Сондықтан оқушылардың еңбек пен технологиялық мәдениетін қалыптастыру, оны тұлға ретінде еңбекқорлық, азаматтық және патриоттық қасиеттерге тәрбиелеу және мектеп бітірушілердің еңбек нарығы жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтауы мақсатында технология сабағында көпғасырлық халықтық және ұлттық қолөнерлерді міндетті түрде оқыту мен қолдануға назар аудару ұсынылады.

Қаладағы, ауылдағы және шағын жинақты мектептерде сыныптардың толымдылығына қарамастан ұл және қыз топтарына бөлінуі іске асырылады.

Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.

«Технология» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2018-2019 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

– Қазақстан Республикасының Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Мәңгілік елдің Елордасы» (1998 жыл 10 маусым - 2018 жыл 6 шілде);

– Қазақстан Республикасы Жергілікті әскери басқару органдарының құрылуының 100 жылдығы(1918 жыл 8 сәуір).

10-11-сыныптарда «Технология» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі әрбір сыныпта  аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ

Дене шынықтыру

Дене шынықтыруоқу пәні ретінде жалпы білім беретін мектепте маңызды рөль атқарады, жалпыадамзаттық мәдениет саласында белсенді шығармашылық түрде өзін-өзі жүзеге асыруға дайын тұлға қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Оқыту мақсаты:

– оқушылардың өз денсаулығына ықтиярлықпен қарауына қатысты тұрақты уәждемелері мен қажеттіліктерді қалыптастыру;

– физикалық және психикалық қасиеттерін толық дамыту;

– салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылықпен қолдану.

Оқыту міндеттері:

– денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;

– базалық спорт түрлерінің техникалық-тактикалық іс-қимыл әдістерін жетілдіру;

– денсаулығын ұзақ мерзім сақтау және нығайту қажеттілігіне, өз денсаулығына ықтиярлықпен қарауға тәрбиелеу;

– дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы мен салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерін шыңдау;

– тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық іс-қимыл мен ынтымақтастық межелерін сақтау.

Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Дене бітімін жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік компонент).

Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімді оқу процесінің сан алуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын енгізуге бағдарлайды. Вариативті компонент мектептің тұрған орны, материалдық базасы мен аймақтың орналасу ерекшеліктерін, мұғалімнің мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру қажеттілігіне негізделгендіктен, оқу материалдарын жергілікті білім беру мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді.

Бағдарламалық талаптарды ескеріп, әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық үлгерімін бағалауына болады.Осындай тәсілдерді қолдану дене шынықтыру пәні мұғаліміне оқытудың барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерін, жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар адам денсаулығының дене шынықтыруды жетілдірумен байланысы туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:

– мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс дағдысына байланысты ұсынылып отырылған бағдарламаның кез келген бөлімін  өзінің материалдарымен толықтыруға немесе түзетулер енгізуге құқылы. (оқушыларға қойылатын негізгі талаптар жүзеге асыру барысында);

–  мұғалім апта кестесіндегі сабақ санына сәйкес оқушылардың даярлығы мен сабақтың нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады;

– оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау-сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;

– дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігі екі параметр бойынша бағаланады: а) жекелеген бақылау нормативтерінің нәтижелері;

б)Президент сынамалары нормативтерін орындау нәтижелері (мұғалімнің таңдауы бойынша).

«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.

Оқу бағдарламасында мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі нысандарының мазмұны қамтылған және бұл міндеттерді барлық оқу жылында біртіндеп шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның үшінші сағаты оқушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.

Дене шынықтыру пәні сабақтары гендерлік қағидат бойынша (қалалық жерлерде – әр топта 8 ұл (қыз) баладан кем емес, ауылдық жерлерде – 5 ұл (қыз) баладан кем емес болған жағдайда) өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.

«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу барлық қажетті медициналық құжаттарды ұсынуымен, медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.

Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2018-2019 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

– Қазақстан Республикасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Мәңгілік елдің Елордасы» (1998 жыл 10 маусым - 2018 жыл 6 шілде);

– Қазақстан Республикасы Жергілікті әскери басқару органдарының құрылуының 100 жылдығы(1918 жыл 8 сәуір).

«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әдістемелік құралдар әзірлеп,орталықтың сайтына (www.nnpcfk.kz) және академия сайтына орналастырылған (nao.kz).

Дене шынықтыру пәнінің оқу жүктемесі:

10-сыныпта – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;

11-сыныпта – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды.

Алғашқы әскери дайындық

Алғашқы әскери дайындық(бұдан әрі – АӘД) меншік түрі мен ведомствалық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-техникалық мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.

Жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарында «Алғашқы әскери дайындық» пәнін оқыту ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде жастарды алғашқы әскери қызметке даярлау, өткізу және ұйымдастыру үшін негіз болып табылған құжаттар мыналар:

1) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы.

2) «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ, алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-материал базасын құру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
11 ақпандағы №118 қаулысының және «Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 606 бұйрығының күші жойылды, оныҚазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347бұйрығымен ауыстыру қажет (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 қыркүйекте № 15725 болып тіркелген).

Алғашқы әскери дайындық теориялық және практикалық сабақтарда іске асырылады. Теориялық сабақтар оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық әдістерді қолдана отырып әңгімелеу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі. Практикалық сабақтар қарулану және әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып оқу материалын бекітуге бағытталған.

Оқу пәнінің мақсаттары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру, оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету.

Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:

– оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін алғашқы әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде, практикалық дағдыларды меңгере алатындай жағдайда даярлау;

– оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқушылардың әскери істің аспектілерін кеңінен терең түсінуіне зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ, әскери істің негіздері бойынша тараулар, азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздерінен тұрады.

Оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі зерделеуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім базаларында (басшылығымен келісе отырып)                        10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бескүндік далалық оқу жиыны өткізіледі. Далалық оқу жиындары алғашқы әскери дайындық курсын өту бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен ұйымдастырылады және білім беру мекемелерінде қарастырылған вариативті (өзгермелі) сағат есебінен қамтамасыз етіледі.

11-сынып оқушыларының АӘД пәні бойынша нормативтер мен практикалық жаттығуларды орындауларын бағалау мақсатында, оқу жылының соңында 4 сағат көлеміндегі қорытынды тексеру сабақтары (сынақ) қарастырылған.

10-сыныпта өткізілетін әскери топография сабақтарында оқушыларға басқа (бөтен) жерлерде картасыз бағдарлау, сол ауданда өзінің орналасқан орнын анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың көмегімен және компассыз табуды үйренеді. Ал, 11-сыныпта оқушылар азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері сабақтарында бейбіт уақытта және соғыс кездерінде, табиғи апаттар, ірі көлемдегі зілзалалар және жаудың қазіргі заманғы қырып-жою қаруларын қолданған кезде Қазақстан Республикасының халқын қорғау бойынша іске асырылатын іс-шаралар үйретіледі. Сонымен қатар төтенше жағдайлар пайда болған аудандарда және зақымдану ошақтарында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жарақаттанған адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелерімен танысады.

Әрбір білім беру ұйымдарында меншік түрі мен формасына қарамастан АӘД бойынша келесі оқу-материал базасы құрылады және жетілдіріліп отырады:

1) қамтамасыз ету табеліне сәйкес көрнекі құралдар, АӘД оқытудың көрнекілік, техникалық құралдарымен, стендтермен жабдықталған оқу бөлмесі;

2) алғашқы әскери дайындық, өмір қауіпсіздігінің негіздері және азаматтық қорғаныс, медициналық білім бойынша арнайы жабдықтарды сақтауға арналған бөлме;

3) саптық дайындық бойынша сабақ өткізу алаңы;

4) рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттерін іс жүзінде үйрететін орын;

5) сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын;

6) сабаққа арналғантактикалық алаң;

7) кедергілерден өту жолының кешені;

8) жабдықталған ату тирі;

9) әскери және еңбек даңқының бұрышы.

Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдар макеттерімен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.

«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2018-2019 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

– Қазақстан Республикасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Мәңгілік елдің Елордасы» (1998 жыл 10 маусым - 2018 жыл 6 шілде);

– Қазақстан Республикасы Жергілікті әскери басқару органдарының құрылуының 100 жылдығы(1918 жыл 8 сәуір).

«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқу жүктемесі:

10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағат, қосымша вариативтік компонент есебінен далалық оқу жиынына 30 сағат және қорытынды тексеру сынаққа 4 сағат қарастырылған;

11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағатты құрайды.

4 ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1-3-сыныптар

2018-2019 оқу жылында 1-3-сыныптар жаңартылған білім мазмұнының оқу бағдарламаларымен және жоспарларымен оқитын болады.

Еліміздің жалпы білім беру ұйымдарының бастауыш мектебінде оқу процесі ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

ББ МЖМС талаптарын негізге ала отырып, бастауыш білім беру білім алушыларды жан-жақты дамытуды, қоғамда өзіне лайықты орнын табуға қабілеттіжеке тұлғаның қалыптасуы үшін негіз қалауды, оқыту мен тәрбиелеусапасын арттыруды, қолданбалы сипаттағы тапсырмаларды шешу үшін алған білімдерін қолдана білуін дамытуды қамтамасыз етуі тиіс.

Бастауыш мектептегібілім беру процесі ҚР білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға сәйкес жүзеге асырылады.

Оқу пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұны немен ерекшеленеді:

- оқубағдарламасы «шиыршық қағидаты» негізінде әзірленген,яғни тақырыптар мен сыныптар бойынша білім мен білік бірте-бірте өсіп, дағдылар күрделеніп отырады; 

- оқыту мен тәрбие бірлігі қағидатын іске асыруды қамтамасыз етеді;

- үштілді білім беруді іске асыру көзделген;

- пәндер бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқыту мақсаттарының жүйесі берілген;

- пәндік білім, білік және дағдылардың кең спектрін қалыптастыруға бағытталған: білімдерін функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, жобалау және зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдерін қолдану, жеке және топта жұмыс жасай білу, проблемаларын шешу және шешім қабылдау;

- ортақ тақырыптардың болуы;

- негізгі құндылықтар негізінде кең спектрлі дағдылармен бірлікте жеке тұлғалық қасиетті дамыту: «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу».

Жаңартылған оқу бағдарламаларының маңызды сипаттамасы олардың икемділігі мен әмбебаптылығыболып табылады. Мұғалімдерге сағат саны мен бөлімшелерді оқытудың бірізділігін, бөлім мен тиісті тоқсан аясында  тақырыптарды немесе оқыту мақсаттарын өз бетінше анықтауға мүмкіндік беріледі.Мұғалімдер бірнеше оқыту мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тапсырмалар әзірлей алады. Оқу бағдарламасы мұғалімдерге оқыту мақсаттарына жетуге жетелейтін жиынтықта бірнеше сабақтың/сабақтардың мақсаттарын орындаудаоқыту мақсаттарын өзгертуге мүмкіндік береді.Мұғалім жоспарлау кезінде оқу материалын қайталау және бекіту сабақтарын алдын ала қарастыруы  қажет. Шешім мұғалімдердің оқу-әдістемелік бірлестіктерінде алқалы түрде қабылдануы мүмкін.

Тілді оқытудың негізі білім алушылардың әр оқу пәнінің құралдары –  әртүрлі оқу жағдаяттарында біліммен және дағдылармен алмасу, тілдік және сөйлеу нормаларының жүйесін дұрыс қолдану арқылы сөйлеу қызметін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылатын коммуникативтік тәсіл болып табылады.

Тілдерді оқыту сөйлеу қызметінің төрт түрін дамыту арқылы жүзеге асырылады: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым. Мұғалімге білім алушылардың сөйлеуін дамытуға ықпал ететін, оларға жақын табиғи жағдаяттар негізінде оқыту ортасын үлгілеу маңызды.

Оқу бағдарламасы пәндер бойынша ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарға сыныптар мен тоқсандар бойынша оқыту мақсаттары енгізілген.

Орта мерзімді жоспарлау ұзақ мерзімді жоспарда анықталған бағдарларды нақтылайды. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген мерзімнің негізгі міндеттері тұжырымдалады. Мұнда әр тоқсанның немесе бөлімнің тақырыптары көрсетіледі. Бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады.

Орта мерзімді жоспарларда дағдылар, оқыту мақсаттары, сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері, мұғалімдерге арналған белгілер (оқыту әдістемесі бойынша) оқу ресурстары берілген.

«Ресурстар» бағанында сабаққа қажетті үлгілік материалдар тізбесі жазылған, мұғалімдердің жұмыста қолдануына көмек ретінде интернет-ресурстарға сілтемелер берілді. Оқыту мақсаттары бойынша жұмысты жоспарлау және оларды мұғалім өз сыныбы білім алушылармен даму деңгейлеріне қарайдамытуды жүзеге асыруы тиіс. Пән бойынша орта мерзімді жоспарлар ұсыныс ретінде берілді.

Қысқамерзімдіжоспардынемесесабақжоспарын,ортамерзімдіжоспардың соңында ұсынылған үлгі бойынша мұғалімнің өзі әзірлейді. Қысқа мерзімді жоспарды әзірлегенде мұғалімге саралап оқыту тәсіліне және оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге назар аудару ұсынылады. Сабақты қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімнің оқу мақсаттарына тиімді қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім әр сабақтан кейін білім алушылардың оқу материалын меңгеруде туындаған қиындықтары мен оқу жетістіктерін анықтау үшін сабаққа талдау (рефлексия) жасап отыруыкерек.

1-3-сыныптарда сабақтың форматы оқыту процесіндебілім алушыларды белсенді тартуды, олардың талқылауларға қатысуын,өткен материалды талдауын және қорытуын, зерттеу жүргізуін, бағалауда пікірлерін айтуын, өзін бағалауды, өзара бағалауды және т.б. тұжырымдайды.

Сабақтың міндетті элементі кері байланыс болуы тиіс, ол мұғалімнің білім алушыны қолдауға бағытталған іс-әрекетін түзетуге мүмкіндік береді және білім беру процесін жетілдіруге себін тигізеді. Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін өз бетінше анықтайды.

Оқу процесін ұйымдастыру кезінде мұғалімге пәнаралық байланыстарды іске асыратын ортақ тақырыптарға көңіл аудару қажет (50-кесте). Оқу пәндерінің компонентін кіріктіруші ретінде ортақ тақырыптарда тоқсандар бойынша бөлінген.Әр тоқсан бойынша екі ортақ тақырып, оның әрқайсысына сағат саны шамамен бірдей бөлінеді. Әр ортақ тақырыпқа сағат санынмұғалім білім алушылардың дайындық ерекшеліктеріне қарай өзі өзгертіп отырады.

51-кесте – Сыныптар бойынша ортақ тақырыптар

1-сынып

2-сынып

3-сынып

1

Өзім туралы

Өзім туралы

Жанды табиғат

2

Менің мектебім

Менің отбасым және достарым

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

3

Менің отбасым және достарым

Менің мектебім

Уақыт

4

Бізді қоршаған әлем

Менің туған елім

Сәулет өнері

5

Саяхат

Дені саудың  жаны сау

Өнер

6

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Атақты тұлғалар

7

Тағам мен сусын

Қоршаған орта

Су – тіршілік көзі

8

Дені саудың жаны сау

Саяхат

Демалыс мәдениеті. Мерекелер

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 453 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің Үлгілік оқу жоспарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген«Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелеріне сәйкес, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі 1-сыныптарда – 24 сағатты, 2-сыныптарда – 25 сағатты, 3-сыныптарда – 29 сағатты құрайды.

1-сыныпта (СанЕмН) оқу жүктемесін біртіндеп «сатылы» ұлғайту әдісін жүзеге асыру мақсатында бейімдеу кезеңінұйымдастыру ұсынылады. Бейімдеу кезеңінен сәтті өту үшін қыркүйек – қазан айларында соңғы сабақтар стандартты емес түрде (ойын сабақ, қиял-сабақ, мереке-сабақ, театрланған сабақ, саяхат сабақ, экскурсия сабақ, импровизация сабақ) жүргізу керек. Мектепте білім алушыны оқуға бейімдеу үшін қолайлы орта жасауға ерекше назар аудару қажет, ол білім алушының оңтайлы дамуына, ойдағыдай білім алуына және тәрбиеленуіне ықпал етеді. 1-сыныпта барлық жұмыс кезеңінің міндеті – кішкентай мектеп оқушысының оқу қызметіне ішкі уәждемені қалыптастыру. Бірінші жартыжылдықта 1-сыныпта жиынтық бағалау жүргізілмейді және үй тапсырмасы берілмейді. Мұғалім өз жұмысын әр білім алушының сабақта қажетті білімді толыққанды меңгеруін қамтамасыз ететіндей жоспарлайды.

1-сынып білім алушысының көру қабілетін, қолының ұсақ моторикасын дамыту үшінсергіту сәтінуақытылы өткізу, 1-сынып білім алушыларын ұзақ уақыт жазу мен сурет салудан жалықтырып алмау керек. 1-сыныпта оқыту кезінде іс-әрекеттің ойын түрлері басым болуы тиіс.

2-сыныптан бастап білім алушылар үй тапсырмасын орындайды, сондықтан сабақ кестесін құруға ерекше назар аудару қажет, себебі пәндерді бір күнге топтастырмау мүмкіндігін қарастыру қажет, үй тапсырмасын орындауға едәуір уақыт шығындауды талап етеді. Білім алушыларға үй тапсырмалары,оларды орындау мүмкіндігін ескере отырып мынадай шекте беріледі: 2-сыныпта – 50 минут, 3-сыныпта – 70 минут (ҚР БҒМ 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182бұйрығы). Демалыс және мереке күндері үй тапсырмасы берілмейді.

Бастауыш мектепте сабақты ұйымдастыру жүйелі іс-әрекеттік және практикалық бағдарланған тәсілдер аясында жүзеге асырылады.Сабақ жоспарлау кезінде уәж, мақсат, оқу міндеті, мақсатқа қол жеткізу үшініс-әрекет тәсілдері, нәтижесі, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлексия ескеріледі. Сабақтың мақсатты бағыты білім алушылардыңоқу-танымдық және оқу-практикалық іс-әрекеттерін өз бетінше қалыптастыру және дамыту; белсенді оқыту әдістерін қолдану: проблемалық-диалогтық, ішінара іздеу, іздестіру, жобалау, зерттеу. Білім алушылардың сабақтағы жұмыстары жеке, жұптық, топтық, дара және саралап оқыту түрлеріарқылы ұйымдастырылады. Жаңа білім беру стандартына бағдарланған сабақтың маңызды белгілеріоның мазмұнында бастауыш сынып білім алушыларынкең спектрлі дағдыларға үйрету элементтерінің болуы. ББ МЖМС негізгі міндеттерін іске асыру үшін тиімді педагогикалық технологияларды, озық әдіс-тәсілдерді, тұлғалық бағдарланған оқыту тәсілінқолдану және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардыкіріктіру қажет.

Бастауыш мектептің жаңартылған білім мазмұнына көшуіне байланысты бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік жұмыстарының жүйесін құру маңызды орын алады. Бұлар семинарлар, тренингтер, педагогикалық қауымдастықтардыңотырыстары, коучингтер, конференциялар, шебер-сыныптар, дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар, сабақтан тыс үйірмелер мен ББ МЖМС енгізу мен іске асырудың басқа да жекелеген бағыттары бойынша іс-шаралар болуы мүмкін. Балалардың  денсаулығын сақтауға және нығайтуға, психология-педагогикалық қолдауғаназар аудару қажет. Шаршаудың, сколиоздың, жүрек-қан тамырлар жүйесі, көз ауруларының алдын алу мақсатында жаттығулар жүргізуге (динамикалық, тыныс алу жаттығулары, қол саусақтарына байланысты жаттығулар, қол және көзге арналған гимнастикалық жаттығулар және т. б.) көп көңіл бөлу керек.

Білім салалары бойынша пәндерді оқыту ерекшеліктері

«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ

«Тіл және әдебиет» білім саласының мазмұны «Сауат ашу», «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу», оқыту орыс тілді емес сыныптарда «Орыс тілі», «Ағылшын тілі» оқу пәндері арқылы жүзеге асырылады.

Сауат ашу (1-сынып)

«Сауат ашу» пәнінің оқу бағдарламасы – бастауыш білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің бірі. «Сауат ашу» пәні – «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің құрамдас бөлігі, бұдан әрі тілдік және әдебиеттік білімге дайындық кезеңі, сондай-ақ одан кейінгі оқытудың негізі болып табылады.

Пәнді оқытудың ерекшелігі оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын меңгеру процесінде функционалдық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады, ол оқу мен жазу бойынша алған білім, білік, дағдыларын түрлі өмірлік жағдаяттарда пайдалануға мүмкіндік береді.

«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 6 сағаттан, оқу жылына 198 сағатты құрайды.

Оқыту процесінде сауат ашу үш кезеңге бөлінеді: әліппеге дейінгі кезең, әліппе кезеңі, әліппеден кейінгі кезең. Дыбыс және әріппен таныстыруға бөлінетін сағат санын білім алушылардың оқу материалын, оқу мақсаттарын меңгеру деңгейіне және әр кезеңнің тапсырмаларын орындау деңгейіне байланысты мұғалімнің өзі реттей алады.

Бірінші жартыжылдықта оқу жылдамдығы тексерілмейді. Екінші жартыжылдықтың соңында оқу дағдысының қалыптасу нормасы минутына 30-35 және одан артық сөзді құрайды.

Бірінші сыныпта буынға бөліп оқудың қалыптасуы тексеріледі: бағдарлама талаптарына сәйкес келетін оқу қарқыны кезінде оқылатын мәтіннің жалпы мәнін түсінуі, жекелеген сөздер мен сөйлемдердің мағынасын түсінуі.

1-сынып білім алушылары:

  1. 2-6 сөзден тұратын сөйлемдерді буындық тәсілмен тұтас оқу;
  2. 4-8  сөйлемнен  тұратын қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен тұтас оқу;
  3. сөйлем, шағын мәтіндер (3-4 сөйлем) құрастырып жазу;
  4. есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз) жатқа жазу;
  5. жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу;
  6. баспа әріптерімен берілген мәтінді (10-15 сөз) көшіріп жазу;
  7. күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді тыңдау арқылы жазу (8-10 сөз);
  8. сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), шағын мәтіндерді (10-15 сөз) тыңдау арқылы жазу;
  9. белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрастыру және жазу (2-4 сөйлем) жұмыстарын орындай алуы керек.

Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау тоқсан аяқталғаннан кейін және бөлімдерді зерттеу (ортақ тақырыптар) бойынша оқу материалының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау үшін жиынтық бағалау түрінде жүргізіледі.Пән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсаннан бастап өткізіледі. Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны берілген
(51-кесте).

52-кесте – «Сауат ашу» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

Сынып

Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша

жиынтық  бағалау рәсімдерінің саны

1тоқсан

2 тоқсан

3тоқсан

4  тоқсан

1 -сынып

-

-

2*

2*

*Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)

Қазақ тілі (Т1) (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)

«Қазақ тіл» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің  бастапқы өзегі болып табылады. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірдеқолдану.

Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі білім алушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын жүргізіп отыру болып табылады.

Оқу жүктемесінің көлемі:

1) 2-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 136 сағатты;

2) 3-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 136 сағатты құрайды.

Пәннің мазмұны мәтін түрлері, көркем шығармалар мен аутентті материалдар арқылы білім алушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен  толықтыруды, оқығаны бойынша пікір білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бағалауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, сөйлеу мәдениетін қалыптастырудықамтиды.

53-кесте – Жазба жұмыстарының көлемі

Жазба

жұмыстарының түрлері

2-сынып

3-сынып

Сөздік диктант

5-7 сөз

9-12 сөз

Диктант

25-30 сөз

35-50 сөз

Мазмұндама

40-60 сөз

60-80 сөз

Шығарма

25-35 сөз

35-55 сөз

Мұғалімі қажеттілігіне қарай қосымша жазба жұмыстарының түрлерін өткізе алады, сынып журналына олардың нәтижелері қойылмайды, ал аралық мониторинг түрі бойынша білім алушылардың жетістіктерін және жүргізілген жұмыстардың нәтижесі кері байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оқыту сипатындағы шығармашылық жұмыстардың түрлерін және оның кезеңдерін мұғалім қалауы бойынша жүргізеді.

Мұғалім жазбаша жұмыстарды өткізуде дескрипторлары баркритерийлер құрастырады. Жазбаша жұмыстардың дескрипторлары анық және нақты болуы тиіс. Олар тапсырманы орындаудың қай кезеңінде білім алушы қиындыққа және оларды түзетуге тап болды дегенді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен ата-аналарға конструктивті кері байланыс беруге мүмкіндік береді.Төменде ұсыным сипатында критерийлермен жұмыс жасаудың шамамен түрлері берілген (53-кесте).

54-кесте – Пән бойынша жазба жұмыстарының түрлері

Жұмыс түрлері

Критерийлер/дескрипторлар

  1.  

Диктант (грамматикалық тапсырмаларымен)

- мәтінді бұрмалаусыз жазады: әріптерді қосу және ауыстыру, тастап кету;

- әріптер мен дыбыстар арақатынасын белгілей білу;

- грамматикалық тапсырмаларды орындау;

- оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қою;

- жазу кезінде сөздерді дұрыс жазу;

- сөздерді жазу барысында орфографиялық нормаларды сақтай білу

  1.  

Мазмұндама

- мазмұндау кезінде ойды өзгертпей сақтай білу;

- орфогрфикалық нормаларды сақтай білу.

  1.  

Шығарма

  • жоспар құра білу;
  • ой бірізділігін сақтай білу;
  • орфографиялық нормаларды сақтай білу.
  1.  

Көру диктанты

Бұл диктант түрі білім алушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілгсн өлеңдерді алуға болады.

- есте сақтау арқылы мәтін жаза білу;

- емлені жазу кезінде ережелерді қолдана білу;

- оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қою;

- жазылған мәтін үлгісі бойынша тексеру.

  1.  

Шығармашылық диктант — үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттыру көрсеткіші. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктері болады.

- белгілі бір сөзді немесе грамматикалық нысанды таңдай біледі;

- сөздерді жазу кезінде орфографиялық ережені қолдана алады.

  1.  

Графикалық (сызба) диктантты сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету, керісінше, берілген сызба бойынша сөйлем құрау сияқты түрлі нұсқада жүргізуге болады

- емлені жазу кезінде ережелерді қолдана білу;

 

  1.  

Суретті диктант (дыбыссыз диктант) – мұғалімі үнсіз пәндік суретті көрсетеді, білім алшылар заттың атауын жазады.

- суретте бейнесін сөздермен сәйкестендіре білу;

- бейнеленген суретті сөздермен жаза білу;

- емлені жазу барысында ережелерді қолдана білу

  1.  

Еркін диктант мәтінді жазу барысында білім алушылар жекелеген сөздерді ауыстыра алады, сөйлемнің құрылымын өзгерте алады. Мәтін әуелі тұтас оқылады, сонан соң бөліктері бойынша (3-4 сөйлем); әрбір бөлігі қайталап оқығаннан кейін жазылады. Білім алушылар мәтіннің әр бөлігін есте сақтау арқылы жазады. Бұл жұмыс түрі білім алушыларды мазмұндама жазу дағдыландырады.

- сөздерді мағынасы жағынан таңдай біледі/алмастыра алады;

- мәтіннің бөлігі бойынша есте сақтай отырып, жаза біледі;

- сөздерді жазу кезінде орфографиялық ережелерді қолданады;

- оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қоя біледі.

 

  1.  

Өздік диктант

Білім алушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөз бен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлемдер мен жаттап алған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, ойлана отырып өз бетінше жазады.

Диктанттың бұл түрінің өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Мұғалім өздік диктантты қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін білім алушыларға алдын ала ескертіп қояды.

- емлені жазу кезінде ережелерді қолдана біледі

 

  1.  

Іріктеу диктанты – есту немесе көру диктантының түрі. Бүкіл мәтінді жазу емес, тек қана оқылған ережелер орфограммасы бар сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді жазғызу. Қосымша тапсырма қоса жүруі мүмкін.

- оқылған орфограммалары бар сөздерді таңдай біледі;

- сөзді жазу кезінде орфографиялық ережені қолдана біледі.

Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша (БЖБ) және тоқсан бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты санымен әр тоқсанда 1 рет өткізіледі. Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны (54-кесте).

55-кесте – «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

Сыныптар

Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша

жиынтық  бағалау рәсімдерінің саны

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

2-сынып

2*

2*

2*

2*

3-сынып

2*

2*

2*

2*

*Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)

Әдебиеттік оқу

«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып білім алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.

Оқу бағдарламасында әдеби-шығармашылық қабілеттерін дамыту қарастырылған. Нақты шығармаларды оқып білу және қажетті шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін мұғалім білім алушылардың даярлық деңгейіне байланысты сабақтар санын анықтайды.

Оқу жүктемесінің көлемі:

1) 2-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 102 сағатты;

2) 3-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 102 сағатты құрайды.

Білім алушылардың оқу дағдыларының қалыптасуын ескере отырып, мұғалім төмендегі міндеттерді қояды:

екінші сыныпта сөз бен сөз тіркестерін тұтас оқуға біліктерінің қалыптасуын; оқу қарқыны бойынша оқылған мәтіннің мазмұны түсінуін, оқу кезінде кідіріс жасай білуін, тиісті тыныс белгілерін қоюын, интонациясын, кейіпкерлерінің ерекшеліктері тән қассиеттерді білуін тексереді;

үшінші сыныпта негізгі құралдардың мәнерлілігін пайдалануда өлеңдер және шығармалар мәтінін оқу мәнерлілігін тексеру, дауыстап және іштей оқуда оқылған мәтіннің мәнін түсінуін, сонымен қатар, оқу техникасын тексерудің негізгі міндеттерін тұтассөздермен оқи білуінің қалыптасуын тексереді.

56-кесте – Оқу дағдыларының нормалары

Сыныптар

І

жартыжылдық

ІІ

жартыжылдық

2-сынып

40-45 сөз

50-55 сөз

3-сынып

60-65 сөз

65-70 сөз

Білім алушылардың оқу техникасы оқу дағдысын қалыптастыру бойынша одан әрі оқыту алгоритмін құру үшін критерий болып табылатынын ескеру маңызды.
 

Білім алушылардың дайындық деңгейіне байланысты қажет болған жағдайда, мұғалім таңдауы бойынша басқа да әдеби шығармаларды оқуды тізбеге қосуға болады. Ол шығармалар білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек.

«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша мұғалім әр түрлі қосымша жұмыстарды жүргізуі мүмкін және тапсырмалардың критерийлері мен дескрипторлары даалдын ала дайындалады. Мұғалім шығармашылық жұмыстарды өткізу кезеңі мен түрлерін өзі анықтайды. Төменде ұсыным сипатында критерийлермен жұмыс жасаудың шамамен түрлері берілген (56- кесте).

57-кесте – Пән бойынша жұмыс түрлерініңүлгісі

Оқудың түрлері

Критерийлер/дескрипторлар

  1.  

Алгоритм бойынша әңгіме құрау

-  алгоритм бойынша әңгіме құрай алады;

- әңгімедегіоқиғалардың дәйектілігін анықтайды;

- әңгіменіаяқтай алады;

- құралған әңгімені жазады

  1.  

Кейіпкердің атынан  хат

  • сөйлемдерді нақты әрі анық құрайды;
  • дәйектілікті сақтайды;
  • кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады, қорытынды жасай алады
  1.  

Кейіпкерге  хат

Мұғалім шығарманы өз қалауы бойынша таңдайды. Ал білім алушылар хат жазатын кейіпкерін өз бетінше таңдайды.

- өз хатына ат қоя алады;

- тірек сөздердіпайдалана отырып, ұсынылған тақырыпбойынша хат жазады;

- өз ойын қисынды және жүйелі түрде жеткізеді;

- сөйлемнің ойын дәл жеткізеді;

- кейіпкердің іс-әрекетін сипаттайды;

- кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады, қорытынды жасай алады

  1.  

Санамақ құрастыру

Санамақ –баланың есептеу, ойлау қабілетін дамытуға арналған тілдік құралы.

  • санамақтарды мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан, т.б. ажырата алады;
  • санамақ құрастырудың принципін түсінеді;
  • өзінің құрастырған санамағына таныстырылым жасайды
  1.  

Диалог

  • диалог түрінде сөйлесе алады;
  • диалогтің басында, ортасында және соңында айтылатын сөйлемдерді дұрыс қолданады;
  • ойын түсінікті және дұрыс жеткізе алады;
  • сөздік қорын көрсете алады
  1.  

Кітап жасау

Шығармашылықжобаның бұл түрін(жеке немесе топтық)  әртүрлі техникада орындауға болады. Бұл өзі суреттерін салып, қолымен жазылған кітап болуы мүмкін. Кітапты аппликацияменәрлеуге болады. Кітап әртүрлімазмұнда бола алады:«Бұл қандай аң?»; «Ақ» сөзімен тұрақты сөз тіркестері, иллюстрацияланған (суретті) сөздік.

  • шығармашылық жобаның тақырыбын анықтайды;
  • кітаптың мазмұнын ойластырады (ресурстарды таңдайды);
  • суреттермен әрлейді;
  • суреттер мазмұнына сәйкес келеді
  1.  

Берілген рифма бойынша өлең (буриме) шығару және басқа да өлең түріндегі шығармаларды ойлап табу; сондай-ақ бірінші жолдың екінші жолын ойлап табу және т. б. 

  • екі немесі бірнеше сөздердің қосымшаларынан, соңғы буындарынан ұйқасым таба алады;
  • берілген рифмаға сәйкес сөздерді таңдай алады;
  • берілген тақырыпқа сәйкес өлеңді жалғастыра алады
  1.  

Ертегілер елінде

Әртүрлі ертегілерден сюжеттерді және кейіпкерлерді таңдайды, оларды біріктіріп, ертегі ойластырады. Білім алушылар кейіпкерлерін алмастыра отырып, өздерінің сүйікті ертегілерін ала алады.

  • әртүрлі ертегілердің кейіпкерлерін бір сюжетке біріктіре алады;
  • ойластырған ертегісі түсінікті;
  • оқиғалардың дәйектілігін сақтайды
  1.  

Аяқталмаған әңгіме

  • ұсынылған бастамасы бойынша әңгімені жалғастырады;
  • әңгімедегі оқиғалардың дәйектілігін анықтайды;
  • әңгімені аяқтай алады
  1.  

Оқылған шығармаға диафильм салу

  • мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді;
  • мәтінді аяқталған мазмұндық бөліктерге бөле алады;
  • әр бөліктің негізгі ойын анықтай алады;
  • әр бөлікке ат қояды;
  • дәйекті жоспар құрады;
  • диафильм салады
Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша (БЖБ) және тоқсан бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты санымен әр тоқсанда 1 рет өткізіледі. Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны (57-кесте).

58-кесте – «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

Сыныптар

Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша

жиынтық  бағалау рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

2-сынып

2*

2*

2*

2*

3-сынып

2*

2*

2*

2*

* Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)

Орыс тілі (оқыту орыс тілінде емес сыныптар үшін)

Целью обучения учебному предмету «Русский язык» (Я2) является формирование навыков аудирования (слушания), говорения, чтения и письма в соответствии с правилами речевого этикета и нормами употребления языковых единиц в речевой деятельности, ориентированной на ситуацию общения.

Важность предмета «Русский язык» в образовательной программе определена тем, что он используется как средство межнационального общения в Республике Казахстан и играет немаловажную роль в создании полиязычного пространства.

Изучение предмета «Русский язык» способствует:

  • развитию коммуникативных навыков в устной и письменнойречи;
  • развитию связной речи (монолог, диалог,беседа);
  • развитию осознанного, правильного, беглого, выразительного чтения;- развитию творческоговоображения;
  • формированию общечеловеческихценностей.

Объем учебной нагрузки по предмету «Русский язык» (Я2) составляет:

1) в 1 классе – 2 часа в неделю, 66 часов в учебном году;

2) во 2 классе – 2 часа в неделю, 68 часов в учебном году;

3) в 3 классе – 2 часа в неделю, 68 часов в учебном году.

Положительным в обучении первому, второму и третьему языкам является введение единого речетематического режима, позволяющего расширить словарный запас, отрабатывать коммуникативные навыки в рамках интегрированной речевой тематики.

Согласно системе уровней «Общеевропейской рамки владения языками» (CEFR) в начальной школе ученики должны владеть языком на элементарном уровне А1:

  • в 1 классе уровень А1 начинающий;
  • во 2 классе уровень А1 средний;
  • в 3 классе уровень А1 продвинутый.

Таблица 59 – Примерные задания по навыкам речевой деятельности:

аудирование (слушание)

и говорение

чтение

письмо

 артикуляционные разминки;

звуковой анализ слов;

 восприятие звучащей речи, выделение из речевого потока языковых единиц (предложение, слово, слог, звук);выявление из прослушанного текста информации в соответствии с поставленной целью; составление диалога, принятие точки зрения собеседника;

 постановка вопросов и формулирование ответов на основе прослушанного текста;составление высказываний на знакомые и интересные для учеников темы;составление рассказов по личным впечатлениям, картинкам, по аналогии с прочитанным;словесное рисование/описание;пересказ знакомых историй, сказок; чтение стихотворений наизусть; донесение информации до собеседника и слушателей.

работа над лексическим значением слова;игры со словами (анаграммы, нахождение слова в слове); прогнозирование развития событий по началу текста или по заголовку;использование различных видов чтения (чтение по ролям, ознакомительное чтение, поисковое чтение, комментированное чтение, чтение для нахождения информации, чтение для высказывания точки зрения, чтение с остановками, чтение за диктором);игра «в прятки» (ведущий начинает читать текст с любого места, не с начала, ученикам  необходимо найти место, которое читает ведущий, и следить за чтением);

составление карты рассказа.

 

освоение зрительно-двигательных образов письменных букв и видов их соединений в слогах, сочетаниях, словах;звукобуквенный анализ слов и анализ предложений с последующей записью;

  1. предоставление информации в форме рисунков и диаграмм;

списывание слов, предложений, текстов с печатного образца;восстановление деформированного предложения, текста;

письмо литературному герою;составление текста по опорным словам; письмо по памяти; запись нескольких предложений к серии картинок (подписывание картинок) как пересказ прочитанной истории;

корректирование собственных текстов с помощью учителя.

 

Суммативное оценивание по предмету предполагает проведение конкретного количества процедур суммативного оценивания (СОР) и за четверть (СОЧ) 1 раз в каждой четверти. Суммативное оценивание по предмету в 1 классе проводится с третьей четверти. Ниже представлено количество процедур суммативного оценивания за раздел/сквозную тему (таблица ххх).

Таблица 60 – Количество процедур суммативного оценивания по предмету «Русский язык» (Я2)

Класс

Количество процедур суммативного оценивания

за раздел/сквозную тему

1 четверть

2 четверть

3 четверть

4 четверть

1 класс

-

-

2*

2*

2 класс

2*

2*

2*

2*

3 класс

2*

2*

2*

2*

 

* В суммативном оценивании за раздел/сквозную тему объединяются два вида речевой деятельности (например, слушание и говорение; чтение и письмо).

По предмету «Русский язык» (Я2) осуществляется деление класса на две группы. При реализации инклюзивного образования деление класса осуществляется из расчета уменьшения общего количества учащихся на три на каждого ребенка с особыми образовательными потребностями.

Ағылшын тілі«Ағылшын тілі» оқу пәні білім алушыда өз халқының мәдениеті мен рухани құндылықтарының диалогі, ұлттық бірегейлік, азаматтылық, моральдық және сөйлеу әдебінің нормалары туралы түсінік қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Бастауыш мектептегі ағылшын тілі бағдарламасы білім алушыларға төмендегі тәсілдер арқылы тілді А1 деңгейінде меңгертуге бағытталған:

  • талдау, бағалау және шығармашылық ойлау дағдыларының дамуына ықпал ететін әртүрлітапсырмалар;
  • ауқымды жазбаша және ауызша дереккөздермен жұмысжасау.

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 66 сағатты; 2-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты; 3-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.

1-3-сыныптар үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейлері Шет тілін меңгерудегі жалпыеуропалық құзіреттілік деңгейлеріне (Common European Frameworkof Reference – CEFR) сәйкес болады.

61-кесте – Ағылшын тілін  меңгеру деңгейлері

Сыныптар

Ағылшын      тілін           меңгеру деңгейі«кірерде»

Ағылшын       тілін             меңгеру деңгейі«шығарда»

1-сынып

starter

towards А1

2-сынып

towards А1

low А1

3-сынып

Iow А1

mid А1

Білім алушылар сандар, түстер, уақыт, ауа райы, тағам, киім, жануарлар, өсімдіктер, дене мүшелері, жеке ақпараттар, отбасы, достар, мектеп, ойындар, спорт, мерекелер, салт-дәстүрлер, ғимараттар, өнер, музыка, зерттеушілер мен өнертапқыштар, мифтер ұғымдарына байланысты тақырыптарға негізделген лексиканы меңгереді.

Бастауыш мектепте ағылшын тілі дағдыларының дамуы үш тілде ортақ тақырыптарды оқу арқылы іске асады.

1-3-сынып бойынша бастауыш мектептің оқу жоспарларындағы пәнаралақ байланыс (Cross Curricular Links) әр тақырыпта көрсетілген.

62-кесте – 1-3-сыныптардың оқу бағдарламасындағы пәнаралық байланыс

Тақырыптар (Units)

Пәнаралық байланыс (Cross Curricular Links)

1-сынып

All about me

The cross curricular links in this unit are learning the colours of the rainbow and performing simple addition and subtraction operations

My school

The cross-curricular dimension in this unit relates to  links with early literacy in other subjects focusing on recognizing letter shapes as sound pictures and forming letters of regular size and shape betweenlines

My family and friends

The cross-curricular element in this unit relates to understanding and talking about kinship

The world around us

The cross-curricular links here are to aspects of geography relating to weather, seasons and types of terrain and habitat and to themes of cultural identity and international words

Travel

The cross-curricular links relate to means of transport  and stayingsafe

Tradition and folklore

The cross-curricular themes in this unit relate widely to the themes of seasonal changes, traditional masks and the fairy tale genre

Food and drink

The cross-curricular links in this unit relate to foods which go together and animal food chains

2-сынып

All about me

The      cross-curricular         focus     in    this     unit    is    different customs (greetings) in differentcountries

My family and friends

The cross-curricular elements in this unit relate to learning about script and using an alphabet code

My school

The cross-curricular elements in this unit relates to performing simple maths operations in English and talking about spaces and behaviour in school

The world around us

The cross-cultural elements in this unit are geography skills in terms of the political map and environmental awareness through the recognition of the shape and meaning of signs

Health and body

The cross-curricular elements relate to maths in measuring lengths and tabulating data and awareness of different types of sport

Tradition and Customs

The cross-curricular focus is Kazakh history and legends and cultural differences

The natural environment

The cross-curricular element relates to seasonal changes and the different types of limb that animals have

Travel

The cross curricular focus is mathematical in terms of learning the names of and spotting shapes and the  making and design of moving parts of avehicle

3-сынып

Animals

The cross-curricular elements are related to science around themes such as food chains and animal anatomy

Light & Dark

The more general topic elements relate to being afraid of the dark and what we use different kinds of lights for

Time

The cross-curricular element in this unit relates to performing simple maths operations in English relating to conceptions of time

Buildings

The cross-curricular elements relate to the use of lines and shapes in design

Art & Music

The cross-curricular themes are instruments in music, and perspective and design in art

Explorers & Inventors

The contexts here are both cross-curricular (history), such as looking at stages in man going into space, steps in the invention and design of the bicycle, and Marco Polo and the development of the Silk Road

Water, water everywhere

The cross curricular dimension relates to understanding about the water cycle and different types of animal and plant life in and around the sea

Having fun

The cross-curricular elements relate to performing number maths operations and the principles of getting and keeping a kite in the air

1-3-сыныптарға арналған оқу жоспары бойынша сабақтарды жоспарлауға ұсынымдар:
  1. сабақта ұсақ моториканы дамытуға байланысты ойындар, әндер, санамақтар, ұйқастырмалардықолдану;
  2. білім алушылардың оқу тапсырмаларын орындауда ынталандыру, білім алушыларды әртүрлі мадақтау түрлерін және қолдау тәсілдерін пайдалану арқылы  қолайлы ортақұру;
  3. бастауыш сынып білім алушыларының психологиялық және жас ерекшеліктерін (жоғары эмоционалдылық, қозғалғыштық, сезімталдық, шаршағыштық) ескере отырып, оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын ойластыру;
  4. бастапқы кезеңде қателесу білім беру процесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, білім алушылардың қателерін түзетпеу. Коммуникативті құзіреттілікті меңгерудің негізгі шартының бірі оқушының білім беру  процесіне белсенді қатысуы болыптабылады;
  5. білім алушыларға сабақта таныс сөздерді, фразаларды және нұсқауларды ағылшын тілінде жиі қолдану қажет, бұл білім алушылардың үй тапсырмаларын орындаған кезінде сөздер мен фразаларды тиімді есте сақтауға және тануына мүмкіндікбереді;
  6. өз сөзін модельдеу, тиісті интонацияны, дауысты, айтылуы және ым- ишараларды пайдалана отырып, сөздер мен фразаларды баяу және анықайту;
  7. мимиканы, эмоцияны, ым-ишараны, түрлі-түсті көрнекі құралдарды белсенді пайдалану (суреттер, ойыншықтар, постерлер), себебі олар білім алушылардың назарын жаңа сөздерді үйрену процесінде тиімді шоғырландырады;
  8. білім алушылардың қызығушылығын арттыру және жұмыс нәтижелерін көрсету, өтілген материалды бекіту мақсатында сыныптағы арнайы бөлінген орынға («сөйлейтін қабырға», көрме және т.б.) білім алушылардың  жұмыстарын орналастыру және жаңартыпотыру.

9) іздестіру, өңдеу, тазарту, ақпараттықжасаужәнеұсыну, ақпаратжәнеидеяалмасусияқтыАКТ-ғанегізделгендағдылардықолдануғаықпалету;

  1. әр сабақта қысқа аудио және бейне материалдарды, логикалық ойлауды дамытуға арналған тапсырмаларды және өткен тақырыптар бойынша флэш карталар мен басқа да көрнекі құралдарды қолдана отырып, қысқаша театрландырылған көрсетілімдерді үнемі қолдану.

Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша (БЖБ) және тоқсан бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны әр тоқсанда 1 рет өткізіледі. 1-сыныптапән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсанда өткізіледі. Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны (ххх-кесте).

63-кесте – «Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

Сыныптар

Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша

жиынтық  бағалау рәсімдерінің саны

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

1-сынып

-

-

2*

2*

2-сынып

2*

2*

2*

2*

3-сынып

2*

2*

2*

2*

*Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледіі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)

Мектептің шешімімен «Ағылшын тілі» пәні бойынша сыныпты екі топқа бөлу жүзеге асырылады. Инклюзивті білім беруде сыныпты топтарға бөлу білім алушылардың жалпы саныныңкему есебінен әрбір үш баланың ерекше білім беру қажеттіліктеріне қарай жүзеге асырылады.

«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ

Математика

«Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны «Математика» және «Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар» пәндері арқылы жүзеге асырылады.

«Математика» оқу пәні ретінде бастауыш білім берудің маңызды мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда елеулі үлес қосады. Математика бойынша бастапқы білім сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Бастауыш сынып білім алушылары математика курсын игере отырып, талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады.

«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 1-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 132 сағат;
  2. 2-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат;

2) 3-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағатты құрайды.

«Математика» пәні бойынша мұғалім алдын ала дайындалған критерийлер мен дескрипторлар бойынша әр түрлі қосымша тапсырмалар мен жұмыстарды жүргізе алады.

64-кесте – Жұмыс түрлері мен критерийлері

Жұмыс түрлері

Критерийлер/дескрипторлар

1

Берілген мәліметтері жетіспейтін есептерді шешу

Білім алушылар сандары,  шарты мен сұрағы бар есептердің шығару жолдарын жақсы түсіну үшін оларға жетіспейтін мәліметтері бар есептерді ұсынуға болады.

- мәліметтері толық емес есептерді ажырата біледі;

- есепті жетіспейтін мәліметпен толықтыра алады;

- жазбаны нақты мәліметтермен толықтыра алады

2

Артық мәліметтер берілген есептерді шешу

Білім алушылар сандары,  шарты мен сұрағы бар есептердің шығару жолдарын жақсы түсіну үшін оларға артық мәліметтері бар есептерді ұсынуға болады.

  • артық  мәліметтері бар есептерді ажырата алады;
  • есептің  шартын өзгерте және дәлелдей алады;
  • бақылай, салыстыра және қорытынды шығара алады

3

Графикалық модельдеу

Графикалық модель – сюжеттік есептің сызбасы, ол білім алушыларға есеп шартында берілген абстрактілі қатынастарды нақты кеңістіктік формада түсінуіне көмектеседі.

  • есеп мәтінін сызбамен келтіре алады;
  • есеп мәтінін және оған сай келетін сызбаны сәйкестендіре алады;
  • есептің берілгендерімен модельді толтыра алады;
  • сызба бойынша есеп құрастыра алады

4

Заңдылықтарды табу және өзінің заңдылықтарын жасауға арналған шығармашылық тапсырмалар. Математикалық заңдылық – бұл белгілі бір ереже. Осы ереже бойынша элементтердің сандық, пішіндік немесе басқа да қатарында белгілі бір сәйкес тәртіппен элементтердің немесе олардың қасиеттерінің қайталануы немесе өзгеруі болып табылады.

  • заңдылық – бұл белгілі бір ереже, іздеу екенін біледі;

- элементтері/заттар белгілі бір ереже бойынша орналасқанын түсінеді;

- топтастыра және қорытынды жасай алады.

Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша (БЖБ) және тоқсан бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны әр тоқсанда 1 рет өткізіледі. 1-сыныптапән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсанда өткізіледі. Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
(64-кесте).

65-кесте – «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

Сыныптар

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша

жиынтық  бағалау рәсімдерінің саны

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

1 сынып

-

-

3

3

2 сынып

3

3

3

3

3 сынып

3

3

3

3

Ақпараттық-комуникациялық технологиялар (АКТ)
2018-2019 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап жаңа «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (АКТ) пәні республиканың жалпы білім беретін мектептерінің 3-сыныптарына енгізіледі. 
Бастауыш сыныпта «АКТ» пәнін оқыту негізгі мектепте информатиканың базалық курсын меңгертудің пропедевтикасын қамтамасыз етеді.
Ақпараттық технологиялар әр түрлі білім беру салаларын кіріктіру үшін ресурстарды және техникалық құралдарды ұсына отырып, басқа оқу пәндерін оқытуда жаңа құралға айналып отыр.
«АКТ» пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды оқуда және күнделікті өмірде тиімді қолдану үшін қазіргі ақпараттық технологиялардың базалық білімімен, білік және жұмыс жасау дағдыларымен қамтамасыз ету болып табылады.
 

Негізгі  міндеттер:

1) компьютер туралы алғашқы ұғымдар, қазіргі заманауи цифрлық технологиялар және олардың қоғам өміріндегі алатын рөлі туралы білім алушыларға мәлімет  беру;

2) ақпараттық-комуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ақпаратты іздеу, жинақтау, өндеу, сақтау және әр түрлі формаларда жіберу дағдыларын қалыптастыру;

3) әр түрлі бағдарламалық қосымшаларды пайдалана отырып, білім алушылардың идеяларын ұсынуға мүмкіндік беру;

4) бір-бірімен сөйлесу, ақпарат алмасу және бірлесе жұмыс істеу мақсатында АКТ құралдарын пайдалануға әрекет жасау;

5) білім алушыларды авторлық құқықтарды сыйлауды және компьютермен жұмыс істеу барысында  техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету.

«Ақпараттық-комуникациялық технологиялар» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

3-сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

«АКТ» пәні бойынша оқыту процесінде қолданылатын әдістер мен тәсілдер мынадай:

  • ойын түрінде оқыту;
  • «компьютерсіз» оқыту;
  •  «АКТ» құралдары қолданылатыншығармашылық тапсырмалар;
  • шағын жобалар.

Келесі тақырыптар бойынша:«Астана бойынша виртуалды экскурсия», «Интернеттегі ауарайын болжау», «Мультимедиялық тарих», «Суреттер тарихынан тұратын шығарма, фотосуреттер, аудио жазбалар, видео, анимация, мультфильм және т.б. жобаларды өткізу ұсынылады.

Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша (БЖБ) және тоқсан бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны әр тоқсанда 1 рет өткізіледі. 1-сыныптапән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсанда өткізіледі.

66-кесте – Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны.

Сынып

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша

жиынтық  бағалау рәсімдерінің саны

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

3 сынып

2

2

2

2

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша сыныпты екі топқа бөлу мүмкін. Инклюзивті білім беруде сыныпты топтарға бөлу, білім алушылар жалпы санының кему есебінен әрбір үш баланың ерекше білім беру қажеттіліктеріне қарай жүзеге асырылады.

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ

«Жаратылыстану» білім саласының мазмұнында «Жаратылыстану» пәні ұсынылады.

«Жаратылыстану»

«Жаратылыстану» пәнінің мазмұны «Адам – Табиғат» ғылыми білім жүйесі аясында қарапайым деңгейді қамтамасыз етеді.

Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру қоршаған әлемнің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын; жанды және жансыз табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін; жаратылыстану- ғылыми білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын; алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысын түсінуге бағытталған.

«Жаратылыстану» оқу пәні пропедевтикалық курсымен оқу пәндерінің «Биология», «Физика», «География» және «Химия» пәндерінен білім беруден кейінгі деңгейлерде, сондай-ақ негізгі зерттеу дағдыларын қалайды, кез келген сала үшін маңызды болып табылады.

«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 33сағатты, 2-сыныпта – аптасына 1 сағаттагн, оқу жылында – 34 сағатты, 3-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.

Ұзақ мерзімді жоспардың «Жанды табиғат», «Заттар және олардың қасиеттері», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы» бөлімдерінің әрқайсысы «Мен – зерттеушімін» бөлімше мақсаттарымен кіріктірілген, ол білім алушылардың білік және дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.

«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту және мақсаттарын іске асыру кезінде экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне, денсаулық сақтау технологияларына, зілзалалардың қауіп-қатерін азайту мен қауіпсіз ортаны құру мәселелеріне ерекше назар аударылуы тиіс.

«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту барысында әр тоқсанда жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны  қарастырылған.

67-кесте – «Жаратылыстану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

 

Сыныптар

Жиынтық  бағалаудың рәсімдері

І

тоқсандағы ЖБ саны

ІІ

тоқсандағы ЖБ саны

ІІІ

тоқсандағы ЖБ саны

ІV

тоқсандағы

ЖБ саны

1-сынып

-

-

2

2

2-сынып

2

2

2

2

2-сынып

2

2

2

2

«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ

«Адам және қоғам» білім беру саласының мазмұны «Дүниетану» және «Өзін-өзі тану» пәндері арқылы беріледі.

«Дүниетану»

«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған.

Бұл оқу пәні негізгі және жоғары мектепте қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар циклі пәндерінің негізін қалай отырып, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пропедевтикалықпән.

Ол Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік, моральдық, шығармашылық және коммуникативтік өмірінің жалпы бейнесін көрсетеді, өзі, үйі, отбасы мәселелері негізінде оқушылардың қоршаған орта туралы түсініктерін дамытуға ықпал етеді.

«Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:1-сыныпта – аптасына1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34сағат; 3-сыныпта – аптасына –1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

«Дүниетану» пәні бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігі қалыптастырушы бағалау шеңберінде сұрақ-жауап нәтижелері, бақылау жұмыстарының, тест тапсырмалары, практикалық жұмыстар мен диктанттар нәтижелері бойынша кері байланыс беру және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті форматтағы сабақты құру мақсатында, сонымен қатар, рәсімдер саны нақты анықталынған жиынтық бағалау шеңберінде бағаланады және сынып журналына балл қою қарастырылады.

Мұғалім дүниетану сабақтарында пән бойынша қосымша жұмыс түрлерін өткізе алады. Өткізу мерзімі мен жұмыс түрлерін мұғалімнің өзі анықтайды. Төменде ұсыным ретінде критерийлері бар жұмыстардың түрлерікөрсетілген
(68-кесте).

68-кесте – Пән бойынша қосымша жұмыс түрлері

Жұмыс түрлері

Критерийлер/Дескрипторлар

1

 «Сөздері кестеге бөлу»

 №

Бұл жануарға тән (мұны жануарлар ғана жасай алады)

Бұл адамға және жануарға тән (мұны адам да және жануар да жасай алады)

Бұл адамға тән (мұны адам ғана жасай алады)

1

 

 

 

2

 

 

 

Іріктелген сөздер жиынтығын көмек ретінде беруге болады: тыныс алу, қозғалу, ойлау, жасау, тамақтану, ұрпағына қамқорлық жасау, түрлі машиналарды ойлап табу, сурет салу, әуен шығару,олжасыныңізін аңду, ұзақ ұйқыға кету,азық табу, өсімдіктер өсіру, жануарларды асырау.

  • жануарларға не тән екенін біле алады;
  • адамға және жануарға не тән екенін біле алады;
  • адамға не тән екенін біле алады

 

 

2

«Өсімдікті таны»

Білім алушылар өсімдіктер туралы сипаттау мәтінін оқиды немесе тыңдайды.

- Мына өсімдіктіатаңыз.

- Адамдар оны қалай пайдаланады?

- өсімдіктің атауын сипаты бойынша анықтайды;

- бұл өсімдіктіңне үшін қолданылатынын біледі

3

«Жедел жәрдем» ойыны. Мысалы,

- Жараларды емдеу үшін қандай өсімдіктер пайдаланылады? (алоэ, түймедақ, жолжелкен, орамжапырақ...)

- Қызуды басу үшінқандай өсімдіктерпайдаланылады?(таңқурай, лимон)

- Жүрек ұстамасы кезінде қандай өсімдік пайдаланылады? (валериан.)

-Қандай шөптің көмегімен қалай күн соққысынан құтылуға болады? (басқа түйежапырақты қою керек)

- Көруді жақсарту үшін қандай жемістерді адамдар тұтыну керек? (сәбіз, қаражидек.)

- Қай гүлдің тұнбасына шаш жуғанда сары түс береді?Оларды атаңыз. (гүл, түймедақ.)

- жараларды емдеу үшін қандай өсімдіктердің қолданылатынын біледі;

- қызуды басатын дәрі ретінде қандай өсімдіктерпайдаланылатынын біледі;

- жүрек ұстамасы кезінде қандай өсімдікті қолданатынын біледі;

- қандай шөптің көмегімен күн соққысынан сақтануға болатынын біледі;

- адамдар көруді жақсарту үшін қандай жемістерді тұтынатынын біледі;

- қандай шөптің тұнбасына жуылған шаштың түсісары түсті болатынын біледі

4

«Орман тыңшылары» ойыны

Балалар орманда болған төтенше оқиғаларды, табиғаттағы кез келген өзгерісті (ағаштардың кесілуі, сүйікті алаңындағы көп гүлдердің жұлынуы, бұлақтың ластануы) зерттеп, тексеру жүргізеді.

- оқиғалар тізбегін құра алады;

- өз тұжырымдарын жасай алады;

- табиғатты қорғау туралы біледі

5

«Құстар асханасы»

Жобаның мақсаты –мектеп немесе үйдің ауласындақұстардың тұрақты «асханасын» жасау және  ұйымдастыру. Жобаның бірінші кезеңі – құстарғаарналған үйшіктерді дайындау бойынша әдебиеттерді зерделеу, тәжірибе алмасу, жем жинау. Жобаның екінші кезеңі – дайындалған үйшіктердің көрмесі.Жобаның үшінші кезеңі– «асхананың»  салтанатты ашылуы (презентация)

- құстардың үйшігітуралы ақпаратпен жұмыс жасай алады;

- үйшікті жасайалады;

- үйшікті таныстыра біледі

6

«Мен өзенді қорғаймын» экологиялық міндеті

Төменгі жағын үнемі су шайып жататын жарды немесе жағалауды қалай бекітуге болатыны туралы  ұсыныстарыңызды айтып көріңіз.

- өзенді құтқару үшін өсімдіктер тамырының

пайдаланылатынын біледі;

- өсімдіктің белгілі бір түрін (тамырымықты өсімдіктер) пайдалану керектігін дәлелдей алады;

- қандай өсімдіктіңсол жерде жақсы жерсінетінін біледі;

- өз жауабын түсіндіре біледі

7

«Жасыл досқа» хат

Мұғалім білім алушыларды белгілі бір жағдаятпен таныстырады. Балаларға хат жазуды, мысалы, ағашқа хат жазуды ұсынады. Жұмыс шағын шығарма түрінде (ойын элементтерінің болғаны жақсы) жүргізілуі мүмкін: конверткехат салынып, суреттермен толтырылады, мекенжайы толтырылады.

- қандай да бір жағдаятқа ене алады;

- хат жаза біледі

8

«Экологиялық мамандық»коллажы

Жобаның бірінші кезеңі – экологиялық мамандықтар деп санауға болатын мамандық түрлері (орман шаруашылығының, қорықтардың қызметкерлері, экологиялық қызмет, көгалдандыру қызметкерлері, хайуанаттар бағының қызметкерлері, дәрігер, жүргізуші, ғарышкер, аула тазалаушы, бағбан, зертханашы және т. б.)туралы білу. Балалар осы мамандықтар туралы материал жинайды. Жобаның екінші кезеңі мамандықты қорғау болып табылады. Бұл кезде білім алушыларосы мамандықтар туралы әңгімелейді, фактілер келтіреді, суреттер, плакаттар, фотосуреттер көрсетеді, сюжеттерді ойнап көрсетеді.

- экологиялық мамандықтар туралы ақпарат жинай алады;

- осы мамандықтыңтаныстырылымын жасай біледі

9

Табиғаттың «Шағым кітабы».

Білімалушылар «Шағым кітабына» туған өлкесінің аумағында өсетін өсімдіктер мен тіршілік ететін жануарлардан келіп түсетіншағымдарды жазады.

Жобаның бірінші кезеңі – қоршаған ортаның (жануарлар, өсімдіктер)жағдайын бақылау мақсатында экскурсия жасау, қосымша ғылыми әдебиеттерді зерделеу.

Жобаның екінші кезеңі – өсімдіктер мен жануарлар атынан шағымдарды сипаттау әңгімесін жазу.

Түскен шағымдарды талқылау және оларға жауап беру.

Үшінші кезең – материалдарды безендіру, балалардың шығармашылық жұмыстары мен суреттері орналастырылған кітап жасау.

- экскурсияда көргендерін салыстыра біледі;

- қосымша әдебиеттермен жұмыс жасай алады;

- өсімдіктер мен жануарлар атынанәңгіме жаза алады;

- өзінің шағын кітапшасын жасай алады

10

Экологиялық жағдаят

Жерге тасталынған банан қабығыбіздің климатта  шамамен2 жылда ыдырайды.

Пластикалық пакет шамамен 96 жылға ұзағырақ уақыттаыдырайды. Пакеттің ыдырауына, шіруіне неше жыл қажет?

- пакеттіңшіруіне неше жыл қажет екенін біледі;

- табиғатты қорғау жөніндебіледі

Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша (БЖБ) және тоқсан бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны әр тоқсанда 1 рет өткізіледі. 1-сыныптапән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсанда өткізіледі. Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны (69-кесте).

69-кесте – «Дүниетану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

Сынып

Жиынтық бағалау рәсімдері

І тоқсандағы ЖБ саны

ІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІV тоқсандағы ЖБ саны

1-сынып

-

-

2

2

2-сынып

2

2

2

2

3-сынып

2

2

2

2

Өзін-өзі тану

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу процеснің негізгі мақсаты:

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу процесінің басты міндеті:

1) әрбір адамның табиғатына берілген жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындау;

2) қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің практикалық дағдыларын, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыру;

3) адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысы ескерілген оқушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, адамгершілік мінез-құлық негіздерін қалыптастыру.

Пәннің негізгі базалық мазмұны бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып төмендегі тарауларда ашылады:

1)«Ғасырлар даналығы»;

2)«Тату отбасы»;

3)«Адам болам десеңіз»;

4) «Қандай ғажап әлем!».

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу жүктемесінің  көлемі: 1-3-сыныптарда – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

1-сынып

Тараулардың атауы

Сабақ реті

Сабақтардың тақырыбы

Ғасырлар даналығы

1-2

Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!

3-4

Тәртіп пен парыз

5-6

Өзіңмен үйлесімдіөмір сүру!

7-8

Сүйіспеншілік сый талап етпейді

Тату отбасы

 

9-10

Менің үйім

11-12

Менің достарым

13-14

Бір-бірімізге көмектесеміз

15-16

Алғыс айту – игілік сыйлау!

Адам болам десеңіз

 

17-18

Жақсылық жолымен жүреміз

19-20

Қарым-қатынас әліппесі

21-22

Көңіл күй шаттығы

23-24

Менің Отаным

Қандай ғажап бұл әлем!

25-26

Туған табиғат

27-28

Денсаулыққа апарар жол

29-30

Әрдайым көмектес, ешқашан зиян келтірме

31-32

Жер – ортақ үйіміз

33-34

Балалық шақ мейрамы

2-сынып

Тараулардың атауы

Сабақ реті

Сабақтардың тақырыбы

Ғасырлар даналығы

 

1-2

Ұлы Абайдың даналығы

3-4

ГХ. Андерсеннің дана ертегілері

5-6

Білім – өмір шырағы

7-8

Мектеп – біздің ортақ үйіміз

Тату отбасы

9-10

Өзіңді жақсылықпен таразыла

11-12

Адам жақсы ісімен көрікті

13-14

Адал және ақкөңіл болу

15-16

Салауатты отбасы

 Адам болам десеңіз

17-18

Өзіңді және басқаларды құрметтеуді үйренеміз

19-20

Кешіре білуді үйренеміз

21-22

Дос болуды үйренеміз

23-24

Жақсы көруді үйренеміз

Қандай ғажап бұл әлем!

25-26

Біз өсіп жатқан өлке

27-28

Туған өлкенің табиғатын сақтауды үйренеміз

29-30

Біз өмір сүріп жатқан ел

31-32

Әсемдік әлемінде

33-34

Балалық шақ мейрамы

3-сынып

Тараулардың атауы

Сабақ реті

Сабақтардың тақырыбы

 Ғасырлар даналығы

1-2

Жалпыадамзаттық құндылықтарды зерделейміз

3-4

Халықтың мәдени мұрасы

5-6

Кітап – білім көзі

7-8

Оқу – менің еңбегім

 Тату отбасы

9-10

Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті

11-12

Бастаулардың бастауы

13-14

Өзіңді және басқаларды түсіне білу

15-16

Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады

 Адам болам десеңіз

 

17-18

Ақкөңілділік және оптимизм

19-20

Ақниеттілік туралы

21-22

Жомарттық пен кеңпейілділік

23-24

Өз еліңнің патриоты болу

Қандай ғажап бұл әлем!

25-26

Сүйіспеншілік пен жақсылық жолы

27-28

Табиғатпен үйлесім

29-30

Денсаулық сыры

31-32

Жер – біздің ортақ үйіміз

33-34

Балалық шақ мейрамы

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім алушыларға жиынтық бағалау өткізілмейді. Жартыжылдықтың және оқу жылының соңында «есептелінді»/ «есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады.

1-3-сынып білім алушыларының білім сапасын бағалау 1-4-сыныптарға арналған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағыбілім берудің үлгілік оқу бағдарламасында ұсынылған білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізінде жүргізіледі. Білім алушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар пән бойынша «сынақ» қою критерийі бола алады.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша сыныпты екі топқа бөлу мүмкін. Инклюзивті білім беруде сыныпты топтарға бөлу білім алушылардың жалпы санының кему есебінен ерекше білім беру қажеттіліктері барәрбір үш балаға қарай іске асырылады.

«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР» БІЛІМСАЛАСЫ

«Технология және өнер» білім саласының мазмұнына «Көркем еңбек» және «Музыка» пәндері енгізіледі.

Музыка

«Музыка» пәні адам өмірінің, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің бөлігі ретінде білім алушылардың музыкаға деген құндылықтық қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған.

«Музыка» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың музыка бойынша негізгі білімі мен біліктерін, музыкалық іс-әрекеттерде шығармашылықпен өз ойын жеткізу және қарым-қатынас жасау тәсілдерін меңгеру, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің адамгершілік-эстетикалық құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту болыптабылады.

«Музыка» пәні бойынша оқу жүктемесінің  көлемі: 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат; 2-сыныпта  – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 3-сыныпта  – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

«Музыка» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері оқушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып саналады.

«Музыка» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. Жартыжылдық және оқу жылының соңында «Музыка» пәнін оқыту нәтижесі бойынша «есептелінді»/«есептелінген жоқ» қойылады. Алынған нәтижелер («есептелінді»/«есептелінген жоқ») сынып журналына қойылады.

Көркем еңбек

«Көркем еңбек»–«Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» сияқты оқу пәндерін біріктіретінкіріктірілген пән.

«Көркем еңбек» пәні әртүрлі шығармашылық әрекеттің түрлері барысында көркем-технологиялық білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

«Көркем еңбек» пәнін оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік-бейнелік ойлауын, көркемдік-технологиялық білімінің негізін қалыптастыру.

«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат; 2-сыныпта  – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат, 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

Түрлі материалдармен жұмыс істеу білім алушылардың технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, қиялы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіреді.

Оқу бағдарламасының мазмұны көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттің алуан түрін қарастырады. Сабақта іске асырылатын көркемдік іс-әрекеттің түрлерін «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі анықтайды. Сонымен бірге міндетті түрде қөркемдік іс-әрекеттің негізгі үш түрі жүзеге асырылады:

  • конструктивті;
  • бейнелеу;
  • сәндік.

«Көркем еңбек» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері білім алушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып саналады.

«Көркем еңбек» пәні бойынша жартыжылдық соңында және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына  қойылады.

Оқу процесінде әр түрлі жұмыстарды орындау барысында еңбек гигиенасының және қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажет.

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ

«Дене шынықтыру» білім саласының мазмұнына«Дене шынықтыру»пәні енгізілген.

Дене шынықтыру

Дене шынықтыруды оқытудың мақсаты денені салауатты шынықтыруға, спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен дене бітімі қабілеттерін меңгеруге бағытталған дене шынықтырудың негіздерін қалыптастыру болып табылады.

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына: 1-сыныпта 3 сағаттан, оқу жылында 99 сағатты; 2-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты; 3-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.

Дене шынықтыру мұғалімдері білім алушы организмінің анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктеріне (жетілуіне) сәйкес өздерінің педагогикалық тәсілдерін бақылауы және өзгертуі тиіс.

Пән бойынша бағдарламаның әрбір үшінші сағаты білім алушылардың қозғалыс белсенділігін (спорттық және қозғалыс ойындарының санын арттыру есебінен) және сауықтыру процесін арттыруға бағытталған.

Оқу бағдарламасында қарастырылған шаңғы/коньки/кросс дайындығы сабақтары өңірлердің климаттық жағдайларына сәйкес өзара алмастырылады.

Мұғалімнің әр сабақ сайын жүргізетін бақылау жұмыстары жүйелі түрде іске асырылады және білім алушының тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындап жатқандарын түсінуге, олардың білім алу траекторияларына түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

«Есептелінді» және «есептелінген жоқ» деген сынақ қойған кезде критериалды бағалау қағидасына сүйену керек. Яғни, білім алушы «есептелінді» деген сынақ алу үшін сабаққа қатысып қана қоймай, дене дамуы бойынша білім мен біліктілік негіздерін игеруі керек.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан соңында және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына  қойылады.

4.1 5-8-СЫНЫПТАРДА ЖАҢАРТЫЛҒАНБІЛІММАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ

«Тіл және әдебиет» білім саласына «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті», «Ана тілі», «Ұйғыр/Өзбек/Тәжік әдебиеті», «Шет тілі» оқу пәндері және «Абайтану» курсы кіреді.

Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)

Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер

2018-2019 оқу жылында «Қазақ тілі» пәні бойынша 5-8-сыныптар жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларымен оқитын болады.

Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін басшылыққа алып жасалған.

Дәл бүгінгі таңда жаһандану дәуірінің ұлттық құндылықтарға төндіріп тұрған қаупі үнемі қаперде болуы ескеріліп, бүкіл ұлттық құндылықтардың ұйытқысы қазақ тілін оқытуда басшылыққа алынған тенденциялар, оларды жүзеге асыру жолдары мен тірек қағидалары мыналар:

 
  1. қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау;
  2. тілді оқытуды белгілі бір пәндік дағдыларға емес, білім алушының тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау;
  3. тілдік білім мен біліктерді ХХІ ғасыр адамының бойында сөйлеу ЖӘНЕойлау мәдениетін және адамгершілік мәдениетті қатар дамытуға, қарым-қатынас мәдениетін бейімдеп, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру;
  4. тілді ұлт болашағының мәдени иммунитетін қалыптастырудың тетігі ретінде оқыту. Тілге деген жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелеуге жаңа прагматикалық көзқарас тұрғысынан келу, тілді оқытудың құндылықтық бағдарын сабақ барысында күшейту.

«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы функционалдық-коммуникативтік бағытқа негізделіп құрастырылды. Ол оқушылардың тіл туралы түсініктерін тереңдетіп, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтеді.

Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары/Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары. Қазақ тілі).

Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:

5 - 8-сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.

Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын шығармалар, тілдік дағдылар бойынша күтілетін нәтижелер оқыту мақсаттары түрінде нақты көрсетілді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

2) 6-сынып – аптасына ат;

3) 7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

4) 8-сынып – аптасына атты құрайды.

«Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – жалпы білім беретін негізгі мектептерде ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру және қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.

«Қазақ тілі» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның қолданыстағы бағдарламадан ерекшелігі қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, төрт дағдыға негізделген:

  1. тыңдалым жәнеайтылым;
  2. оқылым;
  3. жазылым;
  4. әдеби тіл нормаларынсақтау.

«Тыңдалым және айтылым» бөлімі оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:

- берілген ақпаратты түсіну;

- негізгі идеяны және түрлі жағдайлар тұрғысынан мәтіндегі көптеген көзқарастарды анықтау;

- тыңдалған материалға жауап беру;

- жасырын мәтінді анықтау, болжау;

- қоғамдық және іскерлік жағдайлардағы тіл мәдениетін түсіну және іске асыру;

- тыңдаушылардың назарын аудару үшін әдеби тәсілдерді пайдалану;

- тыңдалған материалды бағамдау;

- мультимедиа ресурстарын пайдалана отырып, сөйлеу және тыңдау.

«Оқылым» бойынша:

- жазбаша ақпаратты түсіну;

- мәтіннің негізгі идеясы мен құрылымын анықтау;

- мәтіндегі лексиканың ерекшеліктерін түсіну;

- сұрақтарды тұжырымдау және бағамдау;

- мәтіннің түрлері мен стилін анықтау;

- әртүрлі оқылым стратегияларын пайдалану;

- түрлі ақпарат көздерінен қажетті ақпаратты алу;

- мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау.

«Жазылым» бойынша:

- өз көзқарасын білдіре отырып мәтін жазу;

- тиісті стильді пайдалана отырып, алуан түрлі тақырып бойынша мәтін жазу;

- жоспар құру;

- өзіндік стильде мәтін құру;

- тыңдалым, оқылым және аудиовизуалды материалдар негізінде шығармашылық жұмыс жазу;

- түрлі жанрда мәтін құру;

- мәтіндерді салыстыру;

- мәтіндерді түзету және түрлендіру;

- оқырманның қызығушылығын оятып, сендіріп жазу;

- эссе жазу.

«Әдеби тіл нормаларын сақтау» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:

- орфографиялық норма;

- орфоэпиялық норма;

- лексикалық норма;

- грамматикалық норма;

- пунктуациялық норма.

Оқыту мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары туралы өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады және олардың жүйесі бірізді, оңайдан қиынға қарай, шиыршық принципі сақталып жасалған.

Оқу мақсаттарымен жұмыс жүргізу жолдары:

  • оқу жоспарында көрсетілген оқыту мақсаттары оқушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік дағдыларын сенімді қалыптастыруға, сол негізде сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталған;
  • мұғалім сабақ жоспарын құруда лексикалық тақырыпты басшылыққа ала отырып, сынып деңгейіне, тақырып қажеттілігіне қарай бір академиялық сағатта бір немесе екі коммуникативтік әрекетті негіз етіп алады, ал басқа коммуникативтік әрекеттер жанама түрде қолданыла береді. (Мысалы, тыңдалым/ айтылым, оқылым/ жазылым);
  • әрбір әрекет бірнеше оқу мақсаттары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сабақ жоспарын құру барысында коммуникативтік әрекеттің барлық түрін бір деңгейде қатар алмаған дұрыс. Олардың бірі не екеуі негізгі болса, қалған екеуі жанама түрде дамытыла береді. Мұғалім орта мерзімді жоспарда ұсынылған лексикалық тақырыпқа бөлінген оқу мақсаттарының орын тәртібін сабақ түрі мен әдістерінің қажеттілігіне қарай өзгерте алады.

Бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді.

«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай қызықты болатын, өмірмен байланысты лексикалық тақырыптар ұсынылды. Мысалы, «Ғарышты игеру», «Қызыл кітапқа енген жануарлар», «Энергия ресурстары» , «Туризм. Экотуризм», «Театр», «Заң» бөлімдеріне қатысты лексикалық тақырыптар оқушының белсенді сөздік қорын байытуға, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алуға, өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама мазмұнына түрлі санаттағы мәтіндермен жұмыс істеу түрлері енгізілді. Мысалы, оқылымның «Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану» оқу мақсатын жүзеге асыру үшін 5-сынып оқушылары ауызекі сөйлеу және жазба стильдегі мәтіндердің айырмашылықтарын таныса, одан жоғары сыныптарда әртүрлі стильдегі мәтіндердің тілдік құралдарын анықтайды. Оқу мақсаттарын жүйелі түрде жүзеге асырудың нәтижесінде оқушылардың мәтінді талдау дағдысы қалыптасады. Білім алушы табиғат пен қоршаған ортаны тануда, күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесіп қалатын табиғи құбылыстардың сырын ашуда, ой бөлісуде, пікір алмасуда тілді құрал ретінде пайдаланып, грамматикалық заңдылықтар мен формаларды дұрыс қолдана білуге үйренеді. Білім алушылар грамматиканы дәстүрлі «жаттанды» әдіспен емес, өмірмен байланысты мәнмәтінде меңгереді. Ол оқу бағдарламасында сөйлеу әрекеті түрлері бөлімінен бөлек «Әдеби тіл нормасы» бөлімінде көрініс табады.

Грамматика бөлек қарастырылмай, лексикалық тақырыптар аясында әдеби тілдік норма арқылы функционалдық-коммуникативтік мәнмәтінде оқытуға бағытталған. Грамматикалық бірліктердің мәтінді құруға қатысуда қандай функционалдық мағыналық қызмет атқарғанын таныту міндеті жүктеледі.

Мәтінді оқыту кезеңдері:

Мәтіналды (тыңдалым, оқылымалды) тапсырма:мәтін тақырыбын ашуға бағытталған тапсырмалар, ой шақыру, сөздерді алдын-ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою, т.б.

Мәтінмен жұмыс тапсырмалары:әртүрлі оқылым/тыңдалым дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар (сұрақтар). Алғашқы тапсырмалар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі жаттығулар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.

Мәтіннен кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалуы керек.

«Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасы оқушысына қазақ тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құратудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін меңгертуді көздейді.

Күнделікті сабақ жоспарын құруда назар аударатын мәселелер:

  1. ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген оқу мақсаттары арқылы оқушылардың тілдік дағдылары дамытылып, жетілдіріліп отырады және тарау аяқталған соң сол дағдылар бойынша бағаланады;
  2. мұғалім сынып ерекшелігін ескере отырып, бір тарау барысында оқу мақсаттарының ретін, оларға ұсынылатын сағат санын өзі таңдап жоспарлай алады және мектеп журналына белгілі бір тарау бойынша ұсынылған тақырыпшаларды жазған дұрыс;
  3. бір сабаққа таңдалатын оқу мақсатының саны 1-3 аралығында болуы қажет, үштен артық мақсат таңдалса оқушыға қиын тиеді және оны жүзеге асыру мүмкін болмайды;
  4. қалыптастырушы және жиынтық бағалау оқу мақсаттарында көрсетілген дағдылар бойынша жүзеге асады;
  5. күрделі деп танылған оқу мақсаттарын мұғалім сабақ мақсатына қарай бейімдейді және бірнеше бөлікке бөліп, бірнеше сабаққа жоспарлай алады;
  6. бір сабақта сөйлеу әрекетінің бір немесе екі түрі ғана таңдалады. Егер сөйлеу әрекетінің екі түрін таңдаған кезде рецептивті (тыңдалым, оқылым) продуктивті дағдыға шығып отыруы қажет. Яғни оқушы тыңдаған не оқыған материал негізінде ауызша/жазбаша тапсырмалар орындауы қажет;
  7. тыңдалым және оқылым дағдыларын қалыптастыру барысында мәтін кезеңдерін (мәтіналды кезең, мәтінмен жұмыс кезеңі, мәтінсоңы кезеңі) қатаң сақтау қажет;
  8. жазылым және айтылым дағдыларын қалыптастыру барысында оқушыларға тақырып бойынша үлгі мәтіндер берілуі керек;
  9. айтылым (диалог, монолог, полемика), жазылым (хат, хабарлама, мақала, т.б.);
  10. грамматика коммуникативтік контексте оқытылады, яғни грамматика теориясынан гөрі оның функционалдығына, оқушылардың тілдік бірліктерді ауызша және жазбаша түрде орынды қолдана білуіне аса мән беріледі;
  11. лексикалық тақырыптар бойынша материал таңдау барысында қазақ тілі пәні мұғалімінің басты міндеті оқушының сол тақырып бойынша тілдік қорын байыту, тақырып бойынша ақпараттар бере отырып, шынайы өмірмен байланыс орнату, пәнаралық байланысты жүзеге асыру барысында оқушылардың академиялық сөздерді орынды қолдана білуіне ықпал ету.

«Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан  сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

2

2

2

6-сынып

2

2

2

2

7-сынып

2

2

2

2

8-сынып

2

2

2

2

Ескертпе: Тілдік пәндерде бөлім бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің    екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)

«Қазақәдебиеті» (оқытуқазақтілінде)

2018-2019 оқу жылында «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша 5-8-сыныптар жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларымен оқитын болады.

Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/Оқу бағдарламалары/Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары. Қазақ тілі).

Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты – оқушыларды шығармашылық ойлауға бағыттау, олардың өз ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және талдау, бағалау дағдыларын қалыптастыру.

5-8-сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы» бойыншажүзеге асырылады.

Жалпы білім беретін мектептерде әдебиетті оқытуда қазақ әдебиетінің мазмұнын, стилін, идеяларын және жанрын бағалай білуге, талдау жасауға, шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға баса назар аударылады.

Пәннің оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, яғни оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым көпшілігі белгілі бір оқу кезеңінен кейін (оқу жылы барысында немесе келесі сыныптарда) білім мен дағдының көлемі көбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде қайта қарастырылады.

Әр сынып бойынша дағдыларды қалыптастырып, дамыту үшін оқу мақсаттарының жүйесі берілген.

«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу; ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен таныстыру; көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау, жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру.

«Қазақ әдебиеті» пәні әдебиетті өнердің басқа салаларымен (кескін, театр, кино, музыка) салыстыра қарастырып, өз ойын еркін, дәлелді, сараптай, салыстыра отырып жеткізе білетін тұлғаның қалыптасуына үлес қосады. Сонымен қатар әдебиетті «Қазақ тілі», «Тарих», «Орыс әдебиеті», «География» пәндері, мәдени, қоғамдық және тәрбиелік шаралармен байланыстыра отырып, жүзеге асыру көзделеді.

Негізгі орта білім        берудің (жаңартылған         мазмұнның) үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:

1)5-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында  – 68 сағат;

2) 6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында  – 68 сағат;

3) 7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында  – 68сағат;

4) 8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында  – 102 сағатты құрайды.

«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа алады:

  1. түсіну және жауапберу;
  2. анализ жәнеинтерпретация;
  3. бағалау жәнесалыстыру.

  «Түсіну және жауап беру» бөлімі аясындағы бөлімшелер білім алушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:

- көркем шығарманың мазмұны мен пішінін анықтау және талдау;

- әдеби шығарманың тұжырымдамасын айқындай білу;

- көркем шығармадағы образды ашу және сипаттау;

- шығарма үзінділерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

«Анализ және интерпретация» бойынша:

- әдеби шығарманың композициясын, композициялық амал-тәсілдерді талдау;

- шығармадағы автор бейнесін анықтау, оның рөлін талдау;

- көркем шығарманың тілін, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау;

- көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, шығармашылық жұмыс жазу.

«Бағалау және салыстыру» бойынша:

- шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;

- әдеби шығармаларды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;

- шығарманың құндылығын талдап, әдеби эссе жазу;

- әдеби шығармаларды талдап, салыстыра отырып, сыни шолу және сыни мақала жазу дағдыларын дамыту.

Қазақ әдебиеті туындылары жасөспірімдердің рухани қажеттіліктері мен даму мүмкіндіктеріне сәйкестендіріле, қазақша ойлау және сөйлеу, жазу, тыңдағанын түсіну, монолог, диалог, пікірталас жасау дағдыларын қалыптастырып, талдап, тану негізіне сәйкес құрылған.

Үлгілік бағдарламада көркем шығарма санының аз болуы ұлттық құндылықтарымыздың оқушы бойына сіңірілуіне еш кедергі келтірмейтінін, ғылыми таным мен түсінік, салт-дәстүр мен ұлттық сана әдеби туындыларды талдап, зерделеп және бағалап, зерттей оқу арқылы ғана көңілге тоқылатынын ескеру керек.

Қазақ әдебиетінің әр кезеңінде жазылып, өзінің көркем құндылығын жоғалтпай келе жатқан туындылармен танысу арқылы оқушы әдеби талдау, сыни ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылдық ізденіске қадам басады. Оқу мақсаттары белгілі бір тарау бойынша ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген тізімге сай жүзеге асады.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан  сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.

 

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

2

2

2

6-сынып

2

2

2

2

7-сынып

2

2

2

2

8-сынып

2

2

2

2

2018-2019 оқу жылынан бастап 6 және 7-сыныптарда «Қазақ әдебиеті» пәнінің базалық мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктіріліп оқытылады.

Өлкетану – бұл туған өлкенің тарихы, табиғаты мен экологиясы, экономикалық, әлеуметтік-құқықтық дамуы, рухани шыққан тегі, әдебиеті және көркемөнері. Өлкетану өзіңнің туған жеріңді аялауды, сүюді ғана үйретіп қоймайды, сондай-ақ ол туралы білуіңді, тарихқа, өнерге, әдебиетке қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында әзірленген «Өлкетану» материалдарын оқыту:

- білім алушылардың ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру;

- туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралы білімдерін кеңейту;

- туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;

- туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған.

Өлкетану материалдары 6, 7-сыныптарда 2 сағаттан 4 сағат көлемінде оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспардың 3 және 4-тоқсандарына енгізілді. Оқу бағдарламасы бойынша тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану» материалдарын кіріктіріп оқыту ұсынылады.

Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері:

Өлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың маңызды міндетін орындайды. Өлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени ақпарат көзінің бірі.Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

6-сыныпта«Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада», «Өлкені сипаттау өнері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды туған өлкенің табиғаты және тарихы сипатталатын поэтикалық және прозалық шығармаларды, туған өлкенің ақындары мен жазушыларының шығармашылығын білуге, олардың шығармашылығы туралы деректер жинауға және мәтіннің ақпараттылық, оның көркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен өлкетану сипаттамаларын талдауға үйрету ұсынылады.

7-сыныпта «Туған өлке публицистика беттерінде», «Менің туған өлкем» электрондық энциклопедиясы» тақырыптарын оқытуда өңірде шығатын газет-журналдарды білуге, туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар туралы мақалалар мен очерктерді ақпараттылығы, мазмұнының тереңдігі, эмоционалдық әсері тұрғысынан талдауға, энциклопедия ұғымын түсінуге, энциклопедияға қажетті материалдарды іріктей білуге, электрондық энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысуға баулу ұсынылады.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің тамыздағы пәндік секцияларында талқылауға ұсынылатын мәселелері:

- 2018/2019 оқу жылында қазақ тілінде оқытатын жалпы орта білім беру мекемелерінің 6, 8-сыныптарында жаңартылған мазмұндағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың ерекшеліктері;

- 2018/2019 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру және оның мазмұны;

- Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру жолдары;

- Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін оқу мақсаттарына сәйкес таңдау – табысты сабақ негізі;

-Төрт дағдыны қалыптастырушы бағалаудың әдістері, түрлері;

- Тыңдалым дағдысын қалыптастыруға арналған белсенді жұмыс түрлері;

- Оқушыларды жиынтық бағалауға дайындау жолдары.

Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының  келесі мәселелерін қарау ұсынылады:

1. Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау және критериалды бағалау;

2. Рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі;

3. Оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарына шығу жолдары;

4. Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі;

5. Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар және оны шешу жолдары;

6. Тыңдалым дағдысын қалыптастыратын белсенді әдістер;

7. ҚМЖ құрудың тиімділігі мен артықшылығы;

8. Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер;

9. Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары;

10. Грамматикалық тақырыптарды лексикалық тақырыптармен сабақтастырудағы шеберлік;

11. Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру;

12. «Эссе жазу стратегиясы туралы»;

13. Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі.

Негізгі білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша құрылған жаңа білім мазмұны мұғалімді де, оқушыны да оқу әрекетіне белсенді қатысуға, өз пікірін айтуға, өзінің сөйлеген сөзіне дәлел келтіруге, кейіпкерлер арқылы өмірлік жағдаяттарды шешу жолдарын ізденуге, ең бастысы жаңаша ойлайтын тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2018-2019 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:

Елордамыз – Астана қаласына 20 жыл (1998 ж.);

Шал ақынның туғанына 270 жыл (1748-1819);

Бұқар жыраудың туғанына 350 жыл (1668-1781);

25 маусым – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл (1893 - 1937);

2 қыркүйек – ақын, жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың туғанына 100 жыл (1918-1987);

25 қазан – Қазақстанның халық жазушысы, драматург Тахауи Ахтановтың туғанына – 95 жыл (1923—1994);

28 қыркүйек –жазушы, драматург, журналист Оралхан Бөкейхановтың туғанына 75 жыл (1943-1993);

28 қазан – қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл Сұлтанмахмұт Шоқпытұлы Торайғыровтың туғанына 125 жыл (1893-1920);

29 қазан – қазақ ақыны, аудармашы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Мұзафар Әлімбаевтың туғанына – 95 жыл (1923);

12 желтоқсан – қырғыз халық жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Шыңғыс Айтматовтың туғанына – 90 жыл (1928 - 2008);

5 мамыр – ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің туғанына – 125 жыл (1894-1938;

22 қазан – Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбдіжәміл Нұрпейісов – 95 жаста (1924);

15 қараша – қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына – 125 жыл (1894-1938).

Оқыту қазақ тіліндегі мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар:

  1. http://nao.kz - Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайты;
  2. http://ustazuni.kz - мұғалімдерге арналған сайт;
  3. https://infourok.ru/ - ұстаздарға арналған білім көтеру, ашық сабақтар сайты;
  4. http://mugalimder.kz - республикалық сайт;
  5. http://bilimland.kz – ұстаздар мен білім алушыларға арналған сайт;
  6. http://abai.kz- ақпараттық-танымдық сайт;
  7. http://bilimger.kz- білім порталы;
  8. http://ustaz.kz - ашық сабақтар сайты;
  9. http://sabak- сайт творческих учителей Казахстана;
  10. http://sabaqtar.kz/kazaksh/ - Қазақстан ұстаздарына арналған әдістемелік сайт;
  11. http://bilimsite.kz/ustaz - білімділерсайты;
  12. http://ped.kz - ұстаздардың әлеуметтік порталы;
  13. http://oqu-zaman.kz- ұстаздар мен білім алушыларға арналған қосалқы білімді сайт;
  14. http://tarbie.org- ұстаздар сайты;
  15. http://kazbilim-edu.kz- оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану;

«Орыс тілі мен әдебиеті» (оқыту қазақ тіліндегі мектептер үшін)

Важность учебного предмета «Русский язык и литература» для школ с нерусским языком обучения определена приоритетным статусом русского языка как средства межнационального общения в Республике Казахстан и его значимостью в создании полиязычного пространства.

Изучение учебного предмета «Русский язык и литература» способствует развитию коммуникативных навыков в устной и письменной речи.

Учебный предмет «Русский язык и литература» способствует становлению мировоззрения учащегося, дает возможность пользоваться информацией различных сфер: социально-бытовой, социально-культурной, научно-технической, учебно-профессиональной; помогает ориентироваться в общемировом образовательном пространстве.

Овладение русским языком поможет учащимся адаптироваться к условиям современного мира, успешно регулировать речевое поведение в соответствии с коммуникативной ситуацией; научит пользоваться различными источниками информации и современными информационными технологиями для выражения и обоснования собственного мнения.

Целью учебной программы по учебному предмету «Русский язык и литература» является формирование коммуникативных навыков, основанных на владении системой разноуровневых языковых средств, соблюдении правили норм русского литературного языка, правил речевого этикета, употреблении языковых единиц в речевой деятельности, ориентированной на ситуацию общения, что способствует развитию функциональной грамотности учащихся. Учебная программа направлена на развитие всех видов речевой деятельности: слушания, говорения, чтения и письма.

Обновленное содержание обучения предполагает реализацию комплексного подхода в развитии языковой, речевой (в том числе этнокультурной), коммуникативной компетенции на основе функциональной грамотности и в общем направлении воспитания языковой личности; актуализацию самостоятельной работы учащихся по лингво-коммуникативному развитию и совершенствованию.

Вся методическая система обновленного содержания обучения русскому языкустроится на основе учета теории обучения второму языку, при котором соблюдается главное условие – коммуникативная направленность презентации всего языкового материала. Так же, как и в 5 и 7 классах,в 6, 8 классах изучаемый курс представлен как интегрированный курс русского языка и литературы. Программа предусматривает планирование такого урока, в котором сочетается материал по чтению и грамматике. Это определяет его структуру: каждое занятие должно содержать работу над текстовым материалом и работу над языковым материалом (орфографические, грамматические правила, определения, упражнения по развитию устной и письменной речи).Реализация основной цели обучения русскому языку как неродному – формирование навыков речевой деятельности – обеспечиваетсяохватом таких сторон в изучении языка, как расширение словарного запаса,приобретение навыков самостоятельной передачи мыслей на русском языке.

Учебный материал должен подаваться с учетом ведущих принципов современной русской лингводидактики, среди которых имеется в виду рациональный отбор лексики; взаимосвязанное изучение лексики и грамматики, целесообразная дозировка теоретических сведений и практических заданий, направленных на активизацию всех видов речевой деятельности; ярко выраженная коммуникативная направленность языкового материала.

Межпредметные связи устанавливаются через дидактические тексты, обладающие информационной насыщенностью. Тексты и послетекстовые задания и упражнения должны быть направлены не просто на конструирование высказываний, но и должны предполагать совершение речевого поступка, проявление речевого поведения.

Методика подачи фактического материала должна отвечать требованиям научности, одновременного развития видов речемыслительной деятельности, наглядности и коммуникативности в обучении неродному языку. В этой связи текстовой материал должен презентовать не только историю, культуру, мировидение русского народа, но и, что отвечает языковой политике РК, особенности современного функционирования русского языка в Казахстане как неотъемлемой части общего социокультурного пространства.

Содержание учебного материала рекомендуется представлять в трех основных видах: текстовой материал, содержащий достаточное количество изучаемых грамматических форм и лексических единиц, теоретический материал – определения и орфографические правила и практический – лексико-грамматические упражнения.

К примеру, упражнения в 6 классе к теме «Паронимы».

Задания:

1. Ознакомьтесь с нормой употребления глаголов выходить и сходить.

2.Составьте вопросительные предложения с данными паронимами.Употребление глаголов выходить и сходить регламентируется грамматическими правилами. В предложении с предлогом из употребляется глагол выходить (выйти), а в предложении с предлогом с – глагол сходить (сойти). Поэтому из вагона, из автобуса, из троллейбуса, из трамвая выходят, а с поезда, с теплохода, с корабля сходят.

3. Ответьте на вопросы, используя паронимы. Какой пароним надо употребить, когда речь идет:

1) о необразованном человеке;

2) о грубом и невежливом человеке;

3) о человеке, занимающемся дипломатической деятельностью;

4) о лице, награжденном дипломом какого-либо конкурса.

  • : невежа // невежда, дипломат // дипломант.

Рекомендуется использовать такие учебные тексты и практические упражнения, которые реализуют выполнение индивидуальной работы, работы в паре и группах.

Необходимо строить обучение русскому языку на основе практических методов и приёмов. Языковые упражнения должны быть представлены в минимальном объеме, должны преобладать речевые (коммуникативные) упражнения, построенные на основе текстов.

Рекомендуются следующие педагогические подходы в обучении русскому языку как второму:

1. Использование заданий с учетом индивидуальных возможностей ученика и изучение их ошибок не для классификации, а с целью организации работы по их устранению.

2. Создание атмосферы доверия между учителем и учащимися, а также среди самих учащихся.

3. Дифференциация заданий согласно индивидуальным способностям учащихся.

4. Создание условий для работы в группах (каждый учащийся может исполнять различную роль при работе в группе, например, роль лидера, «следовать за лидером» и др.).

5. Предоставление пространства для самостоятельного решения, выбора, обсуждения и выражения собственных мыслей.

6. Использование заданий, связанных с реальной жизнью, где учитель только направляет, а учащиеся добывают знания самостоятельно.

7. Использование различных целей обучения развивает критическое мышление, учит учащихся работать самостоятельно при постановке целей, исследовании проблем, поиске ответов, обсуждении проблем и выражении своего собственного мнения во время внимательного слушания мнений других учащихся.

8. Использование интерактивных методов обучения помогает учащимся развивать личную точку зрения  и принимать во внимание мнения других.

9. Использование совместных методов обучения заключается в формировании у учащихся навыков, при выполнении командной работы, при обсуждении и сотрудничестве для достижения соглашения, принятии на себя ответственности за члена команды, в процессе самоуправления и управления.

В обучении русскому языку как второму рекомендуется исследовать методы активного чтения и письма, что в дальнейшем сформирует эффективные навыки говорения и аудирования.

Некоторые моменты, которые следует учитывать при использовании различных заданий:

- рекомендуется планировать множество различных заданий в рамках одного урока. На одном уроке необходимо включить четыре, пять или более различных заданий. Предусмотреть работу в коротких промежутках времени, например, 10 минут. Время, за которое учащиеся могут сосредоточить свое внимание, часто довольно короткое;

- обращать внимание, что каждое задание следует за предыдущим, и постоянно напоминать учащимся о главных учебных целях. Повторяйте задание по-разному. Например, сделать задание в устной форме, а затем попросить класс сделать ту же самую задачу в письменной форме. Это помогает учащимся понять задачу, приводит к плавному переходу, укрепляет предыдущее обучение и позволяет учащимся практиковать более одного навыка;

- включать индивидуальные, парные, групповые задания в деятельность всего класса.

Оценка устных ответов учащихся

Устный опрос на уроках русского языка и литературы является одним из основных способов учета знаний учащихся. Развернутый ответ учащегося должен представлять собой связное, логически последовательное сообщение на заданную тему, показывать его умения применять определение, правила в конкретных случаях.

При оценке ответов учащегося необходимо руководствоваться следующими критериями:

- полнота и правильность ответа;

- степень осознанности, понимания изученного;

- языковое оформление ответа.

В течение учебного года на заседаниях методических объединений учителей русского языка и литературы(методическое объединение, школа молодого учителя, школа совершенствования педагогического мастерства, творческие группы и др.) рекомендуется рассмотреть актуальные вопросы теории и методики обучения русскому языку и литературе с учетом имеющегося эффективного педагогического опыта педагогов:

1. Актуальные проблемы преподавания русского языка и литературы в условиях обновления содержания образования.

2. Коммуникативная культура учителя и развитие речемыслительной деятельности учащихся.

3. Организация образовательного процесса на уроках русского языка и литературы в условиях обновленного содержания образования.

4. Формирование универсальных учебных действий на уроках русского языка и литературы в условиях реализации ГОСО.

5. Содержание уроков русского языка и литературы, как условие и средство развития познавательных интересов учащихся и их способностей в рамках обновленного содержания образования.

6. Эффективные приемы формирования и развития читательской грамотности учащихся в процессе обучения русскому языку и литературе, использование потенциала библиотек для развития читательской грамотности учащихся.

7. Совершенствование педагогического мастерства через участие в творческих конкурсах и работе методических объединений.

8. Актуальные вопросы научно-исследовательской работы в области литературы в школе. 

 Объем учебной нагрузки по учебному предмету «Русский язык и литература» составляет:

  1. в 5 классе – 3 часа в неделю, 102 часа в учебном году;
  2. в 6 классе – 3 часа в неделю, 102 часа в учебном году;
  3. в 7 классе – 3 часа в неделю, 102 часа  в учебном году;
  4. в 8 классе – 3 часа в неделю, 102 часа в учебном году.

При оценке языковых компетенций необходимо учитывать следующее:

  1. Языковые ошибки учащихся следует отмечать и обращать их внимание на совершенные ошибки доступным для них способом, однако ошибки не могут повлиять на оценку, если ученик может доступно продемонстрировать свои знания. Главная задача ученика передать свое сообщение, грамматика при этом может страдать. Постепенно самовыражение становится более точным и корректным.
  2. Ученики, отвечая на вопросы, могут использовать и первый язык. Поскольку вначале ограниченный словарный запас и знание целевого языка могут стать препятствием при высказываниях и ответах, то на первой стадии обучения это (по крайней мере, частично) разрешается. При этом следует договориться, в какой момент все ученики перейдут на ответы на неродном (целевом) языке и, начиная с того момента, применение первого языка становится скорее исключением.
  3. Как правило, в устной речи учитель исправляет возникшую ошибку с помощью перефразирования, повторения правильной формы от ученика не требуется, потому что это может прервать выражаемую мысль, а также ученик может потерять уверенность в выражении мыслей на неродном языке.
  4. Если одна и та же ошибка повторяется вновь, в конце объяснения соответствующей темы учитель приводит примеры правильных форм и при необходимости делает ударение на грамматике. Помимо этого, либо педагог, либо класс в целом, в виде совместной деятельности, могут привести некоторые соответствующие теме примеры выражений, имеющие то же самое лингвистическое содержание.
  5. При проверке письменных работ языковые ошибки также не учитываются (если выраженная мысль или текст понятны), но педагог указывает это в своих комментариях.
  6. На встрече учителя-предметника с учителем языка передается проблемный языковой материал, чтобы учитель языка мог повторить тему на следующем уроке.

Учебная программа по предмету «Русский язык и литература» размещена на сайте НАО им. И.Алтынсарина www.nao.kz/Основные направления деятельности/Учебно-методическое обеспечение образования. Учебные программы уровня основного среднего образования по обновленному содержанию/

Количество процедур суммативного оценивания по предмету

«Русский язык и литература

   Суммативное оценивание по предмету предполагает проведение конкретного количества процедур суммативного оценивания за раздел  (СОР) и за четверть (СОЧ) 1 раз в каждой четверти. Ниже представлено количество процедур суммативного оценивания за раздел/сквозную тему.

Класс

Количество процедур суммативного оценивания

за раздел/сквозную тему

1 четверть

2 четверть

3 четверть

4 четверть

5 класс

2

2

2

2

6 класс

2

2

2

2

7 класс

2

2

2

2

8 класс

2

2

2

2

Примечание: По языковым предметам в суммативном оценивании за раздел объединяются два вида речевой деятельности (например, аудирование и говорение, чтение и письмо).

Ағылшын тілі

Негізгі орта білім беруге арналған «Ағылшын тілі» пәнінің деңгейлік курсы білім алушыларды жалпыеуропалық тілді меңгеру деңгейлеріне сәйкес

дайындауға арналған.

  1. 5-сынып – А2 (ортадантөмен);
  2. 6-сынып – А2 (ортадан жоғары);
  3. 7-сынып – В1(төмен);
  4. 8-сынып – В1 (орта).

Негізгі орта білім беруге арналған шет тілін деңгейлеп оқытудың мақсаты білім алушылардың негізгі мектепті аяқтағанда В1 деңгейінде тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған:

  1. шығармашылық ойлауы мен бағалауын, талдау дағдыларын дамытуды қалыптастыратын әртүрлі тапсырмалар;
  2. кең ауқымды ауызша және жазбаша дереккөздермен жұмысжасау.

Оқу бағдарламасы шиыршық принципіне негізделіп жасалған. Бұл тәсілдің негізгі мақсаты оқу барысында белгілі бір уақыт өткен соң қайталап отыруды қарастырады (оқу жылы немесе келесі сынып), алған білімдері мен дағдыларының тереңдігі, көлемі мен күрделілігі бойынша біртіндеп кеңейіп отырады. Сөйлеу әрекеті бойынша мақсатқа жетуі ойлау іс-әрекетінің дамуындағы «біледі, түсінедіден» «ажыратады, салыстырадыға» алға басуын жобалайды. Қарапайымнан бастап жоғары ойлау дағдыларына дейін ойлану арқылы білім, білік және ойлау дағдылары дамиды және қалыптасады (Блум таксономиясы бойынша).

5-8-сыныптардағы бағдарлама мазмұны 6 бағыттан тұрады:Strand 1:Content, Strand 2:Listening, Strand 3:Speaking, Strand 4:Reading, Strand 5:Writing, Strand 6: Useof English, әрқайсысы оңайдан қиынға қарай даму қағидаты бойынша қойылған оқу мақсаттарына бөлінеді. Дағдыларының  дауына қарай сыныптан сыныпқа, бір деңгейден екінші бір деңгейге көшкенсайын мақсаттар күрделене түседі.

Оқу бағдарламасы бөлімдері оқу жылында меңгерілетін және мұғалім тоқсанда өтетін тақырыптардың реті мен сағатын еркін бөліп қоя алатын ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес іске асырылады. 

5-8-сыныптарға арналған оқу бағдарламасы оқу процесінің әдіснамалақ әлеуетін кеңейтуге бағытталған. Шығармашылық және жобалық іс-әрекет, оқыту әдістерімен, әлеуметтік, мәдени білім алу жолымен өзіндік пәндік білімді саналы меңгеруді қамтамасыз етеді.

5-8-сыныптарға арналған оқу бағдарламасына тән сипат білім алушылардың әртүрлі жан-жақты дағдылары мен пәндік білім, біліктерін дамытуға арналған. Осылайша оқу мақсаттарының жүйесі коммуникацияның түрлі тәсілдерін, зерттеушілік, сыни ойлау, АКТ, функциональдық және шығармашылық білімдерін, командалық жұмыс, өзіндік жұмыс, проблеманы шешу мен шешім қабылдау тәрізді түрлі тәсілдерді қолдануға және оларды дамытуға негіз болады. Бұл жан-жақты дағдылар білім алушының өмірде және мектепте табысқа жетуін қамтамасыз етеді.

5-8-сыныптарға арналған оқу бағдарламасында гармониялық байланысы бар дәстүрлі нормативтік білім беру құжаттары мен инновациялық әдіснамалық стратегиялар кіреді. Оқу бағдарламасы өзінің ерекшелігі бар инновациялық құрылымды болып келеді.

Оқу бағдарламасы түрлі аудиторияларда тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Білім алушылар мектеп ортасында өз қатарластарымен, мұғалімдерімен интерактивті тапсырмалар, ресми және ресми емес ауызша, жазбаша презентациялар кіретін осы бағдаламаның мүмкіндігі арқасында қарым-қатынас жасау арқылы мақсатқа жетеді. Сонымен қатар ағылшын тілін тасымалдаушыларға онлайн тәртібіндегі, өзара  қарым-қатынасқа,  сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңілбөлінеді.

Жаңартылған бағдарлама оқушылардың шынайы өмір жағдаятында функциональдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Ағылшын тілі бойынша жаңартылған бағдарлама лексикалық жиынтық, құрылымдық талаптар мен коммуникативтік конвенцияларды пайдалану шеңберінде ғана үйренуге шек қоймайды. Прагматикалық аспектісі барлық мүмкіндіктерді қарастырады, тілдік бояу мен қарым-қатынас жағдайларына, контекске, коммуникацияға қатысушылардың өзара қарым-қатынасында пайда болған ережелерге баса назар аударылады. Білім алушының лексикалық және грамматикалық материалдарды контексте оқып үйренуі аталған жағдаятқа өзіндік қарым-қатынасын білдіреді. Пән бойынша оқылып жатқан тақырыпқа деген оқушылардың табиғи ішкі уәжі мен қызығушылығы кірігіп кетеді. Техникалар мен тәсілдерді қолдану арқылы ойлау процесін белсендендірудебелсенді оқыту тиімді және саналы түрде қолданылады. Оқушылардың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сәйкес түрлі әдебиеттер мен ресурстарды қолдануұсынылады.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша 5-8 –сыныптардың оқу бағдарламасының тақырыптық мазмұны 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламасының тақырыптық мазмұнын жалғастырады. Сонымен қатар , келесі тақырыптар оқытылады:

5-сынып – Creativity (Art, Music, Stories and poems);

6-сынып –Helping and Heroes, Drama and Comedy, Our Neighbourhood;

7-сынып – Communication and Technology, Space and Earth, Natural disasters;

8-сынып – Entertainment and Media.

5-сыныпта жаңа лексика мен грамматиканы оқытуға көңіл бөлу ұсынылады. Тыңдалым мен оқылым тапсырмаларында мәтіндердің лексикасы мен грамматикасы таныс па, жоқ па дегенді алдын ала тексеру ұсынылады, сондай-ақ оқыту процесінде қосымша ресурстар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.

6-сыныпта өтілген лексика мен грамматиканы қайталау және білім алушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған коммуникативтік оқыту технологиясын қолдану ұсынылады. Оқыту процесінде қосымша ресурстар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.

7-сыныпта төмендегі грамматикалық тақырыптарды: Past Simple Tense, Past Continuous Tense, Future Simple Tense, Passive Voice және сын есімдердің салыстырмалы шырайын қайталау ұсынылады, себебі жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасы бойынша жоғарыда аталған тақырыптар өтілген тақырыптар болып саналады (2013 жылғы оқу бағдарламасы бойынша 7-сыныптар А1 high деңгейі бойынша оқиды, ағылшын тілінің оқу бағдарламасы бойынша 7-сыныптар В1 low деңгейі бойынша оқиды). Оқыту процесінде, сондай-ақ, қосымша ресурстар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.

Жаңа тақырып бойынша оқыту және жаңа сабаққа дайындық процесінде мәтіндер мен сөйлемдердің лексикалық және грамматикалық мазмұнын тексеру ұсынылады. Сонымен қатар, жоғарыда аталған себептер бойынша білім алушыларға таныс емес грамматикалық құрылымдарға көңіл бөлген дұрыс. Айтылым және жазылым тапсырмаларында перифраз қолдану ұсынылады.

8-сыныпта жоғары ойлау дағдыларын дамытатын тапсырмаларды таңдау ұсынылады. Сонымен бірге даралап оқыту технологиясын қолданған дұрыс.  Білім алушылардың лексикалық қорын жақсарту және айтылым мен жазылым дағдыларын бұдан әрі қалыптастыру үшін перифраз қолдану ұсынылады.

Қосымша материалдар мен Интернет-ресурстарды қолдану кезінде мәтіналды, мәтіндік және мәтінсоңы жұмыс кезеңдерін сақтаған дұрыс. 

Ағылшын тілініңоқу процесін ұйымдастыру коммуникативтік технологияларды (жобалар, сұхбат, рөлдік ойындар, пікірталас, дебат, конференциялар, конкурстар, сахналандыру және т.б.) жан-жақты қолдануды талап етеді. Сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың және сабақтан тыс іс-әрекеттердің кең мүмкіншіліктерін мақсатқа сай белсенді қолдану шет тілін оқытуға уәждемені арттыруға, білім алушылардың танымдық әрекеттерін белсендендіруге, олардың өзара тілдік қарым-қатынастарының белсенділігін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасауға ықпал етеді.

Сабақ уақытында дағдылар мен іскерліктерді дамыту және жетілдіру үшін ауызша сөйлетуді қолданған дұрыс. Коммуникативтік жағдаяттарда жаңа лексикалық және грамматикалық материалды енгізу және бекіту, сабақта жұппен, топпен жұмысты ұйымдастыру арқылы әрбір оқушының сөйлеу белсенділігін арттыру; мәтіндермен жұмыс жасау кезеңдерін міндетті түрде сақтай отырып оқылым мен тыңдалымға үйрету ұсынылады.

Бағдарламаның міндетті компоненті ретінде ұсынылатын «Independent Project бөлімі» («Жобалық жұмыс»), зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін (оқушылардың қызығушылығын тудыратын) «Reading for Pleasure» бөлімі, осының аясында оқушылар көркем шығармаларды және ғылыми-публицистикалық әдебиеттерді оқиды; әдеби шығармалардың түрлі жанрларымен танысады.

Ағылшын тілібойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5-8-сыныптарда – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды.

«Ағылшын тілі» пәнінен оқу жұмысын ұйымдастыруда келесі ұсыныстар беріледі:

1. Білім алушылардың шығармашылық дағдысын қалыптастыруға бағытталған «Independent project» юнитына назар аудару қажет. Жобалау жұмысы арқылы түрлі мақсаттар мен сөйлеу әрекетіне мұғалім фокус бойынша қалыптастырушы бағалауды жүргізеді. Жобалау жұмысының форматы мен мазмұны және (тақырыптық мазмұны, іс-әрекет формалары,  күтілетін  нәтижесі, әрекетті бағалау формалары және т.б.) мектеп ішінде әдістемелік бірлестіктерде әріптестермен талқыланады.

2. «Reading for pleasure» бөлімінде оқу дағдыларын дамыту аясы бойынша әдістемелік нұсқауларды белсендіқолдану. Көркем және оқу әдебиет мәтіндерімен жұмыс жасау ағылшын тіліне оқытудың міндетті элементі болып табылады және оқушылардың алған дағдыларын бекітуге мүмкіндік береді.

Шетел тілі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің үлкен білімдік, тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар. Бұл жұмыс тек шет тілі туралы білімдерін арттырып қоймай оқушының мәдениеттану ой-өрісін, шығармашылық белсенділігін тереңдетуге мүмкіндік береді, эстетикалық талғамын, өзге елдің тілі мен мәдениетін үйренуге деген қызығушылығын арттырады. Міндетті курспен қатар толық практикалық, тәрбиелік, дамыту мақсаттарын жүзеге асыруға толық жағдай жасайды.

Шетел тілін сыныптан тыс оқытуды моделдеу іс-әрекетінің негізгі тәсілдері :

  • тақырыптық ойынкештері;
  • елтануға арналған  кіріспеүйірмелері;
  • шет тілдеріапталығы;
  • бейнеклубтар, тілдікорталықтар;
  • шет тіліндегі театрландырылған қойылымдар және т.б.

Тілдік құзыреттілікті бағалауда ескерілетін жағдайлар:

1. Білім алушылардың жіберген тілдік қателерін оларға түсінікті қарапайым тәсілдермен жеткізуге көңіл аудару қажет. Егер білім алушы өз білімін көрсете алған болса бағалауда әсері болмау керек. Білім алушының ең басты мақсаты өз ойын қарапайым сөзбен бере білуі керек. Сөйлеуде грамматикалық талаптар дұрыс сақталмауы мүмкін. Біртіндеп өзіндік сөйлеу дағдысы қалыптасып,  нақтылана әрі дұрысталатүседі.

2. Сұраққа жауап беру барысында білім алушылар бірінші тілді қолдануы мүмкін. Олардың бастапқы шектеулі сөздік қорлары және мақсатты тіл бойынша білімдерінің аздығы сөйлеуі мен сұраққа дұрыс жауап беру барысында кедергі болуы мүмкін. Сондықтанбарлықбілімалушылармақсаттытілгеқашанкөшугеболатынынкелісіпалуғаболадыжәнекелісілгенуақыттанбастап бірінші тілді қолдану тоқтатылуы керек.

3. Мұғалімережегесәйкесауызекісөйлеутіліндекеткенқателерді, сөйлемдердіқайтақұрукөмегімендұрыстауғаболады, бірақбілімалушығадұрыстүрінқайталатуміндеттіемес, себебіөзгетілдеолөзойынсенімдіжеткізеалмауымүмкін.

4. Егербірреетжіберілгенқатетағыдақайталанса, сәйкестақырыптытүсіндірусоңындамұғалімдұрысүлгідегісөздергемысалдаркелтіредіжәнеқажетболғанжағдайдаоныңграмматикасынабасаназараударады. Бұданөзге, сыныпбілімалушыларынемесемұғалімбарлығыынтымақтасқаніс-әрекетнегізіндекейбіртақырыптарғабайланыстылингвистикалықмазмұндағысөйлемдергемысалдаркелтіреалады.

5. Жазбажұмыстытексерубарысындатілдікқателерескерілмейді (егербілдіретінойыменмәтінітүсініксізболса), бірақпедагогоныөзініңтүсініктемесіндекөрсетеді.

2018-2019 оқу жылында ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерімен әдістемелік жұмыстарды жоспарлауда педагог қызметкерлердің мүдделері мен сұраныстарын, олардың кәсіпқойлық іскерліктері мен дағдыларын ескерген дұрыс.

Ағылшын тілі мұғалімдерінің тамыздағы пәндік секцияларында төмендегі сұрақтарды талқылау ұсынылады:

1. Негізгі орта мектепте жаңартылған білім мазмұны аясында ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері.

2. Білім мазмұнын жаңарту жағдайында ағылшын тілі пәнінің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын жоспарлаудың ерекшеліктері.

3. 2018-2019 оқу жылында ағылшын тілін оқытуда мұғалімдердің тәжірибе алмасуы мен семинарларын жоспарлау.

Жаңа оқу жылында ағылшын тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік отырыстарында төмендегі сұрақтарды қарастыру ұсынылады: 

- негізгі орта білім берудеңгейінде ағылшын тілі бойынша білім беру процесін ұйымдастыруда заманауи тәсілдерді іске асыру;

- негізгі орта мектепте ағылшын тілі бойынша қалыптастырушы бағалауды өткізу;

- ағылшын тілін оқытуда шығармашылық бастамаларды енгізу және ағылшын тілі пәні бойынша сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру;

- ағылшын тілі пәні бойынша бітіруші сыныптарды қорытынды аттестаттауға дайындау.

«Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау  рәсімдерінің саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан  сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

2

2

2

6-сынып

2

2

2

2

7-сынып

2

2

2

2

8-сынып

2

2

2

2

Ескертпе: Тілдік пәндерде бөлім бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)

«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ  САЛАСЫ

«Математика және информатика» білім саласы бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларымен келесі пәндер оқытылады:

1) «Математика» – 5, 6-сыныптар;

2) «Алгебра» – 7, 8-сыныптар;

3)  «Геометрия» – 7, 8-сыныптар;

4) «Информатика» – 5-8 сыныптар.

Оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлемі төмендегі кестеде көрсетілген.

70-кесте – Оқу жүктемесінің көлемі

Сынып

Оқу пәнінің

атауы

Жалпы жүктеме, сағат

Апталық

Жылдық

5

Математика

5

170

5

Информатика

1

34

6

Математика

5

170

6

Информатика

1

34

7

Алгебра

3

102

7

Геометрия

2

68

7

Информатика

1

34

8

Алгебра

3

102

8

Геометрия

2

68

8

Информатика

1

34

Негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика», «Алгебра», «Геометрия» пәндерін оқытудың мақсаты - пән мазмұнын сапалы игеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, ғылыми-жаратылыстану пәндерін игеруге қажетті математикалық білім мен дағдылардың негіздерін игеру, оқу пәні материалдары негізінде оқушылардың интеллектуалдық деңгейін дамыту.

Оқу пәнін оқытудың мақсатына сәйкес келесі міндеттер анықталған:

- «Сандар», «Алгебра», «Геометрия», «Статистика және ықтималдықтар теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ» бөлімдері бойынша математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасау;

- әртүрлі мәнмәтіндідегі есептерді шешуде математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қолдануға, санды қатынастар мен кеңістіктік формаларды оқып білуге мүмкіндік беру;

- есептерді шешу мақсатында оқушылардың білімдерін математикалық модельдерді құруға және шынайы процестерді сипаттайтын математикалық модельдерді түсіндіруге бағыттау;

- өздігінен оқуға және болашақ таңдаған мамандығы бойынша білімін жалғастыруға қажетті физика, химия, биология және басқа да теориялық облыстарда зерттеулер мен есептерді шешу үшін және практикалық іс-әрекеттерінде математикалық әдістерді қолданудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру;

- практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен анықтылығын орнатуда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу үшін логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде, ақпаратты дұрыс және сауатты түрде беру, сонымен қатар әртүрлі ақпарат көздерінен, басылымдар мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту;

- өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, бастамашылдық, табандылық, шыдамдылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;

- математиканың даму тарихымен, математикалық ұғымдардың пайда болу тарихымен таныстыру;

- математиканы оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.

«Информатика» оқу пәнін оқудың мақсаты оқушылардың бойында заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ақпараттармен тиімді жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

 «Информатика» пәнінің оқу бағдарламасы компьютердің жұмыс істеу қағидаларын түсінуді, объектілер мен жүйелерді талдау қабілеттерін,  алгоритмдер әзірлеу және бағдарламалауды, шешімдер мен программалық қосымшаларды модельдеу және жобалауды, сондай-ақ түпкілікті өнімді бағалауды оқушылардың бойында қалыптастыруды  көздейді.

Оқу мақсаттарына сәйкес келесі міндеттер анықталған:

- білім алушылардың бойында ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлін, адамзат қызметінің әр түрлі саласында ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуін қалыптастыру;

- ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс – әрекетінде тиімді қолдану біліктерін дамыту;

- білім алушылардың жүйелерді талдауда, шешімдерді әзірлеу, программалық қосымшаларды қалыптастыру және өз өнімдерін бағалауда компьютерлердің жұмыс істеуі негізгі қағидаларын меңгеру;

- талдау, абстракция, модельдеу және программалау  арқылы әр түрлі міндеттерді шеше білулерін дамыту;

- білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сонымен қатар, жалпылау мен үйлестік, тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрі оңтайлы тәсілдер табу мүмкіндіктерін қамтитын есептік ойлауды дамыту;

- білім алушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің мүддесін көздеу;

- білім алушылардың ғылыми тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету.

Оқушылардың оқу-ақпараттық құзыреттіліктерін дамыту мақсатында  жобалау жұмысы арқылы ғылыми-зерттеу іс-әрекетін жүргізуге көңіл бөлу керек. Жобамен жұмыс істейтін оқушылар одан әрі жүргізетін жұмыстарын жеке немесе топпен жоспарлауы, мақсат қойып, қажетті ақпарат іздеп, гипотеза ұсынулары және дәлелдеулері, эксперименттер жүргізулері, атқарылған жұмыстың нәтижелерін ұсынып, талдау және бағалау жасап, сондай-ақ өз жобаларын шебер қорғаулары керек. Оқушылар, Интернет көптеген қол жетімді ақпарат көздерінің бірі екенін, олар оған қол жеткізіп және әр түрлі көздерден деректер жинай алатынын біледі.

Сонымен қатар проблемаларды өнертапқыштықпен шешу теориясы ерекшеліктерін дамыту және проблемалық-бағдарланған оқыту технологиясын пайдалану, оқу курсы мазмұны арқылы өз білімін толықтыру мен бағдарламаның құрамдас бөліктерін өздігінен қолдана білу қабілетін, оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, когнитивтік мүдделерін дамытуға назар аудару керек.

Бұл білім саласы пәндерінің мазмұны бөлімдер бойынша берілген.Бөлімдер бөлімшелерге бөлініп, әр бөлімшені оқып игеру сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер:дағдылар немесе біліктер, білім немесе түсініктертүрінде оқу мақсаттары жүйесінде көрсетілген.

Сонымен қатар, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдрламаларында барлық пәндер бойынша ұзақ мерзімді жоспар берілген. Онда курс материалы тоқсандарға бөлініп көрсетілген. Ұзақ мерзімді жоспарда тақырыптарды игеруге және бөлімшелерді игеруге жұмсалатын сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат санын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылып болуы тиіс.

2013 жылғы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда оқу пәндердің базалық мазмұнында аздаған өзгерістер бар.

1. 5-сыныпқа арналған «Математика» оқу пәні.

2018-2019 оқу жылы 5-сыныпқа бастауыш сыныптарда «Математика» пәнін қолданыстағы оқу бағдарламасы бойынша оқыған оқушылар келеді. Сондықтан, 5-сыныпта «Математика» оқу пәнінің базалық мазмұны, шамалы өзгерістерді қоспағанда толығымен бұрынғыдай қалды. Атап айтқанда, қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында «Жиын» тарауы және «шиыршық» принципін сақтау мақсатында «Кеңістік фигураларының жазбалары» тарауы қосылған, оларды оқуға оқу жылына берілген 170 сағаттан сәйкесінше 5 сағат және 3 сағат бөлінеді.

Сонымен қатар базалық мазмұн тарауларын оқып игеруге бөлінген сағаттарда айырмашылық бар. «Натурал сандар және нөл саны» тарауын игеруге шамамен 15 сағат бөлінген. Қалған тарауларды игеруге бөлінген сағат сандары өзгеріссіз.

2. 6-сыныпқа арналған «Математика» оқу пәні.

1) 6-сыныпта «Математика» оқу пәнінің базалық мазмұнына шамалы өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда, қолданыстағы оқу бағдарламасы бойынша 6-сыныпта қарастырылатын «функция» ұғымына қатысты тарау 7-сыныпқа көшірілген. Осы тараудың орынан 6-сыныпта «Шамалар арасындағы тәуелділіктер» тарауы қарастырылады және келесі тақырыптардан тұрады: «Шамалар арасындағы тәуелділіктерді беру тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл», «Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеу», «Тура пропорционалдық және оның графигі». Осыған байланысты «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен олардың жүйелері» бөліміне өзгерістер енгізілген. Яғни осы тарауда екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі, екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері, екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу, есептерді сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару материалдары ғана қарастырылады.

5-6-сыныптарда «Математикалық моделдеу және анализ» бөліміне баса назар аударылған. Әр бөлімді игерген кезде мәтінді есептерді шығару ұсынылады. Статистикалық мәліметтерді ұсынуға арналған тапсырмаларды орындауға көңіл бөлінген. Бұл практикаға бағытталған есептерді қарастыруға байланысты.

3. 7-сыныпқа арналған «Алгебра» оқу пәні.

Оқу пәнінің базалық мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда елеулі өзгерістер жоқ. Егер, қолданыстағы оқу бағдарламасында 5 тарау оқытылатын болса, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында 6 тарау оқытылады. Бұл, «функция» ұғымына қатысты материалдар жеке «Функция. Функцияның графигі» тарауы етіп берілген және бұл тарауға 6-сыныптан «Функция ұғымы», «Функцияның графигі», «Сызықтық функция және оның графигі», «Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы», «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу» тақырыптары көшірілген. Бұл тақырыптар 6-сынып оқушыларының игеруіне қиындық туғызады деп есептеп, практик-мұғалімдердің ұсыныстары бойынша ауыстырылған.

Практикаға бағытталған, зерттеушілік және шығармашылық тапсырмаларды шешу қажеттілігіне баса назар аудару керек.

4. 8-сыныпқа арналған «Алгебра» оқу пәні.

Оқу пәнінің базалық мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда елеулі өзгерістер жоқ. Курстың базалық мазмұнына «Статистика элементтері» тарауы (Жиілік. Жиіліктер кестесі. Интервалдық кесте. Гистограмма. Жинақталған жиілік. Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу. Алқап.) қосылған. Бұл тараудың кейбір материалдары қолданыстағы оқу бағдарламасы бойынша 9-сыныпта қарастырылған боалтын.

5. 7-сыныпқа «Геометрия» оқу пәні.

7-сыныпта оқушылар «Геометрия» оқу пәнін оқуға енді ғана кіріседі, сондықтан қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында өзгерістер жоқ.

6. 8-сыныпқа «Геометрия» оқу пәні.

«Геометрия» оқу пәнінің базалық білім мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда өзгерістер жоқ.

7-8-сыныптарда «Геометрия» пәнін оқытуда пәннің практикалық бағыттылығы күшейтіледі.

«Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұнында 2013 жылғы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда келесідей өзгерістер бар.

7. 5-сыныпқа «Информатика» оқу пәні.

«Интернеттегі қауіпсіздік», «Алгоритмдер», «Бағдарламалау» тақырыптарымен толықтырылды. «Ақпарат және өңдеу» тақырыбы растр графикасын оқуға ауыстырылды.

8. 6-сыныпқа «Информатика» оқу пәні.

«Компьютерлік ойындардың дамуы», «Компьютерлік ойындар жасау» тақырыптары қосылды. 2013 жылғы оқу бағдарламасының 7-сыныбындағы «Компьютерлік графика» және «Мәтіндік ақпараттарды таныстыру» тақырыбы бойынша компьютерде ақпаратты ұсыну тәсілдерін оқыту кейінге қалдырылды.

9. 7-сыныпқа «Информатика» оқу пәні.

2013 жылғы оқу бағдарламасының 6-сыныбынан «Ақпаратты өлшеу және компьютерлік есте сақтау» тақырыбы - мұрағаттық бағдарламаны оқыту кейінге қалдырылды.

10. 8-сыныпқа «Информатика» оқу пәні.

Интегралды ортасындағы C/C ++, Python, Delphi, Lazarus бағдарламаларының бірі ұсынылады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ бағалау процесін өткізу үшін мұғалімге көмек ретінде (http://smk.edu.kz) сайтқа келесі материалдарды: Критериалды бағалау бойынша нұсқаулық, Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының жинағы, Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдамалар, Тоқсанға арналған жиынтық бағалау спецификациясы орналастырған және еркін түрде кіруге мүмкіншілік жасалған.

5-8-сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту кезінде үштілділік саясатына ерекше көңіл бөлінуі керек. Пән үшін айрықша болып танылатын оқушылардың академиялық тілін дамыту ұсынылады. Бұл процесс әрбір сабақ үшін оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту жолдарын анықтауды қамтиды. Мысалы: «Оқушылар әлеуметтік желіні пайдалану мен атрибуттарын ауызша талқылай алады».

Программалау тілі ағылшын тілі болып табылатынын, көптеген компьютерлерлік интерфейстер де ағылшын тілінде берілгенін айта кету керек. «Информатика» пәні жоғары сыныптарда білім алушылардың калауы бойынша ағылшын тілінде оқып игеруіне болатынын пән мұғалімдері әрдайым естерінде сақтаулары керек. Мұғалімдер оқушылардың назарын, информатика бойынша (http://tinyurl.com/NIS-CS-Lexicon) лексиконда сипатталғандай академиялық тілді пайдалануға аударту, сондай-ақ ұқсастықтар мен метафораларды пайдалана отырып күрделі жүйелерді түсіндіру мүмкіндігі сияқты информатика саласындағы жұмыстарға қажетті тілдік дағдыларға аудартулары керек. Одан бөтен, мұғалімдер оқушылардың бойында бай академиялық тіл қалыптастыру мақсатында, диалог/жазу үшін пайдалы сөздерді пайдалануды қамтитын мұқият және жүйелі түрде тілдік қолдау көрсетулері керек.

Мұғалімдерге көмек ретінде TIMSS және PISA халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауғаарналғанесептер жинағы әзірленді, ол Академия сайтында (www.nao.kz) орналастырылған.

«Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан  сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

3

1

3

3

6-сынып

2

2

3

3

«Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан  сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
 

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

2

2

1

1

8-сынып

1

1

3

1

«Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан  сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

1

1

1

1

8-сынып

1

1

1

1

 

«Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан  сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

1

2

1

6-сынып

1

2

2

1

7-сынып

2

1

2

1

8-сынып

2

1

1

1

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Жаратылыстану ғылымын оқыту білім алушылардың бойында табиғи құбылыстар мен заңдылықтар туралы түсініктерді қалыптастырып, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашып көрсетеді. Ол табиғаттың бір бөлігі ретінде адамға, табиғат әлемін ұғыну ғана емес, осы өзгергермелі әлемдегі өз орнын сезінуге бағытталған және жеке тұлғалық құндылық қасиеттер жүйесін тәрбиелеуге, жеке тұлғаның дүниетанымдық, мәдени, тәжірибеге бағдарланған қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
 

Негізгі орта білім деңгейінде «Жаратылыстану» білім саласы бойынша келесі пәндер оқытылады:

5-сыныпта – «Жаратылыстану»;

7-сыныпта - «География», «Биология», «Химия», «Физика».

Негізгі орта білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес7-сыныптан бастап бір мезгілде «Физика», «Химия», «Биология», «География» пәндері оқытылады, мектептегі жаратылыстану ғылымдарын оқытудың үздіксіздігін және әлемнің біртұтас ғылыми көрінісін қалыптастыру қамтамасыз етіледі.

Бұл 5-сыныпта оқыған «Жаратылыстану» пәнінен кейінгі үзілістің болуын жояды, өйткені қолданыстағы оқу бағдарламалары бойынша «Физика» пәні 7-сыныптан, ал «Химия» пәні 8-сыныптан бастап оқытылатын.

«Физика», «Химия», «Биология», «География» пәндерінің синхронды басталуы «әр пәннің мазмұны басқа пәнде жалғасын табуға ықпал етеді, оған сәйкес осы төрт пән бойынша кейбір тақырыптар бір академиялық кезеңде зерттеледі.  Сондықтан кейбір тақырыптардың «Физика», «Химия», «Биология», «География» пәндері бойынша бір мезгілде оқытылатынына мән берілуі керек.

«Жаратылыстану» оқу пәні бастауыш мектепте оқытылған «Жаратылыстану» пәні бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады. 5-6 сыныптың оқушыларына жаратылыстану бағытында білім беру, олардың жаратылыстану ғылымына деген қызығушылығының артуына, осы жастағылардың мүмкіндігіне қарай зерттеулер жүргізудің қарапайым дағдыларын, әлем туралы ой-өрістерін кеңейтуге, ғылымды ұғыну мен қоршаған әлемді тұтастай қабылдауларының дамуына, қоршаған әлемді бағалай және қорғай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.

5-6-сыныптарда «Жаратылыстану» курсын оқу білім алушыларды жаратылыстану ғылымы тұрғысынан табиғат пен қоғамның өзара байланысы, табиғаттағы заңдылықтардың біртұтастығы туралы білім, ұғым, түсінігін қалыптастыру және күнделікті өмірде кездесетін табиғат құбылыстарының зардабы мен процесін сипаттау, болжау үшін қолдану біліктігін дамытуға бағытталған. Сабақтың мазмұнын меңгерудегі жүйелік жұмыс әдісі зерттеу дағдыларын (іздеуді, іріктеуді, жүйелеуді, ақпаратты талдауды және бағалауды, зерттеу нәтижелерін ұсынуды қалыптастыру)дамытуға мүмкіндік береді.

Оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімнен тұрады: «Ғылым әлемі», «Ғалам. Жер. Адам», «Заттар және материалдар», «Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер», «Энергия және қозғалыс»,«Экология және тұрақты даму», «Әлемді өзгертетін жаңалықтар». Бағдарламаның осылай құрылуы білім алушыларға қоршаған әлемнің көптүрлілігін, табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, тірі және өлі табиғатта болатын табиғи құбылыстар мен процестердің себептері мен салдарын, табиғаттағы нысандар мен процестердің көптүрлілігін жүйелеу принциптерін, адамның көптеген іс-әрекеті үшін ғылыми-жаратылыстану білімінің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді.

Сабақта білім алушылардыңбақылау, ғылыми зерттеуді жоспарлау, деректерді алу және ұсыну, нәтижелерді түсіндіру тәрізді зерттеушілік, ойлау, сөйлеу және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға назар аудару қажет. Мысалы, түрлі тақырыптарды зерделеу арқылы, білім алушы зерттеу жоспарын құрастыруды, бақылауды, эксперименттер жүргізуді, нәтижелерді ауызша және жазбаша сипаттауды және бағалауды, қорытынды және тұжырымдама жасауды үйренеді. Ол білім алушының үйде, мектепте, табиғатта бақыланған нысандар мен құбылыстарды түсінуі үшін, алынған білім мен дағдыларды күнделікті өмірде қолдану біліктерін дамытады.

Мысалы, ғылыми жобаларды әзірлеу үшін білім алушыларға күнделікті өмірде практикалық маңызы бар төмендегідей оқыту мақсаттарына назар аудару ұсынылады:

5.6.3.1 - Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерін атау;

5.6.3.2 - өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу;

5.6.3.3 - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының маңыздылығын анықтау;

5.7.1.1 - әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіру;

5.7.2.1 –ғылымдағы болашақ зерттеулер үшін  зерттеу идеяларын ұсыну;

6.3.3.3 - Қазақстандағы пайдалы қазбалардың орындарын және қолдану салаларын анықтау;

6.3.3.4 - Қазақстандағы  пайдалы қазбаларды өндеудің ірі орталықтарын атау және көрсету;

6.3.3.5 - пайдалы қазбалардың өндірілуі  мен  өңделінуінің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;

6.4.2.4 - толыққанды тамақтану рационын құру;

6.4.2.5 - азық-түлік өнімдеріндегі органикалық заттардың болуын тестілеу;

6.5.1.4 - электр энергиясының құнын есептеу;

6.5.1.5 -энергияны алудың баламалы көздерін ұсыну;

6.6.3.1 - өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау;

6.6.3.2 - экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну

6.7.1.1 - әлемді өзгерткен жаңалықтардың маңызын талқылау;

6.7.1.2 - жаратылыстану ғылымдарын дамытуда қазақстандық ғалымдардың үлесін талқылау;

6.7.1.3 - ғылыми зерттеулер бағыттарының болашақтағы дамуына  болжам жасау.

«Жаратылыстану» пәнінің мұғалімдері білім алушының бойында білуге құмарлықты, ой-өрісін, қоршаған әлемді ғылым тұрғысынан түсінуді, табиғи және техногендік байлықты бағалау және қорғауды қалыптастыру қажет.

Ол білім алушының қоршаған әлемнің түрлі нысандары мен құбылыстары туралы білім қорының жинақталуына, түрлі практикалық және зерттеушілік іс-әрекеттер арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысы түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді.

«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5-сыныпта –  аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;

6-сыныпта –  аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

Жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің тамыз отырысында қарастыруға төмендегідей тақырыптар ұсынылады:

1.Білім мазмұнын жаңарту аясында (7-9-сыныптарда) жаратылыстану  пәндері оқу бағдарламасының ерекшеліктері.

2. STEM – білім беру – проблемасы және келешегі.

3. Жартылыстану ғылымдарындағы үштілділік мәселелері.

Жаратылыстану мұғалімдерінің оқу жылы ішінде әдістемелік құрылымдарының (әдістемелік бірлестіктер, жас маман мектебі, педагогикалық шеберлікті жетілдіру мектебі, шығармашылық топтар және т.б.) отырыстарына ұсынылатын тақырыптар:

  1. Жаратылыстану пәндерін оқу және  STEM-білімінің артықшылығы
  2. Қазақстанда өндірілетін жаңартылатын энергия көздері.

3. Жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерін ағылшын тіліндекіріктіріп оқыту әдістемесі: ерекшеліктері, артықшылықтары, әдістері, жүзеге асыру тәсілдері.

«Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан  сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

1

2

2

6-сынып

2

1

2

2

«Физика» пәнін оқыту мақсаты – білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.

«Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

7-сыныпта –  аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;

8-сыныпта –  аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

7-9-сыныптарда «Физика» оқу пәнінің мазмұны 8 бөлімді қамтиды: Физикалық шамалар мен өлшеулер;Механика; Жылу физикасы;Электр және магнетизм; Геометриялық оптика;Кванттық физика элементтері;Астрономия негіздері;Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі.

7-сыныпта «Физика» оқу пәніндетабиғат құбылыстарын қарастырады, физиканың негізгі заңдарымен танысады және осы заңдарды техникада, күнделікті өмірде қолдану деңгейінде оқытылады. Физика мен оның заңдары барлық жаратылыстану саласының өзегі екендігіне басты назар аударылады.

7-сыныптың кіріспе бөлімінде «атом», «материя» және «физикалық термин», «гипотеза» және «эксперимент», «өлшем» және «өлшеу қателігі» «Халықаралық бірліктер жүйесі(SI)», «скаляр және векторлық шамалар» физиканы зерттеу үшін негіз болып табылады. 

«Физика» пәнін оқыту бойынша тақырыптың оқу күрделілігі және тереңдігі деңгейіне назар аудару қажет:

- «7.1.1.7- күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету. Білім алушыларға күрделі емес есептер ұсыну және әртүрлі денелердің қозғалысының нақты мысалында меңгеру үшін «вектор» бастапқы ұғымын енгізу ұсынылады;

  • 7.2.2.8 күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету;
  • 7.2.2.9денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау.

Осы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін практикалық бөлігіне графикалық деректермен жұмыс істеудің әртүрлі нұсқалары берілген тапсырма карталарды енгізу ұсынылады.

7-сыныпта физиканы сапалы меңгеру 6-сыныпта математикадан, 7-сыныпта алгебра және геометриядан алған білімдеріне негізделетініне назар аудару қажет.

Физика және химия пәндерінде: атом, молекула, физикалық және химиялық құбылыстар, масса, дененің агрегаттық күйі тәрізді көптеген ортақ ұғымдар зерттеледі. Осы шамаларды және оларды қолдану мен түсіндіруде бірдей анықтаманы қолдану қажет.

Физика мен биологияның өзара байланысы ретінде жалпы және ішінара пайымдау, табиғаттың біртұтастығын түсіну қабілеті және физика заңдарының әсері туралы білім алушылардың биологиядан алған білімдерін кеңейтуіне көмектеседі. Ол биологияның әдістерін физикамен байланыстырып пайдаланануды қарастыруға ықпал етеді.

Физика пәні сабақтарының басты ерекшеліктерінің бірі – физикалық шамаларды тәжірибе жүзінде анықтау, қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу, көрсеткіштерді оқи білу және нәтижені талдау.

Физика пәнінің негізі физикалық шамаларды тәжірибе жүзінде анықтау, қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу, көрсеткіштерді оқи білу және нәтижені талдау. Сондықтан білім алушылар тәжірибелерді жасап қана қоймай, мәліметтерді жинақтау, талдау, градиентті тәуелділігі мен табуға қатысты кестені құрастыру, тәжірибені өткізуге әсер ететін факторларды анықтау және оның нәтижесін көре білуі керек. Сондағана білім алушы зерттеу жолын жеке меңгереді және қандай да болмасын физика заңдылығына қатысты қорытынды жасай алады. «Орындалуға міндетті практикалық және зертханалық жұмыстар тізімі» білім алушыларға пән бойынша жаңа білім алып, зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретіндей етіп іріктелген.

7-сыныпқа «Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу», «Жазық фигураның массалар орталығын анықтау» атты екі зертханалық жұмыс қосылды. Барлығы 10 зертханалық жұмыс және 22 практикалық жұмыс қамтылған.

8-сыныпта үш бөлім яғни «Жылу физикасы», «Электр және магнетизм», «Геометриялық оптика» оқытылады.

Қолданбалы материалды теориялық зерделеу кезiнде оның мазмұны, негiзiнен, адамзат қоғамындағы жаратылыстану ғылымдарының рөлiн көрсетуге, білім алушылардың ғылым жетiстiктерiн әртүрлi көзқарас тұрғысынан бағалай алуға, ғылыми-техникалық прогреске байланысты туындайтын экологиялық проблемаларды түсiнуге бағытталатыны қарастырылады.

Физикалық заңдарды тұжырымдау мен оларды түсіндіруде математикалық аппаратты қолдануына назар аударылады. Математиканың физикамен байланысының айқын мысалының бірі – физикалық шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті және функциялар графигін пайдалану.

«Физика» мен «Химия» ғылым ретінде бір-бірін өзара толықтырып отырады. Өйткені, бұл екі ғылым табиғаттағы құбылыстар мен процестерді өз тұрғыларынан қарастырады. Физика мен химия үшін өте маңызды ортақ ұғымдардың қатарына зат, масса, салмақ, энергия ұғымдары, сондай-ақ энергияның, электр зарядының, электр өрісінің сақталу және айналу заңы, молекулалық-кинетикалық және электрондық теория жатады.

Физика мен химияның пәнаралық аса маңызды теориялық байланыстары екеуінде бірдей: атом құрылысы теориясын оқып үйренуде айқын көрініс алады.

Сабақта жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан білім алушының белсенділігін арттыру ұсынылады. Технология, медицина, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен энергетиканың әртүрлі саласындағы жетістіктер ғылыми идея мен ғылыми прогресс дамуының жарқын мысалдары болып табылады.

Мысалы оған төмендегідей мақсаттар берілген:

  • техникада және тұрмыста жылу беру түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіру;
  •  әртүрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар келтіру;
  • жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау;
  • жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін бағалау;
  •  Қазақстанда және дүниежүзінде электр энергиясын өндірудің мысалдарын  келтіру.

Білім алушылардың базалық білімдерін практикада бекіту зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау кезінде жүзеге асырылады.

8-сыныптыңзертханалық жұмысында №3«Ауаның ылғалдылығын анықтау»зертханалық жұмысы алынып тасталып, оның орнына № 6 «Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосуды зерделеу» зертханалық жұмысы екіге бөлініп, №5 «Өткiзгiштердi тiзбектей қосуды зерделеу»зертханалық жұмысы және №6 «Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу»зертханалықжұмысы берілген. Барлығы 10 зертханалықжұмыс және 30 практикалық жұмыс қамтылған.

Физика пәнінің мұғалімдерінеғылыми тілді қалыптастыру мақсатында білім алушылардың сөздік қорын байыту, үш тілдегі физикалық терминдермен таныстыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу;физикалық процестерге диаграммалар, сызбалар, жалпылама және талдау кестелерін жасай білу дағдыларын, баяндау, сипаттау, салыстыру, графикті талдау, қорытынды жасау және жалпылама қорыту (жазбаша және ауызша) дағдыларын қалыптастыру;есептердің шешімін сауатты ресімдеуге назар аудару;жүргізілген практикалық және зертханалық жұмыстар бойынша кеңейтілген жазбаша есептерді немесе ауызша баяндамаларды дайындай білуді дамыту; білім алушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, олардың пікірлерінің қисындылығы және дәлелдермен түйінделу дәрежесін арттыру ұсынылады. Ол үшін сабақты жоспарлау кезінде белгілі бір біліктілік, дағдыларды қалыптастырытын қолайлы тақырыптарды таңдау қажет.

Зертханалық және практикалық жұмыстың қажетті көлемін орындау үшін ақпараттық және компьютерлік технологияларды (виртуалды жұмыс) пайдалану ұсынылады.

Зертханалық және практикалық жұмыстарды әзірлеу кезінде эксперименттік деректер мен қортындыны жасауға басты назар аудару қажет.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мұғалімдерге көмек ретінде білім мазмұнын жаңарту аясында «Физика» (7-9-сыныптар)оқу пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдамалар әзірледі. Әдістемелік ұсынымдамаларды Академияның сайтынан (www.nao.kz) алуға болады.

«Физика» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан  сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

3

2

2

3

8-сынып

2

2

2

1

«География» пәнінің мазмұны:

- білім мен білік; жоспарлау дағдылары; талдау мен өңдеу; түсіндіру; жүйелеу; алгоритм бойынша жұмыс істеу; зерттеушілік, тәжірибе-эксперименттік дағдыларды жетілдіру;

- бағалау мен қорытынды жасауды тиянақтау; әлемнің заманауи ғылыми-жаратылыстану бейнесінің негізін қалаушы түсініктерді, заңдылықтарды, теориялар мен принциптерді, табиғатты танудың ғылыми әдістері, табиғатты, экономиканы және қоғамды кешенді зерделеу негізінде адамзаттың жаһандық және жергілікті проблемаларын түсіну;

- экологиялық мәдениеттің, ғылыми, жобалық және кеңістіктік ойлаудың дамуы;

- патриоттық сезімді, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу;

- білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану бағыттары бойынша кәсіптік бағдарын жүзеге асыру тәрізді жүйелі-әрекеттік нәтижелердің функционалды қалыптасуына қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.

Бағдарламаның шиыршықты құрылымына байланысты 8-сыныптағы пән мазмұны білім алушылардың өткен оқу жылында алған білімдері мен дағдыларын одан әрі тереңдетеді және дамытады.

«Географиялық зерттеу әдістері» бөлімінде географиялық ақпаратты визуалдау, өз зерттеулерінде далалық, картографиялық, теориялық әдістерді қолдану, сандық және сапалық деректерді өңдеу мен талдау, еліктемелік (иммитациялық), графиктік, мәтіндік, математикалық және басқа да модельдер құрастыру, жұмыс нәтижесін түрлі формада ұсыну дағдыларын одан әрі дамытуға көңіл аудару қажет.

«Картография және географиялық деректер базасы» бөлімінде білім алушыларды тақырыптық карталарды жіктеуді және оқуды, сонымен қатар оларды қосымша сипаттайтын профиль, диаграмма, график, кесте тәрізді элементтерін құрастыруды үйрету қажет. Географиялық номенклатура нысандарымен жұмыс істеу дағдалырын дамытуды жалғастыру ұсынылады. Білім алушылар тілдік дағдыларын дамытуларымен қатар, сәйкес түсініктемелер бере отырып географиялық нысандарды картадан батыл көрсетуді де үйренулері тиіс. Егер 7-сыныпта бұл бөлім бойынша географиялық деректердің кесте түріндегі қарапайым базасын жасау қарастырылған болса, 8-сыныпта оқытудың сәйкес мақсаттарына қолжеткізуде АКТ біртіндеп қолдану қарастырылған.

7-сыныпта «География» оқу пәні аясында «Физикалық география» бөліміне өлкетанудың «Туған өлкенің флорасы мен фаунасы» және «Туған өлкемнің визит карточкасы: өлкетанудың деректер базасын әзірлеу» тақырыптары кіріктірілді. Бұл тақырыптарды оқу барысында өлкеге тән өсімдіктер мен жануарларды анықтау, оларды қорғау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегіменөлкенің деректер базасын құрастыру ұсынылады.

7-сыныпта «Литосфера» бөлімі бойынша жер қыртысының құрылысы, ірі геотектуралар оқытылады. 8-сыныпта тақырып жер бедері түрлерінің, тау жыныстары мен минералдардың, пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтарын оқумен жалғастырылады. Бұл бөлімді жергілікті жер бедерінің тұрғындардың тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға берумен қорытындылау ұсынылады. Білім алушылардың өз ойларын дәлелді жеткізулеріне көңіл аудару қажет.

7-сыныпта «Атмосфера» бөлімінде метеорологиялық құбылыстар, ауа райы мен оның элементтері зерделенеді. 8-сыныпта жер шарының түрлі бөліктеріндегі климаттың ерекшеліктерін қарастыру ұсынылады. Сонымен қатар, климатты, атмосфераның ғаламдық циркуляциясы оқытылады.

7-сыныпта «Гидросфера» бөлімндеі Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктерін оқудан басталады да, құрлық суларын оқумен жалғастырылады. Бұл тақырыпты оқу барысында қазақстандық және жергілікті компонентті қосымша қамтуға баса назар аударылуы тиіс.

«Биосфера» бөлімі бойынша 7-сыныпта биосфераның, топырақтың құрамы мен құрылымы, ал 8-сыныпта табиғат зоналары мен Жердің биіктік белдеулері оқытылады. Сонымен қатар балалар өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғаудың қажеттілігін дәлелдейді, қорғау жолдарын ұсынады.

«Табиғи-аумақтық кешендер» бөлімі бойынша өткен оқу жылында «Табиғи-аумақтық кешендер» ұғымы, олардың пайда болу шарттары мен мысалдары, кеңістіктік рангтары анықталған болатын. Биылғы оқу жылында білім алушылар географиялық қабықты планетарлық масштабтағы табиғи-аумақтық кешен ретінде және оның даму заңдылықтарымен танысады.

7-сыныпта «Халық географиясы» бөлімі бойынша адамзаттың нәсілдік және діни құрамы оқытылады. 8-сыныпта халық санының және құрылымының негізгі көрсеткіштерін есептеу арқылы дүниежүзіндегі, Қазақстан Республикасындағы және өлкедегі демографиялық жағдайды анықтау бойынша жүйелі әрекет басталады.

«Табиғи ресурстар» бөлімі бойынша 7-сыныпта «табиғи ресурс» ұғымы, оларды жіктеудің негізгі тәсілдері мен шоғырлану орындарына көңіл аударылады. 8-сыныпта білім алушылар табиғат ресурстарын экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалайды, дүниежүзінің жекелеген аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуетін анықтайды.

«Әлеуметтік-экономикалық ресурстар» бөлімінде көлік және әлеуметтік инфрақұрылым туралы білім беріледі. 8-сыныпта сауда және қаржы инфақұрылымы оқытылады.

«Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы» бөлімінде білім алушылар дүниежүзі шаруашылығын өнеркәсіп және ауыл шаруашылығына жіктеудің қарапайым түрімен танысады. 8-сыныпта дүниежүзілік шаруашылықты өндіруші, өңдеуші және қызмет көрсету салаларына жіктеуді, сонымен қатар аталған салалардың қызметін ұйымдастыру түрлеріне сипаттама беруді, түрлі салалардың өнеркәсіпті орналастыру факторларына талдау жасауды, дүниежүзі шаруашылығы салаларын жоспар бойынша сипаттауды үйренеді.

«Елтану және саяси география негіздері» бөлімінде 7-сынып білім алушылары дүниежүзі елдерінің географиялық және экономикалық-географиялық жағдайына баға беру ерекшеліктерін зерделейді. 8-сыныпта дүниежүзінің саяси картасын, оның негізгі нысандары мен олардың ерекшеліктерін, картадағы сандық және сапалық өзгерістерді, дүниежүзі елдерінің саяси ынтымақтастығының қажеттілігі мен ерекшеліктерін оқиды.

Пәннің үлгілік оқу бағдарламасында шиыршықты оқу мақсаттары қарастырылған. Бағдарламаның бірінші және екінші бөлімдеріндегі мақсаттар әр бөлімде қайталанып отырады. Оларды оқу және дамыту екі рет, яғни: бірінші рет – бірінші тоқсанда дербес тақырыптар мен сабақтар ретінде, екінші рет – келесі бөлімдердің барлық тақырыптарын оқу барысында шиыршықты мақсаттар ретінде жүзеге асырылуы арқылыжүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Тапсырмалардың белгілі бір бөлігі оқу бағдарламасындағы «Географиялық зерттеу әдістері» мен «Картография және географиялық деректер базасы» бөлімдерінің шиыршықты мақсаттарын жүзеге асыруды қарастырады, сонымен қатар барлық бөлімдердің оқылатын тақырыбының мақсаттарын толықтырады. Бұл мақсаттар бойынша әр сабақтың тәжірибеге бағытталуын қамтамасыз ететін зерттеушілік және картографиялық дағдыларды қалыптастыруға арналған тапсырмаларды әзірлеуді қарастыру қажет.

8-сыныпта материктердің ерекшеліктері зерделенеді. Оқытудың стандарттық, ақпараттық тәсіліне қарағанда, жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы оқытудың белсенді мақсаттары арқылы планетаның материктерін әрекетті зерделеуді талап етеді. Бұл білім алушылардың әр түрлі ақпарат көздерін және салыстыру, талдау, бағалау және жинақтау тәрізді ойлау операцияларын қолдана отырып, әрбір материктің ерекшелігін анықтайды.

«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында үлгілік оқу жоспарында қазақстандық және өлкетанулық материалдарды қамту қарастырылған.

Мұғалімнің білім алушылардың танымдық қызығушылық ерекшеліктеріне сәйкес келетін неғұрлым қызықты және шығармашылық тапсырмаларды таңдау мүмкіндігі бар.

Білім алушыларды әртүрлі географиялық ақпарат көздерімен, олардың ішінен қажетті ақпаратты табу, оны талдау және түсіндіру, бағалау және қойылған мақсатқа жету үшін қолдану тәрізді жұмыс түрлерін істеуге үйрету маңызды болып табылады.

Негізгі оқу материалы сабақта меңгерілуі тиіс екеніне көңіл аударамыз. Оқылмаған материалды, сонымен қатар географиялық номенклатура нысандарын үйде оқуға тапсыру мүмкін емес. Үй тапсырмасының басты қызметі – сабақта меңгерілген білім мен біліктерді бекіту болып табылады.

 7-сыныпқа арналған «География» оқу пәнінің «Физикалық география» бөліміне өлкетану бойынша екі тақырып енгізілді: «Туған өлкенің флорасы мен фаунасы» және «Менің өлкемнің визит карточкасы:өлкетанулық деректер қорын дайындау». Аталған тақырыптарды оқыту кезінде өзінің туған өлкесіне тән өсімдіктер мен жануарларды зерттеу бойынша ұжымдық жұмыстарды, оларды қорғау жөнінде іс-шараларды ұйымдастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен өлкенің деректер қорын жасау ұсынылады.

«География» пәні бойынша жиынтық бағалау  рәсімдерінің саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан  сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

3

2

3

3

8-сынып

3

2

3

3

7,8-сыныптарда жаңартылған білім мазмұны бойынша «Химия» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

Химия – заттар және олардың бір-біріне айналуы туралы ғылым.

Химия органикалық және бейорганикалық заттардың құрамын, заттардың құрылымын, химиялық энергияның жылу, электр, жарық тағы басқа энергияларға өту құбылыстарын зерттейді.

«Химия»оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 7 сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты;

2) 8 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

Оқу пәнінің мазмұны бес бөлімді қамтиды:

1) заттардың бөлшектері;

2) химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;

3) химиядағы энергетика;

4) химия және қоршаған орта;

5) химия және өмір.

Жаңартылған мазмұндағы бағдарлама бойынша жаңадан қосылған бөлімдер:

Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі;

Адам ағзасындағы химиялық заттар;

Геологиялық химиялық қосылыстар;

Химиялық реакциялардағы энергиямен танысу.

7-сыныпта жаңартылған мазмұндағы бағдарламаға «Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі» тақырыбындазаттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан оқыту тұңғыш рет енгізілді, бұл білім алушыларға заттардың құрылысы мен қасиеті арасында себеп-салдар байланыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. Мұғалімдерге ескеретін жайт кесте, диаграмма, суреттер, графиктер түрінде берілген ақпаратты құруға көбірек көңіл бөлу керек, білім алушыларға  физика мен математика сабақтарында қалыптасқан  дағдыларды қолдана отырып, тәжірибе барысында температураны өлшеп және өздерінің бақылауларын жалпылап, сәйкес қызу және салқындау үрдістерінің графиктерін құрастыруды ұсынуға болады.

«Адам ағзасындағы химиялық элементтер» бөлімі химия пәні бағдарламасына жаңадан қосылып отыр, бөлімде қоректік заттар, адам ағзасындағы химиялық элементтер (О, С, Н, N, Ca, P, K), химиялық элементтердің тірі және өлі табиғаттағы таралуы, адам ағзасындағы микро- макроэлементтердің биологиялық рөлі, тыныс алу үдерісі, тамақтану теңгерімі ұғымдары берілген. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулу мақсатында «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау» № 4 практикалық жұмысы, «Тыныс алу үдерісін зерттеу» № 11 зертханалық тәжірибе ұсынылған.

Бұл жаңа бөлімде өмірдегі маңызды биологиялық процестер химиялық тұрғыда қарастырылады. Биология курсынан алған білімді пайдаланып, білім алушылар адам ағзасының химиялық құрамын біледі, адам ағзасына қажетті заттарды білетін болады. Мұнда  сондай-ақ  адам ағзасына кері әсер ететін зиянды заттар туралы мәліметтер беріп, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттауға көңіл бөлу қажет.

Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына «Тағам құрамынан қоректік заттарды анықтау»деп аталатын жаңа практикалық жұмыс енгізілген.

Бұл практикалық жұмысты жүргізе отырып білім алушылар тағамдық өнімдердің бір қатарын: қант, крахмал, (көмірсулар), нәруыз, майларды анықтайды және олардың адам ағзасының тіршілігі үшін маңыздылығын түсінеді. Бұл тақырып бағдарламаға білім алушыларға функционалдық білім бере отырып, алған теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, өмірге дайындау қағидасына сай енгізіліп отыр. Сондықтан дұрыс тамақтану-денсаулықты сақтаудың бірден бір жолы екенін үйрету ұсынылады.

«Геологиялық химиялық қосылыстар» бөлімі де жаңадан енгізіліп отыр. Бұл жаңа бөлімде пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар, табиғи ресурстар, кен орны, кен, кеннің құрамы, минералдар, табиғи ресурстарды өндіру, металдарды алу, Қазақстанның пайдалы қазбалары, минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері ұғымдары оқытылады.

«Геологиялық химиялық қосылыстар» бөлімінде білім алушыларға «Жаратылыстану» және «География» пәндерімен байланыстыра отырып,  Жер қыртысының химиялық құрамына, еліміздегі кен орындарының көптігіне көңіл бөліп, білім алушылардың елге, жерге деген сезімдерін ояту арқылыпатриоттық тәрбие беруді назарда ұстау қажет.

8-сыныптың оқу бағдарламасында жаңадан қосылған «Химиялық реакциялардағы энергиямен танысу» бөлімінде экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар, термохимиялық реакциялар әртүрлі отындардың потенциалы, қоршаған ортаға әсері, энергия өзгерісі кинетикалық бөлшектер теориясы тұрғысынан оқытылады, сонымен қатар жылыжай әсерінің пайда болу себептері мен оны шешу жолдары қарастырылады.

Жанатын бөліктің басты өнімі көміртек, ол көп мөлшерде жылу бөліп шығарады. Кейде көміртек қосылыстары шала жанған кезде өмірге қауіпті улы газ-иіс газы СО және күйе түзіледі. Мұндай жану өнімдері өте қауіпті екенін еске сақтауды ескеру қажет.

Термохимиялық теңдеулерді жазғанда заттардың агрегаттық күйлерін әріппен белгілеуге назар аудауу қажет, мысалы:

Н2(г) + Cl2 (г) =2HCl (г) +184 кДж

N2(г) + О2(г) = 2NO(г) -180 кДж

Жаңартылған мазмұндағы бағдарламада химиялық тәжірибеге көбірек көңіл бөлінеді. Ол оқушыларда заттармен жұмыс жасай алатын арнайы пәндік дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ заттармен тұрмыста және өндірісте қауіпсіз және экологиялық сауатты жұмыс жасауға үйретеді.

8-сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша 10 зертханалық тәжірибе берілген. Оның ішінде жаңадан енгізілген зертханалық тәжірибелер:

№ 2 зертханалық тәжірибе «Әрекеттесуші заттар массасының арақатынасы»;

№ 4 зертханалық тәжірибе «Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар»;

№ 10 зертханалық тәжірибе «Судың кермектігін анықтау».

№ 2 «Әрекеттесуші заттар массасының арақатынасы» зертханалық тәжірибесінде білім алушылар реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құрып, әрекеттесетін заттар қатынасын эксперименттік жолмен анықтай алады. Тәжірибеден соң мұғалім реакция теңдеуін дәптерге жазып, реакция түрін анықтауды ұсыну қажет.

№ 4 зертханалық тәжірибе «Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар» «Химиялық реакциядағы энергиямен танысу» бөлімінде берілген. Бұл зертханалық тәжірибеде білім алушылар экзотермиялық және эндотермиялық реакциялардың жүру механизмімен танысып, әртүрлі жанғыш заттардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін зерттейді. Жылу бөлінгенін байқау үшін сынауықты абайлап қолмен ұстап көрсету керек.

№ 10 «Судың кермектігін анықтау» зертханалық тәжірибесінде судың «кермектігін» анықтайды және оны жою тәсілдерін түсіндіреді. Бұл тәжірибеде білім алушыларға қарапайым сабынның көмегімен судың кермектігін анықтауға мүмкін екенін дәлелдеуге болады. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету қажет. Мысалы, жуыну үшін, киім-кешектерді жуу үшін қандай суды пайдалану қажет, кәдімгі құбыр суында сабын жақсы еруі үшін не істеуге болады деген сұрақтарды қою керек.

Жаңартылған бағдарламада теориядан тәжірибеге бағытталған мақсаттар зертханалық және практикалық жұмыстардың көбейтілуімен айқындалады. 7-8- сыныптардағы практикалық жұмыстар, зертханалық тәжірибелердің саны кестеде берілген.

7-8 сыныптардағы практикалық жұмыстар, зертханалық тәжірибелер мен көрсетілімдердің саны:

Жұмыс түрлері

7-сынып

8-сынып

Демонстрациялар

-

4

Зертханалық тәжірибе

11

10

Практикалық жұмыстар   

4

8

Оқу жылы бойында химия пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктеріне төмендегідей тақырыптар ұсыныс ретінде беріледі:

Химияны оқыту практикасында заманауи дидактикалық тәсілдерді енгізу. Оқытудағы жүйелік әрекет және тұлғаға бағытталған тәсілдер. Оқушылардың оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамыту. Пәнішілік және пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Интербелсенді оқыту әдісі және химия сабақтарында білім беру саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру әдістері.

Білім мен дағдыларды түзету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту. Химия пәніндегі мониторинг және бағалау жұмыстарына білім алушылардың ұйымдастырушылық және білімділік қабілеттерін қалыптастыру. Тиімді кері байланыс, өзара бақылау, өзін-өзі бағалау, пәнді оқытуда анықталған кемшіліктерді жою бойынша жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру.

Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі химия пәнін оқытуда  ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін дамыту және білім сапасын арттыру мақсатында химия сабақтарында қазіргі заманғы технологияларды және оқу-әдістемелік кешендерді пайдалану. Медиа білім беру құзыреттілігін қалыптастыру: талдау, бағалау, ақпаратты пайдалану, оны түсіндіру және жаңа мәселелерді шешу үшін қолдану. Компьютерлік технологияларды пайдалана отырып химиялық эксперименттерді модельдеу әдістері (виртуалды зертхана).

Академия мұғалімдерге білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу жағдайына әдістемелік ұсынымдамалар дайындады. Ұсынымдамалар Академияның сайтына орналастырылған.

«Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан  сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

2

2

2

2

8-сынып

3

3

3

3

«Биология» оқу пәнін оқытуда оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер
«Биология» пәні жаратылыстану ғылымдарының құрамдас бөлігі ретінде оқушыларға қоршаған ортаның көптүрлілігі мен эволюциясы туралы білім береді, тірі ағзалардың даму заңы мен заңдылықтарын қарастырады, сонымен қатар әлемнің таңғажайып құбылыстарын оқып-тануға және зерттеуге мүмкіндік береді.

«Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы  оқушыларға алған білімдерін нысандар мен ақпаратты бақылау, топтастыру, жүйелендіру, салыстыру, талдау, себеп-салдарлық байланыстарды орнату сияқты дағдыларын дамыту үшін қолдануға көмектеседі.

«Биология» пәнінің мақсаты – оқушыларға органикалық дүниенің көптүрлілігі, ондағы болып жатқан құбылыстар мен үдерістердің заңдары мен заңдылықтары, сонымен қатар адам оның ажырамас бөлігі туралы білім мен түсінік жүйелерін қалыптастыру.

«Биология» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының негізі оқытудың төрт бөлімін қамтиды: «Тірі ағзалардың алуантүрлілігі, құрылымы және функциялары»; «Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік»; «Эволюциялық даму, ағза және қоршаған орта»; «Кіріктірілген қолданбалы ғылымдар».Биология бойынша білім беру бағдарламасы оқытудың бастапқы сатыларының өзінде пән туралы бүтіндей түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Биология бойынша оқу бағдарламасына (7,8-сыныптарда) мынадай бөлімшелер енгізілді: «Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары», оның шеңберінде тұқым қуалайтын және жүре пайда болған белгілері қаралады, «Микробиология және биотехнология» – микроорганиздер, антибиотиктер және антисептиктер туралы түсініктер енгізіледі.

Аталған бөлімшелерді оқыту оқушыларды қоршаған ортаны түсіну, сонымен қатар жоғары сыныптарда пәнді барынша тереңірек одан әрі зерделеуге көмектеседі.

Демек, оқушылар ағзалардың әртүрлі топтарына тән биологиялық процестер мен құбылыстарды бір мезгілде зерделеу және салыстыру мүмкіндігін алады.

Оқу бағдарламасының мынадай бөлімдері бойынша тақырыптарды зерделеудің күрделілік және тереңдік деңгейіне назар аудару керек:

  • «Тірі ағзалардың әралуандылығы» – оқушыларды ағзалардың әр түріне арналған анықтау-кілттерін құрастырған кезде дихотомия әдісін оқыту.
  • «Қорек» – адамның ас қорыту жүйесі бойынша білім негіздерін қалау (аталған тақырыпты оқушылар 9-сыныпта барынша толық зерделейтін болады).
  • «Жасушалық цикл» – генетикалық материал туралы түсінікті енгізу (химиялық формуланы ғана және ДНҚ-мен байланысты оқушылар 10-сыныпта жан-жақты зерделейтін болады).

Сабақтарды жоспарлаған кезде практикалық дағдыларды дамытуға бағыталған белсенді оқыту әдістерін көбірек қарастыру керек.

«Биология» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

7-сыныпта: аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты.

8-сыныпта:  аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.

Мұғалімдер назарына!!!

Оқу бағдарламасы бойынша 7 және 8- сыныптарда қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары міндетті түрде жүргізілуі тиіс.Себебі қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары оқушының ізденіс қабілеттерін арттыруға мүмкіндік жасайды. Модельдеу жұмыстары оқушының өзіндік ғылыми ізденіс жұмысына бағытталған  болғандықтан тоқсанның басында беріледі, оны орындау үшін нақты уақыты айқындалады. Сонымен қатар берілген жұмыстар бағаланады. Оқу бағдарламасы бойынша бойынша қарастырылған демонстрациялық жұмыстар бағаланбайды (мұғалім кез-келген ақпарат көзін пайдалана алады).Жаңартылған бағдарлама бойынша 7 сыныпта 14 зертханалық жұмыс, 4 модельдеу жұмыстары қарастырылған

 

 

Зертханалық жұмыстар

Модельдеу

Демонстрация

1-тоқсан

3

1

-

2-тоқсан

4

1

-

3-тоқсан

2

-

-

4-тоқсан

5

2

-

Барлығы

14

4

-

 

8- сыныпта 14 зертханалық жұмыс, 2 модельдеу, 2 демонстративтік жұмыс қарастырылған, оның ішінде қолданыстағы  бағдарламада 8-сыныптан – 3 жұмыс алынған. 11 зертханалық жұмыс жаңадан қосылған.

               

Зертханалық жұмыстар

Модельдеу

Демонстрация

1-тоқсан

5

1

1

2-тоқсан

3

-

-

3-тоқсан

6

 

1

4-тоқсан

-

1

 

Барлығы

14

2

2

Оқушылардың сыни және шығармашылықпен ойлауын, сонымен қатар көптеген эксперименттік және тәжірибелік дағдыларын дамыта отырып, проблеманы шешуде шығармашыл тәсілдерді қолдануды қолдайды. Бұл пәнді оқу барысында оқушылардың зертханалық құрал-жабдықтарды қолдану мен эксперимент жүргізу дағдылары дамиды.

Басты назар әлеуметтік және тұлғалық маңызы бар мәселелерді, ғылым жетістіктері мен ашылымдарды түсінуге қабілетті жан-жақты ақпараттанған, сын тұрғысынан ойлайтын азамат тәрбиелеуге назар аудару қажет.

Білім саласы бойынша қолданбалы курстарға немесе таңдау курстарына ұсынылатын тақырыптар: «Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер», «Әлемнің ғылыми-жаратылыстану эволюциялық бейнесі», «Биологиядағы математикалық модельдер және әдістер», «Тамақтану және денсаулық», «Экологиялық этика»,«Биология және денсаулық», «Әлемнің заманауи ғылыми-жаратылыстану бейнесі», «Биологиялық белсенді қоспалар», «Бәрі біздің түп-тұқиямызда (генетика негіздері бойынша)», «Әлемнің інжу маржаны (7–9-сынып қыздарына арналған курс)», «Менің денсаулығым – менің қолымда», «Тірі жасуша жұмбақтары», (Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары», «Биологияның проблемалары», «Жасушалар және тері», «Үй іргесіндегі телім», «Биогеография проблемалары», «Тері – денсаулық айнасы», «Заманауи микробиология», «Нанотехнологияға кіріспе».

Мұғалімдердің өз білімін жетілдіруіне шығармашылық және әдістемелік бірлестіктерге әдістемелік тақырыптар ұсынылады: «Биология сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру», «Биология және химия сабақтарында кіріктіріп оқытуды қолдану», «Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру», «Оқу еңбегінің дағдыларын қалыптастыру және ұйымдастырудағы рефлексияның рөлі», «Биология сабақтарында оқушы тәрбиесіндегі экологиялық бағыт», «Сабақта білім алушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту», «Ойлау әрекетін белсендендіру кұралы ретінде жаңа материалды зерделеудегі проблемалық тәсіл», «Оқушының белсенді өздік жұмысы арқылы проблемалық жағдайларды жасау», «Оқушылардың сабақта және сабақтан тыс уақыттағы ғылыми және жобалық жұмыстары», «Оқушыларды олимпиадаға дайындау әдіс-тәсілдері», «Оқу процесін  жаңғырту жағдайында сабақтарға ақпараттық технологияларды қолдану».

Тақырыптар мұғалімдердің мүмкіндіктері және жағдайларына байланысты өзгертілуі мүмкін.

«Биология» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан  сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

3

3

3

3

8-сынып

3

2

3

3

«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер
Негізгі орта білім беру деңгейінде тарихты оқыту:
 
  • білім алушыларда тарихи сананы, толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсетуді, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық, ұлттық және жалпыадами құндылықтарды қалыптастыруға, ойлау, коммуникативтік және зерттеу дағдыларын дамытуға;
  • білім алушыларды ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне тарту, қазақ халқының мәдени және тарихи мұрасының құндылығы мен ерекшелігін түсіну, мәдени әртүрлілікті бағалау қабілеттілігін қалыптастыруға бағытталған.

2018/2019 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламалары қолданылады:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы «25 » қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының  2017 жылғы «25 » қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген  Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.

Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған (https://www.nao.kz /Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары./ Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары Қазақстан тарихы. Дүниежүзі тарихы)

2018-2019 оқу жылында тарих пәндері бойынша 5-8 - сыныптарда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары енгізіледі.

«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу бағдарламасының білім мазмұны хронологиялық реттілікпен берілген (көне дәуірден бүгінгі күнге дейін) және әлеуметтік қатынастардың дамуы, мәдениеттің дамуы, мемлекеттің дамуы, экономикалық даму бөлімдерін қамтиды.

Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:

  • тарихи пәндер мазмұнының қөлемі тақырыптық бөлімдерді біріктіру арқылы ықшамдалған;
  • тарихи пәндер арасындағы пәнаралық байланыс іске асырылған. Бұл оқу материалдарын қайталамауға және Қазақстан тарихын әлемдік тарихи үдерістер контекстінде қарастыруға мүмкіндік береді;
  • тарихи ойлау дағдыларын (тарихи үдерістер мен құбылыстарды зерттеу, талдау, түсіну және түсіндіру) дамытуға бағытталған;
  • білім алушыларда тарихи сана, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға септігін тигізетін материалдарды зерделеуге ерекше көңіл бөлінген.

Білім алушылардың дайындығына қойылатын талаптар:

Күтілетін пәндік нәтижелер әр бөлімдер мен тақырыптар бойынша анықталған оқу мақсаттары түрінде берілген. Күтілетін нәтижелердің (оқу мақсаттарының) тақырыптық мазмұнға сәйкес нақыталануы білім алушыларда пәндік білім мен дағдыларды нақты оқу материалы негізінде қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Негізгі орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері мазмұнының жаңа құрылымы (сыныптар бойынша тарихи кезеңдерді бөлу) ұсынылады:

  1. - сынып – ежелгі заман (шамамен 2 млн жыл бұрын – V ғасыр)
  2. - сынып – ортағасырлар кезеңі (V -  XVII ғасырлар);
  3. - сынып – жаңа заман кезеңі (XVIII -XIX ғасырлар);
  4. - сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың бірінші жартысы);

9 - сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың екінші жартысы – бүгінгі күнге дейін).

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жаңа оқу бағдарламасына сәйкес 2017-2018 оқу жылынан бастап 5- сыныпта «Қазақстан тарихынан әңгімелер» оқытылмайды. Бұл бастауыш мектептегі «Дүниетану» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасындағы білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі маңызды тарихи оқиғаларын зерделеуге ерекше назар аударылғанымен байланысты. Сондықтан да 5-сыныптың жаңа оқу бағдарламасында отандық тарихтың барлық курсы емес, тек қана Қазақстанның ежелгі заман тарихы (дүниежүзі тарихымен қатар) оқытылады. Сонымен, Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы пәндерін жүйелі түрде оқу 5- сыныптан басталады.

 Назар аударыңыздар!

2018-2019 оқу жылында тарих пәндері бойынша 5,7-сыныптармен қатар, 6,8 - сыныптарда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларын енгізу барысында қолданыстағы және жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары мазмұнында хронологиялық кезеңдердің сәйкессіздігі орын алады.

71-кесте – Оқу бағдарламаларын салыстыру

Қолданыстағы бағдарламалар

Білім мазмұны жаңартылған бағдарламалар

5-сынып – Қазақстан тарихынан әңгімелер

5-сынып – Ежелгі заман тарихы

6-сынып – Ежелгі заман тарихы

6-сынып – Орта ғасырлар тарихы

7-сынып – Орта ғасырлар тарихы

7-сынып – Жаңа заман тарихы

8-сынып – Жаңа заман тарихы

8-сынып – Қазіргі заман тарихы

(ХХ ғасырдың бірінші жартысы)

9-сынып – Қазіргі заман тарихы

9-сынып – Қазіргі заман тарихы

(ХХ ғасырдың екінші жартысы – бүгінгі күнге дейін )

6-сыныпта ежелгі заман тарихын оқыған білімалушылар 2018-2019 оқу жылында 7- сыныпқа өткен кезде жаңартылған бағдарламаға сәйкес орта ғасырдағы тарих курсын оқымай жаңа замандағы тарихты бастап оқып кететін жағдайда болады.

Осы жағдайды болдырмау үшін, «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша білім мазмұнынында сабақтастықты сақтау мақсатында білім берудің жаңартылған мазмұнын кезең-кезеңмен енгізу үрдісінде 7-сыныпта 6-сыныптың жаңартылған бағдарламасы қолданылатын болады (орта ғасыр тарихының кезеңі).

Сонымен қатар, «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерін оқуда бірізділік пен сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында 8- сыныпта 7-сыныптың жаңа бағдарламасы енгізілетін болады (жаңа заман тарихы кезеңі).

«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері:

Қазақстан тарихы бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған.

«Қазақстан тарихы»оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 5- сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
  2. 6-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
  3. 7-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
  4. 8-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды.

Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:

5-8-сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Қазақстан қоғамының ежелгі дәуір, орта ғасырдағы және жаңа замандағы әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдері оқытылады.

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында тарихты оқыту – оқу мақсаттарын анықтау, оқыту мазмұнына сәйкес материалдарды саралау, оқытудың тиімді әдістерін анықтауды қажет етеді. Сондықтан, жаңартылған білім мазмұны бойынша «Қазақстан тарихы» пәнін тарихи түсініктер негізінде оқыту ұсынылады:

Оқыту келесі түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:

  1. өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгеріске ұшырады)
  2. себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар саяси үдерістерге әсер етті);
  3. дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);
  4. ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар);
  5. маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы неде);
  6. интерпретация (мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі зерттеушілер қалай сипаттайды).

Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі.

Тарихи түсініктерге сүйене отырып, тарихи материалдарды талдауды жүзеге асыру ұсынылады. Нәтижесінде, білімалушылар тек қана пәндік материалды ғана емес, зерттеу үдерістері, дағдылар және біліктермен байланысты әдістерді игереді (материалдарды жинау мен реттеу әдістері, сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасау үдерісінде мәселені қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, зерттеу жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру).

2018-2019 оқу жылынан бастап 5,6,7-сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәні мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктіріліп оқытылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде әзірленген «Өлкетану» материалдарын оқыту:

- білім алушыларда ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыруға;

- туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралы білімдерін кеңейту;

- туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;

- туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған.

Өлкетану материалдары 5,6,7-сыныптарда, яғни әр сыныпта 4 сағаттан 12 сағат көлемінде оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспарына енгізілді. Оқу бағдарламасы бойынша тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану» материалдарын әр сынып бойынша кіріктіріп оқыту ұсынылады.

Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері:

Өлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың маңызды міндетін орындайды. Өлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени ақпарат көзінің бірі. Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді

5-сыныпта: «Өлкенің тарихи ескерткіштері», «Өңірдің тарихи тұлғалары: билер, батырлар, ақындар», «Туған өлкенің аңыз-ертегілері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды ата-бабалардың дәстүрін құрметтеуге, келешек ұрпақтардың тәжірибесін жалғастыруға, өнегелі жерлестерінің өмірін замандастарына үлгі етуге бағыттау ұсынылады. 
5-сыныпта «Өлкетану мұражайы және тарихи жәдігерлер» тақырыбы бойынша тарихи мұраны жеткізудегі жәдігерлердің рөлін сипаттау үшін мүмкіндігінше мұражай сабақтарын өткізу ұсынылады. Мұражайда өтетін сабақта білім алушылардың оқу материалдарын мұражайдағы бай қорды пайдалана отырып терең меңгертуге бағыттау ұсынылады. 

Мұражай базасында өткізілген сабақтар білімалушылардың азаматтық және патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға, олардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін, ой-өрісін кеңейтуге, тарихи және мәдени ескерткіштерге ұқыпты қарауға ықпал етеді.

6-сыныпта: «Топонимдер – өткен заманның куәгерлері», Мәдени-тарихи дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері», Туған өлке тарихының қазіргі кездегі куәгерлері» тақырыптары берілген. Өлкедегі жер-су атауларының тарихын, ұлттық қолданбалы өнері мен қолөнерді, қазіргі кездегі өлкедегі атақты тұлғалардың ерлік істері мен еңбегі туралы білім беруде білім алушылардың өлкенің негізгі ерекшеліктерін анықтауға және терең түсінуіне ықпал ету ұсынылады.
Осы сыныпта білім алушылар «Бір ел-бір тағдыр» тақырыбы арқылы аймақтағы әр түрлі ұлттардың тарихы, салт-дәстүрімен танысады. Бұл білімалушыларды бірыңғай әлеуметтік ортаға біріктіруге ықпал етеді. 
7-сыныпта: «Өлкенің туристік маршруттары», «Туған жердің Атымтай жомарттары», «Туған өлкенің шежіресі», «Мектебімнің тарихы» тақырыптарын оқытуда білім алушыларға оқу мазмұнына сәйкес материалдарды анықтау, талдау, бағалау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар беру ұсынылады.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны 

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

1

2

2

3

6-сынып

1

1

3

2

7-сынып

1

1

3

2

8-сынып

2

2

3

1

«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері:

«Дүниежүзі тарихы» пәні білім алушылардың бойында тарихи сана, толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрметті қалыптастыру, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгерту және зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған.

«Дүниежүзі тарихы» пәнінің білім мазмұны: әлеуметтік қатынастардың дамуы, мәдениеттің дамуы мен өзара әрекеттестігі, саяси жүйелердің дамуы мен өзара әрекеттестігі, экономикалық қатынастардың дамуы бөлімдерін қамтиды. Сондықтан 5-8-сыныптарда «Дүниежүзі тарихы» бойынша ежелгі дәуір, орта ғасырдағы және жаңа замандағы әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдері оқытылады.

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі:

  1. 5-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
  2. 6-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
  3. 7-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
  4. 8-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер

1. Тарихты оқытуда келесілерге ерекше көңіл бөлу ұсынылады:

  • тарихты оқыту процесі білім алушының ақпараттың белгілі бір көлемін (тарихи даталар, ұғымдар, тұлғалар, оқиғалар) механикалық есте сақтауға емес, алған білімі мен білігін оқу мен тәжірибелік міндеттерді өздігінен шешумен сипатталатын тұлғалық құзыреттілігін дамытуға;
  • тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін әлемдік және Отандық тарих контекстінде талдау және баға беру дағдыларын қалыптастыруға;
  • тарихи деректердің негізінде тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау);
  • қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

2. Тарихты оқытуда білім алушының оқыған тарихи фактілер мен оқиғаларды кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру мен тарихи картаны «оқып», оны білім көзі ретінде пайдалануына көңіл бөлу ұсынылады.

Білім алушыларда тарихи картамен жұмыстың негізі 5-сыныптан қаланады, ол картаның шартты белгілерін қолдана білуі, тарихи және географиялық нысандарда дұрыс бағдарлана білуді қажет етеді.

Мысалы 6-сыныпта «VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау» аттыоқу мақсаты бойынша мұғалім білім алушыларға тарихи картаны пайдаланып түсіндіруге тапсырма бере алады, бұл білім алушылардың бойында уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының дамуына септігін тигізеді.Сондықтан білім алушының алған тарихи білімін кеңістікте бағдарлауға мүмкіндік беретін картографиялық дағдысын дамыту ұсынылады. Бұл тарихи оқиғаларды, олардың өзгерісі мен даму жағдайын картада белгілеуге берілетін тапсырмалардан көрінеді. Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар беру ұсынылады.

3. Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес, сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі формалары ұсынылады:

  • мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білім алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;
  • білім алушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;
  • білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;
  • білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар құрастыру;
  • білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану;
  •  оқу процесінде тарихи құжаттардың фрагменттерін талдау, ақпарат жинақтау және қорытынды жасау, себеп-салдарлық байланыстарды орнатуды және т.б. талап ететін тапсырмаларды кеңінен қолдану;
  •  сабақта білім алушының біліміндегі кемшіліктерді уақытында анықтауға мүмкіндік беретін кері байланысты ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін қолдану.

4. Тарихи тұлғаға сипаттама бергенде мынадай арнайы жадынаманы қолдану ұсынылады:

- тарихи қайраткердің сыртқы бейнесін суреттеу;

- тұлғалық белгілерін сипаттау;

-  өмірінің ең жарқын мыңызды фактілерін атау;

- тұлғаның тарихқа қосқан үлесіне баға беру.

Бұл тарихи тұлғалардың іске асырған ерекше әрекеттерінің білім алушының есінде ұзақ сақталуына мүмкіндік береді.

Тарих пәні ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамдардың құқығы мен бостандығын құрметтейтін және қабылдайтын, Отанының дамуына өз үлесін қосуға ниетті тұлғаны тәрбиелеуден көрінетін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық біріктіруші идеясын және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарын іске асыруда маңызды рөл атқарады. 

Білім алушылардың тарихи білімін тәжірибеде нақтылау мақсатында мүмкіндігінше мұражайларға, тарихи ескерткіш орнатылған немесе тарихи-археологиялық орындарға экскурсиялар ұйымдастыру ұсынылады.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:       

http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.

Тәрбиелік компонент

Пән мазмұны біздің ата-бабаларымыздың бірегей мәдениетін, Қазақстанның әлемдік тарихтағы орны мен рөлін, оның әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсінуге, мүмкіндік береді.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2018-2019 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

1.Ақын, ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 925 жыл (1093-1166);

2. Бұқар жыраудың туғанына 350 жыл (1668-1781);

3. Қазақ ханы, қолбасшы Әбілқайыр ханның туғанына 325 жыл (1693-1748);

4. Қолбасшы, би, шешен Сырым Датұлының туғанына 295 жыл (1723-1802);

5. Күйші, композитор Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1818-1896);

6. Жәңгір сұлтан Бөкей Ордасының ханы болып сайланғанына 195 жыл (1823);

7. Қазақтың ақыны, ойшыл, аудармашы, композитор Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 160 жыл (11.07.1858-2.10.1931);

8. Қазақ халқының ғұлама ақыны, тарихшы, этнограф, шежіреші, аудармашы, ауыз әдебиетінің мұраларын жинақтаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің туғанына 160 жыл (1858-1931);

9. Халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі Амангелді Үдербайұлы Имановтың туғанына 145 жыл (1873-1919жж.);

10. Ақын, педагог, түрколог, ғалым, ҚазАКСР халық ағарту комиссары Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл (1873-1938жж.);

11. Педагог, ғалым, журналист, қазақ дәрігері, қоғам қайраткері, профессор Халел Досмұхамедовтың туғанына 135 жыл (1883-1939жж.);

12. Ақын, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл (1893-1938жж.);

13. Ұлы Отан соғысының ардагері, әйгілі партизан, Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына 100 жыл (1918-2006жж.);

14. Мәдениеттанушы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымының кандидаты Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің туғанына 75 жыл (1.01.1943);

15. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Тенгенің енгеніне 25 жыл (1993 ж.);

16. Елордамыз – Астана қаласына 20 жыл (1998).

Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:

- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;

- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;

- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;

- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.

Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.

Тамыз кеңесінде тарих пәні мұғалімдерінің пәндік секциясында талқылауға келесі сұрақтар ұсынылады:

– 2017-2018 оқу жылындағы жаңартылған мазмұнда тарихи білім беру нәтижесін ескере отырып, жалпы білім беретін ұйымдарда 2018-2019 оқу жылында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері;

– тарих бойынша әдістемелік бірлестіктердің, шығармашылық топтардың, жас мұғалімдер мектебі жұмысын жоспарлау.

Оқу жылы ішінде тарих пәні бойынша әдістемелік бірлестіктер кеңесінде келесі мәлелелерді қарастыру ұсынылады:

  • Рухани жаңғыру идеясы негіздерінің құндылықтарын оқыту мен тәрбиелеуде жүзеге асыру;
  • Қазақстан тарихы сабағында «Өлкетану» кіріктірілген курсын  жүргізудің өзекті мәселелері;
  • Қоғамдық пәндерді оқытудағы тарих пәні мұғалімінің рөлі мен маңызы.

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

2

2

2

6-сынып

2

2

2

2

7-сынып

2

2

2

2

8-сынып

2

2

2

2

«Өзін-өзі тану»

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу үдерісінің басты міндеті:

  • тұлғаның құндылықтар жүйесін, қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің іс жүзіндегі дағдыларын анықтау;
  • оқушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, яғни адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысына себепші болатын адамгершілік тәртіп негіздерін қалыптастыру;
  • жас ерекшеліктеріне қарай, жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі ретінде дамыта отырып, әрбір адамның табиғатына салынған жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару.

5-8-сыныптардағы «Өзін-өзі тану» базалық мазмұны төрт тарауды қамтиды:

  • «Таным қуанышы»;
  • «Адам болам десеңіз ...»;
  • «Адам және әлем»;
  • «Адамзаттың рухани тәжірибесі».

Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5-8-сыныптардааптасына 1 сағаттан, жылына барлығы 34 сағатты құрайды.

         5-сыныпта:

Тарау тақырыбы

Сабақ нөмірі

Сабақ тақырыбы

Таным қуанышы

1-2

Мен өзімді танимын

3-4

Менің талпыныстарым

5-6

Танымға бастар жол

7-8

Мен – Адаммын!

Адам болам десеңіз ...

9-10

Адам мінезі

11-12

Болу – болып көріну емес

13-14

Еңбек қуанышы

15-16

Адам жанының сұлулығы

Адам және әлем

17-18

Отбасы татулығы

19-20

Адам ұжымда

21-22

Адами қарым-қатынастар әлемі

23-24

Сенім туралы

Адамзаттың рухани тәжірибесі

25-26

Табиғат – шабыттың қайнар көзі

27-28

Ойдың, сөздің және істің бірлігіндегі өмір

29-30

Халықтың рухани мұрасы – даналық көзі

31-32

Ар ілімі

33-34

Әсемдік әлемінде

 6-сыныпта:

Тарау тақырыбы

Сабақ нөмірі

Сабақ тақырыбы

Таным қуанышы

1-2

Ақиқатты іздеу жолында

3-4

Адамның мүмкіндіктері

5-6

Өзіне сенім

7-8

Әсемдікке талпыныс

Адам болам десеңіз ...

9-10

Өзгелермен үндесу

11-12

Ақкөңілділіктуралы

13-14

Ар-ұждан және абырой туралы

15-16

Адамдық борышың

Адам және әлем

17-18

Отбасының жылуы

19-20

Сыныптағы достық

21-22

Мен және қоршаған әлем

23-24

Қоғам игілігі үшін еңбек

Адамзаттың рухани тәжірибесі

25-26

Дәуірлерді жалғастырушы желі

27-28

Жүрек қалауымен

29-30

Адамзаттың шынайы көшбасшылары

31-32

Адамзаттың рухани байлығы

33-34

Қандай әсем әлем!

7-сыныпта:

Тарау тақырыбы

Сабақ нөмірі

Сабақ тақырыбы

Таным қуанышы

1-2

Ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрек

3-4

Адамның ішкі әлемі

5-6

Өмірдің мәні

7-8

Адам бақыты

Адам болам десеңіз ...

9-10

Адам абыройы

11-12

Адам жауапкершілігі

13-14

Парыз тәртіптен басталады

15-16

Қоғамға қызмет ету

Адам және әлем

17-18

Адами қарым-қатынас жарастығы

19-20

Отбасылық құндылықтар

21-22

Ұжымдағы өзара қарым-қатынас

23-24

Адам және адамзат

Адамзаттың рухани тәжірибесі

25-26

Қоршаған әлеммен үндестік

27-28

Адамның рухани әлемі

29-30

Адам жасампаздығы

31-32

Сүйіспеншілік жолындағы өмір

33-34

Әсемдік әлемінде

8-сыныпта:

Тарау тақырыбы

Сабақ нөмірі

Сабақ тақырыбы

Таным қуанышы

1-2

Бұл әлемге келген соң...

3-4

Ар-ұждан үні

5-6

Шынайы білімнің нұры

7-8

Сүйіспеншілік – таным жолы ретінде

Адам болам десеңіз ...

9-10

Қайырымдылық көкжиектері

11-12

Достық айнасы

13-14

Сыйластық бастаулары

15-16

Отанға жол

Адам және әлем

17-18

Отбасын қадірлеу

19-20

Менің сыныптасым

21-22

Өз мұратына жету

23-24

Мен әлемді сүйемін!

Адамзаттың рухани тәжірибесі

25-26

Даналықтан қанып іш...

27-28

Қалаулар шегі

29-30

Шығармашылық қанатында

31-32

Болашақты жасаймыз

33-34

Қандай әсем әлем!

Оқушылардың білімін бағалау

Рухани-адамгершілік білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес, сапалық баға маңызды, сондықтан әрбір жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «Сынақ» бағасы қойылады.

Егер оқушы Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Өзін-өзі тану" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында көрсетілген дайындық деңгейіне қойылатын барлық талаптарды орындап, жоба күнделігін әзірлесе, оқушыға «сынақ» қойылады.

«ӨНЕР»БІЛІМ САЛАСЫ

Музыка

5-6-сыныптарға арналған «Музыка» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Пәнді оқытудың мақсаты – қазақтың дәстүрлі музыкасы, әлем халықтары шығармашылығы, әлемдік классика және заманауи музыканың үздік үлгілері негізінде оқушылардың музыкалық мәдениеттілігін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту

Пәнді оқытудың міндеттері:өзге өнер түрлері мен оқу пәніне музыка өнерін кіріктіре отырып әлем тұтастығының бейнесі жөнінде түсінігін қалыптастыру; музыка өнерінің жалпы адамзаттық қажеттілікті құбылыс ретінде, оның адам өміріндегі рөлі мен маңыздылығы туралы түсінігін қалыптастыру; сын тұрғысынан ойлауы мен музыкаға жағымды қарым-қатынасын, музыкалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру; музыкалық шығармалар мен тапсырмаларды талдау, зерттеу және орындаушылық пен импровизациялау, презентациялау оқу пәндік-тақырыптық білім, білік, дағды аясында дамыту; музыкалық қабілеттілігін, белсенді шығармашылығын, орындаушылығы мен зерттеушілік дағдысын дамыту; музыка өнері негізінде коммуникация формалары жөнінде білімін қалыптастыру;  музыкалық-шығармашылық жұмыстарға идеялар қосу негізінде өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуын қалыптастыру (шығармалар жазу, импровизация және өңдеу); ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану барысында музыкалық-орындаушылық және техникалық білімі мен біліктілігін қалыптастыру, дамыту.

«Музыка» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

- 5-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;

- 6-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

«Музыка» пәнінің оқу бағдарламасының мазмұны бөлімдер бойынша ұйымдастырылған. Бөлімдер пән бойынша оқыту мақсаттары және оған қол жеткізу реттілігін сыныптар бойынша мазмұндайтын бөлімшелерге бөлінген.

Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады:

1. «Музыка тыңдау, орындау және талдау» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: «Музыка тыңдау және талдау»;  «Музыкалық сауаттылық»; «Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет».

2. «Музыкалық-шығармашылық жұмыстар жасау» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: «Идеялар және материалдарды жинақтау»; «Музыка шығару және импровизация».

3. «Музыкалық-шығармашылық жұмысты таныстыру және бағалау» бөлімі келесі бөлімшені қамтиды: «Музыкалық-шығармашылық жұмысты таныстыру және бағалау».

«Музыка» пәнінің 5-сыныпқа арналған базалық мазмұны: «Қазақ халқының музыкалық мұрасы»; «Қазақтың дәстүрлі тұрмыс-салт әндері және заманауи музыка»; «Әлем халықтарының музыкалық дәстүрі»; «Музыка тілі – достық тілі»; «Өлкетану: Туған өлке симфониясы» бөлімдерін қамтиды.

«Музыка» пәнінің 6-сыныпқа арналған базалық мазмұны:«Классикалық музыканың үздік туындылары»; «Заманауи музыка мәдениеті»; «Музыка және өнер түрлері»; «Музыка – өмір тынысы»; «Өлкетану: Туған жердің таланттары» бөлімдерін қамтиды.

Әрбір бөлімшелерде көрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге үш түрлі                     іс-әрекет арқылы (оқушылардың музыкалық сауаттылықты зерделеу, музыкалық-орындаушылық және музыкалық-шығармашылық іс-әрекеті) жұмысты жүйелі жоспарлауға, олардың жетістіктерін бағалауға және оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.

«Музыка» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді.  «Музыка» пәні бойынша   жарты жыл және оқу жылының соңында "есептелінді" («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.

«Музыка» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2018-2019 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

қазақтың атақты әншісі, Әміре Қашаубаевтың туғанына 130 жыл (1888-1934);

– Қазақстан Республикасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Мәңгілік елдің Елордасы» (1998 жыл 10 маусым-2018 жыл 6 шілде);

– Қазақстан Республикасы Жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына 100 жыл толу(1918 жыл 8 сәуір).

5,6,7,8-сыныптарға арналған «Көркем еңбек» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқу мақсаттары жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Оқу бағдарламасының мақсаты – өнер және еңбек технологиясы саласында функционалды сауаттылықты қалыптастыру, шындыққа шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту.

«Көркем еңбек» оқу пәнінің бағдарламасы: қоршаған ортада өнер, дизайн мен технология туралы түсінік пен білімді дамытуға; Қазақстан және әлем халықтарының көркем-мәдениет мұрасын оқып үйренуге; өнер мен дизайнның көркем тәсілдері арқылы шығармашылық идеяларды, технологиялық дағдыларды дамытуға; зерттеу, жасау, талдау, нысандарды көркем түрлендіру үдерісінде оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға; оқу қызметінің барлық түрлерінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алуға (зерттеу, идеялардың шығармашылықпен іске асыру, жұмыстардың таныстырылымы); жұмыс нәтижесі үшін түрлі ақпарат көздері мен ресурстарының маңыздылығын түсіне отырып, зерттеу мен пайдалануға; эстетикалық, еңбекке баулу, экономикалық, экологиялық, патриоттық тәрбиелеу мен рухани-өнегелік құндылықтарын қалыптастыруға; уақыт, материалдың қасиеті мен басқа да факторлардың әсерін анықтап және оны ескере отырып қызметін өз бетінше жоспарлай алуға; оқу мақсаттарына жетуде бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру (жеке, жұптық және топтық жұмыс) бойынша тәжірибе жинауға бағытталған.

Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.

Қала, ауыл және шағын жинақты мектептерде ұлдар мен қыздар тобына бөлу сыныптың толымдылығына қарамастан жүзеге асырылады (гендерлік қағида бойынша: ұлдар және қыздар тобы сынып толымдылығына тәуелді емес).

«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 5-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
  2.  6-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
  3. 7-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
  4.  8-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Оқу бағдарламасының мазмұны материалдарды 5 ортақ білім беру бағыттары арқылы оқып-үйренуді қарастырады: «Визуалды өнер»; «Сәндік-қолданбалы шығармашылық»; «Дизайн және технология»; «Үй мәдениеті»; «Тамақтану мәдениеті».

«Визуалды өнер» мен «Сәндік-қолданбалы шығармашылық» бөлімдерінің тақырыптары ер балалар мен қыз балалар үшін бірдей.

«Визуалды өнер» бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: классикалық және заманауи өнер; қазақстандық суретшілердің шығармашылығы; бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері; сандық өнер (фотосурет, анимация, медиа құралдар); бейнелеу (визуалды) өнерінің көркем тәсілдері; көркемдік материалдар және техникалармен эксперименттеу бөлімдерін қамтиды.

«Сәндік-қолданбалы шығармашылық» бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: сәндік-қолданбалы өнер ерекшеліктері мен негізгі пішіндері, Қазақстанның және басқа елдердің сәндік-қолданбалы өнері; сәндік-қолданбалы өнер материалдары, технологиялары мен құралдары; Ұлттық ою-өрнек; Ішкі көріністі сәнді безендіру қарастырады.

«Дизайн және технология» (ер балалар) бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: негізгі конструкциялық, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдарды; материалдарды өңдеу құралдары мен жабдықтарын; материалдарды әртүрлі тәсілдермен өңдеуді; әртүрлі материалдардан бұйым дизайнын; ұлттық тұрмыстық заттарды дайындау технологиясын; қазақстандық және әлемдік сәулет ескерткіштерін; макеттеуді; ішкі көрініс дизайнын; робототехника, көлік құралдарын модельдеуді қамтиды.

«Дизайн және технология» (қыз балалар) бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: негізгі тоқыма, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдарды; тоқыма материалдарын өңдеу құралдары мен жабдықтарын; тоқыма материалдарын әртүрлі тәсілдермен өңдеуді; тоқыма материалдарынан бұйым дизайнын; сән индустриясын, стиль және образ, ұлттық киім элементтерін дайындау технолоиясын қамтиды.

«Үй мәдениеті» бөлімінің мазмұны (ер балалар) төмендегі бөлімшелерді: тұрғын үйдің экологиясын; өсімдік шаруашылығы, сәндік өсімдіктер шаруашылығы, ландшафтты дизайн негіздерін; электр қуатының көздері туралы жалпы мәліметтерді, тұрмыстық техника және электр құралдарын қолдану мен жөндеуді;тұрмыстық жөндеу жұмыстарын, ішкі көріністі ұйымдастыру мен жоспарлауды қамтиды.

«Үй мәдениеті» бөлімінің мазмұны (қыз балалар) төмендегі бөлімшелерді: жеке гигиенаны, тұрғын үй экологиясын; өсімдік шаруашылығы, сәндік өсімдіктер шаруашылығы, ландшафтты дизайн негіздерін; киім күтімі мен ұзақ мерзімді сақтауды қамтиды.

«Тамақтану мәдениеті» бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: дұрыс тамақтану негізін; дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелерін, дастарқанды жабдықтауды; тағам әзірлеу технологиясын; Әлем халықтарының тағамдарын қамтиды.

Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.

Ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда ұсынылатын әрекет түрлері, «Өнер» білім саласы бойынша тақырыптар бейнелеу өнері мен көркем еңбек компоненттерінің мәнмәтінінде оқылатындай етіп құрылған.

Оқу жоспарының мазмұнына сызу және компьютерлік графика мен АКТ, сызулар құру үшін технологиялық құжаттарды орындау дағдыларын дамытумен байланысты оқу мақсаттарына жетуге бағытталған әрекет түрлері қосылған.

«Көркем еңбек» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. «Көркем еңбек» жарты жыл және оқу жылының соңында "есептелінді" ("есептелінген жоқ") деген белгі жазылады.

«Көркем еңбек» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2018-2019 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

– Қазақстан Республикасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Мәңгілік елдің Елордасы» (1998 жыл 10 маусым-2018 жыл 6 шілде).

Назар аударыңыз!

«Көркем еңбек» пәнінің оқу бағдарламасын бейнелеу өнері және технология пәндері бойынша дипломдарына қосымшасы бар бейнелеу өнері, еңбекке баулу және технология пәндерінің мұғалімі сабақ бере алатындай құрастырған. «Көркем еңбек» пәнін оқыту үшін арнайы диплом қажет емес екенін осы оқылатын пәндер тізімі куәландырады. Бұл пәнді оқытуға аптасына 2 сағат берілгенін ескерсек, осы пәндерге жетекшілік жасайтын мұғалімдер сағаттарын жоғалтуы негізсіз болып табылады.

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ

5-8-сыныптарға арналған «Дене шынықтыру» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының басты мақсаты – ағзаның бүкіл жүйелерін дамыту, оқушылардың физикалық қасиеттерін және олармен байланысты қабілеттерін жетілдіру болып табылады.

Дене шынықтыру пәнінің жеке тұлғаны тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Ол оқушының дене дамуына, әлеуметтік, дербес және рухани қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептің білім беру жүйесінде дене шынықтыру оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

«Дене шынықтыру» пәнінің мақсаты – оқушыларды өз денсаулықтары мен психикаларын нығайтуға ынталандыру болып табылады. Оқушылардың дербес және жас ерекшеліктерін ескеріп, бойда қалыптасқан арнайы спорттық дағдылар мен сапаларды қолданып, сол арқылы олардың дене қабілеттерінің дамуларына ықпал ету.

Оқу бағдарламасы: дене тәрбиесі және спорттың даму тарихы туралы білім деңгейін қалыптастыруды; негізгі дене сапаларын жетілдіруді, арнайы спорттық біліктіліктер мен дағдыларды дамытуды; түрлі деректер арқылы ақпараттарды қолдану, оның мән-мағынасын түсіне отырып, коммуникативті дағдыларды дамытуды; идеялық және зерттеу дағдыларын дамытуды; адамгершілік-жігер қабілеттерін қалыптастыру міндеттерін шешуді көздейді.

Оқу бағдарламасы оқу жылы көлемінде бөлімдердің оқытылу ретін көрсететін ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Тақырыптарға сағат санының үлестірілуі және тоқсан көлемінде тақырыптардың оқытылу реттілігін мұғалім анықтай алады. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеудің негізі бола алады.

«Дене шынықтыру» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 5-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты;
  2. 6-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты;
  3. 7-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты;
  4. 8-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды.

Бұл бағдарламада мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі нысандарының мазмұны қамтылған және бұл міндеттерді барлық оқу жылында біртіндеп шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның үшінші сағаты оқушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.

Негізгі мектептің 5-сыныбынан бастап дене шынықтыру сабақтары ер балалар және қыз балалар топтарына бөлу негізінде жүргізіледі. Дене шынықтыру пәні сабақтары гендерлік қағидат бойынша (қалалық жерлерде – әр топта 8 ұл (қыз) баладан кем емес, ауылдық жерлерде – 5 ұл (қыз) баладан кем емес болған жағдайда) өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.

«Дене шынықтыру» оқу пәнінің оқу бағдарламасының мазмұны оқытудың бөлімдері арқылы ұйымдастырылған. Бөлімдер сыныптар бойынша күтілетін нәтиже түрінде берілген оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.

Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады:

1.«Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттері» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: түрлі арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындау кезіндегі дәлдікті, бақылауды және үйлесімділікті дамыту; түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын құру және оларды дене жаттығуларын орындауда қолдану реттілігі; арнайы спорттық техникаларды орындау кезінде қимыл-қозғалыс дағдыларын және олардың орындалу ретін түрлендіру; қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындауды жақсарту үшін өзінің және өзгелердің біліктіліктерін бағалау; бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегиялары мен құрылымдық идеяларын қолдану және бағалау; қиындықты жеңе білу және қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қауіп-қатерлерге жауап қайтара білу.

2. «Шығармашылық қабілеттер және қимыл-қозғалыс дағдылары арқылы сыни көзқарасты қалыптастыру» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы өзгермелі жағдайға жауап қайтара білуге бейімделу; көшбасшылық, сондай-ақ, команда құрамында жұмыс істей білу дағдыларын дамыту және қолдану; қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыруға қажет бірқатар тиімді дағдыларды көрсету; дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді бағалау; өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін сыни тұрғыдан бағалау және оны шешудің балама жолдарын ұсыну; жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін білу; жарыс кезінде таза ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсету; түрлі қимыл-қозғалыстармен шарттастырылған рөлдерді орындау және олардың айырмашылықтарын сезіне білу.

3. «Денсаулық және салауатты өмір салты» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: жеке бас денсаулығы және салауатты өмір салты туралы білімді қалыптастыру; қыздырыну және қалпына келтіру жаттығуларын құру мен орындау; түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысын зерттеу; денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану; басқалардың дене жаттығулары тәжірибесін байыту масқатында білім, біліктілік және дағдыларды қолдану.

Әр бөлімшеде көрсетілген оқу мақсаттары мұғалімге оқушыларды дамыту бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға, сонымен қатар олардың жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 5-8-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан, жарты жыл және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2018-2019 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

– Қазақстан Республикасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Мәңгілік елдің Елордасы» (1998 жыл 10 маусым-2018 жыл 6 шілде);

– Қазақстан Республикасы Жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына 100 жыл толу(1918 жыл 8 сәуір).

«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әдістемелік құралдар әзірлеп, академия сайтына орналастырған (nao.kz).

5. «ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ» КУРСТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2018-2019 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы
15 шілдедегі №281 бұйрығына сәйкес «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы оқытылады.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын міндетті түрде оқыту үшін 9-сыныпта үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат бөлінеді. Курсты «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы бойынша біліктілікті жетілдіру курсынан өткен, сертификаты бар «тарих» пәнінің  мұғалімдері жүргізеді.

Осы факультативтік курс сыныптың оқу журналына жазылады.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мәні және маңызы оның қазіргі қоғам қажеттілігі мен тұрақтылығының ғылыми тұғырнамасы ретіндегі өзектілігінен, қоғам тарихы, мәдениеті мен рухани құндылығын анықтайтын бастаулардан тұрады. «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы жалпы орта білім жүйесіндегі әлеуметтік-гуманитарлық және қоғамтанулық білімнің құрамдас бөлігі болып табылады.

2018/2019 оқу жылында «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламасы қолданылады:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі №281 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының оқу бағдарламасы.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының оқу бағдарламасы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған(https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары./Қолданбалы курстар бойынша оқу бағдарламалары / Зайырлылық және дінтану негіздері

 «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын оқытудың мақсаты:

- білім алушыларды «зайырлылық» принципін құндылық, яғни мемлекет баяндылығының басты тұғыры ретінде қабылдауға, дінді зайырлы таным аясында тануға үйрету;

- діни сенім бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің, жаңа діни қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен тыйым салынған діни ұйымдар туралы білім беру;

- білім алушыларды экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын қабылдамауға үйрету, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік дүниетанымын қалыптастыру.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын оқытудың міндеттері:

1) білім алушыларға діннің мәні, тарихы және оның қазіргі қоғамдағы рөлі жөнінде жүйелі білім беру;

2) зайырлылықты мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің негізі ретінде таныта отырып, осы бағытта білім беру;

3) зайырлылық тұрғысынан діни сана, діни сенім, діни таным және діни тәжірибе негіздерін салыстыра білу дағдысын қалыптастыру;

4) діннің дүниетанымдық, мәдениеттану және адамгершілік мәнін түсіндіру;

5) білім алушыларды діни сенім бостандығын құрметтеуге, толеранттылыққа баулу арқылы қазіргі қоғамдағы діни ағымдарға зайырлылық принципі негізінде баға беру дағдысын қалыптастыру;

6) Қазақстандағы этносаралық, конфессияаралық келісімді зайырлылық нәтижесі ретінде таныта отырып, білім алушылардың бойында азаматтық мінез бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу;

7) экстремизм, терроризм, діни радикализм секілді жаһандық жағымсыз құбылыстардың теріс идеологияларының ұлттық қауіпсіздікке, зайырлылық принципіне, қоғам тұрақтылығына төндіретін қауіп-қатерін түсіндіре отырып, зайырлы мемлекет принципіне құрмет сезімін тәрбиелеу;

8) құқықтық сауаттылықтың қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, осы тұрғыдағы білімін арттыру.

Бағдарламада берілген оқу материалын меңгеру аясында «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Қазақ әдебиеті» пәндерімен және «Абайтану» курстарымен пәнаралық байланыс пен сабақтастық принципін орнату қарастырылған.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мазмұндық желісі

Бағдарламада дін тарихын, оның жекелеген бағыттары мен ағымдарын егжей-тегжейлі сипаттау міндеті қойылмайды, тек жалпы мәліметтер беріледі.

Бағдарламада діни нанымдар мен діндердің пайда болуы, нығаюы және дамуы бойынша тарихи шолумен қатар: Зайырлы мемлекет және дін, зайырлық этикасы негіздері, адамның рухани өмірі мен қоғамдағы діннің рөлі, діни бірлестіктер мен ағымдар, жаңа діни ағымдар мен дәстүрлі діни жүйелердің танымдық, психологиялық, тұрмыстық деңгейдегі қарама-қайшылықтар диллемасы тақырыптары қамтылған.

Білім алушылардың жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яассауи, Абай, Ыбырай, Шәкәрім сияқты көрнекті ағартушылар мен ойшылдардың мәдени және рухани мұраларын оқыту айрықша маңызға ие.

Деструктивті ағымдардың, тыйым салынған діни ұйымдардың, бірлестіктердің белгілері мен салдарларын танып білуіне, діни экстремизм мен терроризмнің ұлттың қауіпсіздігі үшін қатерлілігін білім алушылардың ұғынуына айрықша назар аударылған.

«Қазақстан – дінаралық бейбітшілік пен келісім елі. Қазақстан Республикасының дін туралы заңнамалары. Зайырлылық – ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік жүйенің іргетасы» мазмұндық желілері курстың басты жолы болуы тиіс.

Курстың мазмұнында білім алушылардың өзіндік зерттеу әрекеттерін ұйымдастыратын шығармашылық жобалар қарастырылған. Шығармашылық жобаларда, түрлі нысандағы ұйымдастырылған өздігінен жасалынған зерттеу жұмыстары барысында діндер мазмұнындағы рухани құндылықтар мен Қазақстанның дінге қатысты саясатының мәні мен мақсатын, діни бірлестіктер мен ағымдардың қызметі, мүддесі мен мақсатын ашып көрсетеді.

Курстың мазмұнын жүйелі және толық игерген жағдайда білім алушылар өмірге қажетті Қазақстан аумағындағы діндер мен діни бірлестіктердің мақсаты мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының дінге қатысты саясатының мақсаты мен мәнін түсінетін мағлұматтар мен білімді меңгереді. Сонымен, жүйелі түрде игерілген білім кез келген білім алушыға Қазақстан Республикасының толыққанды азаматы ретінде рухани толысуға, өз халқының рухани мәдениетін деструктивтік, радикалды діни бірлестіктердің зиянды әрекетінен сақтану және қорғау мүмкіндіктерін қалыптастыруға мүмкіндік алады, екінші жағынан, адамның қандай дінге жататынын анықтау, діни сана-сезім, басқа діндерге көзқарас және ізгілікті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады.

Бұл қурс білім алушылардың гуманистік дүниетанымға, жалпыадамзаттық құндылықтарға және толеранттыққа қайшы келетін ұстанымдар туралы ұғымдарын қалыптастырады.

 

Оқу процесін ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулық.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу процесін келесі дидактикалық принциптерге сәйкес ұйымдастыру ұсынылады: ғылыми негізділік және қолжетімділік; жүйелілік пен сабақтастық; көрнекілік және абстрактылық; зерделілік және танымдық белсенділік; білімді меңгерудің орнықтылығы; пәнаралық және пәнішілік байланыс; табиғи сәйкестілік принципі; проблемалық принципі; саралау және даралау; оқу тапсырмалары деңгейінің әртүрлілігін қамтамасыз ету.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының оқу процесін ұйымдастыру барысында пікірталас, дөңгелек үстел, топпен талқылау, шағын жобаларды қорғау, рөлдік ойын және т.б. оқыту формаларын қолдану тиімді.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы аясында алған білімдерін бекіту мақсатында білім алушыларға қызықтыратын тақырыптары бойынша шығармашылық-жобалық жұмыстарын жасауға болады.

Жобаларды жеке және ұжыммен орындай алады. Олардың саны алған білімдерін бекіту үшін жеткілікті болуы керек.

Жобалар:

- дін мәселелері бойынша ғылыми-көпшілік басылымдар, журналдар, газет мақалаларына талдау жасау, таңдап алынған тақырыптары бойынша ауызша және жазбаша хабарлама дайындау, жағдаяттармен жұмыс жасау;

- дәстүрлі діндердің біртұтас платформалары мен жалпы тұжырымдамаларын анықтау, оларды дәлелдей білулерін қалыптастыру;

- еліміздегі және өңірлердегі діни жағдайларды сараптау;

- Қазақстандағы қасиетті жерлер туралы ақпараттық шолу дайындау;

- толеранттылық және дінаралық келісім орнаған еліміздегі зайырлылықты дәлелдейтін мысалдар дайындауды қамтуы керек.

Оқу барысында:

- мәдени-тарихи, өркениеттілік мәніндегі, дін саласындағы Қазақстанның қазіргі саясаты мен қағидаларын басшылыққа алу;

- пәнді оқыту барысында қандай да бір діни бағыттарға артықшылықтар бермеу;

- жобаларды орындау үшін қажетті жағдайлар жасау;

- ақпарат, дін, рухани құндылықтар, мәдениет саласына қатысты заңнамалар талаптарын сақтауға ерекше көңіл бөлу қажет.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқытуда білім алушының құбылыстарды бүтіндей тұтас қабылдауын қалыптастыру үшін білім алушының келесі пәндерді зерделеудегі пәнаралық білімін кіріктіріп қолдану ұсынылады:

«Қазақ тілі», «Орыс тілі»:

  • білім алушылардың сөздік  қорын зайырлылық және дін саласына қатысты терминдермен толықтыру;
  • ұлттық мәдениетке және басқа халықтардың рухани - мәдени қайнар көздеріне құрмет пен ашықтыққа тәрбиелеу.

«Әдебиет»:

  • дін қайраткерлерінің шығармаларын - қосымша көркем әдебиеттерді зерделеу, олардың жұмыстарын қазіргі рухани құндылықтар мен зайырлылық тұрғысынан бағалауды іске асыру;

«Тарих»:

  • зайырлылық пен діндердің пайда болуы, таралуы және даму процестерін тарихи негіздеу;
  • қоғамдық қатынастарға тарихи талдау жасау арқылы адам мен қоғам өмінідегі зайырлылық пен діндер рөлінің мәнін түсіну;

«География»:

- діндердің таралуының тарихи-географиялық кеңістігін дұрыс анықтау.

 

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқу нәтижесінде білім алушылар:

  • ғылыми тұрғыдан алғанда негізгі діни терминдер мен құбылыстарды;
  • зайырлылық және дін ұғымдары ара-қатынасын;
  • мемлекет, дін бірлестіктері және мәдениет арасындағы қарым-қатынасының мәнін;
  • діндер тарихы мен діни сенім ерекшеліктерін;
  • қазақ мұсылмандығының танымдық ойларын;
  • «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
  • Әл-Фарабидің, Қожа Ахмет Яассауидің, Абайдың, Шәкәрімнің, Ыбырай Алтынсариннің мәдени-ағартушылық рухани мұраларын;
  • республикадағы мемлекет, мәдениет және діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастың жайын;
  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың конфессияаралық келісімін, елдегі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылықты сақтау, елдегі және халықаралық қауымдастықтағы адамдардың шынайы діни сенімдеріне деген сыйластықты көрсету саясатын;
  • экстремистік, террористік, теріс сипаттағы ұйымдардың ерекшеліктерін, қауіптілігін біледі.

Сонымен бірге білім алушылар :

  • зайырлық, діни сана-сезім, діни сенім, діни тәжірибе, діни ой-сана ұғымдарының ара жігін ажырату,
  • экстремистік, террористік сипаттағы діни топтар мен ағымдар идеологиясы мен практикасына қарсы тұра білу иммунитетін қалыптастыру;
  • діни, рухани маңызды мәселелер бойынша әртүрлі ой-талқы жасау, пікір-таластыра білу, осы саладағы маңызды оқиғалар мен құбылыстар, тұлғалар туралы мәліметтерді сауатты жеткізе білу;
  • өз бетімен зайырлық және діни шығармалар туралы қажетті ақпараттық деректер нұсқасында  тауып және оларды сараптай отырып қолдана біледі.

 Оқыту барысында мұғалім оқушының бойында экстремистік, террористік діни топтар және ағымдар идеологиясы мен тәжірибелеріне қарсы имунитет қалыптастыруға қол жеткізуі тиіс.

6. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Шағын жинақты мектептерде білім беру қызметін ұйымдастыруда «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым министрінің 2013   жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы (3-қосымша) (бұдан әрі – Үлгілік қағида) басшылыққа алынады.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шағын жинақты мектепті білім алушылар контингенті шағын, біріктірілген сынып жиынтықтары және оқыту сабақтарын ұйымдастырудың арнайы формасы бар жалпы білім беретін мектеп ретінде анықтайды.

Шағын жинақты мектептер мен тірек мектептерінің (ресурстық орталық) қызметі Үлгілік қағидаларға сәйкес және өзінің жарғысымен жүзеге асырылады.

«Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің Үлгілік қағидаларына сәйкес, шағын жинақты мектепте:

- жекелеген пәндерді оқыту кезінде және сыныпта 10-16 білім алушы болған жағдайда кіші топтарға бөлуге жол беріледі;

 - сыныптарды бір сынып-жиынтыққа қосу және біріктіру кезінде әртүрлі жастағы білім алушылар саны 10 адамнан аспауы тиіс;

- сыныпты 3-10 адам аралығында және одан артық адамға толықтыруға рұқсат етіледі;

 - үш немесе төрт сыныпты біріктірген кезде оқыту сабақтарын ұйымдастырудың жылжымалы кестесі қолданылады;

 - бірінші және бітіруші сынып білім алушыларын біріктіріп оқытуға жол берілмейді.

- түрлі жастардағы оқыту әдістемелерін қолдану кезінде сыныптарды біріктіруге рұқсат етіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12-наурыздағы №91 бұйрығына сәйкес Үлгілік қағидалардың 3-қосымшасының 13-тармағында сыныптарды біріктіру нұсқалары алынып тасталынды.

Үлгілік қағидалардың 13-тармағының бұрынғы редакциясында көрсетілген сыныптарды біріктіру нұсқалары, 2012 жылғы МЖББС қолданыстағы бағдарламаларына сәйкес, сол сыныптардың оқу бағдарламаларының бөлімдерінде кездесетін ұқсастықтармен түсіндіріліп келген. Биылғы оқу жылында 3,6,8-сыныптардың жаңартылған оқу бағдарламаларымен оқуға көшуіне байланысты, алдыңғы басылымдағы Үлгілік қағидалардың 13-тармағы өзінің маңызын жояды. Сонымен қатар, Үлгілік қағидалардың 11-тармағына сәйкес қолданылып келе жатқан, ШЖМ жағдайындағы үш және төрт сыныпты біріктіру тәжірибесінің де бар екенін ескеру қажет. Сондықтан сыныптарды біріктірудің тиімді нұсқаларын мектеп анықтайды. Мектептің әдістемелік бірлестігінің отырысында және педагогикалық кеңесінде комплектация саны мен ондағы балалар контингентінің толымдылығына байланысты сыныптарды біріктіру жолдарын талқылау ұсынылады.

Білім беру мазмұнын жаңартуға көшу келесі жағдайда жұмыс жасауға дайын болуды талап етеді:

  • білім беру процесін дараландыру;
  • коллаборативті орта қалыптастыру жағдайында белсенді оқытуды іске асыру;
  •  саралап оқытуды іске асыру;
  •  пәнаралық байланысты қамту;
  •  АКТ қолдану;
  •  диалог арқылы оқыту;
  •  зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізу.

Аталған өзгерістерге байланысты, шағын жинақты мектеп педагогы, біріктірілген сынып оқушыларының сабақта бағдарлама материалдарымен орындайтын өзіндік жұмысының ұзақтығын дербес түрде анықтайды. 

2018-2019 оқу жылында республиканың жалпы орта білім беретін мектептеріндегі 3,6,8-сыныптар жаңартылған оқу бағдарламаларымен оқуға көшуіне байланысты, ШЖМ жағдайында бір мезгілде қолданыстағы және жаңартылған бағдарламалармен оқитын да, сонымен қатар біріктірілетін сыныптарда бірыңғай жаңа оқу бағдарламаларымен оқитын да сыныптар болады. Шағын жинақты мектеп мұғалімдері үшін қолданыстағы және жаңартылған бағдарламаларды бейімдеу арқылы біріктірілген сыныптарда білім алушыларға оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар және барлық пәндерден ұзақ мерзімді жоспарлардың, орта мерзімді жоспарлардың, қысқа мерзімді жоспарлардың үлгілері былтырғы жылы әзірленген, қазіргі уақытта бұл құрал академия сайтында қолжетімді www.nao.kz

Биылғы оқу жылында, ШЖМ жағдайында бірыңғай жаңа оқу бағдарламаларымен оқитын біріктірілген сыныптардағы оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу бағдарламаларын бейімдеудің келесі тетігі ұсынылады: ұзақ мерзімді жоспарларды талдау негізінде жаңартылған бағдарламалар бойынша оқитын біріктірілген сыныпқа арналған ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлар әзірлеу. Ол үшін алдымен біріктірілетін сыныптардағы оқу материалының мазмұнын талдау қажет. Пән бойынша тақырыптарды сәйкестендіру мақсатында келесі кестені пайдалану ұсынылады.Кесте. ШЖМ-нің біріктірілген 5 және 8-сыныптары үшін «География» пәнінен оқу материалдарының мазмұнын талдау үлгісі

Оқу мақсаты

7-сынып оқу материалының мазмұны

Оқу материалындағы тақырыптардың сәйкестігі

Оқу  мақсаты

8-сынып оқу

материалының мазмұны

Географияны зерттеу әдістері (6 сaғат)

7.1.1.1

Географиялық зерттеу нысандары

+

8.1.1.1

 

География ғылымы

7.1.1.2

География ғылымының дамуы

+

8.1.1.2

География ғылымының салалары

7.1.1.3

Географиялық дерек көздер

+

8.1.1.3

Географиялық зерттеу әдістерінің түрлері

7.1.1.4

Географиялық тәжірибелер

+

8.1.1.4

Географиялық деректерді өңдеу және талдау

7.1.1.5

Далалық зерттеулер әдістері

+

8.1.1.5

Географиялық модельдер

7.1.1.6

Географияда графикалық әдістердің қолданылуы

+

8.1.1.6

 

Зерттеу нәтижелерін ұсыну формалары -

2 Картография және географиялық деректер базасы (3-сaғат)

7.2.1.1

Географиялық картосхемаларды қолдану

+

8.2.1.1

Тақырыптық карталар және оларды қосымша сипаттайтын элементтер

7.2.1.2

Географиялық номенклатура

+

8.2.1.2

   8.2.1.3

Тақырыптық карталарды оқу

7.2.2.1

Географиялық деректерді ұйымдастыру

+

8.2.2.1

Географиялық деректер базасын құрастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі

3 Физикалық география (7-сaғат)

7.3.1.1

Литосфераның құрылысы мен заттық құрамы

+

8.3.1.1

8.3.1.2

8.3.1.3

Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтары.

Жер бедерінің жіктелуі.

7.3.1.2

Жердің тектоникалық құрылысы

+

8.3.1.4

Материктер мен мұхиттардың ірі орографиялық объектілері

7.3.1.3

Литосфераның тектоникалық қозғалыстары

+

8.3.1.9

8.3.1.8

Геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кесте.

Тау жыныстарының жасын анықтау.

7.3.1.4

7.3.1.5

Литосфералық катаклизмдер

+

8.3.1.10

8.3.1.7

Тау жыныстары мен минералдардың қасиеттері. Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері

7.1.1.3 

7.1.1.6

Зерттеу және зерттеушілер

+

8.3.1.6

Зерттеу және зерттеушілер

7.2.1.1

7.2.1.2

Географиялық карталар

+

8.2.1.1

8.2.1.2

8.2.1.3

Географиялық карталар

7.2.2.1

Географиялық деректер базасы

+

8.2.2.1

Географиялық деректер базасы

Сыныптарды бірпәндік біріктіруде біртақырыптық сабақтар белгіленеді, бақылау жұмыстары, сынақ, мүмкіндігінше зертханалық жұмыстардың мерзімдері сәйкестендіріледі. Бағдарлама бойынша оқу материалының мазмұны іріктеліп, біріктірілетін сынып үшін модульдерге бөлінеді. Тақырыптар сәйкес келмеген жағдайда біріктіру бірпәндік болып қала береді және оқу процесін ұйымдастыру барысында бірнеше сыныппен қатар жұмыс жасауға мүмкіндік беретін белсенді педагогикалық тәсілдерді таңдауды қажет етеді. Тақырыптарды іріктеу және сәйкестендіру жолымен алынған бейімделген оқу материалының  негізінде, оқу мақсаты анықталады, жаңартылған бағдарламалар бойынша оқитын біріктірілген сыныпқа арналған ұзақ мерзімді жоспар әзірленеді. Ұзақ мерзімді жоспардың негізінде орта мерзімді жоспар құрылады. Жаңартылған және қолданыстағы бағдарламалар бойынша оқитын ШЖМ біріктірілген сыныптарына ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлар әзірлеудің көрнекі алгоритмі келесі сызбада көрсетілген.

Сызба. ШЖМ біріктірілген сыныптарына пәндерден орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларды әзірлеу алгоритмі.

+

Ұзақ мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар

ТАЛДАУ

Оқу бағдарламасын бейімдеу:

 

1. Тақырыптарды сәйкестендіру.

2. Модульдер мен блоктарға бөлу  (қажеттілігіне қарай).

3. Сағат санын қарау.

ОМЖ

ҚМЖ

Жаңартылған оқу бағдарламаларымен бір мезгілде біріктірілген сыныптарда оқу процесін ұйымдастырып және сабақты жүргізу үшін орта мерзімді жоспардың оқу мақсаттары реттеліп, толықтырылады. Сыныптардың оқу материалдарын біріктіру кезінде сағат сандарының сәйкестігі салыстырылады және бекіту, қайталау, білім алушылардың білімдерін тексеру сабақтарының есебінен қайта қаралады. Бейімделген оқу бағдарламасындағы сәйкестендірілген оқыту мақсаттары жаңартылған бағдарламамен оқитын біріктірілген сыныптар үшін қысқа мерзімді сабақ жоспарын құруға бағдар болып табылады.  

 

Мысал ретінде «Қазақ әдебиеті» пәнінен 5 және 6 біріктірілген сыныптарға арналған бейімделген ұзақ мерзімді оқу бағдарламасының үлгісі ұсынылады.

Оқу материалының мазмұны

Оқу мақсаттары

 

                                                                         

Оқу материалының мазмұны

5-сынып

6-сынып

1 ТОҚСАН

5.1 Таза мінсіз асыл сөз                

6.1 Туған жерім-аялы алтын бесігім

5.2.1.1

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі

 

5.1.2.1

«Қобыланды батыр» жыры

                                                    

5.3.2.1

Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы

 

5.2.1.1 әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу;

5.1.2.1

 әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;

5.3.2.1

 кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау;

5.1.3.1

 көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.

6.1.1.1

 әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау;

6.2.4.1

әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу;

6.3.4.1

 көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа  айту;

6.2.3.1

шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау.

6.1.1.1

 «Аяз би» ертегісі

 

6.2.4.1

«Алып Ер Тұңға» жыры

 

6.3.4.1

Әл Фараби «Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді»

 

6.2.3.1

Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық»

Біртақырыптық біріктіру және ортақ мақсат қою мүмкіндігі болмаған жағдайда, бірпәндік біріктіру сабақтарының жоспарын әзірлеуде білім алушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес нақты оқу міндеттері қажеттілігінше бөлек қойылады, бірақ оқу процесін ұйымдастыру барысында бірнеше сыныппен қатар жұмыс жасауға мүмкіндік беретін ортақ белсенді педагогикалық тәсілдерді таңдауға болады.

 Сонымен бірге ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларды әзірлеуде жаңартылған бағдарламада ортақ тақырыптардың барын ескеру ұсынылады, оқытудың жүйелілігін сақтай отырып, оқу материалының мазмұнын модулдерге бөлу кезінде пайдаланылады. 

2018-2019 оқу жылының басталуына дейін ШЖМ мұғалімдеріне көмек ретінде академия сайтында (www.nao.kz) келесі әдістемелік құралдарға қолжетімді болады:

  • негізгі орта мектеп деңгейіндегі ШЖМ біріктірілген сыныптары үшін жаңартылған оқу бағдарламаларын бейімдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар;
  • негізгі орта мектеп деңгейінде ШЖМ біріктірілген сыныптары үшін пәндер бойынша ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлардың үлгілері;
  • ШЖМ жағдайында ЖМБ пәндерін тереңдетіп оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар;
  • ШЖМ жағдайында ҚГБ пәндерін тереңдетіп оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар;
  • шекара аймағындағы ШЖМ-де оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар;
  • тірек мектебінің базасында ШЖМ үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар;
  • ШЖМ педагогтарының АКТ құзіреттілігін арттыру бойынша әдістемелік ұсынымдар.

Республикамыздағы шағын жинақты мектептерді қолдауда тірек мектептері (ресурстық орталықтар) маңызды рөл атқарады. Қазіргі  таңда жұмыс жасайтын  мектептер базасында 169 ресурстық орталық құрылған, оған 557 магниттік шағын жинақты мектептер бекітілген.

Тірек мектептерінің (ресурстық орталықтардың) басты міндеті – ШЖМ оқушыларының толыққанды білімге қол жеткізуіне жағдай жасау, колледждермен, өндіріс орындарымен бірге бейіналды және бейіндік оқытуды жүзеге асырады, ШЖМ оқушыларының инновациялық іс-әрекеттерін дамытады, жаңа сапа деңгейіне көтеру мақсатында ауыл мектептерінің қосымша біліммен қамтамасыз етілуін іске асырады. Білім беру желісін құру (білім беру ресурстарын біріктіру), ШЖМ білім алушылары үшін олардың қызығушылықтары мен танымдық қажеттіліктерін толығырақ іске асыруға, қажет болған жағдайда қосымша білім беру ұйымдары мен тірек мектептерінің білім беру қызметін пайдалануға мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқыту арқылы ШЖМ білім алушылары үшін толыққанды білімге қол жеткізуді ұйымдастыру Үлгілік қағидалардың 16 және 18-тармақтарына сәйкес іске асырылады, мұнда сессияаралық кезеңде білім алушылардың оқу-танымдық қызметі ШЖМ-да тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) пән оқытушыларының қашықтықтан қолдауымен өткізіледі деп көрсетілген. Сонымен бірге оқу жұмыс жоспарларын әзірлеу, жеке оқыту бағдарламаларын жасау, қашықтықтан оқыту нысанының мазмұны, бейінді бағытты ескере отырып, оқыту әдістері мен арнайы курстар бойынша жұмысты үйлестіруді жүзеге асыратын ШЖМ-ді дамытудың өңірлік орталықтарының рөлі анықталған. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қажетті мәселелердің барлығы ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20-наурыздағы №137 бұйрығымен бекітілген «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқ процесін ұйымдастыру қағидалары» негізінде және жергілікті нормативті құжаттардың негізінде – білім ұйымының ішінде, сонымен бірге өңірлік нормативтік құжаттардың негізінде шешіледі. Ұйымдастыру мәселелерін шешу жолдары, құжат  түрлері мектеп базасындағы тірек мектебі үшін Үлгілік қағидалардың 16 және 18-тармақтарына сәйкес дербес болып саналады (ереже, бұйрық, өкім, келісім шарт және т.б.).

Тірек мектептерінде ШЖМ үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру базалық мектептің қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуін және магниттік ШЖМ жанында шынайы уақыт режимінде және еркін уақыт кеңістігінде сабақ өткізуге жағдай жасалуын қажет етеді. Білім беру ортасын қалыптастырудың басты шарттарының бірі әрбір білім алушы үшін қолжетімділік критерийлері болып табылады. Мектептің мүмкіндігін толықтай көруге болатын келесі сызбаны, тірек мектептерінде ШЖМ үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға негіз етіп алуға болады.

Сызба. Тірек мектебінде ШЖМ үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру

ШЖМ үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру 

Әдістемелік

көмек

Кадрмен қамтамасыз ету

Бағдарламалық қамтамасыз ету

Техникалық қамтамасыз ету

Модельдер

Интеграциялық

Виртуалды мектеп

Ресурстық орталықтың қосымша білім берудің оқу – әдістемелік көмекші құралдары

-тьютор;
-ассистент;
- мұғалім;
- инженер-жүйетехник.

-сайт:
-сервер:
-ЭБР
-ЦБР
-ҚББ жоспары:
-ҚББ курсының жоспары

-компьютермен қамтамасыз етілуі:
-интернет;
-интернет жылдамдығы;
-онлайн сабақ өткізетін жабдықталғандәрісхана.

-бейіндік курс;
тереңдетілген білім беру курсы;
-білімдегі олқылықтарды жою;
-өзіндік жұмыс;
-жеке оқыту;
кеңес беру;
-зертхана жұмысы

-қашықтықтан оқыту;
вебконференция;
-чат;
-веб-квест;
-аудио жазба:
-бақылау,тест.

 Тірек мектебі және магниттік мектеп  әкімшілігі оқу жылының басында оқу жылының бірыңғай оқу жоспарын жасайды.Бейіндік, бейіналды сағат саны шығарылып, оқу курстарын немесе элективті курстарды оқып-үйрену үшін сағат бөлінеді. Бірыңғай оқу жоспарына сәйкес, онлайн сабақтардың кестесін жасайды және сессияаралық кезеңде ШЖМ оқушыларымен онлайн сабақтарды өткізеді.
 

Барлық қажетті материалдар білім беру ұйымының сайтында орналастырылады. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру кезінде білім беру ұйымдарының желілік өзара әрекеті олардың МЖБС сәйкес белгілі бір деңгейдегі білім беру бағдарламасын игеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін бірлескен қызмет болып табылады.

Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, ШЖМ оқушылары үшін, ең алдымен, жеке оқу жоспарлары түрінде алдын-ала бейіндік оқытуды жүзеге асыру құралы ретінде, курстың жүзеге асуы, сессияаралық кезеңде күндізгі, қашықтағы онлайн-кластарды ескере отырып, базалық оқу бағдарламасының вариативті сағаттары есебінен жүзеге асырылады.Бұл білім беру процесін ұйымдастырудың оқу бағдарламаларын, принциптерін дамытудың жаңа тәсілдерін талап етеді. Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану оқу орындарына білім беру бағдарламаларын меңгерудің әр түрлі нысандарын, сондай-ақ оқушыларға арналған жеке білім беру стратегиясын құру үшін әртүрлі конфигурацияларды қолдану арқылы оқу жоспарларын құруға мүмкіндік береді: оқу бағдарламалары кезең-кезеңмен немесе модульдік игеріледі.

Тірек мектептер мұғалімдерінің немесе арнайы бейіндік курстардың басқа да түрлі бағдарламаларын дайындаған арнайы курстарды дайындаудың мақсаты әр оқушының жеке мүдделері мен білім беру қажеттіліктерін түсінуге және жеке білім беру траекториясын құруға мүмкіндік береді.

Білім беру желісі көптеген магниттік мектептерді ең үлкен материалдық және адам әлеуетімен біріктіру мүмкіндігіне негізделген, бұл басқа мектептер үшін қолдаудың тірек мектебі (ресурстық орталық) болады.Бұл жағдайда, осы топтағы әрбір мектепте базалық жалпы пәндерді толық меңгеру және ол өз мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асыра алатын әртүрлі оқыту мазмұнының (базалық пәндер және элективті курстар) бір бөлігін қамтамасыз етеді. Бейіндік жаттығудың қалған бөлігін тірек мектебі жүзеге асырады.

Толық нұсқауларды тірек мектебінің (ресурстық орталық) базасында ШЖМ үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдардан көруге болады, бұл құрал академия сайтында орналастырылған.

Егер бекітілген магниттік шағын жинақты мектептері бар тірек мектептері (ресурстық орталықтар) сессиялық оқытумен жаңартылған оқу бағдарламасына көшкен 8-сыныптарды қамтитын болса, онда сабақтарды жүргізуді жоспарлау барысында бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауларды өткізу кезеңдерін ескерулері қажет. Бірыңғай оқу жоспарына сәйкес тірек мектебі мен магниттік мектептегі оқыту синхронды жүргізіледі. Осыған байланысты, білім алушылар сессия кезінде де бірыңғай оқу жоспарына сәйкес оқуын жалғастырады. Сондықтан, қысқа мерзімді жоспарда жиынтық бағалау жұмысын алу сессия кезеңіне сәйкес келген жағдайда, білім алушылар оны тірек мектебінде тапсыра алады. Бұл бағалар магниттік мектептің сынып журналына қойылады. Егерде сессияға шығуға кедергі болатын жағдайларды (қаржы мәселесі, транспорт, карантин және басқа) ескермеуге болатын болса, онда оқу жылының басында жиынтық бағалауды өткізу мерзімдерін келісе отырып, он күндік сессия уақытын белгілеуге болады. Мысалы, оқушылардың сессияға шығу кезеңін бірінші жиынтық бағалау өткеннен кейін қоюға болады.

Егер жиынтық бағалау жұмысын өткізу сессиядан кейінгі кезеңге жоспарланса, ол кезде тірек мектебінің мұғалімдері магниттік мектеп оқушыларының жұмыстарына өздерінің пікірлерін жазып бере алады. ШЖМ мұғалімі оны жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеуде, білім алушыларды жиынтық бағалауға дайындау барысында пайдаланады.

Қалыптастырушы және жиынтық бағалау жұмыстарын жүргізуді жеңілдету үшін тірек мектебі мен магниттік мектеп мұғалімдері қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын бірге әзірлеуіне болады. Бұл жұмысты мектептің әдістемелік кеңесінің отырысында (пән бірлестігі) қашықтықтан байланыс арқылы жүргізуге де болады, себебі тірек мектептерінің базасында құрылған педагогтардың желілік кәсіби қауымдастығына оның барлық магниттік ШЖМ-і қосылады.

Білім беру ұйымы қашықтан оқытуды ұйымдастыруды көздейтін бағдарлама ресурстарын өз еркімен таңдап алады. Бұлар қашықтықтан оқытудың барлық сатыларын (оқу материалының болуы, үй тапсырмаларын бағалау мүмкіндігі, тестілеу, мұғалім мен оқушылар арасында қашықтан байланыс ұйымдастыру мүмкіндігі, оқу үрдісін бақылау, электрондық журналды жүргізу және т.б.) қамтамасыз ететін білім беру ұйымының сайтын қамтуы мүмкін. Оқытушының сайты (сол талаптармен), үшінші тарап ұйымдарының қашықтықтан оқыту жүйесін пайдалануы, білім беру ұйымының серверінде қашықтан оқыту жүйесін орнату.

Анықтама параметрлері ретінде «онлайн» немесе «дербес» өзара әрекеттесу режимдерін пайдалануға болады. «Офлайн» режимі үшін «тұрақты» немесе «сұраныс бойынша» ақпарат беру режимін таңдауға болады. «Интернеттегі» режимде «жеке», «топ құрушы» немесе «басқарылатын топ» байланыс режимдерін таңдауға болады. Нәтижесінде біз 6 топты бөліп аламыз:

1) «оффлайн» сұрау бойынша - пошта, форумдар, Jabber сияқты сөйлесулер;

2) «оффлайн» тұрақты сайттар, Moodle сияқты электрондық оқыту жүйелері;

3) «Интернеттегі» жеке - IP-телефония, Skype сияқты видео хабаршылар;

4) «Интернеттегі» топ - бейне конференциялар;

5) «Интернеттегі» басқарылатын топ - вебинарлар өткізуге арналған жүйелер;

6) «Интернеттегі» бірлескен - қашықтан қатысу жүйелері.

Білім беруге арналған инновациялық BilimBook планшеттері республикадағы үш шағын жинақты мектепте жобалық режимде тестіленген, дер кезінде қолға алынған шешімдердің бірі болып табылады. «BilimBook» жобасы бірнеше мақсаттарды көздейді:

1. ШЖМ -де жеке оқу құралдарын енгізу;

2. ШЖМ -де білім беруді дараландыруға жағдай жасау;

3. Интернет желісіне тәуелсіз, қажеттілігіне қарай ШЖМ-ге АКТ енгізуді іске асыру;

4. аралас оқыту технологиясының үлгілерін ішінара қолдану арқылы ШЖМ-де оқыту сапасын жақсартуға жәрдемдесу.

Оқу планшеттері көптеген елдердің мектептеріндегі білім беру жүйесінде сәтті пайдаланылады. «BilimBook» жобасы  - ауыл мектептері үшін Bilim Media Group компаниясы арқылы жүзеге асырылатын бірлескен ұлттық жобалардың бірі.

ШЖМ 10-11-сынып оқушылары тірек мектебінің (РО) базасында өз қалаулары бойынша екі бағытта топтастырылады. Қолданбалы пәндерді оқыту практикалық сипатқа ие және мектеп компонентіне берілген сағаттардың есебінен жүргізіледі. Бұл өз кезегінде, ШЖМ жағдайында сынып параллельдерінің жоқтығына байланысты балалардың бейіндік пәндерді таңдау мүмкіндігінің болмауына қатысты мәселені шешеді. Көп жағдайда тірек мектептеріне бекітілмеген ШЖМ-де бір бағытты таңдау ғана тиімді болса, ЖМБ бағытын таңдайды. Осы жағдайда ҚГБ пәндерге бейімділігі бар балалар үшін қолданбалы курстарды ұйымдастыру үшін қосымша жұмыс қажет. Бұл мәселеге қатысты ШЖМ жағдайында оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың келесі мүмкіндіктерінің бірін пайдалану ұсынылады:

  • факультатив сабақтары;
  • ҚГБ пәндері бойынша үйірме жұмыстарын жүргізу;
  • педагогтің кезең-кезеңмен жүйелі кеңес беріп отыруы арқылы дербес, өз бетінше оқуын ұйымдастыру;
  • кіріктірілген сабақтар;
  • таңдау курстары (элективті);
  • қашықтықтан оқыту (тірек мектептерімен байланыс орнату);
  • жеке сабақтар;
  • практикумдер.

ШЖМ жағдайында ЖМБ және ҚГБ пәндерін оқытуды ұйымдастыру деңгейі мен білім беру сапасының ағымдағы жай-күйін талдау бойынша жүргізілген мониторингтік зерттеу білім алушылардың жыл сайын өткізілетін олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарына республика деңгейінде қатысу дәрежесі өте төмен екенін көрсетті (5-6%). Сондықтан балалардың қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтауда мұқияттылық қажет, олардың білімдерін қызығушылық бағытында тереңдету үшін сараланған және дербес оқыту тәсілдерін қолдану арқылы жұмысты жалғастыру керек. Жұмыстарды ШЖМ сыныптарындағы бала санының аздығы, оқытуды нәтижелі ұйымдастыруға кедергі емес, керісінше артықшылық екенінен бастау қажет.  

Оқыған және алған білімге қайта оралуды көздейтін білім мазмұнын шоғырландыру (концентрическая) құрылымын ШЖМ жағдайында ЖМБ пәндерін тереңдетіп оқыту үшін тиімді қолдануға болады. Білім алушылардың санының аз болуы, олардың оқу-танымдық қызметін ұтымды басқару үшін нақты негіз бола алады. Әрбір оқушының білім алу іс-әрекетінің барысы туралы оқыту процесінің кез келген  сатысында ақпарат алып отыру мүмкіндігі бар.Шағын жинақты мектеп мұғалімі жалпы оқыту процесіндегі жұмыстар мен оның нәтижесін ғана емес, оның барысындағы әрбір жеке оқу іс-әрекеттерін және олардың тиімділігін бағалай алады. Осыдан бағалау мен бақылаудың объективтілігі көрінеді, сонымен қатар қажетті көмекті уақытында көрсету мүмкіндігі болады.

Мысал ретінде физика пәні сабағында жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырайық. Ұсынылып отырған жұмыс тәжірибесінде, физика курсының мектеп бағдарламасын тереңдетіп оқытудың кешенді жұмыс жүйесі құрылады.

Ол келесі кезеңдерден тұрады және оқушы мен мұғалімнің алдағы бірлескен жүйелі жұмысының түйінді тетіктері болып табылады:

  •  мұғалімнің ұсынған тақырыптарының ішінен әрбір оқушы өзіне зерттеу тақырыбын таңдайды/өзі ұсынған тақырыпты алады;
  • алгоритм бойынша, оқушылар мұғаліммен бірге немесе жеке (қажеттілігіне қарай) алған тақырыбын зеттеу жоспарын жасайды, бұл жұмыс ШЖМ контингентінің аздығына байланысты қиындық тудырмайды;
  •  мұғалім білім алушылардың жұмысын бақылайды, сыныптағы оқушылардың зерттеу жұмыстарының барысын қадағалай отырып, бағыт-бағдар мен кеңестер беріп отырады;
  • мұғалім оқушыларды алдағы жақын аралықтағы бағдарламаға сәйкес өтілетін оқу материалының тақырыптарымен таныстырады (тоқсан бойынша жасалған орта мерзімді оқу жоспарын алуға болады);
  •  мұғалім сабақтың қысқа мерзімді жоспарына, өтілген тақырыпқа оқушының тақырыбы тұрғысынан қайта оралуды енгізеді, оны сабақта оқушының өзі баяндайды, білім мазмұны кеңейе түседі, жаңа ақпараттармен толығады, байланысы ашылады;
  •  оқытудың алғашқы сатысында қарапайым түсініктер беріледі, олар алдағы уақыттағы оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен білімдерінің толығуына қарай тереңдейді және кеңейе береді;
  •  оқу жылының соңында мұғалім нәтиже шығарады: тереңдетілген оқу материалының меңгерілу деңгейі зерделенеді және оқушылардың зерттеу жұмыстарындағы жетістіктері анықталады, нәтижесі бойынша алдағы уақыттағы оқушылардың білімін тереңдету және жобалық жұмыстарын жалғастыру жоспары нақтыланады, ұсыныстар беріледі.

Зерттеу тақырыптарын білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сонымен бірге тұрғылықты жеріндегі және мектептегі зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктеріне қарап, ұсыну қажет. Осылайша, оқыту процесін білім алушылардың зерттеу жұмыстарымен сәтті ұштастыруға болады, мұның барысында балалар өте көп қосымша әдебиеттерді оқиды, желілік ресурстардан және т.б.ақпарат алады. Енді осындай сабақ үлгісіне сәйкес келетін қысқа мерзімді сабақ жоспарының жалпы нұсқасын ұсынамыз, мұнда мұғалімнің сабақта өтілетін материалға оқушының зерттеу тақырыбы тұрғысынан қайта оралу идеясы көрініс тапқан. 

Сынып:

Күні:

Сабақ

Сабақтың тақырыбы

 

Оқу мақсаттары

 

Оқыту нәтижесі

Білім мазмұны кеңейе түседі, жаңа ақпараттармен толығады, басқа параметрлермен байланысы және оларға тәуелділігі анықталады, радиоактивтілік туралы түсініктері мен білімдері тереңдейді.

Түйінді идеясы

сабақта өтілген материалға оқушының тақырыбы тұрғысынан қайта оралу идеясы

Дереккөздер

Оқулық материалдары, оқушылардың зерттеу тақырыптарының материалдары

Материал және құрал-жабдықтар

  1. ПК, мультимедиа-проектор, презентация
  2. Видеоматериалдар
  3. Үлестірме материалдар
  4. Электрондық оқу құралы

Сабақ барысы

Сабақты өткізу кезеңдері

Уақыты

(40 минут)

Сабақтың барысындағы жұмыс түрі

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

  1. Сыныптың дайындығы, жалпы ұйымдастыру сұрақтары.
  2. Оқу мақсаттарымен таныстыру.

Білімді белсендіру

3 минут

Электронды оқу құралымен жұмыс.

 

Мотивациялық кезең

3 минут

  1. Проблемалық ситуация туғызу.
  2. Тақырыпқа қатысты «Білгім келеді» сұрақтарын өз-өзіне қойып, әрбір оқушы сұрақтар қалыптастырады және жазып қояды

 

Оқушы білімін кеңейту және тереңдету

  1. минут
  • Интерактивті ақпарат алмасу (оқушылардың жобалық жұмыстарынан) және талқылау. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары:
  • 1.«Табиғи радиациялық фонның өзгеруін зерттеу».
  • 2. «Топырақтың радиоактивтілігін зерттеу».
  • 3. «Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері».
  • 4. «Ауыз су сапасын жақсартудың физикалық тәсілдері».
  • 5. «Баспана қасиеттерін физикалық тұрғыдан зерттеу».
  • 6. «Жергілікті жердегі өсімдік жапырақтарының оптикалық жүйесін зерттеу».

Рефлексия

5 минут

Мен білетін бір нәрсе,

 

Мен білгім келген екі сұрақ,                                   

 

Мен бүгін жауабын тапқан үш сұрақ

 

Сабақты қорытындылау

2 минут

Бағалау

 

Үй тапсырмасы

1 минут

 

         
Мұғалім бағыт-бағдар беруші ретінде сабақтың қорытындысын келесі кезеңдерге бастайтын қадам деп қарай отырып, жаңа білім жинауға және оны тереңдетуге жол ашатын бағыттауыш етіп алады.

Шағын жинақты мектеп жағдайында ЖМБ және ҚГБ пәндерін тереңдетіп оқыту бойынша жұмыс жоспарларын әзірлеу барысында білім берудің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары «шиыршық» принципі негізінде  әзірленгенін ескеру қажет. Осы оқу бағдарламаларына сәйкес көптеген оқу мақсаттары мен тақырыптар белгілі бір академиялық оқу аралығы өткеннен кейін біртіндеп тереңдетіліп, күрделендіріліп және білім дағдыларының көлемі ұлғайтылып, қайталанып отырады. Сондықтан, бағдарламада бар тақырыптарды және материалдарды қайталамас үшін, оқу бағдарламаларының толық мазмұнынымен алдын-ала танысу ұсынылады. Оқыту барысында болатын проблемалар мен қиындықтарды анықтау мақсатында білім алушылардың мектептегі білім сапасы мен үлгерімдерін (жеке сынып проблемаларын зерделеуге болады) талдау қажет.

Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану білім беру процесінің барлық қатысушыларының ынтымақтастықтары, диалогтік және рефлексивтік технологиялар үшін алғышарттарды қалыптастырады, олар негізгі пәнмен терең байланыста білім алушылардың жобалық және зерттеу қызметтерін ұйымдастырумен ұштастықта, факультативтерді, элективтік курстарды тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

СБР  пайдалану оқытушы, үйлестірушіден бағдар берушіге дейінгі кезеңде білім алушылардың өздігінен оқу дағдыларын игертуде олардың рөлін түпкілікті түрде өзгертеді. Сондай-ақ, топтық жұмысты ұйымдастыруда, психологиялық жайлылық және өзара көмек, бәсекелестік, шығармашылық ізденіс және әртүрлі ортада қарым-қатынас жасау атмосферасын құруда мұғалімнің тәрбиелеушілік рөлі артады, ол білім алушылардың танымдық белсенділігінен көрініс табады. Меңгерілетін пәннің ерекшеліктері мен оқытушы тәжірибесіне қарай инновациялық технологияларды пайдаланудың және материалдарды іріктеудің өз тәсілдері қалыптасуы тиіс. СБР қолданып сабақ жүргізу әдістемесі – оқыту процесінің құрамдас бөлігі, ал бағдарлама – негізінен сабақта мұғалімнің ақпарат беру функциясын орындайтын бөлігі екендігіне негізделуі тиіс. Және оның тиімділігі педагогтің білім алушылардың танымдық қызметін өте жоғары дәрежеде ұйымдастыра алуына тәуелді. Сондықтан мұндай ұйымдастырудың келесі қағидаттарын бөліп көрсету қажет:

- белсенді қабылдауды орнату;

- СБР пайдалану кезіндегі білім алушылардың оқу іс-әрекетін бақылау және басқару;

- сабақта СБР пайдаланғаннан кейінгі білім алушылардың оқу әрекетін  басқару.

Мониторингтік зерттеу нәтижесі көрсеткендей, оқыту процесінің барысында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтары жеткілікті ашылмайды, нәтижесінде оқу мақсаттарының тәрбие аспектілерімен байланысы өз дәрежесінде іске асырылмайды. Сондықтан білім алушыларды тұлға, азамат және патриот ретінде қалыптастыратын жоғары моральдік сана, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңіру үшін, зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдыларын дамыту үшін, шағын жинақты мектептерде терең теориялық және практикалық ізденісті қажет ететін кең ауқымды қызықты тақырыптарға сыныптар арасында, мектептер арасында сабақтан тыс іс-шараларды жоспарлау қажет. Біріктірілген сынып сабақтарында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтарын ашу үшін маңызды ой түйіндеу мақсатында әлемдік мәдениет құндылықтары мен ұлттық мәдениетімізді қатар қойып теңеу, дәуірлер тоғысына салыстыру жүргізу ұсынылады. Бұл сонымен бірге, ШЖМ білім алушыларының бойында келесі дағдыларды дамытуға ықпал етеді:

  • шығармашылық қабілеттерін;
  • деректерді талдау негізінде дәлелді жүйелі ой айту;
  • оқушы деңгейіндегі зерттеулерді жүргізу;
  • ауызша және жазбаша түрде өз ойын анық жеткізе білу;
  • түрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді қолдану.

Мұндағы маңызды орын оқыту процесі мен ондағы оқушының рөліне беріледі, ШЖМ жағдайында оқыту жүйесін әрбір оқушының жеке қабілетіне қарай, оның эмоционалдық жайлылығын қамтамасыз ететіндей етіп құру қажет. Білім алушылардың жеке қабілеттері әрдайым ескерілмейді, білім алушылардың жақын даму аймағын ескеру арқылы сараланған тапсырмалар таңдалмайтынын атап өткен жөн.

Мемлекетіміздің білім беру жүйесінің алдына қойған қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім берудегі сапалық алшақтықты қысқарту, математикалық және жаратылыстану ғылымдарының білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқыту сапасын күшейту, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016– 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, «Рухани жаңғыру» және «Сандық Қазақстан» бағдарламаларының орындалуына байланысты тамыз кеңесіндегі ШЖМ мұғалімдерінің секцияларында келесі тақырыптарды талқылау ұсынылады:

1. Жаңартылған білім мазмұнының оқу бағдарламалары бойынша ШЖМ біріктірілген сыныптарында оқыту процесін ұйымдастыру.

2. ШЖМ жағдайында ЖМБ және ҚГБ пәндерінен білім сапасын арттыру.

3. Шекаралық аумақтағы ауылдық мектептерде, оның ішінде ШЖМ-де білім беру процесін жетілдіру мәселелері.

4.ШЖМ үшін ресурстық орталықтарда қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру.

5.Пәндер саласына байланысты ШЖМ педагогтерінің ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануын жетілдіру жолдары.

6. Жаңа МЖМБС көшу кезеңіндегі ШЖМ жағдайындағы білім беру ортасының қауіпсіздік ерекшеліктері.

7. Білім мазмұнын жаңарту жағдайында ШЖМ-де білім беру процесін басқару.

Оқу жылының барысында әдістемелік бірлестіктердің отырысында немесе мұғалімдердің желілік кәсіби қауымдастығымен байланыс орнату арқылы вебинарларда ШЖМ мұғалімдері үшін шеберлік сынып сағатын ұйымдастыру, қажетті әдістемелік көмек беру ұсынылады. Себебі, білім мазмұнын жаңарту бойынша қысқа мерзімді білім жетілдіру курстарынан өтудің жеткіліксіз екені көрінуде, мұғалімдердің өз-өзіне сенімсіздігі және жаңа педагогикалық тәсілдерді сабақта жүйесіз қолданулары білім алушылардың оқуға деген ынтасына кері әсерін тигізеді, сонымен қоса уақытша алмастыру мүмкіндігінің жоқтығы мәселесіне байланысты ШЖМ мұғалімдерінің көпшілігі курстан өтпеген. 

Бүгінде ШЖМ педагогикалық процестің ерекше ұйымдастырылуына, көптеген өңірлік, әлеуметтік-экономикалық мәдени факторларды ескеретін баланың тұлғалық дамуына арнайы тәсілдер қолдануға аса мұқтаж болып отыр. Оқытудың заманауи тиімді технологияларын енгізу, ШЖМ оқу процесіне инновациялық білім беру технологияларын қолдану, прогрессивтік өзгерістердің жылдам қарқыны мұғалімдердің тұрақты педагогикалық ізденуін қажет етеді.   

Бүгінгі күні ШЖМ педагогтері практикада қолданылатын оқытудың әдістемелерін жүйелендіруі және оқыту процесіне жаңа педагогикалық тәсілдерді белсенді енгізулері қажет. Оның барысында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында АКТ-ны, онлайн-ресурстарды кең қолдануға, білім алушылардың өзіндік белсенді танымдық іс-қимылына жағдай жасау қажет. 

7. МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Зияткерлік тұлғаны дамытуға, тілдерді тереңдетіп оқытуға, ғылымға, мәдениетке және өнерге бағытталған білім қызметін ұйымдастыруда элитарлық білім беретін мамандандырылған білім беру ұйымдары келесі нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа алады: «Білім туралы» Заң, ҚР МЖМБС-2012, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 Қаулысымен бекітілген тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы (7-тармақ); ҚР БҒМ 2013 жылғы 19 шілдедегі № 289 бұйрығымен бекітілген мамандандырылған білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі- Үлгілік қағидалар).

Қазіргі уақытта дарынды және жоғары уәждемелі балалармен жұмыс істеудің маңыздылығы мен қажеттілігіне ешкім күмән келтірмейді.

Дарынды балаларды анықтау мен дамытуға жағдай жасау, олардың әлеуметтік мүмкіндіктерін іске асыру Қазақстан Республикасының басым міндеттерінің бірі болып табылады.Дарынды балалар бір-бірінен дарындылық деңгейімен, танымдылығымен, қызығушылығымен ерекшеленеді. Сондықтан, мұғалімнің алдында баланың әлеуетін анықтау, оқу мазмұнын іріктеу, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру саласында үлкен мәселе тұр. Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі жүйелі тәсіл, олардың қабілетін дер кезінде ашу, олардың қажеттілігіне сай бағдарламалық қамтамасыз ету, талантты балалармен жұмыс жасай алатын мұғалімнің кәсібилігі – мұның бәрі дарынды оқушылардың жұмысын тиімді ұйымдастыруға мүкіндік береді.

Мамандандырылған мектептердегі оқу процесін ұйымдастыру мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін үлгілік оқу жоспарлары негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

Мамандандырылған мектептердің оқу жұмыс жоспарларын білім беру ұйымының басшылығы мақұлдап, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен және білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен келісіледі.

Мамандандырылған жалпы білім беру бағдарламалары негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, спорт негіздерін тереңдетіп оқытуға, олардың шығармашылық әлеуетін және дарындылығын дамытуға бағытталған.

Оқу жоспарының вариативтік бөлігінің құрамына кіретін оқу пәндері бойынша оқу жоспары мен бағдарламаларды әзірлеуді оқушылардың сұраныстарына сәйкес мамандандырылған мектептер өз бетінше жүзеге асырады.

Осы әдістемелік-нұсқау хатта мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқу процесінде элективті курстардың, таңдау бойынша курстардың орны белгіленген. Таңдау бойынша курстар, элективті курстар бейіналды даярлық және бейіндік оқыту жүйесінде маңызды рөл атқарады және негізгі, жалпы орта білім беру деңгейінде оқу процесінің вариативті жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Мамандандырылған білім беру ұйымдары таңдау бойынша курстарды, элективті курстарды оқушылар мен олардың ата-аналарының таңдауына сәйкес анықтайды.

1. Бейіналды даярлық үшін таңдау курстарының ерекшеліктері.

Таңдау бойынша курстарды оқу нәтижесінде оқушылар екі сауалға жауап беруге дайын болуы керек: «Өзімнің білім алу перспективамда нені қажет етемін?» және «Мен таңдаған бейінім бойынша оқуымды жалғастыруға дайынмын ба?» 

Осы курстарды оқу барысында оқушылар:

  • мектептен кейінгі білім алу және бейіндік оқытуда сұранысқа ие құзыреттілікті меңгеруге және оқу материалдарын меңгеру бойынша күш-жігер жұмсауда тәжірибе алмасу;
  • бейіндік білім алуды болашақта жалғастыру үшін өмірлік, әлеуметтік, өзін-өзі кәсіби анықтауда бейіндік оқытудың маңыздылығы туралы ақпарат алу;
  • мектептен кейінгі білім алу бағытына және білім алу бейініне сәйкес оның құндылық бағдарын қалыптастыру.     

Таңдау курстарын құрастырудың бірнеше жолы бар.

Іргелі тәсіл жоғарғы сыныптардағы бейіндік оқу пәндерімен тікелей байланысты, тиісті пән саласында ең бірінші дарынды балаларға бағдарланған пәнді терең оқытуға бағытталған іргелі заңдар мен теориялардан жеке заңдылықтарға көшу курс мазмұнын дамытуды қамтиды.

Әдіснамалық тәсіл ерекшеліктері ғылыми-тарихи материалдарда көрсетілген танымның ғылыми әдістемесіне негізделген. Әдіснамалық тәсілге негізделген таңдау курсының басты мақсаты: ғылыми танымның әдісімен танысу, кейбір зерттеу дағдыларын меңгеру. Бұл тәсіл практикум сабақтарды, практикалық-зертханалық сабақтарды ұйымдастыруды, оқудың жобалық технологиясын пайдалануды ұсынады.

Әмбебап тәсіл ғылым үшін жалпыға бірдей маңызы бар бірқатар маңызды тұжырымдар бойынша мазмұнды топтастырумен сипатталады. Бұл тәсіл әртүрлі ғылымдар аясында бір мәселені, құбылысты, түсінікті жан-жақты қарастыратын пәнаралық курстар үшін қолайлы. Ол үшін рефлексивті оқыту технологиясы, сыни ойлау, кейс әдіс т.б. пайдалану тиімді болып табылады.

Прагматикалық тәсіл өмірде кеңінен қолданатын және оқушылардың негізгі мәдени деңгейін қамтамасыз ететін тиісті білім мен дағдыны қамтиды. Ол үшін тиісті кәсіби саладағы практикумдар, практикалық сабақтар тиімді болып табылады. 

Қызметтік-құндылық тәсіл тиісті бейіндік оқытудың мазмұнын табысты меңгеруге қажетті қызметтің түрлерімен танысуды ұсынады. Бір жағынан оқу процесін ұйымдастырудың түрлері мен қызметінің әдістерін ұтымды іріктеу, екінші жағынан оқушылардың тиісті бағдарға бейіні мен қабілетін анықтауда өзара белгілі бір қатынас бар. Осындай тәсілге негізделген таңдау бойынша курстың құрылымы оқушылардың тиісті қызмет түрлеріне бейімделуін ескереді. Мысалы, жаратылыстану бағытында оқушылар көптеген қызмет түрлеріне және химия мен биологияны оқыту процесінің нысандарына бейімділігін көрсетеді. Гуманитарлық бағыт үшін конспект, жоспар, тезис, реферат құрастыру тән, ал оқытудың қолайлы түрлері экскурсия, дискуссия, рөлдік ойындар, демонстрациялар болып табылады. Математика үшін таблица, схема құрастыру, заңдылықтарды анықтау тән.

Құзыретті тәсіл бүгінгі күні жақтаушылары көп, мүмкін көптеген құрастырушылар негізгі мектеп үшін таңдау бойынша курстарды әзірлеу барысында осы тәсілге көп көңіл бөледі. Бұл жағдайда келесі әрекеттер тізбегі болуы мүмкін:

         - осы жастағы оқушылар үшін маңызды мәселелерді анықтау;

         - оларды шешу үшін тиісті шеберлікті көрсету;

         - аталған мәселелерді шешу үшін қажетті құзіреттілікті анықтау;

         - қажетті мазмұнды таңдау;

         - оқыту әдістерін әзірлеу.

Таңдау бойынша курстың мақсатын анықтау үшін бағыт ретінде әлеуметтік, коммуникативтік немесе пәндік құзіреттілік алынуы мүмкін.

Бейіналды дайындық бойынша таңдау курсы пәндік-бағдарлы (сынама) және пәнаралық (бағдарлы) болып бөлінеді.

         Пәндік-бағдарлы курс келесі мәселелерді шешеді:

1) оқу пәніне оқушының қызығушылық танытуы;

2) пәнді жоғары деңгейде меңгеру қабілеті мен дайындығын анықтау;

3) таңдау бойынша емтихандарды тапсыруға жағдай жасау, яғни болашақ бейініне жақын пән.

Пәндік бағдарлау курстары үшін оқу-әдістемелік құрал ретінде қолданыстағы оқу құралдары, факультатив, арнайы курс бағдарламалары, жоғары оқу орындарына дайындыққа арналған оқу-әдістемелік кешендері және пәндерді тереңдетіп оқыту сабақтарының үзінділері пайдаланылуы мүмкін.

Пәнаралық (бағдарлау) курстар дәстүрлі білім беру пәндері аясынан шығуды ұсынады. Олар оқушыларды көптеген пәндер бойынша білім синтезін және әртүрлі кәсіптік салалардағы даму әдістерін талап ететін күрделі мәселелер мен тапсырмалармен таныстырады.

Таңдау курстарының міндеттерін келесідей тұжырымдауға болады:

1) оқушылардың заманауи кәсіптерге бейімделуі үшін база құру;

2) практикада кең тараған мамандықтардың, түрлері қызметтің ерекшеліктерімен танысу;

3) тиісті бейінге қолдау көрсету.

Бейіналды даярлау бойынша пәнаралық курстар үшін оқу материалдары ретінде ғылыми-танымал әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары, Интернет және т.б. қолданылады.

Таңдау курстарының айрықша ерекшеліктері олардың стандартты еместігі, вариативтілігі (түрленуі) және қысқа мерзімділігі болып табылады. Таңдау бойынша курстың вариативтілігінің ерекшелігі бейіналды даярлық алдында нақты бір бейінді таңдаған немесе керісінше әлі таңдау үстіндегі оқушы мазмұны мен саны жағынан өте көп түрлі таңдау бойынша курстарды меңгеруде өз күшін сынап көруі тиіс. Мазмұны, ұйымдастырылуы және өткізілу технологиясы бойынша бір-бірінен ерекшеленетін көптеген курстардың болуы алдынала тиімді оқытудың маңызды педагогикалық шарттарының бірі болып табылады.

Таңдау бойынша курстар келесі талаптарға сай болуы керек:

- оқушыға нақты таңдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін санымен ұсынылуы тиіс;

- білім беру перспективасы тұрғысынан оқушыға әлеуетін бағалауға көмек беруі тиіс («Әлеуметтік-гуманитарлық бағытқа математикадан үштік алуыма байланысты емес болашақта заңгер немесе журналист мамандығын таңдағандықтан барамын»);

- таңдауды жоспарлап отырған бейін бойынша оқуда оң уәждеме жасауғак ықпал ету, «Мен осымен айналыса алам ба, маған осы керек пе?» деген сұраққа жауап бере алуы үшін оқушының өзін тексеруіне көмек көрсету. Ал курстың жаңа мазмұны мен шектен тыс жүктеуі осы сұрақтарға жауап беруіне қиындық туғызуы мүмкін.

Мазмұнды таңдай отырып, мұғалім келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:

- жоғары сыныпта дұрыс бейіндік таңдау жасау үшін осы курс оқушыға несімен пайдалы?;

- орта мектептің үшінші сатысында бейіндік оқу барысында рөлі арта түсетін заманауи білім технологияларын қолдану тиімді болып табылады;

- осы немесе оған жақын пәндер бойынша базалық курсты жүзеге асыратын басқа мұғалімнің бейіналды курстарын оқыту мүмкіндігін пайдаланған жөн;

- таңдау жасау барысында (тарихшы, филолог, физик т.б.) ол үшін маңызы бар, яғни кəсіби қызмет саласының оқушының таңдауына əсер ететін курста оқушы қызмет түрінің ерекшелігімен танысуы тиіс. Олар осы бейіннің қызмет түрлерінің үлгілерін қамту керек (бейіннің ерекшелігін қызмет арқылы көрсету – мәтінмен жұмыс, талдау түпнұсқасы, құқықтық құжаттарды пайдалану т.б.).

Таңдау бойынша курстар мүмкін болса, бір әдістемеге негізделуі керек. Бұл мұғалімнің ақпаратқа монополиясын жояды.

Бейіналды дайындық үшін таңдау курстары базалық курсты қайталамауы тиіс. Олар оқушыны емтихан тапсыруы үшін емес, жоғары сыныпта нәтижелі оқуға дайындауы тиіс.

2. Элективті курстардың сипаттамасы.

Элективті курстар оқушылардың бейіні мен кәсіби өзін-өзі анықтауын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымы шешім қабылдайды және оқушыларға элективті курстарды таңдауға мүмкіндік береді.

Элективті курстардың көптеген функциялары мен міндеттері бар:

- бейінді оқу пәндерінің бірін, оның тарауын жоғары деңгейде меңгеруін қамтамасыз етеді (мысалы, әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша орыс тілінен элективті курс “Іскерлік қарым-қатынас”);

- пәнаралық негізде өзара байланысы бар оқу пәндерін меңгеруге қызмет етеді (мысалы, “Математикалық статистика, “Компьютерлік графика”, “Өнер тарихы”);

- бірнеше базалық оқу пәндердің бірін меңгеруде жоғары деңгейді қамтамасыз етеді (мысалы, орыс тілінен электив “Түрлі стиль мен жанрдағы функционалдық-мағыналық мәтіндер құру”);

- практикалық маңызды тапсырмаларды шешу үшін қызметтің дағдылары мен әдістерін қалыптастыруға көмектеседі;

- кәсіптік бағдар бойынша жұмыстың үздіксіздігін қамтамасыз етеді;

- өмірлік жолын таңдауды жүзеге асыратын мүмкіндіктер мен тәсілдердің қалыптасуына ықпал етеді;

- өмірлік маңызы бар мәселелерді шешуге, танымдық қызығушылығын қанағаттандыруға себеп болады;

- еңбек нарығында үздік жетістіктерге жету үшін оқушылардың білім нәтижелерін меңгеруге ықпал етеді (мысалы, элективтер “Іс жүргізу”, “Бухгалтерлік есеп негіздері”, “Іскерлік ағылшын тілі”, «Әртүрлі кәсіптік қызметтегі бағдарламалық қамтамасыз ету”).

Оқушы курсты өз бетінше таңдайды. Элективті курстың немесе таңдау бойынша курстың мазмұнын іріктеу арқылы мұғалім келесі сұрақтарға жауап беруі керек:

1. Бейіналды даярлық мәселелерін менқандай мазмұндағы материалдар және жұмыс түрлері арқылы толық жүзеге асыра аламын? (оқушыға бейінді таңдауға көмектесу, оның бұрынғы дайындығының орнын толтыру, осы бейіндік іс-әрекеттерге тән көрсету, оқушыға өзін көрсетуге және табысқа жетуге мүмкіндік береді).

2. Курстың мазмұны негізгі курстан қандай сапалы ерекшелігі бар? (ол тіпті негізгі курста мүлдем көрсетілмеген, ол “кездейсоқ” ұсынылған, ол туралы тек ескеріледі, ол бір жақты ұсынылған, басқа көзқарастар көрсетілмеген т.б.)

3. Аталған курс қандай оқу және қосымша материалдармен қамтамасыз етілген? (кітапхана қоры, хрестоматиялар, жинақтар, дидактикалық материалдар т.б.)

4. Қандай жұмыс түрлері (бейіндік – және кәсіби бағдарланған) аталған мазмұнда жұмыс жасауға мүмкін? (Мысалы, талдау әдісін пайдалану; химиялық тәжірибе өткізу; топпен, жеке, жұппен жұмыс; логикалық пікірталас; өткен материал бойынша резюме құрастыру).

5. Аталған курс жұмысында оқушының өз бетімен жұмысының үлесі қандай? (зерттеу нысаны; есеп жұмыстарының түрлері (реферат, мақала жазу, презентация).

6. Аталған курсты зерттеу барысында педагог пен оқушыға түсінікті қандай өлшемдер жетістікті бағалауға мүмкіндік береді? (сабақ үстінде белсенділікті бақылау; оқушылармен, ата-аналармен әңгімелесу; оқушылардың талдау жұмыстары; тестілеу).

7. Курсқа, болашақ бейінге деген қызығушылық динамикасы жұмыс барысында қалай анықталады (алғашқы және соңғы сабақта анкета алу. Міндетті жұмыстарды орындаған сайын жұмыс барысында әңгімелесу)?

8. Оқушыға арналған курс қалай аяқталады, есеп беру формасы қандай?

Осы сұрақтарға жауап бере отырып, мұғалім бағдарламаға түсіндірме жазба құрастыруға дайындалады.

Бағдарлама құрылымы бірнеше компоненттерден тұрады:

-оқу-тақырыптық жоспар;

-ОӘК және басқа да тірек оқу құралдарының тізілімі;

-әдебиеттер тізілімі және библиография;

-түсіндірме жазба;

-қолданылатын технология түрлерінің тізілімі.

Бағдарлама:

-бейіндік мектептің тұжырымдамасына сәйкес келуі тиісті;

- практикалық бағыты болуы керек;

-оқу материалының құрылымы мен ұсыну логикасы болуы тиіс;

-мазмұны бойынша құрылымы және байланысы болуы;

-уақыт пен ресурстарын жұмсауда шынайы болуы керек;

-оқушыларға үздіксіз білім алу үшін саналы және объективті түрде таңдауға мүмкіндік беретін белсенді оқыту әдістерін ұсыну;

-белгілі бір жаңашылдыққа ие болу;

-жалпы оқу және пәндік білім мен дағдыны дамытуға мүмкіндік беретін мазмұнды талдаудың кейбір түрлеріне ие болу.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сүйене отырып, бағдарламаны жазу алгоритмі құрастырылды:

1) Курстың атауы тартымды болуы керек. Ол бір жағынан мектептікіне ұқсамау керек, ал екінші жағынан курсқа қатысатын оқушылардың курс барысында немен айналысатындығын көрсетуі тиіс. Мысалы: «Астрономия» - «Жұлдызды әліппе», «Журналистика»-«Қалам үлгісі».

2) Түсіндірме жазбада:

- элективті курстың түрі (пәндік-бағдарлы,пәнаралық),

- ұзақтығы мен апта сағаттарының саны,

- курс мақсаттарының тұжырымдамасы,

- курстың түрлері мен функцияларын ескере отырып, оның міндеттері,

- мұғалімнің пайдаланатын технологиялары,

- оқушыларға ұсынылатын қызмет түрлері,

- аталған курсты оқу барысында табысты бағалауға мүмкіндік беретін критерийлер,

- ықтималды әлеуметтік сынақтар және күтілетін нәтиже.

3) Бағдарламаның мазмұны (зертханалық және практикалық жұмыстарды қоса).

4)Тақырыптық жоспарлау (оқушылардың теориялық және практикалық сабақтарын, күтілетін іс-әрекеттерін көрсетеді).

5) Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

6) Қосымша.

Элективті курстар мектепте вариативті компонентке берілген уақыт арқылы жүзеге асырылады. Элективті курстарды мектеп бағдарламасына енгізе отырып, бұл жерде оның бағдарламалары мен оқу құралдары туралы ғана емес, осы курстарды оқытуда қажетті барлық әдістемелік жүйе туралы екенін ескеру қажет. Сондықтан элективті курстарға берілген сағат аясында жеке бейіндердің жобалық оқу жоспарларында белсенді оқу технологияларына көңіл бөлу қарастырылған.

Элективті курстардың міндеттерінің күрделілігі мен көп өлшемділігі қатаң бекітілген тұжырымдамалық жүйе бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді және әдістемелік қолдау жүйесін құру қажеттілігін туғызады.

Элективті курстардың күрделілігі және көп жоспарлылығы элективті курстардың міндеттерінің күрделілігі мен көп өлшемділігі қатаң бекітілген тұжырымдама (яғни, өздігінен емес, іс жүзінде нығайтылған) негізінде бағдарламалық және әдістемелік қолдау жүйесін құру қажеттілігін туғызады. Ол үшін кез-келген таңдау бойынша немесе элективті курс оқу-әдістемелік жинақпен қамтамасыз етілуі тиіс.

Элективті курс бойынша оқу-әдістемелік жинаққа:

 - курстың бағдарламасы;

 - оқу, әдістемелік құралдар (мұғалімге, оқушыға арналған әдебиеттер, қосымша әдебиеттер, электронды басылымдар. Интернет-ресурстар);

 - оқушының дәрістері, семинарлары, өзіндік жұмыстары үшін ақпараттық материалдар мәтіндері;

 - өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар каталогы және оны орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар;

 - жеке және сараланған тапсырмалар, соның ішінде тест түріндегі тапсырмалар;

 - оқу тәжірибе бағдарламалары және оны өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар;

- зерттеу жұмыстары мен жобалардың тақырыптары;

 - жобалық және зерттеу қызметінің бағдарламалары және оларды ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар;

 - жобалық және зерттеу жұмыстарының үлгілері кіреді.

8 КЕШКІ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Кешкі (ауысымды) мектеп жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін Қазақстан Республикасының азаматтарына, сонымен қатар, шетелдік азаматтарға (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында) негізгі орта және жалпы орта білім алуға мүмкіндік береді («Білім туралы» ҚР Заңы, 3-бабы, 1-т., 1,3-т., 47-бап, 1-т.; «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы, 4-б., 41-т.).

Ұлттық білім беруді жаңғырту, орта білім берудің ұлттық моделін құру, білімге бағдарланған парадигманы белсенділікке айналдыру, мектептегі білім берудің мазмұнын түбегейлі өзгерту және жаңарту, ең алдымен, барлық азаматтарға сапалы білім алуға және қоғамда сәтті қарым-қатынас жасау мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Дегенмен, қазіргі уақытқа дейін әртүрлі себептермен оқу процесінен тыс қалған азаматтардың санаты бар. Осындай адамдарды білімге тарту, мемлекетіміз азаматтарының жалпы білім деңгейін көтеру мақсатында республикада кешкі мектептер жұмыс істейді, негізгі контингенті жұмыс істейтін ересектер мен 15 жастан асқан жасөспірімдер, қиын жағдайға тап болған, сондықтан күндізгі жалпы білім беретін мектептерде білім алмаған.

Кешкі мектептердегі оқу процесі білім беру деңгейіне сәйкес жүзеге асырылады:

1) негізгі орта білім (меңгеру мерзімі – 3 жыл: 7, 8, 9-сыныптар);

2) орта жалпы білім (меңгеру мерзімі – 2 жыл: 10, 11 (12) сынып). «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы, 4-б., 63-б.).

Осы мақсатта ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында кешкі мектептерге арналған барлық базалық пәндер бойынша жаңа Үлгілік оқу жоспарлары мен Үлгілік оқу бағдарламаларының жобалары әзірленді;

1) Кешкі мектептер үшін орта білім берудің үлгілік оқу жоспары (орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде): орыс тілінде оқытатын күндізгі бөлім, 7-11- сыныптар.

2) Кешкі мектептер үшін орта білім берудің үлгілік оқу жоспары (орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде): сынақтарды көрсете отырып сырттай оқу нысаны, 9-11-сыныптар (орыс тілінде оқыту).

3) Кешкі мектептер үшін орта білім берудің үлгілік оқу жоспары (орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде): жеке сырттай оқу нысаны, 5-11-сыныптар (орыс тілінде оқыту).

4) Кешкі мектептерге арналған жаңартылған мазмұндағы негізгі орта білім деңгейінің үлгілік оқу бағдарламалары: күндізгі оқыту, 7-9-сыныптар.

5) Кешкі мектептерге арналған жаңартылған мазмұндағы жалпы орта білім деңгейінің үлгілік оқу бағдарламалары: күндізгі оқыту, 10-11 сыныптар.

6) Кешкі мектептерге арналған жаңартылған мазмұндағы орта білім берудіңүлгілік оқу бағдарламалары: сырттай оқыту түрі, 9-11-сыныптар.

Оқытудың басқа да түрлері үшін тиісті Үлгілік оқу жоспарлары негізінде күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды қолдану ұсынылады. Оларды құрастыру пән мұғалімдерінің құзырында. 

Кешкі мектепте оқу процесін ұйымдастыру оқушылар контингентінің ерекшелігін ескереді. Көптеген мектеп оқушылары оқудан қол үзіп қалуынабайланысты оқу материалын түсіну және бекіту үшін қажетті негізгі білімдері мен дағдыларын жоғалтады, ал кейбір оқушылар оны күндізгі мектепте оқу барысында игермейді. Кешкі мектеп мұғалімдерінің маңызды міндеті - мұндай кемшіліктерді анықтау және жою, білімді қалпына келтіру және оқу материалын игеру және тәуелсіз бағалау жағдайында өтетін мемлекеттік (қорытынды) аттестаттауға дайындалу үшін берік негіз құру. Алғашқы міндеттердің бірі - тыңдаушыларды оқудан қорқудан арылуға мүмкіндік беретін осындай жағдайлар жасау, сондай-ақ, адамның жан-жақты дамуына ықпал ету.

Кешкі мектепте және күндізгі жалпы білім беретін мектептерде кешкі және кешкі бөлімдерде білім беру күндізгі, сырттай, сырттай және жартылай күндізгі жеке білім беру нысандарында жүзеге асырылады («Білім туралы» ҚР Заңы, 27-бап). Білім берудің барлық түрлері бір білім беру ұйымының шеңберінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Кешкі мектепте оқитын оқушыларды күндізгі және кешкі уақытта, күндізгі және сырттай, сырттай және жартылай күндізгі білім беру нысандарында жүргізуге болады (1998 жылғы 17.11-дегі №565 бұйрық).

 

Күндізгі оқу түрі бойынша сыныптардағы оқу процесінің ерекшеліктері

Кешкі мектеп оқушыларконтингентінің күрделілігімен ерекшеленеді: ол жас ерекшелігі, білімділік және білім алу деңгейі, әлеуметтік және отбасылық жағдайы, мектептен тыс жұмыспен қамтылу дәрежесі мен сипаты, қабылдау, есте сақтау, көңіл бөлу, уәждеме және басқа да белгілері бойынша біркелкі емес.

Күндізгі бөлімде оқытудың негізінде күндізгі жалпы білім беретін мектептердегі секілді сыныптық-сабақ жүйесі жатыр.

Кешкі мектепте күндізгі бөлімде оқитын оқушылардың барлық құрамымен, сондай-ақ топтық және жеке жұмыс түрлерімен алдын-ала жұмыс ретінде қолданылады. Білімнің негізгі көзі – мұғалім, сондай-ақ ғаламтор, оқулықтар және оқу құралдары.

Кешкі мектептегі сабақтар қосымша топтық немесе жеке сабақтар түрінде толықтырылады.

Сыныптар мен сырттай оқу топтарындағы оқу процесінің ерекшеліктері

Сырттай оқу нысаны кешкі мектептің күндізгі бөліміндегі оқудан ерекшеленеді, себебі ол оқушылардың өздігінен білім алу жұмысына негізделген. Сырттай оқитын оқушылардың өз бетімен тәуелсіз жұмысын топтық және жеке консультацияларға жүйелі түрде келуімен үйлестіру кешкі мектепте сырттай оқу курстарын ұйымдастырудың маңызды қағидаларының бірі болып табылады.

Сырттай оқитын студенттердің өзіндік жұмысы оқу сабақтарының негізгі түрі болып табылады; ол топтық және жеке консультациялармен, сондай-ақ сынақтарына тығыз байланысты.Сырттай оқыту процесі оқытушы тарапынан оқушылардың өзіндік оқу әрекетінің топтық және жеке, сонымен қатар сынақтар жүйесімен тығыз байланысын қамтамасыз ететін белсенді педагогикалық басшылықты көздейді.

Топтық консультацияларда мұғалім түйінді, ең күрделі тақырыптар, себеп-салдар және қатынастар мен заңдарды ашып, теориялық материалды зерттеу жолдарын және танымдық тапсырмаларды шешу жолдарын түсіндіреді, теориялық материалды және практикалық ұсыныстарды түсіндіру арасындағы ұтымды қарым-қатынасты анықтайды және жүзеге асырады, бағдарлама материалының сипаты, білім беру мен тәрбиелік міндеттерге және оқушылардың білім деңгейі мен дағдысына қарай үй тапсырмасының көлемін және күрделілігін үйренудің әрбір кезеңінде белгілейді.

 

Кешкі мектепте ерекше тақырыптарды, бөлімдерді зерттеу соңында өткізуге болатын білімдердің соңғы жазбаларының әртүрлі формалары айрықша рөл атқарады. Бұл – бақылау жұмыстары, сынақ, емтихан.

Сынақтарбелгілі бір себептермен сабақтан қалған оқушылар үшін, сондай-ақ қосымша сабақтарды қажет ететін оқушылар үшін өте маңызды.

Сынақ тапсыру оқушылардың білімін және дағдыларын оқыған тақырыптарының жекелеген сұрақтары бойынша ғана айқындайтын ағымдағы бақылауға қарағанда объективті және жан-жақты тексеруге және бағалауға мүмкіндік береді.

Сынақтар ауызша түрде, тестілеу, жоба түрінде, зерттеу, бақылау, зертханалық, практикалық жұмыстар түрінде тапсырылуы мүмкін.

Сырттай оқу сыныптарында сынақтар мынадай пәндер бойынша тапсырылады: «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орыс әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Математика», «Тарих», «Құқық негіздері», «География», «Биология», «Физика», «Химия».

Кешкі (ауысымды) мектептің ерекшелігі мектептің нақты жұмыс режимін қажет етеді. Кешкі мектепте сабақтар үш күн өткізіледі, кеңес беру, тестілеу, вариативті бөлім пәндері жеке сабақ кестесіне шығарылады және қатаң түрде арнайы белгіленген күнде өткізіледі.

Кешкі мектепте «Көркем еңбек», «Дене шынықтыру», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» сияқты пәндерді оқыту қарастырылмаған.

Күндізгі бөлімде сыныптағы оқушы саны 20 адамды құрайды, сырттай оқу түрінде 9 адамнан кем емес, сырттай оқу бөлімінде жеке оқу топтарында 1-ден 8- адамғадейін (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жалпы білім беретін ұйымдардың (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша типтік ережелерін бекіту туралы» 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы, 4-б., 49, 55-б.).

Ерекше жағдайлар болған жағдайда (ауру, мүгедектік, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыс,отбасында жалғыз асыраушы) және талаптарға сай келетін жағдайлар болғанда, кешкі мектепте қашықтықтан оқыту технологиясы енгізілуі мүмкін.

Сырттай және кешкі оқу бөлімдерінде сынақ тапсыру уақыты мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жалпы білім беретін ұйымдардың (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметтің үлгілік ережелерін бекіту туралы» 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы, 4-б., 68-т.).

Негізгі орта және жалпы орта мектеп курсы бойынша оқу бағдарламаларын меңгеруі бітірушілердің міндетті қорытынды аттестаттауды тапсыруымен аяқталады. Қорытынды аттестаттаудан өткен кешкі мектеп бітірушілеріне білім деңгейіне сай мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі. 

Кешкі мектептегі оқу жылының ұзақтығы күндізгі оқу түрінде - 34 аптаны, сырттай оқу түрінде - 36 аптаны құрайды.

Күндізгі оқу түрі бойынша білім алатын оқушыларды аттестаттау тоқсан бойынша, сырттай оқу түрінде – жартыжылдықтар бойынша жүргізіледі.  

Орыс тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті», қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Орыс тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі», «Информатика» пәндері тек күндізге бөлімде, яғни оқушы саны 20 адам болған жағдайда ғана топтарға бөлініп оқытылуы мүмкін (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жалпы білім беретін ұйымдардың (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру түрлері бойынша) түрлері бойынша қызметтің үлгілік ережесін бекіту туралы» 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы).

Кешкі мектеп жылдық күнтізбелік оқу кестесін, бағалау жүйесін, білім алушыларды аттестаттау тәртібі мен кезеңдерін өз бетінше белгілейді. (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы, 4-б., 65-т.)

Кешкі мектептің барлық тәрбиелік жұмыстары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарын іске асыруға және Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласының бағыттарын жүзеге асыруға, сонымен қатар кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді оңалту, әлеуметтендіру және тұлға ретінде дамытуға бағытталуы тиіс. Оқушыларға тәрбелік ықпал ету жүйесі, ең алдымен,  девиантты мінез-құлықты жою мен түзетуге бағытталуы керек және білім берудің жаңа мазмұнына өту барысында оқу үдерісін ұйымдастыру принциптеріне негізделуі қажет.

Кешкі мектептің және күндізгі жалпы білім беретін мектептердегі кешкі бөлімдердің негізгі міндеті –«қиын» жасөспірімдерді әлеуметтік және психологиялық оңалту және бейімдеу. Кешкі мектепке және күндізгі жалпы білім беретін мектептердің кешкі бөлімдеріне түрлі себептермен, мысалы, педагогикалық қараусыздықтан, денсаулығынан, оқуға ынтасының болмауынан, отбасындағы ауыр тұрмыстық жағдай және т.б. себептермен жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде оқи алмаған балалар келеді.  

Кешкі мектеп мұғалімдерінің міндеті - оқушыларға негізгі адамгершілік нормалары мен моральды бойына сіңіру, басқа мәдениет пен көзқарастарға төзімділік пен құрметті қалыптастыру, жауапкершілігі жоғары және дені сау баланы тәрбиелеу болып табылады.

Кешкі мектептің ерекшеліктерінің бірі - «проблемалы» оқушылармен: оқыту мен тәрбиелеуге қиын балалармен жұмыс жүргізу. Олар жұмысқа қабілеттерінің төмен болуымен, оқуға ынтасының болмауымен және тәртіпсіздігімен ерекшеленеді.

Тәрбие жұмысының басым бағыттары:

- «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізінде қазақстандық патриотизмді, құқықтық мәдениетті, тарихи таным, ұлттық дәстүр мен мәдениетке тәрбиелеу, әлеуметтік өзара әрекеттесу, азаматтық жауапкершілік және құқықтық мәдениетті дамыту;

- рухани-адамгершілік тәрбие;

- салауатты өмір салтын қалыптастыру;

- ұлтаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді тәрбиелеу;

- кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылық пен бақылаусыздықтың алдын-алу;

- кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы экстремизм мен терроризмнің алдын алу;

- кәмелеттік жасқа толмағандар арасында нашақорлықтың, маскүнемдікті және темекі шегудің алдын алу;

- жасөспірім қыздардың тәрбиесі;

- оқушыларды кәсіби бағдарлау;

- ата-аналармен әлеуметтік серіктестік.

Күндізгі жалпы білім беретін мектептерде, сондай-ақ кешкі бөлімде, кәсіпорындармен және колледждермен келісім бойынша, қосымша білім беру қызметтері, оның ішінде ақылы негізде оқушыларды кәсіби даярлауды жүзеге асыра алады.

Кешкі мектепте оқу үдерісін жетілдіру үшін әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестіктер, психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық қызмет құрылады. Олардың қызметі мектеп Жарғысымен және білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

9 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

«Жалпыға арналған» білім беру парадигмасының құрамдас бөлігі болып табылатын инклюзивті білім беру барлық балалардың жалпы білім беретін мектепке бару және зияткерлік немесе физикалық қабілеттеріне, мәдени, әлеуметтік, этникалық, нәсілдік, діни тиесілігіне қарамастан, құрбыластарымен бірлесіп оқу мүмкіндіктерінің теңдігін көздейтін тәсілді білдіреді. Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытудың қолданыстағы нормативтік құқықтық базасының басты постулаты ‒ білім беру ортасын білім алушының жеке ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктеріне бейімдеуді қамтамасыз ететін, педагогикалық әдісті ескере отырып, олардың тұратын жері бойынша барлық білім алушылар үшін тең білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге негізделеді. 

ҚР «Білім туралы» Заңының баптарында білім алушылардың білім беру бағдарламаларына тең қолжетімділікті, түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды, мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігін қарастыратын мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының мәні мен принциптері айқындалған. Мысалы, ҚР «Білім туралы» Заңының 3-бабында «...1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; 2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы; 3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі...» деген принциптерібелгіленген [2].

Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңында (2002 жылғы 11 шілдедегі №343) мүмкіндігі шектеулі балалар үш жастан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, арнайы және жалпы білім беру ұйымдары жағдайында бастауыш және негізгі орта білімді жеті-он жастан бастап алуға мүмкіндігі бар екені анықталған.Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен бірлесе оқытатын қалыпты (бұдан әрі - инклюзивті) және арнайы сыныптарын жалпы білім беретін мектепте құру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік ережелерінде» (бұдан әрі – Үлгілік ережелер) берілген.Үлгілік ережелердің 19-тармағына сәйкес жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті және арнайы сыныптар халықтың қажеттілігін, ата- аналардың мүддесін есепке ала отырып, білім беруді жергілікті басқару органдарының келісімі бойынша ашылады.Арнайы сыныптардың толымдылығын анықтауда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің Үлгілік ережелерінің 3-тармағын және Қазақстан Республикасы Ұлттық  экономика министрінің 2014  жылғы29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерін  (9-қосымша, 2-кесте) басшылыққа алу ұсынылады;

- жалпы білім беретін мектептердегі инклюзивті және  арнайы  сыныптарға балаларды қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі, орта,жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» (1-қосымша) мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Жалпы білім беретін мектептегі арнайы сыныптар жұмысы ұзартылған күн тәртібінде ұйымдастырылады, яғни бұзылған қызметтерді еңсеру мен орнын толтыру және қажетті денсаулық сақтаушы педагогикалық режимді қамтамасыз ету бойынша қажетті жағдайларды құру. Қажет болған жағдайда, ұзартылған күн тәртібіне жалпы білім беретін сыныптардың ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар да қатысаалады.

Арнайы сыныптардағы оқу процесі бұзылыс түріне қарай мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға арналған үлгілік оқу жоспарымен және арнайы оқу бағдарламаларымен және ОӘК-менреттеледі.

Жалпы сыныптарға қосылған ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу бағдарламасы бойынша, арнайы оқу бағдарламаларымен,психологиялық–медициналық-педагогикалық консультациясының (бұдан әрі ПМПК) ұсыныстарына сәйкес жеке оқу жоспарымен  және жеке оқу бағдарламаларымен оқуы мүмкін.

Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың нәтижелерін бағалауда МЖБС берілген білім алушылар дайындығының деңгейіне қойылатын талаптарға бағдарлану керек. Бірақ кейбір балаларға бағдарламаны меңгеруге ұзағырақ уақыт керек. Нәтижесінде олар қалыпты дамыған балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейімен сәйкес деңгейге жетеді. Жалпы білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілігі бар, оның ішінде есту, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған, күрделі тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген түлектерге алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.

ҚР МЖБС сәйкес білім сапасын арттыру бойынша жұмыстың негізгі бағыттары тез өзгермелі әлемде табысты болу, жалпы білім беретін мектептерде зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім алуға қажеттілігін қанағаттандыратын үздік білім беру ресурстары мен технологияларына білім процесіне қатысушылардың барлығына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. 

Инклюзивті білім беру қалыпты дамыған құрдастарымен бірге оқитын мүгедек балалар үшін білім беру нәтижелерінің мақсаты мен оны түсінудегі өзгерістерді неғұрлым толық көрсетеді. Білім беру нәтижелерін бағалауды өзгерту бағыттарының бірі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудегі жаңа мақсаттарды қалыптастыратын құзыреттілік тәсілдемесі болып табылады.

«Құзыреттілік тәсіл» түсінігі оқыту процесінің тұлғада басты (базалық, негізгі) және пәндік құзыреттерді қалыптастыру мен дамытуға бағыттылығын білдіреді. Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру тек жаңартылған білім мазмұнын ғана емес, сондай-ақ оқытудың тиімді әдістері мен технологияларын іске асырумен байланысты.

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгерудің ерекшеліктеріне байланысты мұғалім олар үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бейімдей алады. Ал сабақтар ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқытуға жеке амалдарды қолдану арқылы жүргізіледі.

Білім беру ұйымдарында балалардың денсаулығын сақтау, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім алу және қосымша білім беру қызметтерін алудағы олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жайлы жағдай құру қамтамасызетіледі.

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын бекітеді.

Оқытудың түзете-дамыту бағыттылығы жалпы білім беретін цикл  пәндері, түзету пәндері аясында, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесінде іске асырылады.

Жалпы алғанда, «үйде оқыту»түсінігінің мәнін анықтауда көптеген зерттеушілер мен практиктер үйде оқыту – бұл білім беру немесе оқыту формасы емес, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту процесін ұйымдастыру жағдайлары деген пікірді ұстанады.Яғни, үй жағдайында оқуға ауыстырылған балалар мектептің білім беру процесінің толыққанды қатысушысы болып табылады [29].

Балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру мәселелері, оның ішінде нормативті-құқықтық негіздері, білім беру мазмұны, үйде оқыту процесіне қатысушылардың қызметі мен міндеттері, білім салалары бойынша үйде оқыту ерекшеліктері, оқу уақытының нормасы мен оны есепке алу, үйде білім алушылардың оқу нәтижелерін бақылау бойынша ұсынымдар Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА 2017 жылы әзірлеген «Үйде оқытылатын балаларды жалпы білім беру мектебінің оқу бағдарламаларымен оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар» құралында толық қарастырылған (Академия сайты:www.nao.kz).

Үйде оқытуды жүзеге асыру бойынша барлық қажетті ұйымдастыру іс-шаралары мен тәртіптері жалпы білім беретін ұйымдар үшін белгілі және жаппай толық көлемде іске асырылуда. Алайда, оқу жылының барысында ең алдымен, жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқу бағдарламаларын енгізуге және осыған байланысты критериалды бағалау тәртібіне, екіншіден, жеке сипаттағы жағдайларға байланысты мәселелер орын алуда.

Зерттеушілердің пікірінше, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерінің маңызды аспектілерінің бірі оқытуды сапалы жекелендіру, әрбір балаға өзіне ғана сәйкес қарқын мен білімді меңгеру әдісін, оқу жетістіктерін бағалауға қажеттілік болып табылады. Өз кезегінде, әрбір білім алушының білім беру нәтижелері оның білім алу процесінде меңгеріп жатқан бағдарламаның құрылымы мен мазмұнына байланысты болады

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушылар үшін, соның ішінде үйде оқытылатын балалар үшін білім беру процесін жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы жекелендіру іске асырылады. Қазіргі таңда инклюзивті оқытуға көшу кезеңінде нормативті құжаттарда жеке бағдарламаның құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар жоқ екендігін атап өткен жөн. Жеке білім беру бағдарламаларының құрылымдық-мазмұндық аспектілерге қатысты бұл мәселе Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-да зерттеу мен жобалау кезеңінде. 

Дегенмен, әрекеттегі заңнамаға сүйенетін болсақ, ҚР «Білім туралы» Заңының 3-бабында «білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері» анықталған: 1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі. Ал «адамдардың жекелеген санаттары үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың ұсынымдары ескеріле отырып айқындалатын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму және әлеуеттік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері ескерілетін арнайы оқу бағдарламалары әзірленеді» деп айтылған 14-бабына (аталған құжаттың) сәйкес туындаған мәселелер бойынша шешім табуға болады.

Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу объектісі білім беру процесі болып табылады. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәні – оның әлеммен, қоршаған ортамен (ересектермен, құрбыластарымен), өз-өзімен қарым-қатынасы жүйесі ретінде баланың даму жағдайы. Ерекше қажеттіліктері бар білім алушыларды сүйемелдеу командалық жұмыс стилін, әртүрлі мамандардың (психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың, әлеуметтік педагогтың), мұғалімдер мен ата-аналардың тығыз өзара іс-қимыл жасасуын болжайды.

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу білім берудің әр деңгейінде басым міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:

бастауыш мектеп – мектепте оқуға дайындықты анықтау, мектепке бейімделуді қамтамасыз ету, балалардың оқу әрекетіне қызығушылығын арттыру, танымдық және оқу мотивациясын дамыту, өз бетінше әрекет ету мен өз бетінше реттеуді дамыту, оқу ниетін және «оқу білігін» қалыптастыруды қолдау, жеке-дара ерекшеліктерін және әлеуметтік мүмкіндіктерін ескере отырып, әр оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту;

негізгі мектеп – білім алушының негізгі мектепке ауысуын сүйемелдеу, оқытудың жаңа жағдайларына бейімдеу, тұлғалық және құндылықты-мағыналы өзін-өзі анықтау мен өзін-өзі дамыту міндеттерін шешуде қолдау көрсету, тұлғалық проблемалық және әлеуметтену мәселелерін шешуге көмектесу, өмірлік дағдыларын қалыптастыру, невроздың алдын алу, ата-аналарымен және құрбыластарымен конструктивті қарым-қатынас құруға көмектесу;

орта мектеп – кәсіби бағдар алуда және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауда оқушыға көмектесу, экзистенциалдық проблемаларды (өзін-өзі тану, өмір мәнін іздеу, жеке сәйкестікке қол жеткізу) шешуде қолдау көрсету, уақытша перспективаны, мақсатты тұжырымдау қабілеттерін дамыту, психоәлеуметтік құзыреттілікті дамыту.

Психологиялық-педагогикалық қолдау ерекше шығармашылық ортаны құруды және балаларға таңдау жағдайын беруді қарастырады. Бұндай жағдайлар баладан тек білім, білікті қолдануды ғана емес, сондай-ақ рефлексиялау тәжірибесін, өздігінен шешім қабылдау, ерік пен мінездің көрінісін талап етеді. Даму мүмкіндігі шектеулі оқушыны психологиялық-педагогикалық қолдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы мен ұсыныстарының негізінде ұйымдастырылады және білім беру ұйымындағы штаттық мамандармен (арнайы педагог, психолог, мұғалім-логопед, әлеуметтік педагог, ЕДШ маманы және басқа) немесе білім беру ұйымынан тыс келісім-шарт негізінде оңалту орталығы, түзеу кабинеті мамандарымен, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарының педагогтарымен жүзеге асырылуы мүмкін

Көмек көрсету қызметі жұмысының негізгі бағыттары:

- мектепке келетін балалардың оқуға дайындығын, қолдауға мұқтаждығын анықтау мақсатында оларды кешенді зерделеу;

- физикалық, зияткерлік және эмоционалдық дамытуды қажет ететін, оқыту мен мектепке бейімделуде қиындықтары бар мектеп оқушыларын уақтылы анықтау, қажет болған жағдайда оларды ПМПК-ға консультацияға жіберу;

- ПМПК қорытындысы бар оқушылардың танымдық әрекеті деңгейін және ерекшеліктерін (сөйлеу тілін, жадын, зейінін, жұмыс қабілетін және басқа да психикалық функцияларын) анықтау, білім алуда табыстылықты қамтамасыз ететін профилактикалық, коррекциялық психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік іс-шараларды анықтау үшін олардың эмоционалдық-ерік және тұлғалық дамуын зерделеу;

- психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламасын әзірлеу және іске асыру, жеке, шағын топтық, топтық түзету-дамыту жұмысын жүргізу;

-психологиялық-педагогикалық мониторингті жүзеге асыру;

- жалпы білім беретін, сонымен қатар арнайы сынып жағдайында да оқушыларға жеке және дифференциалды тәсілді қамтамасыз ету үшін мұғалімдерге арналған ұсынымдар әзірлеу;

-физикалық, зияткерлік және эмоционалдық шамадан тыс жүктемелер мен олқылықтардың алдын алу, емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру;

- консультативтік және ағартушылық қызмет.

Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларғакөмек көрсету (қолдау) бағдарламасын іске асыратын орталық фигура мұғалім болып табылады. Педагогтің балаға, оның оқу әрекетінің нәтижесіне қарым-қатынасының, педагогтің оқыту процесін жекелендіру білігінің, мамандардың (психологтың, логопедтің, дефектологтың) ұсынымдарын ұстана алатындығының, баланың өзіне сенімін қалыптастыратындығының маңызы зор. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыны сөзсіз қабылдау, өзгерістерге, кәсіби ізденіске ұмтылу, мамандардың командасында жұмыс істеуге дайын болу, педагогикалық оптимизм мұғалімнің қажетті кәсіби қасиеттері болып табылады.

Баланың даму ерекшеліктеріне, оның мүмкіндіктеріне, сондай-ақ ПМПК ұсынымдарына сәйкес ерекше қажеттіліктері бар оқушыны қолдау бағыттылығы, қарқындылығы және ұзақтығы айқындалады. Жалпы білім беретін мектеп оқушыға оның қажеттіліктеріне барабар қолдау түрін ұсынуға тиіс. Бұл қысқа мерзімді, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді негізде қолдау көрсету болуы мүмкін.

Қысқа мерзімді қолдау оқытуда елеусіз және уақытша қиындықтары бар, логопедпен, психологпен ұзақ емес (жарты жылға дейін) коррекциялық сабақтар циклын талап ететін оқушыларға көрсетіледі. Бұл ретте оқушы кәдімгі сыныпта құрбыластарымен жалпы білім беретін бағдарлама бойынша оқиды және аптасына бірнеше рет мамандармен жеке немесе топтық сабақтарға қатысады, оларда оқушының жеке даму ерекшеліктерін дамыту және орнын толтыру бойынша жұмыс жүргізіледі (сөйлеу тілін дамыту, эмоционалдық-тұлғалық жетілу қажеттілігі).

Орта мерзімді қолдау оқытуда даму ерекшеліктеріне байланысты тұрақты қиындықтары бар және арнайы дайындалған педагогтер мен мамандардың қарқынды қолдауын қажет ететін оқушылар үшін ұйымдастырылады. Жалпы білім беретін мектептегі осындай білім алушылар үшін бастапқы білім беру деңгейінде арнайы сынып жағдайында саралап оқыту ұйымдастырылады. Оқушыларды қолдаудағы негізгі міндет МЖББС оқу бағдарламаларын оқыту және мазмұнын меңгеру қиындықтарына әкеп соғатын себептерді барынша жеңу болып табылады. Оқыту процесінде педагогикалық диагностика жүзеге асырылады, ол оқушыларға, олардың даму деңгейіне, әлеуетті мүмкіндіктеріне және оқытудың алдыңғы кезеңдерінде қол жеткізілген оқу жетістіктеріне қойылатын талаптардың сәйкестігін қадағалауға бағытталған. Дамудың оң динамикасы және оқу бағдарламасын табысты меңгерген кезде арнайы сыныптардың оқушылары кез келген оқыту сатысында ПМПК шешімі бойынша, оқушылардың өздерінің және олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен қарапайым сыныпқа ауыстырылуы мүмкін.

Оқушыларды дамыту проблемаларын бастапқы сатыда жеңу мүмкін болмаған жағдайда, оларды арнайы сыныптар жағдайында және келесі оқыту сатыларында оқытуды жалғастыруға болады. Бұл жағдайда оқушыларды ұзақ мерзімді қолдау іске асырылады.

Мектеп оқушылары негізгі орта және жалпы орта білім алу сатысында пәндер бойынша стандартты оқу бағдарламаларын оқушылардың білімді меңгеру ерекшеліктеріне сәйкес бейімдеу жүзеге асырылады, бұл ретте Қазақстан Республикасының МЖБББС сәйкес келетін негізгі мазмұн сақталады. Мектеп оқушыларының арнайы сынып жағдайында негізгі білім алу мерзімі 1 жылға ұзартылады. Оқыту мамандармен (психологпен, дефектологпен, логопедпен) коррекциялық-дамыту сабақтарын көздейтін, арнайы оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Оқушыларды бағалау оқу процесінде іске асырылатын бағдарламаның шеңберінде жүзеге асырылады.

Интеллекті бұзылған оқушылардың мектепте білім алған барлық кезеңінде оқыту оқу жоспарлары, бағдарламалары және мазмұны Қазақстан Республикасының МЖБББС талаптарын орындауға бағдарланбаған оқулықтар бойынша, арнайы көрнекі-дидактикалық құралдар мен оқыту әдістерін пайдаланып жүзеге асырылады.

Арнайы сынып оқушыларының барлық сыныптан тыс және оқудан тыс әрекеті (үйірмелік, факультативтік, тәрбиелік) кәдімгі сынып оқушыларымен бірге жүзеге асырылады.

Білім беру ұйымдарында балалардың денсаулығын сақтау, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім алу және қосымша білім беру қызметтерін алудағы олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жайлы жағдай құру қамтамасыз етіледі.

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын бекітеді.

Оқытудың түзете-дамыту бағыттылығы жалпы білім беретін цикл пәндері, түзету пәндері аясында, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесінде іске асырылады.

Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті толығымен түзету пәндері бойынша жүргізілетін сабақтарға бөлінеді. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған элективтік курстар, мектеп компонентінің курстары өткізілмейді.

Есту, көру, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған, сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар, психикалық даму тежелуі бар білім алушыларға арналған арнайы сынып бітірушілері алған білім беру деңгейін растайтын, мемлекеттік үлгідегі аттестаттар алады. Жеңіл және қалыпты ақыл-ой кемістігі бар мектеп бітірушілер аталған санаттағы білім алушылар үшін белгіленген үлгідегі аттестаттарды алады (Қазақстан Республикасы БҒМ-нің 2015 жылғы                          28 қаңтардағы № 39 бұйрығы, № 5 қосымша).

Мигрант, оралман  балаларды оқу-тәрбие процесіне кіріктіру және қазақ тілі мен орыс тілдерін меңгерту мақсатында қосымша сабақтар, тілдік үйірмелер, факультативті сағаттар ұйымдастырылады. Оларға қолдау қызметі мамандарының психологиялық-педагогикалық және тілдік көмек жасауы қажетті шарт болып табылады.

Инклюзивті білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне тиімді жету үшін жалпы білім беретін мектептер оралмандарды бейімдейтін және кіріктіретін орталықтармен, ресурстық орталықтармен, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдейтін орталықтармен, арнайы білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ, ПМПК, оңалту орталықтары және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерімен өзара әрекеттестікті ұйымдастырады.

Осылайша, инклюзивті білім беру жағдайында қазіргі заманғы педагог қызметінің маңызды ерекшелігі кәсіби әрекеттердің көпвекторлығы мен әртүрлі нұсқалылығы болып табылады. Әр мұғалім білім алушының білім беру маршрутын ұйымдастыра отырып, көптеген полифункционалдық педагогикалық міндеттерді шешеді. Олардың бастысы табыс жағдайын қалыптастыра отырып, әр баланы әртүрлі әрекет түрлеріне қосу болып табылады. Бұл мұғалімнен әр баланың ерекшеліктерін білуді, күшті жақтарын және оның білім беру қажеттіліктерін іске асыру үшін мүмкіндіктерін таба білуді талап етеді.

Әрбір педагогикалық ұжым инклюзивті білім беру принциптерін жүзеге асырудың күн сайынғы практикасы өзара іс-қимыл жасасу мәдениетін біртіндеп қалыптастырып, кәдімгі жүріс-тұрыс сызбасы ретінде қалыптастыруға тырысу керек.

Осы мақсатта курстарды, семинарларды, тәжірибемен алмасуды, сондай-ақ өз бетінше білім алуды қоса алғанда, біліктілікті және кәсіби шеберлікті арттырудың барлық ықтимал жолдарын пайдалану ұсынылады. Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА (nao.kz) әзірлеген әдістемелік құралдар жалпы білім беретін мектептер басшыларының, мұғалімдерінің, білім беру бөлімдері мен басқармалары әдіскерлерінің, мамандарының білімдері мен құзыреттерін кеңейтуге арналған. Төменде оқушылардың психофизикалық ерекшеліктері мен ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, балаларды оқыту стратегиясын құруда мұғалімдерге арналған ұсынымдар келтіріледі.

Психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беру қажеттіліктері

Мұғалімнің стратегиясы

Естімейтін балалар.

Естімейтін балалар құлақ түбіндегі қатты дыбысты сезіне алады, бірақ арнайы оқытусыз сөздер мен сөйлемдерді түсінбейді.

Есту аппараты немесе кохлеарлы имплантты қолданғанның өзінде естімейтін балалар айналадағылардың сөйлеуін қабылдау мен түсінуде қиналады.

Бұндай балалардың ауызша сөйлеу тілі өздігінен дамымайды, сондықтан оларды ұзақ жүйелі түзете-дамыту жұмысына қосукерек.

Естімейтін/нашар еститін балалар сөйлеушіні бірнеше себептерге байланысты әрдайым түсіне бермейді.

Есту қабілеті бұзылған баланың айтқанды түсінуі сөйлеушінің артикуляциялық мүшесінің анатомиялық ерекшеліктері (жұқа еріндер, тістестіру ерекшеліктері және т.б.), ерінді бүркеу (мұрт, сақал, ашық түсті далап және басқа) және сөйлеу тілінің ерекшелігі (анық емес, жылдам сөйлеу және т.б.) қиындатады.

Есту мүмкіндіктерінің ерекшеліктері (есту аппаратының бұзылуы, толық емес «есту») және баланың тұрмыстық және әлеуметтік тәжірибесінің шектеулігі (ортақ мәнмәтін/тақырып бойынша ақпараттанудың жеткіліксіздігі және осының айтылғанды түсінуге әсер етуі) сөйлеуді қабылдау тұрақсыздығының факторлары болып табылады. Есту қабілеті бұзылған балалар айналадығылардың сөйлеуін үш әдіспен қабылдайды: есту-көру, есту арқылы, көру арқылы.

Білім беру ұйымында есту қабілеті бұзылған баланы табысты оқытудағы міндетті шарт есту функциясының бұзылу дәрежесін барабар анықтау және медикаментозды көмек көрсету, есту аппараты моделін таңдау, оны жеке дайындалған қосымша параққа сай және баланың аудиограммасына сәйкес дәлме-дәл күйіне келтіру болып табылады. Осының барлығы оған оқыту процесіне белсенді енуге және өзін кез келген коммуникативті жағдайда сенімді сезінуге мүмкіндік береді.

Бұл жұмыстың басты бағыттары: сөйлеу тілін дамыту (лексикалық, грамматикалық, синтаксистік құрылымдар) есту арқылы қабылдауды, оның ішінде сөйлеу тілін естуді дамыту және дыбыс айтуды қалыптастыру. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қалыптастырумен қатар баланың танымдық әрекетін және тұлғасын жан жақты дамыту жүреді.

Естімейтін/нашар еститін балаға қатысты сөйлеушінің тұрған орны және әңгімеге қатысушылардың саны да үлкен маңызға ие. Мысалы, сөйлеушінің жарық көзіне арқасымен  тұруы, балаға қырымен немесе арқасымен тұруы, әңгімеге екі немесе одан да көп адамның қатысуы – сөйлеуді түсінуге кері әсерін тигізеді. 

Әрқашан балаға қарама-қарсы тұру керек. Сабақта тым көп қозғалмаңыз,оқушыға еріннен оқуға мүмкіндік беру керек. Жұмысты жұптасып істеуге ынталандыру (кітап беттерін, тапсырмалардың, нұсқаулықтардың және т.б. көрсетуде көршісінен көмек қажет болады).

Нашар еститін балалар.

Қалдық есту негізінде дамитын есту арқылы қабылдау кемістіктің күрделілігіне, оның пайда болуы мен оңалтуды бастау уақытына байланысты.

Бұндай балалардың ерекшелігі қатты дыбыстарға мазасыздану, есту қабілетінің бұзылысы ауыр болған сайын дыбыс қаттылығының жылдам арту феномені анық көріне бастайды.

Бұл санаттағы балаларда вибрациялық сезімталдық басқа балаларға қарағанда жақсы дамыған. Сондықтан, олар ырғақтық көріністі ажыратуға, музыкалық аспаптарда ойнауға, тіпті билей алуға қабілетті.

Естуінде қиындықтары бар балалардың эмоционалды-еріктік саласы эмоциялардың жұтаңдығымен, ерік қасиеттерінің әлсіздігімен, бастаған ісін аяғына апарғысы келмейтіндігімен сипатталады. Дегенмен, олар еститін балаларға қарағанда белсенді болады.

Нашар еститіндердің сөйлеу тіліне сандық жағынан жеткіліксіздік және сапалық жағынан өзгешелік тән.

Сөйлеу тілінің болмауы немесе оның төмен деңгейде дамуы баланың танымдық әрекетінің тежелуіне, әсіресе, тілдік ойлау деп аталатын көрнекі-бейнелік және тілдік-логикалық ойлаудың шектелуіне алып келеді.

Есту қабілеті бұзылған балалардың әлеуетті мүмкіндіктері өте жоғары.

Ересектерге мұндай балалар өз әрекеттерінің арқасында айналасындағы барлық заттарды есте сақталған күйінде білетінін түсіну маңызды.

Мұғалімдергемұндайбаламенқарым-қатынасжасаудыңбарлықмүмкінжәнеқолжетімдіқұралдарынпайдалануұсынылады: ауызшасөйлеу, табиғиқимылдар, бет-әлпеттержәнебасқалар.

Нашар еститін балалармен түзету жұмысын ұйымдастыру үшін сурдопедагог кабинеті қажет. Ол дыбыстау индикаторы, арнайы компьютерлік бағдарламалар, сурдологопедиялық тренажер, компьютер колонкалары, магнитті тақта,аудиодисктер, айна және басқа құралдармен жабдықталады.

Балалар мәнін түсіну үшін сұрақтарды анық, қысқа етіп қойып, жауабын беруге асықтырмай, ойлануға уақыт беру керек.

Әр түрлі көрнекі құралдарды білім беру міндеттеріне сәйкес тиімді пайдалану ұсынылады.

Тапсырмалардың көлемі мен мазмұнын білім алушының психикалық және тілдік дамуына байланысты өзгертуге болады

https://nao.kz/loader/fromorg/2/26

 

Көру қабілеті бұзылған балалар.

Көру қабілетінің бұзылысы сезіну, қабылдау, елестету және т.с.с. бірқатар психикалық процестердің дамуына кері әсер ететін екінші қызметтік ауытқуларды тудырады (көру аумағын тарылту, көру өткірлігін төмендету және т.б.).

Сезімдік тәжірибедегі кемшіліктердің орнын толтыру тек сақталған сезім мүшелерін белсенді іске қосқан жағдайда ғана мүмкін.

Көру талдағышының зақымдану ауырлығы мен сипаты барлық сенсорлық жүйесінің дамуына әсер етеді, қоршаған ортаны танудың басты жолдарын, сыртқы әлемді қабылдау толықтығы мен нақтылығын анықтайды.

Көру сезімі мен қабылдауының толық немесе жартылай түсіп қалуына байланысты сыртқы әсерлердің қысқаруы зейіннің дамуына кедергі жасайды, қабылдауда тікелей қызығушылықты туғызатын объектілер аумағы қысқарады.

Зағип балаларды инклюзивті мектепте оқыту бұзылған және жеткіліксіз дамыған функцияларды қалпына келтіруге, түзетуге және орнын толтыруға, саралап оқытуды ұйымдастыруға бағытталған ерекше міндеттерді ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.

Білім алушыны пәндік-кеңістіктік және оқу ортасында бағдарлау әдістері мен тәсілдерін меңгеруге үйрету қажет:

- жұмыс орнында, оқулықта, дәптерде, аспапта (қажетті бетті, жолды, әріпті, аспап торын тез табу);

- партада оқу құралдарын дұрыс орналастыра білу;

- Л. Брайль аспабын еркін меңгере білу;

- коммуникация үшін ауызша және жазбаша сөйлеудің меңгерілген тілдік формаларын пайдалана білу;

- заттардың күрделі кеңістіктік орналасуының сөздік белгіленулерін түсіну: диагоналі бойынша, артынан, бүйірден, арғы бетінен, жақын, алыс және т.б.,

- жасына сәйкес келетін өмірлік міндеттерді шешу кезінде математикалық білімді пайдалану қабілеттерін меңгеру (кеңістікті, уақытты, температураны және т.б. күнделікті практикалық әрекеттің әр түрінде өлшеу шараларын пайдалану).

Оқушылар мектеп құралдарын іздеу кезінде педагогқа, сыныптастарына жүгіну білігін меңгеруге тиіс.

https://nao.kz/loader/fromorg/2/26

Нашар көретін балалар.

Бұл балалар көруі төмен немесе нашар көру мен қалыпты көру аралығындағы, яғни, көру өткірлігі түзете отырып жақсы көретін көзде 0,5 (50%) пен 0,8 (80%) аралығында болады [11].

Қызметтік бұзылыстары бар балалардың көп бөлігін амблиопия мен қылилығы бар балалар құрайды.

Көру қабілетінің нашарлауы әртүрлі болуы мүмкін және көзілдірік киюге қойылатын талаптар әртүрлі болады.

Көру қабілеті нашар балалардыңжұмыс қарқыны баяу, көздің шаршауы жоғары, сондықтан жиі демалуды қажет етеді.

Берілген топтың білім алушыларына

-жалпы және көру арқылы жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі;

-табыстылығы көру қызметінің жағдайымен анықталатын заттық-практикалық әрекеттердің баяу қалыптасуы;

-өлшеу дағдыларын меңгеруде, көру-моторлы координациямен көру-кеңістіктік талдау мен жинақтауға байысты тапсырмаларды орындаудақиындықтар туындауы;

-көру қызметінің төмендеуі және әртүрлі клиникалық көріністеріне байланысты ғана емес, сондай-ақ көру арқылы қабылдау мен психомоторлы құрылымдардың жеткіліксіз дамуының салдарынан сезімдік тәжірибенің аздығы;

-қозғалыстық белсенділіктің төмендігі және дене дамуының өзіндік ерекшеліктері (қозғалыстардың үйлесімі, нақтылығы, көлемінің бұзылысы, көз, бас, дене, қол және т.б. қозғалысы байланысының бұзылуы).

-сөйлеу тілінің өзіндік даму ерекшелігі;

-тілдік (фонематикалық құрам, сөздік қор, грамматикалық құрылым) және тілдік емес (мимика, пантомимика, интонация) қарым-қатынас құралдарын меңгерудегі, коммуникациялық әрекетті (қарым-қатынас құралдарын қабылдау, өңдеу) жүзеге асыруда белгілі бір қиындықтардың болуы;

-жалпы және танымдық белсенділіктің төмендеуінен әр түрлі әрекет түрлерінің, ең алдымен сенсорлы-перцептивті  дамуының қиындығы;

-орындалатын әрекеттердің сапасымен, дағдылардың машықтануы, орындалатын әрекетті көру арқылы қадағалауға байланысты қиындықтардың болуы .

Баланың көру жағдайы туралы офтальмолог дәрігердің қорытындысымен танысу керек. Егер көзілдірікті үнемі тағу жазылса, баланың сол талапты орындауын қадағалау керек.

Баламен терезенің маңында жарыққа қарама-қарсы тұрып сөйлесу ұсынылмайды.

Педагогке көру қабілеті бұзылған бала жақсы қабылдайтын ашық түсті киім кию ұсынылады.

Көру қабілеті бұзылған балалардың жұмыс қарқыны баяу болғандықтан, оларға тапсырма орындауға көбірек уақыт берген жөн.

Трафаретпен сурет салу, штрихтеу, микрокеңістікте (қағаз бетінде) бағдарлау дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізу ұсынылады.

Әрекет түрлерін ауыстырған кезде көз талуын кетіруге арналған жаттығуларды пайдалану, көздер үшін өзіндік тынығу болып табылатын динамикалық кідірістерді білім беру процесіне қосу ұсынылады.

Әрекет түрлерін алмастыруда көздің шаршауын басу үшін жаттығуларды қолдану, көзге тынығу болып табылатын динамикалық үзілістерді оқу-тәрбие жұмысына қосу ұсынылады.

Көрнекі және үлестірмелі материал үлкейтілген, түсі мен бейнесі бойынша жақсы танылатындай болу керек.

Көру қабілеті бұзылған бала сабақта кім сөйлеп жатқанын түсіну үшін әрбір оқушының атын атау ұсынылады.

Күн сәулесінің тура түсуін болдырмау үшін оқушыны сыныпта табиғи жарық түсетін аймаққа орналастыру, үй-жайда шуды және визуалды сыртқы қоздырғыштарды төмендетуге қол жеткізу  ұсынылады.

https://nao.kz/loader/fromorg/2/26

Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар қимыл-қозғалыс функциясынан айрылу немесе бұзылуы, дамымай қалуы, қалыптасуының кешігуі негізгі сипаттамасы болып табылатын тірек-қимыл аппараты бұзылған (бұдан әрі – ТҚАБ балалар) балалар кең және бір текті емес тобын құрайды. Балалардың тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуы, туа біткен немесе ерте пайда болған аурулар мен зақымдар себебінен болуы мүмкін.

ДЦП балаларды көпшілікке арналған мектепке қосу өлшемшарттары:

– төмендетілген интеллекттің болмауы;

– ілеспе бұзушылықтардың (көру, есту, тілдің кемшіліктері және т.с.с.) болмауы;

– өз-өзіне қызмет көрсетудің жеткілікті дамыған дағдылары (өз бетінше киінеді, тамақтанады және т.б.);

– бір қолының болса да әртүрлі манипуляцияларға қабілетті болуы (бұл  компьютерлік техниканы - оның ішінде тінтуірді меңгеру үшін қажет);

– анық сөйлеу тілі.

Қозғалыстық бұзылулары неврологиялық сипаттағы балалар психологиялық-педагогикалық және логопедиялық түзетумен қатар емдеу мен әлеуметтік көмекті де қажет етеді.

Қозғалыстық бұзылулары ортопедиялық сипаттағы балалар жеке қозғалыс режимін сақтауға және жүйелі түрде ортопедиялық емдеу аясында психологиялық қолдауға мұқтаж.

Қозғалыс бұзушылықтарының сипаты мен ауырлығы, көру және естудің ықтимал бұзылуы, сенсорлық ақпараттың (сырт қарағанда-мотор үйлестіру және т. б.) кірігуіне негізделген күрделі функциялардың қалыптасу қарқыны мен мерзімдерінің кешігуінің, кез келген сенсорлық ақпараттың қабылдану және өңделуінің сапалы ерекшеліктерін болжайды.

ТҚАБ  балалардың сөйлеу мүмкіндігін дамыту үшін аурудың клиникалық көріністерін ғана емес, сондай-ақ оның эмоционалдық жай-күйін, денесі мен басының  жазықтықтағы орналасуын түсіну талап етіледі.

Ұсынылады:

- сабақтардың кестесін жеке коррекциялық сабақтар мен емдеу рәсімдерін ескере отырып құрастыру;

- педагог-ассистентке немесе тьюторға (болған жағдайда) көмек сұрап жүгіну; https://nao.kz/loader/fromorg/2?page=4

- тосқауылсыз кеңстікті қамтамасыз ету;

- әр аймақта белгілі объектілер мен заттардың орнын бекітіп, тынығуға, сабақтарға және т.б. арналған аймақтар құру;

- қозғалыс патологиясына сәйкес санитарлық-тұрмыстық, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды сақтау.

Мектепте арнайы жабдықталған медициналық кабинеттің және емдік дене шынықтыру үшін жабдықталған залдың болғаны дұрыс.

Егер баланың сөзі  түсініксіздеу немесе іс жүзінде қол жетімсіз болса, вербалды емес қарым-қатынас технологиялары (карталар, нысандар) қолданылады.

Бала практикалық іс-әрекеттерге қол жеткізуіне қарай, көмек көрсету көлемін толық операциядан (əрекеттер тізбегін) жеке іс-əрекеттерге дейін азайту керек, сондай-ақ вербалды емес әдістен (əрекеттер, субъектілер, қимылдар) сөйлеуге ауысудың сипатын өзгерту қажет (кемшіліктерді тікелей көрсету, əрекеттерді бағалау, ынталандыру)

Баламен әңгімелескен кезде онымен бір деңгейде болуға тырысыңыз, онымен қатар отырған өте жақсы.

Түрегеп тұру позициясынан алшақ болыңыз, ол кезде басым тұру сезімі пайда болуы мүмкін.

 

 

https://nao.kz/loader/fromorg/2/26

Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар (СТКБ) бар балалар – бұл  есту қабілеті сақталған, ақыл-ойы  бұзылмаған, бірақ  психикасына әсер ететін,  сөйлеуінде айтарлықтай ақауы бар, дамуында ауытқулары бар  санаттағы балалар.

Сөйлеудің бұзылуы сөйлеудің әртүрлі компоненттеріне әсер етуі мүмкін: дыбыстық жазба (сөйлеудің түсінігі, дыбыс кемшіліктері), фонемиялық есту (сөздің дыбыстық құрамының жеткіліксіздігі), лексико-грамматикалық құрылымы (сөздік қордың аздығы, сөйлемдегі сөздерді үйлестіру қабілетсіздігі). Бұндай кемшіліктер сөйлеу тілінің жалпы жетілмеуі деп аталады.

СТКБ бар балаларға:

- сөзді қабылдау және түсіну;

- сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемде анық айту;

- еркін және түсініп айтылған ойды есте сақтау үшін көп уақыт қажет.

СТКБ бар балаларға сөзді қабылдау және түсіну, мәтіннің оқиғалары мен сюжеттік ретін есте сақтау және оны қабылдау үшін көмек керек.

Тез шаршау және жұмыс қабілетінің төмендеуі оқытудың сабырлы қарқынын қажет етеді.

Тілінің мүкісі бар көптеген  балаларда  тірек-қимылы  бұзылуы байқалады. Олар қозғалғанда  ыңғайсыз, импульстік, хаотикалық қозғалыстармен сипатталады. Сөйлеу тіліндемүкісі бар балалар тез шаршайды, жұмысқа қабілеті төмен болады. Олар ұзақ уақыт бойы тапсырма орындауға кірісе алмауы мүмкін.

Эмоционалды-ерік жағынан да ауытқулар байқалады. Оларда қызығушығының тұрақсыздығы, ынтаның төмендігі, тұйықтық, өзіне сенімсіздік, агрессивтілік, ренжігіштік, басқалармен қарым-қатынаста, құрдастарымен байланыс орнатудағы қиындықтар орын алады.

Жалпы тілдің кемістігін түсіну үшін нақты әр бала бойынша логопедпен кеңесу ұсынылады.

Педагогикалық, психологиялық және медициналық  құралдарды  кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық түзету құралдармен үйлестіру;

Баламен түзеу-сауықтыру жұмысына белсенді түрде қатысу мақсатында отбасын психологиялық-педагогикалық қолдауды өткізу; мектептік психологиялық-педагогикалық консилиумын  ұйымдастыру.

Тапсырманы ұсына отырып, сабақта әр түрлі тапсырмаларды орындау барысында бір баланың белсенді және әлеуетті мүмкіндіктеріндегі айырмашылықтарды есепке алу қажет.

Балалардың тапсырма мәнін түсіну үшін сұрақтарды анық, қысқа етіп қойып, жауабын беруге асықтырмай, ойлануға уақыт беру керек.

СТКБ бар балаларға тән тез шаршауды болдырмау үшін бір әрекет түрінен екіншісіне ауыстыру, әртүрлі әрекет түрлерін қолдану маңызды.

Әртүрлі көрнекі құралдарды білім беру міндеттеріне сәйкес тиімді пайдалану ұсынылады.

Баламен көбірек сөйлесіп, барлық әрекеттерді, айналадағыларды айта отырып, бір сөздерді қайталауға қорықпай, оларды анық, сабырмен, мейірімділікпен айту керек.

Жұмысқа қажетті арнайы жабдықты және қосымша дидактикалық материалдарды қосу маңызды.

https://nao.kz/loader/fromorg/2/26

Психикалық дамудың тежелуібала психикасының даму қарқынының бәсеңдеуі, ол жалпы білім қорының жетіспеушілігінде, ойлау қабілетінің жетілмеуінде, ойынға қызығушылықтың басымдығында, зияткерлік әрекетке тез жалығуда байқалады.

Оларға білім беру ұйымында қалыптасқан мінез-құлық нормаларын сақтау қиын.

Олар іс-әрекетті еркін ұйымдастыруда қиындықтарды сезінеді.

Олар сезінетін қиындықтар олардың жүйке жүйесінің бәсеңдегенімен қиындай түседі: балалар тез шаршайды: жұмыс қабілеттері төмендейді, кейде жай ғана бастаған жұмыстарын орындамай қояды.

ПДТ бар балалардың ерекше білім беру қажеттіліктері жалпы, мүмкіндігі шектеулі барлық балаларға тән және спецификалық:

– оқу тапсырмаларын өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін деңгейге жеткенге дейін жалғасатын, білім алушының танымдық әрекетінің қалыптасуын үздіксіз бақылауды қамтамасыз етудегі;

– меңгеріп жатқан білімнің мазмұнын түсінуде және кеңейтуде, меңгерген біліктерін бекітуде және жетілдіруде тұрақты көмекке;

– қалыптасқан білім мен біліктерді шынайы өмірмен өзара әрекеттесудің жаңа жағдайларына «ауыстыруға» арнайы оқытудағы;

– кешенді сүйемелдеудегі, сондай-ақ эмоционалдық даму тапшылығының орнын толтыруға және танымдық әрекет пен мінез-құлықты саналы өз бетінше реттеуді қалыптастыруға бағытталған арнайы психокоррекциялық көмектегі;

– коммуникация құралдарын, конструктивті қарым-қатынас пен өзара (отбасы мүшелерімен, құрбыларымен, ересектермен) әрекеттесу тәсілдерін дамытудағы және пысықтаудағы, әлеуметтік қабылданатын мінез-құлық қалыптастырудағы, әлеуметтік байланыстарын барынша кеңейтудегі;

– отбасы мен білім беру ұйымының өзара іс-қимыл жасасуын ата-аналармен ынтымақтастықты ұйымдастыру, әлеуметтік белсенді ұстанымды, адамгершілік және жалпы мәдени құндылықтарды қалыптастыру үшін отбасы ресурстарын жандандыру) қамтамасыз етудегі қажеттіліктерді қамтиды.

Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, жақын және жуық даму аймағы туралы есте сақтау қажет.

Көбірек ұнататын әрекет түрлерін іріктеу ПДТ бар балалардың әлеуетті мүмкіндіктерін іске асыру жағдайларын оңтайландыруды ескере отырып жүргізіледі. Оқу процесіне қабылдауды, талдау жасай отырып бақылауды, ойлау операцияларын (талдау және жинақтау, топтау және жіктеу, жүйелендіру), әрекеттер мен біліктерді дамытуға арналған тапсырмаларды мақсатқа сай қосу болады;

Тапсырманы ұсына отырып, сабақта бір және сол баланың өзекті және әлеуетті мүмкіндіктері әртүрлі тапсырмаларды орындау кезінде әртүрлі болуы мүмкін екенін ескеру қажет;

Балалар түсінуі, мазмұнына жетіп ойлануы үшін сұрақтарды дәл, қысқа қою қажет, бұл ретте оларды жауап беруге асықтырмай, ойлануға уақыт беру керек;

ПДТ балаларға тән тез шаршауды болдырмау мақсатында балаларды бір әрекет түрінен екіншісіне ауыстырып отыру, сабақ түрлерін түрлендіру, әртүрлі әрекет түрлерін пайдалану дұрыс болады;

ПДТ бар әр бала үшін оған қажетті көрнекі тіректерді пайдалану, танымдылық пен бастамашылықтың кез келген көрінісін қолдау және көтермелеу керек;

Балаға қатысты әртүрлі педагогикалық шараларды пайдаланған дұрыс: ПДТ бар балалардың қызығушылықтары, әдетте, санаулы бағытта, тұрақсыз болып келеді; қажетті ықпал ету шарасын үнемі тез табу мүмкін бола бермейді  – баланың оған бейімделуіне байланысты бір және дәл сол шара өз күшін жояды.

Баланың оқудағы жетістіктерін оның танымдық дербестілікке, танымдық қызығушылыққа жылжу қарқынына қарай бағалау керек;

ПДТ бар балалармен жұмыс істеген кезде ерекше педагогикалық такт көрсету – балалардың ең аз жетістігін ескеру және көтермелеу қажет, оны өз күші мен мүмкіндігіне деген сенімін дамыту қажет, жағымды эмоционалдық көңіл-күйін қолдау керек;

Балалардың әрекетін бағалаған кезде жеке тәсілдерді пайдалану: егер ол тапсырманы жақсы орындаса, баланы міндетті түрде көтермелеу, бір нәрсені нашар орындаған балаларға ешқандай сөгіс айтып, жазғыруға жол бермеу керек; 

Бала еңбегінің нәтижелерін басқа балалармен салыстырып бағаламаңыз. Нақты баланың өз алдына әрбір жеке ұмтылысын көтермелеу және соңғы нәтижені ғана емес, сонымен қатар танымдық процесті, баланың әрекетін, оның дамуындағы динамиканы бағалау да маңызды https://nao.kz/loader/fromorg/2/26

Интеллекті бұзылған балалар үшін білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

Интеллекті бұзылған балаларсанатына бас миы қабатының диффуздық органикалық зақымдануы салдарынан танымдық әрекеті және эмоционалдық-ерік саласы тұрақты бұзылған балалар жатады. Бұзылудың айқындылық дәрежесі зақымдану ауырлығына, оның басым шоғырлануына, сондай-ақ пайда болу уақытына байланысты болады. Ақыл-ой кемістігінің жеңіл формалары кезінде физикалық жағдайындағы елеулі өзгерістер байқалмауы да мүмкін. Физикалық жағдайындағы өзгерістер туа біткен аурулар, әсіресе хромосомдық жиынтық бұзылуларымен байланысты аурулар (мысалы, Дауна ауруы, сондай-ақ зат алмасудың бұзылуына байланысты олигофренияның тұқым қуалайтын формалары) кезінде байқалмауы мүмкін. Физикалық жетілмеу белгілері мидың едәуір ауыр бұзылулары кезінде жиі кездеседі.

Интеллекті бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі түпкі мақсат – бұл әлеуметтік бейімделу және кәсіби-еңбек дайындығы.

Қарастырылып отырған санаттағы мектеп оқушылары:

– түсінуге қолжетімді және әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға және кәсіп алуға бағдарланған оқу материалын іріктеуге (МЖББС талаптарын орындауды болжамайтын);

– дәстүрлі білім беруде қолданылмайтын, оқытудың спецификалық құралдары мен әдістеріне;

– қорғаушылық педагогикалық режимді қамтамасыз етуге (мөлшерленген оқу және физикалық жүктемеге, жұмыс қабілеттілігінің жеке ерекшеліктеріне сәйкес еңбек пен демалысты кезек пайдалануға, психологиялық жайлылық атмосферасына және т.б.);

– таңдап алынған оқыту бағдарламасының нақты жетістіктерге, баланың даму деңгейіне сәйкестігін үнемі бақылауға;

–психологиялық-педагогикалық жәрдем беретін мамандарының (логопед, психолог, ЛФК мамандары және т.б.) жеке көмегіне мұқтаж;

– ақыл-ойы кем баланың айналасындағы ересектер баланың ерекше білім беру қажеттіліктерін іске асыруға дайын болуы және оған нақты, оның ішінде білім беру кеңістігінен тыс жерде  қатысуы тиіс.

Ақыл-ойында кемістігі бар оқушыны кәдімгі сыныпқа қосқан кезде мектептің педагогикалық кеңесі ақыл-ой кемістігі (жеңіл және қалыпты) бар білім алушыларға арналған үлгі оқу жоспары мен бағдарламаларының негізінде осындай оқушы үшін жеке оқу жоспарын және жеке оқу бағдарламаларын бекітеді. 

Оқушының жұмыс қабілеттілігі мен зияткерлік мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу тапсырмасының көлемі мен күрделілігін мөлшерлеу; оқу материалын түсіну үшін жағдайлар жасайтын, пәндік-практикалық әрекетті пайдалану қажет.

Интеллекті бұзылған балаларды оқыту процесі ұйымдастырушылық нысандар тұрғысынан қатаң регламенттеуді көздемейді.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың негізгі әрекет түрлері: тірі және жансыз табиғат пен әлеуметтік өмір құбылыстарын бақылау; пәндік-практикалық әрекет; ойын іс-әрекеттері және  ойын әрекеті; білім алушылардың шаруашылық-еңбек әрекеті; әлеуметтік-тұрмыстық әрекет; білім алушылармен және жақын айналасындағы ересектермен (микросоциум) коммуникация; оқу әрекеті (білім алушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес) болуы тиіс.

https://nao.kz/loader/fromorg/2/26

Аутистикалық спектрі бұзылған (АСБ) балалар үшін білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

Аутистикалық спектрдің бұзылуы – бұл мінез-құлық сипаттамаларының үлкен әртүрлілігіне байланысты кемшіліктер, олар ең төменнен бастап айқын көрінетін әртүрлі формаларда байқалуы мүмкін. Бала өзін ақыл-ой кемістігі бар және жоғары интеллектуалды, қандай да бір салада парциалдық дарынды, бірақ бұл ретте қарапайым тұрмыстық және әлеуметтік дағдылары жоқ етіп көрсетуі мүмкін; кейбір балалар бір жағдайларда ебедейсіз болып көрінсе, басқа жағдайларда таңқаларлық ептілік көрсетеді.

Танымдық белсенділік ерекшеліктері:

- қоршаған әлемді тануда білуге құмарлықтың және белсенділіктің болмауы;

- заттар мен материалдарды олардың пайдалану мүмкіндіктерінеқарай саралай алмайды, олардың қасиеттерін ескермей пайдаланады;

- ақпаратты кешеуілдетіп өңдеу;

- назар аударудың мүмкін еместігі;

- бірлескен зейіннің болмауы;

- көру шегінен тыс жердегі көзбен қабылдау басымдығымен көру назарының фрагментарлығы;

- дыбыс немесе көру қоздырғыштарына байланысты зейіннің алаңдаушылығы;

- назарын ұсақ бөлшектерге аударады және басты картинаны елемейді;

- еліктеу қабілеті бұзылған;

- жаңа қозғалыс актілерін орындау қабілеті бұзылған;

- объектінің бейнесін қалыптастырудағы қиындықтар;

- етістіктер мен есімдіктерді түсінбей қиналу;

- айтылғанды сөзбе-сөз түсіну;

- абстрактілік ойлау мен қорытындылаудың қалыптаспауы, нақты өзара әрекеттесуді талап етеді;

- дағдыларын ұқсас материалға, басқа жағдайға ауыстырудың қалыптаспауы;

- нақты әрекет түрлерін өз бетінше орындаудағы қиындықтар;

- ұйымдастырушылық дағдылары, жоспарлау немесе таңдау дағдылары қиындатылған;

- дағдылардың бір және сол немесе әртүрлі салаларындағы тұрақсыз көрсеткіштер, кейде кейбір салаларда айрықша жоғары көрсеткіштер көрсетеді (парциалды дарындылық);

- қызба, компульсивті және табандылық әрекеттерге бейім; мінез-құлқы қарама-қайшы;

- күте алмайды немесе бос (ұйымдастырылмаған) уақытын пайдалана алмайды;

- меңгерген қағидаларды, сигналдарды және басқа да модельдерді басшылыққа алады;

- білім беру саласындағы өзгерістерге қарсылық білдіреді.

Білім алушылармен жұмыс істейтін барлық мамандар білім беру процесіне қатысты ортақ тәсіл қабылдауға, баланың мінез-құлқына пікірлері, әсіресе көтермелеу мен жазалауды пайдаланумен байланысты жағдайларда бірдей болуға тиіс және қойылған, орындалатын міндеттерден шегінбеу керек.

Педагог-ассистенттің (тьютордың) сүйемелдеуі аутизммен ауыратын баланы білім беру ортасына, әсіресе баланың бейімделуі кезеңінде, табысты қосу үшін қажетті шарт болып табылады

Күштеп мәжбүрлемей, баланың танымдық әрекеттегі табиғи қажеттілігіне сүйену керек. Оқыту позитивті атмосферада өтуі тиіс.

Барлық балаларға өз әрекеттерінің ретін дауыстап айту қажет. Басқаларға кедергі жасамау үшін балаларды тыныш, жарты дауыспен сөйлеуге, «еріндерімен» сыбырлауға үйреткен жөн. Бірақ оларға дауыстап айтуға тыйым салуға болмайды ‒ жаңа және қиын материалды сыртқы сөйлеу тілі арқылы түсініп меңгереді.

Алгоритмді білу –аутист балалардың мықты жағы. Бір рет және дұрыс оқыту керек. Орта және үлкен жастағылар үшін бір ғана алгоритм бар. Қайтып үйретуге болмайды!

Аутизмі бар баланың спецификалық сипаттамаларды жеңу жолдары ұсынылады:

- ақпаратты сызбалар, көрнекі суреттер арқылы жеткізу,

- қатты жалықтырмау,

- оқу кеңістігін нақты ұйымдастыру,

- жазылған сақтау жүйелерін пайдалану,

- бала пайдаланатын заттарды жазып қою,

- балаға есімін атап сөйлеу,

- өзіне-өзі қызмет көрсету және тұрмыстық бағыт-бағдар дағдыларына үйрету,

 

 

 

Әлеуметтік өзара әрекеттесу саласындағы ерекшеліктер:

- жақын адамдармен байланысының бұзылуы;

- ересек адамның сөзіне жауап берген кезде күлімдемеу;

- балалармен сайма-сай байланыстың болмауы: басқа балаларды елемейді, достасуға, қарым-қатынас жасауға мүлдем тырыспайды;

- қоғамда өзін-өзі ұстау нормалары мен қағидаларын түсінбейді;

- эмоцияларының диапазоны тар, сайма-сай емес көріністер көрсетуі ықтимал (орынсыз күледі немесе айқайлайды);

- оқиғалар мен адамдар арасындағы байланысты меңгерудегі қиындықтар;

- басқа адамдардың (және өзінің) болжамдары мен жоспарларын түсінуге қабілетсіздігі;

- кейбір балаларда сөйлеу тілі дамуының кеш қалғаны немесе сөйлеу тілінің жақсы дамығаны байқалады, бірақ әрқашан коммуникативті функциялары бұзылғаны білінеді: ол басқалардың не айтып жатқанын естіместен, өзінің қызығушылықтары туралы ғана әңгімелейді;

- эхолалиялар тән (естіген сөздерін немесе сөз орамдарын тез арада немесе кешеуілдетіп қайталай беру);

- сөйлеу тілінде жеке есімдіктерді дұрыс пайдалана білмеу;

- коммуникациялық құралдар жиынтығы шектеулі, бұл ретте оларды жағдайға барабар пайдалана алмайды;

- өрістетіп айту және диалог құру кезіндегі қиындықтар;

- көмек сұрауға қиналады;

- функциялық және рөлдік ойынды имитацияламайды немесе көрсетпейді.

Жаңа үй-жайдан қорқу сезімі болмаған жағдайда, балаға сыныбы қайда екенін, сабақ қайда өтетінін, балалар қай жерде тамақтанатынын, дәрігерге қай жерге баратынын көрсетіп, білім беру ұйымының кеңістігімен біртіндеп таныстыру маңызды;

Баланың сыныптағы жеке орындарын (шкаф, парта) белгілеу үшін визуалды  маркерлерді пайдалануға болады: белгілі сурет, егер бала оқи білсе – оның есімін жазу. Бұл балаға жаңа жағдайды қабылдауға, өзін қауіпсіздікте сезінуге көмектеседі.

Жеке (сурет немесе символдары бар) кестені пайдалану, онда әр сабақты ретімен орналастыру ұсынылады; бұл баланың күн тәртібін алдын ала білуіне және артық алаңдаушылықты болдырмауға көмектеседі.

Жұппен сапқа тұру, шығар алдында кезектілікті сақтау, әлеуметтік қабылданған ара-қашықтықты сақтау, әлеуметтік мінез-құлық ережелерін арнайы үйрету қажет;

Балалар аутизммен ауыратын балалармен достасып кеткен жағдайларды көтермелеу ұсынылады.

Педагогтер сыныптағы балалар мен ата-аналарға аутизммен ауыратын бала құрбылыстарына қарағанда өзін неліктен басқаша ұстайтыны туралы түсіндірулері қажет.  Әртүрлілік құрметтелуі тиіс.

 

 

 

 

 

Мінез-құлық ерекшеліктері:

- қолынан ұстағанды, құшақтағанды ұнатпайды немесе ширығып қалады;

- стереотипті (қайталанатын) қозғалыстар: саусақтарымен тарсылдатады, қолын сілкілейді, теңселеді және т.с.с.;

- кейбір дыбыстық қоздырғыштарға өте сезімтал; кейбір дыбыстық қоздырғыштарға ден қоймайды;

- стереотипті және қайталана беретін сөйлеу тілі немесе идиосинкразиялық сөйлеу мәнері;

- қандай да бір заттарға асыра назар аудару; қалыпты тәртіпті ұстануға негізсіз табандылық көрсетеді және оны өзгертуге қарсылық білдіреді;

- көптеген қорқыныштарды сезінеді: әртүрлі тұрмыстық шудан, газет сыбдырынан, масаның ызыңынан қорқу, тактильді гиперестезиямен байланысты қорқулар және т.б.), бірақ шынайы қауіптен қорықпайды;

- барабар емес, сандыраққа ұқсас қорқынышты сезінеді, оларды сандыраққа алғышарт ретінде бағалауға болады;

Ықтимал стимулдар мен агрессия белгілерінің бастапқы көріністеріне  көз салып қарау қажет. Баланың назарын басқа әрекеттерге ауыстырып, тіпті алаңдаушылықтың ең алғашқы белгілерінің өзін ойын фрагменттеріне көшіру керек;

Мінез-құлықты қадағалау мен бақылау барабар емес әрекеттің себебін түсіндіруге көмектесуі және қаламайтын мінез-құлықты түзететін әрекеттерді меңзеп көрсетуі мүмкін; 

Сонымен бірге күн тәртібіндегі аздаған өзгерістердің өзі баланың мінез-құлқын өзгерте алатынын және алаңдаушылық немесе күйзеліс түрінде байқалатынын ескеру керек. Сондықтан білетін өзгерістер туралы баланы алдын ала ескерткен жөн.

 

https://nao.kz/loader/fromorg/2/26

Оралман-балалар, аз ұлт отбасыларынан шыққан балалар, соның ішінде мигрант, босқындардың балаларын оқытуда білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

 

Оралман баласының білім алу қажеттіліктері ережелердің бес түрлі бағытымен байланысты: тіл, базалық білімдер, эмоционалдық жағдай, әлеуметтік дағдылар, мәдени нормалар. Бұл білім беру қажеттіліктері, бірінші кезекте, мемлекеттік  тілді үйренуді ұйымдастыруды қажет ететін тілдік мәселелермен байланысты.

Қиын жағдайда қалған (мигранттардың, босқындардың) бала әлеуметтендіруге мұқтаж. Өзін тұлға ретінде көрсету мүмкіндігін шектеу бала тұлғасының өзін-өзі төмен бағалауына себеп болуы мүмкін. Осыдан кейін  балаларда  мектептегі әлеуметтік қарым-қатынастарға бейімделе алмауынан  түрлі бағыттағы проблемалары туындайды.

Педагогикалық ұжымдардың жұмысында арнайы педагогикалық тәсілдерді талап ететін мәселелер:

- баланың үнемі  психикалық стресстері (жанжал, апатия, шаршаудың жоғарылауы).

- қабылдамау және бас тарту сезімі (бала психикалық зорлық-зомбылықты, қысым көрсетуді сезінуі мүмкін);

- өзін-өзі тануын, құндылықтарын, сезімдерін жоғалтады;

- мәдени айырмашылықтардан туындайтын әртүрлі эмоцияларға (таңданыс, жеккөрушілік, наразылық, реніш) негізделген тұрақты мазасыздықты сезіну.

Білім алушылармен жұмыс істеу кезінде оның айналадағы адамдармен өзара іс-қимыл жасасуын саралау қабілетін қолдау, оның тұлғалық дамуына ықпал ету маңызды.

Сонымен қатар, кез-келген сабақта тілдік мәселелерді ескеру қажет және оқушыға білім алуға  көмектесетін бірқатар әдістерді қолдануға болады. Атап айтқанда, балаға әдістерді таңдау (ауызша немесе жазбаша жауап нысаны, графикалық немесе сурет) және тапсырманың қарқыны, жұмыс уақытын арттыру, графикалық сызбаларды, қысқа нұсқаулықтарды, пиктограммалар түріндегі алгоритмдерді қолдану мүмкіндігі беріледі.

Мұғалімнің негізгі стратегияллары:

- оралмандардың, аз ұлттар отбасының, оның ішінде мигранттардың, босқындардың  білім беру мекемесінің әлеуметтік-мәдени ортасына толығымен қосылуы,

- оралмандарды білім беру мекемесінің әлеуметтік-мәдени ортасына бейімдеу (оның енгізілуін қамтамасыз ету);

- оқу орнында оң мәдениетаралық қарым-қатынас жасау үшін жағдай жасау болып табылады.

https://nao.kz/loader/fromorg/2/26

Виктимді балалар, жетім балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтік-экономикалық және/немесе әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан шыққан балалардыңоқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Барлық балалардың білімге бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында инклюзивті білім беру саясаты, осы мәселелер төңірегінде көптеген міндеттерді шешуге, оның ішінде әртүрлі бұзылулары бар не болмаса балалардың тәрбиесіне, мектепте және әлеуметтік бейімделуіне кедергі келтіретін сол немесе өзге жағымсыз қолайсыздықтағы балаларды оқыту мәселелерінде бейімделетін педагогикалық бағдарламаларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Десек те, бұл бұзылулардың көлемі, шекті жағдайлардан бастап психикалық бұзылулардың ауыр формаларына дейін қоса алғанда, жеткілікті дәрежеде  кеңейген, шартты түрде оларды «оқытудағы бейімсіздену триадасы» деп аталатын топқа жатқызуға болады: білім алуға төмен мотивация;төмен коммуникациялық дағдылар;мектеп ережелерін қабылдамаушылық.

Мінез-құлқында анық виктимділігі бар балалар. Бұл топтағы балаларды да бірнеше санаттарға бөлуге болады:

- соматикалық аурулармен ауыратын не әлсізденген, жиі және ұзақ ауыратын балалар.

- гипобелсенді немесе баяу балалар.

- депрессиялық балалар.

Эмоционалдық-ерік саласында бұзылулары бар балалар (негізінен жасөспірімдер).

– гиперактивті балалар, сондай-ақ зейін тапшылығы синдромы бар балалар;

- агрессиялық балалар;

- девиантты мінез-құлықты балалар.

Осы санаттағы балалармен жұмыстың әрбір нақты тәжірибесі жеке-дара сипатқа ие. Мұғалімдердің барлық  стратегиялары оқу процесін бейімдеуге және ұйымдастыруға көмек көрсете алатын, отбасымен, психологпен және басқа да мамандармен ынтымақтастықта айқындалады.

 

https://nao.kz/loader/fromorg/2/26

 

Өзіндік ерекшеліктері бар, дамытуда, тәрбиелеу мен оқытуда жеке арнайы тәсілді талап ететін балалар:

– солақайлар.

Солақай балалар жазу, оқу және есептеу дағдыларын қалыптастыру кезінде қиындықтармен өте жиі кездеседі. Көру арқылы қабылдау осы біліктерді меңгерудің негізі болып табылады. Солақайларда жиі кездесетін, көру-кеңістіктік қабылдаудың, көру жадының және көру-моторлық үйлестірудің бұзылуы немесе жеткіліксіз дамуы   мынадай қиындықтардың туындауына әкеп соғады:

- оқу кезінде күрделі әріп конфигурацияларын қабылдау мен есте сақтау және тиісінше баяу қарқын;

- әріптердің, цифрлардың көзбен көру бейнесін қалыптастыру (элементтердің ара-қатысының бұзылуы, бала конфигурациясы ұқсас әріптерді, цифрларды шатастырады, артық элементтер жазады немесе әріптердің, цифрлардың элементтерін толық жазбайды);

- геометриялық фигураларды бөліп қарау және ажырату, формасына қарай ұқсас фигураларды алмастыру (дөңгелек-сопақ, шарты-ромб-төртбұрыш);

- көшіру;

- тұрақсыз қолтаңба (түзу емес штрихтар, үлкен, созылған, әртүрлі көлбеу әріптер);

- әріптерді, цифрларды, графикалық элементтерді керісіншежазу;

- өте баяу жазу қарқыны.

Солақайға өз жұмыс орнын ұйымдастыруға көмектесу, жазған кезде дәптерді көлбеу ұстау, иықтардың қалыпты жағдайын көрсету, қаламды қолға дұрыс ұстау, жарықтың оң жақтан түсуін қадағалау қажет.

Солақайдан оңға қарай көлбеу жазуды талап ету ұсынылмайды, олар үшін едәуір мақсатқа сай болатыны ‒ тура жазу.

Одан үзбей жазуды талап етуге қатаң тыйым салынады.

Кез келген қозғалыс әрекеттерін қадамдап түсіндіріп, элементтерге бөліп қарау керек, әрбір элемент саналы орындалуы тиіс.

Арнайы жаттығулар орындау, баламен көру арқылы қабылдауды және көру-моторлық үйлестіруді дамытатын ойындар ойнау ұсынылады.

Олардың ұлы/қызының ерекшеліктерінің себептері мен салдарын түсіндіріп, баланың бойындағы объективті қиындықтарды жеңуге қалай көмектесу және баланың психикалық және физикалық денсаулығын қалай сақтау керектігіне кеңес беріп, солақай баланың ата-аналарымен жұмыс жүргізу қажет.

Балаларға әр адамның жеке ерекшеліктерін құрметтеуге, көпшілікке тән емес қасиеттердің көрінуіне қатысты төзімділікке үйрету үшін сыныпта осынадай баланың ерекшеліктерін пайдалану ұсынылады.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Жетім балалардың мектепте оқу қиындығы және кейіннен қазіргі қоғамда әлеуметтене алмауы жетімдіктің спецификалық әлеуметтік тәжірибесіне байланысты, оған:

- құштарлық жарақаты мен негізгі қажеттіліктерді депривациялау тәжірибесі;

- бейәлеуметтік ортадағы, дисфункционалды отбасындағы өмір тәжірибесі;

- жетім балаларға арналған мекемелер жағдайындағы әлеуметтендірудің қанағаттанарлықсыз нәтижелері кіреді.

Жетім балаларды зияткерлік дамыту:

- психикалық дамуының тежелуімен және танымдық белсенділігінің төмендеуімен, бұл баланың интеллектін ерте жасында дамыту үшін қажетті, жеткілікті дәрежеде бай ынталандыру ортасының болмауымен, сондай-ақ баланың ұзақ уақыт бойы аман қалу міндеттерін шешуге талпынғанымен түсіндіріледі;

- негізгі ойлау операцияларының қалыптастпауымен  (салыстыру, жіктеу, елеулі белгілерін атап көрсету және т.б.);

- жалпы білім беру біліктерінің қалыптастпауымен (оқу міндетін, шешу алгоритмін түсіну,шартын оқу білігі, дұрыс қорытынды шығару, нәтижесін түсіндіру);

- қоршаған әлем туралы жеткіліксіз білімімен, негізгі біліміндегі, білігіндегі және дағдыларындағы олқылықтармен, ішкі іс-әрекеттер жоспарында өзінің жүріс-тұрысының ойша моделін құрастыра білмеуімен сипатталады.

Баланың эмоционалдық-ерік саласының даму қиындықтары:

- ересек адамның теріс қабылдауында, баланың ата-аналық міндеттерін атқара алмаған ата-анасымен өзіндік қолайсыз қарым-қатынастарын басынан өткеруі салдарынан қалыптасқан, кез келген ересек адамның фигурасында;

- мектепте оқудағы кемшіліктеріне, мектептегі үлгерімнің талаптарына сәйкес келудің мүмкін еместігіне  жауап ретінде оқу мен тәрбиеге қарсылықта;

- оқуға деген жағымды мотивацияның болмауынада;

- мінез-құлықты ерікті реттеу, мақсатты тұжырымдау, дағдыларының болмауында, мінез-құлықтың өнімді модельдерінің болмауында байқалады.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ерекшеліктері көп жағдайларда мыналармен:

- негізгі зияткерлік және оқу дағдыларын дамыту бойынша жүйелі коррекциялық жұмыспен;

- балаға ілгерілететін талаптар жүйесін белгілеумен, бұл баланың қабылдап алған отбасына бейімделуінің бастапқы сатыларында сабақ үлгеріміне жеңілдетілген талаптарды, сондай-ақ баланың оқудағы жетістіктерін мазмұнды бағалау принципі  бойынша және оның өзіндік жетістіктеріне қатысты бағалауды болжайды;

- жеке оқу маршруттары шеңберінде меңгеру үшін негізгі пәндерді бөліп қарастырумен, ол баланың күш-жігерін бірнеше негізгі пәнді меңгеруге және баланың отбасында және мектепке бейімделуінің бастапқы сатысында қалғандарының рөлін азайтуға шоғырландыруды болжайды;

- әлем туралы түсінігіндегі бос кеңістікті толтыруға мүмкіндік беретін, баланың асырап алған ата-анасымен қарқынды қарым-қатынасымен өтеледі.

Баланың эмоционалдық-ерік саласын дамыту қиындықтары мыналармен:

- мектепте «мұғалім-оқушы» жүйесінде формальды және рөлдік емес өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру жолымен, мұнда екі тарап та ортақ оқиғалар жүйесіне қосылған және басты назар тұрақты қабылдау қарым-қатынасын құруға жасалады. Дәл осы қарым-қатынастар тәрбиенің басты тетігі ретінде әрекет етеді (жетім балалар жағымсыз мектеп тәжірибесінің салдарынан дәстүрлі тәрбиелік директиваларды сезінбейді);

- оқытудың дәстүрлі емес формаларын пайдаланумен: әртүрлі жастағы балалар топтарында оқыту, онда делдалдықтың тиімді тетіктері іске асырылады; ересек балалардың кішілерді оқытуға қатысуы, өзара оқыту формалары, балалардың оқу процесін өз бетінше ұйымдастыруы;

- балаға ынтымақтастық, ұжымдағы нәтижелі өзара іс-қимыл жасасу тәжірибесін меңгеруге, мақұлдау және тану тәжірибесін жинауға мүмкіндік беретін  сюжеттік рөлдік ойындардың әртүрлі түрлерін пайдаланумен;

- баланың қызығушылығына сүйену жағдайында, бір әрекеттегі табысқа жету тәжірибесін басқа әрекет салаларына ауыстыруға болатын жағдайда өтіледі.

 

Мұғалім қалыптастырушы және жиынтық бағалау жүргізу үшін тапсырмаларды, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өз бетінше  құрастырады.

Білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері және жеке қиындықтарын ескере отырып, оқу жетістіктерін  қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды бейімдеу:

1)  грамматикалық және семантикалық ресімдеу бойынша тұжырымдамаларды оңайлатуды;

2) көп буынды нұсқаулықты тапсырманы орындау кезеңдеріне бөлетін (қадамдылық) қысқа мағыналы бірліктерге бөлу арқылы оны оңайлатуды;

3)  тапсырмаға жазбаша нұсқаулықты, қажет болған жағдайда мұғалім нақты мағыналық акцентпен, баяу қарқында, дауыстап оқып бере алады;

4) білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, тапсырма мәтінінің ресімделуін бейімдеуді: өте ірі қаріп, бір тапсырманы екіншісінен дәл бөлу;

5) қажет болған жағдайда: ынталандырушылық (мақұлдау, эмоционалдық қолдау), ұйымдастырушылық (назар аударту, жұмысты орындауға назарын аударту, өзін-өзі тексеру қажеттігі туралы ескерту), бағыттаушылық (қайталау және тапсырмаға нұсқаулықты түсіндіру) дифференциалды көмек көрсетуді;

6) тапсырмаларды орындауға уақытты арттыруды;

7) білім алушының іс-әрекетінде шаршау, әлсіреу көріністері күшейген кезде қысқа үзіліс (10-15 мин) ұйымдастыру қажет.

Педагог білім алушыларды эмоционалдық күйзеліске  әкеп соғатын, жағымсыз реакциялар жасалмауы тиіс. 

Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және жүргізу кезінде мұғалімге оқыту процесінде күшті және осал жақтарын өздігінен талдауға ықпал ететін, өзін-өзі бағалау дағдыларының қалыптасуына ерекше назар аудару керек, бұл білім алушылардың жеке тұлғалық қасиеттері мен ойын дамыту мен түзетудің қажетті компоненті болып табылады.

 Өзара бағалау салыстыру, дәлелдеу, коммуникация, дәлелдемелер іздеу және сыни ойлау дағдыларын алуға ықпал етеді, бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтендіру міндеттерін шешу үшін қажет болып табылады.

 Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалімге жеке жұмыс барысында білім алушының әрекетін жүйелі бағалау және аралық нәтижелерді тіркеп отыру қажет, олар білімді меңгеру процесінің қиындықтары, білімдегі олқылықтар туралы ақпарат береді.

 Жұппен және топтық жұмыста қалыптастырушы бағалау ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға коммуникативті, бір-бірімен өзара іс-қимыл жасаса білу, пікір алмасу және конструктивті кері байланыс жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

         Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау мұғалімге белгілі тапсырмалар (тақырыптар, бөлімдер) қиындық тудыратын білім алушыларды анықтауға, жеке және топтық коррекциялық сабақтарда білімдегі олқылықтарды жою бойынша жұмыс мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді.

10 АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Арнайы мектеп, арнайы сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы №66 бұйрығымен бекітілген арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің Үлгілікережелерімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61, 2016 жылғы 15 шілдедегі №453, 2017 жылғы 29 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған бастауыш, негізгі орта, жалпы білім берудің үлгілік оқу жоспарларымен реттеледі.

Жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптар оқушылардыңдамуы бұзылуының түрлері бойынша сараланады:

− есту қабілеті бұзылған балалар үшін;

− көру қабілеті бұзылған балалар үшін;

− сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалар үшін;

− тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін;

− психикалық дамуы тежелген балалар үшін (бұдан әрі – ПДТ) – қалыпты психикалық даму қарқыны бұзылған;

− интеллектібұзылған балалар үшін (жеңіл және орташа деңгейдегі ақыл-ой кемістігі).

Үлгілік оқу жоспары оқу жүктемесін жалпы білім беретін пәндер, түзету курстары, еңбекке дайындық курстары, факультативтік сабақтар және элективті курстар арасында бөледі.

Есту қабілеті, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар және психикалық дамуы тежелген білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарының инвариантты бөлігіндегі жалпы білім беретін пәндердің тізімі және олардың негізгі мазмұны ҚР МЖМБС 1.4.002-2012 талаптарына сәйкес. Оқыту білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы білім беру бағдарламаларын және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын пайдалану арқылы іске асырылады (бағдарламалар www.nao.kz - Академия сайтында ұсынылған).

Оқу процесінде арнайы оқулықтар мен ОӘК, сонымен қатар, жалпы бағыттағы мектептерге арналған оқулықтар мен ОӘК пайдаланылады. Мектептегі оқу ұзақтығын арттыру 0 (дайындық) және 10-сыныптар есебінен білім алушылардың даму ауытқушылықтарына байланысты оқу процесінде бағдарламалық материалды игерудің қиындығын ескеру қажеттілігімен, сондай-ақ, оқу процесінде түзету-оңалту іс-шараларына арнайы уақыт бөлу қажеттілігімен байланысты.

Интеллекті бұзылған оқушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарындағы бөлімдер мен оқу пәндерінің тізімі, сонымен қатар, оқу бағдарламалардың мазмұны мен оқулықтар ҚР МЖМБС 1.4.002-2012 талаптарына бағытталмаған. Ақыл-ойы кем білім алушылар мектептегі барлық оқыту жылдары ағымында жеңіл және орташа деңгейдегі ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарларынасәйкес, арнайы оқыту бағдарламалары, арнайы  ОӘК бойынша іске асырылады.

Арнайы мектептің (сыныптардың) педагогтері сынып құрамын және білім алушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқулық, оқу құралдарын, дидактикалық, түзету-дамытушылық материалдарды өздері таңдай алады. Елдің арнайы мектептері үшін әзірленген оқулықтар мен ОӘК болмаған жағдайда, РФ-да әзірленген және шығарылған оқулықтар мен дидактикалық материалдарды пайдалануға болады.

Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқытатын білім беру ұйымдары білім мазмұнының ерекшелігі мен білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып білім алушылардың үлгерімі мен аралық аттестациялау формаларын, тәртібі мен ағымдағы бақылау жүргізу мерзімін өздерібелгілейді.

Үлгілік оқу жоспарының негізінде білім беру ұйымы әрбір сынып үшін олардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып Оқу жұмыс жоспарын құрастырады. Үлгілік оқу жоспарының 15-20% сағатын оқушылардың ерекше білім беруге қажеттілігіне сәйкес қайта бөлуге болады (үлгілік оқу жоспарындағы жалпы сағат саны аясынан шықпай).

Білім беру ұйымдары үйде оқитын оқушылардың ата-аналарымен (немесе оларды алмастыратынтұлғалармен) бірге оқытылатын пәндер тізімін анықтайды, жеке мүмкіндіктеріне қарай Үлгілік оқу жоспарында бөлінген сағат шегіндегі пәндер бойынша сыныптар бойынша үйде оқытудың сағаттарын бөледі.

Арнайы мектептегі және арнайы сыныптардағы оқу-тәрбиелік процесі мектеп штатындағы психологиялық-педагогикалық мамандардың (арнайы психолог, логопед) арнайы педагогтердің (тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, ЕДШ нұсқаушысы) қатысуымен,оқушыны зерделеуден кейін алынған психологиялық-медициналық-педагогикалық мәліметтеріне негізделе отырып, саралау және жеке арнайы амалдарды қолдану арқылы іске асырылады.

Оқушыға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге арналған жеке бағдарламаны әзірлеу үшін өзара іс-әрекеттесетін мамандардың нысаны мектептегі психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум болып табылады. Психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін мамандардың жұмысы мектеп директорымен бекітілген желілік нормативтік актілермен реттеледі.

Арнайы мектептер мен арнайы сыныптардың оқушылары түзету- педагогикалық көмекті Үлгілік оқу жоспарының бөлімдеріне сәйкес бөлінген сағаттар аясында(түзету компоненті) психологиялық-педагогикалық мамандарының қатысуымен өткізілетін топтық, шағын топтық және жеке сабақтарда алады. Түзету сабақтары барлық типтегі арнайы мектептер мен арнайы сыныптарда міндетті болып табылады. Түзету компонентінің пәндерін оқу жоспарының инвариантты компонентіндегі пәндермен алмастыруға, сондай-ақ осы сағат сандарын қысқартуға болмайды.

Арнайы мектептердегі және арнайы сыныптардағы жұмыс 0-4 сыныптарда ұзартылған күн тәртібінде, ал 5-9, 10 сыныптарда - мектеп басшылығының шешіміне қарай ұйымдастырылады да, бұл бұзылған қызметтердің орнын толтыруға, қажетті денсаулық сақтаушы педагогикалық режимді қамтамасыз етуге, әлеуметтік дағдыны қалыптастыруды  және жеңу бойынша қажетті жағдайлар туғызады.

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды еңбекке баулу жұмыс кадрларының қажеттілігіне қарай психофизикалық дамуының жеке ерекшеліктерін, денсаулығын, мүмкіндіктерін, сондай-ақ еңбек профилін таңдау негізінде тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының мүдделерін ескере отырып өңірлік, жергілікті жағдайларға негізделе ұйымдастырылады. Үлгілік оқу бағдарламалар даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған еңбекке оқытудың профилі бойынша немесе білім алушылардың білім алудағы ерекше оқытуды қажет етуін және еңбектің әрқилы профилін ескере отырып құрылған бағдарламалары бойынша қолданылады.

Кәсіби еңбекке үйрететін сабақтар 5-сыныптан басталады, ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін 4-сыныптан басталады, ол екі топқа бөлінеді. Еңбек түрлеріне қарай топтарды біріктіру олардың психофизикалық жағдайы және мүмкіндігіне байланысты дәрігердің нұсқауымен іске асырылады. Паралель және шектес сыныптардағы оқушыларды кіші топтарға біріктіру мүмкіндігі бар. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау сабақтарын өткізу барысында сынып екі топқа бөлінеді.

Есту қабілеті, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу тіліндекүрделі бұзылыстары бар, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектептердің бітірушілері алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжатқа ие болады. Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар бітірушілер аталған түрдегі арнайы білім беру ұйымы үшін белгіленген үлгідегі куәлігін алады (ҚР БҒМ 2015 жылғы 28 № 39 бұйрығы, № 5 қосымша).

1. Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру процесі  келесі  деңгейлерге бөлінеді:

− бастауыш білім – 0, 1-4 сыныптар;

− негізгі орта білім - 5-10 сыныптар.

Мектепке дейінгі дайындықтан толық өтпеген балалар дайындық (0) сыныбына түседі. Дайындық (0) және 1-7 сыныптарда оқыту арнайы бағдарламалар мен оқулықтар бойынша жүргізіледі. 8-10 сыныптарда оқитын білім алушылар жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша білім алады, ондағы материал оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін ескере отырып бейімделеді және қайта бөлінеді. 5-сыныптан бастап қазақ әдебиеті орыс тілінде жүргізіледі (орыс тілді мектептер үшін). «Алгебра» және«Геометрия» пәндерін оқыту 8-сыныптан бастап іске асырылады, өйткені естімейтін балаларға арналған арнайы оқу бағдарламасына сәйкес математика пәнін оқыту 7-сыныпта аяқталады.

Үлгілік оқу жоспарында міндетті түрде оқытылатын түзету пәндері ұсынылған:

1) «Заттық – тәжірибелік оқыту» (0-4-сыныптар). Міндеті – жоғары психикалық қызметтерді қалыптастыру, жалпы білім беру пәндері бойынша білімдерін меңгеруге арналған база ретінде тұрмыстық түсініктерді игеру  үшін тілді үйрену;

2) «Түзету ырғағы» (0-4-сыныптар). Міндеті – электроакустикалық аппараттарды қолдану арқылы естіп қабылдауын қарқынды дамыту жағдайында қозғалысы мен сөйлеу тілін дамыту;

3) «Ым-ишараттық сөйлеу тілі» (4-10-сыныптар). Міндеті – оқушының коммуникативтік қызметін қамтамасыз ету. Республика мектептерінде естімейтін оқушыларды оқыту есту-көру негізінде іске асырылады, оқыту процесіндегі ыммен сөйлеу оқушыларға бағдарламалық материалды сапалы меңгеруге көмектесетін көмекші құрал ретінде пайдаланылады;

4) «Ауызекі және тұрмыстық сөйлеу тілі» (4-10-сыныптар). Міндеті – еститін адамдармен қарым-қатынаста қолданылатын күнделікті қатынас сөз қорын, қарым-қатынас әрекетін дамыту;

5) «Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту және (ДАҚ және ЕҚД). Сабақтарда ауызша сөйлеу тілі қалыптасады және қалдық есту арқылы сөйлеу дамиды.

0 мен 4-сыныптарда, сонымен қатар 5-6-сыныптарда ДАҚ және ЕҚД сабақтары әр сыныпқа жеке ретпен, апталық жүктемесі16 және 18 сағат көлемінде жүргізіледі. 7-9-сыныптарда ДАҚ және ЕҚД бойынша сабақтар аптасына 4 сағаттан (жұппен), 10-сыныпта 2 сағаттан жүргізіледі. Сөйлеуде өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру, сөйлеуде дыбысты шығару жағын түзеу, диалогиялық сөйлеумен жұмыс жасау жалғасады.

Түзету циклінің сабақтары күннің бірінші, сондай-ақ екінші жартысында топпен, шағын топпен және жеке түрде жүргізіледі.

Негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларының курсын табысты меңгерген оқушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында әрі қарай оқуды кәсіптік колледждерде, кешкі мектептерде жалғастыруға мүмкіндік бар.

2. Есту қабілеті бұзылған (нашар еститін,кейіннен естімей қалған) оқушыларды арнайы мектепте (сыныптарда) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру процесі келесі деңгейлерге бөлінеді:

− бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар;

− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар.

Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген балалар дайындық (0) сыныбына түседі. Дайындық (0), 1-4-сыныптарда оқыту арнайы бағдарламалар мен оқулықтар бойынша жүргізіледі. 5-10-сыныптарда білім алушылар жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша білім алады, ондағы материал оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктеріне және негізгі мектепте оқыту мерзімінің артуын ескере отырып бейімделеді және қайта бөлінеді.

Қалыптастырудың есту-көру негізін жасауға және оқушылардың ауызша сөйлеу тілін жетілдіруге мүмкіндік туғызатын есту қабілетін дамытуға, дыбыстардың айтылуымен жұмысқа, еріннен оқуға арнайы көңіл бөлінеді.

Оқу жоспарына «Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту» (0-10 сыныптар), «Түзету ырғағы» (0-7 сыныптар), «Айналамен таныстыру» (0-2 сыныптар) сияқты түзету курстары қосылған. Түзету циклінің сабақтары күннің екінші жартысында топпен, шағын топпен жүргізіледі. Түзету циклінің сабақтары топпен және жеке түрде күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізіле алады.

Негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларының курсын табысты меңгерген оқушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында әрі қарай оқуды кәсіби колледждерде, кешкі мектептерде жалғастыруға мүмкіндік бар.

3. Көру қабілеті бұзылған (көрмейтін, нашар көретін, кейіннен көрмей қалған) оқушыларды арнайы мектепте (сыныптарда) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру процесі келесі деңгейлерге бөлінеді:

− бастауыш білім – 0,1-4-сыныптар;

− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар;

− жалпы орта білім – 11-12-сыныптар.

Орта білім алу мерзімінің ұзартылуы төмендегі себептерге: көрмейтін және нашар көретін оқушылардың танымдық қызметінің ерекшелігіне; оқу қарқынының баяулығы және жалпы білім беру пәндеріне елестету олқылықтарын толтыру мен оқушылардың қоршаған орта туралы білімдеріне мүмкіндік беретін пропедевтикалық бөлімдерді қосу қажеттілігіне; көрмейтіндермен ақпарат алудың сукцессивті тәсілін пайдалануына (ұстап көру арқылы ақпарат алуды пайдалану); Брайль жүйесі бойынша жазу мен оқуға үйретудің ерекшеліктеріне; рельефті суреттер және сызбаларды оқуға; тифлоқұрылғыларды және бақылау, тәжірибелік және лабораториялық жұмыстар жүргізу барысында кеңістікте бағдарлай алуға арналған құралдарды пайдалану қажеттілігіне байланысты.

Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген 6-7 жастағы балалар үшін дайындық (0) сыныбы ұйымдастырылады. 1-4-сыныптарда білім алушылардың функционалдық сауаттылық негізі және негізгі жалпы білім берудің кезекті бағдарламасын меңгеру үшін база құрылып, олардың қарым-қатынас пен оқу еңбегінің негізгі  дағдылары қалыптастырылады.

Екінші сатыдағы оқыту 6 жыл ағымында іске асырылады. Осыған байланысты оқыту жылдары бойынша оқу материалы әр оқу пәнінің аясында қайта бөлінеді.

11-12-сыныптарда оқыту жалпы-гуманитарлық және жаратылыстану– математикалық екі бағытта жүзеге асырылады.

Бір немесе екі бағытты да таңдау оқушылардың қажеттілігін және ата- аналардың сұранысын ескере отырып іске асырылады.

Білім беру процесінің түзету бағыты жалпы білім беру пәндері бойынша, қалдық көруін және көріп қабылдауын сақтау мен дамыту; әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау (ӘТБ), кеңістікте бағдарлау; мимика және пантомимиканы дамыту; сөйлеу тілі дамуының кемшіліктерін түзету (логопедпен сабақтар); емдік дене тәрбиесі және түзету ырғағы бойынша арнайы түзету сабақтарында қамтамасыз етіледі.

Факультативтік сабақтардың сағаттары жалпы білім беру циклінің пәндерін оқытуда, жаңа пәндерді, қосымша білім беру модульдерін, арнайы курстар мен практикумдарды енгізуде, жеке және топтық сабақтарды өткізуде, жеке білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда қолданылуы мүмкін. Көру қабілетінен айырылған оқушыларды оқыту Брайль шрифтімен шыққан жалпы білім беретін оқулықтар бойынша, ал нашар көретін оқушыларды ірі шрифтімен басылған оқулықтар бойынша оқыту іске асырылады.

4. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру процесі келесі деңгейлерге бөлінеді

− бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар;

− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар;

− жалпы орта білім – 11-12-сыныптар.

Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген 6-7 жастағы балалар үшін дайындық (0) сыныбы ұйымдастырылады.

1-4-сыныптарда жалпы тапсырмалар мен кешенді түзету тапсырмалары (балалардың барлық қозғалыс сферасын, сөйлеу тілін, танымдық қызметін қалыптастыру) шешіледі. Бірінші сыныпта жазу қимылының дағдысын қалыптастыруға арнайы уақыт бөлінеді.

Ана тілін меңгеру оқытудың бастапқы сатысының тәжірибелік бағытымен қамтамасыз етіледі. Математиканы зерделеу барысында ойлауын дамыту ерекшеліктері, кеңістіктік ұғымдарының жеткіліксіз қалыптасуы ескеріледі.

Бейімделген дене шынықтыру сабақтарында бағалау нормативтері қалыптастырылмайды.

5-10сыныптарда балаларда әлеуметтік-еңбекке бейімдеуді қамтамасыз ететін қимыл-қозғалыс, ойлау, сөйлеу дағдылары мен ептілігін дамыту бойынша түзету-қалыптастыру жұмыстары жалғасады.

11-12-сыныптарда оқыту жалпы-гуманитарлық және жаратылыстану– математикалық екі бағытта жүзеге асырылады. Бір немесе екі бағытты да таңдау оқушылардың қажеттілігін және ата-аналардың сұранысын ескере отырып іске асырылады.

Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған оқушылар шағын топта және жеке сабақтарда түзету-педагогикалық қолдауға ие болады:

1) емдік дене тәрбиесі (ЕДШ) сабақтары 2-4 адамнан тұратын топпен немесе жеке өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Сабақтар күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізілуі мүмкін;

2) тіл дамуының кемшіліктерін түзету бойынша өткізілетін  сабақтарды тіл бұзылуы ұқсас оқушылармен жеке немесе топтық түрде аптасына 2-3 рет логопед жүргізеді. Сабақтар күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізілуі мүмкін;

3) танымдық қызметті қалыптастыру және дамыту бойынша түзету сабақтарында бағдарламалық материалды игеруге, қоршаған орта туралы білімін кеңейтуге, кеңістіктік және уақыттық ұғымдарын қалыптастыруға, графикалық дағдыларды дамытуға, алдыңғы даму олқылықтарын толықтыруға және оқу материалын игеруге, бұзылған психикалық қызметтерді түзетуге, күрделі оқу материалын меңгеруге дайындықты қамтамасыз етеді. Сабақтың ұзақтығы – 20-25 минут.

Түзету сабақтары күнделікті сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамауы қажет. Бастауыш сыныптарда сабақтың бір бөлігін ойын түрінде өткізген дұрыс. Топтар (3-4 адамнан) оқушылардың сөйлеу тілінің, қимыл-қозғалысының және өзге де даму бұзылыстарының біртектілігі мен айқындығын ескере отырып жинақталады.

Білім алуышының топта болу ұзақтығы арнайы қиындықтарды түзету дәрежесімен және тапсырмаларды сыныппен бірге орындау дайындығымен анықталады. Топ құрамы қозғалмалы болуы тиіс. Бір оқушы бір жылда әртүрлі топтардың құрамында болуы мүмкін.

Факультативтік сабақтарды анықтау барысында оқушылардың әлеуметтенуі және олардың даму кемшіліктерінің алдын-алатын, оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруге ықпал ететін курстарды таңдау қажет.

5. Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру процесі келесі деңгейлерге бөлінеді:

− бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар;

− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар.

Арнайы мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген балалар дайындық (0) сыныбына түседі.

Мектепте төмендегідей оқушыларға арналған бөлімдер ашылуы мүмкін:

− ауыр деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған (алалия, дизартрия, ринолалия, афазия), сонымен қатар тұтықпамен қатар жүретін жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар;

− сөйлеу тілінің қалыпты даму барысындағы тұтықпаның ауыр формасы.

Кохлеарлы имплантацияға дейін 6 айдан кем емес ұдайы есту аппаратын тағып жүрген,кохлеарлы имплантанты 1 жастан 4 жасқа дейінгі аралықта  қойылған балалар қабылданады. Оқытудың бірінші деңгейінде арнайы бағдарламалар, арнайы әдістемелік және дидактикалық материалдарды пайдалану қарастырылады. Негізгі сатыда балалар оқушылардың мүмкіндіктеріне бейімделетін мектептің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқиды. Негізгі мектепте, әсіресе, күрделі бұзылыстары бар сыныптар үшін қазақ, орыс және шетел тілдерін оқыту сағаттарын бөлгенде вариативтілікке жол беріледі.

Арнайы логопедтік және түзету-педагогикалық қолдау барлық сабақтарда және сабақтан тыс уақыттарда сөйлеу тәртібін сақтай отырып көрсетіледі. Арнайы түзету курстарына мыналар жатады: қоршаған ортамен таныстыру, түзету ырғағы, дыбыстарды айту, сөйлеу тілін дамыту, жеке-топтық логопедтік сабақтар. Логоритмика элементтері бар міндетті оқу пәні «Түзету ырғағы» сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалардың моторлық және сөйлеу моторлық даму ауытқушылықтарының алдын-алуға бағытталған.

Логопедиялық сабақтар белгіленген сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамай, күннің екінші жартысында өткізілуі тиіс. Оқушылар логопедиялық көмекті жеке, шағын топта және топтық сабақтарда алады.

Жеке сабақтар: сөйлеу тілінің жүйелі бұзылыстары бар және артикуляциялық аппаратының құрылымы мен қозғалысы бұзылған (ринолалия, дизартрия) балалармен өткізіледі. Жеке сабақтар аптасына кемінде 2 рет өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы 20-25 минут. Шағын топтарға сөйлеу тілінің біртекті құрылымы бұзылған балалар бірігеді. 5-10 сынып оқушыларымен логопедтік сабақтарды ұйымдастырудың шағын топтық формасы жетекші болып табылады. Сабақтың ұзақтығы 40-45 минут.

Топтық сабақтың ұзақтығы (0, 1-4-сынып) дайындық сыныбы мен бірінші сыныптың алғышқы жартысында 35 минутты, келесі сыныптарда 45 минутты құрайды. Негізгі орта буын оқушылары үшін қазақ және орыс тілдерін қосымша оқытуға арналған факультативтерді ұйымдастыруға болады.

6. Психикалық дамуы тежелген оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру процесі келесі деңгейлерге сәйкес қамтамасыз етіледі:

− бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар;

− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар.

Арнайы мектептерге (сыныптарға) церебральды-органикалық түріндегі психикалық дамуы тежелген балалар қабылданады. Арнайы сыныптарға дамуында ауытқушылығы (ақыл-ойы кемістігі бар балалар, сөйлеу, көру, есту қабілетіндегібұзылыстар) айқын көрінетін балалар қабылданбайды.

Арнайы сыныптарға жинақтау оқытудың бастапқы деңгейінде – 0, 1 сыныптарда іске асырылады, 2 сыныпты да кіргізуге болады. Оқушыларды оқытудың кез-келген кезеңінде жалпы білім беретін сыныптарға кіріктіру, сондай-ақ, психикалық даму тежелісі айқын көрінетін екінші сатыдағы арнайы сынып жағдайында білім беруді жалғастыру мүмкіндігі қарастырылады.

Оқу күн тәртібі балалардың тез шаршағыштығына байланысты белгіленеді: ұзартылған күн тәртібі бойынша алғашқы ауысымда оқыту.

Екінші (қазақ немесе орыс) және үшінші (ағылшын) тілдерін оқыту сынып оқушыларының сөйлеу тілінің даму деңгейін ескере отырып, бағдарламаны бейімдеу және оқушыларды оқыту әдістері қарастырылып іске асырылады.

Оқытудың бірінші сатысында арнайы бағдарламалар мен арнайы әдістемелік және дидактикалық материалдарды пайдалану қарастырылады. Негізгі сатыда оқушылар негізгі орта мектепте оқу мерзімінің артуына (1 жыл) байланысты мазмұны қайта бөлінетін жалпы білім беру мектебінің бағдарламалары бойынша білім алады, әрбір пән оқытушылары оқушылардың мүмкіндіктеріне бейімделеді.

Оқытудың түзету-дамытушы бағыты түзету пәндерінің жалпы білім беру циклі пәндерінің аясында, сонымен қатар, қосымша білім беру жүйесінде жүзеге асырылады. Басқа пәндермен тепе-тең келетін пәндерге эмоционалдық- тұлғалық жағдайын түзетуді іске асыруға мүмкіндік беретін және оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендендіретін эстетикалық циклдегі пәндерді (музыка, сурет өнері, дене тәрбиесі) жатқызуға болады.

Бірінші және екінші сатыдағы оқу жоспарының түзету компоненті:«Айналамен таныстыру және тіл дамыту», «Түзету ырғағы», «Тіл дамуының кемшіліктерін түзеу» (логопедтік сабақ), «Білімдегі олқылықтарды толықтыру бойынша міндетті жеке және топтық түзету сабақтары», «Әлеуметтік- тұрмыстық бағдарлау» (ӘТБ) сияқты түзету курстары мен жеке-топтық түзету сабақтарын қамтиды.

Арнайы кіріктірілген «Айналамен таныстыру және тіл дамыту» (0-1-сыныптар) түзету курсы баланың қоршаған орта туралы шынайы білімдері мен түсініктерін байытуға бағытталған. «Түзету ырғағы» атты 0-4-сыныптарға арналған түзету курсы психикалық дамуы тежелген балалардың жалпы моторикасы мен қимылының үйлесімділігіндегі даму ауытқушылықтарын алдын-алуға бағытталған. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» атты  түзету пәні өмірлік құзырет дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» сабақтарын өткізу үшін сынып 2 топқа бөлінеді. Сабақтар арнайы жабдықталған ғимаратта жүргізіледі.

Сабақта оқу бағдарламасын игеруде қиындықты сезінетін оқушылар үшін білім олқылықтарының орнын толтыруға арналған жеке және топтық түзету сабақтары ұйымдастырылады. Сабақтар жеке немесе оқудағы қиындықтарының ұқсастықтары негізінде шағын топтармен (2-4 оқушыға) жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушыларымен жеке- шағын топтық түзету сабақтарын сыныптың негізгі мұғалімі өткізеді. Сабақтың ұзақтығы - 20-25 минут. Түзету сабақтары күнделікті сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамауы тиіс. Олар пәндік-тәжірибелік және балалардың ойын әрекетін қоса отырып, әртүрлі формалар мен оқушылардың әрекет түрлерін пайдалану арқылы жүргізіледі.

6-10-сыныптарда білім алудағы олқылықтарды толықтыру бойынша жеке және топтық сабақтарға бөлінген сағаттарды пән мұғалімдері  арасында бөлінеді. Қандай топта болсын, білім алушының сабақта отыру уақыты арнайы қиындықтарды түзету дәрежесімен және сыныппен бірге тапсырмаларды орындау дайындығымен анықталады. Топ құрамы қозғалмалы болуы тиіс: балалардың бірін сыныппен бірге жұмыс жасауға қосып, бірін қарқынды жеке көмек үшін топ құрамына қосу керек. Сол бір оқушы жыл ағымында әртүрлі топ құрамына кіруі мүмкін. Сөйлеу тілінде дамымаған оқушылармен логопед жеке-шағын топпен сабақ өткізеді.

Жеке-шағын топтық түзету сабақтары оқушылардың максималды жүктемесі шегінде көрсетіледі. Үлгілік оқу жоспарында көрсетілген әрбір сыныпта осы сабақтарға бөлінген апталық сағаттардың саны (бірінші сатыда 4 сағат және екінші сатыда 3 сағат) әрбір жеке оқушының жүктемесіне емес, педагогтердің жүктемесіне кіреді. Әрбір оқушы үшін оқытудың бірінші сатысында аптасына 40-60 минуттан, екінші сатысында 20-40 минуттан келеді.

Факультативтер мен элективті курстардың сағаттарын балалардың әлеуметтенуіне (Тіл және қарым-қатынас мәдениеті. Өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыздандыру. Экономикаға кіріспе) немесе даму кемшіліктерінің алдын алуға (Сурет салу әрекеті. Қолданбалы мәдениет. Жүзу. ЕДШ) немесе  еңбекке дайындық бойынша қосымша сабақтарға қолдану дұрыс болады.

Есту, көру, сөйлеу тілі, тірек-қозғалыс аппаратының бұзылыстары бар, психикалық дамуы тежелген білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау

Білім берудің жаңартылған мазмұнына өткен сыныптарда оқу нәтижесін бағалау барысында оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушылардың нәтижелерін бағалауда арнайы оқу бағдарламаларында белгіленген оқу мақсаттарына бағдарлану қажет.

Формативті бағалау процесінде мұғалім білім алушылардың оқу материалын меңгерудегі қиындықтарын анықтап, оларды түзету жолдарын қарастырады. Егер кейбір білім алушыға белгілі бір дағдыны дамыту үшін ұзағырақ уақыт қажет болса, бұл оқу мақсатын басқаша бағалау жөнінде шешім қабылдап, оқушының жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлеуде түзетулер енгізу керек.

Ерекше білім беруді қажет ететінбілім алушыларға және жеке оқу бағдарламасымен оқытылатын білім алушыларға  қорытындыаттестаттау қажеттілігі жөніндегі мәселені білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңеспен шешіледі.

Арнайы білім беру ұйымдарында және жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныптарында оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қорытынды аттестаттау емтиханының материалдары аудандық, қалалық білім бөлімдерімен немесе білім басқармаларымен әзірленеді.

7. Арнайы мектепте интеллекті бұзылған балаларды оқытудың ерекшеліктері (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі)

Ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқыту мақсаты – танымдық және эмоционалдық-тұлғалық аясындағы даму ауытқуларын түзету, білім беру құралдарымен және еңбекке дайындау арқылы дамыту, келешекте бітірушілерді ары қарай қоғамға кіріктіру үшін әлеуметтік-психологиялық оңалту.

Дайындық сыныбына, сондай-ақ білім беру процесінде және тәрбиелеу жұмысында баланың диагнозын анықтау мен оны оқыту және тәрбиелеуді ұйымдастыру формасының адекваттылығын айқындау мақсатында білім алуға дайындық деңгейі жеткіліксіз балалар қабылданады. Бірінші сыныпқа 7-9 жастағы балалар қабылданады.

Оқыту 2 сатыда ұйымдастырылады:

− бірінші саты – дайындық деңгейі (0), 1-4-сыныптар;

− екінші саты – 5-9-сыныптар.

Материалдық-техникалық, бағдарламалық-әдістемелік және кадрлар болған жағдайда, білім беру ұйымдарында терең кәсіби-еңбекке баулитын 10-өндірістік сынып ұйымдастырылады.

Бірінші сатыда ақыл-ойы кем оқушыны жан-жақты психологиялық- медициналық-педагогикалық жағынан зерделейді, оның мүмкіндіктері мен білім беру процесін ұйымдастыру формасы мен әдістерін қалыптастыру және жеке ерекшеліктерін анықтау мақсатында іске асырылады.

Екінші сатыда балалар практикалық бағыты, еңбектің әртүрлі профилі бойынша дағдылары бар, жалпы білім беретін пәндер бойынша білім алады. Әлеуметтік бейімделу мен кәсіби-еңбекке баулуға назар аударылады.

5-9 сыныптарда математика сабақтарынан 1 сағат геометрия элементтерін үйренуге бөлінеді.

Түзету технологиясы циклінің сабақтары: «Түзету ырғағы», «Тіл дамуының кемшіліктерін түзету» (логопедтік сабақтар), «Танымдық әрекетін түзету», «Емдік дене тәрбиесі» күннің бірінші және екінші жартысында да жүргізіледі. Жеке және шағын топпен жүргізілетін түзету сабақтардың ұзақтығы – 20-25 минут. Шағын топтар сөйлеу тілі мен психофизикалық ақауларының біртектілігіне байланысты жинақталады. Емдік дене тәрбиесі сабағына арналған топтар дәрігердің нұсқауымен жинақталады. Түзету ырғағы бойынша сабақтар топқа бөлінбей, фронтальды түрде жүргізіледі.

4 пен 6-сынып аралығында «Жалпы еңбекке даярлау» пәні оқытылады.

7 және 9-сынып аралығында кәсіби бағыттағы еңбекке баулу пәні  оқытылады. Еңбекке оқытудың бейіндері өңірлік ерекшеліктерге және түлектерді жұмысқа орналастырумүмкіндіктеріне байланысты мектеп әкімшілігімен анықталады.Мектепке педагогикалық кеңеспен бекітілетін жеке еңбек түрлері бойынша бағдарламалар әзірлеу құқығы беріледі.

Мектепте еңбекке оқыту бойынша білім алу емтиханмен аяқталады. Білім алушылар емтихандардан белгіленген тәртіп бойынша босатылады. Факультативтік сабақтары мен электив курсына бөлінген сағаттар еңбекке оқыту сабақтарына, түзету бағыттарына және т.б. пайдаланыла алады.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылар саны жеткілікті болған жағдайда, мектепте осындай оқушыларға арналған арнайы сыныптары бар екінші бөлім ашылады.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту аталмыш катеориядағы оқушыларға арналған Үлгілік оқу жоспары және оқу бағдарламалары бойынша іске асырылады. Оқу бағдарламалары ұсынымдық сипатта болады. Оқыту жеке оқу бағдарламалар бойынша іске асырылады. Ол баланы жарты жылдан аспайтын мерзім аралығында сынып педагогінің және мектеп консилиумы мамандарының баланы психологиялық-педагогикалық кешенді зерделеуі негізінде құрылады. Оқытудың жеке бағдарламасын жүзеге асыру уақытының аяқталуы бойынша әрбір оқушының жетістігіне талдау жүргізіледі және келесі жартыжылдыққа жоспар құрылады.

Педагог әрбір оқушының жеке мүмкіндігін және білім алудағы тұлғалық жетістіктері мен білім алу және тұлғалық жетістіктерін мониторингілеу нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұнын, әдістерін, формасын, дидактикалық құраларын өз бетінше таңдайды.

Екінші бөлім сыныптарын оқытудың мазмұны: өзі туралы түсінігін, өзіне-өзі қызмет етуін және қамтамасыздандыру дағдысын, қоршаған орта және ортада бағдарлау туралы қолжетімді түсініктерін, қарым-қатынас жасай алуын, пәндік-тәжірибелік және қолжетімді еңбек қызметін, тәжірибелік бағыттылығына ие және тәрбиеленушілердің психофизикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жалпы білім беретін пәндер туралы білімін қалыптастыруға бағытталған.

Бірінші сатыда орташа ақыл-ой кемістігі бар балалардың оқу процесі пәнсіз оқыту негізінде ұйымдастырылады: барлық сабақтар кіріктірілген сипатқа ие және білім алушылардың жалпы (қарым-қатынас, қимыл, сөйлеу, сенсорлы) дамуына бағытталған. Оқушылардың жеке дамуын алға бастыру шаралары пәндік оқытумен іске асырылады. Екінші бөлімде оқыту мектеп ресурстары мен оқушылардың психофизикалық даму ерекшелігін ескере отырып, еңбектің қарапайым түрлеріне үйрету ұйымдастырылады. Еңбекке оқыту профилі баланың психофизикалық ерекшеліктерін, дәрігердің ұсынысымен және мектеп мүмкіндіктерін ескере отырып жеке анықталады. Қажет болған жағдайда, еңбекке оқыту профилі өзгеруі мүмкін. Еңбекке дайындық пәндері бойыншаорташа ақыл-ой кемістігі бар балалар бітіру емтиханын тапсырмайды.

Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау

Оқу процесі оқушыларға сараланған және жеке амалдарды қолдану арқылы іске асырылады. Сараланған амал негізіне ақыл-ойы кем оқушылардың (В.В.Воронкова бойынша) педагогикалық топтастыруы жатады. Жетістіктерін бағалауда білім беру процесін дараландыруға негіз болатын критериалдық  бағалау жүйесі қолданылады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың жетістіктерін бес балл бойынша бағалайды. Дайындық және 1-сыныптарда балл бойынша бағалау болмайды. Оқушылардың білім алудағы ілгерілеу нәтижелері олардың өнімді қызметі, сөйлеу тілінің даму деңгейі, жазба жұмыстарының, сурет салуының, қолдан жасалған бұйымдарына талдау жасау және сабақтағы әрекетін бақылау негізінде анықталады.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалауда жеке оқу бағдарламасының мазмұны негізінде сипаттамалық критериалды бағалау жүйесі қолданылады(ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың критериалды бағалауы бойынша әдістемелік ұсынымдарды Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтынан (www.nao.kz) алуға болады).

Түзету циклінің пәндері бойынша жетістіктерді бағалау балл бойынша емес, сипаттамалық түрде болады.

Интеллекті бұзылған балаларға арналған арнайы мектептің (сыныптың) оқушылары екінші жылға қалдырылмайды.

11 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қосымша білім беру – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі (Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 39-бабының 1-тармақшасы). Білім алушылардың жан-жақты қажеттіліктері балаларға қосымша білім берудің әлеуметтік-педагогикалық, көркем-эстетикалық, музыкалық, ғылыми-техникалық, туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, әскери-патриоттық, спорттық-сауықтыру, жобалық-зерттеу және басқа да бағыттары бойынша қамтамасыз етіледі. Білім алушыларға берілетінбілім беру қызметтеріқосымша білім берудің оқу бағдарламалары бойынша бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары және шарттық негізде көрсетеді (Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 37-бабының 1-тармағы).

Республикада балаларға қосымша білім беру тиімділігін қамтамасыз ету үшін келесі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер іске асырылады:

 

–  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (1, 4, 5, 6, 11,14, 23, 28, 37, 51, 52, 63, 65-баптары);

– «Балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің Үлгілік ережелерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысы;

– «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының қызмет түрлерінің Үлгілік ережерді бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығы;

– «Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығы.

Республикадағы жалпы білім беретін мектептердегі балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері 2018-2019 оқу жылдарында жалпы орта және қосымша білімнің мейлінше тығыз ынтымақтасуының қажет екендігін көрсетіп отыр.

Заманауи мектептердің мазмұны мен технологияларындағы өзгерістердің инновациялық сипаты қосымша білім беру есебінен күшейтілуі мүмкін, себебі қосымша білімнің сипаты қызметтің түрін таңдаудағы еркіндікті, білім алушылардың жоғары деңгейдегі уәждемесін, яғни тұлғаның өзін шынайы шығармашылық тұрғыдан танытуын болжайды.

Жаңа ұрпақтың білім беру стандарттарын енгізу жағдайында балаларға қосымша білім беруді негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының құрамына енгізудің өзектілігі мектепте алған білім, білік және дағдыларын практика жүзінде қолдануға итермелейтін, білім алушылардың танымдық уәждемелерін ынталандыратын жалпы білімнің құрамдас бөліктерінің вариативтілігін күшейту қажеттілігімен байланысты болып отыр.

Жалпы орта және балаларға арналған қосымша білімнің ынтымақтасуы заманауи педагогикадағы күрделі мәселелерді - тәрбиелеу, оқыту және дамыту процестерін жақындастыруға көмектеседі. Аталған бағытты дамытудың қажеттілігі біртұтас білім беру кеңістігін сақтауға негізделеді. Мектептегі оқу сабақтарын өткізу процесінде қосымша білімге тән технологияларды пайдалануға болады. Бұл кешенді сабақтар, оқу жобалары, дискуссиялық технологиялар, ойындар болуы мүмкін. Әдетте, ол сабақтан тыс, тікелей мұғалімнің қадағалауымен өтетін білім алушылардың өз беттерімен жасаған жеке немесе ұжымдық қызметтерін қарастырады. Мектептегі оқу сабағы аясында қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру процесі кезінде материалдың мазмұнын кеңейту және тереңдету деңгейінде, сондай-ақ мектеп сабағының жеке элементтерін сабақтан тыс қызметтің түрлі формаларында қарастыру есебінен де өз жалғасын табуы мүмкін.

Математика, химия, физика, биология пәндеріне қызығушылық танытқан жоғары сынып оқушылардың мектептегі ғылыми қауымдастық аясында танымдық мәдениетін, зерттеу қызметін тәрбиелейтін жобаларды ұсынған жөн.

Экологиялық мәдениетті тәрбиелеу тұрғысынан экологиямен айналысуға болады. Бұл жағдайда сабақтар жобалық технология негізінде түрлі жастағы бірлестіктер формасында құрылуы тиіс.

Жалпы алғанда интеграция үрдісі кешенді бағдарламалар мен жобалардың санын ұлғайтуды қамтиды: тарихи ойындар, музыкалық театр, балалар филармониясы, іздеу жұмыстарының клубы, бард әндері, мектептегі ғылым және техника академиясы және басқалары.

Осылайша, негізгі білім мен балаларға арналған қосымша білім тең құқықты, бірін-бірі толықтыратын компоненттер болуы керек және әр баланы толыққанды тұлғалық дамыту үшін қажетті біртұтас білім беру кеңістігін құру қажет. Мұндай жағдайда мектеп білім алушылардың дамуындағы зияткерлік ауытқуларды жеңе алады және олардың қоғамға оң бейімделуіне жағдай жасай алады.

Мектептерде сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда пәндік үйірмелер мен секциялар маңызды орын алады. Бұл бір жағынан – пән бойынша сабақтан тыс жұмыс, ал екінші жағынан – қосымша білімнің бөлігі.

Қосымша білім беру тұлғаның нақты жас кезеңі жағдайындағы ерекшеліктеріне байланысты білім берудің әр деңгейі үшін өзінің мазмұнды модулін ұсына алады:

– мектепке дейінгі білім деңгейінде – мектепалды даярлық;

– бастауыш білім деңгейінде – білім алушылардың көзқарастарын меңгеруге көмек: түрлі оқу қауымдастықтарына қосу;

– негізгі орта білім деңгейінде – тұлғаның өзін-өзі анықтау процесін қолдау: түрлі қызмет салаларындағы маңызды спекторды кеңейту және оларды шешу тәжірибелерін алу;

– жалпы орта білім деңгейінде – білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтау процесін сүйемелдеу, кәсіби бағдарлануды қамтамасыз ету.

Мектепте балаларға қосымша білім беруді дамытудың негізгі ерекшеліктері:

1) білім беру құндылықтарын жағымды қабылдау және оның мазмұнын тиімді меңгеру үшін кең жалпымәдени және эмоциялық-боямды орта құру;

2) «жалықтырмайтын» тәрбиені іске асыру - балаларды қызметтің тұлғалық маңызды шығармашылық түрлеріне қосудың арқасында, осы процесте өскелең ұрпақтың адамгершілік, рухани, мәдени бағдарларының «байқаусыз» қалыптасуы өтеді;

3) балаларға қосымша білім беру ұйымдарында өздерінің қабілеттерін іске асыру үшін қызметтің осы немесе басқа түріне ерекше қызығушылық (көркемдік, техникалық, спорттық және басқа) білдіретін білім алушылардың бағдарлануы;

4) білім алушылардың жеке білім жолын анықтауға, өмірлік және кәсіби жоспарларын нақтылауға, маңызды жеке қасиеттерін қалыптастыруға қажетті негізгі білімдеріндегі қандай да бір оқу курстарының болмауына байланысты олардың орнын толтыру.

Қосымша сыныптан тыс іс-шараларды, үйірмелерді, секциялар мен факультативтерді ұйымдастырудың негізгі мәні – баланың дарындылығын ерте анықтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, оның қызығушылықтарының жан-жақтылығын қалыптастыру, кәсіби өзін-өзі анықтауына көмектесу болып табылады.

Заманауи мектептегі қосымша білім беру жүйесі:

  • түрлі жас санатындағы балалардың қажеттіліктеріне жауап беру;
  • тұлғалық әлеуетті, шығармашылық бастаманы ашуға көмектесу, білім алушыларға психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан ыңғайлы жағдай жасау;
  • дағдыларын өз бетінше дамытуға үйрету, өзін ұстай білуді тәрбиелеу;
  • сабақта алынған білімді тереңдету және практикада қолдану процесінде жалпы білімнің әлеуетін іске асыруға көмектесу.

Білім беру бағдарламаларын (әрі қарай - бағдарламалар) педагогтер көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, жаратылыстану-ғылыми, экологиялық және биологиялық, дене шынықтыру-спорт, әскери-патриоттық немесе мәдени бағыттарда өз беттерінше әзірлейді.

Шығармашылық шеберханалар, ізденіс үйірмелерін, әдебиеттану курстарын, өлкетану, қызықты химия және математика секцияларын, электротехника үйірмелерін және де білім алушылардың қажеттіліктерін ескеріп басқа нәрселерді ұйымдастыруға болады.

Бағдарламаға қойылатын талаптар.

Мектептегі қосымша білім беру бағдарламалары өзекті, қолайлы, бақыланатын болуы керек. Білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарлануы тиіс. Практикалық қызметтің барынша бағалы тәжірибесін алудың міндеттері мен нұсқаларын анықтау қажет. Бағдарламадаоқушылардың жетістіктерін бақылау мүмкіндігі болуы керек.

Қосымша білім бойынша сапалы қызмет көрсету үшін мектеп әкімшілігі, мектептегі қосымша білім беру педагогі, білім алушылар мен олардың ата-аналары арасындағы өзара қарым-қатынасты ретке келтіру тиіс. Барлық тараптардың тиімді өзара әрекеттестігі ғана қосымша үйірмелерді, секцияларды, іс-шараларды ұйымдастыруды мүмкін етеді.

Мектепте қосымша білімді келесі кезеңдерді іске асыру процесінде ұйымдастыру қажет.

1. Білім алушылардың қажеттіліктері мен тілектерінбілу. Мәліметтерді жазбаша тестілеу, білім алушылар мен олардың ата-аналарынан ауызша сауалнама алу, бастауыш, орта және жоғары мектепті аяқтау кезеңіндегі білімділік сапасына бақылау жүргізу арқылы жинауға болады.

2. Білім алушыларды қызығушылықтары бойынша топтарға біріктіру, секцияларды, факультативтерді, үйірмелерді ашу. Мектептегі қосымша білім беру моделі мен бағдарламасын сауалнама нәтижесі бойынша қалыптастыруға болады. Осы кезеңде сыныптан тыс оқытудың негізгі бағыттарын анықтау қажет.

Іс-шараларды әлеуетті қатысушылардың және де белгілі тақырып бойынша сабақтарға қажеттіліктері бар қатысушылардың санына байланысты әзірлеген жөн.

3. Оқыту саласын анықтауда мұғалімдер мен білім алушыларға көмек көрсету. Білім алушыларға қосымша білім бағдарламасын таңдауда еркіндік беру қажет, сабақтың алдында мектеп оқушыларына қабылдау туралы тестілеу беріледі, оның нәтижесін басшылыққа алуға болады, алайда олар басты болып табылмайды.

Қосымша білімдегі маңызды рөлдердің бірі - сабақ формасы. Соңғы нәтиже дәл осы таңдалып алынған әдістемеге байланысты болады. Әр жыл сайын оқытудың жаңа техникалары пайда болады. Бұл кездейсоқтық емес, себебі уақыт өткен сайын қоғам да өзгеріп отыр. Сондықтан да әр педагог психологиялық-педагогикалық білімді меңгеруі, өзінің оқыту әдістемелерін ұдайы жетілдіруі және жаңа техникаларды меңгеруі қажет.

Қосымша білімдегі сабақ формалары келесі талаптарға сәйкес болуы қажет:

  • дамыту сипатында, нақтырақ айтқанда білім алушылардың табиғи қабілеттері мен қызығушылықтарын дамытуға бағытталуы керек;
  • өткізу мазмұны және сипаты бойынша түрлі болуы қажет.
  • әртүрлі қосымша әдістемелерге негізделуі қажет.

Жұмыс барысында ағымдық бақылау және үнемі түзетулер жүргізу қажет. Есеп беру кезеңін анықтау қажет, оның нәтижесінде оқушылар туралы, үйірмелер мен секцияларға қатысуы, оқушылардың жетістіктері туралы мәліметтер жиналады. Жиналған барлық мәліметтер сарапталады және жүйеленеді. Қажет болған жағдайда осы ақпараттар бойынша түзетуге бағытталған іс-шаралар әзірленеді.

Қызметті сараптау және жұмыс келешегін анықтау үшін ұдайы мониторинг жүргізіп отыру қажет. Бұл білім алушылардың оларды қызықтыратын бағыттары бойынша қосымша оқыту жүйесін жүргізудің нәтижелілігін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мектептегі қосымша білім беру жүйесін дамыту келешегін анықтауға болады.

Қосымша оқыту жүйесі, яғни үйірмелер, секциялар, факультативтер және басқа да сыныптан тыс іс-шаралар нақты оқу орнының материалдық базасына негізделеді. Мектептегі кабинеттер, инвентарь, әдебиеттер қолданылады. Алайда мектептердің барлығында сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру және пәндерді терең меңгеруге арналған ресурстар бола бермейді. Егер мектеп тегін қосымша оқыту қызметін қамтамасыз ете алмаса, ақылы секциялар мен үйірмелер енгізіледі.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру жағдайларында қосымша білім беру барысындағы мектеп мұғалімдерімен педагогогтердіңатқаратын жұмыстары білімді, дамыған көшбасшы қабілеттеріне ие, таңдау кезінде өз бетінше шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық әрекеттестікке қабілетті, өз халқының тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар адамды қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Біздің балаларымыздың ұлттық идеология рухында, мәдени дәстүрлерде тәрбиеленгендігі маңызды. Идеологиялық құраушы барлық өткізілетін іс-шараларда болуы тиіс. Қосымша білім беру педагогтеріне және мұғалімдеріне республикалық көрмелердің әдістемелік қорына белсенді жүгіну, кәсіби қызметтерінде көрмелік материалдарды пайдалану ұсынылады.

Мектептегі балалар фольклорлық ұжымдарының педагогтеріне қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері мен салт-дәстүрлерін зерттеу бойынша, әншілік, бишілік, халық қолөнері және тағы сол сияқты өңірлік фольклорлық дәстүрлерді сақтау және дамыту бойынша жұмыс жүргізуді жалғастыру ұсынылады. Сабақ барысында білім алушыларға халқымыздың адамгершілік құнды бағдарларын түсіндіруге ерекше ден қою қажет, олар: әйел-аналарға деген құрмет, үлкендерге деген ізет, еңбекқорлық, әлеуметпен және табиғатпен және басқалармен үйлесімде өмір сүруге талпыну.

Театр шығармашылығы бірлестіктерінің педагогтеріне балалар театр шығармашылығы дамуының заманауи үрдістерін, театрдың интерактивті түрлерін дамытуды ескере отрып, жоғары адамгершілік мазмұнды драматургиялық материалдарды іздеуге көп көңіл бөлгендері жөн.

Бейнелеу және сәндік-қолданбалы шығармашылығының мектеп үйірмелері мен бірлестіктерінің педагогтеріне шығармашылық мәдениетін дамыту, әсемдік сезімін тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бейнелеу өнері, хореография, музыкамен айналысу -  рухани-адамгершілік ағартудың қуатты тетігі болып табылады.

Бірқатар дербес байқаулар мен көрмелердің құрылымы «Өнер арқылы - бірлікке және өзара түсіністікке» атты келесі номинациялар бойынша жалпы идеямен біріктірілген болуы мүмкін:

1) «Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар» (байқау қатысушылары ұлттық әдет-ғұрыптың сипаттамасын ұсынады немесе көрсетеді, сондай-ақ өз халқының салт-дәстүрлерін айтып береді);

2) «Ұлттық әндер, поэзия, ойындар мен билер» (байқауға қатысушыларфольклор шығармаларын ана тілінде орындайды, биді, сондай-ақ ұлттық және халықтық ойындарды көрсетеді);

3) «Ұлттық киім» (ұлттық киімді немесе оның бөліктерін көрсету. Оның тарихын, символикасын және аталған бұйымды жасау тәсілдерін әңгімелеуіне болады);

4) «Дәстүр ордасы» сәндік-қолданбалы шығармашылық (осы номинацияның байқау бағдарламасына шығармашылық жұмыстардың авторлары және отбасы жәдігерлерін сақтаушылар қатысады (ұлттық ойыншық, кесте, тігін, құрақ құрау, тоқыма, өру, моншақ, ағаштан ою, қыш және т.б.). «Кішкентай кереметтер» балалар және отбасылық жұмыстардың көрмесі);

5) «Ұлттық асхана тағамдары» (байқау қатысушылары дайындаған тағамдарын ұсынып, осы тағамға байланысты ұлттық дәстүрлерді айтып берулері керек, сондай-ақ ұсынған тағамдардың жасау жолдарын көркемдеп ресімдейді);

6) «Отбасы альбомы» шығармашылық жобасы (байқау қатысушылары өз тегінің өкілдері туралы әңгіме дайындайды. Әңгіме фотосуреттерді, бейнежазбаларды, хаттарды, жазба күнделіктерін, басылымдарды, отбасы мүшелерінің шығармашылық жұмыстарын және үйде сақталған қызықты тарихы бар ерекше заттарды көрсетумен сүйемелденуі мүмкін);

7) «Біз – Қазақстандықтармыз!» бейнежобасы және басқалары. Туризмде үлкен рухани-адамгершілік әлеует жатыр. Экскурсиялық қызметті ұйымдастыру балаларды өз халқының, өз елінің тарихына, мәдени мұрасына тартуға ықпал етеді. Оқушылардың туристік-өткетану экспедициялары аясында жыл сайын жаяу, шаңғылы, су, велосипед жорықтары, сан түрлі бағдарлар бойынша экспедициялар мен экскурсиялар өткізген жөн. «Туған өлкенің көрікті жерлерінен – Қазақстанның киелі жерлеріне», «Ұлы Дала Елі», «Қазақстан – менің алтын бесігім», «Сенің өмірдегі бірінші асуың», «Алтын компас» және басқа тақырыптарда, жергілікті табиғат және тарихи ескерткіштерден бастап Еліміздің астанасы – Астана қаласына және елдің басқа да өңірлеріне дейін оқушылардың экскурсиялары мен экспедицияларын ұйымдастыруды белсендендіру маңызды.

Жаңа оқу жылында еліміз үшін ең маңызды оқиға Елордамыз – Астана қаласының 20 жылдығына ерекше назар аударылу керек.

Сынып жетекшілеріне, қосымша білім педагогтеріне жас өлкетанушылар, экологтер мен табиғат танушылар арасында «Болашақтың энергиясы» ұранымен сабақтар топтамасын өткізу ұсынылады. Мұндай іс-шараны өткізудің формалары алуан түрлі («Жасыл планета», «Табиғатты аяла!» суреттер байқауы, «Ландшафты дизайн», «Екінші өмір», «Туған өлкенің биоалуандығын сақтаймыз және дамытамыз», «Денсаулық және қоршаған орта», «Жасыл экономика» және басқа номинациялар бойынша әлеуметтік маңызы бар зерттеу жобалары). Мұндай іс-шаралар балаларды жастайынан өзекті мәселелер туралы білім алуларын ғана емес, сондай-ақ оларды жаңа көріністерге тарта отырып, балалар үшін мансаптық перспективаларды ашуды қамтамасыз етеді.

Республиканың жалпы білім беретін мектептеріне бес күндік оқу аптасының енгізілуіне байланысты, алтыншы күннің (сенбі) сабақтан тыс бос уақыттағы тәрбие процесіне ерекше көңіл бөлінеді, ол білім беру жүйесінің барлық деңгейдегі тұтас педагогикалық процестің бөлігіне айналуы тиіс. 5-күндік оқу аптасына көшкен кезде білім алушының бос уақыты көбейеді.

Сабақтан тыс уақытта, оның ішінде сенбі күні балалардың бос уақытын толық қамту үшін пән мұғалімдерінің әлеуеттерін тиімді пайдалану қажет. Пән мұғалімдері қызығушылықтарына қарай үйірмелерді, секцияларды, студияларды, клубтарды, сондай-ақ өз бейіндері бойынша сабақтан тыс уақытта танымдық, байқау, ойын-сауық бағдарламаларын, экскурсияларды және басқаларын ұйымдастыра алады.

Мысалы, физика пәнінің мұғалімі «Қызықты физика», «Робототехника», техникалық шығармашылық үйірмелерін жүргізе алады (көлік, әуе, кеме жане тағы басқа техника түрлерін үлгілеу). Яғни, педагог күннің бірінші жартысында пән мұғалімі болып, ал екінші жартысында қосымша білім беру педагогі болып қызмет атқарады. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдар жалпы орта білім беру ұйымдары мен қосымша білім берудің мектептен тыс ұйымдары үшін қосымша білім беретін педагогтер мен педагог-ұйымдастырушылардың қосымша штаттық бірліктерін қарастырады.

Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен колледждердің базаларында кәсіпке бейімдеу жұмысын жүргізуге болады.

Осыған байланысты жергілікті арқарушы органдар мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында білім беру және құқықтық тәрбие беру саласындағы басты бағыттардың бірі ретінде балалардың бос уақыттарын қамту бойынша кешенді шаралар қабылдауы қажет, нақтырақ айтқанда:

– қауіп-қатер тобындағы жасөспірімдерді қарау үшін қосымша білім беру мұғалімдері мен педагогтері арасынан қоғамдық тәрбиешілер-тәлімгерлерді бекіту;

– аула және мектеп жанындағы клубтарды ашу үшін бос тұрған ғимараттарды тиімді пайдалану;

– балалар туристік базаларын, сыртқа шығу және жаяу жүру өлкетану туристік жаңа маршруттарын және т.б. ашу.

Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың сабақтан тыс бос уақыттарын ұйымдастыру туралы ұсынымдар.

Сабақтан тыс бос уақыттарды ұйымдастырудың басты мақсаты –оқушының әлеуметтік, моральді қалыпты, шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға және оны сауықтыруға бағытталған білім алушылардың пайдалы бос уақытын қамтамасыз ететін тұтас білім беру жүйесін құру. Сабақтан тыс бос уақытты ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

– қосымша білім беруде оқушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын барынша қанағаттандыру;

– балалар мен жасөспірімдер бірлестігінің қызметі үшін жағдай жасау, мектептегі өзін-өзі басқаруды жетілдіру;

– білім алушылардың бос уақыттарын барынша қамту есебінен жеткіншектер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстарды тиімді алдын алу шараларын қамтамасыз ету;

– «отбасы-мектеп-әлеумет» байланысын нығайту;

– салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

Бос уақытты қамтуды ұйымдастырудың негізгі бағыттары:

– зияткерлік;

– патриоттық және азаматтық-құқықтық;

– рухани-адамгершілік;

– көркем-эстетикалық;

– экологиялық, экономикалық;

– спорттық-сауықтыру;

– көп салалы мәдениеттілік (шығармашылық, көркемдік-эстетикалық және мәдени-танымдық);

– ұлттық тәрбие;

– білім алушылардың кәсіби бағдары;

– ақпараттық мәдениет.

Сабақтан тыс уақыт оқушылардың денсаулығын сақтауға, білім алушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің өздігінен білім алуға және дамуға уақытын көбірек бөлуге бағытталуы қажет және балалардың қызығушылықтарын ескеріп, сондай-ақ оларды ұжымдық және жеке тақырыптық ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жобаларды іске асыруға араластыру арқылы балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталуы қажет. Сабақтан тыс уақыт түрлерінің, формаларының және балалардың жалпы мәдени, көркемдік, әлеуметтік, тұрмыстық, кәсіби және басқа да қызығушылықтары негізінде бағыттарының түрлі болуымен, оған педагогтер мен ата-аналардың мейлінше көп жұмылдырылуымен сипатталады. Жұмыстың формалары білім алушының сабақтан тыс қызметімен шектелмеуі қажет (музыка, аспаздық, спорт, фестивальдар, олимпиадалар, «Алло, біз таланттарды іздейміз» байқаулары, жарыстар, КТК, қашықтықтан өткізілетін бағдарламалар, театрларға, мұражайларға, кинотеатрларға, дәрістерге бару, «Бәрін білгім келеді» балалар журналдарын әзірлеу және басып шығару және т.б.).

Мектепте білім алушыларға арналған келесі іс-шаралар өткізілуі мүмкін:факультативтер, дайындық курстары, пәндік олимпиадалар, танымдық, байқау-көңіл көтеру бағдарламалары, экскурсиялар, мәдениет ұйымдары мен мектептен тыс жұмыс орталықтарына бару, тақырыптық би кештері, спорттық жарыстар, бейін бойынша іс-шаралар, қызығушылықтары бойынша мектеп студияларының, клубтарының жұмысы, спорттық секциялар, үйірмелер:

– журналист, жас репортер немесе редактор ретінде жазбаша және ауызша жанрда өз білімдерін сынап көреді;

– психология, бұл балалардың өздерін дұрыс түсінуге, қоршаған ортамен араласуды, өз қабілеттерін дамытуды және кемшіліктерін жеңуді үйретеді;

– тарихи-археологиялық теорияны мұражайларға барумен, жорықтарда жергілікті жерлерді зерттеумен үйлестіреді;

– техникалық шығармашылық, пайдаланушының компьютерді, компьютерлік техниканы, ІТ-технологияларды, робототехниканы қолданудың бүгінгі таңда қажетті дағдыларын меңгеруге бағытталған;

– үштілділік жағдайындағы шет тілдері;

– қисынды ойлауды, ден қоюды, өз бетінше әрекет етуді және т.б. дамытуға арналған шахматтық үйірмелер.

Бұл өз кезегінде қызмет түрін ауыстыруды қамтамасыз етіп қоймай, сондай-ақ стилін, араласу ортасын, қоршаған жағдайды өзгертуді қамтамасыз етеді. Сабақтан тыс уақытты өткізу үшін еңбекке баулу, бейнелеу өнері және дене шынықтыру пәндерінің бос мұғалімдерін жұмылдыруға болады.

Мұғалімдерге арналған іс-шаралар: кәсіби байқаулар, сынып жетекшілерінің шығармашылық есеп берулері, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінің презентациялары мен есептері, тренингтер, қолдан жасалған көркем бұйымдардың байқаулары, мектептің психологиялық қызметінің кеңестері, мектеп жобалары.

Ата-аналарға арналған іс-шаралар: ата-аналардың құқықтық жаппай оқуы, мектептің психологиялық қызметінің кеңесі, спорттық жарыстар, психолог және пән мұғалімдерімен бірге өткізілетін бейіндік іс-шаралар, дәрігерлермен, дін өкілдерімен, мемлекеттік емес ұйым өкілдерімен кездесу.

Сабақтан тыс бос уақытты ұйымдастыру барысында педагогтер білім алушылармен бос уақытты өткізу және дамыту қызметтері үшін қаланың, ауданның әлеуметтік мәдени мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдалана алады. Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктерінің пән мұғалімдерімен және мектептегі өзін-өзі басқару органдарымен бірлесе отырып, әр тоқсан сайын тәрбие жұмысы мен мектептен тыс бос уақыттағы қосымша білімнің жоспарын әзірлеу ұсынылады. Барлық іс-шаралар педагог-ұйымдастырушы немесе сынып жетекшісі толтырып отыратын келіп-кету журналының есебінде тіркеліп тұруы қажет. Келіп-кетуді есептеуді бақылау мектеп әкімшілігіне, яғни директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына жүктеледі. Сабақтан тыс бос уақыттағы жұмыстың қорытындысы директордың немесе директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қатысуымен өтетін жиналыстарда апта сайын қарастырылуы қажет.

Осылайша, жалпы білім беретін мектептерде балаларға қосымша білім беру ресурстарын қолдану біртұтас білім беру кеңістігі аясында білім алушылардың әлемді тұтас қабылдауын қалыптастыруға, тұлғаның жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.

12 ПИЛОТТЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН АПРОБАЦИЯДАН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫҚазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2018-2019 оқу жылында30 пилоттық жалпы білім беретін мектептердің 4-сыныптарында жаңартылған білім мазмұнын апробациядан өткізу жалғастырылады.

 

Мониторингтің мақсаты Қазақстан Республикасында Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жаңа оқу жылынан бастап кең ауқымды енгізуге дайындық болып табылады. Пилоттық мектептердің оқу процесіне стандартты, оқу бағдарламаларын және жоспарларын тиімді енгізу жаңартылған білім мазмұнын еліміздегі жалпы білім беретін мектептерге енгізудің қажеттілігін көрсетуге ықпал етеді.

Апробацияны жүргізу мыналарға бағытталған:

  • әзірленген білім сапасын бағалау жүйелерін, критериалды бағалау жүйесін, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тәжірибелі тексеру жәнежетілдіру;
  • жаңартылған білім беру мазмұны аясында әзірленген оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) және сандық білім беру ресурстарыненгізу;

- жаңа пәндерді енгізу және пәндер бойынша оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша түпкілікті нәтижелердіалу.

Жаңартылған білім беру мазмұнының апробациясы мониторингпен бірге жүреді, өйткені жалпы білім беретін мектептерге одан кейінгі енгізу жаңа енгізілімдердің тиімділігін анықтау үшін алдын ала жүргізілген зерттеу жұмыстарының негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

Апробация процесі кезіндегі мониторинг барысында оқу жылы бойында жинақталған ақпарат тез арада тиісті шаралар қабылдауды талап ететін проблемаларды, сондай-ақ шешу үшін көп уақыт пен деректерді қажет ететін мәселелерді (білім берудің белгілі бір деңгейі аяқталғанға дейін) анықтау және талдау үшін пайдаланылатын болады. Деректер оқу процесін ұйымдастыруды, оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының, бағалау жүйесінің, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің құрылымы мен мазмұнын, мұғалімдер мен мектеп  басшыларының біліктілігін арттыру курстарының мазмұнын жетілдіру бойынша шешімдерді қолдау үшінпайдаланылады.

Мониторинг міндеттері:

  • әзірленген жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен ОӘК енгізу тиімділігін практикада тексеру;
  • апробацияланатын оқу бағдарламаларының, оқулықтар мен ОӘК-інің ББ МЖМС негізгі ережелеріне сәйкестік дәрежесін анықтау;
  • жаңа оқу бағдарламаларын жалпы білім беретін мектептердің оқыту процесіндепайдаланудың перспективаларын анықтау;
  • жаңа оқу бағдарламасы бойынша білім алушылардың оқу нәтижелеріне талдау жасау (білім алушылардың білім сапасы, оқу мақсаттарына жету, оқыту процесінің білім алушының жалпы денсаулық жағдайына әсері);
  • оқу бағдарламарын, оқулықтар мен  ОӘК-діқайта өңдеу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
  • оқу материалдары мазмұнының «Рухани жаңғыру» және «Мәңгілік Ел» бағдарламаларының құндылықтарына сәйкестік дәрежесін анықтау.

4-сыныптың оқу бағдарламалары жаңа білім стандарты бойынша оқыту процесін, критериалды бағалау жүйесін, оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін тексеруге және жетілдіруге, білім алушылардың нақты оқыту мақсаттарына қол жеткізуіне, сондай-ақ білімнің белгілі бір көлемін меңгеруіне, оларды оқудағы және өмірдегі проблемаларды шешуде қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.     

ББ МЖМС-н апробациядан өткізу аясында әрбір оқу пәнінен қалыптастырушы және жиынтық бағалау бойынша әзірленген және мұғалімге ұсынылған оқу тапсырмаларының оқу мақсаттарына сәйкестігін анықтауқажет.

            Пилоттық мектептердің 4-сыныптарында «Қазақ тілі» (Т1), «Әдебиеттік оқу», «Орыс тілі» (Я2), «Ағылшын тілі», «Математика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ)», «Жаратылыстану» (жаратылыстану ғылымдарынегіздері), «Дүниетану» (қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарнегіздері), «Өзін-өзі тану», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Көркем еңбек» оқу пәндерін оқыту жалғасады.

Бастауыш мектептің оқу пәндері мазмұнының ерекшеліктері

4-ші сыныптарда тілдік пәндерді оқытудың ерекшелігі коммуникативтік тәсілді жүзеге асыру болып табылады. Коммуникативтік дағдыларды ортақ тақырыптарды оқыту барысында қалыптастыруқажет. Коммуникативтік тәсіл білім алушылардың оқу сауаттылығын дамытумақсатын көздейді, яғни мәтіндерді түсіну және оларға рефлексия жасау қабілетін дамытуға, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдалануға, білімдерін және мүмкіндіктерін арттыруға, қоғам өміріне белсенді қатысуға бағытталған.

Қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін, орыс тілді емес мектептерде орыс тілін және ағылшын тілін деңгейлік оқыту сауаттылыққа үйретуге және оқу дағдыларын қалыптастыруға, сөздікті белсенділендіруге, ауызша және жазбаша сөйлеуді, монологтік және диалогтік сөйлеуді дамытуға бағытталған.

4-сыныптың оқу бағдарламалары және оқулықтарының құрылымы мен мазмұныоқу жылына есептелген 8 ортақ тақырып бойынша құрылған:

  • Менің Отаным – Қазақстан.  
  • Құндылықтар.
  • Мәдени мұра.  
  • Мамандықтар әлемі.
  • Табиғат құбылыстары.
  • Қоршаған ортаны қорғау.
  • Ғарышқа саяхат.
  • Болашаққа саяхат.

Ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын меңгеру үшінбазалық оқулықта, сондай-ақ қосымша ресурстарда (түрлі баспалардың ұсынылған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, хрестоматиялар және т.б.) ұсынылған әртүрлі жанрдағы мәтіндер пайдаланылады.

Оқу пәндері бойынша әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан  сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәндерінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген(72-кесте).

72-кесте – 4-сыныпта пәндер бойынша жиынтық бағалау рәсімдерініңсаны

 

 

 

Пәндер

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

 

3-тоқсан

4-тоқсан

 

1

Қазақ тілі

2*

2*

2*

2*

2

Әдебиеттік оқу

2*

2*

2*

2*

3

Орыс тілі (Я2)

2*

2*

2*

2*

4

Ағылшын тілі

2*

2*

2*

2*

5

Математика

3

2

2

3

6

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

2

2

2

2

7

Жаратылыстану

2

2

2

1

8

Дүниетану

2

2

2

2

*Тілдік пәндерден және әдебиеттік оқудан бөлім бойынша жиынтық бағалаудасөйлеу әрекетінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым).

 «Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» пәндерін оқыту:

- саналы, дұрыс, көз жүгіртіп және мәнерлеп оқуға қол жеткізу;

- сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін жетілдіру;

- оқырмандық ой-өрісін қалыптастыру және сатып алу тәжірибесі, өзіндік оқырмандық әрекетте және кітапты таңдауда тәжірибе жинау;

- лексика, фонетика, грамматика туралы алғашқы білімді дамыту;

- сауатты жазу мен оқу біліктерін меңгерту;  

- білім алушылардыңсөйлеуін жетілдіру;

-оқығанының мазмұнын түсінуді, негізгіойды бөліп көрсете білуін, саналы түрде оқуды дамыту мен қалыптастыру;

        - халық ауыз шығармашылығының түрлі жанрлары мен әдеби шығармалар туралы алғашқы білім беругебағытталады.

Оқу жүктемесінің көлемі:

1) 4-сыныпта «Қазақ тілі» пәні аптасына 4 сағаттан оқытылып, оқу жылында 136 сағатты құрайды;

2) «Әдебиеттік оқу»4-сыныпта 3 сағаттан оқытылып, оқу жылында 102 сағатты құрайды.

«Қазақ тілі» пәнін оқытуда педагогикалық тәсілдемелер мен технологияларды қолдануға болады:

1)оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі –әрекеттік тәсілдеме (сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша дамыту);

2) дамыта оқыту технологиясы (білім алушылар оқу әрекетінің жүйесін игереді, өзінің іс-әрекетін жоспарлауды және оны басқаруды үйренеді);

3) зерттеушілік тәсілдеме (білім алушылар «нені білемін?, нені білгім келеді?, нені үйрендім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);

4) саралапоқыту технологиясы (білім алушыларды қабілетіне, мүмкіндігіне, ерекшелігіне қарай оқыту міндетін қою);

5) жүйелі-әрекеттік тәсілдеме (білім алушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіруден, өз оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынудан, оның ережелер жүйесін түсіну мен қабылдаудан, жетілдіруге белсенді қатысудан тұрады).

73-кесте – «Қазақ тілі» пәні бойынша жазба жұмыстарының түрлері және көлемі

Жазба жұмыс түрлері

4-сынып

І жартыжылдық

ІІ жартыжылдық

Сөздік диктант

10-12 сөз

12-15 сөз

Диктант

50-55 сөз

55-70 сөз

Көшіру

50-55 сөз

55-70 сөз

Мазмұндама

65-80 сөз

80-100 сөз

Шығарма

55-60 сөз

65-70 сөз

Ұсынылған жазба жұмыстарының түрлерін қалыптастырушы және жиынтық бағалау жұмыстары ретінде жүргізуге болады.

Оқу қарқыны (жылдамдығы) оқу тәсіліне, түсінуіне және мәнерлілігіне тікелей байланысты екенін және сол арқылы оқу дағдысының толыққанды қалыптасатынын есте ұстау қажет.

Сондай-ақ, оқу жылдамдығы оқу дағдысын қалыптастыру бойынша одан кейінгі оқытудың алгоритмін құрукритерийі болып табылатынын есте сақтау маңызды.

74-кесте – «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу жылдамдығының нормасы

Сынып

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

4-сынып

75-80 сөз

80-90 сөз

Ескерту: шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.

Екінші (Орыс тілі Я2), үшінші тілдерді (Ағылшын тілі) оқытудың оңтайлы тұстары сөздік қорын кеңейтуге, кіріктірілген тілдік тақырыптардың аясында коммуникативтік дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік беретін бірыңғай сөйлеу-тақырыптық режимін енгізуді жалғастыру болып табылады.

Оқу жүктемесінің көлемі:

1) 4-сыныпта «Орыс тілі (Я2)» пәні аптасына 2 сағаттан оқытылып, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

«Орыс тілі» оқу пәнін оқытудың мақсаты сөйлеу этикетінің ережелеріне және қарым-қатынас жағдайына бағытталған сөйлеу әрекеттеріндегі тілдік бірліктерді пайдалану нормаларына сәйкес тыңдалым, сөйлеу, оқылым және жазылым дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Оқыту орыс тілінде емес сыныптың білім алушылары орыс тілін екінші тіл ретінде деңгейлік оқытуға сәйкес А2 бастапқы деңгейде меңгереді.

«Орыс тілі» пәнінен тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: тыңдалған мәтіннен қойылған мақсатқа сәйкес ақпаратты табу; диалог құру, сұхбаттасының көзқарасын, пікірін қабылдау;  тыңдалған мәтін негізінде сұрақтар қойып, жауап беру; білім алушыларға қызықты және таныс тақырыптарға пікір құру; өз алған әсерлері, суреттер, оқылған мәтінге ұқсас әңгіме құрау; сөздік бейнелеу, сипаттау; таныс оқиғалар мен ертегілерді мазмұндау; өлеңді жатқа айту; сұхбаттасушыға немесе тыңдаушыға ақпаратты жеткізужәне т.б.

«Орыс тілі» пәнінен оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: сөздің лексикалық мағынасымен жұмыс; сөздермен ойын; мәтіннің басы немесе аты бойынша оқиғалардың дамуын болжау; оқудың түрлерін қолдану және т.б.

«Орыс тілі» пәнінен жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: ақпаратты сурет немесе диаграмма түрінде ұсыну; бұрмаланған сөйлемді, мәтінді дұрыстау; әдебиеттік кейіпкерге хат жазу; тірек сөздер немесе суреттер арқылы мәтін құрастыру; есте сақтау арқылы жазу.

2) «Ағылшын тілінен» оқу жүктемесінің көлемі4-сыныпта аптасына 2 сағаттан оқытылып, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

«Ағылшын тілі» пәнін оқытуТілдерді меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілігіне CEFR сәйкес А1 жоғары деңгейінде меңгерту жүзеге асырылады.

Ағылшын тілін бастауыш мектепте оқып-үйрену балалардың қоршаған әлемге деген қызығушылығын оятады. Балалар тілді әртүрлі тәсілдермен, мысалы, белсенді ойындар, әндер, өлеңдер, жобалау жұмыстары арқылымеңгере алады. Ағылшын тілі мұғалімі ерте жастан бастап балаларда тілді сезіну қабілетін дамытадыжәнебастауыш сынып білім алушылары тілді аса қызығушылықпен меңгеруі үшін керекті жағдайды қамтамасыз етеді. Осылайша балалардың сенімінеқол жеткізіледі, негізгі және жоғары мектептердеәрі қарай оқу үшін негіз қаланады.

Ағылшын тілін оқып-үйрену арқылыбілім алушылар ойындардың нұсқаулықтарын, шағын диалогтардағы күнделікті жалпы лексиканы, қарапайым ауызекі және жазбаша ағылшын тілін, ағылшын тіліндегішағын әңгімелерді, қарапайым анимациялық фильмдерді, деректі фильмдер мен телевизиялық бағдарламалардыжәне т.б. түсіне бастайды.

Білім алушылар ағылшын тілін оқып-үйрену арқылы қарапайым әңгімелер мен шағын мәтіндерді құрастыру; ұсынылған үлгілербойыншасөйлемдер құрау; әңгімелерді, қысқа қойылымдарды, өлеңдер мен әндерді орындау;күнделікті өмірдегі қысқа диалогтарға қажетті сөздер мен сөйлемдерді қолдана алады.

Математика» пәнін оқыту бейнелік және логикалық ойлауды дамытуға, математикалық тілді дамытуға, оқу-танымдық және практикалық міндеттерді шешуге, айтылған пікірді дәйектеу, дәлелдеу, негіздеу біліктерін дамытуға, басқалардың пікірлерін бағалау және қабылдауға бағытталған.

4-сыныпта сабақтастық және тереңдету принципін сақтай отырып, матиматиканы оқытудың бүкіл курсы бойында білімдер және дағдыларды жүйелі дамытужәне тереңдете түсу қамтамасыз етіледі.

«Математика» пәні бойынша 4-сыныпта оқу жүктемесінің көлемі аптасына 5 сағатты, оқу жылында 170 сағатты құрайды.

«Математика» оқу пәнінің мазмұныбілім берудің кейінгі деңгейлерінде жалғасын табатын бес бөлімнен тұрады:

  1. Сандаржәне шамалар.
  2. Алгебраэлементтері.
  3. Геометрияэлементтері.
  4. Жиындар. Логикаэлементтері.
  5. Математикалықмодельдеу.

Білім алушылардың математика курсы бойынша білімдерінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін пәннің оқу бағдарламасына 2013 жылғы бастауыш білім беру деңгейінің оқу бағдарламасында қарастырылмайтын«Комбинаторика», «Тізбектер», «Жиындар және олармен орындалатын амалдар» деп аталатын жаңа бөлімшелер енгізілді.

Бұл бөлімшелерді оқып-үйрену 4-сыныптың білім алушыларындалогикалық ойлаудың, процестер мен құбылыстарды талдау,себеп-салдарлық байланыстарды табу, бұл құбылыстардың заңдылықтары мен тенденцияларынашудағдыларының дамуына ықпал етеді. Бұл сипаттағы тапсырмалар TIMSS халықаралық зерттеулерінде кездеседі.

Жаңа оқу бағдарламасында негізгі және жоғары мектептерде геометрияны табысты меңгерудің алғышарты болып табылатын «Геометриялық фигуралар» бөлімшесі кеңінен қарастырылған.

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәні

«АКТ» пәнін оқыту білім алушылардың ақпараттық сауаттылық негіздерін, АКТ-құзыреттілігін, логикалық және алгоритмдік ойлауын қалыптастыруды көздейді.

4-сыныптағы «АКТ» пәні оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

«АКТ» пәнінің пәнаралық,кіріктірілген сипаты бар. Ол АКТ-құзыреттілікті және жан-жақты оқу іс-әрекеттерін қалыптастырудабүкіл бастауыш білімніңөзегі болып табылады.

«АКТ» пәнін оқыту процесінде пайдаланылатын оқыту әдістері мен тәсілдері мынадай бола алады:

  • ойын арқылыоқыту;
  • «компьютерсіз»оқыту;
  • АКТ құралдарын пайдалана отырып, шығармашылықжұмыстар жүргізу;
  • шағынзерттеулер.

Осы пәнді оқыту процесінде келесі тақырыптарға жобалық жұмыстарды жүргізу ұсынылады: «Астана бойынша виртуалды экскурсия», «Интернетте ауа райын жасау», «Мультимедиялық оқиғалар», «Суреттерден, фотографиялардан, аудиожазбалардан, бейнежазбалардан, анимациялардан тұратын оқиғаларды құрастыру», «Мультфильмдер әзірлеу» және т.б.

«Жаратылыстану» оқу пәні «Адам – Табиғат» жүйесі шеңберінде білім алушылардың бастапқы ғылыми білім деңгейін қалыптастыруға бағытталған.

Бұл пән – «География», «Биология», «Физика» және «Химия» оқу пәндерін меңгеруге бағытталған кіріспе курс. «Жаратылыстану» пәні білім алушылардың қоршаған әлемді ғылыми түсінуі мен көруін қалыптастыруға, ғылымды адам өмірінің сапасын жақсарту құралы ретінде ұғынуға, күнделікті өмірде білімді өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдалануға,табиғатқа қызығушылығын дамытуға бағытталған.

4-сыныпта оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

4-сыныпта білім алушылардың алған білімдерін қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру үшін қолдануы, дүниенің тұтас бейнесін қалыптастыруы және ондағы адамның орнын ұғынуы, оқушының адамдармен және табиғатпен қарым-қатынасындағы жеке тәжірибесінің мәнін түсінуі, қазақстандық қоғамның мәдени және конфессияаралық әртүрлілігі жағдайындағы жеке тұлғаның қабылдануы және рухани–адамгершілік дамуы маңызды болып табылады.

Зерттеушілік білік пен дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған «Мен зерттеушімін» бөлімінің оқу мақсаттары оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарындағы «Жанды табиғат», «Заттар және олардың қасиеттері», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы» деп аталатын бөлімдерінің оқу мақсаттарымен кіріктіріле жүзеге асырылады.

«Жаратылыстану» оқу пәнін оқытуда және оқу мақсаттарын жүзеге асыруда экологиялық қауіпсіздік, денсаулықты сақтайтын технологиялар, апаттардың қауіп-қатерін азайту және қауіпсіз ортаны құру мәселелеріне ерекше назар аударуға болады.

«Дүниетану» оқу пәні қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарына кіріспе курс бола отырып, 4-сыныпта Қазақстан тұрғындары өмірінің әлеуметтік, моральдық, шығармашылық және коммуникативтік жақтарының жалпы бейнесін көрсетеді, өзі, үйі, отбасы мәселелері негізінде білім алушыларда қоршаған орта туралы түсініктерін дамытатүседі.

«Дүниетану» оқу пәнібойынша 4-сыныпта оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

4-сыныпта тарихты білу және түсіну Қазақстанның тарихи және қазіргі заманғы оқиғалары, олардың себептері, динамикасы, сабақтастығы туралы білімді меңгеруі арқылы, білім алушылардың әртүрлі дереккөздермен жұмыс істеу, гипотезаларды ұсыну, қорытындылар жасау біліктері арқылы қамтамасыз етілуі тиіс.

Географияны білу және түсіну білім алушылардың қоршаған ортаны танудың ғылыми негіздерін меңгеруі және олардың бастапқы картографиялық дағдыларының дамуы арқылы қамтамасыз етіледі.

Қоғам туралы білім алу және қоғамның даму заңдары туралы түсінік қалыптастыру, ең алдымен, білім алушылардың әлеуметтік ортада жалпыға бірдей мінез-құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіну екенін мұғалімнің ескеруі өте маңызды. Мысалы, 4.1.4.1,  4.1.4.2, 4.1.4.3, 4.1.4.4 оқу мақсаттары аясында.

Бағдарламада «мұражайдың өзіндік жобасын»,  «Қазақстан бойынша туристік маршрут», «Астана бойынша туристік маршрут» және т.б. құру қарастырылған. Сондай-ақ бөлімдердің мазмұнымен таныстыруда білім алушылардың ұжымдық, топтық, жеке жобаларын дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылады.  Тек сабақ барысында ғана емес, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта да жобалау жұмыстарымен айналысу ұсынылады.

4-сынып білім алушыларының жұптық, топтық және ұжымдық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға баса назар аударған жөн. Экологиялық тапсырмалардың  ұсынылатын түрлері: «Біздің үйімізде тропикалық өсімдіктер тіршілік ете ала ма?», «Гүл сағаттары», «Гүл сағаттары неден сынуы мүмкін?», «Құстарға қалай тоңып қалмауға болады?», «Табиғат қауымдастығы туралы шығармашылық әңгіме», «Өсімдіктерді таны».

 

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу процесінің негізгі міндеттері:

– әрбір адамның табиғатында бар жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындау;

  • қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің практикалық дағдыларын, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыру;

–адамның өзіне, қоршаған әлемге,жалпы адамзатқа қатысы ескерілген білім алушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, адамгершілік мінез-құлық негіздерін қалыптастыруболып табылады.

Пәннің негізгі базалық мазмұны бастауыш мектеп білім алушылары үшін жас ерекшеліктерін ескере отырып, келесі тарауларда қарастырылады:

- «Ғасырлар даналығы»;

- «Тату отбасы»;

- «Адам болам десеңіз»;

-  «Қандай ғажап әлем!».

«Өзін-өзі тану» оқу пәнібойынша 4-сыныпта оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағатты, оқу жылында барлығы 34 сағаттықұрайды.

Тараулардың атауы

Сабақ реті

Сабақтардың тақырыбы

Ғасырлар даналығы

1-2

Адамзат мәдениетінің рухани-адамгершілік әлемі

3-4

А.Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиев ілімдеріндегі өмірдің мақсаты

5-6

Адам бол!

7-8

Адамның ішкі сұлулығы

Тату отбасы

9-10

Отбасындағы өзара түсіністікті үйренеміз

11-12

Отбасы дәстүрлері

13-14

Менің ұжымым

15-16

Ардақты ат

Адам болам десеңіз

17-18

Дербестік және жауапкершілік

19-20

Батылдық  және табандылық

21-22

Ар-ұждан ғылымы

23-24

Мен азаматпын!

Қандай ғажап бұл әлем!

25-26

Табиғаттың сергітетін күші

27-28

Тірі су

29-30

Туған жердің әсемдігі

31-32

Жер – ортақ үйіміз

 

33-34

Балалық шақ мейрамы

Білім алушылардың білім сапасын бағалау 1-4-сыныптарға арналған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында берілген білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізінде жүргізіледі. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар пән бойынша сынақ қоюдың критерийі қызметін атқарады.

«Музыка» оқу  пәнібілім алушылардың музыкаға адам өмірінің бір  бөлігі ретінде құндылықтыққатынасын қалыптастыруға, базалық музыкалық білім, біліктерді және музыкалық іс-әрекет түрлерін меңгертуге, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

4-сыныпта «Музыка» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

«Музыка» пәнінің мазмұны қазақтың музыкалық фольклорының, дәстүрлі, классикалық және заманауи музыканың озық үлгілерін; музыкалық сауат негіздерін; орындау және тәжірибеде музыкамен айналысу үшін музыкалық материалды (композиторлар, халықтық және классикалық музыкалық аспаптар, музыкалық жанрлар мен стильдер туралы мағлұматтар); музыка шығару мен суырып-салмалылыққа арналған музыкалық-шығармашылық тапсырмаларды, сонымен қатар АКТ-ны қолдануды; өнердің басқа түрлерімен және өзге пәндермен пәнаралық байланыс орнатуды қамтиды.

4-сыныптағы «Музыка» оқу пәнінің базалық мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:

  1. «Музыка тыңдау, талдау және орындау» (Музыкалық сауаттылық; Музыканы тыңдау және талдау; Музыкалық жанрлар; Музыкалық формалар; Аспаптарда ойнау және әнайту);
  2. «Музыкалық-шығармашылық жұмыстарқұру»;
  3. «Музыкалық-шығармашылықжұмыстыкөрсетужәнебағалау».

Музыка сабақтарындағыкөркем-музыкалық тәсілдеме бастауыш мектептебілім алушылардыңжас ерекшеліктеріне сәйкесмузыкалық іс-әрекетпроцесінде (орындаушылық, музыкалық-шығармашылық, коммуникативтік және сөйлеу әрекеті)музыкалық сауатынқолдану бойыншанәтижелерге қол жеткізуге бағытталған білім алушының немесе білім алушылартобының оқу-танымдық әрекеттерін қамтамасыз етеді.

«Көркем еңбек» оқу пәні – кіріктірілген пән – «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндерінің негізінде әзірленген, бұл пән арқылы «Технология және өнер» білім саласының мазмұны өнерді эстетикалық мәнмәтінде әлемнің біртұтас бейнесі ретінде эстетикалық түсіну және қабылдаудың жалпы заңдылықтары негізінде іске асырылады.

4-сыныпта «Көркем  еңбек»пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Оқу пәні түрлі шығармашылық іс-әрекеттегі кеңістіктік-бейнелікойлауын, шығармашылық ойлауын, рухани-адамгершілік мәдениетін, елесін, қиялын  және аңғарымпаздығын, жеке тұлғаның қалыптасуын және өз ойын білдіруін дамытуды қамтамасыз ететін көркем-технологиялық білім, білік және дағдыларды қалыптастыруғабағытталған.

Оқу мақсаттары білім алушыларда белгілі бір дағды қалыптастыру үшін әрекет түрін, орындау техникасын, шығармашылық жұмысты жасаудың материалын мұғалімнің өзі таңдайтындай етіп тұжырымдалған.

«Көркем еңбек» пәні бойынша оқыту процесінде білім алушылардың АКТ құралдарын қолдану дағдыларын дамыту қажет. Ең алдымен, бұл көркем жұмыстарды жасау кезінде цифрлық компьютерлік технологияларды пайдалану, слайдтық презентацияларды жасау дағдыларын дамыту, шығармашылық жұмысты жасау үшін басқа білім алушылармен ынтымақтастық, қарым-қатынас жасау мен ақпарат алмасу жәнет.б.

«Көркем еңбек» сабақтарындамұғалімнің өзі анықтайтын әртүрлі көркемдік-шығармашылық әрекеттер қарастырылады. Бұл ретте көркемдік-шығармашылық әрекеттің негізгі үш түрі:

-  құрылымдау;

- бейнелеу;

- сәндеу әрекеттері міндетті түрде  іске асырылуы қажет.

Мұғалім және білім алушылар әртүрлі жұмыс түрлерін орындау барысындаеңбек гигиенасының және қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтаулары қажет.

«Дене шынықтыру» пәні бағдарламасының мақсаты дене тәрбиесінің негіздерін тану болып табылады. Бағдарлама білім алушылардың спорттық-арнайы қозғалыс дағдыларын және дене қабілеттерін меңгертуімен қатар балалардың салауатты дене дамуына ықпал етуі қажет.

4-сыныпта «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды.

Дене шынықтыру сабағы – балаларды дене жаттығуларына жүйелі баулудың негізгі түрі. Дене шынықтыру сабағының негізгі міндеттерінің бірі балаларды дұрыс қозғалу дағдысына үйрету және дене қасиеттерін дамыту болып табылады. Дене шынықтыру сабағының мәні өзара байланысты сауықтыру, білім беру және тәрбиелеу міндеттерін жүйелі жүзеге асыруда жатыр. Олардың орындалуы баланың денесін шынықтыруды, денсаулығын нығайтуды, олардың дұрыс қозғалыс дағдыларын меңгеруін, дене шынықтыру және спортқа деген эмоционалдық оң көзқарастағықарым-қатынасты тәрбиелеуді, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамытуды қамтамасыз етеді.

Сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында білім алушылардыұйымдастырудың  әртүрлі      әдістерін пайдаланған жөн.Сабақтарды жүргізу барысында қолданылуға болатын әдістері: жаппай (фронтальды) әдіс, үздіксіз әдіс, жекеәдіс,ауыспалы әдіс, топтық әдіс және т.б. Сабақта білім алушыларды ұйымдастырудың әрбір әдісі мұғалім белгілегенміндеттерге, сабақжағдайларына,балалардыңжасерекшеліктерінебайланысты болады.

Физикалық жүктеме тамырдың соғу қарқыныменанықталады.Жүктеменің жеткілікті деңгейімен дұрыс ұйымдастырылған сабақ кіріспебөлімненкейін тамырдың соғу жиілігі 20–25%-дан кем емес көрсеткішбойыншасипатталады, жалпыдамыту                жаттығуларынанкейін–50%-дан      кемемес,негізгі қозғалыстарды үйренгеннен кейін – 25%-дан кем емес,қозғалысойындардан кейін – 70–90%, кейде тіпті 100%-ға дейін жетеді. Сабақ соңындатамырсоғысыбастапқы  деңгейге  дейін  қалпына  келеді,  не  болмаса  одан  15–20% жоғарыболады.

Дене шынықтыру сабағының әрбір үшінші сағаты білім алушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.

Оқу бағдарламарында қарастырылған шаңғы/ конькилік/ кросстық даярлық сабақтары аймақтардың климаттық жағдайына сәйкес өзара алмастырылады.

Жаңартылған білім мазмұнын іске асыру барысында 30 пилоттық мектептердің 4-сыныптарында Қазақстан Республикасы Бастауыш білім  берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты апробациясының мониторингі және осы мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетужалғасады.

2018-2019 оқу жылы пилоттық мектептердің 4-сыныптарында 1, 2, 3-сыныптарда жүргізілген мониторингтің кезеңдері мен тәртіптерісақталады.

Бастапқы кезеңде статистикалық көрсеткіштерді жинау және талдау, жүргізіледі. Мектеп директорларының орынбасарлары ТК 1.1А және 1.1Б толтырып, оны Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясына береді. Академия 30 пилоттық және 16 бақылау мектептерінің статистикалық көрсеткіштерін өңдейді, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымымен бірлесе отырып, пилоттық және бақылау мектептері
4-сыныптарының білім алушыларына оқу жылының соңында «шығыс» диагностикалық тестілеу ұйымдастырады.

Бастауыш сыныптардың мұғалімдері ТК 2.1 және 3.1 толтырады. Мектеп директорларының орынбасарлары ТК 4.1 толтырады.

Екінші кезеңде алынған бастапқы деректерге талдау жасалады (қараша, қаңтар).

Бастапқы деректер талдауын Ұлттық білім академиясының   қызметкерлері «Назарбаев  Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірге жүзеге асырады және пәндер бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын, бағалау жөніндегі нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсыныстарды, ОӘК қолдану барысында мұғалімдерде туындаған проблемалар тізбесін жасайды.

Үшінші кезеңде мектептерге ресми түрде бару басталады (ақпан). Мектептерге ресми түрде бару бастапқы деректерді талдау кезінде анықталған проблемаларды зерделеу, апробация кезінде мектептерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында жүргізіледі және бақылау қызметін атқармайды.

Мектептерге бару кезінде мұғалімдердің, білім алушылардың, ата-аналар мен мектеп әкімшілігінің оқу бағдарламалары мен жоспарларының, ОӘК-нің, бағалау жөніндегі нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсыныстардың сапасы туралы пікірлері зерделенеді, апробация процесі кезінде мұғалімдерді әкімшілік тарапынан қолдау деңгейі анықталады.

3-тоқсанның соңында бастауыш сынып мұғалімдері ТК 2.1, 2.2, 3.1, мектеп директорларының орынбасарлары ТК 5.1 толтырады.

Төртінші кезеңде статистикалық көрсеткіштерді түзету және талдау жүргізіледі. 4-тоқсанның соңында 4-сынып мұғалімдері ТК 2.1 және 3.1 толтырады.

Бесінші кезең бағалау жөніндегі оқу бағдарламалары, әдістемелік ұсыныстарға, ОӘК өзгерістер енгізу бойынша қорытындылар мен ұсыныстардан тұрады(мамыр).

ҰБА оқу бағдарламалары мен жоспарларына, бағалау жөніндегі оқу бағдарламалары, әдістемелік ұсынымдамаларға, ОӘК енгізетін өзгерістерді «НЗМ» ДББҰ үйлестіреді.

ҰБА бірлесе отырып, қорытынды есептерді және құжаттарға өзгеріс енгізу жөніндегі ұсыныстарды дайындайды.

Алтыншы кезеңде өзгерістерді бекіту жүргізіледі (маусым).

Өзгерістерді енгізу бойынша қорытындылар мен ұсыныстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Үйлестіру кеңесіне енгізілген ұсыныстарды бекіту жөнінде шешім шығару үшін беріледі. Жұмыс топтары бекітілген өзгерістерді енгізеді.

Енгізілген барлық өзгерістері бар құжаттардың соңғы нұсқалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекітеді және барлық мүдделі тараптардың назарына ұсынады.

Пилоттық мектептердің 4-сыныптарына арналған критериалды бағалау жүйесінің мазмұныбастауыш мектеп деңгейіне қатысты бекітілген нормативтік-құқықтық актілермен және әдістемелік-нұсқаулық материалдармен реттеледі.

Оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеруді тексеру мақсатында барлық оқу пәндері бойынша 4-сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау өткізіледі, Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтиды.

Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушыларға үздіксіз кері байланыс беріледі. Баға, балл қою жүргізілмейді, бірақ мұғалім оқыту барысында оқу процесін дер кезінде түзетеді, білім алушылардың болуы ықтимал олқылықтары мен кемшіліктерін жиынтық бағалауды өткізгенге дейін жояды.

Жиынтық бағалауды білім алушының оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңінде (тоқсан, триместр, оқу жылы) оқуды аяқтағандағы ілгерілеуі туралы ақпаратты баға, балл қою арқылы мұғалімге, білім алушыға, ата-анаға жеткізу мақсатында өткізеді.

Жиынтықбағалау«Өзін-өзітану»,«Музыка»,«Денешынықтыру», «Көркем еңбек»пәндерінен басқа барлық пәндер бойынша өткізіледі. Бұл пәндер бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері оқушылар мен ата- аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып саналады. Дене шынықтыру бойынша «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы тоқсанның  және оқу жылының соңында, ал қалған үш пән («Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка»)бойынша жартыжылдықтың және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналынақойылады.

1- қосымша

Балдарды бағаға ауыстыру шкаласы

Жиынтық бағалаудың балдарының пайыздық мазмұны

 

Бағалау көрсеткіші

 

Бағалар

0 %−39%

Қанағаттанарлықсыз

«2»

40%−64%

Қанағаттанарлық

«3»

65%−84%

Жақсы

«4»

85%−100%

Өте жақсы

«5»

 

2- қосымша

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың қорытындысы туралы ата-аналарға арналған ақпарат (рубрикалар)

Білім алушының аты-жөні

                                               

 

                                            _

Пән Сынып

                                                  

 

                                                

Тоқсан          _

Бөлім/ортақ                     тақырыптар                    бойынша                    жиынтық                                         бағалау

«_                                                                       »

 

Бағалау критерийлері

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

(бағалау критерийлерінің тұжырымдамасы)

(бағалау критерийлері бойынша               білім алушылардың            оқу жетістігінің           төмен деңгейініңсипаты)

(бағалау критерийлері бойынша          білім алушылардың оқу            жетістігінің орта        деңгейінің сипаты)

(бағалау критерийлері бойынша білім алушылардың оқу жетістігінің жоғары деңгейінің сипаты)

(бағалау критерийлерінің тұжырымдамасы)

(бағалау критерийлері бойынша               білім алушылардың            оқу жетістігінің           төмен деңгейініңсипаты)

(бағалау критерийлері бойынша          білім алушылардың оқу            жетістігінің орта        деңгейінің сипаты)

(бағалау критерийлері бойынша білім алушылардың оқу жетістігінің жоғары деңгейінің сипаты)

Мұғалімнің қосымша пікірлері:

 

(мұғалімнің пікірі)

             

13 ПИЛОТТЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖАН БАСЫНА НОРМАТИВТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – БДМБ) 2019 жылы апробациялаудың оң қорытындысы бойынша барлық қала мектептерінде жан басына қаржыландыруды енгізу процесін аяқтау көзделген.

 

Орта білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру мектептерді ондағы оқушылардың санына қарай қаржыландыру тетігі болып табылады және балалардың МЖМБС-ның бірыңғай талаптарына сәйкес орта білім алуына базалық шығыстарды теңестіруге бағытталған. Жан басына қаржыландыру жағдайында мемлекеттік шығыстарды жоспарлау бірлігі мектеп емес, оқушы болады.

Қазақстанда жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу қажеттілігіне мынадай қажеттіліктер себеп болды: 

- балалардың МЖМБС талаптарына сәйкес орта білім алуына базалық шығыстарды анықтауға бірыңғай тәсілдемені қалыптастыру; 

- өңірлер бойынша орта білім беруге базалық шығыстарды теңестіру;

- мемлекеттік шығыстарды мектепке емес, оқушы басына жоспарлау;

- мектептер арасындағы бәсекелестікті дамыту арқылы білім сапасын арттыру;

- мектептерге қаржылық дербестік беру және менеджмент деңгейін көтеру, шешімдер қабылдауда ашықтықты қамтамасыз ету; 

- бюджет қаражатын ашық және әділ жұмсау; 

- мектептердің педагог қызметкерлеріне сараланған еңбекақы төлеу (лауазымдық жалақы және нәтижелері үшін ынталандыру қосымша ақылар). 

Жан басына қаржыландырудың мақсаты – мектептердің педагогикалық әлеуетінің рөлін күшейту және материалдық-техникалық базасын дамыту есебінен білім беру сапасын жоғарылату.

Жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі шығыстардың мына түрлерін қамтиды: 

  • қызметкерлерге еңбекақы төлеу, жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақыларын төлеу және салық пен басқа да міндетті төлемдер бойынша жұмыс берушінің жарналарын;
  • білім беру процесіне қатыстырылған қызметкерлерге сыйлықақы беру;
  • білім беру процесімен байланысты шығыстар (мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығымен бекітілген арнайы білім беру ұйымдарын Жарақтандыру нормаларына сәйкес баспа және экранды-дыбыстық құралдарды, техникалық оқыту құралдарын, оқу-көрнекі құралдарын, демонстрациялық құралдарды, мектеп жиһазын, спорттық құрал-саймандар мен жабдықтарды, үлестіру және бақылау - өлшеу аспаптарын, музыкалық аспаптарды, көркемөнер материалдарын, оқушы керек-жарақтарын, қабырғаға ілінетін планшеттерді, үлестіру материалдарын, гербарийлерді, топтамаларды, нақпішіндерді, онлайн сабақтар өткізу және жобаларды визуалдау үшін бағдарламалық жасақтамаларды, әдістемелік қорды, сондай-ақ бланкілерді, табельдерді, сынып журналдары мен борды сатып алу);
  • коммуналдық шығыстар;
  • пошта және телефон байланысы қызметіне, интернет қызметіне ақы төлеуге арналған шығыстар;
  • ғимараттарды, құрылыстарды, техникалық жабдықтарды, компьютерлік және кеңсе техникасын, интерактивті жүйелерді ағымдағы жөндеуді жүргізуге, ұстауға және оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстар;
  • білім беру процесінде қолданылмайтын тауарларды, оның ішінде жуғыш құралдарды, шаруашылық тауарлары мен құрал-саймандарды, құрылыс тауарларын, кеңсе тауарларын, дезинфекциялаушы құралдарды, жұмсақ құрал-саймандар мен ыдыс-аяқты сатып алу;
  • білім алушыларды немесе тәрбиеленушілерді ғылыми, спорттық, шығармашылық және зияткерлік сайыстар мен іс-шараларға дайындаумен және қатыстырумен байланысты шығыстар (сахналық костюмдерді, мектеп командасы үшін спорттық форманы сатып алу, оқушыларды іс-шараның өткізілу орнына жеткізу және кері қайтару жолын, қатысу үшін жарналарды төлеу, ғылыми жобаларға макеттерді дайындау және басқалар); 
  • күрделі шығыстар;
  • банктік (қаржылық) қызметтерге ақы төлеу.

Жан басына шаққандағы қаржыландыру еңбекақы төлеудің жаңа нысаны емес, бұл мектептерге білім беру процесін іске асыру үшін бюджет қаражатын бөлу тетігі болып табылады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақы төлеу саласындағы барлық кепілдіктер сақталады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақы есептеу және төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің мөлшері (яғни, 1 оқушыны оқыту құны) бір күнтізбелік жылға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінің негізінде есептеледі.

Жан басына шаққандағы норматив мыналар бойынша ажыратылады:

  • білім беру деңгейіне қарай (1-4 сыныптар, 5-9 сыныптар, 10-11 сыныптар);
  • білім беру бағдарламаларына қарай (жалпы білім беретін бағдарламалар, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушылар үшін түзету бағдарламалары);
  • мектептің орналасуына қарай (қалалық/ауылдық жер);
  • оқыту орнына қарай (жалпы білім беретін сыныпта, үйде оқыту, жалпы білім беретін сыныпта ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды оқыту).

Жан басына шаққандағы нормативті және мектептерді қаржыландырудың жалпы көлемін есептеу кезінде  мыналар ескеріледі:

– мектеп қызметкерлерінің еңбек жағдайлары үшін қолданылатын барлық қосымша ақылар мен үстеме ақылар;

  • қалалық (24 адам) және ауылдық (20 адам) жалпы білім беретін мектептердегі сыныптардың; арнайы (түзету) сыныптардағы – 12 білім алушының нормативтік толықтырылуы.

Жан басына шаққандағы нормативтің мөлшері мен жергілікті атқару органдарының сыныптар бөлінісіндегі білім алушылардың саны туралы деректердің негізінде нақты орташа жылдық контингентке байланысты түзету коэффициентін қолданумен жан басына шаққандағы нормативті орташа жылдық контингентке көбейту арқылы әр пилоттық мектепте жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға қаражаттың жалпы көлемін есептеу жүргізіледі.

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың енгізілуін сүйемелдеу және мониторингілеу қызметтерін «Қаржы орталығы» АҚ көрсетеді.

Орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруды апробациялау 2013 жылғы 1 қыркүйекте республиканың 4 облысындағы 50 пилоттық мектепте (Алматы (4 мектеп), Ақтөбе (15 мектеп), Шығыс Қазақстан (12 мектеп) және Оңтүстік Қазақстан облысы (19 мектеп) басталды. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап апробацияға қатысушылар қатары Ақмола облысынан тағы 13 мектеппен толықтырылды. 2017 жылдың қаңтарынан бастап пилоттық жобаға Астана қ. 5 мектеп және Алматы қ. 5 мектеп қосымша енгізілді.

Пилоттық орта білім беру ұйымдарындағы 2016-2017 оқу жылының қорытындыларын жан басына нормативтік қаржыландыруды апробациялау кезеңі басталған кездегімен салыстырмалы талдау мынаны көрсетті. 

2016-2017 оқу жылында пилоттық мектептерде біліктілігін арттырған қызметкерлер саны екі есеге дерлік көбейді (2514 адам).

Пилоттық мектептерде жоғары, бірінші және екінші санатты педагог қызметкерлердің үлесі 76%-ға дейін өсті (2012-2013 оқу жылы бұл көрсеткіш 58% болған).

2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда балалардың дамуына арналған үйірмелер мен секциялардың саны 2,2 есеге көбейді (бұрын – 780, енді -1734).

Егер 2012-2013 оқу жылында 445 бірлік оқушылар үшін танымдық және өнегелі іс-шаралар, оқытушылар үшін тренингтер өткізілген болса, 2016-2017 оқу жылында бұл көрсеткіш 636 бірлікке жеткізілді.

2016-2017 оқу жылында пилоттық мектептердің педагогтары басып шығарған әдістемелік құралдар мен өзге жарияланымдар саны 2,5 еседен аса көбейіп, 3208 құрады.

2016-2017 оқу жылында байқауларға және сайыстарға қатысушы-жеңімпаздардың, жүлдегерлердің, лауреаттардың үлесі де 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда жоғары.

Пилоттық мектептердегі ҰБТ-ның орташа көрсеткіші соңғы төрт оқу жылында 71-ден 75,9 балға жоғарылады.

Пилоттық мектептердегі педагог қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 2016-2017 оқу жылы 82 мың теңгені құрады.

Көрсеткіштің атауы

2012-2013

оқу жылы

2016-2017

оқу жылы

21

Біліктілігін арттырған қызметкерлер

21%

35,2%

22

Санаттары (жоғары, бірінші, екінші) бар педагог қызметкерлердің үлесі

58%

75,7%

33

Мектепте құрылған және жұмыс істейтін балаларға арналған үйірмелер мен секциялар саны

780

1734

44

Оқушылар үшін өткізілген танымдық және өнегелі іс-шаралар мен оқытушылар үшін өткізілген тренингтер саны 

445

636

55

Педагогикалық қызметкерлер басып шығарған (газеттерде, конференциялар жинақтарында, оқу журналдарында, мектеп сайтында) жарияланымдар, әдістемелік құралдар (жинақтар, брошюралар, электрондық құралдар) саны

1251

3208

66

Байқауларға және сайыстарға (спорттық, пәндік, ғылыми, интеллектуалдық) қатысушы-жеңімпаздардың, жүлдегерлердің, лауреаттардың үлесі

17%

17,2%

77

ҰБТ-ның орташа көрсеткіші (балдар)

71

75,9

88

Педагогтардың орташа айлық жалақысы (мың теңге)

72

82

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері орта білім беру жүйесі күрделі өзгерістерге ұшырады. Бұл ретте, өкінішке орай, жеке меншік мектептер желісі лайықты түрде дами алмады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім беру сапасының деңгейі жоғары болып келетін дамыған елдерде мектептердің жалпы санынан жеке меншік мектептердің үлесі 12%-дан 29 %-ға дейін, ал Қазақстанда жеке меншік мектептердің үлесі бар болғаны 1,5%-ды иеленеді.

Орта білім беру саласын ырықтандыру шеңберінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына толықтырулар енгізілді. Оларға сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын жеке меншік мектептерде орналастыруға мүмкіндік пайда болды.

Сонымен қатар, жеке меншік мектептердің жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемінде алынған бюджет қаражатын өз бетінше жұмсау құқығы бекітілді.

Орта білім берудегі жекеменшік сектордың дамуы үшін маңызды элемент жан басына шаққандағы нормативтің құрамына ғимараттың амортизациясына, әрбір жаңадан енгізілген оқушы орны үшін шығыстарды қосу болып табылады, ал бұл жаңа жеке меншік мектептердің салынуына түрткі болады.

Бұл қадам жеке меншік мектептер желісінің дамуына себеп болып, шамадан тыс толы мемлекеттік мектептердің жүгін біраз азайтып, оқушы орнының тапшылығын төмендетеді. 

Жоғарыда атап көрсетілген шаралар мемлекеттік мектептердің жоспарлы түрде дамуына, орта білім беруге жеке капиталды тартуға септігін тигізеді, бұл, өз кезегінде, мынадай нәтижелерге әкеледі:  

орта білім берудегі МЖК-ның дамуы (жеке инвесторларды тарту, оның ішінде жаңа мектептердің құрылысына); 

оқушылар орны тапшылығының төмендеуі;

үш ауысымды және апатты мектептердің жойылуы.

Осылайша, жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру қазақстандық білім беру жүйесін жетілдіруге, білім беру қызметтерінің қолжетімділігін және сапасын арттыруға сүбелі үлес қосу болып табылады

Қосымша

13 ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық мектептердің  

ЕРЕЖЕЛЕРІ (5-11-сыныптар)

I. Жалпы ережелер

 

«Жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық мектептер(бұдан әрі - Пилоттық мектеп) туралы (5,11-сыныптар)» ереже (бұдан әрі - Ереже) ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде пилоттық режімде оқыту процесін реттейді.

Пилоттық мектеп өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (2016 жылғы 9 сәуірдегі өзгерістермен және толықтырулармен), сәйкес типтегі білім беру ұйымдарының қызметі туралы Үлгілік ережелерді, аталған «Жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық мектептер туралы» ережені, білім беру ұйымдарының жарғыларын және білім беру саласындағы өзге де нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

«Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 455 бұйрығына толықтырулар енгізу туралыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 556 бұйрығы пилоттық мектептерді ашуға негіз болып табылады.

Пилоттық мектеп – бұл, негізгі орта және жалпы орта білім беруді ұйымдастырудың нақты оқу-тәрбие процесі жағдайында ЖМЦ төрт пәнінің біреуін немесе бірнешеуін ағылшын тілінде оқытудың оң және теріс жақтарын анықтауға арналған инновациялық алаң.

Пилоттық мектеп ағылшын тілінде оқытылатын ЖМЦ пәндері мазмұнының, жаңартылған білім беру мазмұнының үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес болуына, білім алушылардың шекті оқу жүктемесінен аспайтын және өмір мен денсаулықты қорғау талаптарына сәйкес келетін көмекші құралдардың (формалар, әдістер, технологиялар және т.б.) оңтайлылығына жауапты.

Ережеде қолданылатын қысқартулар мен белгіленулер:

ЖМЦ – жаратылыстану-математикалық циклі.

ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.

ЖАО – жергілікті атқарушы орган.

ҰБА – Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы.

CEFR – Common European Framework of Reference: Learning, Teaching, Assessment – жалпы еуропалық шет тілін меңгеру құзыреттіліктері: оқу, оқыту, бағалау.

CLIL – Content and Language Integrated Learning –пән мен тілді кіріктіріп оқыту.

БЖБ – оқу пәнінің бөлімі бойынша жиынтық бағалау.

ТЖБ – тоқсандық жиынтық бағалау.

Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер мен терминдер:

Пилоттық жоба – кең қолданысқа енгізудің орындылығы туралы әрі қарай шешім қабылдауды зерттеу мақсатында жүзеге асырылған сынамалы, эксперименттік шаралар мен құралдар жиынтығы.

Пилоттық режим - бұл шекті жүктемені қосалқы құралдармен анықтайтын процестің бір түрі.

Бірінші тіл (Т1) - мектептегі оқыту тілі. Олар Қазақстанда бесеу: қазақ (Т1), орыс (Т1), тәжік (Т1), өзбек (Т1), ұйғыр (Т1).

Екінші тіл (Т2) – оқыту орыс тіліндегі мектептердегі қазақ тілі (Т2) және оқыту қазақ тіліндегі мектептердегі орыс тілі (Т2).

Үшінші тіл (Т3) – бұл шет тілі.

Мақсатты тіл – бұл, қазақ (Т2), орыс (Т2), ағылшын (Т3), яғни, екінші және үшінші тілдер. Пилоттық мектептерде мақсатты тіл - ағылшын тілі.

CLIL технологиясы - тілдік және тілдік емес пәндерді кіріктіріп оқыту.

II Пилоттық мектептердің мақсаттары мен міндеттері

II.1 Мақсаты: ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуға арналған пилоттық жобаны іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасау.

II.2 Міндеттері:

II.2.1 CEFR халықаралық стандарттарына сәйкес жаратылыстану-математикалық цикл пәндері мұғалімдерінің ағылшын тілін меңгеру деңгейлерін жоғарылату.

II.2.1 Пәнді және тілді оқытудың кіріктірілген әдістері бойынша ағылшын тілі және пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру (CLIL-технологиясы).

II.2.2 Сыныптан тыс іс-шараларды өткізу және ағылшын тіліндегі элективті курстардың жекелеген бөлімдерін, пәндік терминологияны кезең-кезеңмен оқыту арқылы (CLIL әдіснамасы) пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдістемесін қолдану.

II.2.3 ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту процесінде жартылай көшу режимінен толықтай көшу режиміне кезең-кезеңмен өтуді әдістемелік (оқулықтар мен оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулықтар мен ұсынымдамалар, элективті курстар бағдарламалары және т.б.).) қамтамасыз ету.

II.2.4 Пилоттық мектептердегі тілдік мен пәндік құзыреттіліктердің даму динамикасын тұрақты бақылау (мониторинг жүргізу).

II.2.5 ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытудағы табысты тәжірибелерді анықтау және құжаттау.

II.2.6 Қазақстандық орта білім беру жүйесіне Пилоттық мектептердегі мұғалімдер мен педагогикалық ұжымдардың оң тәжірибесін кеңінен тарату стратегиясын анықтау.

III. Пилоттық мектептерде ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуды ұйымдастыруға қойылатын талаптар

ІІІ.1. 7,11-сынып оқушылары және олардың ата-аналары (заңды өкілдері) арасындағы дайындық жұмыстары:

ІІІ.1.1 7,11-сынып оқушылары және олардың ата-аналары арасында ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі;

ІІІ.1.2 7,11-сынып оқушылары арасында осы немесе өзге де ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқуға ынтасын анықтау мақсатында сауалнама/сұрақ-жауап жүргізіледі;

ІІІ.1.3. Пилоттық жобаға көзқарастарын анықтау мақсатында 7,11-сынып оқушыларының ата-аналары арасында сауалнама/сұрақ-жауап жүргізіледі;

ІІІ.1.4 Пән мұғалімінің даярлығын ескере отырып, осы немесе басқа сыныпта ағылшын тілінде оқуға арналған ЖМЦ 4 пәнінің біреуі немесе бірнешеуі таңдалады;

ІІІ.1.5 Пилоттық мектептің ата-аналар комитетінің (қамқоршылық кеңестің) барлық мүшелерін шақыру арқылы педагогикалық кеңестің кеңейтілген отырысы өткізіледі;

ІІІ.1.6 Пилоттық жобаға көшу туралы оң шешім қабылданған жағдайда екі хаттама толтырылады: педагогикалық кеңестің хаттамасы және ата-аналар комитетінің (қамқоршылық кеңес) хаттамасы;

ІІІ.1.7. Педагогикалық кеңестің және ата-аналар комитетінің (қамқоршылық кеңес) алқалық шешімі Пилоттық мектептің жалпы ата-аналар жиналысында жарияланады;

ІІІ.1.8 Балалардың ата-аналарымен, қамқоршыларымен, заңды өкілдерімен келісім-шарттар жасалады немесе олардың балаларын ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту туралы өтініштері қабылданады.

ІІІ.2. Пилоттық жобаны мамандармен қамтамасыз ету:

ІІІ.2.1 ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуға біліктілігін арттыру курстарынан өткен мұғалімдер ғана мүмкіндік алады:

ІІІ.2.1.1 жаңартылған білім беру мазмұны бойынша;

ІІІ.2.1.2 ағылшын тілі бойынша;

ІІІ.2.1.3 CLIL-технологиясы бойынша;

ІІІ.2.2 Ағылшын тілін А1 және А2 деңгейлерінде меңгерген ЖМЦ пәндерінің мұғалімдері Пилоттық мектептің жұмыстық оқу жоспарының (факультативтер, үйірмелер және т.б.) вариативті компонентінің пәндерін оқытуға мүмкіндік алады;

ІІІ.2.3 Ағылшын тілін А1 және А2 деңгейлерінде меңгерген ЖМЦ пәндерінің мұғалімдері Пилоттық мектептің жұмыстық оқу жоспарының (факультативтер, үйірмелер және т.б.) вариативті және инвариантты компоненттерінің пәндерін оқытуға мүмкіндік алады;

ІІІ.2.4 Ағылшын тілінің мұғалімдері тиісті біліктілігін растау жағдайында Пилоттық мектептің жұмыстық оқу жоспарының вариативті және инвариантты компоненттеріндегі ЖМЦ пәндерін оқытуға мүмкіндік алады.

III.3 Пилоттық жобаны институционалдық қолдау

ІІІ.3.1 Мектеп директорының бұйрығымен, мектеп директорының орынбасарлары ішінен Пилоттық жобаның жетекшісі тағайындалады;

ІІІ.3.2. Мектеп директорының бұйрығымен пилоттық оқытуға таңдалып алынған ЖМЦ пәндерінің және ағылшын тілі мұғалімдерінің ішінен пилоттық жобаның Шығармашылық тобы құрылады.

ІІІ.3.3 Пилоттық мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен бекітілген, Шығармашылық топтың жұмыс жоспары жасалынады;

ІІІ.3.4 Шығармашылық топ мүшелерінің кездесуі екі аптада бір рет өткізіледі.

ІІІ.4 Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету:

ІІІ.4.1 Пилоттық мектептің жұмыстық оқу жоспарының жобасы әзірленеді;

ІІІ.4.2 Пилоттық мектептің жұмыстық оқу жоспары мұғалімдер мен ата-аналар арасында талқыланады;

ІІІ.4.3 Пилоттық мектептің жұмыстық оқу жоспары тиісті қалалық/аудандық білім бөлімдерімен келісіледі;

ІІІ.4.4 Жұмыстық оқу жоспары «Пилоттық компонентті» (ҮОЖ-ның инварианттық компонентіндегі пәндерге, ағылшын тіліндегі таңдау бойынша арнайы курстар атауларына, факультативтерге және т.б. сілтеме жасау арқылы). қамтиды.

ІІІ.4.5 Пилоттық мектеп ағылшын тілінде ЖМЦ пәндерін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды қолданады, аталған технологияның негізгілері – тілді және пәнді кіріктіріп оқыту технологиясы (CLIL-технологиясы) болып табылады;

ІІІ.4.6 Жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде пилоттық оқыту екі режимде жүзеге асырылады: жартылай және толықтай режимде;

ІІІ.4.7 ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуға жартылай көшу төмендегі жағдайларға байланысты жүзеге асырылады:

ІІІ.4.7.1 сабақтың белгілі бір кезеңдерінде (мысалы, қайталау немесе бекіту кезеңінде) бірінші тілде (мектептегі оқыту тілі) және ағылшын тілінде тілдік емес пәндерді (жаратылыстану, биология, химия, физика, информатика) оқыту;

ІІІ.4.7.2 ағылшын тіліндегі пәндік терминологияны оқыту (5-сыныптан бастап рұқсат етіледі);

ІІІ.4.7.3 ЖМЦ пәндері бойынша ағылшын тілінде (үйірмелер, секциялар және басқа да қосымша білім беру формалары) жекелеген сыныптан тыс іс-шаралар өткізу;

ІІІ.4.7.4 ЖМЦ пәні бойынша элективті курстардың жекелеген немесе барлық бөлімдерін ағылшын тілінде оқыту;

ІІІ.4.7.5 Ағылшын тілі сабақтарында пәндік терминологияны ауызша және жазбаша сөйлеу барысында қолдану дағдыларын жетілдіру және бекіту;

ІІІ.4.8 ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуға толықтай көшу төмендегі жағдайларға байланысты жүзеге асырылады:

ІІІ.4.8.1 Пилоттық мектептің жұмыс оқу жоспарының инвариантты және вариативті компоненттерінен ағылшын тілінде бір немесе бірнеше ЖМЦ пәндерін оқыту;

ІІІ.4.8.2 ЖМЦ пәндерін оқытудың барлық кезеңдерін ағылшын тілінде өткізу (жаңа материалды түсіндіруден басқа кезеңдерде);

ІІІ.4.8.3 Ағылшын тіліндегі ЖМЦ пәндері бойынша сыныптан тыс іс-шараларды өткізу;

ІІІ.4.8.4 Ағылшын тіліндегі ЖМЦ пәндері бойынша элективті курстарды оқыту.

ІІІ.5 Пилоттық жоба мониторингі:

ІІІ.5.1 Пилоттық жобаға қатысушы білім алушылардың тілдік және пәндік құзыреттіліктерін бағалау:

ІІІ.5.1.1 Білім алушылардың тілдік құзыреттіліктерін бағалау «Ағылшын тілі» пәнінің шеңберінде жүргізіледі;

ІІІ.5.1.2 ЖМЦ пәндері бойынша білім алушылардың тілдік құзыреттіліктерін бағалау, «Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауының бір бөлігі болып табылады;

ІІІ.5.1.3 Пәндік құзыреттіліктерді бағалау, ЖМЦ оқу пәндері шеңберінде жүзеге асырылады;

ІІІ.5.1.4 Білім алушылардың ағылшын тіліндегі пәндік құзыреттіліктерін бағалау, ЖМЦ пәндерін қалыптастырушы бағалау шеңберінде жүргізіледі.

ІІІ.5.1.5 CLIL-технологиясы шеңберінде тілдік құзыреттіліктерді бағалау кезінде, білім алушылардың тілдік қателіктері, ЖМЦ пәндері бойынша бағаларына әсер етпейді, егер, олар өз білімдерін жеткілікті деңгейде көрсете алса (аталған жағдайда грамматика әлсіреуі мүмкін);

ІІІ.5.1.6 ЖМЦ пәндері бойынша білім алушылар сұрақтарға жауап беру барысында бірінші тілін пайдалана алады;

ІІІ.5.1.7 ЖМЦ пәндері бойынша жазбаша жұмыстарын тексеру барысында тілдік қателіктер ескерілмейді (егер, айтылған ой немесе мәтін түсінікті болса), бірақ, мұғалім аталған жағдайды өз пікірлерінде көрсетеді;

ІІІ.5.1.8 ЖМЦ пәндері мұғалімдерінің ағылшын тілі мұғалімдерімен кездесуі барысында қиындық туғызған материал туралы сөз қозғалады, тілдік пән мұғалімі аталған материалмен өз сабағында жұмыс жасау мақсатында.

III.5.1.9 CLIL-технологиясы барысында бағалау жүйесі төмендегілерге бағытталуы қажет:

ІІІ.5.1.9.1 білім алушылардың ағылшын тіліндегі сөздік қорын толтыру;

ІІІ.5.1.9.2 білім алушылардың пікір білдіру, ақпаратты белгілі бір реттілікпен ағылшын тілінде ауызша түрде беру біліктіліктерін дамыту;

III. 5.1.9.3 мұғалім мен білім алушылардың сөзін, аудио/бейнежазба ақпараттарын тыңдау, ағылшын тілінде тыңдалған мәтін мағынасын түсіну біліктіліктерін қалыптастыру;

ІІІ.5.1.9.4 ағылшын тілінде оқылған мәтінді (оқу материалын) түсіну;

ІІІ.5.1.9.5 ақпаратты жазбаша түрде беру (қажет болған жағдайда);

ІІІ.5.1.10 тілдік және пәндік құзыреттіліктерді бағалау, жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен сыныптарды критериалды бағалау жүйесінің шеңберінде жүргізіледі.

ІІІ.5.2 Пилоттық жобаның тұрақты негіздегі мониторингі:

ІІІ.5.2.1 «Кіру» барысында білім алушылардың тілдік және пәндік құзыреттіліктерін диагностикалау оқу жылының басында өткізіледі;

ІІІ.5.2.2 «Шығу» барысында білім алушылардың тілдік және пәндік құзыреттіліктерін диагностикалау оқу жылының соңында өткізіледі;

ІІІ.5.2.3 білім алушылар, мұғалімдер мен ата-аналар арасында фокус-топтарда әңгімелесулер мен әлеуметтік сауалнама жүргізіледі;

ІІІ.5.2.4 мониторинг мәліметтері хаттамаға толтырылады және Шығармашылық топ отырыстарында талқыланды, негізгі нәтижелер Пилоттық мектептің педагогикалық кеңесі мен ата-аналар комитетінің отырыстарында баяндалады және талқыланады (қамқоршылық кеңес);

ІІІ.5.2.5 мониторинг қорытындысы бойынша табысты тәжірибелер анықталып, құжатталады, ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту саласындағы алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжрибелер жинақталады.

ІІІ.5.2.6 мониторингті мектепішілік басқаруды Пилоттық жоба жетекшісі (Пилоттық мектеп директорының орынбасары) жүзеге асырады;

ІІІ.5.2.7 мониторингті сыртқы басқаруды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жүзеге асырады.

III.6 Пилоттық жобаны қаржыландыру:

ІІІ.6.1 Пилоттық жобаны қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;

ІІІ.6.2 Пилоттық жобаға қатысушы-мұғалімдердің тарифтік мөлшерлемелеріне дифференциалды қосымша ақы төлеу әдісі қолданылады:

ІІІ.6.2.1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 29.02.2016 ж. № 181 бұйрығының негізінде республикалық бюджеттен;

ІІІ.6.1.2 ЖАО шешімімен жергілікті бюджеттен;

ІІІ.6.1.3 Педагогикалық кеңес шешімі бойынша Пилоттық мектептің бюджеттен тыс қаражаты.

IV Пилоттық мектептердегі оқу процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

IV.1 Пилоттық мектептердегі оқу процесіне қатысушылардың міндеттері

IV.1.1 Пилоттық жоба жетекшісінің міндеттері (Пилот мектеп директорының орынбасары):

IV.1.1.1 дайындық жұмыстарын ұйымдастырады – 7,11-сынып оқушылары және олардың ата-аналары (заңды өкілдерінің) арасында сауалнама/сұрақ-жауап жүргізеді;

IV.1.1.2 ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша білім алушылардың ата-аналарымен ынтымақтастық туралы келісім шарт жасайды (1-қосымша);

IV.1.1.3 Пилоттық жобаны мамандармен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

IV.1.1.4 Пилоттық жобаның Шығармашылық тобының мүшелерімен ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуды енгізу туралы келісім-шартқа отырады (2-қосымша);

IV.1.1.5 Пилоттық жобаның Шығармашылық тобының жұмысын үйлестіреді, әдістемелік көмек көрсетеді;

IV.1.1.6 білім алушылардың ата-аналары арасында тұрақты түсіндірме жұмыстарын жүргізеді;

IV.1.1.6 Пилоттық жоба мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді.

IV.1.2 Пилоттық жобаның Шығармашылық тобы мүшелерінің міндеттері.

IV.1.2.1 Ағылшын тілі мұғалімі - Шығармашылық топ мүшесінің міндеттері:

IV.1.2.1.1 пәнді ағылшын тілінде оқыту әдістемесі және ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша кәсіби біліктілігін арттырады;

IV.1.2.1.2 CLIL-технологиясы бойынша біліктілігін арттырады;

IV.1.2.1.3 ЖМЦ пән мұғалімдерімен бірге ағылшын тіліндегі оқу материалдарын (түпнұсқалық материал) әзірлейді;

IV.1.2.1.4 Шығармашылық топ кездесулерінде кемінде екі аптада бір рет ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуды талқылайды;

IV.1.2.1.5 ЖМЦ пәндері бойынша білім алушылардың тілдік құзыреттіліктерін бағалауды жүргізеді;

IV.1.2.1.6 ЖМЦ пәндері бойынша тілдік құзыреттіліктерді жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлейді;

IV.1.2.1.7 тәжірибе алмасу, бірлескен іс-қимылдарды келісу мақсатында Пилоттық жобаға қатысушы-мұғалімдердің сабақтарына қатысады, бейнежазба және сабаққа талдау жасайды;

IV.1.2.1.8 білім алушылардың ата-аналары арасында тұрақты түсіндірме жұмыстарын жүргізеді;

IV.1.2.1.9 Пилоттық жоба мониторингісіне қатысады.

IV.1.2.2 Шығармашылық топ мүшесі - ЖМЦ пән мұғалімінің міндеттері:

IV.1.2.2.1 пәнді оқыту әдістемесі мен ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша кәсіби біліктілігін арттырады;

IV.1.2.2.2 CLIL-технологиясы бойынша біліктілігін арттырады;

IV.1.2.2.3 ағылшын тілі мұғалімдерімен бірлесіп, өз пәні бойынша ағылшын тілінде оқу материалдарын әзірлейді;

IV.1.2.2.4 Шығармашылық топ отырыстарында, кемінде екі аптада бір рет, ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуды талқылайды;

IV.1.2.2.5 өз пәні бойынша білім алушылардың құзыреттіліктерін бағалауды жүргізеді;

IV.1.2.2.6 өз пәні бойынша білім алушылардың пәндік құзыреттіліктерін жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлейді;

IV.1.2.2.7 өз пәні бойынша білім алушылардың тілдік құзыреттіліктерін жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды ағылшын тілі мұғалімімен бірге әзірлейді;

IV.1.2.2.8 өз пәні бойынша білім алушылардың пәндік және тілдік құзыреттіліктерін қалыптастырушы бағалауды жүргізеді;

IV.1.2.2.9 тәжірибе алмасу, бірлескен іс-қимылдарды келісу, мақсатында Пилоттық жобаға қатысушы-мұғалімдердің сабақтарына қатысады, бейнежазба мен сабаққа талдау жасайды;

IV.1.2.2.10 білім алушылардың ата-аналары арасында тұрақты түсіндірме жұмыстарын жүргізеді;

IV.1.2.2.11 Пилоттық жоба мониторингісіне қатысады.

IV.1.2.3 Пилоттық жобаға қатысушы-білім алушылардың міндеттері

IV.1.2.3.1 ЖМЦ аталған немесе өзге де пәндерін ағылшын тілінде оқып үйрену ниетін анықтау мақсатында 7,11-сынып оқушылары арасындағы сауалнамаға/сұрақ-жауапқа қатысады;

IV.1.2.3.2 «кіру» және «шығу» барысында тілдік және пәндік құзыреттіліктерді диагностикалауға қатысады;

IV.1.2.3.3 БЖБ және ТЖБ кезінде тілдік құзыреттіліктерді бағалау тапсырмаларын орындайды;

IV.1.2.3.4 Пилоттық жоба мониторингісіне қатысады.

IV.2Пилоттық мектептердегі оқу процесіне қатысушылардың құқықтары.

IV.2.1 Пилоттық жоба жетекшісінің құқықтары (Пилоттық мектеп директорының орынбасары):

IV.2.1.1 әдістемелік көмек көрсету, бейнежазба және талдау жасау мақсатында Пилоттық жобаға қатысушы-мұғалімдердің сабақтарына қатысады;

IV.2.1.2 оқушылардың үлгеріміне және оқу процесінің барысына тұрақты бақылау жүргізеді;

IV.2.1.3 оқушылар мен олардың ата-аналарын мониторинг нәтижесі туралы қолжетімді формада ақпараттандырады;

IV.2.1.4 Пилоттық жобаға қатысушы-мұғалімдерден өз міндеттерін орындауларын талап етеді;

IV.2.2 Пилоттық жобаның Шығармашылық топ мүшелерінің құқықтары.

IV.2.2.1 Ағылшын тілі мұғалімі - Шығармашылық топ мүшесінің құқықтары:

IV.2.2.1.1 сауалнама/сұрақ-жауап нәтижелері туралы ақпарат алады;

IV.2.2.1.2 білім беру ресурстарынының қолжетімділігіне мүмкіндік алады;

IV.2.2.1.3 өз пәндері бойынша оқу-әдістемелік, оқу-дидактикалық құралдарын әзірлейді;

IV.2.2.1.4 ағылшын тілін меңгеру деңгейін жетілдіреді;

IV.2.2.1.5 өз пәнін ағылшын тілінде оқытудың табысты тәжірибесін құжаттайды;

IV.2.2.1.6 Пилоттық жоба (патенттеу, авторлық куәлікті алу және т.б.) шеңберінде өзінің табысты тәжірибесін таратады;

IV.2.2.1.7 білім алушылар мен олардың ата-аналарынан Пилоттық мектептің талаптарына сай болуларын талап етеді.

IV.2.2.2 Шығармашылық топ мүшесі - ЖМЦ пән мұғалімінің құқықтары:

IV.2.2.2.1 сауалнама / сұрақ-жауап, мониторинг жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты алады;

IV.2.2.2.2 білім беру ресурстарынының қолжетімділігіне мүмкіндік алады;

IV.2.2.2.3 өз пәні бойынша оқу-әдістемелік, оқу-дидактикалық құралдарын әзірлейді;

IV.2.2.2.4 ағылшын тілін меңгеру деңгейін жетілдіреді;

IV.2.2.1.5 өз пәнін ағылшын тілінде оқытудың табысты тәжірибесін құжаттайды;

IV.2.2.2.6 өз пәнін (патенттеу, авторлық куәлікті алу және т.б.) ағылшын тілінде табысты оқытудың тәжірибесін таратады;

IV.2.2.2.7 білім алушылар мен олардың ата-аналарынан Пилоттық мектептің талаптарын сақтауды талап етеді.

IV.2.3 Пилоттық жобаға қатысушы-білім алушылардың құқықтары

 IV.2.3.1 ағылшын тілінде оқу мақсатында ЖМЦ 4 пәнінің біреуін немесе бірнешеуін таңдайды;

IV.2.3.2 білім беру ресурстарынының қолжетімділігіне мүмкіндік алады;

IV.2.3.3 Пилоттық жоба мониторингінің нәтижелері туралы ақпарат алады.

IV.2.4 Пилоттық жобаға қатысушы-білім алушылардың ата-аналарының құқықтары (Ынтымақтастық туралы келісімде белгіленген).

 

1-қосымша

Жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін (5,11-сыныптар) ағылшын тілінде оқыту бойынша Пилоттық мектеп пен ата-аналар (заңды өкілдер) арасындағы ынтымақтастық туралы

КЕЛІСІМ-ШАРТ

Бұдан әрі «Мектеп» деп аталатын ағылшын тілінде жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін оқыту бойынша Пилоттық мектеп (5,11-сыныптар) _____________________ атынан Жарғы негізінде әрекет ететін директор _______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) бір жағынан және білім алушының ата-анасы (заңды өкіл) __________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) екінші жағынан, төмендегілер туралы осы келісім-шартты жасады:

Келісім-шарттың мәні мен мақсаты

Келісім-шарттың мәні мен мақсаты - балаларға жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқытуға жағдай жасауға бағытталған бірлескен іс-әрекет болып табылады.

Аталған келісім-шарт ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқуға таңдау негізінде туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді _________________________________________________________________________ ______________________________________________________________

(таңдау пәндерін көрсету)

және оқу процесін барлық сатыларда жүзеге асыру кезеңдері бойынша немесе ата-аналар (заңды өкілдердің) бастамасымен аталған келісім-шартты тоқтатқанға дейін созылады.

Тараптардың міндеттері

Мектеп

1. Ағылшын тілінде оқытылатын ЖМЦ пәндері мазмұнының, жаңартылған білім беру мазмұнының үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес болуына, білім алушылардың шекті оқу жүктемесінен аспайтын және өмір мен денсаулықты қорғау талаптарына сәйкес келетін көмекші құралдардың (формалар, әдістер, технологиялар, технологиялар және т.б.) оңтайлылығына жауапты.

2. Білім алушылар мен олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) ағылшын тілінде оқуға арналған жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін таңдау құқығын береді_____________________________ ____________________________________________________________________

(таңдау пәндерін көрсету).

3. Пәндік терминологияны кезең-кезеңмен оқыту, сыныптан тыс іс-шаралар өткізу және элективті курстардың жекелеген бөлімдерін ағылшын тілінде оқыту арқылы пәнді және тілді кіріктіріп оқыту (CLIL-технологиясы) әдістемесіне сәйкес жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқытуды, оқу процесін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту процесіне жартылай көшу (5,9-сыныптар) режимінен толықтай көшу (10,11-сыныптар) режиміне кезең-кезеңмен өтуді (оқулықтар мен оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулықтар мен ұсынымдамалар, элективті курстар бағдарламалары және т.б.) қажетті көмекші құралдармен қамтамасыз етеді.

5. Білім алушылардың тілдік және пәндік құзыреттіліктерінің даму динамикасын үнемі қадағалап отырады және мониторинг нәтижелерімен ата-аналарды таныстырады.

6. Білім алушы тұлғасының зияткерлік, адамгершілік және физикалық, оның қабілеттерінің жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Білім алушының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепілдік береді.

7. Мектептің ішкі ережелерін сақтау жағдайында, оқу процесіндегі білім алушының өмірі мен денсаулығына жауап береді. Егер, білім алушының өмірі мен денсаулығына төнген қауіп, білім алушы тарапынан кеткен қателік салдарынан болған жағдайда, мектеп жауап бермейді. Белгіленген санитарлық-гигиеналық нормаларды, ережелер мен талаптарды сақтауға кепілдік береді.

8. Білім алушының сабақтарға ниетті қарым-қатынас жасау жағдайында Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі - МЖМБС) талаптарына сәйкес әр сатының оқу жоспары шеңберінде білім деңгейіне қол жеткізуді және оқудың әр деңгейінде білім беру бағдарламаларының мазмұнын меңгеруді қамтамасыз етеді. МЖМБС шеңберінде бағдарламаны меңгермеген білім алушыға түрлі көмек формаларын ұйымдастырады.

9. Білім алушыларды ағылшын тіліндегі жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша оқулықтармен, оқу құралдарымен, оқу-дидактикалық материалдармен қамтамасыз етеді.

10. Білім алушыларға өзге де білім беру ресурстарының (ғаламтор, кітапхана, мультимедиялық жабдықтар, зертханалар және т.б.) қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

11. Ата-аналарға (заңды өкілдерге) оқу процесінің мазмұнымен, білім алушының үлгерімімен, Пилоттық жоба мониторингінің қорытындыларымен танысуға мүмкіндік береді.

12. Мүмкіндігінше, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен және аз қамтылған отбасылардан шыққан білім алушыларды әлеуметтік қорғауды жүзеге асырады.

13. Ата-аналардың өтініштері бойынша балаларды оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді.

Ата-аналар (заңды өкілдер):

1. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері туралы Қазақстан Республикасы заңнамаларының, мектеп жарғысының талаптарын, аталған келісім-шарт пен Пилоттық мектеп туралы Ережені орындайды.

2. Ағылшын тілін оқу үшін білім алушыларға жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін таңдауға мүкіндік береді_________ _______________________________________

(таңдалған пәндерді көрсету)

2. Білім алушының мектеп талаптарын орындауына мүмкіндік жасайды:

- оқу бағдарламасымен қарастырылған оқу пәндерін толығымен игеруге, жауапкершілікпен оқуға;

- барлық аралық және қорытынды емтихандарды уақтылы және табысты өтуге;

- ағылшын тілінде жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін оқып-үйренуге арналған Мектеп қызметкерлерінің талаптарын орындау;

- Пилоттық мектеп талаптарын сақтау.

3. Білім алушының мектепте орналасуына қолайлы жағдай жасауға көмектеседі:

- балаларды оқуға қажетті оқу-жазу құралдарымен және басқа да заттармен қамтамасыз ету;

- балаларының мектеп мұғалімдерінің талаптарын орындауын бақылау.

4. Балаларының үлгерімі мен мінез-құлқын бақылауды, ата-аналар жиналыстарына үнемі қатысуды жүзеге асырады.

5. Мұғалімді (сынып жетекшісін) баланың ауруы немесе уақытша болмайтындығын уақытында жазбаша хабардар етеді.

6. Балалар өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туралы мектепті уақытында хабардар етеді.

7. Білім алушылардың академиялық қарыздарын жоюға жауапты болады.

Тараптардың құқықтары

Мектеп құқылы:

1. Ағылшын тілінде жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарын және оларды іске асыру жоспарларын әзірлеуге.

2. Жұмыстың мазмұнын, формаларын және әдістерін анықтауға, оқу бағдарламаларын, курстарын, оқу-әдістемелік кешендерін таңдауға.

3. Ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында білім алушылармен сауалнама/сұхбат жүргізуге.

4. Мектеп Жарғысына сәйкес мектептің жұмыс тәртібін белгілеуге (сабақ кестесін, оқу аптасының ұзақтығын, демалыс күндерін және т.б.).

5. Мектеп жарғысы негізінде мектепке қабылдауды жүзеге асыруға.

6. Білім алушылардың ата-аналарынан баланың білімі мен мінез-құлқына бақылау жасауды, ата-аналардың құқықтары мен міндеттері туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының, Мектептің Жарғысының және аталған келісім-шарттың талаптарын сақтауды талап етуге.

Ата-аналар құқылы:

1. Мектеп Жарғысына сәйкес мектепті басқаруға қатысуға.

2. Балаға қатысты жанжалды жағдайларды шешу үшін сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне, педагогикалық кеңеске жүгінуге.

3. Мектеп әкімшілігінің, мұғалімнің, сынып жетекшісінің білім алушыға қатысты шешімімен немесе іс-әрекетімен келіспеген жағдайда мектептің қоғамдық органдарына жүгінуге.

4. Мектеп ұсынатын тізімнен ағылшын тілінде оқуға арналған жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін таңдауға.

5. Білім алушы қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты уақтылы алуға.

6. Пилоттық жоба мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратты қолжетімді формада алуға.

Келісім-шартты тоқтату негіздері

1. Келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін, сондай-ақ, тараптардың өзара келісімі бойынша тоқтатылады.

2 Егер, тараптар өзіне жүктелген міндеттемелерін орындамаса, келісім біржақты тәртіпте тоқтатылуы мүмкін.

3. Келісім-шартты біржақты тоқтатқан жағдайда тараптардың бірі (Келісім-шартты тоқтату бастамашысы) басқа тарапқа келісім-шартты мерзімінен бұзу туралы бір апта бұрын ескертуге міндетті.

Тараптардың жауапкершілігі

1. Аталған келісім-шартқа қол қойған тараптар, оның орындалуына жауапты болады.

2. Келісім-шартқа қол қойған тараптар арасында туындаған дау-дамайлар білім басқармалары мекемелерінде шешіледі.

Аталған келісім-шарт бірдей заңды күшіне ие 2 (екі) данада жасалынған, оның біреуі білім алушының жеке іс файлында, екіншісі - ата-анасында сақталады.

Тараптардың мекен-жайлары мен өзге де мәліметтері:

Ата-ана:

 

Мектеп:

Аты-жөні

 

Директор

 

 

 

Мекен-жай:

 

Мекен-жай:

 

 

 

Телефон

 

Телефон

(қолы)

 

2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының

 

Жаңартылған күні: 25.03.2019 23:08
Құрылған күні: 05.04.2019 17:17

Текст