1954 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы №836 (IX) қарар қабылдады және барлық елдерге Дүниежүзілік балалар күнін атап өтуге кеңес берді.
Бүкіл әлемде Дүниежүзілік балалар күні 20 қарашада атап өтіледі.
20 қараша күні кездейсоқ таңдалмады: 1959 жылы осы күні БҰҰ Бас Ассамблеясы «Балаларға бақытты балалық шақты қамтамасыз ету» мақсатымен Бала құқықтары туралы Декларация қабылдады.
Мереке барлық азаматтарды тиісті заңнамалық және басқа шараларды жүзеге асыра отырып, балалардың құқықтарын сақтауға шақырады.
Қазақстан Республикасы 1994 жылы Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Дүниежүзілік балалар күніне танымдық, тақырыптық, мәдени және спорттық іс-шаралар циклін орайластыру жоспарлануда.
Республикалық онкүндік:
- Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеуге;
- Балалар жылына арналады.
Өткізу мерзімі: 2022 жылғы 10 қарашадан 20 қарашаға дейін
Республикалық онкүндікке қатысушылар: білім беру ұйымдарының оқушылары, жетім және ААҚҚ балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері, мемлекеттік органдардың, педагогикалық, ата-аналар қоғамының, бизнес-құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері және т. б.
Республикалық онкүндіктің мақсаты: мерекелік іс-шараларды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-тың күш-жігерін балалардың мүддесі үшін мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне қоғамның назарын аударуда біріктіру.
құру;
Республикалық онкүндіктің міндеттері:
- мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның сындарлы диалогын
- балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік іс-шаралар туралы жұртшылықты хабардар ету;
- қайырымдылық қозғалысын жандандыру;
- балалардың барлық санаттарын мерекелік іс-шаралармен, оның ішінде қашықтықтан жаппай қамтумен қамтамасыз ету;
- балаларға арналған аумақтарды абаттандыру бойынша жобаларға бастамашылық жасау.
Республикалық онкүндікті өткізудің өзектілігі:
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Дүниежүзілік балалар күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне, мемлекеттік органдарға, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарға ерекше назар аударудың дәлелі болып табылады.
Негізгі іс-шаралар. Балалық шақтың өзекті мәселелерін барынша қамту үшін іс шараларды келесі негізгі бағыттар бойынша іске асыру ұсынылады:
- «Бақытты ана - бақытты бала - бақытты ел» - Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекет іске асыратын іс- шаралар туралы хабардар ету мақсатында көп балалы аналармен, ата-аналар қауымдастықтарымен кездесулер ұйымдастыру;
- «Құқығым бар» - жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында эссе байқауы;
- «Балалық шақты бірге қорғайық» – ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің балалар өкілдіктерінің әлеуметтік желілердегі республикалық челленджі білім беру ұйымдарының қызықты және жарқын жобалары туралы, балалардың жеке жетістіктері туралы, балалардың құқықтарын және Бала құқықтары туралы Конвенцияның баптарын түсіндіру;
- «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» - Республикалық акция;
- «Түнгі қаладағы балалар» - ІІМ-мен бірлескен Республикалық акция;
- «Әр баланың құқығы бар» - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілердің суреттерінің онлайн көрмесі;
- «Құқық сабақтары - өмір сабақтары» - жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің құқық қорғау органдарының, медициналық мекемелердің, жұмыспен қамту орталықтарының, прокуратура органдарының өкілдерімен, судьялармен онлайн кездесуі;
- Жетім және ААҚҚ балаларға арналған білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің «Жұлдызша» республикалық шығармашылық марафоны;
- «Әр баланың құқығы бар - Каждый ребенок имеет право» жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында сурет байқауы;
- «Өмір ағашы. Менің шежіремнің тарихы» жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында;
- Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Үздік мектеп медиаторы» республикалық байқауы;
- «Жыл оқушысы – 2022» республикалық байқауы;
- «Жылдың үздік ата-аналары/Қамқоршылар кеңесі» республикалық байқауы;
- balaokili.kz сайттың тұсаукесері ҚР ПМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің балалар өкілдерімен және Бала құқықтары жөніндегі өңірлік
уәкілдермен онлайн кездесу алаңында (ZOOM платформасында 300 балалар өкілі және әлеуметтік желілерде тікелей трансляция шеңберінде 5 мың қатысушы).
Іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу:
- облыстар, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, білім басқармаларының әлеуметтік желілеріндегі беттерде Дүниежүзілік бала күнін дайындау және мерекелеу барысы туралы ақпаратты орналастыру;
- бұқаралық ақпарат құралдарында теле және радиосюжеттерді, баспа мақалаларын трансляциялау (жариялау) арқылы іс-шараларды дайындау және өткізу барысын жариялау;
- қалалар мен аудандар әкімдерінің, облыстар, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларының, білім басқармалары басшыларының, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері директорларының орынбасарларының, Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің, ҮЕҰ-ның, сарапшылардың және т. б. қатысуымен брифингтер өткізу;
- кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы туралы өңірлік брифингтер өткізу (қол жеткізілген нәтижелер және балаларға көрсетілген көмек туралы халықты хабардар ете отырып).
Күтілетін нәтиже:
- республиканың барлық өңірлерінде балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін іске асыратын үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайту;
- Балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттің қабылдап жатқан шаралары туралы жұртшылықты хабардар ету;
- балалардың қоғам мен мемлекет өміріндегі өзекті мәселелерді шешуге қатысу құқығын іске асыру.