"Акмола облысы білім басқармасының Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №4 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы"

МАЗМҰНЫ

      Осы Заң бiлiм беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi,
осы саладағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерiн айқындайды және
Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан
Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ
адамдардың бiлiм алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге
бағытталған.

 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
 
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) адъюнктура - әскери оқу орындарында жоғары бiлiктi ғылыми-педагогтiк кадрлар даярлау нысаны;

      2) академия - мамандықтардың бiр-екi топтары бойынша жоғары және
жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын
iске асыратын, ғылыми-зерттеу қызметiн және педагогтiк қызметтi,
кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыратын
оқу орны;

      3) атаулы стипендия - тиiстi бiлiм беру бағдарламаларын ойдағыдай
меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының
қоғамдық, мәдени және спорттық өмiрiне белсене қатысатын неғұрлым
қабiлеттi бiлiм алушыларды көтермелеу үшiн жеке немесе заңды тұлғалар
тағайындайтын стипендия;

      4) бакалавр - жоғары бiлiм берудiң тиiстi бiлiм беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берiлетiн академиялық дәреже;

      5) бейiн алды даярлық - бiлiм алушының жеке бiлiм беру
траекториясының негiзгi орта бiлiм берудi таңдауын мақсатты
педагогикалық қолдау;

      6) бейiндi оқыту - бiлiм алушылардың мүдделерiн, бейiмдiлiгi мен
қабiлеттерiн ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесi, бiлiм
беру процесiн ұйымдастыру;

      7) "Болашақ" халықаралық стипендиясы - Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiк оқу
орындарында күндiзгi оқыту нысанында оқуы және мемлекеттiк ғылыми
ұйымдар мен жоғары оқу орындары ғылыми қызметкерлерiнiң әлемнiң жетекшi
жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтары мен зертханаларында
тағылымдамадан өтуi үшiн тағайындайтын стипендиясы;

      8) бiлiм алушыларды аралық аттестаттау - бiлiм алушылардың бiр
оқу пәнiн оны зерделеп бiтiргеннен кейiнгi бiр бөлiгiнiң немесе бүкiл
көлемiнiң мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргiзiлетiн
рәсiм;

      9) бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау - тиiстi бiлiм беру
деңгейiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартында көзделген оқу
пәндерiнiң көлемiн олардың меңгеру дәрежесiн айқындау мақсатында
жүргiзiлетiн рәсiм;

      10) бiлiм беру гранты - кәсiптiк бiлiм алуға төлеу үшiн Қазақстан
Республикасының заңнамасымен белгiленген шарттармен бiлiм алушыға
берiлетiн ақшаның нысаналы сомасы;

      11) бiлiм беру қызметi - бiлiм беру субъектiлерiнiң мақсатты,
педагогтiк негiзделген, дәйектi өзара iс-қимылы барысында жеке адамды
оқыту, дамыту және тәрбиелеу мiндеттерi шешiлетiн процесс;

      12) бiлiм беру мониторингi - бiлiм беру процестерiн жүзеге
асырудың жай-күйiн және нәтижелерi мен шарттары өзгеруiнiң серпiнiн,
бiлiм алушылар контингентiн, бiлiм беру ұйымдары желiсiн жүйелi түрде
байқау, талдау, бағалау және болжау;

      13) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган - бiлiм беру
саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      14) бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесi - бiлiм беру
сапасының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына, жеке
адамның, қоғам мен мемлекеттiң қажеттiлiктерiне сәйкестiгiн белгiлеудiң
институционалдық құрылымдары, рәсiмдерi, нысандары мен әдiстерiнiң
жиынтығы;

      15) бiлiм беру туралы құжаттарды нострификациялау - басқа
мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың
филиалдарында) бiлiм алған адамдарға берiлген құжаттардың баламалылығын
айқындау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм;

      16) бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу - бiлiм беру қызметтерiнiң
сапасы туралы объективтi ақпарат беру және оны жетiлдiрудiң тиiмдi
тетiктерiнiң бар екенiн растау мақсатында аккредиттеу органының олардың
белгiленген талаптар мен стандарттарға сәйкестiгiн тану рәсiмi;

      17) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау - бiлiм беру
ұйымдары көрсететiн бiлiм беру қызметтерiнiң мемлекеттiк жалпыға
мiндеттi стандарт талаптарына сәйкестiгiн бақылау мақсатымен
жүргiзiлетiн рәсiм;

      18) гимназия - бiлiм алушылардың бейiмдiлiгi мен қабiлетiне
сәйкес бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң
гуманитарлық бейiндерi бойынша жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын
iске асыратын оқу орны;

      19) докторантура - жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарда
бiлiктiлiгi жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны;

      20) доцент, профессор:
      тиiстi жоғары оқу орны беретiн академиялық атақтар;
      жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымының өтiнiшi бойынша бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган беретiн ғылыми атақтар;

      21) жалпы бiлiм беретiн мектеп - бастауыш, негiзгi орта және
жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын,
сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша бiлiм берудiң оқу
бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;

      22) инновациялық - бiлiм беру консорциумы - жоғары оқу орындары,
ғылыми ұйымдар мен өндiрiс саласында жұмыс iстейтiн басқа да заңды
тұлғалар iргелi, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық
инновациялар негiзiнде жоғары бiлiктi мамандар даярлау үшiн зияткерлiк,
қаржылық және өзге де ресурстарды бiрiктiретiн, бiрлескен қызмет туралы
шарт негiзiндегi ерiктi тең құқықты бiрлестiк;

      23) инновациялық университет - инновациялық қызметтiң толық
циклiн, iргелi және iздестiру зерттеулерiн, қолданбалы зерттеулер мен
тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелердi жүргiзудi және өндiрiске
ғылыми зерттеулер нәтижелерiн енгiзудi iске асыруға қабiлеттi
ғылыми-бiлiм беру кешенi;

      24) интеграцияланған бiлiм беретiн оқу бағдарламалары - бiлiм
беру деңгейi мен мазмұнының үздiксiздiгiн және сабақтастығын ескере
отырып әзiрленген бiлiм беретiн оқу бағдарламалары;

      25) институт - мамандықтардың бiр-екi топтары бойынша жоғары
бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын, ғылыми және
педагогтiк қызметтi, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта
даярлауды жүзеге асыратын оқу орны;

      26) институционалдық аккредиттеу - бiлiм беру ұйымының бiлiм беру
бағдарламаларын мәлiмделген мәртебесiне сәйкес сапалы ұсынуы жөнiндегi
қызметiн бағалау;

      27) интернатура - медициналық жоғары оқу орындарының бiлiм
алушыларын базалық медициналық бiлiм беру шеңберiнде бiр немесе екi
жылдық даярлау нысаны;

      28) интернаттық ұйымдар - жатын орны берiле отырып, белгiлi бiр
санаттағы адамдардың бiлiм алу құқығына мемлекеттiк кепiлдiктi
қамтамасыз ететiн бiлiм беру ұйымдары;

      29) кәсiптiк бағдар - бiлiм алушының кәсiптiк қызығушылықтарына,
жеке қабiлеттерi мен психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне сәйкес
бiлiм беру және кәсiптiк мүмкiндiктер саласында, мамандық пен оқитын
орнын еркiн және саналы таңдау құқықтарын iске асыруына ақпараттар мен
консультациялық көмек беру;

      30) кәсiптiк даярлықты бағалау - техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске
асыратын бiлiм беру ұйымдары бiлiм алушыларының кәсiптiк даярлығы
деңгейiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарымен
белгiленген талаптарға сәйкес келу дәрежесiн айқындау;

      31) кәсiптiк лицей - жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн
оқу бағдарламалары мен техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң бiлiктi
кадрларын даярлау жөнiнде техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң
кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;

      32) кәсiптiк оқыту - техникалық, қызмет көрсетушi және басқарушы
еңбек мамандарын кәсiптiк даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн
арттыруды қамтитын кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнiң бiр бөлiгi;

      33) кешендi тестiлеу - ақпараттық технологиялар қолданылып,
бiрнеше оқу пәндерi бойынша бiр мезгiлде өткiзiлетiн емтихан нысаны;

      34) клиникалық база - жоғары оқу орнының немесе денсаулық сақтау
ұйымының жергiлiктi денсаулық сақтау ұйымдарының базасында жұмыс
iстейтiн, материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейi болатын,
ұйымдық-әдiстемелiк, оқу, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу
жұмысының қазiргi заманғы әдiстерi негiзiнде дәрiгерлердi, ғылыми
кадрларды даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын және
медициналық көмектiң барлық түрлерiн көрсететiн клиникасы;

      35) колледж - жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу
бағдарламалары мен техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi
бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;

      36) кредиттiк оқыту технологиясы - бiлiм алушының және оқытушының
оқу жұмысының көлемiн өлшеудiң сәйкестендiрiлген бiрлiгi ретiнде
кредиттi пайдалана отырып, бiлiм алушылардың пәндердi оқып зерделеу
дәйектiлiгiн таңдауы және дербес жоспарлауы негiзiндегi оқыту;

      37) қабылдау квотасы - I, II топтағы мүгедектер, жеңiлдiктер мен
кепiлдiктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiне
теңестiрiлген адамдар, бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балалар, ауыл
(село) жастары арасынан шыққан азаматтар мен Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды, сондай-ақ жетiм
балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды техникалық
және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн бiлiм
беру ұйымдарына қабылдау үшiн бөлiнетiн мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысының, оның iшiнде бiлiм беру гранттары көлемiнiң шектi саны;

      38) қашықтықтан бiлiм беру технологиясы - бiлiм алушы мен педагог
қызметкердiң жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара iс-қимылы
кезiнде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып
жүзеге асырылатын оқыту;

      39) қосымша бiлiм беру - бiлiм алушылардың бiлiм алу қажеттерiн
жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен
оқыту процесi;

      40) лицей - негiзгi орта бiлiм берудiң және жалпы орта бiлiм
берудiң жаратылыстану-ғылыми, физика-математикалық бейiндерi бойынша
жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын бiлiм алушылардың бейiмдiлiгi
мен қабiлетiне сәйкес iске асыратын оқу орны;

      41) магистр - жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк
оқу бағдарламаларын меңгерген адамдарға берiлетiн академиялық дәреже;

      42) мамандандырылған аккредиттеу - бiлiм беру ұйымы iске асыратын жекелеген бiлiм беру бағдарламаларының сапасын бағалау;

      43) мемлекеттiк аралық бақылау - оқыту сапасын бiлiм беру ұйымдарына тәуелсiз бақылаудың бiр түрi;

      44) мемлекеттiк атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының
Президентi және (немесе) Қазақстан
Республикасының Үкiметi тағайындайтын стипендия;

      45) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы - мектепке дейiнгi тәрбие
мен оқыту жөнiнде, экономиканың қажеттiлiгiн қамтамасыз ету, бiлiктi
жұмыс күшi мен қоғамның зияткерлiк әлеуетiн молықтыру үшiн бiлiктi
қызметкерлер мен мамандарды даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру және қайта
даярлау жөнiнде, сондай-ақ бiлiм беру жүйесiн оқу-әдiстемелiк
қамтамасыз ету жөнiнде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер
көлемi;

      46) оқу бағдарламасы - әрбiр оқу пәнi бойынша меңгерiлуге тиiстi
бiлiмнiң, шеберлiк пен дағдылардың мазмұны мен көлемiн айқындайтын
бағдарлама;

      47) оқу жоспары - бiлiм берудiң тиiстi деңгейiндегi оқу
пәндерiнiң (предметтерiнiң) тiзбесi мен көлемiн, оларды зерделеу
тәртiбi мен бақылау нысандарын регламенттейтiн құжат;

      48) оқу-клиникалық орталығы - медициналық жоғары оқу орнының
қазiргi заманғы аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен
жабдықталған және бiлiм алушылардың және (немесе) медицина
қызметкерлерiнiң практикалық (клиникалық) машықтарды меңгеруiне және
оларды бақылауға арналған құрылымдық бөлiмшесi;

      49) орта бiлiм - азаматтардың Қазақстан
Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген, бiлiм берудiң
мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарына сәйкес бастауыш, негiзгi
орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу
бағдарламаларын меңгеруi нәтижесiнде алатын бiлiмi;

      50) педагог қызметкерлердi аттестаттау - педагог қызметкердiң
бiлiктiлiк деңгейiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн айқындау
мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм;

      51) резидентура - клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейiнгi тереңдетiлген медициналық бiлiм алу нысаны;

      52) рухани (дiни) бiлiм беру ұйымдары - дiн қызметшiлерiн
даярлаудың кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орындары;

      53) стипендия - бiлiм алушыларға олардың тамағына, күнелтуiне
және оқу әдебиетiн сатыға алуына жұмсалатын шығындарды iшiнара жабу
үшiн берiлетiн ақша сомасы;

      54) университет - мамандықтың үш және одан да асатын тобы бойынша
(медициналық университет - екi және одан да көп) жоғары және жоғары оқу
орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске
асыратын, ғылыми және педагогтiк қызметтi, кадрлардың бiлiктiлiгiн
арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыратын және өз қызметi
саласында жетекшi ғылыми және әдiстемелiк орталық болып табылатын оқу
орны;

      55) училище - негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм
беретiн оқу бағдарламаларын және мәдениет пен өнер саласындағы
техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк
оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;

      56) ұлттық бiрыңғай тестiлеу - орта бiлiмнен кейiнгi немесе
жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына түсу емтихандарымен
бiрiктiрiлетiн, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды
қорытынды аттестаттау нысандарының бiрi;

      57) философия докторы (РhD), бейiнi бойынша доктор - тиiстi
мамандықтар бойынша докторантураның кәсiптiк оқу бағдарламаларын
меңгерген адамдарға берiлетiн жоғары академиялық дәрежелер;

      58) шағын жинақты мектеп - бiлiм алушылар контингентi шағын,
сынып-жинақтары бiрiктiрiлген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың
өзiндiк нысаны бар жалпы бiлiм беретiн мектеп;

      59) экстернат - бiлiм алушы сабаққа үнемi қатыспай-ақ тиiстi
бiлiм беру бағдарламасының оқу пәндерiн өз бетiмен оқитын оқыту
нысандарының бiрi;

      60) эксперименттiк алаң - жаңа педагогтiк технологиялар мен бiлiм
беретiн оқу бағдарламаларын мақұлдаудан өткiзуге арналған эксперимент
режимiнде бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру
ұйымы;

      61) элиталық бiлiм - дарынды адамдарға арналған мамандандырылған
бiлiм беру ұйымдарында iске асырылатын арнайы бiлiм беретiн оқу
бағдарламалары бойынша алынатын бiлiм.

      2-бап. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы
            заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен
тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық
шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық
шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк
            саясаттың принциптерi

      1. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:

      1) баршаның сапалы бiлiм алуға құқықтарының теңдiгi;

      2) бiлiм беру жүйесiн дамытудың басымдығы;

      3) әрбiр адамның зияткерлiк дамуы, психикалық-физиологиялық және
жеке ерекшелiктерi ескерiле отырып, халықтың барлық деңгейдегi бiлiмге
қолжетiмдiлiгi;

      4) бiлiм берудiң зайырлы, гуманистiк және дамытушылық сипаты,
азаматтық құндылықтардың, адам өмiрi мен денсаулығының, жеке адамның
еркiн дамуының басымдығы;

      5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;

      6) жеке адамның бiлiмдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;

      7) бiлiм беру деңгейлерiнiң сабақтастығын қамтамасыз ететiн бiлiм беру процесiнiң үздiксiздiгi;

      8) оқыту мен тәрбиенiң бiрлiгi;

      9) бiлiм берудi басқарудың демократиялық сипаты, бiлiм беру жүйесi қызметiнiң ашықтығы;

      10) бiлiм беру ұйымдарының меншiк нысандары, оқыту мен тәрбиенiң
нысандары, бiлiм беру бағыттары бойынша алуан түрлi болуы.

      2. Бiлiм беру ұйымдарында саяси партиялар мен дiни ұйымдардың
(бiрлестiктердiң) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметiне
тыйым салынады.

 2-тарау. БIЛIМ БЕРУ ЖҮЙЕСIН БАСҚАРУ

      4-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бiлiм беру
            саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:

      1) бiлiм берудi дамыту жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi және iске асырады;

      2) бiлiм берудi дамытудың мемлекеттiк бағдарламалары мен бiлiм
беру жүйесiн дамытудың стратегиялық жоспарларын әзiрлейдi және
Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады, оларды iске
асыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

      3) еңбек нарығының кадрларға ағымдағы және келешектегi қажеттiгiнiң тұрақты мониторингi жүйесiн қалыптастырады;

      4) әлеуметтiк әрiптестердiң кәсiптiк бiлiм беру проблемаларын
шешуге қатысуын қамтамасыз етедi және республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң бiлiм беру ұйымдарындағы мамандар
даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi, сондай-ақ
техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандар
даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiтедi;

      5) бiлiм беру грантын беру ережелерiн бекiтедi;

      6) бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарын
әзiрлеу, бекiту тәртiбiн және оның қолданылу мерзiмдерiн айқындайды;

      7) Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау ережелерiн және Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу ережелерiн бекiтедi;

      8) бiлiктiлiк талаптарын және Бiлiм беру қызметiн лицензиялау ережелерiн бекiтедi;

      9) мемлекеттiк үлгiдегi бiлiм беру туралы құжаттардың түрлерi мен нысандарын және оларды беру тәртiбiн анықтайды;

      10) халықтың тығыздығына және елдi мекендердiң қашықтығына қарай
бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдiк берiлген мемлекеттiк
нормативiн бекiтедi;

      11) мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгiлiк
штаттарын, сондай-ақ педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген
адамдар лауазымдарының тiзбесiн айқындайды;

      12) Қазақстан Республикасының Президентiне жеке адамның
тәрбиесiне, оқуына және кәсiптiк қалыптасуына аса зор үлес қосқан
жекелеген бiлiм беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыныс
енгiзедi және Инновациялық университет туралы ереженi бекiтедi;

      13) мемлекеттiк басқару органының ұсынысы бойынша бюджет қаражаты
есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын құрады,
қайта ұйымдастырады және таратады;

      14) бiлiм беру мониторингiн жүзеге асырудың тәртiбiн белгiлейдi;

      15) "Болашақ" халықаралық стипендиясын беруге арналған Үмiткерлердi iрiктеу ережелерiн бекiтедi;

      16) мемлекеттiк атаулы стипендияларды бекiтедi;

      17) "Алтын белгi" белгiсi туралы ереженi бекiтедi;

      18) "Жоғары оқу орнының үздiк оқытушысы" және "Үздiк педагог" атақтарын беру ережелерiн бекiтедi;

      19) тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары, оның iшiнде балаларға
арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм
беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк ережелерiн бекiтедi;

      20) Дарынды балаларға арналған мамандандырылған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң ережелерiн бекiтедi;

      21) Әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушылар мен күнкөрiсi төмен
отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға қаржылай және материалдық көмек
көрсетуге бөлiнетiн қаражатты жұмсау ережелерiн бекiтедi;

      22) жұмыс көрсеткiштерi жоғары мемлекеттiк бiлiм беру
мекемелерiне гранттар беруге арналған мемлекеттiк конкурстарды өткiзу
ережелерiн және оларды пайдалану тәртiбiн бекiтедi;

      23) бiрiншi басшыларын Қазақстан Республикасының Президентi
тағайындайтын жоғары оқу орындарының тiзбесiн және оларды тағайындау,
аттестациядан өткiзу және қызметтен босату тәртiбi туралы ережелердi
бекiту туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi.

      5-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның
             құзыретi

      Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган мынадай функцияларды орындайды:

      1) азаматтардың бiлiм беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етедi;

      2) бiлiм беру саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске
асырады, салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, бiлiм беру және ғылым
саласындағы мақсатты және халықаралық бағдарламаларды әзiрлейдi және
iске асырады;

      3) бiлiм берудi дамытудың жай-күйi туралы жыл сайын баяндама
әзiрлеу және жариялау арқылы қоғам мен мемлекеттi бiлiм беру жүйесiнiң
жай-күйi және оның қызметiнiң тиiмдiлiгi туралы нақты ақпаратпен
қамтамасыз етедi;

      4) бiлiм берудi басқару жүйесiнiң бiлiм беру мониторингiн және
оны ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асырады, бiлiм берудiң бiрыңғай
ақпараттық жүйесiн ұйымдастыру және оның жұмыс
iстеу ережелерiн бекiтедi;

      5) бiлiм беру сапасын басқаруды, бiлiм беру ұйымдары ұсынатын
бiлiм беру қызметiн әдiстемелiк және әдiснамалық қамтамасыз етудi
жүзеге асырады;

      6) бiлiм берудiң тиiстi деңгейлерiнiң мемлекеттiк жалпыға
мiндеттi бiлiм беру (медициналық және фармацевтiк бiлiм беруден басқа)
стандарттарын әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi, бiлiм берудiң
барлық деңгейiнiң үлгiлiк бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын және
үлгiлiк оқу жоспарларын бекiтедi;

      7) конкурстық iрiктеу тәртiбi мен критерийлерiн бекiтедi және
инновациялық бiлiм беру бағдарламаларын енгiзетiн университеттердiң
конкурсын өткiзедi;

      8) бiлiм беру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияны және (немесе) қосымшаларды:
      жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға;
      бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын және
республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын заңды
тұлғаларға;
      рухани бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға (дiни оқу орындары);
      Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын және
бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын халықаралық және
шетелдiк заңды тұлғаларға бередi;

      9) меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан,
жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу
бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын (медициналық және
фармацевтiк бiлiм берудi қоспағанда), сондай-ақ республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк
аттестаттаудан өткiзедi;

      10) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк
оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын
аккредиттеудi ұйымдастырады;

      11) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм
беретiн оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен
кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк
оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру
ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгiлiк ережелерiн бекiтедi;

      12) ұлттық бiрыңғай тестiлеудi, сондай-ақ кешендi тестiлеудi өткiзу технологиясын әзiрлейдi және бекiтедi;

      13) мүдделi министрлiктермен, өзге де орталық атқарушы
органдармен, жұмыс берушiлермен және басқа да әлеуметтiк әрiптестермен
өзара iс-қимыл жасай отырып, кәсiптiк оқу бағдарламаларының деңгейi
бойынша кадрлар даярлау үшiн кәсiптер мен мамандықтар тiзбесiн
айқындайды және кәсiптер мен мамандықтардың сыныптауыштарын бекiтедi;

      14) меншiк нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына
қарамастан, бiлiм беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу
уақытын айқындайды;

      15) сырттай, кешкi нысандарда және экстернат нысанында бiлiм
алуға жол берiлмейтiн кәсiптер мен
мамандықтардың тiзбесiн белгiлейдi және жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру
ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат бередi;

      16) бiлiм алушыларды бiлiм беру ұйымдарының үлгiсi бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережелерiн бекiтедi;

      17) бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға академиялық демалыстар берудiң тәртiбiн бекiтедi;

      18) мемлекеттiк аралық бақылауды жүргiзу ережелерiн және санының
асып кетуi кезектен тыс мемлекеттiк аттестаттауға әкеп соғатын
мемлекеттiк аралық бақылаудан өтпеген бiлiм беру ұйымдарында бiлiм
алушылардың шектi санын бекiтедi;

      19) бiлiм алушылардың үлгерiмiне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткiзудiң үлгiлiк ережелерiн бекiтедi;

      20) кәсiптiк даярлық деңгейiн растаудың және техникалық және
қызмет көрсететiн еңбек кәсiптерi (мамандықтар) бойынша бiлiктiлiктi
берудiң тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;

      21) бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау тәртiбiн белгiлейдi;

      22) бiлiм және (немесе) бiлiктiлiк туралы мемлекеттiк үлгiдегi
құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi және олармен жоғары және
жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын
iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру
ұйымдарын қамтамасыз етудi ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына
бақылауды жүзеге асырады;

      23) бiлiм беру ұйымдары бiлiм беру қызметiнде пайдаланатын қатаң
есептiлiктегi құжаттардың нысанын әзiрлейдi және бекiтедi, бiлiм туралы
құжаттарды ресiмдеуге қойылатын талаптарды айқындайды; бiлiм алуды
аяқтамаған адамдарға берiлетiн анықтама нысанын бекiтедi;

      24) бiлiм беру қызметтерiн көрсетудiң үлгiлiк шартының және
кәсiптiк практикадан өткiзуге арналған үлгiлiк шарт нысандарын бекiтедi;

      25) оқу-әдiстемелiк жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және
жүргiзудi үйлестiредi, оқу-әдiстемелiк жұмысты ұйымдастырудың және
жүзеге асырудың ережелерiн, оқытудың кредиттiк технологиясы
және қашықтықтан бiлiм беру технологиялары бойынша оқу процесiн
ұйымдастырудың ережелерiн бекiтедi;

      26) республикалық орта бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ
халықаралық келiсiмдерге сәйкес шетелдiк мектептерде оқитын
отандастарды оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз
етедi;

      27) оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендерi мен оқу-әдiстемелiк
құралдарын әзiрлеу, сараптама жасау және басып шығару жөнiндегi жұмысты
ұйымдастыру ережелерiн бекiтедi және осы жұмысты ұйымдастырады; бiлiм
беру ұйымдарына арналған оқулықтарды, оқу құралдары мен басқа да
әдебиеттердi, оның iшiнде электрондық жеткiзгiштегiлерiн пайдалануға
рұқсат етедi;

      28) республикалық маңызы бар мектептен тыс iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

      29) жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадалар
мен ғылыми жарыстарды, орындаушылар мен кәсiби шеберлiктiң
республикалық конкурстарын ұйымдастыру ережелерiн бекiтедi және
өткiзудi ұйымдастырады;

      30) ведомостволық бағынысты ұйымдарды белгiленген тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыруды жүзеге асырады;

      31) ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру мекемелерiнiң жарғыларын бекiтедi;

      32) бiлiм беру ұйымдарында меншiк нысандарына және ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының бiлiм беру
саласындағы заңнамасының және нормативтiк құқықтық актiлерiнiң,
мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының, сондай-ақ
ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджеттiк және қаржылық тәртiптiң
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуына мемлекеттiк
бақылау жасауды жүзеге асырады;

      33) Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын
және лауазымнан босататын жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының
басшыларын қоспағанда, ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарының
бiрiншi басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Бiлiм беретiн ведомстволық бағыныстағы ұйым басшысының орынбасарларын
және бас бухгалтерiн тағайындауға келiсiм бередi;

      34) педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдар
лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларын әзiрлейдi және
бекiтедi;

      35) мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттiк
орта бiлiм беретiн ұйымдардың басшыларын конкурстық
тағайындау ережелерiн бекiтедi;

      36) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми
қызметкерлерiн лауазымдарға конкурстық тағайындау ережелерiн бекiтедi;

      37) педагог қызметкерлердi аттестаттау ережелерiн бекiтедi;

      38) педагог кадрларды қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

      39) салалық көтермелеу жүйесiн әзiрлейдi және бекiтедi;

      40) шетелдiк әрiптестермен келiссөздер жүргiзедi және өз құзыретi
шегiнде бiлiм беру саласында, сондай-ақ ғылыми қызметте халықаралық
шарттарға (келiсiмдерге) және бағдарламаларға қол қояды; бiлiм беру
ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастық
ұйымдарының ережелерiн белгiлейдi және осы жұмысты үйлестiредi;

      41) шетелге оқытуға жiберу тәртiбiн белгiлейдi;

      42) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды және
аккредиттеудi ұйымдастыру және оларды жүргiзу жөнiндегi нормативтiк
құқықтық актiлердi бекiтедi;

      43) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар, сондай-ақ
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдарында
техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандарды
даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастырады;

      44) Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының
анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгiленген мерзiмде жою туралы
орындалуы мiндеттi жазбаша нұсқамалар бередi.

      6-бап. Бiлiм беру саласындағы жергiлiктi өкiлдi және
             атқарушы органдардың құзыретi

      1. Жергiлiктi өкiлдi органдар:

      1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағындағы жергiлiктi
атқарушы органдар ұсынған бiлiм берудi дамыту бағдарламаларын бекiтедi,
олардың орындалуы туралы есептердi тыңдайды;

      2) бiлiм алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жол жүруi туралы шешiм қабылдайды.

      2. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы:

      1) бiлiм берудi дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және мәслихаттың бекiтуiне енгiзедi;

      2) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудi қамтамасыз етедi;

      3) балаларды арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етедi;

      4) мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етедi;

      5) бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне
тапсырыс берудi және негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм
беретiн оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске
асыратын бiлiм беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етудi ұйымдастырады
және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

      6) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң
кәсiптiк оқу бағдарламаларын, мамандандырылған және арнайы жалпы бiлiм
беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру
ұйымдарын, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдердiң спорт мектептерiн
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрады,
қайта ұйымдастырады және таратады;

      7) бiлiм беру қызметiн лицензиялауды, сондай-ақ техникалық және
кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын,
сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу
бағдарламаларын және балалар мен жасөспiрiмдерге арналған спорт бойынша
қосымша бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын заңды
тұлғаларды мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзудi ұйымдастырады;

      8) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар
мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын бекiтедi;

      9) бiлiм алушылардың ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысуын ұйымдастырады;

      10) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң
кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған
жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесiнiң
түзеу мекемелерiндегi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) iске асыратын
мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз
етудi жүзеге асырады;

      11) әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушыларға және күнкөрiсi төмен
отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға жалпы бiлiм беретiн мектептердi
ағымдағы ұстауға бөлiнетiн бюджеттiк қаражаттың бiр процентiнен кем
емес мөлшерде қаржылық және материалдық жәрдем көрсетуге қаражат
бағыттайды;

      12) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң
кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған
жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру
ұйымдары үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн сатып алуды және
жеткiзудi қамтамасыз етедi;

      13) облыс ауқымында мектеп олимпиадаларын өткiзудi қамтамасыз етедi;

      14) спорт бойынша балаларға қосымша бiлiм берудi қамтамасыз етедi;

      15) бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм
беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердiң
бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

      16) балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын тексерудi
және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтiк консультациялық
көмек көрсетудi қамтамасыз етедi; Z020343

      17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалтуды және әлеуметтiк бейiмдеудi қамтамасыз етедi;

      18) жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларды белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қамтамасыз етудi, оларды
мiндеттi жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етудi
жүзеге асырады;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен
бiлiм алушылардың жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен
тамақтандыруды ұйымдастырады;

      20) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң
кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын
мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының негiзiнде бiтiрген адамдарды
жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi;

      21) бiлiм алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жол жүруi туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзедi; P080064

      22) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша
облыстық бiлiм департаментiнiң бiрiншi басшысын тағайындайды.

      3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органы:

      1) бiлiм берудi дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және мәслихаттың бекiтуiне енгiзедi;

      2) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке
алуды, оларды мiндеттi орта бiлiм алғанға дейiн оқытуды ұйымдастырады;

      3) кешкi (ауысымды) оқыту нысанын және интернат үлгiсiндегi
ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта бiлiм берудi қоса алғанда,
мiндеттi жалпы орта бiлiм берудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

      4) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм алуды қамтамасыз етедi;

      5) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негiзгi орта
және жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм
берудiң, балаларға қосымша бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу
бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын,
сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу
бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрады,
қайта ұйымдастырады және таратады;

      6) бiлiм беру қызметiн лицензиялауды, сондай-ақ мектепке дейiнгi
тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта, техникалық
және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң, балаларға қосымша
бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын заңды
тұлғаларды, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн
оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк
аттестаттаудан өткiзудi ұйымдастырады;

      7) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк,
орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға арналған
мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiтедi;

      8) бiлiм алушылардың ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысуын ұйымдастырады;

      9) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм
беретiн оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң
кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы
жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм
беру ұйымдары үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн сатып алуды
және жеткiзудi ұйымдастырады;

      10) балаларға арналған қосымша бiлiм берудi қамтамасыз етедi;

      11) әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушыларға және күнкөрiсi төмен
отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға жалпы бiлiм беретiн мектептердi
ағымдағы ұстауға бөлiнетiн бюджеттiк қаражаттың бiр процентiнен кем
емес мөлшерде қаржылық және материалдық жәрдем көрсетуге қаражат
бағыттайды;

      12) мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару
жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) және
мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық
қамтамасыз етiлуiн жүзеге асырады;

      13) арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастырады;

      14) дарынды балаларды мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз етедi;

      15) республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауқымында мектеп олимпиадаларын өткiзудi қамтамасыз етедi;

      16) балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын тексерудi
және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтiк консультациялық көмек
көрсетудi қамтамасыз етедi;

      17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалтуды және әлеуметтiк бейiмдеудi қамтамасыз етедi;

      18) кадрларды қайта даярлауды және бюджет қаражаты есебiнен
қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн
арттыруды қамтамасыз етедi;

      19) жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларды белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қамтамасыз етудi, оларды
мiндеттi жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етудi
жүзеге асырады;

      20) мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм беру
ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет
көрсетудi ұйымдастырады;

      21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен
бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын тегiн және
жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

      22) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң
кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын
мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының негiзiнде бiтiрген адамдарды
жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi;

      23) бiлiм алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жол жүруi туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзедi;

      24) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарына қажеттi әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;

      25) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бiлiм департаменттерiнiң бiрiншi басшыларын тағайындайды.

      4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:

      1) бiлiм берудi дамыту бағдарламаларын iске асырады;

      2) кешкi (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгiсiндегi ұйымдар
арқылы ұсынылатын жалпы орта бiлiм берудi қоса алғанда, бастауыш,
негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудi қамтамасыз етедi;

      3) бiлiм алушылардың ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысуын ұйымдастырады;

      4) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке
алуды, оларды мiндеттi орта бiлiм алғанға дейiн оқытуды ұйымдастырады;

      5) арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу
бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту және
балаларға арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын
мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негiзгi орта
және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын
iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрады, қайта
ұйымдастырады және таратады;

      6) бiлiм беру қызметiн лицензиялауды, сондай-ақ мектепке дейiнгi
тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм
берудiң (арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу
бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) жалпы
бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, сондай-ақ балаларға арналған қосымша
бiлiм беру бағдарламаларын (спорт бойынша балалар мен жасөспiрiмдерге
арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын қоспағанда) iске асыратын
заңды тұлғаларды мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзудi ұйымдастырады;

      7) бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы
бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру
ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi бiлiм
беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн
жүзеге асырады;

      8) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта
бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын
бiлiм беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып
алуды және жеткiзудi ұйымдастырады;

      9) балаларға қосымша бiлiм берудi қамтамасыз етедi;

      10) аудан (қала) ауқымында мектеп олимпиадаларын өткiзудi ұйымдастырады;

      11) әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушыларға және күнкөрiсi төмен
отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға жалпы бiлiм беретiн мектептердi
ағымдағы ұстауға бөлiнетiн бюджеттiк қаражаттың бiр процентiнен кем
емес мөлшерде қаржылық және материалдық жәрдем көрсетуге қаражат
бағыттайды;

      12) жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларды белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қамтамасыз етудi, оларды
мiндеттi жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етудi
жүзеге асырады;

      13) мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм беру
ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет
көрсетудi ұйымдастырады;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен
бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын тегiн және
жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

      15) бiлiм беру ұйымдарында оқу бiтiрген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi;

      16) ауылдық жердегi бiлiм беру ұйымдарына жұмыс iстеуге келген
жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге
жәрдемдеседi;

      17) бiлiм алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жол жүруi туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзедi;

      18) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарына және
отбасыларына қажеттi әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;

      19) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша
аудандық (қалалық) бiлiм бөлiмдерiнiң бiрiншi басшыларын тағайындайды.

      5. Қаладағы ауданның, облыстық, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi:

      1) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады;

      2) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етедi, оның
iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен
мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарына медициналық қызмет
көрсетудi ұйымдастырады.
      Кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi елдi
мекенде мектеп болмаған жағдайда бiлiм алушыларды таяудағы мектепке
дейiн және керi қарай тегiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады.

      7-бап. Бiлiм беру жүйесiн басқару органдарын ақпараттық
             қамтамасыз ету

      1. Бiлiм беру жүйесiн басқару органдарын толық, дұрыс,
салыстырмалы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан
Республикасында бiлiм берудi тиiмдi басқарудың мүмкiндiктерiн
қамтамасыз ететiн бiлiм берудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесi құрылады
және жұмыс iстейдi.

      2. Бiлiм берудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесi бiлiм беру
мониторингiнiң деректерiн, оның iшiнде ведомстволық статистикалық
байқауларды және бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган, жергiлiктi
атқарушы органдар, бiлiм беру ұйымдары өз мiндеттерiн жүзеге асыру
кезiнде алған өзге де деректердi қамтиды.

      8-бап. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктер

      1. Мемлекет бiлiм алу құқығын бiлiм беру жүйесiн дамыту, оның
жұмыс iстеуiнiң құқықтық негiзiн жетiлдiру және Қазақстан
Республикасының Конституциясына сәйкес бiлiм алу үшiн қажеттi
әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етедi.
      Бiлiм беру сапасын мемлекеттiк бақылау бiлiм беру сапасын
бағалаудың ұлттық жүйесiн жасау және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету
арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының тегiн
мектепалды, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм алуын,
сондай-ақ егер азамат осы деңгейлердiң әр қайсысында бiрiншi рет бiлiм
алатын болса, мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес конкурстық
негiзде тегiн техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары
және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм алуын қамтамасыз етедi.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердiң және
азаматтығы жоқ адамдардың бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi
орган белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының азаматтарымен
бiрдей мектепалды, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм алуға
құқығы бар.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ
адамдарға, егер олар осы деңгейлердiң әрқайсысында бiрiншi рет бiлiм
алатын болса, мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес конкурстық
негiзде тегiн техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары
және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм алуға құқық берiледi.
      Шетелдiктердiң мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес
конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен
кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм алуға құқығы
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

      3. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм алуға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету
мақсатында мемлекеттiк емес бiлiм беру кредиттерiн дамыту үшiн
жағдайлар жасалады.
      Мемлекет екiншi деңгейдегi банктер беретiн бiлiм беру
кредиттерiнiң кепiлдiк жүйесiн құру және бiлiм беру кредиттерi бойынша
талап ету құқықтарын иелену арқылы екiншi деңгейдегi банктердi қайта
қаржыландыру жөнiнде шаралар қабылдайды.

      4. Мемлекет әлеуметтiк көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы
азаматтарын олардың бiлiм алуы кезеңiнде қаржылау шығыстарын толық
немесе iшiнара өтейдi.
      Әлеуметтiк көмек көрсетiлетiн Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына:

      1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      2) даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар, мүгедектер және бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балалар;

      3) көп балалы отбасылардың балалары;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын азаматтардың өзге де санаттары жатады.
      Әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн, көздерiн және беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      5. Денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы бастауыш, негiзгi
орта, жалпы орта бiлiм беретiн ұйымдарға бара алмайтын азаматтар үшiн
үйде немесе емдеу ұйымдарында тегiн жеке оқыту ұйымдастырылады.

      6. Мемлекет даму мүмкiндiктерi шектеулi азаматтардың бiлiм
алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуiне және әлеуметтiк бейiмделуiне
жағдай жасауды қамтамасыз етедi.

      7. Мемлекет тұрғындар саны аз елдi мекендерде тұратын балалардың
бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм алу құқықтарын қамтамасыз ету
үшiн шағын жинақты мектептер мен интернат ұйымдарының жұмыс iстеуiне
кепiлдiк бередi.

      8. Мемлекет Қазақстан Республикасының дарынды азаматтарының
элиталық бiлiм, оның iшiнде шетелде бiлiм алуына қажеттi жағдай жасайды.

      9-бап. Оқыту және тәрбиелеу тiлi

      1. Бiлiм беру ұйымдарындағы тiл саясаты Қазақстан Республикасының
Конституциясына және Қазақстан Республикасының тiл
туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Меншiк нысандарына қарамастан барлық бiлiм беру ұйымдары бiлiм
алушылардың мемлекеттiк тiл ретiнде қазақ тiлiн бiлуiн, сондай-ақ бiлiм
берудiң тиiстi деңгейiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартына
сәйкес орыс тiлiн және шет тiлдерiнiң бiреуiн оқып-үйренуiн қамтамасыз
етуге тиiс.

      3. Ана тiлiнде бiлiм алу құқығы тиiстi бiлiм беру ұйымдарының
мүмкiндiктерi болған жағдайда сыныптар, топтар құрумен, сондай-ақ
олардың жұмыс iстеуiне жағдай жасаумен қамтамасыз етiледi.

      4. Мемлекеттiк тiл және орыс тiлi бiрыңғай ұлттық тестiлеу бағдарламасына енгiзiлетiн мiндеттi пәндер болып табылады.

 3-тарау. БIЛIМ БЕРУ ЖҮЙЕСI

      10-бап. Бiлiм беру жүйесi ұғымы

      Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесi өзара iс-қимыл жасайтын:

      1) бiлiм беру деңгейiнiң сабақтастығын қамтамасыз ететiн
мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының және бiлiм
беретiн оқу бағдарламаларының

      2) меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан, бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының

      3) бiлiм берудi басқару органдары және тиiстi инфрақұрылымдар,
оның iшiнде бiлiм сапасы мониторингiн жүзеге асыратын ғылыми және
оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету ұйымдарының жиынтығын бiлдiредi.

      11-бап. Бiлiм беру жүйесiнiң мiндеттерi

      1. Бiлiм беру жүйесiнiң мiндеттерi:

      1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және
кәсiптiк шыңдауға бағытталған сапалы бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар
жасау;

      2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат
мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк
негiздерiн қалыптастыру, даралықты дамыту үшiн жағдай жасау арқылы
ой-өрiсiн байыту;

      3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан
Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге,
халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез
келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;

      4) белсендi азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу,
республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу
қажеттiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы
көзқарасын қалыптастыру;

      5) отандық және әлемдiк мәдениеттiң жетiстiктерiне баулу; қазақ
халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен
дәстүрлерiн зерделеу; мемлекеттiк тiлдi, орыс, шетел тiлдерiн меңгерту;

      6) педагог қызметкерлердiң әлеуметтiк мәртебесiн арттыруды қамтамасыз ету;

      7) бiлiм беру ұйымдарының ерiктiлiгiн, дербестiгiн кеңейту, бiлiм беру iсiн басқаруды демократияландыру;

      8) қоғам мен экономиканың қажеттерiне жауап беретiн бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесiнiң жұмыс iстеуi;

      9) оқытудың жаңа технологияларын, оның iшiнде кәсiптiк бiлiм беру
бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгерiп отыратын
қажеттерiне тез бейiмделуiне ықпал ететiн кредиттiк, қашықтан оқыту,
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгiзу және тиiмдi
пайдалану;

      10) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек
нарығының қажеттерi арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететiн және
әркiмге өзiнiң бiлiмге негiзделген жеке әлеуетiн қоғамда барынша
пайдалануға көмектесетiн оқыту жүйесiн өмiр бойы дамыту;

      11) бiлiмнiң, ғылымның және өндiрiстiң интеграциясы;

      12) бiлiм алушылардың кәсiптiк бағдарлануын қамтамасыз ету;

      13) жұмыс берушiлермен және басқа да әлеуметтiк әрiптестермен
белсендi өзара iс-қимыл арқылы техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң
озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету болып табылады.

      12-бап. Бiлiм беру деңгейлерi

      Қазақстан Республикасындағы бiлiм беру жүйесi бiлiм беретiн
оқу бағдарламаларының үздiксiздiгi және сабақтастығы принципi негiзiнде
мынадай бiлiм беру деңгейлерiн:

      1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуды;

      2) бастауыш бiлiм берудi;

      3) негiзгi орта бiлiм берудi;

      4) орта бiлiм берудi (жалпы орта бiлiм берудi, техникалық және
кәсiптiк бiлiм берудi);

      5) орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудi;

      6) жоғары бiлiм берудi;

      7) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудi қамтиды.

 4-тарау. БIЛIМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

      13-бап. Бiлiм беру мазмұнының ұғымы

      Бiлiм беру мазмұны - жеке адамның бiлiктiлiгi мен жан-жақты
дамуын қалыптастыру үшiн негiз болып табылатын бiлiм берудiң әрбiр
деңгейi бойынша бiлiмдер жүйесi (кешенi).
      Бiлiм беру мазмұны бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi
стандарттары негiзiнде әзiрленетiн бiлiм беретiн оқу бағдарламаларымен
айқындалады.

      14-бап. Бiлiм беретiн оқу бағдарламалары

      1. Бiлiм беретiн оқу бағдарламалары мазмұны мен бағыттарына (мiндеттерiне) қатысты:

      1) жалпы бiлiм беретiн (үлгiлiк, жұмыстық);

      2) кәсiптiк (үлгiлiк, жұмыстық);

      3) қосымша болып бөлiнедi.
      Үлгiлiк жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк оқу бағдарламалары
мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына
сәйкес әзiрленедi.
      Жұмыстық жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк оқу бағдарламалары тиiстi үлгiлiк оқу бағдарламаларының негiзiнде әзiрленедi.

      2. Жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары жеке адамның жалпы
мәдениетiн қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмiрге бейiмдеудiң
мiндеттерiн шешуге, кәсiптi, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру
үшiн негiз жасауға бағытталған.
      Жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары мазмұнына қарай мынадай оқу бағдарламаларына:

      1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту;

      2) бастауыш бiлiм беру;

      3) негiзгi орта бiлiм беру;

      4) жалпы орта бiлiм беру болып бөлiнедi.
      Дарынды адамдардың әлеуеттi мүмкiндiктерiн неғұрлым толық дамыту
үшiн оқу бағдарламасының жекелеген пәндерiн тереңдетiп оқытуды
көздейтiн мамандандырылған бiлiм беретiн оқу бағдарламалары әзiрленедi.
      Адамдардың жекелеген санаттары үшiн
психологиялық-медициналық-педагогтiк консультациялардың ұсынымдары
ескерiле отырып айқындалатын, бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң
даму және әлеуеттiк мүмкiндiктерiнiң ерекшелiктерi ескерiлетiн арнайы
бiлiм беретiн оқу бағдарламалары әзiрленедi.

      3. Кәсiптiк оқу бағдарламалары экономика салаларындағы кәсiптiк
қызметтердiң бағыттары бойынша техникалық, қызмет көрсету және басқару
еңбегi мамандарын даярлауға, жеке адамның кәсiптiк және жалпы бiлiм
деңгейiн жүйелi арттыруға бағытталған.
      Кәсiптiк оқу бағдарламалары мазмұнына қарай:

      1) техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн;

      2) орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн;

      3) жоғары бiлiм беретiн;

      4) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беретiн оқу бағдарламаларына бөлiнедi.

      4. Қосымша бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бiлiм
алушылардың өзiн-өзi билеуiн, шығармашылығын дамыту, олардың
қабiлеттерiн iске асыру, қоғам өмiрiне бейiмделуi, азаматтық
сана-сезiмiн, жалпы мәдениетiн, салауатты өмiр салтын қалыптастыру, бос
уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшiн жағдайлар жасауды көздейдi.

      5. Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткiзу, бiлiм берудiң
жаңа мазмұнын енгiзу үшiн эксперимент режимiнде (эксперименттiк
алаңдарда) жұмыс iстейтiн бiлiм беру ұйымдарында iске асырылатын
эксперименттiк бiлiм беретiн оқу бағдарламалары әзiрленедi.

      6. Интеграцияланған бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын бiлiм беру
ұйымдары бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша
әзiрлейдi. Интеграцияланған бiлiм беретiн оқу бағдарламалары пәнаралық
және деңгейаралық, жоғары оқу орындары аралық және халықаралық болуы
мүмкiн.

      7. Әскери мамандықтар бойынша кәсiптiк оқу бағдарламаларын бiлiм
беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан
Республикасының Қорғаныс министрлiгi бекiтедi.

      8. Медициналық және фармацевтiк мамандықтар бойынша үлгiлiк
кәсiптiк оқу бағдарламаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi
орган бекiтедi.

      9. Бiлiм беру ұйымы лицензиясы болған жағдайда әртүрлi деңгейдегi оқыту бағдарламаларын iске асыруға құқылы.

      15-бап. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм
              беретiн оқу бағдарламалары

      1. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм беретiн оқу
бағдарламалары iс-әрекет түрлерiнiң мектеп жасына дейiнгi балалар үшiн
ерекшелiктерiн ескере отырып, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың
мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының негiзiнде әзiрленедi.

      2. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары:

      1) балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтыру тұтастығы
принциптерiн ескере отырып, мектепке дейiнгi және бастауыш бiлiм
берудiң сабақтастығы мен үздiксiздiгiн қамтамасыз етедi;

      2) әр баланың талабын, бейiмдiлiгiн, қабiлеттiлiгiн, дарындылығын
iске асыруға және оның даму ерекшелiктерi мен денсаулық жағдайын ескере
отырып, дара әдiс негiзiнде оны бастауыш бiлiм берудiң бiлiм беру
бағдарламасын меңгеруге даярлауға бағдарланады.

      3. Мектепке дейiнгi оқытудың жалпы бiлiм беретiн оқу
бағдарламалары оқудың, жазудың, есептеудiң және тiлдiк қатынас
тәжiрибесiнiң қарапайым дағдыларын қалыптастырады және бастауыш бiлiм
берудi меңгеру үшiн бiрдей бастапқы жағдайларды жасауды көздейдi.

      16-бап. Бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм
              берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары

      1. Бастауыш бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары
баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабiлеттерiн, оқу iсiндегi
оң талпынысы мен алғырлығын: негiзгi мектептiң бiлiм беру
бағдарламаларын кейiннен меңгеру үшiн оқудың, жазудың, есептеудiң,
тiлдiк қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзiн-өзi көрсетудiң,
мiнез-құлық мәдениетiнiң берiк дағдыларын дамытуға бағытталған.
      Бастауыш бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламасын игеру мерзiмi - төрт жыл.
      Жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламасын игеру бiлiм алушылар
бiлiмiне аралық бақылаумен және бiлiм алушылардың оқу жетiстiктерiн
iрiктемелi мониторингтiк бағалаумен аяқталады.

      2. Негiзгi орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу
бағдарламалары бiлiм алушылардың ғылым жүйесiнiң базалық негiздерiн
меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың
жоғары мәдениетiн қалыптастыруға, жеке адамның өзiн-өзi билеуiне және
кәсiптiк бағдарлануына бағытталады.
      Жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламасы бiлiм алушылардың бейiн алды даярлығын қамтиды.
      Әрбiр пәннiң мазмұнын зерделеу негiзгi орта бiлiм беру деңгейiнде аяқталады.
      Негiзгi орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламасын игеру мерзiмi - алты жыл.

      3. Жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу
бағдарламалары бiлiм алушылардың бағдарланатын кәсiпке дейiнгi
даярлығын жүзеге асыру үшiн әлеуметтiк-гуманитарлық,
жаратылыстану-ғылыми, технологиялық және басқа да бағыттар бойынша
бейiндiк оқытуды енгiзе отырып саралау, интеграциялау және бiлiм беру
мазмұнын кәсiптiк бағдарлау негiзiнде әзiрленедi.
      Жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламасын игеру мерзiмi - екi жыл.

      17-бап. Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң бiлiм
              беретiн оқу бағдарламалары

      1. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру орта бiлiм беру деңгейiнiң
құрамдас бөлiгi болып табылады және қоғамдық пайдалы кәсiптiк
қызметтердiң негiзгi бағыттары бойынша техникалық және қызмет көрсету
еңбегiнiң бiлiктi мамандарын даярлауға бағытталған.

      2. Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу
бағдарламалары бағдарлама мазмұнына және бiлiм алушылардың даярлық
бiлiктiлiгiнiң деңгейiне қатысты:

      1) техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң жаппай кәсiптерi
бойынша кадрлар даярлауды көздейтiн техникалық және кәсiптiк бiлiм
беретiн оқу бағдарламалары болып бөлiнедi.
      Бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының мазмұны:
      жалпы кәсiптiк және арнайы пәндердi табысты игеру, кәсiптiк
дағдыларды иелену жөнiнде өндiрiстiк оқудан өту үшiн бейiндеушi болып
табылатын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша интеграцияланған курстарды
зерделеудi;
      бiлiм алушыларға нақты мамандық бойынша кәсiптiк бiлiктiлiктiң
қол жеткiзiлген деңгейiн (разряд, сынып, санат) берудi көздейдi.

      2) жоғары технологиялармен және кәсiптiк қызметпен байланысты
экономиканың барлық салаларында техникалық және қызмет көрсету
еңбегiнiң жұмыстарын орындаудың неғұрлым күрделi (аралас) кәсiптерiн,
мамандықтары мен практикалық дағдыларын игерудi көздейтiн техникалық
және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын берудi көздейдi.
      Бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының мазмұны:
      жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсiптiк, арнайы пәндердi
зерделеудi, кәсiптiк дағдыларды иемдену және бекiту жөнiнде өндiрiстiк
оқудан және кәсiптiк практикадан өтудi;
      бiлiм алушыларға нақты мамандық бойынша кәсiптiк бiлiктiлiктiң жоғары деңгейiн берудi көздейдi.

      3) техникалық еңбектiң жоғары бiлiктi мамандарын даярлауды,
оларды қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз ететiн
техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi көздейдi.
      Бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының мазмұны:
      техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң интеграцияланған бiлiм
беру бағдарламаларын жоғары оқу орындарының 1-2-курстарының бiлiм беру
бағдарламаларымен қоса зерделеудi көздейдi.
      Екi жылдық оқыту аяқтағаннан және аралық аттестаттаудан өткеннен
кейiн бiлiм алушыларға нақты мамандық бойынша кәсiптiк бiлiктiлiктiң
қол жеткiзген деңгейi (разряды, сыныбы, санаты) берiледi.
      Үш жылдық оқытуды аяқтағаннан және аралық аттестаттаудан өткеннен
кейiн бiлiм алушыларға нақты мамандық бойынша кәсiптiк бiлiктiлiктiң
жоғары деңгейi берiледi.
      Оқытудың толық курсын аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан
өткеннен кейiн бiлiм алушыларға орта буын маманы бiлiктiлiгi берiледi.

      3. Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң мәдениет және өнер
мамандықтары бойынша кәсiптiк оқу бағдарламалары көрсетiлген
мамандықтар бойынша бiлiм алушылардың ерте мамандануын және даярлау
ерекшелiктерiн ескере отырып әзiрленедi. Оқыту ұзақтығы оқу
бағдарламаларының күрделiлiгi мен берiлетiн бiлiктiлiк деңгейiне
қатысты және тиiстi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру
стандартымен айқындалады.

      4. Жалпы орта бiлiмi бар азаматтар үшiн техникалық және кәсiптiк
бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламалары жалпы кәсiптiк, экономикалық,
арнайы пәндердi зерделеудi және таңдаған мамандығы бойынша болашақ
кәсiптiк қызметiн айқындайтын оқу-өндiрiстiк жұмыстарды орындауды
көздейдi.

      5. Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң кәсiптiк оқу
бағдарламалары теориялық және өндiрiстiк оқыту бағдарламаларынан тұрады.

      18-бап. Мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу
              бағдарламалары

      Мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары
негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу
бағдарламалары негiзiнде әзiрленедi және бiлiм алушылардың ғылым,
мәдениет, өнер, спорт, әскери iс негiздерiн терең игеруiне, олардың
шығармашылық әлеуеттерi мен дарын-қабiлеттерiн дамытуға бағытталған.
      Мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары дарынды
балаларға арналған мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскер қатарына шақыруға
дейiнгi терең даярлықты мамандандырылған мектептерiнде iске асырылады.

      19-бап. Арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары

      1. Арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары жалпы бiлiм
беретiн оқу бағдарламалары негiзiнде әзiрленедi және мүмкiндiгi
шектеулi балаларды оқытуға және дамытуға бағытталған, бiлiм алушылар
мен тәрбиеленушiлердiң психологиялық-медициналық-педагогтiк
консультациялар ұсыныстарын ескере отырып айқындалатын
психикалық-физикалық ерекшелiктерiн және танымдық мүмкiндiктерiн
ескередi.

      2. Ұзақ уақыт емделудi қажет ететiн адамдар үшiн, сондай-ақ даму
мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен жасөспiрiмдер үшiн жалпы бiлiм
беретiн арнайы түзеу оқу бағдарламалары әзiрленедi және енгiзiледi.

      3. Арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген арнайы бiлiм беру
ұйымдарында немесе үйде iске асырылады. Z050039 Z040591

      20-бап. Орта бiлiм беруден кейiнгi кәсiптiк оқу
              бағдарламалары

      1. Орта бiлiм беруден кейiнгi кәсiптiк оқу бағдарламалары орта
бiлiмi бар (жалпы орта немесе техникалық және кәсiптiк) азаматтар
қатарынан гуманитарлық мамандықтар бойынша қызмет көрсету және басқару
еңбегiнiң кiшi мамандарын даярлауға бағытталған.
      Жалпы орта бiлiмi бар азаматтардың орта бiлiм беруден кейiнгi
кәсiптiк оқу бағдарламаларын (медицина мамандықтарынан басқа) игеру
мерзiмi кемiнде екi жыл, ал техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар адамдар
үшiн - кемiнде бiр жыл.

      2. Орта бiлiм беруден кейiнгi кәсiптiк оқу бағдарламаларының мазмұны:

      1) кәсiптiк пәндермен қатар жоғары бiлiм берудiң 1-2 курстарының
кәсiптiк оқу бағдарламаларымен интеграцияланған,
әлеуметтiк-гуманитарлық және ғылыми жаратылыстану пәндерiн оқуды;

      2) оқыту аяқталғаннан кейiн қызмет көрсету және басқару еңбегiнiң кiшi маманы бiлiктiлiгiн берудi көздейдi.

      21-бап. Жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламалары

      1. Жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламалары бiлiктiлiктi
және (немесе) "бакалавр" академиялық дәрежесiн бере отырып мамандар
даярлауға, олардың кәсiптiк даярлығының деңгейiн дәйектiлiкпен
арттыруға бағытталған.
      Жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламасы бойынша оқуды
аяқтап, "бакалавр" академиялық дәрежесi берiлген адамдар бiлiктiлiк
талаптары жоғары бiлiмi болуды көздейтiн лауазымдарды атқара алады.

      2. Жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларының мазмұны
жалпы бiлiм беретiн пәндер циклiн, базалық пәндердiң циклiн, бейiндеушi
пәндердiң циклiн зерделеудi, сондай-ақ тиiстi мамандықтар бойынша
кәсiптiк практикадан өтудi көздейдi.
      Пәндердiң әрбiр циклi мiндеттi құрамдас бөлiктi пәндерден және
таңдау бойынша құрамдас бөлiктi пәндерден тұрады. Бiлiм алушылардың
таңдауы бойынша құрамдас бөлiктен тұратын пәндер әрбiр циклде мiндеттi
құрамдас бөлiктi пәндердi мазмұндық толықтыруы тиiс.
      Университеттер конкурстық негiзде оқытудың жаңа сапалық
жетiлдiрiлген технологиялары, әдiстерi мен нысандары бар инновациялық
бiлiм беру бағдарламаларын әзiрлеуге және енгiзуге құқылы.

      3. Жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын игеру
мерзiмi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi жоғары бiлiм беру стандартымен
айқындалады және кемiнде 4 жыл болуға тиiс.

      4. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi немесе жоғары
бiлiмi бар азаматтар үшiн жоғары оқу орындары оқыту мерзiмiн қысқартуды
көздейтiн кәсiптiк оқу бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады.

      5. Әскери жоғары оқу орындары бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi
органмен келiсiм бойынша әзiрлеген және олардың мемлекеттiк басқару
органдары бекiткен әскери мамандықтар бойынша жоғары бiлiм берудiң
кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асырады.

      6. Интернатураның кәсiптiк оқу бағдарламасын игеру денсаулық
сақтау саласындағы уәкiлеттi орган тiзбесiн бекiтетiн клиникалық
мамандықтар бойынша жоғары медициналық бiлiм алған азаматтарды
клиникалық практикаға жiберудiң мiндеттi шарты болып табылады.
      Интернатура туралы ереженi денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

      22-бап. Жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң
             кәсiптiк оқу бағдарламалары

      1. Жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу
бағдарламалары жоғары бiлiктi ғылыми және педагог кадрлар даярлауға,
олардың ғылыми және педагогтiк даярлық деңгейiн дәйектiлiкпен арттыруға
бағытталған.

      2. Жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беретiн кәсiптiк оқу
бағдарламаларының мазмұны: базалық және бейiндiк пәндердi қамтитын
теориялық оқытуды; практиканы; диссертация жаза отырып ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргiзудi көздейдi.

      3. Резидентураның кәсiптiк оқу бағдарламаларын игеру денсаулық
сақтау саласындағы уәкiлеттi орган тiзбесiн бекiткен клиникалық
мамандықтар бойынша жоғары медициналық бiлiм алған азаматтарды
клиникалық практикаға жiберудiң мiндеттi шарты болып табылады.

      23-бап. Қосымша бiлiм берудiң бiлiм беретiн
              оқу бағдарламалары

      1. Қосымша бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бiлiм
алушылардың және тәрбиеленушiлердiң бiлiм алу және мәдени
қажеттiлiктерiн жан-жақты қанағаттандыруға бағытталған.

      2. Қосымша бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламалары мазмұнына және бағытына қатысты:

      1) бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша бiлiм беру;

      2) мамандарды қайта даярлау және бiлiктiлiктерiн арттыру оқу бағдарламалары болып бөлiнедi.

      3. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары iске асыратын қосымша бiлiм
берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын оларға қатысты мемлекеттiк
басқару органының функцияларын атқаратын органдар бекiтедi.

      24-бап. Ересектерге бiлiм беру

      Ересектерге (он сегiз жасқа толған адамдарға) бiлiм беру
қоғамда болып жатқан әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге сәйкес
бiлiмдер мен дағдылардың қосымша көлемiн алу ушiн олардың өмiр бойы
бiлiм алу қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған.
      Ересектерге бiлiм берудi бiлiм беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша
бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын құрылымдық бөлiмшелерi бар
заңды тұлғалар iске асырады.

      25-бап. Эксперименттiк бiлiм беретiн оқу бағдарламалары

      Эксперименттiк бiлiм беретiн оқу бағдарламалары оқытудың жаңа
технологияларын сынақтан өткiзуге, бiлiм берудiң жаңа мазмұнын енгiзуге
бағытталған.

 5-тарау. БIЛIМ БЕРУ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ

      26-бап. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi бiлiм беру
              ұйымдарына қабылдауға қойылатын жалпы талаптар

      1. Мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта,
техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу
орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртiбi тиiстi
үлгiдегi оқу орындарына қабылдаудың үлгiлiк ережесiмен белгiленедi.

      2. Бiлiм беру ұйымдарының қызмет көрсету аумақтарында тұратын
барлық балаларды қабылдауды қамтамасыз ететiн мектепке дейiнгi,
бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына оқуға
қабылдау тәртiбi үлгiлiк қабылдау ережелерiнiң негiзiнде жергiлiктi
атқарушы органдары бекiткен қабылдау ережесiмен белгiленедi.

      3. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары,
жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын
iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау конкурстық негiзде
азаматтардың өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары
бiлiм алу құқықтарын сақтауға кепiлдiк беруге және неғұрлым қабiлеттi
және тиiстi деңгейдегi кәсiптiк оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы
бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиiс.

      4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен
жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес оқытудың күндiзгi
нысаны бойынша шетелдiк жоғары оқу орындарында жоғары бiлiм алу үшiн
Қазақстан Республикасы азаматының конкурстық негiзде "Болашақ"
халықаралық стипендиясын алу құқығы бар.

      5. Бiлiм беру гранттарын алуға, сондай-ақ техникалық және
кәсiптiк, орта бiлiм беруден кейiнгi және жоғары бiлiмдi кадрлар
даярлауға мемлекеттiк тапсырыс бойынша бiлiм алушылардың құрамына алуға
конкурс өткiзу кезiнде:

      1) "Алтын белгi" белгiмен марапатталған адамдардың

      2) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган тiзбесiн айқындайтын
жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми
жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен
марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық
конкурстары мен спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi
дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының,
сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтары олимпиадалардың, конкурстың
немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылғы
жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен
ғылыми жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен
марапатталған) жеңiмпаздарының басым құқығы бар.
      Бiлiм беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткiзу кезiнде
көрсеткiштер бiрдей болған жағдайда жетiм балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалардың, медициналық-әлеуметтiк сараптаманың
қорытындысына сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оқуға болатын
жағдайда I және II топтағы мүгедектердiң, жеңiлдiктер мен кепiлдiктер
бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiне теңестiрiлген
адамдардың, бала кезiнен мүгедектердiң, мүгедек-балалардың және үздiк
бiлiмi туралы құжаттары (куәлiктерi, аттестаттары, дипломдары) бар
адамдардың басым құқығы бар.

      6. Техникалық және кәсiптiк бiлiм алу үшiн жоғары техникалық
мектептерге оқуға қабылдау бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi
орган айқындаған шарттармен жүзеге асырылады.

      7. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм алу үшiн жоғары оқу
орындарына және ғылыми-зерттеу ұйымдарына оқуға қабылдау бiлiм беру
саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен конкурстық негiзде
азаматтардың өтiнiштерi бойынша жүзеге асырылады.

      8. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары
бiлiм беретiн кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру
ұйымдарына оқуға түсу кезiнде:

      1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшiн;

      2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар үшiн;

      3) ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын
мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшiн;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшiн;

      5) жетiм балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдау үшiн квота көзделедi.

      9. Арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететiн
мамандықтарға оқуға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар
нәтижелерiн ескере отырып жүзеге асырылады. Мамандықтар тiзбесi және
арнаулы немесе шығармашылық емтихандарды өткiзу тәртiбi үлгiлiк
қабылдау ережелерiмен белгiленедi.

      10. Рухани (дiни) бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау орта
бiлiмi бар адамдар арасынан құрылтайшы белгiлеген тәртiппен жүзеге
асырылады.

      11. Мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстеу талап етiлетiн техникалық
және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм берудiң
жекелеген мамандықтары бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырыстарымен
оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар
туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауiпсiздiк органдарының рұқсаты бар
бiлiм беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

      12. Бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртiбiн осы Заңмен және
қабылдаудың тиiстi үлгiлiк ережелерiмен реттелмеген бөлiгiнде бiлiм
беру ұйымдарының құрылтайшысы немесе құрылтайшылары (мемлекеттiк
басқару органы) белгiлейдi.

      13. Оқуға түскен адамдармен техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру
ұйымдары үлгi нысанын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi
орган бекiтетiн шарт жасасады.

      27-бап. Бiлiм алу нысандары

      Жеке адамның қажеттiлiктерi мен мүмкiндiктерi ескерiле отырып,
бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының мазмұнына, бiлiм берудiң әрбiр
деңгейiн алуға қол жеткiзу жағдайларының жасалуына қарай оқыту
күндiзгi, кешкi, сырттай оқу және экстернат нысанында жүзеге асырылады.

      28-бап. Оқу және тәрбие процесiн ұйымдастыру

      1. Бiлiм беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие процесi жұмыстық оқу
бағдарламалары мен жұмыстық оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Бiлiм беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу және тәрбие жұмысын
жоспарлау мен есепке алу оқу және тәрбие процесiн ұйымдастырудың негiзi
болып табылады.
      Оқу және тәрбие жұмыстарын жоспарлау оқу жоспарлары мен
бағдарламаларының толық көлемде уақтылы және сапалы орындалуын
қамтамасыз етуге тиiс.
      Бiлiм беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмыстарын жоспарлау оқу
жылына арналған оқу-тәрбие процесiнiң графигi мен теориялық және
практикалық сабақтардың кестесiн бекiту арқылы жүзеге асырылады.
      Бiлiм беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмыстарының есебi
теориялық және өндiрiстiк оқытудың есепке алу журналдарын және оқу
бағдарламаларының оқу сағаттарында орындалуын есепке алу табельдерiн
жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.

      3. Бiлiм беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары оқу процесiнiң
құрамдас бөлiгi болып табылады және бiлiм алушылардың,
тәрбиеленушiлердiң патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары
моральдық және имандылық сезiмiн қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты
қызығушылықтары мен қабiлеттерiн дамытуға бағытталған.
      Бiлiм беру ұйымдарында нәсiлдiк, этностық, дiни, әлеуметтiк
ымырасыздық пен айырықшалықты насихаттауға, милитаристiк және де
халықаралық құқық пен iзгiлiктiң жалпыға танылған принциптерiне қайшы
келетiн өзге де идеяларды насихаттауға тыйым салынады.

      4. Оқу және тәрбие процесi бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң,
педагог қызметкерлердiң адамгершiлiк қадiр-қасиетiн өзара құрметтеу
негiзiнде жүзеге асырылады.
      Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қатысты күш көрсету,
моральдық және психикалық қысым жасау әдiстерiн қолдануға жол
берiлмейдi.

      5. Азаматтарды күндiзгi бөлiмдерiнде оқыту уақыты мерзiмдi әскери
қызметтi өткеруге теңестiрiлетiн бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм беру
қызметiн ұйымдастыру тәртiбiн олардың мемлекеттiк басқару органдары
айқындайды.

      6. Әскерге шақырылуға дейiнгi және шақырылу жасындағы бiлiм
алушылардың негiзгi орта бiлiм беру базасындағы алғашқы әскери даярлығы
- жалпы орта бiлiм берудiң жалпы орта бiлiм беретiн оқу
бағдарламаларын, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм
беретiн кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру
ұйымдарында (арнаулы бiлiм беру ұйымдарынан басқа), ал жоғары бiлiм
беретiн кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру
ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген
тәртiппен әскери кафедраларда жүзеге асырылады.

      7. Бiлiм беру ұйымдары бiлiм алушылардың бiлiм беретiн оқу
бағдарламаларын меңгеруiн бақылау мақсатында бiлiм алушылардың
үлгерiмiн ағымдағы бақылауды және бiлiм алушыларды аралық аттестаттауды
жүзеге асырады.
      Бiлiм беру ұйымдары бiлiм алушылардың үлгерiмiне ағымдағы
бақылауды және бiлiм алушыларды аралық аттестаттауды жүргiзудiң
нысандарын, тәртiбiн және мерзiмдiлiгiн таңдауда дербес болады.

      8. Негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң
бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын меңгеру бiлiм алушыларды мiндеттi
қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

      9. Жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды және оқуын
бiтiретiн жылы орта бiлiмнен кейiнгi немесе жоғары бiлiм беретiн
ұйымдарға оқуға түсуге ниет бiлдiрушiлердi қорытынды аттестаттау ұлттық
бiрыңғай тестiлеу нысанында жүзеге асырылады.

      10. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушыларын қорытынды аттестаттау:

      1) бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттауды;

      2) кәсiптiк даярлығының деңгейiн бағалауды және бiлiктiлiктi берудi қамтиды.
      Жоғары бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк оқу бағдарламаларын меңгерген
бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау ерекшелiктерiн бiлiм беру
саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.

      11. Бiлiм беру ұйымдары кәмелетке толмаған бiлiм алушылардың,
тәрбиеленушiлердiң ата-аналарына және өзге де заңды өкiлдерiне оқу және
тәрбие процесiнiң барысымен және мазмұнымен, сондай-ақ бiлiм
алушылардың үлгерiмiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.

      29-бап. Ғылыми және оқу-әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру

      1. Ғылым мен бiлiмдi интеграциялау, оқу және тәрбие процесiн
қамтамасыз ету және жетiлдiру, оқытудың жаңа технологияларын әзiрлеу
және енгiзу, бiлiм беру ұйымдарында және тиiстi инфрақұрылымда педагог
қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз ету мақсатында ғылыми
және оқу-әдiстемелiк жұмыс жүзеге асырылады.

      2. Ғылыми және оқу-әдiстемелiк жұмысқа басшылық жасау:
      жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында аудандық (қалалық) бiлiм бөлiмдерiнiң әдiстемелiк кабинеттерiне;
      техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру
ұйымдарында облыстық (қалалық) бiлiм департаменттерiнiң әдiстемелiк
кабинеттерiне жүктеледi.

      3. Бiлiм беру ұйымдарында және тиiстi инфрақұрылымда, оның iшiнде
ғылыми және оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету ұйымдарында ғылыми және
оқу-әдiстемелiк қызметтi үйлестiру бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi
орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

      30-бап. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту

      1. Бiр жастан бес жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi
тәрбиелеу отбасында және (немесе) мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге
асырылады.

      2. Жергiлiктi атқарушы органдар отбасына және мектепке дейiнгi
ұйымдарға қажеттi әдiстемелiк және консультациялық көмек ұйымдастырады.

      3. Мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқуға бес жастан бастап мектепалды даярлық түрiнде жүзеге асырылады.
      Мектепалды даярлық мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi
ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және
гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы мектепалды даярлық тегiн болып табылады.

      31-бап. Бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта
             бiлiм беру

      1. 1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады.

      2. Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм
беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын орта бiлiм беретiн ұйымдардың
негiзгi түрлерi мектеп, гимназия, лицей, бейiндiк мектеп болып табылады.

      3. Он алты жасқа дейiнгi балаларды орта бiлiм беретiн мемлекеттiк
ұйымдардан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, бiлiм беру
ұйымдарының жарғысын өрескел және бiрнеше рет бұзғаны үшiн бiлiм беру
ұйымы мемлекеттiк басқару органының шешiмi бойынша ерекше жағдайларда
рұқсат етiледi.
      Жетiм балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
шығару туралы шешiм қорғаншы және қамқоршы ұйымдардың келiсiмiмен
қабылданады.

      32-бап. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру

      1. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру негiзгi орта және (немесе)
жалпы орта бiлiм беру базасында кәсiптiк лицейлерде, училищелерде,
колледждерде және жоғары техникалық мектептерде жүзеге асырылады.
      Техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн ұйымдардағы оқу процесi
оқу-өндiрiстiк шеберханаларында, оқу шаруашылықтары мен оқу
полигондарында өндiрiстiк оқыту шеберiнiң басшылығымен орындалатын
теориялық сабақтарды және өндiрiстiк оқытуды қамтиды.

      2. Кәсiптiк оқыту тiкелей өндiрiсте, оқу-өндiрiстiк
комбинаттарында, оқу орталықтарында, курстарда, бiлiм беру қызметiн
жүзеге асыру құқығына Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлген лицензиясы
бар болған кезде және жұмысшылар даярлауды жүзеге асыратын заңды
тұлғалардың оқу-өндiрiстiк құрылымдарында жүзеге асырылуы мүмкiн.

      33-бап. Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру

      Орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк оқу бағдарламалары негiзгi түрi
колледж болып табылатын бiлiм беру ұйымдарында iске асырылады.
      Орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк оқу бағдарламалары бойынша
мамандарды даярлау, тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi
орган бекiтетiн гуманитарлық мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

      34-бап. Жоғары техникалық мектептер

      Жоғары техникалық мектептер техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi интеграцияланған бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын
iске асырады.

      35-бап. Жоғары бiлiм беру

      1. Жоғары бiлiмдi жалпы орта немесе техникалық және кәсiптiк
немесе орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар азаматтар алады. Азаматтың
конкурстық негiзде тегiн жоғары бiлiм алуға құқығы бар.

      2. Жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламалары негiзгi
түрлерi университет, академия, институт және оларға теңестiрiлгендер
(консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) болып табылатын жоғары оқу орындарында iске асырылады.
      Инновациялық бiлiм беру бағдарламаларын енгiзетiн университеттер инновациялық университеттер болып табылады.
      Жоғары оқу орындарының филиалдары, лицензиялануға жататын бiлiм
беру қызметiнiң кiшi түрлерiн қоспағанда, бiлiм беру қызметiн жүзеге
асыруға құқылы.

      3. Жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын меңгеру
бойынша қорытынды аттестаттаудан табысты өткен бiлiм алушыға бiлiктiлiк
және (немесе) "бакалавр" академиялық дәрежесi берiледi.

      4. Бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру және ғылыми-қолданбалы
зерттеулердi жүргiзу үшiн жоғары оқу орындары инновациялық-бiлiм беру
консорциумын құруға және (немесе) оған кiруге құқылы.

      36-бап. Жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру

      1. Жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмдi жоғары бiлiмi бар азаматтар алады.

      2. Ғылыми және педагог кадрларды даярлау жоғары оқу орындарының
және ғылыми ұйымдардың магистратурасы мен докторантурасында, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын
бекiтiлетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес күндiзгi оқыту нысаны бойынша
шет елдердiң жоғары оқу орындарына "Болашақ" халықаралық стипендиясының
стипендиаттарын оқуға жiберу арқылы жүзеге асырылады.
      Әскери мамандықтар бойынша магистратураның кәсiптiк оқу
бағдарламаларын iске асыру әскери жоғары оқу орындарының
адъюнктурасында жүзеге асырылады.

      3. Кадрларды магистратурада даярлау жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламалары негiзiнде:

      1) екi жылдық оқу мерзiмiмен ғылыми және педагогтiк;

      2) кемiнде бiр жыл оқыту мерзiмiмен бейiндiк болып екi бағытта жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қорытынды аттестаттаудан табысты өткен және
магистрлiк диссертациясын көпшiлiк алдында қорғаған бiлiм алушыға
тиiстi мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесi берiледi.

      4. Докторантурада магистратураның кәсiптiк оқу бағдарламалары
негiзiнде кемiнде үш жыл оқу мерзiмiмен философия докторлары (РhD) мен
бейiнi бойынша докторлар даярлау жүзеге асырылады.

      5. Жоғары оқу орнынан кейiнгi медициналық және фармацевтiк бiлiм
беру резидентураны, магистратура мен докторантураны қамтиды.
      Резидентурада мамандануына қарай оқыту ұзақтығы екi жылдан төрт
жылға дейiн клиникалық мамандықтар бойынша тереңдетiле даярлау жүзеге
асырылады. Резидентура туралы ереженi денсаулық сақтау саласындағы
уәкiлеттi орган бекiтедi.

      37-бап. Қосымша бiлiм беру

      1. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша бiлiм беру,
түрлерiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын қосымша
бiлiм беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
      Қосымша бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша
бiлiм алушыларға бiлiм беру қызметтерiн көрсетудi бастауыш, негiзгi
орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу
бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары шарттық негiзде
бередi.

      2. Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау қосымша
бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм
беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда, өндiрiсте және мемлекеттiк ғылым
ұйымдары мен жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлерiнiң "Болашақ"
халықаралық стипендиясы бойынша әлемнiң жетекшi жоғары оқу орындарында,
ғылыми орталықтары мен зертханаларында ғылыми тағылымдамадан өтуi
кезiнде жүзеге асырылады.

      3. Бiлiм беру ұйымдарының педагог және ғылыми қызметкерлерiнiң
бiлiктiлiгiн арттыру бес жылда кемiнде бiр рет жүзеге асырылады.

      38-бап. Бiлiм алушылардың кәсiптiк практикасы

      1. Бiлiм алушылардың кәсiптiк практикасы мамандар даярлайтын
кәсiптiк оқу бағдарламаларының құрамдас бөлiгi болып табылады.
      Кәсiптiк практика тиiстi ұйымдарда жүргiзiледi және оқыту
процесiнде алған бiлiмдердi бекiтуге, практикалық дағдыларды игеруге
және озық тәжiрибенi меңгеруге бағытталған.

      2. Кәсiптiк практиканың түрлерi, мерзiмдерi мен мазмұны жұмыстық
оқу бағдарламаларымен және жұмыстық оқу жоспарларымен айқындалады.

      3. Кәсiптiк практиканы өткiзу үшiн бiлiм беру ұйымдары шарттық
негiзде практиканың базасы ретiнде ұйымдары айқындайды, олармен
практиканы өткiзудiң келiсiлген бағдарламалары мен күнтiзбелiк
кестелерiн бекiтедi.
      Шарттарда бiлiм беру ұйымының, практиканың базасы болып табылатын
ұйымдардың және бiлiм алушылардың мiндеттерi мен жауаптылықтары
айқындалады.

      4. Кәсiптiк практикаға кететiн шығындар бiлiм беру ұйымдарында
және практиканың базасы болып табылатын ұйымдарда көзделедi және
жасасылған шарттармен айқындалады.

      5. Практиканың базалары болып табылатын ұйымдармен шарттар бiлiм
алушылардың кәсiптiк практикасын өткiзуге арналған шарттардың үлгiлiк
нысаны негiзiнде жасасылады.

      39-бап. Бiлiм беру туралы құжаттар

      1. Лицензиясы бар, мемлекеттiк аттестаттаудан өткен және негiзгi
орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi,
жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу
бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қорытынды
аттестаттаудан өткен азаматтарға бiлiм туралы мемлекеттiк
үлгiдегi құжаттар бередi.
      Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттарды толтыруға қойылатын
талаптарды бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.

      2. Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттың болуы келесi
деңгейдегi бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алуды жалғастыру үшiн қажеттi
талап болып табылады.

      3. Бiлiм алуды аяқтамаған не қорытынды аттестаттаудан өтпеген азаматтарға белгiленген үлгiдегi анықтама берiледi.

      4. Шетелдiк бiлiм беру ұйымдары берген бiлiм туралы құжаттар
Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар (келiсiмдер)
негiзiнде танылады.
      Халықаралық шарттар (келiсiмдер) болмаған кезде азаматтардың
шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында алған бiлiмi туралы құжаттарын
нострификациялау және оларға тиiстi куәлiктердi беру бiлiм беру
саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

 6-тарау. БIЛIМ БЕРУ ҚЫЗМЕТIНIҢ СУБЪЕКТIЛЕРI

      40-бап. Бiлiм беру ұйымдары

      1. Бiр немесе бiрнеше бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске
асыратын және (немесе) бiлiм алушыларды, тәрбиеленушiлердi асырау мен
тәрбиелеудi қамтамасыз ететiн заңды тұлғалар бiлiм беру ұйымдары болып
табылады.
      Бiлiм беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар (құрылтайшылар) құрады.
      Бiлiм беру ұйымдарының қызметi тиiстi үлгiдегi бiлiм беру
ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк ережелерiмен және солардың негiзiнде
әзiрленген жарғылармен реттеледi.

      2. Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығы
лицензия алған кезден бастап туындайды және соттың лицензиядан айыру
туралы шешiмi заңды күшiне енген немесе Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен лицензия жарамсыз деп
танылған сәттен бастап тоқтатылады.

      3. Бiлiм беру ұйымының мәртебесiн (үлгiсiн, түрiн) оның
құрылтайшылары айқындайды және осы Заңның талаптары, бiлiм беру
қызметiн лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк талаптары, тиiстi
үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк ережелерi ескерiле
отырып, оның жарғыларында көрсетiледi.

      4. Бiлiм беру ұйымдары үлгiлерi мен түрлерiнiң номенклатурасын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

      5. Медициналық бiлiм беру ұйымдары қаржыландырылуы Қазақстан
Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге
асырылатын клиникалық базасы бар болған кезде ғана жұмыс iстеуi мүмкiн.
      Клиникалық базалар туралы ереженi денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

      41-бап. Бiлiм беру ұйымының жарғысы

      1. Бiлiм беру ұйымының жарғысы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген талаптардан басқа, мыналарды:

      1) iске асырылатын бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының тiзбесiн;

      2) бiлiм беру ұйымдарына қабылдау тәртiбiн;

      3) бiлiм беру процесiн ұйымдастыру тәртiбiн (оның iшiнде оқыту
және тәрбиелеу тiлiн (тiлдерiн), бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң
сабақ режимiн);

      4) бiлiмдердi ағымдағы бақылау, бiлiм алушыларды аралық және
қорытынды аттестаттау жүйесiн, оларды өткiзудiң нысандарын және
тәртiбiн;

      5) ақылы қызмет көрсетудiң тiзбесiн және тәртiбiн;

      6) бiлiм беру ұйымының бiлiм алушылармен, тәрбиеленушiлермен және
(немесе) олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкiлдерiмен
қатынастарын ресiмдеу тәртiбiн қамтуға тиiс.

      2. Бiлiм беру ұйымының жарғысында оның қызметiне қатысты және
Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де ережелер
қамтылуы мүмкiн.

      3. Бiлiм беру ұйымының жарғысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.

      42-бап. Бiлiм беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру
              және тарату

      1. Бiлiм беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Бiлiм беру ұйымы лицензиясынан айырылған немесе таратылған
жағдайда оның құрылтайшысы (құрылтайшылары) бiлiм алушыларды оқуын
жалғастыру үшiн басқа бiлiм беру ұйымдарына ауыстыруға шаралар
қолданады.

      43-бап. Бiлiм беру ұйымдарының құзыретi

      1. Бiлiм беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында,
тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдарының қызметi туралы үлгiлiк ережелер
мен бiлiм беру ұйымдарының жарғыларында белгiленген шектерде оқу және
тәрбие процесiн жүзеге асыруда, кадрларды iрiктеу мен орналастыруда
ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.

      2. Бiлiм беру ұйымдары өз қызметiн жария түрде жүзеге асырады,
жұртшылықты оқу, ғылыми-зерттеу және қаржы қызметi туралы хабардар
етедi.

      3. Бiлiм беру ұйымдарының құзыретiне мынадай функциялар:

      1) iшкi тәртiп ережелерiн әзiрлеу және бекiту;

      2) әскери мамандықтар бойынша жұмыстық оқу бағдарламалары мен
жұмыстық оқу жоспарларынан басқа, жұмыстық оқу бағдарламалары мен
жұмыстық оқу жоспарларын әзiрлеу және бекiту;

      3) егер осы Заңда және қабылдаудың Үлгiлiк ережесiнде өзгеше
көзделмесе бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берiлген лицензияға
сәйкес бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң контингентiн қалыптастыру;

      4) оқытудың жаңа технологияларын, оның iшiнде оқытудың кредиттiк
технологиясын және қашықтықтан бiлiм беру технологияларын енгiзу;

      5) ұлттық бiрыңғай тестiлеу мен техникалық және қызмет көрсету
еңбегiнiң кәсiптерi (мамандықтары) бойынша бiлiктiлiктi берудi
қоспағанда, бiлiм алушылардың үлгерiмiн ағымдық бақылауды, аралық және
қорытынды аттестатталуын жүргiзу;

      6) өз қаржы қаражаттары шектерiнде мемлекеттiк бiлiм беру
ұйымдарындағы қызметкерлерге Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лауазымдық
айлықақылар (ставкалар), қосымша ақылар, үстеме ақылар және өзге де
ынталандыратын төлемдер белгiлеу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен
кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды
қамтамасыз ету;

      8) бiлiм беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен
ақылы негiзде тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) ұсыну;

      10) жарғылық қызметтi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгiленген тәртiппен қосымша қаржылық және материалдық
қаражат көздерiн тарту;

      11) бiлiм алушыларды тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен
қамтамасыз ету, бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң денсаулығын
сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;

      12) бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша жеңiлдiктер материалдық қамсыздандыру түрлерiнiң уақтылы берiлуiн қамтамасыз ету;

      13) бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi асырау және олардың
тiршiлiк ету жағдайларының белгiленген нормалардан төмен болмауын
қамтамасыз ету;

      14) қоғамдық өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне жәрдемдесу;

      15) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаржылық есептiлiктi табыс ету;

      16) жоғары оқу орындарының ғылыми және педагог қызметкерлерiне
оқу орнының доцентi және профессоры академиялық атақтарын беру;

      17) "магистр" академиялық дәрежесiн беру жатады.

      44-бап. Бiлiм беру ұйымдарын басқару

      1. Бiлiм беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының
заңнамасына, тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымы қызметiнiң үлгiлiк
ережелерi мен бiлiм беру ұйымының жарғысына сәйкес жеке-дара басқару
және алқалылық принциптерiмен жүзеге асырылады.

      2. Бiлiм беру ұйымын тiкелей басқаруды оның басшысы жүзеге асырады.

      3. Лауазымға тағайындау және лауазымнан босату тәртiбiн Қазақстан
Республикасының Президентi айқындайтын жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу
орындарының бiрiншi басшыларын қоспағанда, бiлiм беру ұйымының басшысы
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лауазымға
тағайындалады және лауазымнан босатылады.
      Бiрiншi басшыларын Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға
тағайындайтын және лауазымнан босататын мемлекеттiк жоғары оқу
орындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      Мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттiк орта
бiлiм беру ұйымының басшысы лауазымға конкурстық негiзде тағайындалады.

      4. Бiлiм беру ұйымы басшысы лауазымының атауы, бiлiм беру
ұйымының алқалы органдарының құзыретi, құрылу және қызметiнiң тәртiбi,
олардың арасындағы өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату тиiстi үлгiдегi
бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк ережелерiмен айқындалады және
олардың жарғыларымен бекiтiледi.

      5. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымының басшысы үш жылда бiр рет
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аттестаттаудан
өтедi.
      Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын және
лауазымнан босататын жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының
бiрiншi басшыларының аттестаттаудан өту тәртiбiн Қазақстан
Республикасының Президентi айқындайды.

      6. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымының (медициналық және фармацевтiк
бiлiм беру ұйымдарынан басқа) басшысы мемлекеттiк басқару органымен
келiсiм бойынша өзiнiң орынбасарларын және бас бухгалтердi лауазымға
тағайындайды және лауазымнан босатады.

      7. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының басшыларына өздерiнiң
лауазымдарын бiлiм беру ұйымдары iшiндегi немесе одан тыс жерлердегi
басқа да басшылық (ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк басшылықтан басқа)
лауазымдармен қоса атқаруға тыйым салынады.

      8. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары басшыларының лауазымдық мiндеттерiн қоса атқаруға болмайды.

      9. Бiлiм беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады.
      Бiлiм беру ұйымын алқалы басқарудың нысандары, оларды сайлау
тәртiбiмен қоса, жұмысты ұйымдастырудың үлгiлiк ережелерiн бiлiм беру
саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн бiлiм беру ұйымының кеңесi
(ғылыми кеңес), қамқоршылық
кеңес, педагогтiк, әдiстемелiк (оқу-әдiстемелiк, ғылыми әдiстемелiк),
кеңестер және басқа да нысандар бола алады.

      45-бап. Еңбек қатынастары және бiлiм беру ұйымы
              басшысының жауапкершiлiгi

      1. Қызметкер мен бiлiм беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi.
      Жоғары оқу орындарындағы ғылыми-педагогтiк қызметкерлердiң
(профессорлық-оқытушылық құрамның, ғылыми қызметкерлердiң) лауазымдарға
орналасуы конкурстық негiзде жүзеге асырылады.

      2. Азаматтарды күндiзгi бөлiмдерiнде оқыту уақыты әскери қызметтi
өткеруге теңестiрiлетiн бiлiм беру ұйымдарының басшылары мен
профессорлық-оқытушылық құрамын лауазымға тағайындау тәртiбiн және
олардың еңбек жағдайларын Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес олардың мемлекеттiк басқару органдары айқындайды.

      3. Бiлiм беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:

      1) бiлiм беру ұйымы бiлiм алушыларының, тәрбиеленушiлерiнiң, қызметкерлерiнiң құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;

      2) өзiнiң құзыретiне жатқызылған функцияларды орындамағаны;

      3) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартының талаптарын бұзғаны;

      4) бiлiм беру ұйымы бiлiм алушыларының және тәрбиеленушiлерiнiң,
қызметкерлерiнiң оқу және тәрбие процесi кезiндегi өмiрi мен денсаулығы;

      5) қаржы-шаруашылық қызметтiң жай-күйi, оның iшiнде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;

      6) нормативтiк құқықтық актiлерде және еңбек шартының
талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшiн жауаптылықта
болады.

      46-бап. Бiлiм беру жүйесiндегi бiрлестiктер

      Бiлiм беру жүйесiндегi бiлiм беру қызметi субъектiлерiнiң
мүдделерiн олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
құрылған және әрекет ететiн бiрлестiктерi бiлдiре алады.

      47-бап. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң құқықтары,
              мiндеттерi мен жауапкершiлiгi

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан
Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ
адамдардың қабылдау талаптарына сәйкес бiлiм беру ұйымдарын және бiлiм
алу нысандарын таңдауға құқығы бар.

      2. Бiлiм алатын адамдар бiлiм алушылар немесе тәрбиеленушiлер болып табылады.
      Бiлiм алушыларға оқушылар, студенттер, магистранттар, адъюнкттар, курсанттар, тыңдаушылар және докторанттар жатады.
      Тәрбиеленушiлерге мектепке дейiнгi, интернаттық ұйымдарда бiлiм алушы және тәрбиеленушi адамдар жатады.

      3. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң:

      1) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкес сапалы бiлiм алуға;

      2) бiлiм беру ұйымы кеңесiнiң шешiмi бойынша жалпыға мiндеттi
мемлекеттiк бiлiм беру стандарттары шеңберiнде жеке оқу жоспарлары,
қысқартылған бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқуға;

      3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;

      4) өзiнiң бейiмдiлiгi мен қажеттерiне қарай қосымша бiлiм беру қызметтерiн, бiлiмдердi ақылы негiзде алуға;

      5) бiлiм беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;

      6) қайта қабылдануға және бiр оқу орнынан басқасына, бiр
мамандықтан басқасына немесе оқудың бiр нысанынан басқасына ауысуға;

      7) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бiлiм
беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегiн пайдалануға,
оқулықтармен, оқу-әдiстемелiк кешендермен және оқу-әдiстемелiк
құралдармен қамтамасыз етiлуге;

      8) спорт, оқу, акт залдарын, кiтапхананы тегiн пайдалануға;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға;

      10) өзiнiң пiкiрi мен сенiмiн еркiн бiлдiруге;

      11) өзiнiң адамдық қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне;

      12) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегi табыстары үшiн көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.

      4. Меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан,
барлық бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм
алушылары мен тәрбиеленушiлерiнiң:

      1) жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша қоғамдық көлiкте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жол жүруге;

      2) оқудан бос уақытта оқуды жұмыспен ұштастыруға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметке шақырылу мерзiмiн кейiнге қалдыруға құқығы бар.

      5. Медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларды бiлiм алушыға академиялық демалыс берiлуi мүмкiн.

      6. Азаматтар бiтiрген бiлiм беру ұйымдарының меншiк нысандарын
қарамастан, келесi деңгейдегi бiлiм беру ұйымына түсу кезiнде бiрдей
құқықтарға ие болады.

      7. Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың жекелеген санаттарына
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттi
стипендиялар төленедi.
      Мемлекеттiк атаулы стипендия жоғары оқу орындары мен
ғылыми-зерттеу ұйымдарының неғұрлым дарынды магистранттарына және
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының күндiзгi оқу нысаны
бойынша бiлiм алушыларына жоғарғы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу
институттары ғылыми кеңестерiнiң шешiмдерi негiзiнде төленедi.
      Жеке және заңды тұлғалар тағайындайтын атаулы стипендиялар
техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу
орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында оқытудың күндiзгi нысаны бойынша
бiлiм алушыларға тағайындалады.
      Атаулы стипендиялардың мөлшерiн және оларды төлеу тәртiбiн оларды тағайындаған органдар мен тұлғалар айқындайды.

      8. Жұмыстарының жоғары көрсеткiштерi үшiн мемлекеттiк конкурс
негiзiнде грант алған мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi соның есебiнен
табысы аз отбасыларынан шыққан бiлiм алушыларға стипендия төлейдi.
Стипендияны төлеу тәртiбiн және оның мөлшерiн Қазақстан Республикасының
Үкiметi белгiлейдi.

      9. Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес оқуға қабылданған
бiлiм алушыларды бiлiм беру ұйымдары өздерi белгiлеген тәртiппен
жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етедi.

      10. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқу процесiнен алаңдатуға жол берiлмейдi.

      11. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушы және (немесе)
тәрбиеленушi жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалар толық мемлекет қамқорлығында ұсталады.

      12. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да жеңiлдiктер
берiледi.

      13. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары
бiлiм беретiн ұйымдарда мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде
бiлiм алушылардың қысқы және жазғы каникул кезiнде қалааралық темiржол
және автомобиль (таксиден басқа) көлiгiнде жеңiлдiкпен жол жүруге
құқығы бар. Z070005

      14. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер мемлекеттiк жалпыға
мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес бiлiмдi,
шеберлiктi, практикалық дағдылар мен бiлiктiлiктi меңгеруге, iшкi
тәртiп ережелерiн сақтауға, бiлiм беру ұйымының жарғысында және бiлiм
беру қызметтерiн көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды
орындауға мiндеттi.

      15. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер өздерiнiң денсаулығы үшiн
қам жеуге, рухани және тән саулығын өздiгiнен жетiлдiруге ұмтылуға
мiндеттi.

      16. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер педагог қызметкердiң
ар-намысы мен қадiр-қасиетiн, өздерi бiлiм алатын оқу орнының
дәстүрлерiн құрметтеуге мiндеттi.

      17. Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында белгiленген
квота шегiнде педагогтiк және медициналық мамандықтар бойынша оқуға
түскен ауыл (село) жастары қатарынан шыққан азаматтар бiлiм беру
грантын беру ережелерiнде және бiлiм беру қызметтерiн көрсету туралы
шарт талаптарында көзделген тәртiппен жоғары оқу орнын аяқтағаннан
кейiн кемiнде үш жыл ауылдық жерлерде орналасқан бiлiм беру ұйымдары
мен медициналық ұйымдарда жұмысты өтеуге мiндеттi.
      Маманды жұмысқа жiберу, өз бетiмен жұмысқа орналасу құқығын беру тәртiбi бiлiм беру грантын беру ережелерiмен айқындалады.

      18. Бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң мiндеттерiн бұзғаны
үшiн оларға бiлiм беру ұйымының iшкi тәртiбiнiң ережелерiмен және
жарғысымен көзделген тәртiптiк ықпал ету шаралары не бiлiм беру
қызметтерiн көрсету туралы шартта көзделген өзге де шаралар қолданылуы
мүмкiн.

      48-бап. Бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң
              денсаулығын сақтау

      1. Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң
науқастануын болдырмау, денсаулығын нығайту, тән саулығын жетiлдiру,
салауатты өмiр салтына ынталандыру жөнiндегi қажеттi шаралардың
орындалуы қамтамасыз етiледi.

      2. Бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң оқу жүктемесi, сабақ
режимi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары,
санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, оқу жоспарлары мен
денсаулық сақтау және бiлiм беру органдарының ұсынымдары негiзiнде
әзiрленген бiлiм беру ұйымдары бекiтетiн ережелермен айқындалады.

      3. Денсаулық сақтау жүйесiнiң ұйымдары бiлiм алушылардың,
тәрбиеленушiлердiң денсаулық жағдайына үнемi бақылау жасауды, оларға
медициналық қызмет көрсетудi жүзеге асырады. Бiлiм беру ұйымдары
медициналық пункттер үшiн үй-жайлар ұсынады.
      Бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң денсаулығын сақтауды
қамтамасыз ету мақсатында бiлiм беру ұйымдары бiлiм алушыларға және
тәрбиеленушiлерге медициналық қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн
құрылымдық бөлiмшелер құруға құқылы.

      4. Мектепке дейiнгi, орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн
ұйымдардың педагог қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген тәртiппен жыл сайын тегiн медициналық тексеруден өтiп
тұруға мiндеттi.

      5. Бiлiм беру ұйымдарындағы сабақ кестесiнде бiлiм алушылар мен
тәрбиеленушiлердiң тамақтануы және белсендi тынығуы үшiн ұзақтығы
жеткiлiктi үзiлiс жасалуы көзделуге тиiс.
      Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың тамақтануын ұйымдастыру
үшiн жағдай жасалады. Тамақ сапасын бақылау денсаулық сақтау
органдарына жүктеледi.

      6. Бiлiм беру ұйымдарында оқытудың, тәрбиелеудiң, еңбек пен
тынығудың салауатты және қауiпсiз жағдайларын жасау үшiн жауапкершiлiк
олардың басшыларына жүктеледi.

      49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкiлдердiң
              құқықтары мен мiндеттерi

      1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкiлдерiнiң:

      1) баланың тiлегiн, жеке бейiмдiлiгi мен ерекшелiктерiн ескере отырып бiлiм беру ұйымын таңдауға;

      2) ата-аналар комитеттерi арқылы бiлiм беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;

      3) бiлiм беру ұйымдарынан өз балаларының үлгерiмiне, мiнез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;

      4) өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнiнде
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан
консультациялық көмек алуға;

      5) балаларының шарттық негiзде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.

      2. Ата-аналар мен өзге де заңды өкiлдер:

      1) балаларға өмiрi мен оқуы үшiн салауатты және қауiпсiз
жағдайлар жасауға, олардың ой-өрiсi мен дене күшiн дамытуды, имандылық
тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

      2) бес жастағы балалардың мектепалды даярлығын қамтамасыз етуге,
ал алты жастан бастап жалпы бiлiм беретiн мектепке беруге;

      3) балаларды оқыту мен тәрбиелеуде бiлiм беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге;

      4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге мiндеттi.

 7-тарау. ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРДIҢ МӘРТЕБЕСI

      50-бап. Педагог қызметкердiң мәртебесi

      1. Бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын
iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi
оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын
адамдар педагог қызметкерлерге жатады.
      Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi азаматтық қызметшiлер болып табылады.

      2. Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердiң ерекше мәртебесiн
таниды және кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруы үшiн жағдайлар жасайды.

      51-бап. Педагог қызметкердiң құқықтары, мiндеттерi мен
              жауапкершiлiгi

      1. Тиiстi бейiнi бойынша арнайы педагогтiк немесе кәсiптiк бiлiмi бар адамдар педагогтiк қызметпен айналысуға жiберiледi.

      2. Педагог қызметкердiң:

      1) кәсiби қызметiне арналған жағдаймен қамтамасыз етiле отырып, педагогтiк қызметпен айналысуға;

      2) ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыспен
айналысуға, педагогтiк практикаға жаңа әдiстемелер мен технологияларды
енгiзуге;

      3) жеке педагогтiк қызметке;

      4) тиiстi бiлiм беру деңгейiндегi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi
стандарт талаптары сақталған кезде педагогтiк қызметтi ұйымдастырудың
әдiстерi мен нысандарын еркiн таңдауға;

      5) бiлiм беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

      6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бiр рет бiлiктiлiгiн арттыруға;

      7) санатын арттыру мақсатында мерзiмiнен бұрын аттестатталуға;

      8) педагогтiк қызметтегi табыстары үшiн мемлекеттiк наградалар,
құрметтi атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрiндегi моральдық
және материалдық көтермеленуге;

      9) өзiнiң кәсiптiк ар-намысы мен қадiр-қасиетiнiң қорғалуына;

      10) әскери қызметке шақырылу мерзiмiнiң кейiнге қалдырылуына;

      11) ғылыми қызметпен айналысу үшiн педагогтiк стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;

      12) бiлiм беру ұйымы әкiмшiлiгiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiне шағымдануға құқығы бар.

      3. Педагог қызметкер:

      1) өзiнiң кәсiптiк құзыретi саласында тиiстi теориялық және практикалық бiлiмдi және оқыту дағдыларын меңгеруге;

      2) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының
талаптарына сәйкес көрсетiлетiн бiлiм беру қызметтерiнiң сапасын
қамтамасыз етуге;

      3) бiлiм алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени
құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға
тәрбиелеуге;

      4) бiлiм алушылардың өмiрлiк дағдыларын, бiлiктiлiктерiн, өздiгiнен жұмыс iстеуiн, шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға;

      5) өзiнiң кәсiптiк шеберлiгiн, зияткерлiк, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға;

      6) бес жылда кемiнде бiр рет аттестаттаудан өтуге;

      7) педагогтiк әдеп нормаларын сақтауға;

      8) оқушылардың, тәрбиеленушiлердiң және олардың ата-аналарының абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi.
      Мiндеттерi мен педагогтiк әдеп нормаларын бұзғаны үшiн педагог
қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында және еңбек шартында
көзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.

      4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды
қоспағанда, педагог қызметкерлердi өздерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн
орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлерiне тартуға жол берiлмейдi.

      5. Бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстеуге педагогтiк қызметiне сот
үкiмiмен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар,
сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған
соттылығы бар адамдар жiберiлмейдi.

      52-бап. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiне
              ақы төлеу жүйесi

      1. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы
төлеу жүйесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген
тәртiппен айқындалады.
      Мемлекеттiк емес бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiне
ақы төлеудi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес
олардың құрылтайшылары немесе оған уәкiлеттi адам айқындайды.

      2. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм
беру ұйымдары қызметкерлерiне жалақыны есептеу ережесiн еңбек
саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бiлiм беру
саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

      3. Бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық
кәсiпорындардың педагог қызметкерлерiнiң лауазымдық айлықақысы, қосымша
ақылар мен үстеме ақылар, сондай-ақ ынталандыру сипатындағы басқа да
төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

      4. Бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерiне ауылдық жерде жұмыс
iстегенi үшiн, сынып жетекшiлiгi үшiн, дәптердi, жазу жұмыстарын
тексергенi үшiн, оқу кабинеттерiне меңгерушiлiк еткенi, пәндердi
тереңдетiп оқытқаны, эксперимент режимiнде жұмыс iстегенi үшiн
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қосымша
ақы және басқа да төлемдер төлеу жүргiзiледi.

      5. Ерекше мәртебесi бар жоғары оқу орындарының
профессор-оқытушылар құрамы мен басшы қызметкерлерiнiң лауазымдық
айлықақысы арттырылып отыратын коэффициенттi ескере отырып айқындалады.

      6. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiне тиiстi дипломы бар болған кезде негiзгi жұмыс орны бойынша:
      философия докторы (РhD) және бейiнi бойынша доктор дәрежесi үшiн бiр айлық ең төменгi жалақы мөлшерiнде;
      ғылым кандидаты дәрежесi үшiн бiр айлық ең төменгi жалақы және
ғылым докторы дәрежесi үшiн екi айлық ең төменгi жалақы мөлшерiнде
қосымша ақы белгiленедi.

      7. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiне
айлық жалақыны есептеу үшiн аптасына нормативтiк оқу жүктемесi:

      1) 18 сағаттан аспайтындай:
      бастауыш бiлiм беру ұйымдары үшiн;
      негiзгi, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары үшiн;
      бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша бiлiм беру ұйымдары үшiн;
      мамандандырылған және арнайы бiлiм беру ұйымдары үшiн;

      2) 24 сағаттан аспайтындай:
      мектепке дейiнгi ұйымдар және мектепке дейiнгi тәрбие берудiң
мектепалды топтары және бiлiм беру ұйымдарының мектеп алды сыныптары
үшiн;
      балалар мен жасөспiрiмдердiң спорттық бiлiм беру ұйымдары үшiн;

      3) 30 сағаттан аспайтындай интернаттық ұйымдардың, демалыс
лагерьлерiнiң, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм
беру ұйымдары жатақханаларының тәрбиешiлерi үшiн белгiленедi.
      Жоғары оқу орындарын қоспағанда, мемлекеттiк бiлiм беру
ұйымдарында педагог қызметкерлердiң лауазымдық мiндеттерiне (бiлiктiлiк
талаптарына) қатысты нормативтiк оқу жүктемесiн бiлiм беру саласындағы
уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының
Үкiметi белгiлейдi.
      Жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының жылдық оқу
жүктемесi жұмыс уақытының жылдық нормасының шегiнде белгiленедi және
ғылыми кеңестiң шешiмi негiзiнде жоғары оқу орнының басшысы бекiтедi.

      8. Мемлекеттiк тапсырысты айқындау кезiнде мемлекеттiк жоғары оқу
орындары профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны мынадай орташа
арақатынасты негiзге ала отырып есептеледi:

      1) студенттер мен оқытушылар (бiр оқытушыға шаққандағы студенттердiң орташа саны) тиiсiнше:
      күндiзгi оқу нысаны үшiн - 8:1 (медициналық жоғары оқу орындары үшiн - 6:1);
      кешкi оқу нысаны үшiн - 16:1;
      сырттай оқу нысаны үшiн - 32:1;

      2) магистранттар және оқытушылар - 4:1;

      3) докторанттар және оқытушылар - 3:1.

      53-бап. Әлеуметтiк кепiлдiктер

      1. Педагог қызметкерлер мынадай:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй, оның iшiнде қызметтiк үй және (немесе) жатақхана;

      2) жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi
жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының педагог
қызметкерлерi үшiн ұзақтығы күнтiзбелiк 56  күн; оқу-әдiстемелiк
қызметкерлерi қамтамасыз ету, мектепке дейiнгi және қосымша бiлiм беру
ұйымдарының педагог қызметкерлерi үшiн - күнтiзбелiк 42 күн ақы
төленетiн жыл сайынғы демалыс алудың әлеуметтiк кепiлдiктерiн иеленедi.

      2. Ауылдық жерде жұмыс iстейтiн бiлiм берудiң педагог қызметкерлерi жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша:

      1) қала жағдайында педагогтiк қызметпен айналысатын педагог
қызметкерлердiң ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтiк
ставкалар кемiнде жиырма бес процентке арттырылып белгiленедi;

      2) коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын
үй-жайларды жылыту үшiн отын сатып алуға жергiлiктi өкiлдi органдардың
шешiмi бойынша белгiленетiн мөлшерде бюджет қаражаты есебiнен бiржолғы
ақшалай өтемақы төленедi;

      3) жеке меншiгiнде малы барларға ауыл шаруашылық ұйымдарының
қызметкерлерiмен бiрдей, жемшөп, малын жаю және шөп шабу үшiн жер
учаскелерi берiледi.

      3. Бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiне жыл сайын тиiстi бюджет қаражаты есебiнен:

      1) оларға кезектi еңбек демалысын беру кезiнде мемлекеттiк бiлiм
беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының еңбек
туралы заңнамасымен айқындалған мөлшерде күнтiзбелiк жылда бiр рет
сауықтыруға жәрдемақы;

      2) "Жоғары оқу орнының үздiк оқытушысы" атағын иеленушiге айлық
есептiк көрсеткiштiң 2000 еселенген мөлшерiнде мемлекеттiк грант;

      3) "Үздiк педагог" атағын иеленушiге айлық есептiк көрсеткiштiң 1000 еселенген мөлшерiнде мемлекеттiк грант төленедi.

 8-тарау. БIЛIМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

      54-бап. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң
              мақсаты мен нысандары

      1. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк реттеу бiлiм алуға
конституциялық құқықтарды iске асыруды қамтамасыз ететiн жағдайларды
жасауға және бiлiм беру ұйымдары ұсынатын бiлiм беру қызметтерiн
көрсетудiң жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

      2. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз
ету, бiлiм сапасын басқару, стандарттау, бақылау жүргiзу арқылы жүзеге
асырылады.

      55-бап. Бiлiм беру сапасын басқару

      1. Бiлiм беру сапасын басқару бiлiм беру саласындағы бiрыңғай
мемлекеттiк саясатты iске асыруға бағытталған және бiлiм сапасын
бағалаудың бiрыңғай ұлттық жүйесiн құрайтын мемлекеттiк және
институционалдық құрылымдарын, бiлiм берудi қаржыландыруға бөлiнетiн
қаражатты пайдалану ұтымдылығын және бiлiм беру жүйесi жұмыс iстеуiнiң
тұтастай тиiмдiлiгiн қамтиды.

      2. Бiлiм беру сапасын басқару бiлiм беру
мониторингiнiң нәтижелерi, негiзiнде барлық деңгейлерде басқарушылық
шешiмдердi қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

      3. Бiлiм беру мониторингi бiлiм сапасын сырттай және iшкi бағалау әдiстерi арқылы өткiзiледi.
      Бiлiм беру сапасын сырттай бағалау бiлiм беру
ұйымдарын лицензиялаудың, мемлекеттiк аттестаттаудың, бiлiм беру
ұйымдарын аккредиттеудiң рәсiмдерiн, ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң,
мемлекеттiк аралық бақылаудың, сондай-ақ барлық үлгiдегi және түрдегi
бiлiм беру ұйымдарын саралау мен техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi ұйымдарда бiлiм алушыларға бiлiктiлiк берудiң
рәсiмдерiн қамтиды.
      Бiлiм беру сапасын iшкi бағалау сапа менеджментi жүйесiн, бiлiм
беру; ұйымдары қызметiнiң барлық түрлерiнiң өзiн-өзi бағалауының
әртүрлi рәсiмдерiн, үлгерiмдi ағымдағы бақылауды, бiлiм алушылардың
бiлiм алу-жетiстiктерiн бағалауды қамтиды.
      Жоғары оқу орындарының қызметiн бағалау осы оқу орнындағы оқыту сапасы туралы студенттердiң пiкiрiн қамтиды.

      56-бап. Бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi
              стандарттары

      1. Қазақстан Республикасында әрбiр бiлiм беру деңгейi бойынша:

      1) бiлiмнiң мазмұнына;

      2) бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң оқу жүктемесiнiң ең көп көлемiне;

      3) бiлiм алушылардың даярлық деңгейiне қойылатын жалпы
талаптардың жиынтығын айқындайтын бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыда
мiндеттi стандарттары белгiленедi.

      2. Тиiстi бiлiм беру деңгейлерiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi
стандарттары, меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан,
барлық бiлiм беру ұйымдары үшiн мiндеттi.

      57-бап. Бiлiм беру қызметiн лицензиялау

      1. Заңды тұлғалардың (бұдан әрi - лицензиат) бiлiм беру қызметi
Қазақстан Республикасының лицензиялау
туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.

      2. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары,
жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын
iске асыратын заңды тұлғалардың қызметiн олар үшiн жаңа кәсiптер мен
мамандықтар бойынша лицензиялау, оларда
лицензиялардың болуына қарамастан, жалпы негiздерде жүргiзiледi.

      3. Лицензиар лицензияны беру, оның қолданысын тоқтата тұру
мәселелерiн алқалы және жария қарау үшiн консультациялық-кеңесшi орган
құрады.

      4. Лицензиардың бiлiм беру қызметiмен айналысуға құқық беретiн
лицензияның қолданысын алты ай мерзiмге дейiн Қазақстан Республикасының
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен
тоқтата тұруға құқығы бар.

      5. Бiлiм беру қызметiмен айналысуға құқық беретiн лицензиядан
айыруды Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық
туралы заңнамасында көзделген тәртiппен сот жүзеге асырады.

      58-бап. Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу

      1. Аккредиттеудi бiлiм беру ұйымдарының өтiнiшi негiзiнде,
олардың ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысандарына
қарамастан, аккредиттеу органы бес жыл мерзiмге жүзеге асырады.
      Аккредиттеу институционалдық және мамандандырылған түрде жүзеге асырылады.

      2. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және
шетелдiк бiлiм беру ұйымдары немесе олардың филиалдары аккредиттеуден
Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдары сияқты шарттармен және
тәртiппен өткiзiледi.

      3. Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу бiлiм беру ұйымдарының өз қаражаттары есебiнен өткiзiледi.

      4. Жоғары оқу орындары халықаралық дәрежеде танылған шетел
агенттiгi жүзеге асыратын халықаралық аккредиттеуден өтуге құқылы.

      59-бап. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау

      1. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау мемлекеттiң бiлiм
алуға деген құқықты қамтамасыз етуге және бiлiм беру бағдарламаларын
iске асыратын заңды тұлғалардың өздерi жүзеге асыратын бiлiм беру
қызметiнiң Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы
заңнамасының талаптарына және бiлiм беру қызметiн лицензиялау
ережелерiне сәйкестiгiн сақтауға бағытталған және оны бiлiм беру
саласындағы уәкiлеттi орган мен жергiлiктi атқарушы органдар өз
құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

      2. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау объектiлерi:

      1) бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметi;

      2) бiлiм алушылардың тиiстi бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейi болып табылады.

      3. Мемлекеттiк бақылаудың негiзгi түрлерi:

      1) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау;

      2) мемлекеттiк аралық бақылау;

      3) Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасын және бiлiм
беру қызметiн лицензиялау ережелерiнiң сақталуын бақылау болып табылады.

      4. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды, олардың
ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан, бiлiм
берудi мемлекеттiк басқару органдары өздерiнiң құзыретiне сәйкес
жоспарлы түрде бес жылда бiр рет өткiзедi.
      Медициналық және фармацевтiк бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк
аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге
асырады.
      Бiрiншi мемлекеттiк аттестаттау жаңадан құрылған:

      1) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм
беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында төрт
жылдан кейiн;

      2) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын
iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бiтiру жылынан
кешiктiрiлмей;

      3) мектепке дейiнгi ұйымдарда және қосымша бiлiм беру ұйымдарында үш жылдан кейiн өткiзiледi.

      5. Шетелдiк бiлiм беру ұйымдары мен халықаралық бiлiм беру
ұйымдарының филиалдарын аттестаттау, егер Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы Заңға
сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Мемлекеттiк аралық бақылау:

      1) бiлiм беру қызметтерiн көрсету сапасын бағалау және орта бiлiм
беретiн ұйымдар бiлiм алушыларының бастауыш және негiзгi орта бiлiм
берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейiн
айқындау мақсатында;

      2) бiлiм беру қызметтерiн көрсету сапасын бағалау және бiлiм
алушылардың оқытудың екiншi курсын аяқтағаннан кейiн (медициналық
жоғары оқу орындарында - үшiншi курсты аяқтағаннан кейiн) жоғары бiлiм
берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының жалпы бiлiм беретiн
және базалық пәндерiнiң циклына енетiн жекелеген пәндердi меңгеру
деңгейiн айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

      7. Аралық мемлекеттiк бақылаудан өтпеген бiлiм алушылардың саны
бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген шектi саннан асатын
бiлiм беру ұйымдары кезектен тыс мемлекеттiк аттестаттауға жатады.

      8. Бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының бiлiм туралы
заңнамасын және бiлiм беру қызметiн лицензиялау ережелерiнiң сақталуын
бақылау тексерулер нысанында жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасын
және лицензиялық ережелердiң сақталуын тексеруге, меншiк нысандары мен
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық бiлiм беру ұйымдары
жатады.

      9. Тексерулер мынадай түрлерге бөлiнедi:

      1) жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген уақыт аралықтарын ескере
отырып жүргiзiлетiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган немесе
жергiлiктi атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде жоспарлаған тексеру;

      2) жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне дереу ден қою мақсатында тағайындалатын тексеру;

      3) қарсы - егер тексеру жүргiзу кезiнде бақылаушы органдарда
үшiншi тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаса,
аталған адамдарға қатысты жүргiзiлетiн тексеру.

      10. Жоспарлы тексеру мемлекеттiк аттестаттаулар аралығында бiр рет жүргiзiледi.

      11. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және
шетелдiк бiлiм беру ұйымдары мен олардың филиалдары Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес тексерiледi.

      12. Бiлiм беру ұйымдарын тексеру бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi
органның немесе жергiлiктi атқарушы органның тексеру жүргiзу туралы
шешiмiнiң негiзiнде жүргiзiледi.

      13. Тексеру жүргiзу үшiн комиссия құрылады. Комиссияның құрамын,
тексеру жүргiзу мерзiмiн, объектiсiн, тексерудiң нысанасын бiлiм беру
саласындағы уәкiлеттi орган немесе жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.
Тексеруге бiлiм және ғылым ұйымдарының мамандары тартылуы мүмкiн.

      14. Тексерулер ұзақтығы жетi күннен аспауға тиiс. Тексерудiң
елеулi көлемi болуына не тексеру кезiнде анықталған фактiлердi қосымша
зерттеу қажеттiлiгiне байланысты тексеру өткiзу мерзiмi ұзартылуы
мүмкiн, бiрақ ол үш күннен аспауға тиiс.

      15. Тексеру жүргiзу тексеру қорытындылары туралы анықтама жазумен
аяқталады. Тексеру қорытындылары туралы анықтамаға жазылған фактiлердiң
дұрыстығын растайтын құжаттардың көшiрмесi қоса берiледi.

      16. Комиссия дайындаған тексерудiң қорытындылары туралы
анықтамамен тексерiлген ұйымның басшысы танысуға, оған өз қолын қойып,
ұйымның мөрiн басуға тиiс. Бұл ретте ол тексеру нәтижелерiмен тұтастай
немесе жекелеген позициялары бойынша келiспейтiнi туралы жазба жасауға
құқылы.
      Бiлiм беру ұйымының басшысы немесе басшының мiндетiн атқарушы
адам анықтамаға қол қоюдан бас тартқан немесе басшының немесе оның
мiндетiн атқарушы адамның қолын қойғызу мүмкiндiгi болмаған жағдайларда
комиссия төрағасы анықтамада тиiстi жазба жасайды.
      Анықтаманың бiр данасы тексерiлген ұйымда қалады.

      60-бап. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды
              адамдардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын
лауазымды адамдар қажеттi бiлiктiлiкке ие болуы және қосымша бiлiм
беруi жүйесiнде кемiнде бес жылда бiр рет тиiстi оқытудан өтуi тиiс.

      2. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:

      1) бiлiм беру ұйымдарына, мекемелерiне және кәсiпорындарына,
тексеру мақсатында қызметтiк куәлiктi көрсету арқылы кедергiсiз кiруге,
ал ведомстволық бiлiм беру ұйымдарына - оларға кiрудiң белгiленген
режимiн ескере отырып кiруге;

      2) тексерудi жүргiзу кезiнде кез келген қажеттi ақпаратты сұратып
алуға, тексеру нысанасына жататын құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға
құқығы бар.

      3. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын, бiлiм беру қызметi субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға;

      2) тексерулердi осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтiк құқықтық актiлерi негiзiнде және оларда белгiленген
тәртiпке қатаң сәйкестiкте жүргiзуге;

      3) тексеру жүргiзу кезеңiнде бiлiм беру ұйымдарының белгiленген жұмыс режимiне кедергi келтiрмеуге;

      4) Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы
заңнамаларымен белгiленген талаптарын бұзушылықтардың алдын алу оларды
анықтау және болдырмау жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңдарына
сәйкес берiлген өкiлеттiлiктi уақтылы және толық көлемде
орындауға;

      5) бiлiм беру ұйымына тексеру қорытындылары туралы анықтаманы оны аяқтаған күнi беруге;

      6) алынған құжаттар мен тексеру нәтижесiнде алынған мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

      4. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын
лауазымды адамдардың iс-әрекетiне (шешiмдерiне) және iс-әрекеттер жасау
(шешiмдердi қабылдау) үшiн негiздеме болған ақпаратқа мүдделi адамдар
жоғары тұрған лауазымды адамға және (немесе) сотқа шағымдануы мүмкiн.

 9-тарау. БIЛIМ БЕРУ ЖҮЙЕСIН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

      61-бап. Қаржыландыру жүйесi, принциптерi мен көздерi

      1. Бiлiм берудi қаржыландыру жүйесi - республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, басқа да кiрiс көздерiнiң жиынтығы.

      2. Бiлiм берудi қаржыландыру жүйесi:

      1) тиiмдiлiк пен нәтижелiлiк;

      2) басымдық

      3) айқындылық

      4) жауаптылық

      5) бюджеттердiң барлық деңгейлерiнiң ара жiгiн ажырату мен дербестiк принциптерiне негiзделедi.

      3. Бiлiм беру жүйесi қаржыландыру көздерi:

      1) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiн ұстауды бюджеттiк қаржыландыру;

      2) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бюджеттiк қаржыландыру;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн ақылы қызметтер көрсетуден түскен кiрiстер;

      4) екiншi деңгейдегi банктер кредиттерi;

      5) демеушiлiк және қайырымдылық көмек, өтемсiз аударымдар мен қайырмалдықтар, гранттар болып табылады.

      62-бап. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк қаржыландыру

      1. Мемлекет бiлiм берудiң басымдығын ескере отырып оған бюджеттiк қаражаттардың бөлiнуiн қамтамасыз етедi.

      2. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыру бiлiм беру
деңгейлерi бойынша мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру
стандарттарымен белгiленген талаптар және Қазақстан Республикасының
заңнамасымен айқындалатын нормалар негiзiнде бюджеттiк қаражаттар
есебiнен жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiн бюджеттiк қаражаттар
есебiнен қаржыландыру мекемелердiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм
беру стандарттарына сәйкес ұсталуын және функцияларды орындауын
қамтамасыз етедi.
      Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiне жұмыстан жоғары көрсеткiштерi үшiн конкурстық негiзде грант берiлуi мүмкiн.

      4. Мемлекеттiк бiлiм беру кәсiпорындарын, басқа да
ұйымдық-құқықтық нысандағы бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыру
мемлекеттiк бiлiм тапсырысы негiзiнде жүзеге асырылады.

      5. Бiлiктi жұмысшылар мен мамандарды даярлауға, бiлiктiлiгiн
арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы:

      1) мамандарды даярлау бағыттарын;

      2) оқыту нысандары бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының көлемiн (орындар, гранттар санын);

      3) бiр маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиiс.
      Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнде техникалық және кәсiптiк,
орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi
бар мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру
кезiнде бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi және бiлiм беру ұйымының атауы
көрсетiледi.
      Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сонымен қатар Қазақстан
Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен көзделген оқу орындарында
мамандарды даярлау, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық
бөлiмдерiнде шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды оқыту енедi.

      6. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымдарында орналастырылатын
мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы тәрбиеленушiлер санын және бiр
тәрбиеленушiге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиiс.

      7. Бiлiм беру жүйесiн оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету бойынша
мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын ұстауға қойылатын талаптарды бiлiм
беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.

      8. Жоғары бiлiм берудi қаржыландыруға мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысы бiлiм беру гранттары түрiнде мамандыққа, оқу орнының түрi мен
мәртебесiне қарай саралана отырып орналастырылады.
      Орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi
бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру
ұйымдарының өтемдi бiлiм беру қызметтерiн көрсету шарты бойынша бiр
бiлiм алушыға жұмсалатын шығындары бiлiм беру грантының мөлшерiнен кем
болмайды.

      63-бап. Бiлiм беру ұйымдарының ақылы негiзде тауарлар
              (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы

      1. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге бiлiм беру ұйымдары
бюджет қаражаттары есебiнен көрсететiн бiлiм беру қызметтерi тегiн
ұсынылады.

      2. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiне бiлiм алушылар мен
тәрбиеленушiлерге мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары
шеңберiнде ақылы негiзде бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге тыйым
салынады.
      Өнер мамандығы бойынша жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу
бағдарламаларын, сондай-ақ бұқаралық кәсiптердiң қызметкерлерiн даярлау
жөнiндегi кәсiптiк оқытудың оқу бағдарламаларын iске асыратын
мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi бюджеттiк қаражаттар есебiнен
көрсетiлетiн бiлiм беру қызметтерiнiң көлемдерiнен тыс ақылы негiзде
бiлiм беру қызметтерiн ұсынуға құқылы.

      3. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi бiлiм берудiң мемлекеттiк
жалпы бiлiм беру стандарттарының талаптарынан тыс ақылы негiзде мынадай:

      1) қосымша бiлiм беру бағдарламаларын (балалар және жасөспiрiмдер
шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейiмдiлiктер мен
қызығушылықтарды дамыту, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру) iске асыру;

      2) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлiнген оқу уақытынан
пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдерi) бойынша жекелеген бiлiм
алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;

      3) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдерi) бойынша бiлiм
алушылармен ғылым негiздерiн тереңдетiп оқып үйренудi ұйымдастыру;

      4) бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер, педагог қызметкерлер мен
ересек жұртшылық арасында әр түрлi: спорт жарыстарын, семинарлар,
кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдiстемелiк әдебиеттi әзiрлеу
мен өткiзу жөнiндегi iс-шаралар ұйымдастыру және өткiзу;

      5) музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың қосымша қызметтерiн ұсыну;

      6) жазғы демалысты ұйымдастыру, бiлiм алушылар мен
тәрбиеленушiлердiң, бiлiм беру ұйымында өткiзiлетiн түрлi iс-шараларға
қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету;

      7) энергия қондырғылары мен қазандықтар беретiн жылу энергиясын жiберу;

      8) кәсiптiк оқытуды ұйымдастыру (техникалық және қызмет көрсетушi
еңбек мамандарын қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру);

      9) оқу-өндiрiстiк шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының,
оқу-тәжiрибе учаскелерiнiң өнiмдерiн өндiру мен өткiзудi ұйымдастыру
бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) беруге құқылы.

      4. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi ақылы негiзде ұсынатын
тауарларға (жұмыстарға және қызметтер көрсетуге) бағалар Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлуге жатады.

      5. Жеке меншiк бiлiм беру ұйымдары ақылы негiзде тауарларды
(жұмыстарды және қызметтер көрсетудi) өткiзуден, оның iшiнде
мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының шеңберiнде
оқытудан түскен кiрiстердi, құрылтайшылардың қаражаттарын және
заңнамамен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерiн дербес
пайдаланады.

      6. Ақылы негiзде қызметтер көрсететiн бiлiм беру ұйымдарының және
бiлiм алушының (тәрбиеленушiнiң), оның ата-анасының немесе өзге де
заңды өкiлдердiң өзара қатынастары шартпен реттеледi. Ақылы негiзде
тауарлар (жұмыстар және қызметтер көрсету) ұсынуға арналған үлгiлiк
шарттың нысанын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Бiлiм алушы шарт жасасу кезiнде бүкiл оқу кезеңiне шығыстарды бiр
мезгiлде төлеген жағдайда төлем сомасы оқу мерзiмi аяқталғанға дейiн
өзгермейтiн болады.
      Оқуға төлемдi кезең-кезеңмен төлеген ретте төлем сомасы жалақының
ұлғаюы жағдайында және инфляция индексi ескерiле отырып, жылына бiр
реттен жиi емес өзгертiлуi мүмкiн.

      64-бап. Бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық
              базасын дамыту

      1. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық
базасын жасау және дамыту бюджет қаражаттары, ақылы негiзде
көрсетiлетiн қызметтерден түскен кiрiстер, Қазақстан Республикасының
заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.

      2. Бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан
Республикасының заңнамасымен айқындалатын тәртiппен мүлiктерге иелiк
ету және пайдалану құқығы бар. Бiлiм беру ұйымының мемлекеттiк мүлкi
алып қойылуға немесе бiлiм беру ұйымының негiзгi мiндеттерiне қайшы
келетiн мақсаттарда пайдаланылуға тиiс емес.

      3. Бiлiм беру ұйымдарын жекешелендiру Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес және бiлiм беру саласындағы
уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.

 10-тарау. БIЛIМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

      65-бап. Халықаралық ынтымақтастық және сыртқы
             экономикалық қызмет

      1. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы халықаралық
ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде жүзеге асырылады.

      2. Бiлiм беру ұйымының бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен
келiсiм бойынша өз жұмысының ерекшелiктерiне сәйкес шетелдiк бiлiм
беру, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және
қорлармен тiкелей байланыстар орнатуға, ынтымақтастық туралы екi жақтан
және көп жақты шарттар жасасуға, студенттер, магистранттар,
докторанттар, педагог және ғылыми қызметкерлер алмасудың халықаралық
бағдарламаларына қатысуға, бiлiм беру саласындағы халықаралық үкiметтiк
емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кiруге құқығы бар.
      Әскери оқу орындарының халықаралық шарттар мен келiсiмшарттарға
сәйкес шетелдiк азаматтардың қатарынан мамандар даярлауды жүзеге
асыруға құқығы бар.
      Бiлiм беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында және
бiлiм беру ұйымдарының жарғысында айқындалған тәртiппен сыртқы
экономикалық қызметпен айналысуға құқылы.

      3. Қазақстан Республикасы бiлiм беру ұйымдарының халықаралық
ынтымақтастықты жүзеге асыру тәртiбiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      4. Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдiк оқу
орындарын және (немесе) олардың филиалдарын құру халықаралық шарттардың
негiзiнде немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша
жүзеге асырылады.

      5. Халықаралық оқу орындарының және Қазақстан Республикасының
аумағында басқа мемлекеттер немесе олардың заңды және жеке тұлғалары
оқу орындарының, олардың филиалдарының бiлiм беру қызметiн лицензиялау,
сондай-ақ оларды мемлекеттiк аттестаттау мен аккредиттеу, Қазақстан
Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе,
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      66-бап. Шет елдегi қазақ диаспорасының бiлiм алу
              қажеттiлiктерiн қанағаттандыру

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты
қазақ адамдардың Қазақстан Республикасында бiлiм алуға құқығы бар.

      2. Мемлекет шет елдегi қазақ диаспорасының бiлiм алу қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға жәрдемдеседi.

      3. Шет елдегi қазақ диаспорасы үшiн бiлiм беру ұйымдарын құру
және оған қаржылық-материалдық көмек көрсету халықаралық шарттарда
белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

 11-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ
ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ

      67-бап. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы
              заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасын
бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп
соғады.

 12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      68-бап. Осы Заңның қолданысқа енгiзiлуi

      1. Осы Заң, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн
8-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiн, 52-баптың 6-тармағының екiншi
абзацын, 7-тармағы 1) тармақшасының екiншi және бесiншi абзацтарын,
8-тармағының 2), 3) тармақшаларын және 53-баптың 3-тармағының 1), 3)
тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап
күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      2. Бiлiм беру ұйымдарына осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн
оқуға түскен адамдар оқуға түскен кезде қолданыста болған бiлiм беру
бағдарламалары бойынша оқуын бiтiрiп, оларға бiлiм туралы белгiленген
үлгiдегi құжат берiледi.

      3. "Бiлiм туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан
Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1999
ж., N 13, 429-құжат;
N 23, 927-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 ж.,
N 18, 111-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат;
N 12, 71-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат)
күшi жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

 

Жаңартылған күні: 26.03.2019 10:39
Құрылған күні: 11.04.2019 11:28

Текст