"Акмола облысы білім басқармасының Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №4 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы».

«Заң және тәртіп» айлығы аясында және «Адал азамат» Бірыңғай тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектебімізде «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты спорттық-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараны дене шынықтыру пәні мұғалімдері Гончаров С.А. және Шевченко М.В. өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — ұлттық ойындарды насихаттау, халық дәстүрлеріне құрмет сезімін қалыптастыру, оқушылардың жауапкершілігін, тәртібін және командалық рухын дамыту.
Оқушылар қазақтың дәстүрлі ойындарына үлкен қызығушылықпен қатысып, ептілік, тапқырлық, төзімділік пен ұйымшылдықтарын көрсетті. Іс-шара барысында жағымды көңіл-күй, достық қарым-қатынас және спорттық жігер қалыптасты.
Осындай іс-шаралар оқушылардың дене дамуына ғана емес, сонымен қатар адамгершілік құндылықтарды, отансүйгіштікті және ұлттық мұраға деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.
Педагогтер мен қатысушыларға белсенділік танытып, ынта-жігер көрсеткендері және мектептің тәрбиелік ортасын дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!

Текст