"Акмола облысы білім басқармасының Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №4 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жауапкершілік және оны жүзеге асыру формалары. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді"

Профилактикалық әңгіме барысында оқушыларға жауапкершілік ұғымы, оның түрлері және заңды сақтаудың маңызы түсіндірілді. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі және құқықбұзушылықтың салдарына ерекше назар аударылды.
Профилактикалық әңгіме аясында оқушыларға тапсырмалар беріліп, олар ұсынылған жағдайларды талдап, шешу жолдарын қарастырды.
8-сынып оқушылары «Заңдар бізді қоршаған ортада: қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс» тапсырмасын орындап, жағдайларды талдап, саралады.
9-сынып оқушыларымен «Мен заңды білемін» тапсырмасы жүргізіліп, олар тапсырмаларды орындап, өз шешімдерін ұсынды.
10–11 сынып оқушыларына «Қауіпсіздік. Таңдау» тапсырмасы ұсынылып, олар жағдайларды талдап, шешімдер қабылдап, жауаптарын плакатқа рәсімдеп, бірлесіп талқылады.
Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, жауапкершілік сезімін дамытуға және саналы шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.
  
  

Текст