2024 жылғы 15 қазанда "Көкшетау қ. жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжінің" өкілдерімен 9-11 сыныптарға арналған кәсіптік бағдар беру әңгімесі өтті.
Қазіргі уақытта ЖКАҚК республикадағы техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мамандарды жоғары кәсіби даярлауды жүзеге асыратын жалғыз оқу орны болып табылады.
Оқыту мемлекеттік білім беру гранттары бойынша да, коммерциялық негізде де, мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Колледж Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының орта арнаулы оқу орындарының қызметін бағалаудың көптеген көрсеткіштері бойынша көшбасшы позициясын ұстанады.
Колледжде жағдайы жасалған екі жатақхана бар.