Мектебімізде «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспектор, полиция лейтенанты Мурзаханов Ильфат Марсиловичтің қатысуымен түсіндіру лекциясы өтті.
Кездесу барысында оқушыларға интернеттегі қауіпсіздік, кибербуллинг үшін жауапкершілік, желідегі мәдени қарым-қатынастың маңыздылығы, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелері мен жеке әрекеттерге жауапкершілік туралы айтылды.
Лекция ашық диалог форматында өтті: оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өмірлік жағдаяттарды талқылап, күнделікті өмірде қауіпті жағдайлардың алдын алуға көмектесетін пайдалы кеңестер алды.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді.