КГУ «Ақкөл қ. №4 орта мектебі» оқушылары кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында «Слесарь ісі» құзыреттілігі бойынша өткізілген қалалық «Junior Skills» кәсіби шеберлік байқауына қатысты. Бұл шараның мақсаты – оқушылардың техникалық дағдыларын дамыту, жұмысшы мамандықтарына қызығушылығын арттыру және ерте кәсіби бағдарлауға жағдай жасау.
Байқау барысында қатысушылар ұқыптылықты, назарды, қауіпсіздік техникасын сақтауды талап ететін практикалық тапсырмаларды орындады. Оқушылар өздеріне сенімділік танытып, құралдармен жұмыс істеу дағдыларын көрсетіп, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білді. Бұл байқау олардың кәсіби қызметтің ерекшеліктерімен танысып, жаңа тәжірибе жинақтауы үшін тамаша мүмкіндік болды.
Байқау қорытындысы бойынша біздің оқушылар жүлделі орындарға ие болды: