03.04.2026
Бүгін біздің мектепте дәстүрлі «Ғылымға қадам» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл шара жыл сайын зерттеушілік қызметке қызығушылық танытатын оқушыларды біріктіреді. Конференция — танымдық белсенділікті дамытуға, креативті ойлауды қалыптастыруға және ғылыми жұмыс дағдыларын меңгерудің алғашқы қадамдарын жасауға арналған маңызды алаң.
Биыл конференцияға 3–8 сынып аралығындағы 8 оқушы қатысты. Оқушылар өз бетімен мақсат қою, бақылау жүргізу және негізделген қорытынды жасау дағдыларын көрсетіп, мазмұнды, өзекті әрі тәжірибеге бағытталған жобаларын ұсынды.
Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша аудандық конференцияға келесі қатысушылар жолдама алды:
Бастауыш және орта буын:
• 3 «Б» сынып оқушысы Харлашин Родион «QR-код» жобасын ұсынды (жетекшісі: Жижикина Л.А.). Ол өз жұмысында QR-кодтардың жұмыс істеу принципін, олардың күнделікті өмірдегі қолданылуын зерттеп, осы технологияның практикалық маңызын көрсете отырып, өз код үлгілерін жасады.
• 3 «А» сынып оқушысы Голев Глеб «Жылу энергиясы және оның термоста сақталуы» тақырыбында жоба қорғады (жетекшісі: Копжасарова Г.Б.). Оқушы термостың қасиеттерін зерттеп, температураны сақтау бойынша тәжірибелер жүргізіп, жылу оқшаулауына әсер ететін факторлар туралы қорытынды жасады.
• 4 «А» сынып оқушысы Абасс София «Қай сусын тіс эмалін тезірек бұзады?» атты зерттеу жұмысын ұсынды (жетекшісі: Мухаметжанова А.К.). Ол түрлі сусындардың тіс эмаліне әсерін зерттеп, кейбір танымал өнімдердің зияны туралы маңызды қорытындылар жасады.
• 6 «Б» сынып оқушысы Ильюшин Родион «Турникке тартылуды үйренемін» жобасын ұсынды (жетекшісі: Шевченко М.В.). Жоба тәжірибелік сипатта болды: оқушы жеке жаттығу бағдарламасын құрып, өз нәтижелерінің динамикасын талдады.
• 6 «Б» сынып оқушысы Қенес Арыстан «Әдеби шығармалардағы математикалық есептер» жобасымен таныстырды (жетекшісі: Пономаренко И.А.). Ол өз жұмысында әдебиет пен математиканы байланыстырып, көркем шығармаларда кездесетін математикалық элементтерді көрсетті.
• 7 «Б» сынып оқушысы Ницель Арсений «Ағашқа күйдіру өнері» жобасын ұсынды (жетекшісі: Смагулов Р.О.). Оқушы сәндік-қолданбалы өнердің бұл түрін зерттеп, өз жұмыстарын көрсетіп, оның даму ерекшеліктері туралы баяндады.
Жоғары буын:
• 8 «А» сынып оқушысы Черненко Василиса «Экологияны математика көзімен» жобасын ұсынды (жетекшісі: Фомина О.А.). Ол математикалық әдістерді пайдаланып, экологиялық мәселелерді талдап, сандық деректер арқылы қоршаған ортаның жағдайын бағалауға болатынын көрсетті.
• 8 «А» сынып оқушысы Канскова Анастасия «Google карталары мен спутниктік навигация қалай жұмыс істейді?» тақырыбында баяндама жасады (жетекшісі: Мажникова И.К.). Ол спутниктік жүйелердің, геолокацияның және цифрлық карталардың жұмыс істеу принциптерін қарапайым тілмен түсіндірді.
Барлық қатысушылар өз жобаларын лайықты деңгейде қорғап, жоғары дайындықтарын, зерттеуге деген қызығушылықтарын және жаңа білімге ұмтылыстарын көрсетті.
«Ғылымға қадам» ғылыми-практикалық конференциясын өткізу оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға, өз бетінше ойлау, талдау және білімді тәжірибеде қолдану қабілеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Мұндай іс-шаралар дарынды балаларды анықтауда және олардың зияткерлік әлеуетін қолдауда маңызды рөл атқарады.
Жеңімпаздар мен олардың ғылыми жетекшілерін құттықтаймыз! Аудандық кезеңде сәттілік тілейміз және алдағы ғылыми жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспіз!
