30.04.2026
Мектебімізде бітіруші сынып оқушыларына арналған танымдық кездесу өтті. Бізге қонаққа Ақкөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Марина Григорьевна келді.
Кездесу барысында Марина Григорьевна өз кәсіби қызметі туралы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың қоғам үшін маңызы және халықтың денсаулығын қамтамасыз етудегі мамандардың рөлі жайында айтып өтті. Оқушылар бұл мамандықтың артықшылықтары — сұранысқа ие болуы, тұрақтылығы және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы білді.
Сондай-ақ, қонақ оқуға түсу талаптарына ерекше тоқталып, қандай пәндерді тапсыру қажет екенін және осы мамандықты алуға мүмкіндік беретін оқу орындары туралы ақпарат берді. Бұл оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауда дұрыс бағыт алуға көмектесті. Кездесу соңында Марина Григорьевна оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
✨ Марина Григорьевнаға пайдалы әрі мазмұнды кездесу үшін алғысымызды білдіреміз!