"Акмола облысы білім басқармасының Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №4 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Заң және тәртіп»

Біздің мектебімізде «Заң және тәртіп» құндылығына арналған дебаттар өтті. Іс-шара «Тәртіп мемлекеттен бастала ма, әлде әр адамның өзінен бастала ма?» тақырыбында ашық пікірталас форматында ұйымдастырылды.
 
Дебатқа қатысушылар өз көзқарастарын белсенді түрде білдіріп, ұстанымдарын дәлелдеп, қоғамдық өмір мен жеке тәжірибеден мысалдар келтірді. Талқылау барысында құқықтық мәдениет, азаматтардың жеке жауапкершілігі және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі мәселелері қозғалды.
 
Іс-шараның құрметті қонағы ретінде Ақкөл ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полицияның аға лейтенанты Абылайхан Дәукенов қатысты. Ол дебат барысында заң талаптарын сақтау мәселесіне кәсіби көзқарасын білдіріп, құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңыздылығына және жас кезден бастап құқықтық нормаларға саналы көзқарас қалыптастыру қажеттігіне тоқталды.
 
Осындай іс-шараларды өткізу білім алушылардың құқықтық санасын қалыптастыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және қазіргі қоғамдағы заңға бағынудың маңызын түсінуге ықпал етеді.

Текст