"Акмола облысы білім басқармасының Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №4 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

қала тарихы

Ақкөл ауданы – Ақмола облысының солтүстігіндегі әкімшілік аудан. 1928 жылы құрылған. 1997 жылға дейін Алексеев ауданы аталып келді. Жерінің аумағы 6,9 мың км2. Тұрғыны 30,2 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 4,4 адамнан келеді (2006). Ауданда 1 қалалық, 9 ауылдық әкімшілік округі бар. Орталығы — Ақкөл қаласы. Ақкөл ауданың жері (абсолют биіктігі 200-400 м) ұсақ, шоқылы, белесті болып келеді. Орт. бөлігінде Домбыралы тауы (471 м) орналасқан. Пайдалы қазбалардан: алтынгранитқиыршықтас т.б. құрылыс материалдары өндіріледі. Климаты континенттік, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы — 170-18°С, шілдеде 19-20°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 350-400 мм. Басты өзендері: ҚалқұтанТалқараАқсуат. Көлдері ұсақ, негізінен сор болып келеді. Ірі көлдері: ИтемгенАқкөлБалықтыкөлШортанкөлЖарлыкөл. Жерасты сулары ауызсумен қамтамасыз етуде үлкен маңыз атқарады. Топырағы карбонатты, сортаң, оңтүстікке қарай қара. Өсімдіктерден: түрлі шөп, қызғылт және қылқан селеусулыбас т.б. өседі. Орманының аумағы 50,5 мың га (қарағай, қайың, терек). Жануарлардан: бұланеліксілеусінқасқыртүлкіборсыққарсақақтиындала тышқаны, өзен-көлдерінде шортаналабұға, оңғақ тіршілік етеді және жыл құстары мекендейді. 1970 жылмен салыстырғанда аудан тұрғындары алыс және жақын шет елдерге қоныс аударуға байланысты едәуір кеміді. Халқының орташа тығыздығы 1 км2 жерде 6 адам (1997). Аудан орталығында жөндеу-механикалқ, темір-құйматас бұйымдары және ет, сүт заттары, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, 3 орман шаруашылығы, баспахана жұмыс істейді. Ақкөл ауданының тұрғындары негізінен астық, мал өсірумен шұғылданады. Ауыл шаруашылық жерінің аумағы 567,2 мың га (1997), оның 226,0 мың га-сы егістік, 24 мың га-сы шабындық, 317,1 мың га-сы жайылымдық жер. Ақкөл ауданында. Ауыл шаруашылығы жерінің ауданы 822974 га, оның 165886 га-сы егістік, 24 мың га-сы шабындық, 317,1 мың га-сы жайылымдық жер. Ақкөл ауданында 12 кәсіпорын, 3 құрылыс, 4 көлік мекемесі бар, ауданы мамандандырылған бірлестік, қожалық, акционерлік және кооперациялық шаруашылықтар құрылған. Егіншілікте негізінен дәнді дақыл (80%) өсірумен айналысады. Мал шаруашылығы бойынша ірі қара, қой мен ешкі, жылқы, шошқа, құс өсіріледі. Ақкөл ауданында кәсіптік-техникалық училище, 34 мектеп, бала-бақшалары, мәдениет үйлері, клубтар, кітапханалар, денсаулық сақтау мекемелері бар. Ауданы «Знамя Родины» газеті шығады. Аудан облыс орталығы — Көкшетау қаласы, елді мекендермен темір және автомобиль жолдары арқылы қатынасады.

Жаңартылған күні: 05.08.2016 15:08
Құрылған күні: 07.02.2019 11:56

Текст