СУДА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
ШОМЫЛҒАНДА СУДА НЕНІ ЖАСАМАУ КЕРЕК:
· Қоршау белгісінен тысқары жүзбеңіз!
· Тыйым салынған жерде шомылмаңыз!
· Шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
· Шомылғанда камераларды, доптарды, тақтайларды пайдаланбаңыз!
· Суда шолжаңдауға жол бермеңіз!
· Жалған дабыл бермеңіз!
· Өтіп бара жатқан катерлерге, кемелер мен қайықтарға қарай жүзбеңіз!
· Суға көпірлерден, тоғандардан, айлақтардан, қайықтар мен катерлерден секірмеңіз!
· Таныс емес жерден сүңгімеңіз!
ЕГЕР СЕН ҚАЙЫҚТА БОЛСАҢ
· Иесіз және техникалық ақауы бар қайықтарды пайдаланбаңыз!
· Жүзуге құтқарушы және су төгетін құралдарсыз шықпаңыз!
· Қақығыш құралдарға техтөлқұжаттағы көрсетілгеннен артық жолаушылар мен жүктерді алмаңыз!
· Мас күйіңізде қайықпен қыдырмаңыз!
· Қайықтың бүйіріне және тұмсығына отырмаңыз!
· Бір орыннан екінші орынға, сондай-ақ бір қайықтан басқа жүзетін нәрсеге ауысып отырмаңыз!
· Қайықтан сүңгімеңіз!
· Жүзетін құралдарды қараңғы түсісімен пайдаланбаңыз!
Үлкендер бірге болмаса, 14 жасқа дейінгі балалардың жүзгіш құралдарды пайдалануына тыйым салынады!
ШОМЫЛУШЫЛАРҒА КЕҢЕС!
· Суға абайлап түсіңіз.
· Жүзу білмесеңіз, суға белден аса тереңдікке бармаңыз.
· Тоқтаңыз және терең емес жерде басаңызбен шомылыңыз.
· Өзіңізді қалтыратуға дейін жеткізбеңіз.
· Жалғыз шомылмауға тырысыңыз.
Күнге және ыстық құмға "пісу", салқын суға шомылу жаңға сондай жайлы.
Есте тұтыңыз!
Қызудың тез төмендеуі қан тамырларын бірден жиырып, талып қалуға әкеп соқтырады.
Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз! Мас күйде шомылмаңыз!
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЕСТЕ САҚТА
Зардап шегушіні дем тоқтағаннан кейін 6 минут кешікпегенде өмірге оралтуға болады.
Зардап шеккенді осылайша жағаға жеткізуге болады
Зардап шеккеннің басын қисайтып, ауызды құм мен балшықтан тазарту керек. Тыныс жолдарын және асқазанды судан босату қажет. Мұның бәріне 15 секундтен артық кетпеуі керек.
Тамыр соғысы білінбесе, ауыздан ауызға" тәсілімен жасанды дем беруге кірісу керек.
Мұны әркім істей білуі тиіс
БҰЛ МАҢЫЗДЫ!
Сіңір тартылғанда:
· Қолдардың саусақтары: жұдырықты білезікке жылдам, қатты бүгіңіз, қолды жан-жаққа кенет лақтырғандай қимыл жасаңыз және жұдырық жұмыңыз.
· Балтыр-аяқ бұлшықтары: бүгіңіз, сіңірі тартылған аяқтың табанын ұстаңыз және өзіңізге қатты тартыңыз.
· Жамбас-сан бұлшықтары: аяқты сирақтың сырт жағынан (алқымның сыртынан) ұстаңыз және оны тізеге бүгіп, артқа, белге қарай тартыңыз.
· Егер сіңірдің тартылуы кетпесе - әдісті қайталаңыз!
Иірімге тап болсаңыз: Ауаны көп жұтыңыз, суға батып кетіңіз де, ағысқа қарай қатты жұлқынып, жоғары қалқып шығыңыз.
СУ – БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ!
Бірақ тек саналы және абай болғанда ғана.