"Акмола облысы білім басқармасының Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №4 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Пандемия жарияланған кезіндегі мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына арналған кеңестер

Балаңызбен бірге кез-келген қандай да бір нақты мазмұнды іс-әрекетпен айналысыңыз, қандай да бір тағам әзірдеңіздер. Бірге ойыншық жасаңыздар, бірлесіп сурет салыңыздар, біраз тағам дайындаңыз. Бала ата-анасының қасында болған кезде және олар бірлесіп бір нәрсе жасаса, бұл қобалжуды тоқтатады.

Бұл уақытты балаңыз екеулеріңіз бір-біріңізді жақсырақ тану үшін пайдалануға тырысыңыз.

Спорттық жаттығуларды бірге жасауға болады.

Үйреншікті өмір   тәртібін сақтау маңызды,   өйтпеген жағдайда баланың бұрынғы тәртіпке оралуы қиынға соғады.

Әдеттегі күн тәртібін сақтаңыз (мектепте немесе балабақшадағыдай сабақтар ұйымдастырыңыз, «үзілістер» ұйымдастырыңыз).

Егер бала вирус туралы алаңдаса және сұрақтар қойса, сізге шамамен мынаны айту керек: «Егер барлық ережелерді сақтаса (қол, бет жуу, қажет болғанда – көшеден келгеннен кейін, дәретханадан кейін, тамақтанар алдында; бөлмені желдетіңіз; көшеде қолғап кию; күн тәртібін орындау; уақытында ұйықтау; дәрумендер ішу; қалыпты тамақтану және т.б.), сонда бәрі сау болады! ».

Жауаптарды нақты ұсыныстарға аудару маңызды.

Қолды үнемі жууға мәжбүрлеудің қажеті жоқ, тек қана қажет болған кезде ғана, әйтпесе бұл беймазалыққа әкелуі мүмкін.

Егер бала ауырып қалудан қатты қорқатын болса, оған: «Микробтар әр уақытта бар. Бірақ егерде біз қалыпты өмір салтын ұстанатын болсақ: бөлмені желдетіп, жаттығулар жасап, дәрумендер ішіп және т.б. барлық ережелерді сақтасақ, сонда бәрі сау болады! Әрине, адам ауырып қалуы мүмкін, бірақ содан кейін ол сауығып кетеді. Сенің (немесе менің) қалай ауырғандығын, тұмауданғанын есіңде ғой, содан кейін сен жазылып кеттің, мен жазылып кеттім. Ережелерді сақтау маңызды» деп айту қажет.

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 27.03.2020 10:53
Құрылған күні: 27.03.2020 11:04

Текст