Құрметті ата-аналар!
Жедел қызметтердің деректері бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың жарақаттануы және қаза болуы көбінесе өрт шығу, жол жүру ережелерінің бұзылуы, өзен-көлдерде шомылу, жұқа мұзда конькимен сырғанау, ойын кезінде орын алады. Қауіп табиғи апаттардан, уландырғыш заттардан, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасаудан және т.б. туындайды.
Балалардың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі міндеті.
Күнделікті өмірде балаларды қауіпсіздік дағдыларына үйрету қажет:
- баламен әңгімелесіңіз, өмірді сақтауға көмектесетін ережелерді түсіндіріңіз;
- балаларға тұрмыста, көшеде және жолда өзі-өзі дұрыс ұстауға үйретуде үлгі көрсетіңіз;
- мектепке дейінгі ұйыммен байланыста болыңыз: топ тәрбиешілерінің, әдіскердің, мектепке дейінгі ұйым басшысының байланыс телефондарын жазып алыңыз;
- баланың күні бойы қай жерде жүргенін білу қажет: бала тәулігіне 24 сағат ата-аналардың бақылауында, қамқорлығы мен назарында болуы тиіс;
- балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз, балалардың уақыты немен өтетінін бақылаңыз;
- балаға бейтаныс адамдармен сөйлесуге рұқсат бермеңіз;
- өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз, тұрмыстық құралдардың, оның ішінде электр жылытқыштардың, басқа да электр жабдықтарының, пештің дұрыс жұмыс істеуін және пайдаланылуын қадағалаңыз;
- көлік жүретін жолға назар аудара отырып, мектепке дейінгі ұйымға дейінгі ең қауіпсіз маршрутты таңдаңыз;
- балаларды жолда жүру ережелеріне үйретіңіз, оларды жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуға үйретіңіз;
- қылмыстық жағдайға жол бермеу үшін балаға бағалы заттарды (ұялы телефон, қомақты ақша, зергерлік бұйымдар және т. б.) және мектепке дейінгі ұйымға тамақ апаруға рұқсат бермеңіз;
- балалардың қалталарын, иық сөмкелерін тексеріңіз, балалардың киімінде түйреуіштер болмауы тиіс;
- балалармен ойын немесе спорт алаңдарында болғанда, қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз;
- мектепке дейінгі ересек жастағы балалар үйдің мекенжайын, телефонын, ата-анасының аты-жөнін білуі тиіс;
- төтенше жағдайларда 101 – өртке қарсы қызмет, 102 – полиция, 103 – жедел көмек, 104 – газ қызметі телефондарына хабарласыңыз.