"Акмола облысы білім басқармасының Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №4 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№ 4 Ақкөл орта мектебінің 60 жыл мерейтойы

29.05.2018

№ 4 Ақкөл орта мектебінің 60 жыл мерейтойы

 

«Мектеп-кеме,білім теңіз» дегендей сол телегей теңіздің білімінде жүзген кемедей болған  № 4 Ақкөл орта мектебінің 60 жылдық мерейтойын 2018 жылдың 25 мамырында атап өттік.

Сонау 1958 жылдан бері ірге тасын қалап, адамзат атаулыға құшағын айқара ашып білім нәрімен сусындатқан мектебіміздің  тарихында мыңдаған түлек қанат қағып, түлеп ұшты.

  Ақкөл тарихында ойып орын алатын мектебімізден небір талантты талап иелері, мықты білімді азаматтар, өз ісінің шеберлері болған кәсіпкерлер, атағы шыққан шыңдалған абзал азаматтар Отанымыздың әр түкпірінде, көрші мемлекеттерде беделді қызметтер атқарып жүр.

    Сол азаматтардың әр біреуінің көкейінде біздің білім ордамыз ыстық ұясындай, балалықтың балдәурен шақтарын еске түсіртіп, шетсіз, шексіз киялға берілтіп,  баянды балалықтың тәтті  шырынын татқызғандай болды.

Келген меймандардың ішінде өткен жылдарын сағынышпен еске алған біраз түлектер болды. Өзі қанша кішкентай болғанмен, ішіне мол шәкірттерін сиғызып, әр біреуіне сансыз махаббат силап үлгерген қасиетті білім ордасына келген шәкірттердің ыстық ықыласы еріксіз көзге жас ұялатты.

Алыс – жақын шетелден келіп, өткен күндердің елесіндей болған мектебіне ыстық ықыласын білдірген меймандар да болды. Олар  мектептің қанша көне болса да, өң бермеген  көзге жылы, әдемі сақталғанын  кейпін сөзге тиек етті. Сонымен қатар табан ет, маңдай терін сарп еткен, еңбегі сіңген ардагер ұстаздарымыз да келген қонақтардың арасында болды. Оларда өткен уақыттын еншісінде кеткен оралмас шақтарын, қайталанбас  шәкірттері мен әріптестерін еске алып бір жасап қалды.

  Мерейтойға арналып, мектебімізде көрме ұйымдастырылды. Көрмеде көне жәдігерлермен қатар сол кездің бейне суреттері, мадақтама қағаздары, табельдер, қолдан жасалған бұйымдар, спортттық кубоктар қонақтардың назарына ұсынылды.

Сондай – ақ мектептің іші – сырты көз тартардай етіліп безендіріліп, концерттік бағдарламалыр  ұйымдастырылды. Келгендердің  көзіне мектебіміз құдды бір қыз ұзатуға дайындалғандай әсер қалдырды. Осындай атаулы күнді, маңызды шараны бізбен бірге бөліскендердің  арасында аудандық әкімшілік, маслихат, білім беру бөлімінің өкілдері және қалалық мектеп басшылары да болды.

  Мектеп басшысы Сеитова Гульжан Маратқызына,  мектеп ұжымына алғыстарын білдіріп жатты. Осындай игі шараның бас-көзі  болған мектебіміздің басшысы Гульжан Маратқызына алғысымыз шексіз. Сонымен бірге бір кісідей жұмылып, осы іс-шараның  абыроймен өтуіне жан-жақты көмектескен бірлігі жарасқан мектеп ұжымына үлкен алғысмызды білдіреміз. Біздің мектебіміз өзінің қонақжайлылығымен, қарапайымдылығымен, ізгілігімен келген әр бір конақтың жүрегіне жол тапты деп ойлаймыз.

 

№ 4 Ақкөл орта мектебінің педагогикалық ұжымы

Просмотров: 752


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст