Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында әр жыл сайын дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын өткізіп келеді.
«Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті біліммен қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акцияның басталуы - 2025 жылдың 1 тамызы, аяқталуы - 2025 жылдың 30 қыркүйегінде деп жоспарлануда.
2025 жылы «Мектепке жол» акциясы қарсаңында жалпы оқу қорынан 525 оқушы материалдық көмек алады.
2025-2026 оқу жылы 1-сынып табалдырығын аттайтын 250 бала болса, оның ішінде көмекке мұқтаж 28 бала бар.
Ауданымыздың әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік танытып, әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.