Текст
12.12.2025
2025 жылдың 12 желтоқсанында Ақкөл қаласы, "П. Исаков атындағы №1 жалпы білім беретін мектеп" КММ базасында" тарих пәні мұғалімдеріне арналған "Тарихты оқытуда жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктері" атты аудандық семинар өтті.
Тарих пәнінің мұғалімі Камешев Ерден Қайыриденұлы, мектебіміздің 11-сынып оқушыларымен бірге "Халықаралық қауіпсіздіктің заманауи сын-қатерлері мен қатерлері" сабағын өткізді. Сабақ жоғары кәсіби деңгейде өтті, онда мектеп оқушылары тарихты жақсы білетіндіктерін және сабақта оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту үшін мұғалімнің жасанды интеллектті қолдануын көрсетті.



