26.03.2026
2026 жылғы 26 наурыз күні «Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында «Психологиялық сүйемелдеу – табысты білім беру ортасының кілті» тақырыбында педагог-психологтардың аудандық семинары өтті. Аталған семинар білім алушыларды психологиялық сүйемелдеу мәселелері бойынша педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, қауіпсіз және қолдаушы білім беру ортасын құруға, сондай-ақ тиімді тәжірибелермен алмасуға бағытталды.
Семинардың ашылуында білім беру бөлімінің әдіскері Алауханова Гульвира Мухиденовна құттықтау сөз сөйлеп, білім алушыларды жүйелі психологиялық сүйемелдеудің олардың табысты әлеуметтенуі мен білім алуындағы маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, семинар аясында ол қатысушыларға «Күйзелістен үйлесімге» атты арт-терапиялық психологиялық жаттығу өткізіп, эмоционалдық кернеуді төмендетуге және жағымды жұмыс атмосферасын қалыптастыруға ықпал етті.
Семинар барысында қатысушылар тәжірибеге бағытталған баяндамалар ұсынды:
«Өрнек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ педагог-психологы Бигатова Мариям Сагнаевна «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында тренинг өткізіп, кәмелетке толмағандарға қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін қарастырды. Балалардың қауіп-қатер тобын ерте анықтау және оларды сүйемелдеудің тиімді әдістері ұсынылды. Сонымен қатар, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша практикалық тәсілдер көрсетіліп, ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.
«М. Горький атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ педагог-психологы Юнкинд Регина Васильевна «Стрестен үзіліс» атты мастер-класс өткізіп, қатысушыларға өзін-өзі реттеу, психоэмоционалдық шиеленісті төмендету және ресурстарды қалпына келтіру тәсілдерін меңгертті.
«Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ педагог-психологы Айтжанова Динара Кайратовна «Біз әртүрліміз – және бұл біздің күшіміз!» тақырыбында мастер-класс ұсынып, толеранттылықты дамыту, жеке ерекшеліктерді қабылдау және ұжымдағы психологиялық ахуалды нығайтуға бағытталған жұмыстармен бөлісті.
Теориялық бөлім аясында аутизм туралы ақпарат тарату айлығы қарсаңында «Ақкөл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ педагог-психологы Исполова Жанар Манарбековна «Мектеп ортасындағы аутистік спектр бұзылыстары: ерекшеліктері, сүйемелдеу және ұсыныстар» тақырыбында баяндама жасап, РАС бар білім алушыларды сүйемелдеудің заманауи тәсілдерін қарастырып, педагогтарға практикалық ұсынымдар берді.
Семинар барысында қатысушылар: жұмыс тәжірибелерімен алмасты; психологиялық сүйемелдеудің заманауи технологияларымен танысты;
стресс жағдайлары мен деструктивті мінез-құлықтың алдын алу әдістерін меңгерді; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеу бойынша білімдерін кеңейтті.
Өткізілген семинар педагог-психологтардың білім беру жүйесіндегі жұмысының жоғары маңыздылығын көрсетті. Ұсынылған тәжірибелер мен әдістемелер қауіпсіз, қолдаушы және дамытушы білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді. Қатысушылар ұсынылған тақырыптардың өзектілігін атап өтіп, алынған білімдерін кәсіби қызметтерінде қолдануға дайын екендіктерін білдірді.