№4 АОМ-те
«Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында
«Өз жылуыңмен бөліс» жобасы бойынша
өткізілген іс-шаралар туралы
Ақпарат
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында мектепте «Өз жылуыңмен бөліс» жобасы бастау алды. Бұл жобаның мақсаты-қарт адамдарға, аға ұрпаққа көмек көрсету туралы мектепте волонтерлік қозғалысты ұйымдастыру. 31 Қаңтарда №4 Ақкөл орта мектебінде «Қайырымды істер күні» атты іс-шара өтті. 9-11 сынып оқушылары 1-4 сынып оқушыларының сынып жетекшілеріне үзіліс кезінде бос уақытын ұйымдастыруға көмектесті. Балалар ертегі оқыды, қозғалмалы ойындар ойнады және үй тапсырмасын орындауға көмектесті. Күн соңында бастауыш сынып оқушылары бұл күнді қалай өткізгені туралы суреттерге салды. Ал орта буын оқушылары өздерінің қамқорлығындағы зейнеткерлеріне барып, оларға қар жинауға көмек көрсетті.
Директордың ТЖ орынбасары: Е.А.Дель