16 сәуір күні П. Исаков атындағы №1 Ақкөл орта мектеп базасында "Оқу-тәрбие үрдісін цифрландыру"тақырыбында облыстық семинар-кеңес өткізілді. Біздің мектепті облыстық семинарда информатика мұғалімдері К. В. Репрынцев пен О. А. Фомина ұсынды. Семинарда "Күнделік" ҚАЖ жұмысының мәселелері, Ақмола облыстық білім беру жүйесінің жаңа тұғырнамаға көшуі aqmoedu.kz, Білім берудің жаңа моделі аясындағы пән мұғалімінің IT құзыреттілігі қозғалды. №4 Ақкөл орта мектебінің мұғалімі О. А. Фомина "№4 Ақкөл орта мектебінде Оқу-тәрбие үрдісін цифрландыру " тақырыбында баяндама жасады. Осы семинар аясында информатика мұғалімдері мен Ақмола өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығының өкілдері SMART AKKOL жағдайлық орталығына барды, онда оларға таныстыру экскурсиясы өткізілді.