"Акмола облысы білім басқармасының Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №4 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2019 жылдың мамыр айына №4 АОМ-нің "Рухани жаңғыру" бағдарламасын және арнайы жобаны іске асыру нәтижелері туралы ЕСЕП

30.05.2019

6 мамыр күні №4 Ақкөл орта мектебінің 4 сынып оқушылары біздің жерлесіміз Кеңес Одағының батыры, армия генералы Халық Қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың мұражайына барды.

Мақсаты: балалардың рухани, адамгершілік-патриоттық сезімдерін,патриоттық сезімдерін, өз Отанын сүюге тәрбиелеу.

Нәтижесі: Экскурсия балалардың Ұлы Отан соғысы оқиғаларына қызығушылық тудырған халықтың ерліктері туралы түсініктерін қалыптастырды.Мұражай экспозициясы мен экскурсоводтың әңгімесі арқылы есту және көру қабілетін дамытуға ықпал етті.

Қамту: 40 адам

13 мамыр күні №4 Ақкөл орта мектебінде 9 - шы сынып оқушылары үшін Астана қаласындағы "Шипагер" медициналық колледжімен бірлесіп кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді.

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау жасауға көмектесу; әр тұлғаның жеке ерекшеліктеріне сәйкес саналы кәсіби таңдау жасауға психологиялық дайындығын қалыптастыру.

Нәтижесі: болашақ түлектер осы колледжде оқитын мамандықтармен толық танысты. Кейбір оқушыларда медициналық мамандықтарға үлкен қызығушылық пайда болды, оқушылардың бірі «фельдшер» мамандығына өз таңдауын тоқтатты.

Қамту: 37 адам

20 мамыр күні №4 Ақкөл орта мектебінің тимуршылар «Өзіңізбен бөлісе» мектеп жобасы аясында қамқорлығындағы зейнеткер Светлана Ивановна Левина ауласындағы сенбілікке қатысты.

Мақсаты:қазіргі қоғамның дамуының маңызды факторы ретінде балалардың әлеуметтік қызмет көрсету мәдениетін қалыптастыру; соғыс ардагерлеріне, қарт адамдарға, көмекке және қатысуға мұқтаж балаларға тегін көмек көрсетуді ұйымдастыруда жеке тұлғаны іске асыру үшін жағдай жасау.

Нәтижесі:бұл іс-шара қайырымдылық, шыдамдылық, жанашырлық, еңбекқорлық, борыш пен жауапкершілік сияқты рухани-адамгершілік қасиеттерді дамытуға ықпал етеді. Оқушылар аға ұрпақтан әлеуметтік тәжірибе алады.

Қамту: 10 адам

Просмотров: 820


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст