"Акмола облысы білім басқармасының Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №4 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Біздің үйіміз-біздің ауламыз»

14.08.2019

Кез - келген аула-таңғажайып заттар болатын шағын планета. Бұл арман, құпия және естеліктерді сақтайтын әлем. Өз ауласына деген сүйіспеншіліктен Отанға деген үлкен сүйіспеншілік басталады. Әдемі абаттандырылған аумақта өсіп келе жатқан бала балалық шақтан сұлулыққа үйренеді және ересек адам болған кезде өз өмір сүру ортасын көркейтуге ұмтылады. Кез-келген мектеп аумағын өз күшімен әдемі ету үшін аздап жұмыс істеу керек және бәрі ойдағыдай шығады. Жазғы кезеңде мектепте 5-10 сынып оқушыларынан еңбек отряды ұйымдастырылды. Балалар сабақтан бос уақытта, яғни демалыс уақытында мектеп аумағын абаттандырумен және жинаумен айналысады. Жазғы еңбек тәжірибесі кезеңінде 1 маусымнан 30 тамызға дейін 267 оқушы тәжірибеден өтті. Осы кезеңде келесі жұмыс түрлері орындалды: гүлдерді суару, бөлме өсімдіктерін күту, бұталар мен ағаштарды кесу, топырақты қопсыту, арамшөптерді жою, гүлзарлардан өсімдік қалдықтарын жою, мектеп аумағында қоқыстарды жинау. Мектеп жанындағы аумақты абаттандыру бойынша жұмыс барысында оқушылар өз еңбектерінің нәтижелерін көреді, қоршаған ортаны сақтау және қорғау қажеттілігін түсінеді .

   

Просмотров: 598


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст