"Акмола облысы білім басқармасының Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №4 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» (2019 жыл 25 қазан-22 қараша)

26.11.2019

Балалар құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын қабылдауының 30 жылдығын, Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясын Қазақстан Республикасының ратификациялауының 25 жылдығын және Дүниежүзілік бала күнін (20 қараша) мерекелеу шеңберінде «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық кампаниясының (РИК) мектепте келесі іс-шаралар өткізілді. Отбасы тәрбиесі, отбасының маңыздылығын анықтау және баланың тұлғасын қалыптастыруда отбасының рөлін арттыру мақсатында 25 қазанда барлық сыныптарда «Отбасы -тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар адам үшін отбасы қандай мағына беретіндігі туралы сөйлесті, ойындар, отбасы туралы мақал-мәтелдер байқауларына қатысып, отбасылық презентациялар көрсетті, фотосуреттерден коллаждар жасады. Сонымен қатар ата-аналар «Отбасы -тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» интернет-акцияны белсенді қолдады. Оған біздің мектептің 7 отбасы қатысты. Алдохиндар, Скляренколар, Абишевтар, Койлолар, Юстустар отбасы, көпбалалы Кисляковтар және  Кумай отбасылары. Instagram әлеуметтік желісінде «Менің отбасым – менің байлығым», «Менің отбасым-ең жақсы», «Отбасы, әрқашан сенің жаныңда" және т. б. тақырыптарда бейнероликтер қойылған. Мектеп сайтында «Балалар үшін бірге» атты жаңа бөлім ашылды, онда ата-аналарға арналған ақпарат пен кеңестер орналастырылған. "Instagram" әлеуметтік желі парақшасында мектеп оқушылары арасында "Менің бақытты балалық шаққа құқығым"атты акция өткізілді. Балалар өздерінің қызықты фотографияларымен бөлісті. 13 қарашада барлық сыныптарда «Қазіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған балалық шақ» атты дүниежүзілік сабақ өтті. 1-7 сынып оқушылары «Мен өзім ұнататын нәрсені саламын» сурет көрмесіне қатысты. «ЖасҰлан» белсендісі халыққа «Балалармен қатыгез қарым-қатынастың алдын алайық» ақпараттық парақшаларын таратуды ұйымдастырды. Мектепте ата-аналар мен оқушыларға арналған балаларға қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, тәрбиелеу мәселелері бойынша тақырыптық ақпараттық стендтер жаңартылды.

Директордың ТЖ орынбасары:              И.Мажникова

   

Просмотров: 524


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст