Текст
29 қараша күні №1 Ақкөл орта мектебінде 3-4 сынып оқушылары арасында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған аудандық мәнерлеп оқу сайысы өтті. Біздің мектептің намысын Койло Дарья және Борисюк Валерия -4 «а» сынып, Рейтенбах Дарья -4 «б» сынып, Голева Янина және Кожиков Вадим -3 «б» сынып қорғады. Байқау нәтижесі бойынша біздің оқушылар келесі орындарға ие болды: Койло Дарья-1 орын, Борисюк Валерия - 2 орын, Рейтенбах Дарья-3 орын.Эссе сайысында Голева Янина 2 орынға ие болды. Кожиков Вадим белсенді қатысқаны үшін грамотаға ие болды.