Текст
Бүгінгі күн № 4 Ақкөл орта мектебінің 54 оқушысы үшін ең қуанышты оқиға болды. Олардың барлығы «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының қатарына қосылды. Салтанатты жағдайда оларға галстуктарды мектеп директоры Сеитова Гульжан Маратовна, АББ әдіскері Калиева Мирамгуль Каирбековна, мектептің Ұланбасы Роик Николь тақты. Балалар орындаған анттары мен әнұраны олардың жүрегінде мәңгі қалады. Аудандық мәслихаттың депутаты Калашникова Надежда Григорьевна балаларды тәтті сыйлықтармен қуантты. Біз бүгінгі Жас Ұландықтар Отанымыздың патриоттары болады деп сенеміз.