Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Ақкөл орта мектебінде жалпы мектептік ата-аналар жиналысы Ашық мектеп форматында өтті. Әр мұғалім әр оқушының жетістіктерін, үлгерімі туралы, дамуын бағалау туралы мәліметтерді ұсынды. "Ашық диалог" форматы-әлеуметтік байланыстардың сапасын жақсартуға, қарым-қатынастың жаңа деңгейіне шығуға, нақты мәселелерді сезінуге, оларды шешу жолдарын көруге, сондай-ақ қойылған мақсаттарға жетуге көмектесетін коммуникативтік әдістеме!
Менің ойымша, бұл бірінші жиналыс - ата-аналармен тікелей және кері байланыс үшін алаң.
Барлық қатысушылар мүдделі пікір алмасуға қосылды. Біз келісім мен тұрақтылықтың негізі болып табылатын сындарлы диалогты бастадық. Бұдан әрі осы бастаманы дамыту қажет, өйткені біздің ортақ мақсатымыз - болашақ ұрпақты білімді, рухани, жоғары моральды, адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу.