"Акмола облысы білім басқармасының Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №4 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық семинар-практикум "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс"

10.02.2023

2023 жылғы 09.02. біздің мектеп базасында "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс" тақырыбында инклюзивті білім беру бойынша аудандық семинар өткізілді.

Семинарға ауданымыздың педагогтары қатысты. Мұғалімдердің күшімен педагогтар түзету сыныбының оқушыларымен ашық сабақтар ұйымдастырып, баяндамалар, мастер-кластар тыңдалды.

 

Аудандық семинар-практикум "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс"

Өтетін күні: 2023 жылғы 9 ақпан

Өткізу уақыты: 10: 00 сағ.

Өтетін орны:"Ақкөл қаласының № 4 ЖББМ" КММ

Өткізу нысаны: семинар-практикум

Мақсаты: инклюзивті білім беру мәселелеріне мектеп мұғалімдерінің назарын аудару

Әдістемелік ұсынымдар:

1.Жалпы білім беретін мекемелерде инклюзивті оқытуды жүзеге асыратын педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру үшін жағдай жасау және әзірлеу.

2. Ерекше  білім беру қажеттіліктері бар  балаларға назар аудару үшін жағдай жасау.

3.Инклюзивті білім беру мәселесінің ықтимал шешімдерін табуға назар аудару және қызығушылық таныту.

Қатысушылар: Ақкөл ауданы мектептерінің мұғалімдері.

1.Мектеп директоры Сейітова Гүлжан Маратқызының кіріспе сөзі.

2."Күн қоймасы. Бастауыш", ашық сабақ 5" сыныпта", Суховеева Ирина Владимировна, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.

3."Жалпы білім беру жағдайында дефектолог мұғалімнің жұмысын ұйымдастыру және мазмұны, Сергеева Наталья Александравна

4."Үйде оқитын балалармен жұмыс" Менглибаева Динара Нышанқызы, бастауыш сынып мұғалімі, М. Горький атындағы мектебі

5. "Түзету сыныбының оқушыларымен әдістер мен тәсілдер" Мажникова Елена Егоровна, № 4 ЖББМ түзету сыныбының мұғалімі.

6. "Білім беру сапасын арттыру факторы ретінде Ерекше білім беру қажеттіліктері бар  балалармен жұмыс" Олейник Вера Николаевна, психолог, №1 ЖББМ.

7. Қорытындылау, рефлексия. Әдістемелік ұсыныстарды қабылдау. Ахметова Катима Амантайқызы, білім бөлімінің әдіскері.

  

 

Просмотров: 1574


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст