Текст
"Ақкөл қаласының №4 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де 2023-2024 оқу жылына арналған "Бірыңғай тәрбие бағдарламасын" іске асыру жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес мектепалды сыныпта "Дәстүрлер мен фольклор: жұмбақтар, мақал-мәтелдер әлемі" тақырыбында іс-шара өткізілді. Ашық ойындар, жұмбақтар табу, мақал-мәтелдермен жұмыс істеу балаларды қуантады. Мұндай іс-шаралар балаларда танымдық белсенділікті, адамгершілікті, эмоционалдық құндылықты, халық шығармаларына жауаптылықты тәрбиелейді.