«Қош келдің, Наурыз »
Дәстүрлі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтуге
мектеп ұжымы да дайындалды. 19 наурыз күні мектепте наурыз мейрамына арналған тақырыптық
салтанатты жиыны өтті. Жиынға оқушылар
мереке жайында ақпараттар дайындап, мереке тарихы бойынша толық мәлімет
берді. Олар оқушыларға көнеден келе жатқан көктем мен еңбек мерекесі жайлы
айтып,ән айтып, би билеп салт
дәстүрлерін көрсетті. Мектеп директоры оқушыларды мерекемен құттықтап, тілектер
арнады. Мерекеге орай оқушылар тақырыптық суреттер салды және видео түсірілді.
«Қош келдің, Наурыз » тақырыбында 9 «Б» сынып видео түсірді.
Түсірілген видеоның
мақсаты қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп
қалдырған салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қастерлеуге, мейірімділікке,
кішіпейілділікке, инабатттылыққа тәрбиелеу.
Видеода оқушылар салт-дәстүрлерді, ырымдар мен тыйымдарды, ұлттық тағам
түрлерін көрсетіп, олардың ұлттық, тәрбиелік мәніне тоқталды. Мереке барысында ақ дастарқан
жайып, ұлттық тағамдар дайындады. Оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетті.